АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тромбоцитопения

Прочитайте:
  1. В) Аутоиммунная гемолитическая анемия, тромбоцитопения
  2. ИДИОПАТИЧЕСКАЯ АУТОИММУННАЯ ТРОМБОЦИТОПЕНИЯ
  3. Идиопатическая аутоиммунная тромбоцитопения ( болезнь Верльгофа)
  4. Приводит ли к кровотечениям тромбоцитопения, развивающаяся при синдроме антифосфолипидных антител?
  5. ТРОМБОЦИТОПЕНИЯ
  6. Что такое тромбоцитопения? Какие механизмы могут лежать в основе развития тромбоцитопении?

Қанда тромбоцит санының аздығынан пайда болатын ауру. Жиі жастар ауырады. Әйел адамдарда 2 – 3 ретке дейін жиі кездеседі.

Этиологиясы. Тромбоциттердің шамадан тыс көп ыдырауынан немесе олардың көп тұтынуынан және аз түзілуінен пайда болады. Тромбоциттер қызметінен айырылып, қан ұю дәрісінің бұзылуына әкеп соғады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың негізгі белгісі ұрынғанда, соғылғында дене тез көгереді. Бұл терінің геморрагиясы және кілегей қабықтардан қан кетуі болып табылады. Еккен жерлерге көп мөлшерде қан құйылады. Бұл адамдарда шымшыма симптомдары жағымды болып көрінеді. Жиі мұрыннан, тістен, асқазан - ішек жолдарынан, жатырдан қан кетуі мүмкін. Бара – бара науқастарда қан аздық белгілері байқалады. Ауру толқынды түрде өтеді. Сырқаттың өрістеу кезеңінде клиникалық белгілері айқын білініп, қан ұю уақыты 10 – 30 минутке дейін созылады. Шеттік қанда тромбоциттердің саны азайған, морфологиялық түрде тромбоциттердің көлемі өскен және олардың түрі өзгерген. Гемоглобин және эритроцит мөлшері азаяды.

Дерт анықтамасы. Сырқаттың клиникалық белгілеріне (петехиалды дақ, қан кету белгілері, шетті қанда тромбоциттердің морфологиялық және мөлшерлік өзгерістері) сүйене отырып диагноз қойылады.

Емі. Емнің негізгі қағидасы глюкокортикоид гормондарын тағайындау. Сырқаттың бастапқы кезеңінде преднизолонның мөлшерін жеткілікті мөлшерде беріп, тромбоциттердің саны қалпына келгеннен кейін біртіндеп азайтады. Жергілікті қансырауда гемостатикалық сорғыш қолданылады. Сырқаттың ауыр түрінде спленэктомия (көк бауырды алып тастау) жасалады, себебі көк бауыр тромбоциттердің ыдырауын тоқтатады. Әрі қарай ота нәтижесіне қарай гормон мөлшерін біртіндеп азайтып, ең соңында оны беруді тоқтатады. Кейде плазмаферез нәтижелі болады. Тромбоцитопениялар ауыр түрінде, өмірге қауып төнгенде қан құю қолданылады.

Геморрагиялық васкулит

Геморрагиялық васкулитте ағзаның ұсақ тамырлары қабынып, олардың қабырғалары жұқарып геморрагиялық синдром байқалады.

Этиологиясы мен патогенезі. Көптеген себептердің әсерінен пайда болатын иммундық кешендер ұсақ тамырлардың қабырғасын ыдыратып, қан ағу белгісі білінеді. Әкеп соғатын себептерге ауыр жұқпалар, ағзаның улы заттармен зақымдануы, кейбір аллергиялық жағдайлар, індет, суық тию жатады. Осы себептердің әсерінен майда капиллярлар зақымдалады. Мысалы, аллерген әсерінен қарсы денелер пайда болып, олар тамырдың ішкі кілегей қабатында антиген-денеге қарсы ұйым құрады, ал бұл ұйым тамырдың қабыршағының жасушыларын жояды. Бұл жағдайда тері, бүйрек және басқа ішкі мүшелердің тамырлары зақымдалып, тромбоз және қансырау ұлғаяды. Оның нәтижесінде ісік пайда болып, қан айналымы нашарлап, тіндерде геморрагиялық өзгерістер туындайды.

К линикалық бейнесі. Сырқаттың негізгі төрт клиникалық түрі бар. Бірінші түрі – ең жиі кездесетін тері түрі. Науқас әлсізденіп, дене қызуы көтеріледі. Аяқ – қолында, кеудесінде папулезді майда геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Бөртпе тері үстінде орналасады, саусақпен басқанда жойылып кетпейді. Екінші түрі – буын түрі. Науқастың денесінде неше түрлі геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар науқастың буындары ісініп, қызарып, ауырсыну білінеді. Ауырсыну көшпелі болып келеді. Негізінде ірі буындар зақымданып, соның салдарынан науқас жүре алмай қалады. Үшінші түрі – іш түрі. Науқастың денесінде бөртпелер байқалады, буындары зақымданады, бірақ аурудың негізгі клиникалық белгісі – іштің өте қатты ауыруы болып табылады. Іштің ауырғаны ұстама түрде өтеді. Ол ішекқабырғасына қан құйылудан болады. Науқас құсып, іші өтеді. Нәтижесінде құсықта және нәжісте қан білінеді. Дене қызуы 380 – 400 - қа дейін көтеріледі. Төртінші түрі – ең ауыр, шиеленіскен түрі. Дене қызуы 400 – қа дейін көтеріледі, бүкіл денесіне бөртпелер жайылады. Бөртпелер жараланып, өлі етке айналады. Науқастың буындары ісініп, қызарып қызметінен айырылады. Асқазаннан, ішектен қан кетуі мүмкін. Шетті қан анализінде қан аздық белгілері байқалады, ЭТЖ артады, лейкоциттердің мөлшері көбейеді, тромбоциттердің мөлшері өзгермейді.

Дерт анықтамасы. Сырқаттың клиникалық белгілеріне (геморрагиялық бөртпелер, буын, іш синдромы, осымен қоса дене қызуының көтерілуі) сүйене отырып диагноз қойылады. Бұл геморрагиялық диатездің түрінде қан ұюында және тромбоциттерде өзгерістер байқалмайды. Сондықтан тромбоциттердің саны, қан ағу ұзақтығы әдеттегідей қалады.

Емі. Қабыну дәрісін басу үшін глюкокортикоид гормонын қолданады. Клиникалық көріністердің дәрежесіне байланысты преднизолонның мөлшерін тағайындайды. Буын синдромында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (вольтарен, индометацин, бруфен) қолдану қажет. Қансырауды тоқтату үшін көк тамырға кальций хлор ерітіндісін енгізеді. Ұсақ тамырлардың қабырғаларының өткізгіш қасиетін қалпына келтіру үшін рутин, аскорбин қышқылын тағайындайды.

