АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Созылмалы пиелонефрит
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бастапқы кезеңінде көзге көрінбейді. Созылмалы пиелонефриттің негізгі себебі: жедел пиелонефритті өз
уақытында емдемегендіктен, сонымен қатар цистит, пиелит болып табылады. Аурудың клиникасы кезеңіне және түріне байланысты. Созылмалы пиелонефриттің 5 негізгі клиникалық түрі бар: жасырынды (латентті), несептік гипертониялық, уыттану, анемиялық.
Жасырынды түрінде аурудың белгілері білінбей өтеді. Науқас пиелонефрит сырқатының бар екендігін сезбейді, тек зәр, қан анализіздерін тапсырған кезде аурудың белгілері табылады. Науқас тез шаршағыштыққа, тамаққа тәбетінің төмендеуіне, дене қызуының сәл көтерілуіне шағымданады. Қанда анемия, ЭТЖ артады. Зәрде сәл протеинурия және лейкоцитурия білінеді. Полиурия мен никтурия байқалады.
Несептік түрінде зәрде бастапқы кезден бастап лейкоцитурия, протеинурия, бактериурия, қан айқындалынады, көбнесе микрогематурия. Пиелонефритке тән несептік өзгерістің бірі – гипостенурия. Бұл белгі реабсорбция процессінің бұзылуынан дамиды. Аурудың бұл түрінде науқас әлсізденеді, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бел маңайы сәл ауырсынады.
Гипертониялық түрінде негізгі аурудың белгісі артериялдық қан қысымының көтерілуі. Артериялыдқ қан қысымының көтерілуі бүйректің ишемиясымен байланысты. Науқаста бастың ауруы, айналуы, ентігу, жүрек маңайының ауырсынуы байқалады. Зәр өзгерістері онша білінбейді.
Аурудың уыттану түрінде науқастардың шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, бел маңайының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі. Уыттану белгілері дамиды. Циститтің белгілері пайда болады, әртүрлі дизурия белгілері білінеді: поллакиурия, ишурия, никтурия. Созылмалы пиелонефритте бел аймағында топасты үздіксіз ауырсыну байқалады. Созылмалы пиелонефрит көп жағдайда созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғады.
Анемиялық түрінде гипохромдық қан аздық синдромы аурудың басты белгісі болып табылады.
32 сурет Созылмалы пиелонефриттің
пиелограммасы.
Дерт анықтамасын науқастардың шағымдарына, клинкалық бейнесіне, зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы тексергендегі нәтижелеріне сүйене отырып нақты түрде қорытындысын шығарады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, анемия білінеді, ЭТЖ артады. Жалпы зәр анализінде пиурия, білімсіз протеинурия анықталады. Нечипоренко, Каковский – Аддис сынамаларында зәрдің тұнбасында лейкоциттердің көбеюі анықталынады. Құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістерде, яғни, экскреторлы урограммада бояу заттың баяу қарқынмен бөлінуін, тостағанша мен табақшаларының кеңейіп зақымданғаның байқауға болады. Осымен қатар изотопты ренография, ультра дыбыспен зерттеу әдістері дерт анықтамасын жүргізуге көмектеседі.
Емі. Емдәмді және төсек тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. №7 устел тағайындылынады (қышқыл, ащы, тұзды тағамдарды қолданбайды). Қозу кезінде ас тұзының мөлшері тәлігіне 5-8 гр дейін шектеледі. Қабынуға қарсы уроантисептиктермен ем қолданады: антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран туындылары, фторохинолондар. Антибиотиктердің ішінде көп қолданатын топтарына пенициллиндер, цефалоспориндер, левомицетин жатады. Нитрофурандардың ішінде невиграмонның әсері нәтижелі. Бүйректің қан айналымын жақсарту мақсатымен трентал бір ай бойы, курантил, гепарин 5000 БІ 2 рет күніне 2 апта бойы тағайындалынады. Ағзаның иммун жағдайын жақсарту мақсатымен иммуномодуляторларды қолданады: эхинацея, левамизол т.б. Қазіргі кездерде эфференттік ем кең қолданады (қанды ультра сәулемен тазарту). Қозуды алдын алуға қарсы ем шараларын өткізген жөн. 4 – 6 ай бойы емдік шөпдәрілерін қолданады: фитолизин, альтей, бүйрек шайы т.б. Осымен бірге 10 күндік бактерияларға қарсы ем шараларын қолданып өткізген жөн: левомицин, тетрациклин, фуразолидон. Бүйрек қан айналымын жақсарту үшін трентал, курантил, гепарин қолданған дұрыс. Қан аздықта құрамында темір бар тағамдар қолданылады. Симптомдық ем жүргізіледі: артериалды гипертензияда – қан қысымын төмендететін дәрілер, қан аздықта – темір препараттары. Физиоем шараларын қолдану қажет: парафин, диатермия, жылытқыштармен бел аймағын қыздыру..
