АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Дерматомиозит

Прочитайте:
  1. Дерматомиозит
  2. ДЕРМАТОМИОЗИТ
  3. ДЕРМАТОМИОЗИТ
  4. Дерматомиозит у взрослых
  5. Дерматомиозит/полимиозит. Этиология. Патогенез. Клиника. Диагностические критерии. Дифференциальный диагноз. Лечение
  6. Дерматомиозит: этиопатогенез, клинические проявления, принципы диагностики и лечения.
  7. Дерматомиозите. Опухолевый дерматомиозит.
  8. Как осуществляется диагностика дерматомиозита?
  9. Как осуществляется дифференциальная диагностика дерматомиозита?

Дерматомиозит - коллагеноз тобына жататын аурулардың бірі. Дерматомиозитте көбінесе тегіс салалы бұлшық ет жүйесі мен тері қабынады, сирек түрде іш мүшелерінің патологиясы байқалуы мүмкін.

Этиологиясы мен патогенезі. Дерматомизит жиі ағзаның сыртқы және ішкі мәнбірлеріне (жұқпа, жарақат, жүктілік, екпелер, дәрілік заттар және т.б.) жауап ретінде арнайы емес серпіліс түрінде дамиды. Дерматомиозиттің дамуында ерекше орында иммун жүйесінің бұзылыстары жатыр, бұлшық еттердің зақымдануына әкелетін торшалық иммунитет жүйесінде тұқым қуалаушылық орын алады. Дерматомиозиттің негізгі белгілерінің пайда болуы қаңқалық бұлшық еттердің, жұтқыншақ, кеңірдек, кеуде қуысы, диафрагма бұлшық еттерінің зақымдануы мен байланысты. Бұлшық еттердің зақымдануынан науқастар қозғала алмайды, өкпе ауаға жеткіліксіз толады, дисфагия, дизартрияға әкеп соғады. Жиі жүрек бұлшық еттері зақымданып, аурудың ағымына нәтижесіне әсер етеді

Клиникалық бейнесі. Дерматомиозиттің клиникасы негізінен бұлшық ет және тері синдромымен сипатталады. Сырқаттың клиникалық көрінісінде бұлшық ет синдромы негізгі орын алады. Сырқаттың негізгі және ерте белгілерінен бұлшық еттегі аурырсынулар және бұлшық ет әлсіздігі жатады, әсіресе мойын, иықтың, аяқ – қолдың бұлшық еттері. Бұлшық еттердің әлсіздігінен науқастар өз бетімен төсектен тұра алмайды, басын көтеріп, шашын тарай алмайды. Ауыр жағдайларда қозғалыс шектеліп, жүре алмайды. Қарағанда зақымдалған бұлшық еттердің көлемі ұлғаяды ісікке байланысты, сипағанда тығыздалғаны, ауырсынатыны байқалады. Қол – аяқтағы бұлшық еттердің қатты ауырғанынан сіреспелер дамиды. Жақ бұлшық етінің зақымдануынан шайнау қызметі бұзылады. Жұтқыншақтың, жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің зақымдануынан жұтынудың бұзылуы, шашалу, тамақтың мұрын жолдарына түсіп кетуі мүмкін. Қабырға аралық бұлшық еттірінің зақымдануынан өкпеде дем жеткіліксіздігі байқалады. Тері синдромы дененің ашық жерлерінде (бет, мойын) буынның үстерінде күлгін бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Дерматомиозитке тән белгі жоғарғы қабақтың қызарып, көз алмасының ісінуі болып табылады. Бұл белгі “дерматомиозиттік көзілдірік” белгісі деп аталады. Дерматомиозитте буын синдромы сирек артралгия түрінде кездеседі. Іш бұзылыстары дерматомиозитте сирек. Олардың ішінде жүрек бұлшық еттерінің зақымдалуы бірінші орында. Клиникалық түрде жүректің жиі соғуы, жүрек шекарасының сол жаққа қарай кеңеюі, жүрек дыбысының топастығы, жүрек ұшындағы систолдық шу байқалады. Жүрек бұлшық еттері диффуздық түрде зақымданғанда жүрек жеткіліксіздігінің ауыр көрінісі дамиды. Дем алу мүшелерінің зақымдануында өкпе қабынуы дамиды. Өкпе қабынуы қабырға аралық бұлшық еттер мен диафрагма бұлшық еттерінің зақымданып, өкпедегі ауа айналымы азаю әсерінен пайда болады. Тағамның немесе сұйықтықтың өңеш – бронх бағанына шашалғанда түсіп, аспирациялық өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Өкпе қабынуынан пайда болған асқынулар науқастарды жиі өлімге әкеледі. Ас қорыту мүшелері жағынан бұзылыстар сырқаттың ағымы бойынша өрістеген дисфагия болып табылады. Жұтудың бұзылуы жұтқыншақ бұлшық еттерінің зақымдануы мен байланысты. Бауыр аздап ұлғаяды. Жүйке жүйесі жағынан шеттік түрдегі бұзылыстар болуы мүмкін: гипералгезия, жалған сезім, сіңір рефлекстерінің төмендеуі. Сырқаттың жалпы белгілеріне дене салмағының азаюы, тәбетсіздік (анорексия), дене қызуының көтерілуі жатады. Сырқат қозу кезінде дене қызуы өте жоғары көтеріледі. Қанда лейкоцитоз, аздаған қан аздық, эозинофилия, ЭТЖ көтерілуі байқалады. Сырқаттың зертханалық белгісіне аминтрансфераз белсенділігінің жоғарылауы, сонымен қатар креатининурия жатады. Клиникалық көріністерінің ағымы мен және айқындалуына байланысты дерматомиозиттің жедел және созылмалы түрлері болады.