Алдын алуы. Диспансерлік тізімде өмір бойы қалады.3 айда 1 рет қаралып тұрады. Қаралған сайын зертханалық тексерістен өтеді (қан құрамын кең көлемде тексереді, тромбоциттердің мөлшерін анықтайды). Емдік-салауатты шараларына режим сақтау, дұрыс тамақтану, ағзаның физиологиялық жағдайын күшейту жатады. Спортпен шұғылдануға тиым салынады.

Гемофилия

Гемофилия – геморрагиялық диатездердің бір түрі. Сырқаттың нәтижесінде қан ұю дәрісі бұзылып, қансырау дамиды. Бұл тұқым қуалайтын ауру. Тек қана ер адамдар ауырады.

Этиологиясы мен патогенезі. Сырқат хромосомдарда VIII, ІХ, ХІ мәнбірлердің жетіспеушілігінен пайда болады. Осыған байланысты қан ұю дәрісі бұзылып, геморрагиялар дамиды.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бала кезінен байқалады: тіс шыққанда, соғылғанда, құлағанда қан кетіп оңайлықпен тоқтамайды. Сырқаттың негізгі клиникалық белгісі - гематомалық түрі. Жиі буындар зақымданады, буындардың ішіне қан құйылып, пішіні өзгеріп, қозғалысы нашарлайды. Оны гемоартроз, яғни қанды буын деп атайды. Сонымен қатар бұлшық еттің ішіне де қан жиналады. Сырқаттың барлық түрінде өмірге қауыпті қансырағыштық болады. Ол неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауыр түрде өтеді. Гемофилияларда кездесетін асқынуларға қансыраудан кейінгі қан аздық, гематоманың жұқпамен зақымдануы, іш мүшелерінің зақымдануы жатады. Шеттік қан анализінде қан аздық белгілері білінеді, қан ұю уақыты ұзарады.

Дерт анықтамасы. Науқастану сыртартқысына (жас кезінен білінеді, тұқым қуалаушылығы, ер адамның ғана сырқаттануы), ауруға тәнқансырау белгілеріне (отадан кейінгі қан кету, гематомалардың дамуы, буындардың зақымдануы және қан ұю уақытының ұзаруы) сүйене отырып диагноз қойылады.

Емі. Емнің негізгі қағидасы VIII мәнбірі бар препараттарды (антигемофильдік сары су, VIIІ мәнбір қоюлығын, криопреципитат) құю. Ауыр жағдайларда қан құюға болады. Жергілікті қансырауда гемостатикалық сорғыш, тромбопластин қолданады. Буындар ауыр түрде зақымданғанда глюкокортикоид гормонын тағайындайды.

Алдын алу. Диспансерлік нұсқау бойынша гематологпен, терапевтпен қаралып тұрады. Сырқаттың негізгі алдын алуы - жарақаттан сақтану болып табылады. Сонымен қатар сәуле емі, емдік дене шынықтыру қолданылады. Гемофилиялардың ауыр түрінде көк бауырды (спленэктомия) алып тастайды.

 

Бақылау сұрақтары

1. Геморрагиялық диатездер тобының ауруларына жалпы түсінік беріңіз.

2. Тромбоцитопениялық пурпураның негізіне не жатады?

3. Геморрагиялық васкулитке әкеліп соқтыратын себебін атаңыз.

4. Гемофилия сырқатына қысқаша сипаттама беріңіз.

5. “Қансырау синдромы” деген терминді қалай түсінесіз?

6. Сырқаттың әр түріне сәйкес клиникалық белгілерді атап шығыңыз.

7. Геморрагиялық диатездердің негізгі емдік қағидасы туралы түсінік.

 

Қан түзілу мүшелерінің ауруларында

мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері

Мейірбике қан ауруларымен ауыратын науқастардың негізгі белгілері мен шағымдарын, емдеу ерекшелігі мен қан ауруларының алдын алуын, тамақтану ерекшеліктерін білу қажет. Науқастармен жұмыс істей отырып мына шағымдарға назар аудару керек: жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, түндегі тердегіштік, қалтырау, талып қалу, бастың ауруы мен бастың айналуы, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі, қан кету, тілдің ашу сезімі.

Науқаспен әңгімелескенде нәсілдік ауруларына, жағымсыз қылықтарының болуына, тамақтану ерекшелікеріне, мамандыққа байланысты жағдайларға, еңбек пен тұрмыс – жағдайдың жағдайына, улану белгілері болуына назар аударып, көңіл бөлу керек. Науқастың қандай жұқпалы аурулармен ауырғанын анықтау керек, қансырау, ағзасында құрт болған жоқ па екені туралы анықтау керек. Қарағанда тері мен кілегей қабаттарының түсіне, қан құюлар барлығына, лимфа түйіндерінің көлемі мен пішініне назар аудару керек. Мейірбике қан анализдерінің нәтижелерін мұқият тексеру керек. Жасалған зерттеулер нәтижесі бойынша мейірбике өз бетімен науқасты күту жоспарын құру керек. қан ауруларында қансырау қоса жүруі мүмкін: анық және жасырын (ішкі). Мейірбикенің міндетіне осындай науқастардың үлкен дәретінің сипатына ерекше көңіл бөлу кіреді. Үлкен дәретте қан қоспалары табылғанда, немесе қара түсті үлкен дәрет болғанда бұл туралы дәрігерге шұғыл түрде хабарлау керек. өткір ақноғанамен ауыратын науқастарда дене қызуының көтерілуі, қалтырау, көп терлеу, қансырауы күшеюі байқалады. Мұндай науқастарды ерекше күту керек. Мейірбике науқастардың төсек тәртібін сақтауын қадағалап, оларды тамақтандырып, сусынын беріп, тері мен кілегей қабаттардың гигиеналық өңдеуін жүргізіп, төсек орнын дер кезіңде ауыстырып отыру керек. науқастың терісін үнемі камфор спиртімен сүртіп немесе сабынды сумен жуады, науқастың төсектегі жату жағдайын өзгертіп отырып, жасалған іс – шаралардан кейін терісін құрғатып кептіру керек. Бөлмеде гигеналық тәртіпті сақтату өте маңызды, қан ауруымен ауыратын науқастардың қорғаныс күші төмендікте, олардың тоңып қалмауын бақылап отыру керек. Науқас төсекте көп жатқандықтан тұрып қалу құбылыстарының дамуына және дем алудың бұзылуынан өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Өкпелік асқынулардың алдын алу үшін науқастың төсектегі қалыпын белгілі бір уақыт сайын өзгертіп отыру қажет, дем алу жаттығуларын тағайындау керек. Науқасқа дем алу жаттығуларын жасау әдістеріне мейірбике үйретеді. Қан ауруларымен ауыратын науқастарда жиі қызыл иегі ісініп, қан кетуі, соның нәтижесінде ауыз қуысында іріңдеуі дамуы мүмкін. Мейірбике алдын алу мақсатында науқасқа ауыз қуысын тәулігіне 2 –3 рет ас содасының йодпен қосылған ерітіндісімен шаюға кеңес беру керек (1 стақан суға 1 шай қасық ас содасымен 5% йод тұнбасының 4 – 5 тамшы қосу). Мейірбике науқастың дәрілік заттардың дер кезіңде қабылдап отыруын бақылап отыру керек. Мейірбике науқасқа қандай емдәмді қолдану керек екендігін түсіндіру керек, қан ауруларымен ауыратын науқастардың тамағы әртүрлі және толық, дұрыс тамақтануы керек. Ќан ауруларымен ауыратын науқастар жиі тітіркенгіш, көңіл күйі төмен болады. осындай науқастарды күткенде мейіркеш шыдамдылық көрсетіп, жақсы көңіл бөлу керек. Жиі қан ауруларында қан мен оның құрам бөліктерін тамшылатып құю кеңінен қолданылады. Науқасқа қан құю кезіңде дене қызуы көтеріліп, қалтырау, ентігу, әлсіздік пайда болуы мүмкін. Мейірбике көк тамыр арқылы енгізілетін дәрілік заттар мен қан құйғанда пайда болуы мүмкін асқынуларды жақсы білу керек. Ондай шұғыл жағдайларда қолданатын шаралар мен дәрігерді шақыру керектігі жағдайларды білуі керек. Қан аурулары бар науқастарда дем және жүрек – тамыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Мейірбике мұндай жағдайларда қандай шаралар қолдану керектігін білу керек, шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсете алу керек, керек дәрілік заттарды дайындап қою қажет. Мейірбике дерт анықтамалық және емдік іс шараларға қатынасуы керек, науқастарға санитарлық – ағарту жұмысын жүргізіп, жанұя мүшелерін науқасты күту мен гигеналық тазалыққа үйрету керек.

Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік үрдіс

І кезең Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

Ø жалпы жағдайының бұзылуы

Ø тез әлсізденіп, шаршау

Ø бастың ауыруы, бастың айналуы

Ø ішптің ауыруы, буындардың сырқырауы

Ø дене қызуының көтерілуі

Ø ұйқының бұзылуы

Ø тамаққа деген тәбетінің тартпауы

Ø түнгі уақыттағы терлегіштік

Ø лоқсу, құсу, естен тану

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

Ø қансыраудың қауып қатерлігі

Ø асқынулардың қауып қатерлігі

Ø ақзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі

Ø психикалық және сезім билеушілік күй жағдайында болуы

Ø мүгедікке әкеліп соғатын қауып қатерлік мәнбірлер

Ø сыртқы сымбаттылығының өзгеруі

Ø жанұялық арасындағы қарым – қатынастың өзегеруі

ІІ кезең Мейірбике диагнозын қою.

Пациенттің барлық нақты және болуы мүмкін мәселелеріне сүене отырып қойылады.

ІІІ кезең Күтім шараларын жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

Ø ауырсыну сезімін басу

Ø лоқсуда, құсуда көмек көрсету

Ø науқастың тамақтануына жәрдемдесу

Ø пациенттің киніп, шешінуіне көмек көрсету

Ø қансырауды барынша тыйылту

Ø шұғыл жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

Ø пациент өзінің үйренішікті жағдайына төселген

Ø дене салмағы азайып, төмендемейді

Ø тері ойылу қауіпі болмайды

Ø пациент ұйықтай алмаушылыққа қарсы күресу

Ø тежелуді болдырмауға тырысу

Ø пациенттің туысқандары аурудың түптілікті маңыздылық негізі мәліметімен танысып, күтім және ем шаралырын жүргізе алады

IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейірбикенің араласулары:

Ø тәуелді – пациентті әртүрлі тексерістер түрлеріне дайындап, сол тексеру іс шараларына араласу, дәрігердің нұсқау бойынша жұмыс істеу. Пациентті құсықта, мұрынынан қан кеткенде өзіне өзі жәрдем көрсете алатын жағдайға жеткізу.

Ø тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау: дене қызуын өлшеу, тамыр соғуын анықтап, санау, дем алу жиілігін санау, қан қысымын өлшеу; пациентке нақты түрде арналған күтім шараларын жүргізу: төмек тәртібін сақтаудың барысын қадағалау, жеке бастың гигена шараларының сақталынып, орындалу сапасын қадағалау.

Ø Бір – біріне тәелділік қарым - қатынастары – дәрілік ем шараларын іске асыруына және тиімді нәтижені беруге пациентті психологиялық түрде демеп, қолдау жасау. Пациентке қолданылатын химиялық ем шаралырының ағзаға кері әсерін тигізетіндігі туралы туысқандарына түсіндіріп және педагогикалық аспект ретінде олардан келісімін алу.

V кезең Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.

Алға қойылған мақсаттармен көрсетілген күтім шараларының салыстырмалы түрдегі маңыздылық айырмашылық қорытындысын тұжырымдау. Пациентке көрсетілген жалпы күтім шаралары нәтижесіз болған жағдайда, мейіркеш күтім жоспарын қайта қарастырып, оған жаңадан күтім жоспар түрін енгізіп, оны іске асырады.

 

Қан түзу мүшелерінің ауруларындағы мейірбикелік кірісулердің үлгілері

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Мұрнынан қан кету 1 Дәрігер шақыру   2.Ыңғайлы жағдай жасау.   3.Рефлекторлық түрде қансырауды тоқтату (суық басу)   4.Керекті дәрілерді әзірлеу   5.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау 1.Пациентті отырғызып басын сәл алдына еңкейту, қолына лоток беру.   2.Мұрнының үстіне мұзды мұйық қою   3.Дәрігер келгенше жағдайын қадағалап отыру (қан қысымын, демін, тамыр соғысын)   4.Қаңсырауды тоқтататын дәрілерді әзірлеу, системаны құру. Дәрігердің нұсқауы бойынша тромбопластинмен томпонада жасау.   Медикаментозды ем қолдану: кальций хлор ер-сі, дицинон ер-сі, аминокапрон қышқылын енгізу.   Пациенттің зертханалық және аспаптық тексерістеріне қатысу
Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Тәбетінің төмендеуі 1. Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   2. Этико-деонтологиялық қағидаларын сақтау   1.Пациентке тамақтандырудың мағынасын түсіндіру 2.Тамақты тәбет ашатын түрде беру. 3.Пациенттің көңіл күйіне көңіл бөлу. 1.Негізгі аурудың емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу   2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.  