Болжамы. Сырқатты уақытында дұрыс емдеген жағдайда бүйрек жұмысы ұзақ уақытқа сақталынады.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алуда пиелонефритті болдырмау үшін бүйректің тас ауруын емдеп, уақытында ота жасап, тасты алып тастау керек. Зәр дұрыс жүру үшін, жұқпа ошақтарын емдеп санация жүргізіп отыру керек. Әр қашанда салауатты өмір салтын сақтаған жөн, денені шынықтырып, жеке бас гигиенасын сақтау керек. Екіншілік алдын алуда созылмалы пиелонефритпен ауырған науқас жалпы тәжірибелік дәрігермен, терапевтпен диспансерлік тізімге алынып, тіркеліп, жүйелі түрде бақыланып отырады. Клиникалық қан анализін, жалпы зәр анализін жылына 2 рет тапсырады. Жылына 1 рет бүйректерді ультра сәулесімен зерттейді. Жағдайына байланысты экскреторлық урография, радий белсеңді ренография жасалады. Ошақты жұқпаларды уақытында емдеп, санация жүргізіп отырған жөн. Сонымен бірге ілеспелі ауруларды емдеп, уроантисептикалық дәрілермен емделіп аурудың қозуын алдын алып отырған жөн. Ағзаға суық тигізбеу керек.
Бақылау сұрақтары
1. Пиелонефрит ауруы туралы жалпы түсінік беріңіз.
2. Сырқаттың себебі не болып табылады?
3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.
4. Сырқаттың негізгі клиникалық белгілерін атап шығыңыз.
5. Дерт анықтама жүргізгенде қандай зертханалық тексеріс түрлері қолданылады?
6. Сырқаттың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.
Цистит
Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.
Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.
Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына және зертханалық тексеріс нәтижелерінің қорытындысына сүйене отырып дерт анықтамасын жүргізеді. Зәрде лейкоцитурия, эритроцитурия, бактериурия анықталады. Кейде зәр күнгірттеніп, іріңді қан аралас болуы мүмкін. Нечипоренко сынамасын жүргізгенде өте көп мөлшерде лейкоциттің мөлшері анықталынады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Диагнозды анықтау мақсатымен цистоскопия, цистография тексеру әдістері жүргізіледі.
Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.
Алдын алуы. Ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек. Жеке бастың гигиенасын сақтау маңызды болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Цистит ауруына сипаттама беріңіз.
2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
3. Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық тексерістер қолданады?
4. Сырқатта зәр анализінде қандай өзгерістер байқалады?
5. Сырқаттың негізгі емін айтып беріңіз
Бүйрек тас ауруы
Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп соқтыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі аурулары, Д – витаминінің ағзада көп мөлшерде және А витаминінің аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін барады.
29 сурет Екі бүйректегі тастардың
рентгенограммадағы көріністері
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.
Дерт анықтамасы. Зәрдің және қанның жалпы анализдерін тексеріске алады. Рентген сәулесі арқылы, ультра дыбыспен зерттегенде, экскреторлық урография жүргізгенде тастың бөгде зат болып орналасуын, көлемін, пішінін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Емі. Ұстама кезіңде жылы емшараларды бел аймағына қолданылады (жылытқыш немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға қарсы босату үшін спазмолитик дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды: омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.
Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм тағамдарының құрамында пуринді заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны бермеу. Сырқаттың емі тастардың құрамына байланысты.Урат тастары пайда болған жағдайда сүт өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру үшін қолданылады. Фосфатурия жағдайында табиғи минералды суларын көп мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі жұқпа жағдайында антибиотиктерді, нитрофурандарды, сульфанильамидтерді қолданған жөн. Қазіргі кезде тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.
Алдын алуы. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек. Сонымен бірге зат алмасу процессін жөндеу де маңызды роль атқарады.
Бақылау сұрақтары
1. Сырқатқа жалпы түсінік беріңіз.
2. Сырқаттың себептері не болып табылады?
3. Себебіне байланысты жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.
4. Бүйрек шаншуында көрсетілетін шұғыл жәрдемді айтып шығыңыз.
