АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Деформациялаушы артроз. Буын ауруларының екінші тобы – артроздар
Буын ауруларының екінші тобы – артроздар. Олар ағзадағы жалпы зат алмасу дәрісінің бұзылуынан дамиды, яғни буын шеміршегінің дегенерациясы байқалады. Артроздардың ішінде ең жиі кездесетін түрі – деформациялаушы остеоартроз. Бұл ауру еңбекке жарамасыздықтың жиі себебі болатындықтан оның әлеуметтік мәні зор болып табылады. Деформациялаушы остеоартроз 40-60 жастағы әйелдер арасында жиірек кездеседі. Екі түрі бар: алғашқы (сау буында дамиды) және екіншілік түрі (алдын ала өзгерген буында дамиды).
Этиологиясы. Әліге дейін толығынан анықталған жоқ. Бірақ аурудың негізінде буынның шеміршегінің тозуы, жұқаруы және өзгеруі дәлелденген. Деформациялаушы остеоартроздың дамуына генетикалық, иммунологиялық, ферментативтік мәнбірлер де әсер етеді. Буынға салмақ түсу салдарынан болатын жарақаттанудың да маңызы зор.
Патогенезі. Буын шеміршегінің беті бүртіктеніп, жылтырлығынан айырылып, эластикалық қасиетін жоғалтады. Тозған шеміршек жарылып, талшықтары ыдырап, тесіліп, астындағы сүйегі көрінеді. Буын шеміршегінің бұзылуы буынға салмақ түскен сайын өрши береді.
Клиникалық бейнесі. Біріншіден салмақ көп түсетін буындар зақымданады: мысалы, омыртқа буындары, ұршықбас буыны, тізе буындары, сонымен қатар қолдың саусақтарының шеткі буындары да жиі зақымданады. Ауырсыну тек салмақ түскенде, жүргенде, әсіресе баспалдақпен көтерілгенде мазалайды. Тыңыштықта ауырсыну басылады. Буынның ауырғаны әсіресе таңертең науқастың бірінші қадамдарында мазалап, біртіндеп басылады, кешке қарай ауырсыну тағы да күшейеді. Бұл ауруға тән белгінің бірі – буынның кілт ете қалып ауырсынуы, оны буын «блокадасы» деп атайды, ауырғаны біраз уақыттан соң басылып, қозғалуға мүмкіншілік білінеді (старттық ауырсыну). Бара-бара буынның сыртқы пішіні өзгере бастайды: буын жуындайды, шор бітуі де ықтимал, кейбір буындар қисайып та кетеді. Буын пальпациясында буындардың крепитациясы, ауырсынуы, қимыл көлемінің шектелуі байқалады. Бірақ артроздың артриттен айырмашылығы – буынның қимыл қасиеті қанша да бұзылмаса, оның функциясы онша өзгермейді. Рентгенологиялық зерттеу буынның арасындағы жықпылдың тарылып кеткенін, буын бетіне бұдыр түскенін, кейде сүйек өскінінің пайда болуын көрсетеді. Деформациялаушы остеоартроздың ағымы үш кезеңнен тұрады. І-кезең – буын қимыл қозғалысында тежелу жоқтың қасы болады да, рентгенологиялық зерттеуде аздаған буын жықпылының тарылғаны байқалады. ІІ-кезең – буын өзгерістерге ұшырай бастайды, қимыл-қозғалысында ептеген тежелу болады, буын айналасындағы бұлшық еттер сола бастайды. Рентгенологиялық зерттеу буын жықпалының тарылып кеткенін көрсетеді. Буын беттері бұдырлана бастайды. ІІІ-кезең – буынның қимыл қозғалысы шектеліп, буынның сыртқы пішіні өзгереді. Бұлшық еттер семіп қалады. Рентгенограмма буын жықпылының жоғалып кеткенін көрсетеді, эпифездердің қисайып қалғанын, остеосклероздың асқынып кеткені айқындалынады. Деформациялаушы остеоартроз ұзаққа созылатын, баяу дамитын ауру. Буындардың қызметі біртіндеп бұзылады. Аурудың ағымында кейде реактивті синовийттің белгілері байқалуы мүмкін. Бүын үстіне остеофиттер (сүйек өскіндері) өсіп кеткенде буын қозғалысы кедергі болады. Деформациялаушы остеоартроздың ең ауыр түрі – коксоартроз.