Қан түзу жүйесінің ауруларын алдын алу

Біріншілік алдын алу ағзаның физиологиялық жағдайын жақсарту. Иммун жүйесін күшейту. Осы мақсаттармен салауатты өмір салтын сақтау, рационды тамақтану, жағымсыз қылықтардан аулақ болу. Темірдің сіңіруіне кедергі жасайтын тағамдарды шектеу.

Екіншілік алдын алу ауруды қоздырмай, қан аздықтың себебіне байланысты қозуға қарсы ем қолданылады. Қан аздықта науқастарға ұзақ мерзімде темір препараттары тағайындалынады. В тобының дәрумендері көп мөлшерде өмір бойы қолданылады. Ақ ноғанада жағдайына байланысты гормон препараттары қолданылады. Сонымен қатар симптомдық ем жүргізіледі.

Үшіншілік алдын алу шаралары жағдайына байланысты жұмыс және демалу тәртібін сақтау. Спортпен шұғылдануға тиым салынады.

ІХ - ТАРАУ

ІШКІ СӨЛДЕНІС БЕЗДЕРІ МЕН ЗАТ АЛМАСУ

ДӘРІСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ

Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы

 

Ішкі сөлденіс жүйеге ішкі сөлденіс бездері де кіреді, жүйке жүйесі сияқты барлық басқа ағзалар мен жүйелердің жұмысын реттеуін жүзеге асырады, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бездер ағзаның өмір сүруіне қажетті ерекше физиологиялық белсенді заттар шығаратын мүше. Ішкі сөлденіс бездері ағып шықпайды, гормон торшалардан қанға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түседі де, белгілі бір жүйелер немесе мүшелерді қоздыратын немесе тынышттандыратын әсер береді. Барлық гормондар ағзаның қалыпты түрде жұмыс істеуі үшін қажет, ал жеткіліксіздіг немесе көп бөлінуі белгілі бір ауруға әкеледі. Аралас сөлденіс бездер бар, мысалы – еркек жыныс безі гонада. Ол өңдіріп шығаратын шәует ұрықтандыру қызметін атқарады, сонымен қатар осы без шығаратын жыныс гормондары – андрогендер, ағзаның жұмыс істеу қызметіне өте күшті қоздыру әсерін береді. Аралас сөлді безге ұйқы безі де жатады (асқорыту сөлінен басқа, ол ерекше гормон – инсулин шығарады, қанттың гликогенге айналуына және ағзаға таралуына әсер етеді). Қалқанша без де маңызды орын алады. Ол мойынның алдыңғы бетінде, жұтқыншақтың қалқанша шеміршегінің үстінде орналасқан. Қалқанша без тироксин гормонын өңдіреді. Тироксиннің құрамына йод кіреді, ол қалқанша безге тағамдар мен ішетін судан бөлек (қанның ағынымен түседі) келіп түседі. Қалқанша без екі бөліктен тұрады, оның салмағы 30 грамға жуық. Қалқанша бездің тінінде көптеген ұяшықтар бар, олардың құрамы тироксин қосылыстар кіретін колоидты заттармен толтырылған. Қалқанша без зат алмасуына әсер етеді: мөлшерден көп тироксиннің бөлінуі зат алмасуының төмендеуі және бұл гормонның жеткіліксіз өңдірілуінен зат алмасуы төмендейді. Ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне бүйректің үстіңгі жағында орналасқан, бүйрек үсті безі де маңызды роль атқарады. Екі бездің салмағы 15 г ғана, бірақ көп қан тамырларымен қамтамасыз етілген. Бүйрек үсті безінде сырты (қыртыс) және ішкі (милы) заттардан тұрады, онда әртүрлі гормондар (адреналин, норадреналин) өңдіріріліп шығарылады. Адреналин – бүйрек үсті безінің милы затының гормоны. Ол жүрек – тамыр жүйесіне әсер етеді: тамырларды тарылтып, артериалды қысымды жоғарылатады да жүректің қызметін күшейтеді. Гипофиз – ішкі сөл бөлу безі, бастың негізгі сүйегінде түрікершігінің тереңінде орналасқан, оның гормондары ағзаның өсуіне әсер етеді. Гипофиз екі бөліктен тұрады: алдыңғы және артқы. Алдыңғы бөлігінің қызметі өте күшті болған жағдайда адмның бойы өте биік болады, бұл қанқаның, ал кейде кейбір оның бөліктерінің (бас сүйкгі, саусақ, табан) өте күшті өсу әсерінен болады. алдыңғы бөлігінің қызметі нашарлағанда бойдың өсуінің бәсеңдеуі және тоқтауына әкеледі. гипофиздің артқы бөлігінің қызметі май алмасуымен байланысты: оның қызметінің төмендеуі семіздікке әкеледі. Гипофиз басқа да гормондар шығарады. Басқа ішкі сөлденіс бездері сүйектердегі кальцийдің құрамын қалыпты түрде реттейді, еркек жыныс гормонының белгілібір жасқа дейін дамуын тежейтін без және тағы басқа. Ағзаның аса маңызды қызметерін реттеуге қатынасады. Сөлдену және жүйке жүйелері өз ара тығыз байланысты. Жүйке жүйесі мен сөлдену жүйелерінің тығыз байланысының мысалы ретінде инсулин шығаратын асқазан асты безінің қызметі бұзылуы нәтижесінде қандағы қан мөлшерінің көбеюін айтуға болады; қалқанша бездің қызметінің күшеюі басқа құбылыстар мен бірге тітіркендіргіштікке қозудың күшеюіне әкеледі.