Бүйрек шамасыздығы
Жедел бүйрек шамасыздығы
Жедел бүйрек шамасыздығы дегеніміз кенеттен күрт басталып, өте тез дамитын бүйрек жұмысының шамасыздығының және олигуриямен, азотемиямен, су электролит алмасуының бұзылуымен сипатталатын жағдай.
Этиологиясы. Бұл аурудың себебіне жарақат, күйік шогы, көп мөлшерде қанның кетуі, миокардтың өлі етенуі, тоқ жарақаты әкеліп соғады. Сонымен қатар ауыр металдармен, сілті қышқылдарымен, метил спирттің ерітіндісімен және кейбір дәрі – дәрмектердің түрлерімен (барбитураттар, хинин тобының дәрілері, пахикарпин) уланулары жатады. Жедел бүйрек шамасыздығы бүйрек тамырларының және зәр жолдарының бітеліп қалған жағдайларында да дамуы мүмкін. Кейде септикалық жағдайда бүйректің жедел шамасыздығымен аяқталуы мүмкін.
Патогенезі. Сырқаттың дамуында ишемия мәнбірі алғашқы қатарда орын алады. Ағза көп мөлшерде сұйықтарды жоғалтқан жағдайда жүрек жұмысы әлсізденеді; шок, есенгіреу жағдайларында бүйрекке қан аз мөлшерде барады да бүйректің қан айналымы төмендейді. Осының әсерінен қанды сүзу, қайта сіңіру қызметтері бұзылады. Жағымсыз улы бөгде заттар бүйректің торшаларын зақымдап, өлі еттенуіне әкеледі, бүйрек арналарының аноксиясы пайда болады. Осы айтып шыққан өзгерістер жедел бүйрек шамасыздығын тудырады, бірақ көптеген жағдайда бұл серпіліс қалпына келуге бейімделген. Ағымына байланысты 3 түрі бар: жеңіл, орташа, ауыр.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымында төрт кезең айқын түрде байқалады: шоктық кезеңі, зәрдің азаюымен және тоқтауымен (олигоанурия) сипатталатын кезеңі, диурездің қалпына келетін кезеңі және сырқаттан айығу кезеңі (бүйректің жұмысы қалпына келу кезең). Алғашқы кезеңінде жедел бүйрек шамасыздығына әкеліп соққан шоктың белгілері білініп, қан қысымы төмендейді, тахикардия, ауырсыну сезімі сезіледі. Тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Екінші өршу кезеңінде зәрдің мөлшері азаяды немесе мүлдем зәр шығуы жоғалады. Ағзада әртүрлі керексіз қалдықтар, жағымсыз заттар жиналып, орталық жүйке жүйесін, басқа да ағзадағы мүшелерді уландырып, олардың атқару қызметін бұзады. Осы кезде науқас әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, басының ауруы, құсу, ауызынан амиак иісінің шығуына шағымданады. Орталық жүйке жүйесі зақымданған науқастарда енжарлық, бағыт – бағдардан адасуы, сезімінің тез қозып, тез әсерленуі, сіңірлері тартылуы, денесінің құрысып тырысуы байқалады. Жүрек қан - тамыр жүйесі зақымдалғанда науқастарда тахикардия, аритмия, қан қысымының көтерілуі, жүрек аймағының ауырсынуы білінеді. Науқасты тыңдағанда перикардтың қажалған дыбысы естіледі, жүректің шекараларының ұлғайғандығы анықталады. Ас қорыту жүйесінің зақымданып, бұзылу белгілеріне лоқсу, құсу, тамаққа деген тәбетінің жоғалуы, кейбір кезде іштің өтуі және үлкен дәретінің қара түсті (мелена) болуы мен сипаталады. Осымен бірге бауыр шамасыздығы дамыған жағдайда терісінің сарғаюы білінеді. Науқастың өкпесі сусінділеніп, ентігу, жөтел, демікпе белгілерімен сипатталынады. Бұл кезеңнің ең бастысы олигурия және анурия. Тәуліктегі зәрдің мөлшері 20 мл ден 300 мл ге дейін, ал зәр салмағы төмендейді (1003 – 1008 дейін). Зәрдің түсі лайлы, қоңырқай немесе “ет жуындысы” тәрізді болады. Зәрдің тұнбасының құрамында көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер, мочевина анықталады. Жалпы қан анализінде анемия, лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде қалдық азоттың мөлшері көбейеді, ал мочевина