АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ЖМФ-3 курс, 6 семестр

Прочитайте:
  1. IV семестр
  2. V курс, специальность 060101 Лечебное дело
  3. V курс, специальность 060101 «Лечебное дело»
  4. V семестр
  5. в осеннем семестре 2013/2014 учебного года
  6. в осеннем семестре 2015/16 учебного года
  7. В осеннем семестре 2015/2016 уч. г.
  8. Директорский срез теоретических знаний по предмету «Акушерство и гинекология» специальности «Лечебное дело» квалификация «Фельдшер» для IVкурса Iсеместр 2015 уч.год.
  9. для студентов 4 курса на весенний семестр 2005 года
  10. ДЛЯ СТУДЕНТОВ.ОСЕННИЙ СЕМЕСТР.
· Тақырып – № 1 Асқазанның және асқорыту бездерінің топографиялық анатомиясы және балалардағы ерекшеліктері. Жіңішке және тоқ ішектің топографиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктері
· Мақсаты Студенттерді асқазанның және асқорыту бездерінің топографиялық анатомиясы және балалардағы ерекшеліктері. Жіңішке және тоқ ішектің топографиялық анатомиясы. Балалардағы ерекшеліктерімен таныстыру.
· Дәріс жоспары · Дәріс тезистері 1. асқазанның және асқорыту бездерінің: құрсақ қуысында орналасуы және құрсақ қуысы ағзаларымен қарым-қатынасы. 2. асқазанның және үлкен асқорыту бездерінің құрсақ қуысының алдыңғы бетіне проекциясы. 3. Жіңішке және тоқ ішектің топографиялық анатомиясы 4. Асқазанның және асқорыту бездерінің балалардағы ерекшеліктері. Спланхнологияға кіріспе Ішкі мүшелер, внутренность,viscera splanchna деп негізінен дене қуыстарында (кеуде, іш және жамбас) орналсақан мүшелерді айтады. Оған ас қорыту,тыныс алу және несеп-жыныс жүйелері жатады. Ішкі ағзалардың жіктелуі • Түтікті және паренхиматозды болып бөлінеді • Түтікті ағзалардың құрылыс жоспары бірыңғай болып келеді: • 1. шырышты қабықша (ішкі) • 2. бұлшықеттік қабықша (ортаңғы) • 3. Серозды немесе адвентиция (сыртқы) Ішкі ағзалардың жіктелуі • Паренхиматозды ағзалар құрылысы және дамуы жағынан әртүрлі элементтерді біріктіреді. • Ағзаның спецификалық қызметін атқаратын жасушалар дәнекер ұлпалы қоршауымен тікелей байланысқан… • Безді түзілістер экзокринді және эндокринді болып бөлінеді. • Пішіні бойынша бездер • Түтікті • Альвеолярлы • Түтікті – альвеолярлы • Қарапайым және тарамдалған болып келеді. АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ,SYSTEMA DIGESTORIUM, тамақ заттарын механикалық және химиялық өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, өңделмеген бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын мүшелер комплексі болып табылады. Түрлі жануарлар мен адамның асқорыту жолының құрылысы эволюция барысында оратаның (қоректенудің) форма түзу әсеріне байланысты. Адамның асқорыту жолының ұзындығы 8-10 м және ол ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек деген бөлімдерге бөлінеді. Ас қорту жүйесінің қызметі: 1.Секреторлық. 2.Моторлы. 3.Асты сіңіру 4. Сіңбеген заттарды сыртқа шығару
  • Асқазан асқорыту жолының қалта тәрізді кеңейген жері болып табылады. Қарында өңеш арқылы өткен тамақ жиналып, асқорытудың бірінші сатылары өтеді
  • тамақтың қатты бөліктері сұйық немесе ботқа тәрізді қоспаға айналады.
  • қарынның жүрекке жанаса жатқан бөлігі-pars cardiaca; шығар жері- pyloris,
· Қолданы лған әдебиет
  • Нәресте анатомиясы Дадамбаев
  • Рахимов, М. К. Каримов, Л. Е. Этинген. Очерки по функциональной анатомии. 1987 г.
  • Бобрик, В. И. Минаков. Атлас анатомии новорожденного. 1990 г.