 

 

Негізгі клиникалық белгілері

Дене салмағының өзгеруі ішкі сөлденіс безі жүйесінің ауруларына тән арнайы белгі болып табылмайды, бірақ ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында жиі кездеседі. Науқастың қалыпты жағдайдағы және тіпті көп тамақтанғанда дене салмағының тез арада азаюы тиреотоксикозда (уытты жемсауда), қант сусамырында байқалады. Дене салмағының мөлшерден тыс көп болуы – семіздік – бірнеше ауруларды сипаттайды. Денеде, бетте, аяқ – қолда майдың бір қалыпты, тепе – теңдік түрде жиналуы семіздіктің алиментарлы, немесе экзогенді – конституциялдық түріне тән. Тері асты майлы (мысалы, аяқ – қолды аса сондай толық емес болғанда үлкен салбырап тұрған ішнемесе “жіңішке аяқ” болғанда иық белдеуінде майдың көп жиналуы нейроэндокринді аурудың негізгі бір белгісі, ал кейде пайда болуының басты белгісі болып табылады (гиперкортицизм, семіздіктің гипоталомдық түрі). Жиі науқастарды бұлшық еттің әлсіздігі әсерінен науқастар жүре де, тұра да алмайды, кейде олар жұта алмайды, шайшай адмайды, сөйлей алмайды. Диффузды уытты жемсауда қолдың бұлшық етінің тонусы төмендейді (науқасқа сатымен көтерілу қиын). Бұлшық ет әлсіздігі гипотиреоз, қант сусамырымен ауыратын науқастарға тән. Жүйке жүйесінің қызметінің өзгерістері – сөлденіс бездері жүйесінің ауруларының жиі белгісі. Диффузды уытты жемсау психикасының бұзылысы мен жүрек – тамыр жүйелерінің қызметтерінің бұзылысы негізгі клиникалық белгілер болып табылады, осы арқылы қосымша зерттеулерсіз кейде диагноз қоюға болады. осындай белгілерге жүйке қозғыштығының жоғарылауы, тітіркенгіштік, жылауықтық, бір жерде отыра алмауы, көңіл – күйінің тез өзгеруі жатады. қалқанша бездің қызметі төмендегенде (гипотиреозда), керісінше, қозғалыстың ақырындығы, естің әлсіздігі, ұйқышылдық тән. Семіз науқастарда ұйқышылдық байқалады. Сөлденіс бездері мүшелерінің патолгиясына перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады. Аяқтың ауруы, құмырсқа тәрізді жыбырлау сезімі (парестезия), балтыр бұлшық еттерінің құрысып тырысуы – сусамырлық невропатиямен байланысты, қант сусамырының маңызды белгісі болып табылады. Шөлдеу мен көп зәр шығару (полурия) – қант және қантты емес сусамырының негізгі белгілері, бірақта гипофиздің артқы бөлігінің өзгерісі ауыр түрде кездесуі мүмкін. Қант сусамырына көбінесе күндіз жиі зәрдің көп шығуы тән, тамақ ішкеннен кейін қандағы қант мөлшерінің көтерілуі (гипергликемия) тән. Жиі ішкі сөлденіс безі патолгиясы бар науқастар асқорыту қызметінің бұзылыстарына байланысты шағымдар айтады. Семіздігі бар, қант сусамыры (кетацедоз жоқ болғанда), диффузды зобы бар науқастардың тәбеттері үнемі жоғары болады. іштің ауырсынуы, лоқсу, құсу – қант сусамырындағы сусамырлық кетацидоздық белгісі болып табылады; бұл белгілер тиреотоксикозда байқалады, әсіресе тиреотоксикалық кризде олар іш өтуімен, жиі қою нәжіспен байланысқанда байқалады. Гипотиреозда, керісінше нәжіс тұрып қалады. Көрсетілген белгілерден басқа, ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында көптеген басқа белгілер де кездеседі, бірақ олардың көбісі қандай да бір ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына жатады, өйткені әрбір ішкі сөлденіс бездері өзіне тән арнайы гормон бөледі.

Тексеру әдістері

Сұрастыру. Ішкі сөлденіс бездерінің организмнің түрлі жүйелерімен жеке ағзаларына әсері өте күрделі де маңызды болғандықтан олардың ауруларымен байланысты шағымдар да алуан түрлі. Көбнесе мынадай

шағымдар байқалады: жүйкенің қозғыштығы, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, тез қажып, абыржып, кею, тершендік, жүректің қағуы, қан қысымы көтеріліп, басқа қан шабуы, құлақтың шулауы, жүдеу. Кейбір ауруларға тән абыржығыштық пен шапшандық (уытты жемсау), енжарлық пенкөңілсіздік (микседема) немесе ой-сананың төмендігі сияқты белгілер де бар. Науқастың өмір тарихынан ауруды дамытқан себепті анықтауға

тырысу керек. Қатты күйзелудің, қорқудың, қажудың тиреотоксикоз ауруының дамуына тікелей әсері жалпыға белгілі. Ішкі сөлденіс бездері ауруларының кейбіреуі жыныстық жетілу немесе климакс кезеңдерінде, босанғаннан кейін көрініс береді. Бірсапыра аурулар тұқымқұаласа (мысалы, қант сусамыры), енді

біреулері басқа сырқаттарға (түберкулез, сифилис) қосарланады немесе солардың бір көрінісі болуы мүмкін.

Қарау. Ішкі сөлденіс бездері сырқаттарын анықтау үшін бұл тәсілдің маңызы ерекше. Өйткені уытты жемсау, микседема, акромегалия, Иценко – Кушинг, Аддисон ауруларын науқасқа бір қарап – ақ айқындауға

болады. Қалқанша безі немесе гипофизі зақымдалған науқастардың бет келбеті өзгереді. Қалқанша бездің қызметі тым артқан науқастың көзі шарасынан шығып, бадырайып, кірпіктері сирек қағылып, бет келбеті үнемі қорыққан адамға ұқсас болады. Көлемі ұлғайған без жай қарағанның өзінде де көрінуі мүмкін. Қалқанша бездің жұмысы тым кемісе, онда науқастың бет әлпеті дөңгелектеніп, көз жанары сөніп, ол топас, селқос кейіпті келеді.

Акромегалиямен ауыратын науқастардың қас үсті доғалары, иегі шығыңқыланып, мұрны мен аяқ – қолдары ұлғаяды. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде ісік пайда болғанда акромегалиялық алыптық (гигантизм), ал жыныс бездерінің қызметі төмендегенде әтектік (евнухоидтық) гигантизм байқалады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі зақымдалып, оның қызметі төмендеген жағдайда ергежейлі әрі жыныс ағзалары дұрыс қалыптаспай, жыныс белгілері дамымай

қалады. Микседема сырқатында да тап осындай клиникалық белгілері болуы мүмкін. Тері жамылғышының өзгерістері де әр ауруға тән болып келеді. Микседема сырқатында науқастың беті бозарып, сарғыш тартса, Иценко – Кушинг синдромында теріні қан кернеп, қызарады. Аддисон ауруында бүйрек үсті безінің жұмысы төмендеп, тері мен кілегейлі қабықшалар қоңыр түсті қола тәрізденеді. Қалқанша бездің жұмысы тым артқандардың терісі жылтырап, олар тершең болса, осы бездің жұмысы жеткіліксіздігінде терісі дымқыл әрі салқын болады. Акромегалияға терінің қалыңдауы тән. Гипотиреоз ауруында теріге муцин сіңеді, сондықтан ол ісінеді. Иценко – Кушинг синдромында сан мен іштің терісі семіп, онда қызғылт күлгін жолақтар байқалады. Қант сусамыр ауруында науқастардың терісінде тырналған сызықтар қалып, іріңдіктер пайда болады. Әтектерде шаш пен түк әйелдерге ұқсас өссе, акромегалияда көп және

Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы тексеру әдістері

Бейнелеме

Пациенттің шағымдары
Мойын пішінінің өзгеруі 6. Шөлдеу Қозғыш 7. Терінің қышынуы Тершеңдік 8. Полиурия Дене салмағының өзгеруі 9. Әлсіздену Жүрек қағысының жиілеуі

Науқастану сыртартқысы
1. Әкеліп соғатын мәнбірлер 5. Жүргізілген тексерістің 2. Себептері нәтижелері 3. Басталуы, дамуы 6. Қолданылған ем 4. Асқынулары

Өмір – баян сыртартқысы
1. Сырқаттанған аурулары 6. Бас жарақаттары 2. Тұқым қуалаушылығы 7. Жағымсыз мамандық 3. Тамақтану мінездемесі мәнбірлері 4. Жағымсыз қылықтары 8. Еңбек жағдайы 5. Мамандығы 9. Күйзелістер

Пациентті тікелей тексеру

 

Қарау Сипалау
1. Көз белгілері 5. Шиқан шығу 2. Семіздік 6. Терінің дақтануы 3. Жүдеу 7. Тырнақтың, тілдің 4. Қалқанша бездің шаштың өзгеруі үлкеюі 8. Қолдың дірілдеуі 1.Терінің жағдайы 2.Қалқанша безі 3.Тамыр соғуы

 

Зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру

Қалқанша безі Ұйқы безі
1. Сканерлеу 2. Ультра дыбыс арқылы зерттеу 3. Қандағы гормон мөлшерлерін анықтау 4. Негізгі зат алмасу дәрісін анықтау 5. Қандағы ақуызбен байланған йодтың мөлшерін анықтау   1. Аш қарында қандағы қанттың мөлшерін анықтау 2. Тәулікті глюкозурия 3. Ацетонурия 4. Қанның сілтілі серпілісін анықтау

жылдам өссе, микседемада науқастардың кірпігі, қасы, мұрты, шашы керісінше түсіп қалады. Ішкі сөлденіс бездері зақымданғанда тері асты майы әртүрлі дамиды. Ол қалқанша бездің қызметі бұзылуымен байланысты болса, денеге біркелкі жиналады, ал гипофиз бен жыныс бездерінің қызметінің өзгеруінен шел май негізінен іштің төменгі жағын, бөксе мен санды басып кетеді. Бет пен тұлғаны май басу – Иценко – Кушинг ауруының айқын белгілерінің бірі. Тым жүдеп, арықтау қант сусамырымен тиреотоксикозда жиі кездеседі. Әтектердің жіліктер эпифизінің жетілуі кешеуілдесе, акромегалияда қаңқаның түрлі сүйектері бір – біріне сәйкессіздеу әрі тым қалың болып қалыптасады. Қалқанша маңы безінің қызметі жеткіліксіздігінен қанда кальций азаяды, сондықтан бүкіл бұлшық еттер құрысып, “акушер қолы” деп аталатын белгі немесе бет бұлшық еттері құрысып, “күлегіш кейіп” байқалады.

Сипалау. Пальпация тәсілімен негізінен қалқанша без зерттеледі. Бездің тығыздығын, оның сипатын, түйінді - түйінсіздігін анықтайды. Ол үшін дәрігер екі қолының бүгілген саусақтарын төс – бұғана сүйір бұлшық еттердің артқы қырына тереңдете сұғып, бас бармақтарды оның алдыңғы қырына қоюы керек, сол кезде науқас жұтынса, қалқанша без кеңірдекпен бірге қозғалып, саусақтардың арасымен сырғиды. Бұл тәсіл бездің көлемінің шамалы ғана өзгерісін, оның жылжымалығын, механикалық әсерден ығысу мөлшерін, ауырсынуын, тамырларының соғуын анықтауға мүмкіндік береді.

Тықылдату. Перкуссия тәсілімен төстің артында жайғасқан жемсауды анықтауға болады.

Тыңдау. Тиреотоксикозбен ауыратын сырқаттардың қалқанша безі ұлғайып, негізгі зат алмасу процессі күшейіп, қан ағысы үдейді. Сөйтіп, онда шу мен үн туындайды. Сол дыбыстар тыңдағанда жақсы естіледі.

Зертханалық тексеріс. Қандағы ішкі сөлденіс бездері гормондарының мөлшерін анықтау маңызды роль атқарады. Қант сусамырында дерт анықтама жүргізгенде қандағы және зәрдегі қант мөлшерін анықтау басты мақсат болып табылады (гликемиялық және глюкозуриялық сынамалар). Қалқанша безі ауруларында тиреоидтық гормондардың мөлшері көбейіп (тиреотоксикозда) немесе азаяп (гипотиреозда) анықталынады.

Құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Қалқанша без ауруларында негізгі зат алмасу дәрісін анықтау маңызды. Сонымен қатар ультрадыбыс және сканерлеу зерттеулері кеңінен қолданылады. Ұйқы безі, қалқанша безінің көлемі, орналасқан жері, тығыздылығы анықталынады. Ажырату диагнозын қолданған жағдайларда қалқанша безінен биоптат алады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Сізге таныс ішкі сөлденіс бездерін атап шығыңыз.

2. Ішкі сөлденіс бездері қандай қызмет атқарады?

3. Ішкі сөлденіс бездері ауруларының негізгі клиникалық белгілері немен сипатталады?

4. Сырқаттарға дерт анықтама жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?

 

Уытты жемсау

Уытты жемсау (тиреотоксикоз, Базед ауруы) – қалқанша без бір келкі ұлғайып, гормондарды тым көп бөлуімен сипатталатын ауру. Қалқанша без түзетін үш – йод – тиронин мен тироксин атты гормондар тым көп болса, дененің бір қатар ағзалары мен жүйелері зақымдалады. Алғаш рет 1849 жылы жемсау ауруында көздің бадыраюы (экзофтальм), қалқанша бездің үлкеюі (жемсау) және жүректің жиі соғуы (тахикардия) белгілерінің ауруға тән екендігін дәлелдеп берген көз дәрігері Базедов болатын. Соған орай бұл ауру Базед ауруы деп те аталады. Уытты жемсау барлық аймақтарда кездесіу ықтимал. Көбіне оған жасы 20 – 50 жас шамасындағылар шалдығады. Ерлерге қарағанда әйелдер 10 есе жиі сырқаттанады. Өйткені, етеккір келу, жүктілік, босану, климакс сияқты әйел ағзасының аумалы – төкпелі кезеңдерінде сыртқы мәнбірлердің кері әсерлері қосарланады, сол себептен ішкі сөлденіс бездерінің төзімделегі кемиді.