Дерт анықтамасы. Диагнозды сырқатқа тән белгілерге сүйене отырып қояды: тері синдромы (ашық қызыл бөртпелердің білінуі, “дерматомиозиттік көзілдірік”), бұлшық ет синдромы (бұлшық еттердің сырқырауы, әлсізденуі), миокардтың зақымдануы, шашалу, дисфагия, дене қызуының көтерілуі, дене салмағының азаюы. Дерматомиозит диагнозы тері мен бұлшық еттерден биопсия алу арқылы дәлелденеді.

Емі. Дерматомиозиттің негізгі емдеу қағидасы созылмалы түрінде ауруды тұрақты ремисияға ауыстыруға, ал жедел түрінде ауруды тоқтатуға бағытталған. Дерматомиозитті емдеуге арналған негізгі препарат преднизолон болып табылады, алғашқы үш айда оны өте жоғары мөлшерде тағайындай ды, бара – бара дәрінің мөлшерін біртіндеп азайтады. Преднизолон мөлшерін төмендеткенде салицилаттар немесе пиразолон препараттарын тағайындау керек. Анаболик гормондарын жылына екі рет екі – үш айдан қабылдайды. Бұлшық еттердің тез шаршағыштығында прозерин, АТФ, кокарбоксилаза қолданады. Бұлшық еттің сіреспелерінің алдын алу үшін емдік дене шынықтыруды ерте бастаған жөн. Емді бір жылдан кейін аурудың клиникалық – зертханалық белгілері болмағаннан кейін тоқтатады.

Болжамы. Сырқаттың созылмалы түрлерінде тұрақты ремисияға ауыстыру мүмкіндігі бар. Жедел түрінде аурудың дамуын уақытша түрде ғана тоқтата алады. Дерматомиозитпен ауыратын науқастардың жұмысқа деген қабілеті біраз төмендейді немесе толық жоғалады, бұл әсіресе ауыр жұмыс істейтін адамдарда кездеседі.

Алдын алуы. Бұл сырқатты алдын алу үшін жарақаттанудан сақтанып, уақытында ошақты жұқпаларды емдеп отыру керек. Науқастар күн көзінен қорғанғаны жөн, денеге физикалық күш түсірмеу керек.

 

Бақылау сұрақтары

1. Дерматомиозит ауруына түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын мәнбірлерді атап шығыңыз.

3. Сырқаттың клиникалық көрінісіне мінездеме беріңіз.

4. “Дерматомиозиттік көзілдірік” терминін қалай түсінесіз?

5. Дерт анықтама жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?

6. Сырқаттың негізгі емдік қағидасы.

7. Аурудың болжамы туралы түсінік беріңіз.

 

 

Жүйелі васкулиттер

Бұл аурулар тобы тамырлардың қабынуымен сипатталынады

Жіктемесі. Екі түрі бар: біріншілік – тамырлардың өз бетімен жүйелі зақымдалуы және екіншілік – тамырлардың зақымдалуына жұқпалар, сәулелену, құрт-гельминттер, гепатиттер т.б. әкеліп соғады. Сырқаттың клиникасы зақымданған тамырлардың калибырына байланысты:

А – ірі тамырлардың зақымдануы (Хортон ауруы);

Б – орташа тамырлардың зақымдануы (Ковасаки ауруы);

С - ұсақ және орташа тамырлардың зақымдануы (түйінді периартериит);

Д – тек қана ұсақ тамырлардың зақымдануы (Шенляйн – Генох ауруы).

 

 

Түйінді периартериит

Бұл ауру жүйелі васкулиттерге жатады. Түйінді периартериит көбінесе ұсақ және орташа артериялардың жүйелі зақымдануларымен сипатталады. Бұл ауруды 1886 жылы алғаш рет Н.Куссмауль және Р.Мейер сипаттаған.

Этиологиясы мен патогенезі. Жиі екпелерден кейін, сары суды енгізгеннен кейін, антибиотик, сульфаниламид және басқа да дәрілік заттарды қолданғанда оларға деген сезімталдығы жоғары жағдайларда байқалады. Науқастардың 30 – 40 % қанның сары суында австралиялық антиген табылған, ал кейбіреуінің сыртартқысында жедел вирусты сары ауру мен ауырғаны көрсетілген. Түйінді периартериитттің дамуында иммунды кешендердің әсері ерекше орын алады. Тамыр қабырғаларының иммун кешендерімен зақымдалуы торша элементтердің агрегациясына, реологиялық қасиеттерінің нашарлауына, тамыр ішіндегі қан ұюдың жоғарлауына әкеп соғады. Осының бәрі ең соңында мүшелер мен тіндерде қан айналымының бұзылыстарына әкеледі және соған сәйкес клиникалық белгілер пайда болады.