мөлшерінің көрсеткіші оданда жоғарғы көрсеткішке жетеді. Қанда ацидоз дамиды. Бүйректің сутегі иондарды шығаруының бұзылуы, қанда қышқыл қалдық заттарының жиналғандығы көрінеді. Анурия, олигурия кезеңі 5 – 10 күннен, 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Диурез біртіндеп алғашқыда 500 мл ге дейін көтеріледі, одан соң тәулігіне 2000 мл дейін мөлшері жетіп, көтеріледі. Осының яғни, зәр мөлшерінің көбеюі салдарынан өткір бүйрек жеткіліксіздігінің үшінші полиурия кезеңіне ауысып, науқастың жағдайы жақсара бастайды. Патологиялық өзгерістері біртіндеп жоғала бастайды. Диурездің мөлшері 3000 мл дейін көбейеді. Төртінші кезеңі қалдық азотпен мочевина мөлшерлерінің қалпына келу белгісі науқастың айығу дәрежесіне жеткендігін түсіндіреді. Бұл кезеңінің өту уақыты 3 айдан бастап, 12 айға дейін созылады. Бұл кезде бүйректің сүзу қызметі қайтадан қалыпына келе бастайды.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың дерт анықтамасын қою мақсатында келесі жайларды ескере отырып: аурудың күрт басталуы, зәрдің мүлдем тоқтап, жүрмей қалуына, биохимия анализіндегі мочевина мен азоттың қалдық мөлшерлерінің көбеюі, ағзадағы гемостаздың өзгеруі және ауруға әкеліп соққан шоктың мәнбірлеріне сүйене отырып, диагнозды қоюға болады.
Емі. Науқасқа №7 емдәм тағайындалады. Бұл емдәмнің түрінің құрамында құнарлы тағамдар болмауы тиіс және ақуыздың мөлшері 20 – 40 г - нан аспауы керек. Егер науқас тамақтанбаса көк тамыр арқылы 40% глюкоза ерітіндісін енгізеді.Науқасты бүйрек ауруларын емдейтін ауруханадағы нефрология бөлімшесіне жатқызып, ем арнайы түрде көрсетіледі. Егер сырқат жарақаттың әсерінен болса, онда науқасты жансыздандыру керек, ал егер қан мөлшерін көп жоғалтқан болса, онда көп мөлшерде коллоид ерітінділерін, эритроциттердің салмағын енгізіп қан көлемін жеткілікті түрде толтыру керек. Уыттану шогы кезіңде унитиол, гемосорбция, гемодиализдерді қолданып, науқастың асқазаның 5% унитиол ерітіндісімен жуу. Жұқпа кезіңде бактерияға қарсы ем шаралары жүргізіледі. Аурудың олигурия, анурия кезеңінде науқастың салмағын өлшеп, су баланысын қадағалап отыру қажет. Регидронды ауыз арқылы немесе көк тамырға, Рингер ерітіндісін енгізеді. Су баланысын қалыпта ұстап тұру керек. Қандағы кальцийдің мөлшері азайғанда 10% - 20мл кальций глюканат ерітіндісін қолдану қажет. Ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонат ерітіндісін көк тамыр арқылы жібереді. Уыттануды жою мақсатымен су - электролит баланысын қалыптастырады, қанды қалдық улы заттардан тазартып, тиімді нәтижелі ретінде гемодиализді, гемосорбцияны, плазмаферезді қолданады.
Созылмалы бүйрек шамасыздығы
Созылмалы бүйрек шамасыздығы дегеніміз баяу, біртіндеп нефрондардың санымен жұмыс істеу қабілетінің төмендеп, ұлғаюымен сипатталатын жалпы бүйрек ауруларының қалпына қайтып келе алмайтын асқынулық жағдайы. Осы аталған жағдайдың әсерінен ағзадағы зат алмасу дәрісі қышқылмен сілті тепе – теңдігін өзгертіп, уыттану белгілерінің пайда болуын тудырады. Созылмалы бүйрек шамасыздығының қарқынды түрде дамуы, ағзадағы басқа жүйелердің қызметтерінің бұзылуына да кері әсерін тигізеді.
Этиологиясы. Созылмалы бүйрек шамасыздығының себебіне біріншіден созылмалы гломерулонефрит орын алса, ал екіншіден созылмалы пиелонефрит ауруы болып саналады. Басқа да себептерінің ішінде қант сусамырлы гломерулосклероз, амилоидоз, бүйректің жылауықтары және зәр шығару жолдарының ауруларын назардан тыс қалдырмау керек екендігін ескерген жөн.