· Кері байланыс сұрақтары
  • Асқазан топографиясы
  • Жіңішке ішектің топографиялық анатомиясы
  • Тоқ ішектің топографиялық анатомиясы
  • Асқазан құрылысының жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Көрсеткіш және үлестіретін құжаттар “Power Point” слайдтары, кері байланыс сұрақтары
· Тақырып – № 2 Ұйқыбезінің анатомиясы мен топографиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
· Мақсаты Студенттерді ұйқыбезінің анатомиясы мен топографиясы. және балалардағы ерекшеліктерімен таныстыру.
· Дәріс жоспары · Дәріс тезистері
    1. Ұйқы безінің анатомиясы
    2. Ұйқы безінің топографиясы: құрсақ қуысында орналасуы және құрсақ қуысы ағзаларымен қарым-қатынасы.
    3. Ұйқы безінің балалардағы ерекшеліктері.
• ҰЙҚЫ БЕЗІ, pancreas, қарын артында regio epigastrica-да артқы құрсақ қабырғасында жатады, сол жақ бөлігімен сол жақ қабырғаларына еніп тұрады. Арт жағынан төменгі көктамырға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. • Ұйқы безі құрылысы бойынша күрделі альвеолды бездерге жатады. Онда екі құрам бөлігін ажыратады: бездің негізгі массасының сыртқы секреттік қызыметі бар, секретін шығару өзегі арқылы онекіелі ішекке құйады; бездің аздау бөлігі қарынастылық аралшықтар (Лангерганс аралшықтары), insulae pancreaticae, деп аталатындар түрінде эндокринді түзілістерге жатады, олар қандағы қант мөлшерін реттейтін инсулинді (insula- аралшық) қанға бөліп шығарады • Ұйқы безі-қанға инсулин бөледі. Инсулиннің қызметі: организмде қанттың мөлшерін сақтау. Артық болса, жандырып, оны энергияға айналдырады. Диабет дамыса, 2 түрі бар: қантты диабет, қантсыз диабет (гипофиздің қызметінің бұзылуынан) • Ұйқы безінің дамуы: Ішектік түтіктік эпителийден ұйқы безінің эндокринді бөлігі дамиды (панкреатикалық аралшалар).
· Қолданы лған әдебиет
  • Рахимов, М. К. Каримов, Л. Е. Этинген. Очерки по функциональной анатомии. 1987 г.
  • Бобрик, В. И. Минаков. Атлас анатомии новорожденного. 1990 г.
· Кері байланыс сұрақтары
  • Ұйқы безінің топографиясы
  • Ұйқы безінің қызметі
  • Ұйқы безінің анатомиясы
  • Ұйқы безі құрылысының жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Көрсеткіш және үлестіретін құжаттар “Power Point” слайдтары, кері байланыс сұрақтары
· Тақырып – № 3 Бауырдың анатомиясы мен топографиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
· Мақсаты Студенттерді бауырдың анатомиясы мен топографиясы және балалардағы ерекшеліктерімен таныстыру.
· Дәріс жоспары · Дәріс тезистері
    1. Бауырдың анатомиясы
    2. Бауырдың топографиясы
    3. Бауырдың құрсақ қуысының алдыңғы бетіне проекциясы.
    4. Бауыр құрылысының жіне қызметінің балалардағы ерекшеліктері
  • БАУЫР,hepar- көлемді безді мүше болып табылады (салмағы 1500г-ға жуық).
  • Ол алдымен шығару өзегі арақылы онекіелі ішекке келетін өт жасап шығаратын асқорыту жүйесінің үлкен безі болып табылады.
  • Бауырға бөгеу қызыметі тән: қанмен бауырға келетін белок алмасудың улы өнімдері нейтралданады; оның үстіне бауыр капиллярларының эндотелииі мен жұлдызшалары ретикулоэндотелиоциттердің фагоцитоздық қасиеттері бар (лимфоретикулогистиоцитарлық жүйе), бұл ішекте сіңірілетін заттарды зарарсыздандыру үшін маңызды. Бауыр зат алмасудың барлық түріне қатысады; атап аитқанда, ішек шырышты қабықшасы сіңіріп алатын көмірсулар бауырда гликогенге айналады (гликоген «депосы»).
  • Эмбриондық кезеңде оған қан жасау қызметі тән, өйткені ол эритроциттер жасап шығарады.
· Қолданылған әдебиет
  • Рахимов, М. К. Каримов, Л. Е. Этинген. Очерки по функциональной анатомии. 1987 г.
  • Бобрик, В. И. Минаков. Атлас анатомии новорожденного. 1990 г.