Клиникалық бейнесі. Түйінді периартериит пен көбінесе ер адамдар ауырады. Клиникалық белгілері жалпы белгілерінен және жеке мүшелер мен жүйелердің зақымдалу белгілерінен тұрады. Сырқаттың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі мен арықтау жатады. Дене қызуы толқын тәрізді өте жоғары көтеріліп, сирек субфебрильді түрде байқалады. Дене қызуына антибиотиктер әсер етпейді. Аспирин, бутадион, әсіресе глюкокортикоидты гормондар төмендетеді. Сырқаттың айықтық кезеңінде дене қызуы сирек қалпына келеді. Түйінді периартерииттің ең жиі сиптомы тез арада арықтау, кей кезде кахексияға дейін жетеді. Тез арада бір – екі айдың ішінде науқас 20 – 30 кг арықтайды. Тез арада арықтағандықтан қатерлі ісік деген қауып туғызады. Көптеген науқастарда әлсіздік, күшсіздік байқалады. Аурудың жалпы белгілерінде көптеген мүшелер мен жүйелердің әртүрлі қарым – қатынаста және әртүрлі ретте зақымдану белгілері байқалады. Түйінді периартериитте бірінші жүрек зақымдалады: тәж артериялары қабынып, жүрек бұлшық етінің гипоксиясына әкеп соғады. Сөйтіп, тәж жеткіліксіздік синдромы бұл аурудың негізгі клиникалық белгісі болып табылады. Науқастар жүрек тұсының немесе кеудесінің ауыратынына, жүрегі жиі соғатынына шағымданады. Қарағанда жүрек дыбысының әлсіздігі, жүрек ұшындағы систолдық шуды, аритмияны, жүректің сол жақ шекарасының кеңеюін байқауға болады. Миокардтағы өзгерістер жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Науқастардың көбісінің жүрегінің зақымдалғанын, яғни миокард инфарктісі болғанын тек қана патологоанатомиялық зерттеулерден кейін ғана табады. Айқын жүректегі өзгерістермен әлсіз байқалатын клиникалық көріністердің сәйкес келмеуі түйінді периартерииттің тән белгісі болып саналады. Бұл сырқатта міндетті түрде артериялдық қан қысымы көтеріледі. Түйінді периартериитте өкпе зақымдалуы өкпе қабынуы немесе бронх демікпесі түрінде болады. Өкпе қабынуының ешқандай арнайы клиникалық ерекшелігі жоқ, жөтелу, ентігу, кеуде қуысының ауыруы, қан түкіру байқалады. Рентген суретінде өкпе тамырларының кеңейгені, ошақты дақтар, сирек ыдыраған қуыстықтар табылады. Түйінді периартериитте өкпе зақымдалуы Вегенер синдромы түрінде өтеді. Ол ринит; мұрын шеміршегі мен сүйегінің өзгеруімен болатын синусит; өкпелік васкулит; бүйректің зақымдануы. Іш қуыс мүшелерінің зақымдануының негізгі симптомы іштің ауырсынуы болып табылады. Іші көбінесе жәй ауырсынады, бірақ кейде ішек ұстамасы түрде күшті ауырсыну болады. Жиі түрдже тәбеттің төмендеуі, құсу, лоқсу, ішектің жұмысының бұзылыстары, іштің кебуі байқалады. Сырқаттың негізгі белгілері асқазан мен ішекте жара пайда болуынан немесе артерия қан тамырының кеңейіп жарылуынан асқазан ішектен қан кетуі мүмкін. Түйінді периартериитпен ауыратын науқастарда жиі өткір іш белгісі дамиды (іштің өткір түрде ауыруы, үлкен дәреттің тұрып қалуы, іштің кебуі). Кейбір науқастарда бауыр мен көк бауыр аздап ұлғаяды. Барлық науқастарды бүйрек зақымдалады. Клиникалық көріністері әртүрлі, диффузды гломерулонефрит немесе нефросклероз көрінісі түрінде дамиды. Бұл кезде артериялдық қан қысым көтеріліп, көз түбінің өзгерістері байқалады. Зәрде ақуыз бен қан байқалады, сирек лейкоцитурия, ерте гипостенурия дамиды. Бүйрек артерияларының немесе олардың тармақтарының зақымдануынан бүйрек инфрактісі дамиды. Бұл жағдай белдің ауруымен, зәрде қан болуымен, дене қызуының көтерілуімен білінеді. Түйінді периартериитте жүйке жүйесінің зақымдануы шетті жүйке жүйесінің бұзылысымен байқалады. Негізгі клиникалық белгісі аяқ – қол бұлшық еттерінің қатты ауырсынуы болып табылады. Қарағанда бұлшық еттердің семуі, жүйке бағанының бойымен ауырсыну, қозғалыс және сезімталдық бұзылыстары және трофикалық бұзылыстар байқалады. Жүйке жүйесінің бұзылысы ақырын, біртіндеп дамиды, асиметриялық түрде білінеді. Түйінді периартериитке тамырлар бойында тері асты түйіндері болуы тән. Түйіндердің мөлшері бидай дәнінің үлкендігінен бұршақ үлкендігіне дейін. Түйіннің үстіндегі тері қызарған. Сипағанда түйіндер тығыз, ауырсынулы. Түйіндер бірнеше күннен кейін жоғалып, орнында аздаған тыртық қалады. Буын синдромы балтыр бұлшық еттерінің қабынуымен болатын көп буындардың қабыну түрінде білінеді. Жалпы қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, жоғарылаған эозинофилия, ЭТЖ артуы байқалады. Қан құрамындағы ақуыз мөлшері азаяды, фибриноген мөлшері көбейеді.