Патогенезі. Созылмалы бүйрек шамасыздығының даму барысы ол бүйректің ағзадағы атқаратын жалпы қызметтерінің бұзылып және де қайтадан қалпына келмейтін күйге ұшырайтын асқынулық жағдай. Оның негізіне тоқтала кетсек, қан тазарту дәрісі бұзылып, зәрдің аз бөлініп, қанда мочевина, креатинин, аммиак т. б. бүйрек арқылы ағзадан улы заттардың шықпай қалып, ағзадағы жүйелердің жұмысын уландыруы болып табылады. Метаболизмдік ацидозды дамытытын қышқыл – сілтілік жағдай бұзылады, анемия дамиды.
Клиникалық бейнесі. Бұл сырқат негізінен үш кезеңмен өтеді. Созылмалы бүйрек шамасыздығы біртіндеп басталады. Алғашқы кезеңінде (латентті) полиурия және никтурия байқалады. Науқастар әлсізденіп, жұмысқа деген қабілеті бұзылып, ұйқысының қашуы, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі байқалады. Бет пішінінде існуі таңертеңгі уақыттарда және ісіктің білінуі беттен басталып, айқын түрде көрінеді. Науқастың сергектік қасиетінің төмендеуі, ұйқының басуы, қоршаған ортаға қызығушылығы жоқтығы байқалынады. Біртіндеп улану белгілері ұлғайып, диспепсия белгілері қосылады: лоқсу, құсу, нәжісінің өзгеруі, азоттың қалдықтары тері арқылы шығып, терінің қышуын тудырады. Осы өршу кезеңінде (азотемиялық) орталық жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады: ұйқышылдық, бұлшық етерінің жиырылып қалуы, денесінің құрысып – тырысуы. Денедегі сүйек буындарының ауырсынуы, ураттардың буын қалтасына жиналуынан пайда болады. Кеуде қуысында ауырсыну сезімі, өкпеде сырылдар және жүрек шамасыздық белгілері байқалады. Бұл кезеңде қан қысымы тұрақты түрде, үнемі болады. Қан ұю дәрісі бұзылып, анемия белгілері дамиды. Созылмалы бүйрек шамасыздығының келесі бір белгілеріне қатысты ауыз қуысында жағымсыз иіс болуы және құрғауы, тамаққа бет қаратпауы, лоқсу, құсу жатады. Сырқаттың соңғы терминалды кезеңінде (уремиялық) олигурия, анурия белгілері білінеді. Бүйрек сүзу жұмысын доғарады. Осы кезеңде ісіктер көлемі ұлғаяды. Сутегі иондардың шығуы бұзылуымен қанда ацидозға қатысты белгілері біліне бастайды. Урикемия белгілері тұрақты түрде сақталынып қалады. Қанда көп мөлшерде азоттың керексіз қалдық заттары көбейеді. Науқастың ауызынан зәрдің иісі шығады, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің болмауы, іштің өтуі, шулы демнің естілуі, қызыл иектен, мұрыннан қанның кетуі, сіңірлерінің тартылуы және денесінің құрысып тырысуы білініп, есінен танады.
Дерт анықтамасы. Науқастану сыртартқысына, клиникалық белгілеріне, зертханалық тексерістердің көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталынады. Зәрді тәулікті диурезге, құрамы мен салмағына, бактериологиялық тексеріске анықтайды. Қанда мочевина, креатинин, фосфаттардың мөлшері маңызды болып табылады.
Емі. Этиотроптық емі жоқ. Негізінде сырқаттың кезеңіне байланысты симптомға қарсы ем қолданылады. Қатаң төсек тәртібін сақтау және бүйректі жылы қалыпында сақтау керек. Сол себептен беліне, аяғына жылытқыш қойылады. Науқасқа №7а емдәмі тағайындалады. Тағам құрамында ақуызды шектеп, тұздың мөлшерін тәулігіне 1,5 г – ға дейін азайтады. Ацидозға қарсы улану белгілерін жою мақсатымен көк тамырға 5% глюкоза, 4% натрий гидрокарбанат ерітінділерін, гормон дәрілерін жібереді. Ағзадағы зат алмасу дәрісін жақсарту үшін ретаболил, нерабол дәрілерін қолданады. Ісікті басу үшін зәр шығаратын дәрілерді пайдаланады: фуросемид, урегит, верошпирон. Қан қысымы қатты көтерілген жағдайларда гипотензиялық дәрілерін қолданады: энам, эднит, және тағы басқалары. Қансырауды басу үшін кальций хлорид ерітіндісін, кальций глюконатын, аминокапрон қышқылымен қолданады. Қан аздықта салмақтық эритроцитті құяды. Ауыр жағдайда асқазанды жуып, гемодиализді қолданады. Іс жүзінде гемодиализ ғана бірқатар жағдайларда науқастың өмірін бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік береді.