Емі. Буындарға физикалық күш түсірмеу маңызды роль атқарады: қимыл-қозғалысты азайту, ауыр заттарды көтермеу, көп жүрмеу т.б. Сонымен бірге дене салмағын қалпыда ұстаған жөн, рационды тамақтану қажет. Деформациялаушы остеоартроздың патогенетикалық еміне сүйектің және шеміршектің метаболизімін жақсартатын шаралар жатады, яғни, хондропротекторларды қолдану. Оның бірі – румалон дәрісін қолдану. Румалон – жас малдың шеміршегі мен кемік сүйегінің экстракты. Әр салған сайын 1 мл ден 20-25 иньекция жасау керек (бейнелеме бойынша). Румалонмен жыл сайын бір курс ем алып тұрған жөн. Хондропротекторларға артрон, артепарон, хондроитин сульфаты жатады. Шеміршеке зат алмасу дәрісін жақсарту мақсатымен рибоксин, АТФ, фосфаден, ретаболил дәрі-дәрмектерін тағайындайды. Буын беттерін майлау мақсатымен олардың ішіне жасанды синовий сұйықтығын енгізеді. Зат алмасу дәрісін қалпына келтіру үшін антиоксиданттық ем қолданады: Е дәрумені, орготеин.Физиоемі кең қолданылады: ультрадыбыспен, электрофорез әр түрлі дәрі-дәрмектермен, магниттік ем.
Подагра
Подагра – қан құрамында зәр қышқылының көбеюінен ураттардың тіндерге жиналуынан дамитын созылмалы ауру. Негізгі даму механизмі – гиперурикемия.
Этиологиясы. Бұл зат алмасу дәрісінің бұзылуынан пайда болатын сырқат. Нақты түрде пурин алмасуының бұзылуынан пайда болуы толығынан анықталынған. Подагра ауруының пайда болуына тұқым қуалаушылық мәнбірі де қатысты.Пуриннің алмасу дәрісіне қатысатын ферменттердің туа жетіспеушілігі ағзада несеп қышқылының тыс түзілуіне әкеліп соғады. Дұрыс тамақтанбау, майлы тағамдарға құмарлық, гиподинамия (аз дене қозғалысы) подагра ауруына шалдықтыратын мәнбірлерге жатады. Подаграмен негізінде 30 – дан асқан ер адамдар сырқаттанады. Даму механизміне байланысты подаграның біріншілік және екіншілік түрлерін белгілейді. Біріншілік подагра тұқым қуалаушылық болып табылады, ал екіншілік түрі басқа ішкі ағзалардың ауруларынан дамитын түрі.
Патогенезі. Пурин алмасуы бұзылған кезде ағзада несеп қышқылы (ураттар) шамадан тыс көбейіп кетеді, олар барлық мүшелерге барып тұнады. Сөйтіп, несеп қышқылдарының тұздары біртіндеп буындарға да тұнады, нәтижесінде қабыну дәрісі дамиды. Несеп қышқыл тұздары (ураттар) буынның синовий қабыршағына, шеміршегіне буын сүйегіне еніп, подагра шорларын құрады (оларды тофус деп атайды).