Ағымы. Жедел, жеделдеу және созылмалы қозу кезеңдері болады. Түйінді периартерииттің жедел түрінде дене қызуы көтеріліп, науқас арықтайды. Жайылған тамыр қабынулары, ішкі мүшелердің өршімелі зақымданулары байқалады. Көптеген жағдайларда түйінді периартериит созылмалы түрде өтеді. Сырқаттың өрістеу кезеңі ремиссия кезеңімен ауысып тұрады. Сырқат бірнеше жылға созылады. Жедел басталған түйінді периартериит емдегеннен кейін созылмалы қозу кезеңдегі ағымға ауысады.

Дерт анықтамасы. Клиникалық белгілеріне сүйене отырып диагноз қойылады: артериялық гипертониямен сипатталатын бүйрек зақымдалуы, диспепсиялық өзгерістермен байқалатын іш синдромы, бронх - өкпе қабынуы, тәж тамырлардың қабынуы, жүйке жүйесінің бұзылыстары. Дұрыс диагнозды қоюға түйіндерден және бұлшық еттерден биопсия алудың маңызы зор.

Емі. Түйінді периартерииттің негізгі емі иммундепрессанттар болып табылады, атап айтқанда преднизолон, азатиоприн, циклофосфан. Сырқаттың жедел және жеделдеу түрінде бір – екі ай бойы тәулігіне 30 – 40 мг преднизолон тағайындап, 10 – 15 мг тәулігіне төмендетеді. Глюкокортикоидтар көмектеспеген жағдайда және де артериялды гипертония түріндегі бүйректің ауыр түрдегі зақымдалуы, жүйелерде өзгерістер пайда болғандықтан (іш синдромы, өкпе қабынуы, жүйке жүйелерінің зақымдалуы) преднизолон мен цитостатиктерді бірге қолдану көрсетілген. Азотиоприн мен циклофосфанның қалыпты көмектесетін мөлшері 100 – 150 мг. Глюкокортикоид пен цитостатик емінің ұзақтығы, алынған емнің әсерінің тұрақтылығымен, аурудың ағымының ерекшелігімен және мүше зақымдалғанының сипатына байланысты бір жылдан бірнеше жылға дейін созылады. Сонымен қоса плазмафорез, гемосорбция қолданылады. Қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту үшін гепарин, курантил, трентал қолдану керек. Түйінді периартериитпен ауыратын науқастар екпеден, сары су енгізуден, физиоемінен, күнге қыздырынудан сақ болу керек. Антибиотиктер, сульфаниламидтер және дәрілік заттарды дәрігердің келісімі бойынша қолдану керек.

Болжамы. Түйінді периартерииттің болжамы, әсіресе өткір түрінде жағымсыз. Иммун жүйесін күшейтетін аралас ем аурудың ағымын ақырындатып, ауруды қалыптастырып, аурудың жартысында ремиссияға жеткізеді. Науқастардың еңбекке деген жарамдылығы төмендейді немесе біржола жоғалады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Сырқатқа жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын белгілі мәнбірлерді атаңыз.

3. Сырқаттың клиникалық көрінісіне мінездеме беріңіз.

4. Сырқатқа тән клиникалық белгілерін атап шығыңыз.

5. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?

6. Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтып шығыңыз.

 

 

Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы

мейірбикелік үрдіс

І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

ü Қимыл қозғалыс кезіңдегі буынның ауырсынуы

ü Буын қозғалысының бәсендеуі

ü Буын қозғалысының бұзылуы салдарынан өзін өзі гигиеналық күте алмау

ü Буын қозғалысының бұзылуына байланысты төсектегі мәжбүрлік қалыпын туғызу

ü Буынның ауырсынуының себебінен дұрыс тынығып, ұйықтай алмауы

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

ü Сырқаттың төсектегі қолайсыз жағдайынан, ағзадан физиологиялық бөлінуді өз бетімен реттей алмауы

ü Тері ойылудың мүмкіндік қауіп қатерлігі

ü Пациенттің медицина қызметкерлеріне сенбеушіліктің пайда болуы

ü Сырқаттың әсерінен пациенттердің күйзеліске ұшырап, өз - өзіне қол жұмсауға дейін баруы

ü Мүгедектік алып келген жағдайда, пациенттің өмірге деген қызығушылық көз қарасының жойылуы.