Болжамы. Созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп отырған негізгі аурудың өту ағымына байланысты. Сондықтан бүйрек ауруларын уақытында толық емдеп, алдын алған жөн. Созылмалы бүйрек шамасыздығы дамыған жағдайда науқастың өмірін тек қана гемодиализді немесе жасанды бүйрек аппаратымен қолдану арқылы ұзартуға болады.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алу бүйрек ауруларын уақытында толық емдеу. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер жағдайына байланысты жалпы тәжірибелік дәрігерде қаралып тұрады. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек.
Бақылау сұрақтары
1. Бүйрек шамасыздығына жалпы түсініктеме беріңіз.
2. Сырқатта бүйректің қандай қызметі бұзылады?
3. Сырқаттың әр кезеңінің клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.
4. Әр кезеңнің клиникалық айырмашылықтарын айтып беріңіз.
5. Ағзада уыттану белгілері немен айқындалады?
6. Уыттану синдромы не себептен пайда болады?
7. Бүйрек шамасыздығының негізгі емдік қағидасы не болып табылады?
8. Бүйрек ауруларында тағайындайтын емдәм тәртібіне түсініктеме беріңіз.
9. Симптомға қарсы емге түсініктеме беріңіз.
10. Сырқаттың болжамы қалай болады деп ойлайсыз?
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында
мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларындағы негізгі шағымдары мен белгілерін білу керек, бүйрек ауруларындағы зәр шығуының бұзылысы туралы түсінігі болу керек, бүйрек ауруларының негізгі емдеу жолдары мен алдын алуын білуі тиіс. Мейірбике науқасты мұқият тыңдап, аурудың барлығына назар аудырып немесе бел маңайыныңы
Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілері
және мейірбикенің іс-әрекеттері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары
| 1. Бел маңайындағы ауырсыну сезімі және ауырсынудың басқа мүшелерге әсер беруі
2. Дизуриялық әртүрлі бұзылыстардың болуы
3. Зәр түсінің өзгеруі
4. Құсу, лоқсу
5. Қалшылдау
|
Қарағанда
| 1. Терінің бозаруы, суық тердің білінуі
2. Өзіне ыңғайлы жағдайды жасай алмау
3. Бел маңайын сипалауында ауырсынудың қарқынды білінуі
4. Пастернак белгісінің оң нәтижесін беруі
|
Мейірбикенің әрекеттері
| 1. Дәрігіерді шақыру
2. Науқасқа тыныштық жағдайын туғызу
3. Бел маңайына жылы ем шараларын қолдану, жылы ваннаны қабылдатқызу
4. Жиырылуды басу үшін спазмолитик және жансыздандыру дәрілерін әзірлеп қою
|
ауырғанына, зәрдің түсінің өзгеруіне, зәр шығуының бұзылуына (полиурия, олигурия және т.б.) назар аудару керек. Бүйрек ауруымен ауыратын науқастарда бастың ауыруы, тұншығу ұстамасы, ісіктер, жағымсыз өзгерістер, дене қызуының көтерілуі жиі байқалады. Науқастан тоңу, улану болған жоқ па екенін және науқастың жұмыс жағдайы мен өмір сүру жағдайы туралы сұрап білу өте маңызды. Нәсілдік аурулары мен жағымсыз қылықтары барлығына көңіл аудуару қажет. Мейірбике егде адамдарда бүйрек ауруларының ағымының ерекшелігін білу керек. Науқасты қарағанда терінің түсіне, серпімділігіне, ылғалдығына, ісігі барлығына, қасынулар барлығына назар аудару қажет. Бел маңайының ауырғанын білу үшін бел маңайын ұрғылау керек, ол Пастернак белгісі мен анықтайды. Мейірбике құрал – жабдықты және зертханалық зерттеу әдістері жайлы түсінігі болу керек. Мейірбикенің міндетіне науқастарды бүйрек және несеп шығару жолдарын әртүрлі зерттеулерге дұрыс дайындау алынатын нәтижелердің сапаларына әсерін тигізеді. Рентгенологиялық зерттеулерді аш қарынға өткізеді. Науқастың ішегінде жиналған газдар болмау керек, ол үшін мейіркеш науқастың іш кетіретін тағамдар ішпеуін қадағалау керек. зерттеу жүргізудің алдында науқасқа түстен кейін 30 г кастор майын беру керек. кешке және зерттеу жүргізуден 2 сағат бұрын науқасқа тазарту клизмасын жасайды. Зерттедің алдында науқас кіші дәретке отыру керек. Мейірбике жалпы анализге және Зимницкий, Нечипоренко т.