Этиологиясы мен патогенезі. Бұрынғы ұйым бойынша, уытты жемсау қатты қайғылы жағдайдан кейін дамиды деп есептелінетін. Күйзеліс мидық гипоталямус бөлігін қоздырады, оның әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігінен тиреотропин тым көп бөлінеді. Тиреотропин қалқанша бездің жұмысын жандандырып, ондағы без торшаларын көбейте түседі де, бездің жалпы көлемінің ұлғаюына себеп болады. Соңғы кезде уытты жемсау мен ауырғандардың қанындағы тиреотропиннің мөлшері өзгермейтіні, тіпті кейде қалыпты шамадан аз болатыны анықталады. Бұл сырқаттың себептері жайлы басқа көз қарас туындауына түрткі болды. Соңғы 10 – 15 жылда жемсау ауруының тұқым қуалайтындығы дәлелденеді. Бұл ауруға бейім адамдардың иммундық жүйесінде тума дәрменсіздік байқалады. Соған орай осы жүйенің негізгі өкілдері дамып, жетілу дәрісі бұзылады. Нәтижесінде қанда антиденелердің түзілуі үдейді. Осы антиденелер қан айналыммен лимфа жүйелеріне өтіп, мүшелерді зақымдайды. Қалқанша безге де өтіп оның қызметін жандандырады. Соның салдарынан бездің көлемі ұлғаяды. Кейбір антиденелер қалқанша бездегі торшаларды зақымдап, жойып та жібереді. Әйткенмен, аурудың алғашқы белгілері көбіне психикалық зақымдардан кейін, не әйел адам жүктілік кезінде немесе босанған соң білінеді. Бұл мәнбірлер адамның жүке жүйесін, ішкі сөлденіс және иммундық жүйелерін әлсіретіп, ағзаға елеусіз жатқан себептерге түрткі болатын сияқты. Демек, жоғарыда айтылған себептердің әсерінен қанда тироксин, әсіресе зат алмасуына ықпалды үш – йод – тиронин көбейеді. Сөйтіп, зат алмасу дәрісі ұлғаяды. Тиреоидтық гормондар ақуыздың ыдырауын жылдамдататындықтан, қанда азот пен амин қышқылдары көбейіп, зәрмен амиак, фосфар, несеп қышқылы сыртқа тым көп шығарылады. Тироксин мен үш – йод – тиронин көмірсулардың майға айналуын тежейді. Майлар шапшаң ыдырап, олардың денедегі қоры азаяды, науқас тез жүдеп кетеді. Уытты жемсауда гормондардың әсерінен тотығу дәрісі тежеліп, ағзада энергия қоры азаяды. Ыдыраудан пайда болған энергия ағзаларының қызметіне жұмсалады, соның салдарынан негізгі зат алмасу дәрісінің деңгейі жоғарылап, дененің қызуы көтерілуі мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Науқас адам соңғы кездерде әлсіздік пайда болып, орынсыз кейіп, жылап, жылдам ашуланатынына, ұйқысы бұзылып, қолы қалтырайтынына шағымданады. Физикалық күш түскенде алқынып, жүрегі жиі қағып, ентігіп, ағыл – тегіл терлейді. Оларда жиі тәбеті артып, тамақты жиі көп мөлшерде ішсе де, жүдеп кетеді. Өз - өзінен абыржып, көңіл күйі жылдам өзгеріп тұрады. Біраз уақыттан кейін науқастың көзі бадырайып, алқымы ісінеді.

 

31 сурет Пациенттің мойын пішіні

өзгерген (авт.сурет)

 

Қарағанда науқастың тынышсыздығы, сөзшеңдігі, көңіл күйінің жылдам өзгеретіні аңғарылады. Науқас жүдеу, жастау көрінеді. Терісі дымқыл, жұмсақ, дене қызуы сәл көтеріңкі. Қалқанша безі ұлғайып, алқымы іседі, мойынының пішіні өзгереді. БДҰ-дың жіктелуіне байланысты (1994ж) уытты жемсаудың келесі дәрежелері бар: 0 дәрежесі – жемсау білінбейді; І дәрежесі – жемсау пальпацияда анықталынады; ІІ дәрежесі – жемсау пальпацияда анықталынып, көзге көрінеді. Уытты жемсаудың басты белгілерінің бірі – науқастың көзі бадырайып, үнемі таңырқаған кейіпте болады (экзофтальм). Сонымен қатар көз белгілеріне келесі симптомдар да жатады: Греф симптомы – адам төмен қараған кезде үстіңгі қабақ пен көздің қасаң қабығының арасында ақ жолақ пайда болады; Штельваг симптомы – сырқат адам кірпігін сирек қағады; Мобиус симптомы – қадалдыра қаратқан затты көзінің алдына біртіндеп жақындатқанда, қарашықтар бір нүктеге түйісе алмай, көбіне жалт етіп, ауытқып кетеді; Жоффруа симптомы – науқас жоғары қарағанда маңдай терісі қыртыстанбайды. Науқас көзін жұмып, қолын созса, онда саусақтарының дірілдегені байқалады (Ромберг симптомы). Уытты жемсауда зақымданбайтын ағза қалмайды. Әсіресе жүрек – тамыр жүйесінің жұмысының бұзылуы нағыз айқын орын алады. Науқас жүрегі лүпілдеп, шаншып ауыратынына шағымданады. Ауа жетпей алқынады. Науқастың денесін сипағанда, терісі дымқыл болады. Мойынның күре тамыры қатты соғады. Жүрек соғуы жиілеп, тахикардия білінеді, жүрек соғуы минутына 120 – 140 қа дейін болады. Уытты әсер үдеп, уақытында ем қолданылмаса жүректің жұмыс ырғағы бұзылып, миокардтың жиырылу қабілеті нашарлайды. Дем алу дәрісі де бұзылады. Науқас ауа жетпейтіндігіне шағымданады, дем алуы жылдамдайды. Ас қорыту мүшелерінің қызметінің бұзылуы да айқын көрінеді. Науқастың тамаққа тәбеті артады, бірақ қанша тамақ ішсе де арықтайды. Диспепсия белгілері байқалуы мүмкін. Уытты жемсау ауыр ағымды болған жағдайда бауыр ісініп, үлкейеді, көздің ақ қабығы мен тері сарғаяды. Осы аурумен сырқаттанатын науқастардың барлығында орталық және шеттік жүйке жүйесінің бұзылыстары байқалады. науқастың жүйкесі қозғыш болып, беймаза, өкпешіл келеді. Жанұямен жұмыста сиымсыз, жанжалшыл болып кетеді. Денесі, кірпігі қалтырайды, жылдам шаршайды. Жүйке талшықтарының сезімталдығы мен қозғыштығы артады. Бұлшық еттерінің күші кетіп, әлсірейді. Уытты жемсау жыныс бездеріне әсер етеді. Ауыр ағымды түрінде әйелдердің жыныс мүшелері семіп, етеккір азаяды. Ер адамдарда белсіздік байқалады.