 

ІІ кезең. Мейірбике диагнозын қою.

Буын қозғалыс қызметінің бұзылуына байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер мейіркештің диагнозы болып табылады.

 

ІІІ кезең. Пациентке өткізілетін күтім шараларының ерекшеліктерін жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

ü Ауырсынуды барынша азайту

ü Буынның көбірек қозғалуына жағдай туғызып, әр түрлі буын қозғалысына арналған жаттығу түрлерін өткізу

ü Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкінешілік мақсаттар:

ü Сапалық тынығып, ұйықтауға кедергі келтіретін себептерді жою

ü Пациенттің осы сырқат түрінде белсенді болуына байланысты тері ойылу қауіпі болмайды

ü Ауруханадан емделіп шыққаннан кейін пациент өз бетінше қимыл қозғалыстар түрлерін жасай алады

ü Пациент сырқатына қарамастан өмірге белсене қатыса алады

 

ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейірбикенің араласулары:

ü Тәуелді – зертханалық және құрал жабдық аппаратары арқылы тексеріс түрлеріне қатысу, дәрігердің нұсқауын орындау

 

ü Тәуелсіз – пациенттің артериалдық қысымын, дене қызуын өлшеп, тамыр соғуын анықтап, терісін күтіп, жалпы жағдайын бағалау

 

ü Бір – біріне тәуелділік қатынастары – дәрі – дәрмектермен ем жүргізуді іске асырып қолдану, оның ағзаға тигізетін әсерін бағалай білу. Физио ем шараларын жүргізу. Зерханалық қорытынды нәтижелері мен тынысып, талдау. Науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау.

 

 

V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.

Тірек-қимыл аппаратының ауруларындағы

мейірбикелік кірісулерінің үлгілері

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
  Буындары ісіп, пациент жүре алмай қалды. Өзін ыңғайсыз сезінеді.   1.Физикалық, психикалық тыныштандыру.   2. Ыңғайлы жағдай жасау.   3. Дәрігер нұсқауын орындау   4.Пациенттің функционалды жағдайын бақылау   5.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.   1.Жағдайын түсіндіріп айту.   2.Бөлмеде қозғалысын жеңілдету мақсатымен әр түрлі қосымша заттар қолдану:таяқ, үстел, арқан т.б.   3.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу, түсіндіру, сырқат туралы мәлімет беру.   4.Ауырсыну басылғанша ем және күтім шараларын төсек орнында жүргізу.     1.Дәрігердің нұсқауы бойынша ем жүргізу.   2.Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдандыру   3.Пациентті әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.
Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Жоспарды енгізу Мейірбикелік кірісулер
Тәуелсіз Тәуелді
Буындардың сырқырап ауырсынуы 1.Психикалық және физикалық тыныштандыру   2.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   3.Науқастың функционалды жағдайын қадағалау     1.Төсек режимін сақтау 2.Тыныштандырып жатқызу 3.Жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай туғызу 4.Пациентті төсек орнында тамақтан-дыру 5.Пациентке жағдайды түсіндіріп, орнынан тұруға болмайтындығын айту 7.Тері тесілуді алдын алу 8.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалап,қан қысымын өлшеу,тамыр соғы-сын анықтау,демін санау,дене қызуын өлшеу. 1.Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектерді қолдану   2.Пациентті керекті зертханалық және аспаптық тексерістерге жеткізу   3.Пациенттің көңіл күйіне ерекше көңіл бөлу, өзі- өзін кем санамауын тудыру.

ХІ –ТАРАУ

АЛЛЕРГОЗДАР

Жедел аллергоздар туралы түсінік

 

«Аллергия» терминің ХХ ғасырдың басында Австрия оқымыстысы Тирке енгізді, ол аллергия реакциясының негізгі қарқының анықтады. Бұл зерттеулер өте маңызды, себебі соңғы жылдары аллергиялық сырқаттармен ауыратын науқастардың саны көбейіп бара жатыр.

Аллергия ағзаның иммунологиялық серпілісімен, тіндердің зақымдалуы мен сипатталады. Егер ағзаға бөгде заттар түссе, онда ағза сол бөгде затқа жауабы ретінде антиденелерін тудырады.

Антидененің пайда болуына әсер ететін заттарды «аллергендер» деп атайды. Аллерген мен антидененің жинағынан пайда болатын серпілісті «аллергиялық серпіліс» дейді.

Антиген мен антидененің жиындысы пайда болғанда, қанға биологиялық белсенді заттар шығады (ацетилхолиндер). Бұлар тіндерді зақымдап, бронх тармақтарының бұлшық еттерін тарылтады. Майда қан тамырларының қабырғаларын босатады, олардың өткізгіш қабілеті бұзылады, сондықтан тамыр жанындағы тінге қанның сары суы жиналып, ісіктің білінуі байқалады.