б. бойынша сынамаларға зәрді жинай білу керек. Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруларындағы зерттеулерінің нәтижелерін түсіне білу керек. Мейірбике бүйрек және несеп шығару жолдарының ауруы бар науқастар жиі кездесетін мәселелерінің шығу тегін білу керек. Науқастар күнделікті өмірінде тәуелсіздігін жоғалтуына байланысты күйзелісте болады. осындай жағдайларда мейіркештік араласулар сыпайы түрде болуы керек, науқасты қолпаштап, ол өзі орындай алатын, өз - өзін күту әдістеріне үйрету керек. Несеп шығару жолдарында жұқпалы аурудың дамуының алдын алуға бағытталған іс - әрекеттерді дұрыс орындау керек. Мейірбике дер кезіңде және дұрыс науқасты тазалап, өңдей білу керек, пациентті дұрыс жуынуға үйрету және дағдылату; науқасқа сұйықтықтың мөлшерін жеткілікті түрде ішу керектігі жайлы ескертіп отыру; зәр түтік сүңгісін дұрыс күту; дер кезіңде дренаж қапшықтарын босату. Зәр шығару кезіңде науқасты жалғыз қалдыру арқылы, психологиялық мәселелерді шешуге болады. Егер науқас өзінің мәселелерін мейірбикеге ашық айта алатын болса, мейірбике күтімі нәтижелі болатын еді. Науқасты күте жүріп, мейірбике оның жүрек – тамыр жүйесінің жұмысын бақылап, құсуда, лоқсуда алғашқы көмек көрсете білу, гигиеналық күтім жасай білу, науқастың күн тәртібіндегі ережелерді уақытылы орындап және оны сақтауын қадағалау, емдәм терапиясын сақтату, дер кезіңде дәрігердің тағайындағандарын орындап отыру. Науқас терлегенде дер кезіңде іш – киімін ауыстырып, терісін күту. Улы заттар тері арқылы бөлінгендіктен терісі қышынып, қасынған жерлер жарақатанады, сол себептен теріні үнемі күту ойықтың алдан алуы болып табылады. Мейірбике науқасты емдәм терапиясы ерекшелігімен таныстырып, алдын алу шараларын, мысалы, суық тиюден сақтану керек екендігін түсіндіреді. Осымен қатар мейірбике бүйрек шаншуында пациентке дәрігерге дейін көмек көрсете алу керек.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс
І кезең. Пациенттің мәселерін табу.
Пациенттің нақты мәселері:
Ø бел маңайының, іштің ауырсынуы
Ø зәр шығаруының бұзылуы
Ø дене қызуының көтерілуі
Ø әлсіздену, ісіктің білінуі
Ø артериялдық қан қысымынының көтерілуінің әсерінен бастың ауыруы, лоқсу, құсу
Пациентте болуы мүмкін мәселелер:
Ø ұстаманың қайталануынан қорқу
Ø жиі зәр шыққаның себебіне, ұйқының бұзылуы
Ø цистоскоп арқылы тексерудің алдында қорқыныш сезімінің білінуі
Ø өзінің сырқат туралы мәліметтің жетпіспеушілігі (ісікте, зәрде қанның білінуінде)
Ø науқас зәрін ұстай алмаған жағдайда, өзін қоршаған ортада ыңғайсыз сезінуі.
ІІ кезең Мейірбике диагнозын қою.
Зәр шығару қызметінің бұзылуына байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер мейірбикеніњ диагнозы болып табылады.
ІІІ кезең Күтім шараларын жоспарлау.
Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
Ø бел маңайының ауырсынуы басылады
Ø дене қызуы көтерілгенде, лоқсуда құсуда көмек көрсетіледі
Ø зәрдің толық және жеткілікті түрде шығуына әртүрлі қолдан келетін жағдайларды жасау
Ø гигиеналық шараларын сақтауды қорғау
Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
Ø науқас белінің ауырғаны кезіңде өз бетімен ыңғайлы жағдайды туғыза алады
Ø артериялдық қан қысымы қалыпына келеді
Ø ауруханадан шығарар кезіңде ісіктер болмайды
Ø пациент өзінің ауруына қатысты емдәм мен сұйықтық мөлшерін қолдану тәртібінен хабардар болады
ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
Мейірбикенің араласулары:
Ø тәуелді – дәрігіердің нұсқауын орындау, науқасты рентгенологиялық, ультра дыбыспен зерттеуге және зертханалық тексеріске дайындай білу, цистоскоп арқылы тексеріске қатысу
Ø тәуелсіз – бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында науқастың жалпы жағдайын қадағалап, оны бағалай білу. Бүйрек шаншуында, уремиялық комада дәрігерге дейін көмек көрсету, күтім шараларын жүргізу.