· Кері байланыс сұрақтары
  • Бауыр үлестерін атаңыз
  • Бауырдың алдыңғы құрсақ қабырғасына проекциясы
  • Бауыр құрылысы
  • Бауыр құрылысының жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Көрсеткіш және үлестіретін құжаттар “Power Point” слайдтары, кері байланыс сұрақтары
· Тақырып – № 1 Несеп шығару жүйесінің дамуы және құрылысының ерекшеліктері. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Мақсаты Студенттерді несеп шығару жүйесінің дамуы және құрылысының ерекшеліктері және балалардағы ерекшеліктерімен таныстыру.
· Дәріс жоспары · Дәріс тезистері
    1. Несеп-түзу және шығару жүйесінің жалпы құрылыс жоспары
    2. Несеп-түзу және шығару жүйесінің анатомиясы.
    3. Несеп шығару жүйесінің дамуы
    4. Несеп шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Несеп бөлуші жүйе метоболизм өнімдерін организмнен шығарып, ішкі ортаның қышқыл-сілтілік тұрақтылығын реттеп және гормон (ренин) бөлу функциясын атқарады. Бүйрек ренин гормонын бөлу арқылы қан қысымын реттеуде қатысады. Несеп бөлу жүйесі несеп түзеуші ағзалар-бүйректерден және несеп жолдарынан: несеп ағар, қуық, несеп шығарғыш каналынан тұрады. Бүйрек – жұп және безді орган. Оның структуралық және функциялық өлшемі нефрон деп аталады. Нефронның қызметі – несеп түзеу. Адам бүйрегінде нефронның саны 2 млн. жетеді. Нефрондар төменгі бөлімдерден тұрады: бүйрек денешігі – қан тамыры шумақшаны (торды) Шумлянский-Боумэн капсуласы қоршап жатады. Капсула 2 жапырақтан тұрады: ішкісі – торда жатса, сыртқысы – бүйрек денешігінің сыртынан қаптап жатады. Жапырақшалардың арасында нефрон кеңістігі байқалады. Бұл кеңістіктен иірімді каналша басталып, ол кейіннен тік каналшаға жалғасады. Нефронның келесі бөлімдері Генле ілмегі, дистальді бөлігі және аралық бөлік. Аралық бөлік жинақтаушы түтікшеге ашылады. Жинақтаушы түтікшелердің бірнешеуі қосылып, бүйрек емізікшесінің ұшына ашылады. Бүйрек денешігінде, капилляр торымен Боумэн капсуласы жымысқан жерінде, фильтрация процесі өтеді. Фильтрация негізінде, физикалық механизм болып саналады, себебі капилляр торынан шығушы артериолардың диаметрі кіруші артериоларға қарағанда кіші болады. Сондықтан капиляр торында қан қысымы жоғарылап, қанның плазмасы бүйрек фильтрі арқылы сүзіледі. Фильтрат, яғни, алғашқы несеп, құрамы бойынша қан плазмасына ұқсас, бірақ онда қан түйіршіктері (клеткалары) және нәруыз (белок) болмайды. Алғашқы несеп одан әрі бүйрек каналшалары арқылы өтіп, оларды: І реабсорбция, яғни қайта сору (суды, тұздарды) және секреция процестері, сондай-ақ жаңа заттарды (гиппур қышқылы, аммиак) синтездеу өтеді. Генле ілмегі бүйректің концентрациялау қызметін атқарады. Оның төмендеуші бөлігі су мен натрийді өткізеді, ал жоғарлаушы бөлігі суды өткізбейді. Бүйрек түтікшелерінің суда өткізгіштік қасиеті гипофиздің артқы бөлігінде жинақталған антидиурездік гормонның әсеріне байланысты. Егер бұл гормон (вазопрессин) болмаса Генле ілмегіндегі сұйық өзгермей тура бүйрек түбегіне өтіп, нәтижесінде концентрациясы аз несеп бөлінеді (қантсыз диабет, шыжың ауруы). Бүйрек түбегінен зәр несеп ағар арқылы қуыққа өтіп, несеп жібергіш каналмен ерікті бөлінеді. Бүйректің құрылысы мен функцияларын түсіну үшін