Аллергендердің түрлері. Аллергендердің біріне жұқпалы аллергендер жатады. Бұған бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды жатқызуға болады. Ал келесі бір түріне жұқпалы емес аллергендер жатады. Бұған түрлі тамақтар өнімін, химиялық заттарды, дәрі – дәрмектерді, сары суды, вакциналарды, тұрмыстық шаң – тозаңды жатқызуға болады.

Аллергендер ішкі (эндо) және сыртқы (экзо) болып екіге бөлініп келеді. Экзоаллергендер ағзаға сырттан түседі, ал эндоаллергендер ағзаның ішінде пайда болады. Сондықтан олар аутоаллергендер деп аталады.

Аллергиялық серпілістің ең көп таралған жіктелуі бойынша тез және баяу дамитын түрлері болады. Серпілістің тез түрі 15-20 минут ішінде дамиды, ал баяу түрі 1-2 күн арасында дамиды.

Науқастан аллергиялық серпілісті қандай аллерген шақырғанын сұрастыру өте маңызды болып келеді. Осы жағдайды шешу үшін әр ауруханада аллергологиялық бөлімшемелер ашылған. Бұл бөлімшелерде жұқпалы және жұқпалы емес аллергендер жиынтық арқылы науқастардың дерт анықтамасын нақты ажыратуларды өткізеді. Науқастарды тексеру үшін сырқаттың қайталану кезінде аллергологиялық бөлімшелерге жіберу керектігін барлық медициналық қызметкерлер есте сақтағаны жөн. Науқасқа өткізілетін дерт анықтамалық әдістерінің ішінде қолданылатын сұрастыру мен, көз, мұрын, тері арқылы жүргізілетін сынама нәтижесінің көрсеткіштері маңызды шешім келуге өз ықпалың тигізеді. Дерт сынамаларын аллергендердің әлсіз ерітінділерімен жүргізеді.

Теріге өткізілетін сынама түрі. Білектің терісін 70% спирт ерітіндісімен сүртіп кептіреді. Аллергендері бар флакондардың тығындарын спиртпен сүртеді. Білектің спиртпен сүртілген терісіне аллергеннің әр түріне бөлек арналған шприцпен аллергеннің әр түрін 3-4 см қашықтықта тамшы ретінде тамызады. Содан кейін тамшылардың үстінен залалсызданған әр аллергенге бөлек скарификатормен теріні тіледі. 10 минуттан кейін аллергеннен қалған тамшысын залалсызданған тампонмен сүртіп тастайды. 20 минуттан кейін нәтижесін оқиды. Егер еккен жерде күлбірек пайда болса, сынама оң нәтижелі болып табылады.

Тері ішіне өткізілетін сынама түрі. Білектің терісін тартып, иненің үшін ғана терінің ішіне еңгізеді. Аллерген ерітіндісін 0,02 мл мөлшерінде жібереді. Сынаманың нәтижесін 20 минуттан кейін оқиды. Еккен жерде күлбірек, қызару пайда болса, онда сынама оң нәтижелі болып табылады.

Ингаляция түріне өткізілетін сынама түрі. Сынама өткізу алдында өкпе сиымдылығын тексереді. Содан кейін 2 минут ішінде науқас ингалятор арқылы аллергенді өте аз концентрацияда жұтады. Ингаляция кезінде науқастың тамағы

 

Аллергоздардағы тексеріс әдістері

Бейнелеме

Науқастың шағымдары
1.әлсіздену, бас ауруы; 5.қышыну; 2.лоқсу, құсу; 6.теріде бөртпелердің білінуі; 3.кекіру, құсу; 7.ісіну, ентігу, түншығу; 4.ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық; 8.бетінің домбығуы.  

Ауыру сыртартқысы
Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер Аллергендермен байналысы, олардың түрлері Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері Ем қағидалары

 

Өмір - баян сыртартқысы
Тұқым қуалаушылық Бала кезіндегі аллергиялық серпілістері   Мамандығының негізгі ерекшеліктері (химиялық заттармен қатынасы) Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы  

 

Науқасты тікелей тексеру

Қарау Сипалау
Терінің бозаруы Терінің қызаруы Ісіктің білінуі Бөртпелердің білінуі Тері қасыған іздері Демін санау Қан қысымын өлшеу Тамыр соғысын анықтау Бөртпелерді сипалау Іш қуысын сипалау

 

Зертханалық тексеру Құрал – жабдық арқылы тексеру
Жалпы қан анализі (эозинофилия) Жалпы зәр анализі (гематурия) Иммунологиялық тексерістер Тері ішіне өткізетін сынамалар   ЭКГ Кеуде қуысының рентгено-граммасы

құрғап, жыбырлап жөтеле бастаса ингаляцияны тоқтату керек. Егер өкпе сиымдылығы ингаляциядан кейін 20 минут өткен соң 10% төмендесе, сынама оң нәтижелі болып табылады.

Тіл асты арқылы өткізілетін сынама түрі. Тіл астына 5 тамшы аллергеннің ерітіндісін тамызады. Жалпы аллергиялық серпілістің белгілері пайда болса, сынама оң нәтижелі болып табылады.