Ағымы. Сырқаттың бейнесінің айқындығына қарай оның ағзаға уытты әсері үш түрге бөлінеді. Уыттты жемсаудың жеңіл әсерлі түрінің белгілері айқын болмайды, науқастың орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы күшейеді. Жүрек соғуы минутына 100 – ге дейін болады. Зат алмасу дәрісінің жалпы көлемі 30% - тен артады, дене салмағы 10% дейін азаяды. Орташа әсерлі тиреотоксикоз көптеген мүшелерді зақымдайды, клиникасы айқын көрініс береді. Науқастың тыныштығы кетіп, беймазаланады, ұйқысы қашады. Жүрегі минутына 120 – ға дейін соғып, зат алмасу дәрісінің жалпы мөлшері 60% - тен артады. Дене салмағы 20% дейін азаяды. Жүректің жиырылу қабілеті төмендеп, қан айналымы өзгереді, бауыры ұлғаяды. Науқастың аяқтары сусінділеніп, ісінуі мүмкін. Уытты жемсаудың ауыр түрінде науқастың жағдайы нашар: дененің қызуы қатты көтеріледі. Сырқат адам әлсіреп, дене қозғалысы ауырлап, төсекте қимылдауы қиындайды. Жүрегі минутына 120 реттен жиі соғады, аритмия байқалады, ентігеді, систолдық қан қысымы 150-160с.б.б жоғарылайды. Орталық жүйке жүйесінің қатты қозғандығынан науқас уақыт пен қоршаған ортасын ажырата алмй қалуы да мүмкін. Аурудың ағымында қанға гормондардың көп шығуымен байланысты тиреотоксикалық криздер байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың барлық белгілері айқын білініп, мүшелердің қызметтері күрделі түрде бұзылады. Егер көмек дер кезінде көрсетілмесе, жүректің жұмысы нашарлап, науқас есінен танады, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Зертханалық және құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Бұл ауруға тән белгілердің бірі қанның құрамында үш – йод – тиронинмен тироксин, ақуызбен байланысқан йод көбейеді. Негізгі зат алмасу дәрісі жандана түседі. Сырқаттың ауыр түрі асқынған кезде қанда ақ түйіршіктердің саны кеміп, кейде эритроциттер азаяды. Қандағы жалпы ақуыздың, холестериннің мөлшері артады. Сканирлау өткізгенде қалқанша без таңбаланған атомды әдетегіден көп сіңіреді. Ультрадыбыспен, белсеңді радиоизотоппен және рентген сәулесімен тексергенде қалқанша бездің ұлғайып, кейде өңешті, кеңірдекті шаншып тұрғанын анықтауға болады.

Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына, клиникалық тән белгілеріне сүйене отырып диагноз қойылады. Тұқым қуалаушылық мәнбірінде ұмытпау керек. Нақты диагнозды қоюға зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеріс әдістері көмектеседі. Зертханалық тексерісте қанда қалқанша без гормондарының мөлшерлерінің көбейгені анықталынады

 

 

 

32 сурет Радий белсенді иодты еңгізгеннен кейінгі

қалқанша бездің сканограммасы

 

А - қалқанша бездің қалыпты түрі

Б - қалқанша без көлемінің үлкейіп белсенді йодты артық сіңіруі

 

Емі. Уытты жемсауға шалдыққандардың емдеу тәсілдері бірнеше топқа бөлінеді. Ең кең қолданылатын тәсіл – дәрі – дәрмек пен емдеу. Емнің негізгі қағидасы – қалқанша безінің гормондарының бөлінуін азайту. Осы себеппен қалқанша безге әсер ететін имидазол туындылары қолданылады (мерказолил, тиамазол). Бұл препараттар қалқанша безде гормондардың түзілуін бәсеңдеті, олардың қандағы мөлшерін азайтады. Науқас бұл дәрілерді эутиреоидтық жағдайға жеткенше ішуге тиісті. Аталған дәрілер ұзақ уақыт қолданылғанда ғана нәтиже беретінін ескерген жөн. Антиденелерді азайту үшін уытты жемсауды ұзақ уақыт қолданылғанда ғана нәтиже беретінін ескерген жөн. Көбіне преднизолон қолданылады. Емдеу курсы 6 – 8 апта. Бұл дәрілердің қанның құрамына, ас қорыту жүйесіне, жүрек – тамыр жүйесіне кері әсері болатынын есте ұстаған жөн. Ондай әсер байқалса, емдеуді тоқтату керек. Уытты жемсауға қарсы йодты дәрілерде қолданылады. Олар аурудың жеңіл түріне, науқасты операцияға дайындау кезеңінде және тиреотоксикоз кризіне шипалы. Бірақ йодты препараттармен (Люголь тамшысы, ди – йод - тирозин) ұзақ уақыт емдеуге болмайды. Сонымен қатар радиобелсенді йодпен емдеуді де

қолданады. Бірақ радиобелсенді йод қалқанша безді, басқа да ағзаларды ауыр зақымдайтындықтан өте сирек пайдаланылады. Жүрек – тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда емге анаприлин, обзидан, индерал дәрілері қолданылады. Олар жүректің тиреодтық гормондарға сезімталдығын төмендетеді де жұмысын жақсартады (жүректің қағуын бәсеңдетеді, артериялдық қан қысымды төмендетеді).

Алдын алуы. Жағдайына байланысты диспансерлік тобына бөлініп, эндокринологта «Д» тізімінде тұрады. Көрсеткіштеріне байланысты офтальмолог және хирургте қаралады. Диспансерлік нұсқай бойынша қандағы Т3, Т4, ТТГ гормондары және жалпы қан анализі тексеріліп отырады. Бұл науқастар жеке басқа арналған жұмыс істеу және демалу тәртібін сақтау керек.

 

Бақылау сұрақтары

1. Уытты жемсау ауруына жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атап шығыңыз.

3. Сырқаттың ағымы неше кезеңмен өтеді?

4. Уытты жемсаудың әр кезеңіне клиникалық сипаттама беріңіз.

5. Тиреотоксикоздық кризге мінездеме беріңіз.

6. Қалқанша бездің қызметін анықтау үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданылады?

7. Уытты жемсаудың негізг


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 4459 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.038 сек.)