оның қан тамыр жүйке жүйесін білу қажет. Бүйрек артериясы бүйрек қақпасында бірнеше артерияларға бөлінеді: • полюстық (А. Роларев) • бөлік аралық • доға тәрізді • бөлшекше аралық Кейінгілерінен жеткізуші артериола басталып, бүйрек денешігінің капилляр шумағын түзеді. Шумақтан шығарушы артериола түзеліп, ол бүйрек каналшаларының бойында тағы да капиллярға тармақталады. Несеп-жыныстық жүйенің дамуы Несеп бөлу және жыныстық жүйелер өздерінің дамуында тығыз байланысты болады. Зәр түзеу жүйесі тек бір бастамадан дамымайды. Ол бір-бірін алмастырушы бірнеше құрылымдардан тұрады: • алғашқы бүйрек (пронефрос) • ортаңғы (денелік) бүйрек – мезонефрос • ақырғы (екінші реттік, тұрақты) бүйрек - метанефрос Алғашқы бүйрек дененің мойын бөлімінде жұп каналшалар түрінде дамиды. Алғашқы бүйректің каналшасы ішкі кеңейген және сыртқы түтікті бөлімнен тұрады. Кейіннен бұл каналшалар жойылып, екінші реттік, медонефрос түтікшелері пайда болады. Медонефрос түтікшесі қан шумағымен жанасып, екінші ұшы алғашқы бүйректің өзекшесіне (Вольф өзегі) ашылады. Ортаңғы бүрек каналшалары да кейіннен қайта дамып жойылады. Оның орнына тұрақты бүйрек дамиды. Метанефрос екі бастамадан пайда болады: • Метанефрогенді ткань (мезодерма туындысы) • Вольф өзекшесінің өскіні Өскіндерден бүйрек тостағаншалары, түбегі және несеп ағар дамиды. Бүйректің безді ұлпан метанефрогендік тканьнен дамиды. Оған бүйрек тостаған, түбек және жинақтаушы каналшалар бостамасы өсіп, жинақтаушы каналшалар жанындағы метанефрогендік тканьнен бүйрек бастамасы пайда болады. Бұл бастама ұзарып, бүйрек каналшасын түзейді. Кейіннен каналша - әрпі тәріздес иіліп, жинақтаушы каналмен қосылады. Ал екінші ұшы кеңейіп, тамырлы шумақшаны қоршап, Шумаянский-Боумэн капсуласын түзеді. Капсуламен жинақтаушы түтікше арасында нефронның иілген және тік каналшалары түзіледі. Бүйректің дамуы туғаннан соң да жалғасады. Сәбидің бүйрегі бөлшекшеленген, олар 5 жаста байқалмайды. Несеп жүйесінің дамуындағы ауытқулар: • Бүйрек агнезиясы – бір немесе екі бүйректің де болмауы. Метанефрогенді тканьнің диффузды орналасу себебінен, бүйрек бастамасы түзелмейді. • Бүйрек гиперплазиясы – бүйрек көлемінің өсіп кетуі. • Бүйрек гипеплазиясы – бүйрек көлемінің азаюы. • Бүйрек дистониясы - әртүрлі орналасу кемістігі (төмен жамбас қуысында, мықын тұсында, жоғары – кеуде бөлімде). • Қосымша (үшінші) бүйрек. • Бөлшекшеленген бүйрек – ересек адамда функциясы сақталады. • Таға тәрізді бүйрек – төменгі ұштары қосылған бүйректер.
· Қолданылған әдебиет
  • Рахимов, М. К. Каримов, Л. Е. Этинген. Очерки по функциональной анатомии. 1987 г.
  • Бобрик, В. И. Минаков. Атлас анатомии новорожденного. 1990 г.
· Кері байланыс сұрақтары
    1. Несеп-түзу жүйесінің анатомиясы.
    2. Несеп-шығару жүйесінің анатомиясы
    3. Несеп жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Көрсеткіш және үлестіретін құжаттар “Power Point” слайдтары, кері байланыс сұрақтары
· Тақырып – № 1 Ер адамның жыныс ағзаларының құрылысы ерекшеліктері мен дамуы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Мақсаты Студенттерді ер адамның жыныс ағзаларының құрылысы ерекшеліктері мен дамуы және балалардағы ерекшеліктерімен таныстыру.