Мұрын арқылы өткізілетін сынама түрі. Мұрынға әлсіз аллерген ерітіндісінің 5 тамшысын тамызады. Мұрын бітеліп, науқас түшкіре бастаса, сынама оң нәтижелі болып табылады. Бұл жағдайда мұрынның шырышты қабатын физиологиялық ерітіндімен жуып ауыз арқылы 1 таблетка супрастин дәрісін ішкізу керек.

К өздің шырышты қабығы (коньюктивті) арқылы өткізілетін сынама түрі. Көздің астыңғы қабағына 2 тамшы аллерген ерітіндісін тамызады. Егер көзі қызарып, қышып, жасаураса сынама оң нәтижелі болып табылады. Сынаманы өткізгеннен кейін көзді тез арада физиологиялық ерітіндімен жуып, 2 тамшы гидрокортизон ерітіндісін тамызу керек.

Ауыз қуысының сынама түрі. Аллергеннің әлсіз ерітіндісімен ауыз қуысын шаяды. Егер аллергиялық серпілістің белгілері білінсе, сынама оң нәтижелі болып табылады.

Есек жем

Есек жем аллергиялық сырқаттың ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Терінің еміздікше қабатында әр түрлі күлбіреулер пайда болады. Әр жастағы адам сырқаттануы мүмкін, көбінесе 21- 60 жасқа дейін ауырады. Ішкі сөлденіс бездердің қызметіне байланысты еркектерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.

Этиопатогенезі. Сырқатт әр түрлі аллергендердің әсерінен дамиды. Есек жемнің негізгі беретін мағыналық мәнісі аллергендердің әсерінен қан тамырлар қабырғасының өткізгіш қызметтік қабілеттілігі төмендеп,

қанның сары суы тіндерге шығады да, ағзада ісіктің пайда болуында жатыр.

Жіктемесі. Этиопатогенетикалық дамуына байланысты есек жемнің келесі түрлері бар: аллергиялық (көректік тағамдардан, дәрі-дәрмектерден, шаң-тозаңнан, тұрмыс заттардан, жұқпадан, сары судан); физикалық (механикалық, суықтан, ыстықтан, сәулелерден); эндогендік (гормондардың бұзылыстары, С-ингибитордың белсеңділігінің төмендеуі, идиопатиялық түрі).

Клиникалық бейнесі. Аллергиялық есек жемнің негізінде нақты терінің еміздікше қабатының зақымдануы жатыр. Көбінесе сырқат дәрі – дәрмектердің, тағамдардың, жәндіктердің шағуының әсерінен дамиды. Кейбір науқастарда есек жем физикалық мәнбірлердің әсерінен дамиды. Оның жиі кездесетін түрі – дермаграфизм (теріні қатты сызғанда орнында қызыл түсті ісіну пайда болады). Кейде физикалық есек жем денеге салмақ түскеннен дамиды, мысалы, ұзақ уақыт шашын қатты күш салып тараған науқастардың қанында гистамин мөлшерінің көбейгені анықталған. Сонымен қатар физикалық есек жем суықтың әсерінен де дамуы мүмкін. Екі түрмен дамиды: жедел (тез арада) және баяу (9 –18 сағаттан кейін). Патогенезі анықталынбаған. Ішкі сөлденіс бездерінің бұзылыстарында гистаминнің көбеюі әр қашанда қан тамырлар қабырғасының өткізгіш қызметтік қабілеттілігін төмендетіп аллергия серпілісінің клиникасын көрсетеді. Есек жемде науқастың терісінде бұршақтың үлкендігіндей қызғылт немесе ақшыл күлбіреулер пайда болады. Кейде олар бір – бірімен қосылып, жайылмалы түрге ауысып кездеседі. Қан тамырларынан қан торшалары шығып, есек жем геморрагиялық түрде байқалуы мүмкін. Терісі қатты қышиды, басы ауырады, кейде науқастың денесі қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Жедел есек жемнің ұстамасы жалпы әлсіздікпен, уыттану белгілерімен сипатталады. Өткір кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Егер сырқат 5-6 аптаға созылса, ол аурудың созылмалы түрге ауысқаның білдіртеді.

Емі. Егер есек жем пенициллиннің әсерінен дамыса, онда бұлшық етке 1000 бірлікті пенициллиназа ертіндісін қолданады. Бұл пенициллиназа дәрі – дәрмегі пенициллиннің антидоты болып табылады. Аллергиялық серпілісті басу мақсатымен тері астына антигистамин тобының дәрілерін қолданады (пипольфен, димедрол ертінділері). Дәрілік және тағамдардан дамыған есек жемнің түрінде асқазан-ішек жолдарын жұған жөн. Сонымен қатар симптомға қарсы ем кеңінен қолданылады. Қан қысымы төмендеген жағдайларда тері астына 0,3- 0,5 мл 0,1% адреналин ертіндісін егеді. Қышынуды жою мақсаттымен теріге 2-5% анестезин майын жағады. Геморрагиялық белгілерде индометацин және басқа стероидтық емес дәрі-дәрмектерді қолданады. Уыттануға қарсы дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Ауыр жағдайларда гормон тобының дәрі-дәрмектерімен қолданады (преднизалон, гидрокортизон т.б.).