Ø Бір – біріне тәуелділік қатынастары – дәрі – дәрмектермен ем жүргізуіді іске асырып, қолдану. Оның ағзаға тигізетін әсерін бағалай білу. Физио ем шараларын жүргізу. Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу. Науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау.
V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.
Дерт анықтамасын анықтау және емдеу үшін алға қойылған мақсаттармен көрсетілген күтім шараларының салыстырмалы түрдегі маңыздылық айырмашылықтары. Егер жоспарланған күтім ерекшелігі жағымды көрсеткіш нәтижесін бермесе (пациенттің мәселелері жойылмаса), онда күтім жоспары қайтадан қарастырылып, жаңадан басқа түрде өңделген жоспар құрылады.
Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы
мейірбикелік кірісулерінің үлгілері
Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике араласулары
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Қан қысымының көтерілуінен бас ауруы
|
1.Дәрігерді шақыру.
2.Науқасқа ыңғайлы жағдай беру.
3.Науқасты физикалық, психикалық тыныштандыру.
4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу.
5. Науқастың жағдайын қадағалау.
6.Дәрігер келгенше көмек көрсету.
|
1.Науқасқа жағдайды түсіндіру.
2.Фаулер жағдайын жасау
2.Бөлмеде тыныштық орнату, бөгде шуларды жою
3.Рефлекторлық түрде қан қысымын төмендету мақсатымен маңдайына суық, ал желкесіне жылы қою.
Осы мақсатпен балтырына қыша қою.
4.Өз бетімен дәрі қабылдамауын қадағалау.
5. Науқастың жағдайын бақылау: қан қысымын, тамыр соғысын өлшеу, демін санау.
6.Бүйрек ауруларында қолданылатын ем дәм тәртібіне үйрету.
|
1.Дәрігердің нұсқауын орындау.
2.Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану.
3.Әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу.
| Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике араласулары
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Бел аймағының ауырсыну
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Науқасты тыныштандыру.
3.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау.
4. Педагогикалық аспектіде жұмыс жасау.
5. Рефлекторлық ем көрсету.
6.Науқастың жағдайын қадағалау.
7. Дәрігер келгенше керекті құрал-жабдық, дәрілерді дайындау.
| 1.Төсек режимін, өзін жылы түрде ұстау.
2.Жылы ванна қабылдау немесе беліне жылытқыш қою.
3.Науқас жағдайын бақылап отыру: қан қысымын өлшеу, демін санау, дене қызуын өлшеу
4.Педагогикалық аспектіде диета туралы түсінік беру.
| Дәрігердің нұсқауымен науқасқа медикаментоз-ды ем қолдану: спазмолитиктер, жансыздандыратын дәрі-дәрмектер т.б.
Зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу.
| Пациенттің мәселесі
| Мәселені шешу мақсатымен жоспар құру
| Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике араласулары
| Тәуелсіз
| Тәуелді
| Зәрдің шықпай тұрып қалуы
| 1.Дәрігерді шақыру.
2.Науқасты тыныштандыру.
3.Рефлекторлық түрде ем көрсету.
4.Науқастың жағдайын қадағалау.
5. Дәрігер келгенше керекті құрал-жабдық, дәрілерді дайындау.
| 1. Науқасқа жағдайын түсіндіріп, тыңыштату.
2.Керекті жағдай туғызып, рефлекторлық түрде зәрді шығару мақсатымен краннан суды шорылдатын ағызу, жыныс мүшелеріне жылы су ағызу.
4.Науқастың функ-ционалды жағдайын бақылау: тамыр соғысын, қан қысымын өлшеу, демін санау.
| 1.Дәрігердің нұсқауын орындап, науқастың зәрін шығару мақсатымен резенке түтік қою.
3.Медикаментоз-ды ем қолдану.
3.Зертханалық және аспаптық тексерістерге қатысу
| Бүйрек және несеп шығару жолдары
Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 3916 | Нарушение авторских прав
|