· Дәріс жоспары · Дәріс тезистері 1. Ер адамның жыныс ағзаларының құрылысы. 2. Ішкі жыныс ағзаларының топографиясы 3. Ер адамның жыныс ағзаларының дамуы. 4. Ер адамның жыныс ағзаларының жасқа байланысты ерекшеліктері. Жыныс органдарын ер адамның және әйелдің органдарына ажыратады. Олар сыртқы және ішкі органдар болып бөлінеді. Еркек кісінің ішкі органдарына аталық жыныс безі, оның қосалқысы, тұқым шығарушы өзек, тұқым қуықшасы, простата және бұлшық-несеп жібергіштік бездері жатады. Жыныс органдары: генаративтік, яғни жыныс клеткаларының даму және эндокриндік (гормондар бөлу) функцияларын атқарады. Жыныс органдарының дамуы Дамудың төртінші аптасының аяғында жұп Мюллер (мезопаранефралды) өзекшесі, Вольф денешігі (мезонефрос) және безінің (гонадоның) бастамасы пайда болады. Ер адамда гонада бастамасынан аталық жыныс безі (ен) түзеледі. Ол шап каналы арқылы тұрақты орны ұмада орналасады. Мюллер (парамезонефралдық) өзегі еркекте кері дамиды, ал Вольф (мезонефралдық) өзекше күшті дамып, одан ен қосалқысы, тұқым шығаратын жол, тұқым қуықшасы пайда болады. Сыртқы жыныс органдарының дамуы Дамудың 8-ші аптасында несеп-жыныстық синустың сыртына жыныстық қатпарлары және жыныс төмпешігі түзіледі. Еркек жыныстыда төмпешік өсіп, еркектің жыныс мүшесін (пенис) түзеді, ал жыныстық қатпарлар қосылып, несеп жібергіш каналын береді. Ауытқуларға анархизм (жыныс бездің іштен туа болмауы) және монорхизм (бір жыныс безінің болмауы) жатады. Крипторхизм- жыныс безінің ұмаға түспей қалуы
· Қолданылған әдебиет
  • Рахимов, М. К. Каримов, Л. Е. Этинген. Очерки по функциональной анатомии. 1987 г.
  • Бобрик, В. И. Минаков. Атлас анатомии новорожденного. 1990 г.
· Кері байланыс сұрақтары
  • Ішкі жыныс ағзаларының топографиясы
  • Ер адамның жыныс ағзаларының құрылысы
  • Ер адамның жыныс ағзаларының жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Көрсеткіш және үлестіретін құжаттар “Power Point” слайдтары, кері байланыс сұрақтары
· Тақырып – № 1 Әйел адамның жыныс ағзаларының құрылысы ерекшеліктері және дамуы. Жасқа байланысты ерекшеліктері.
· Мақсаты Студенттерді әйел адамның жыныс ағзаларының құрылысы ерекшеліктері және дамуы және балалардағы ерекшеліктерімен таныстыру.
· Дәріс жоспары · Дәріс тезистері 1. Әйел адамның жыныс ағзаларының анатомиясы және топографиясы 2. Әйел адамның жыныс ағзалары құрылысының ерекшеліктері Әйел адамның жыныс ағзаларының жасқа байланысты ерекшеліктері. Аналық жыныс органдарына – аналық без, оның қосалқысы, жатыр түтігі, жатыр, қынап, кіреберіс бездері жатады. Жыныс органдарының дамуы Дамудың төртінші аптасының аяғында жұп Мюллер (мезопаранефралды) өзекшесі, Вольф денешігі (мезонефрос) және безінің (гонадоның) бастамасы пайда болады. Егер әйел жынысты ұрық дамыса, гонадададан жұмыртқалық дамып, Вольф денешігі (мезонефрос) және оның өзегі кері дамиды. Мюллер өзегінің артқы ұшы қосылып жатырдың денесі мен мойнын және қынап түзеді. Ал, өзектердің алдыңғы қосылмаған ұштары жатыр түтіктерін береді. Әйел жынысты ұрықта төмпешік клитор түзеді, ол жыныстық қатпарлар үлкен және кіші жыныстық еріндер береді.
· Қолданылған әдебиет
  • Рахимов, М. К. Каримов, Л. Е. Этинген. Очерки по функциональной анатомии. 1987 г.
  • Бобрик, В. И. Минаков. Атлас анатомии новорожденного. 1990 г.
· Кері байланыс сұрақтары
  • Жатырдың, аналық бездің, жатыр түтігінің топографиясы
  • Әйел адамның жыныс ағзаларының жасқа байланысты ерекшеліктер
  • Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларын атаңыз.
· Көрсеткіш және үлестіретін құжаттар “Power Point” слайдтары, кері байланыс сұрақтары

 

Жалпы медицина факультетінің дәрістік кешені

Дәріс конспектілерінің құрылымы:

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1113 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)