 

Квинке ісігі

Бұл ангионевротикалық ісінуі мен сипатталатын аллергиялық сырқаттың біріне жатады. Бұл сырқат есек жем сияқты болып табылады. Квинке ісігінде ағзадағы қан тамырының қабырғаларының өткізгіш қызметі зақымданып, адам тұлғасының жоғарғы бөліктерінде ісік пайда болады. Әсіресе адамның бет келбетінде, көмейінде қарқынды байқалады. Ішкі сөлденіс бездерінің ерекшеліктеріне байланысты көбінесе әйелдер сырқатқа бейімделген болып келеді.

Себебі. Басқа аллергендердің түрлеріндей, Квинке ісігінің дамуына әртүрлі дәрі – дәрмектер, тағамдар, төменгі және жоғарғы температура әсер етуі мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Бұл сырқатта ісік терінің барлық қабаттарына, тіпті тері асты майының торшаларында білінеді. Квинке ісігінде науқастың терісі қышымайды, бірақ қысып тұрғандай сезімінде болады. Науқастың еріні, тілі, жұмсақ таңдайы ісініп, үлкейіп тұрады. Осыдан кейін ісік тері астының майына таралып, қышымайтын инфильтрат пайда болады. Аллергия серпілісі өтіп, басылғаннан соң науқас ұзақ уақыт бойы сырқаттанып жүреді. Сонымен қатар Квинке ісігі кілегейлі қабаттарда болатындығын естен шығармаған жөн. Квинке ісігінің кеңірдек маңына жайылып кетуі өте қауіпті. Өйткені, ол тыныс алу жолдарын тарылтып тұншығуға әкелуі мүмкін. Квинке ісігінің жеңіл және орташа түрлерінде кеңірдектің ісінуі бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін байқалады. Кеңірдек ісінуі әрбір төрт науқастың біреуінде кездесіп тұрады. Кеңірдектің ісінуіне байланысты науқастың дауысы өзгеріп, ит үргендей жөтел байқалып, содан кейін дем алуы қиындайды да, алыстан естілетін шулы дем пайда болады. Ентігу басында экспираторлық түрде, содан кейін экспираторлық - инспираторлық түріне ауысады. Науқастың беті көгеріп, біртіндеп бозғылттанады. Науқас өте мазасыз келеді, сырқат қатты жанына батқандығынан өлім қорқыныш сезімі білінеді. Бұл жағдайда науқасқа жедел жәрдем көрсету керек, өйткені, тұншығудан тез арада өліп кетуі мүмкін.

Егер ісік асқазан – ішек жолының кілегейлі қабатына жайылса, науқастың іші қатты ауырсынып кебеді, ішектің жиырылу қызметі күшейеді. Науқастың жүрегі айнып, құсады. Ұстама іштің өтуімен аяқталады. Үлкен дәретінде эозинофильдер, Шарко – Лейден кристалдары пайда болады. Осыған байланысты адам ағзасында аллергиялық серпілістің нәтижесінен дамып отырғандығын түсіндіреді. Зәр шығару жолдарының ісінуінде циститтің белгілері айқындалынады, соңында зәр шықпай қалуы да мүмкін. Квинке ісігінде ми қабығының қабыну белгілері де байқалуы мүмкін. Желке бұлшық еті тартылып, басы қатты ауырады. Ауыр жағдайда құрысып - тырысу білінеді.

Дерт анықтамасы. Диагнозды қалыпты түрде клиникалық бейнесіне сүйене отырып қояды.

Емі және күтімі. Науқастарды ауруханаға жатқызып, арнайы ем және күтім көрсету шаралары өткізіледі. Науқастың кеңірдегі ісінгенде ЛОР – бөлімшесіне жатқызады, абдоминалдық түрінде – хирургия бөлімшесіне, ал неврологиялық түрінде – неврология бөлімшесіне жатқызады. Аллергияға қарсы емдәм тәрітібі қолданылады: тұссыз, сүт, өсімдік тағамдары, жұмыртқа, шоколад, балық, цитрус тағамдарын шектейді. Бұл тағайындалынған емдәм тәрітібі осы сырқатта өзінің маңыздылық пайдасын тигізбей қоймайды. Аллергия серпілісін жою үшін антигистамин препараттарымен қолданады: супрастин, пипольфен, димедрол т.б. Ағзадан сұйықтықты шығарып, ісінуді басу үшін дегидратациялық ем қолданылады: лазикс 40 – 80 мг көк тамыр арқылы физиологиялық ертіндісімен енгізеді. Кеңірдек ісінуі байқалса қосымша көк тамыр арқылы немесе бұлшық етке 60 – 90 мг преднизалон жібереді. Сонымен қоса симптомға қарсы ем жүргізіледі. Егер қан қысымы төмендесе 0,1% – 0,3 мл адреналин ертіндісін тері астына жібереді. Тұншығу ұстамасы болған жағдайда трахеостомия жасайды.


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 6815 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.023 сек.)