Клиникалық бейнесі. Аурудың клиникалық көрінісі үш синдромнан құралады: буындық, тофустардың түзілуі, бүйрек зақымдануы. Ауру полиартриттен білінеді.Подаграда ауырсыну синдромы алдын ала ешқандай белгі бермей кенеттен ұстап қалады («подагралық криздер») Ең жиі зақымданатын буын – үлкен бақайдың табанымен қосылар буын. Сонымен қатар табанның ұсақ буындары мен тобық буыны да жиі зақымданады. Зақымданған буын ісіп, қызарып, ұстама түрде қатты, қол тигізбей ауырсынады. Ауырсыну 1 аптаға дейн созылуы мүмкін, содан кейін келесі ұстамаға дейін қойып кетеді. Ауырсыну ұстамалардың арасында науқас ештемеге шағымданбайды, жағдайы қанағатты. Бара-бара ұстамалардың арасы қысқарып, буын қабыну мерзімі ұзарады, барған сайын зақымданған буындардың саны көбейеді. Сөйтіп подагра моноартриттен полиартритке ауысады. Бірнеше жылдардан кейін зақымданған буындардың үстінде шорланған түйіндер пайда болады (несеп қышқылы тұздарының кристалдары – тофустар). Тофустар подаграның ауырлық дәрежесін дәлелдейді. Өзгерістердің нәтижесінде буындар деформацияға ұшырап, қимыл-қозғалыс қасиеті азайып, функциясынан айырылады. Айтылып кеткен өзгерістермен бірге подаграда бүйрек зақымдалуы да байқалады, неге десек несеп қышқылының түзілуі көбейіп қана қоймай, оның бүйрек арқылы бөлінуі де азаяды. Дәрістің нәтижесінде подагра нефриті дамиды. Аурудың негізгі белгілері протеинурия, цилиндрурия және артериалдық гипертония.Подаграгың салдарынан жүрек-қан тамыр жүйесі де жиі зақымданады.
Дерт анықтамасы. Өзіне тән клиникалық белгілеріне, подагра тофустарына, рентгенологиялық суретіне (эпифиз өзгерістері), плазмада несеп қышқылының көбеюіне, синовийден алынған сұйықтықтың анализіне сүйене отырып қойылады. Қанда гиперурикемия, зәрде урикозурия анықталынады.
Емі. Патогенетикалық емнен басталады. №6 ем тағайындылынады. Онда біріншіден, тағамның жалпы калориясы азайтылу керек, дене салмағын төмендету мақсатымен. Екіншіден, тағам рационында құрамында пурині көп тағамдарды қолданбаған жөн, мысалы: сиыр еті, шошқа еті, балық еті, сорпа, өткір салаттар, т.б. майлы тағамдар. Ас тұзының мөлшері тәулігіне 2-4 гр аспауы керек. Тамаққа көбнесе сүт тағамдарын, жемістер мен көкөністерді пайдаланған жөн. Күніне сұйықтықты 1,5-2,5 литрге дейін қолдану қажет.Ішімдіктерге тыйым салынады. Аурудың ұстамасы кезінде науқас қатаң төсек тәртібін сақтайды. Несеп қышқыл тұздарын (ураттарды) ағзадан тез шығару мақсатымен көп мөлшерде сұйықтықтар қолданады.Ауырсыну ұстамасын басу мақсатымен колхицин дәрісін тағайындайды. Ауыр жағдайларда оны көк тамырға енгізеді. Қабынуға қарсы стероидтық емес гормон препараттарын қолданады: реопирин, бутадион, индометацин, вольтарен т.б. Ацетил салицил қышқылып, стероидтық гормондарды қолданбайды, өйткені олар қандағы несеп қышқылының мөлшерін көбейтіп жібереді. Подаграның ауыр түрінде несеп қышқылының түзілуін азайтатын урикодепрессиялық дәрі-дәрмектерді тағайындайды (аллопуринол, тиопуринол, орот қышқылы т.б.).
Аллопуринолды бастапқы кезінде 0,3 гр бір жыл бойы үзбей қолданып, соңында мөлшерін азайтып, желеуші мөлшер есебінде 0,2 гр қалдырады. Ауырсынуға қарсы, дене қызуын басу үшін симптомдық ем жүргізеді. Физиоемнен көмірсутекті, родонды ванналарды қабылдаған жөн, емдік физкультурамен шұғылданғанға кепілдеме беріледі.
Алдын алуы. Тамақтану тәртібі маңызды роль атқарады, яғни зат алмасу дәрісін қалпыда сақтаған жөн. Семіздікті алдын алу, ағзаға физикалық күшті көтеруді дамыту, ішімдіктен бас тарту да маңызды болып табылады.
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1512 | Нарушение авторских прав
|