Жыныс бездері гормондары.
Жыныс бездері немесе еркектердің ұрықтары (аталық жұмыртқа) және әйелдердің аналық жұмыртқалары аралас секреция бездеріне жатады.
Еркектің және әйелдің жыныс гормондарының секрет шығару процесін және олардың қанға бөлінуін ішкі секреторлық функция атқарады. Аталық ұрықтар сияқты аналық жұмыртқалар да еркек және әйел гормондарын синтездейді, бірак ер адамдарда – андрогендер, ал әйелдерде экстрогендер. Жыныс гормондарының жыныс мүшелерінің өсіп дамуына, екінші жыныс белгілерінің білінуіне әсері мол, сондай-ақ адам мінез-құлқын мен жыныстық жағынан пісіп жетілуін анықтайды. Әйел организмінде жыныстық гормондар етеккір циклын реттейді, сонымен қатар жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етеді және сүт бездерінің сүтті бөлуіне дайындайды.
Еркектің жыныс гормондары /андрогендер /.Аталық жұмыртқанаң интерстициальді клеткасы /лейдиг клеткасы/ еркектің жыныс гормондарын өндіреді. Олар белгілі бір көлемде еркектердің және әйелдердің бүйрек үсті безінің маңайында, сонымен қатар әйердердің аналық безінің сыртқы қабатында өндіріледі. Барлық жыныс гормондары стероидтар болып табылады, және холестеринде синтезделеді. Андрогендердің ішіндегі негізгісі тестостерон болып табылады. Тестостерон бауырда бүлінеді, ал оның метаболиттері зәрде 17-кетостероид түрінде кездеседі. Тестостеронның концентрациясы қанның құрамында күн сайын тербелісте болады. Таңғы сағат 7-9 аралығында барынша көп деңгейде, сағат 24-тен 3-ке дейін барынша аз деңгейде байқалады.
Тестостерон жыныс дифференциясына қатысады, алғашқы /жыныс мүшелерінің және аталық жұмырткалардың өсуі /және екінші/ ер адамға тән сақал, мұрт шығу, дауыстың төмендеуі, дене бітімінің қалыптасуы, мінез-құлық пен психиканың ерекшеленуі/ жыныс белгілерінің өсіп дамуын, жыныс рефлекстерінің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Гормон аталық жыныс клеткасының пісіп жетілуіне қатысады. Тестостерон организмде зат алмасу процесінің артуына қатынасады, белоктың синтезделуі, әсіресе бұлшық еттерде ұлғайтады, мұндай процесс бұлшық еттің салмағын ұлғайтып, адам дене бітімінің тез өсіп, даму процесін жеңілдетеді. Сүйекте белокты заттардың тез пайда болуы мен кальций тұзының бөліну есебінен гормон сүйек бойының өсуін, қалыңдығын, берік болуын қамтамасыз етеді. Тесттостерон организмде майдың пайда болуын төмендетеді. Гормон эритропоэзды реттейді, эритроциттердің мөлшері әйелдерге қарағанда ерлерде көп. Тестостерон ер адамның жыныстық мінез қалпын және психофизиологиялық ерекшелігін анықтап, орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
Қанда тестостерон құрамының жоғары болуы лютропиннің өндірілуін баяулатады, ал төмен болуы жеңілдетеді.
Еркектің жыныс гормонында өнімнің жетіспеушілігі аталық жұмыртқанын патологиялық процесіне /бірінші гипогонадизм/ және жүре келе гипоталамды-гипофизарлы жетіспеушілікке /екінші гипогонадизм/ байланысты. Оларды туа біткен және жүре келе пайда болған алғашқы гипогонадизмдеп бөле қарастырады. Аталық жұмыртқа қызметінің жүре келе бұзылуы хирургиялық сылудан немесе қатты жарақат алғаннан соң, туберкулез, мерез, соз және т.б. ауруларының салдарынан пайда болады. Аурудың белгілері аталық жұмыртқа зақымдағаннан кейін адам жасына байланысты білінеді.
Әйелдің жыныс гормондары
Бұл гормондар әйелдің жыныс безі – аналық безде, жүктілік кезде- баланың жолдасында, сондай-ақ еркектің ұрығындағы Сертиоли клеткасында болады. Аналық бездің фолликулы экстрогендердің синтезін жүзеге асырады, аналық бездің сары денесінде прогестерон өндіріледі.
Экстрогендерге эстрон, эстрадиол мен эстриол жатады. Эстрадиолдың физиологиялық белсінділігі жоғары. Экстрогендер әйелдің бірінші және екінші жыныс белгілерінің дамуын реттейді. Олардың әсерімен аналық без, жатыр, жатыр түтігі, қынап пен сыртқы жыныс органдары өсіп жітеледі. Сонымен қатар экстрогендер сүйек қаңқасының өсіп, тез пісіп жетілуіне әсер етеді. Олардың сүйектің шеміршегіне әсер етуіне байланысты сүйектің өсуін баяулатады. Экстрогендер әйелдің дене мүсіні үшін майдың жинақталып және оның бөлінуін арттырады, сонымен қатар әйел типіне байланысты шаштың шығуына мүмкіндік жасайды. Экстрогендер азот, су, тұзды қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Осы гормондардың әсерінен мінез-ққүлқы мен көніл-күйі өзгереді. Жүктілік кезінде экстрогендер жатырдың бүлшық ет тканьдерінің өсуіне, жатыр мен бала жолдасының қан айналымын жақсартуға, прогестерон және пролактинмен бірігін сүт бездерінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Аналық бездің сары денесінде ұрықтану кезінде жарылган фолликулдың орнында прогестерон гормоны өсіп жетіледі. Протестеронның атқаратын негізгі қызметі- жатырдың ішкі былжыр қабыгына ұрықтанган жұмыртқа клеткасын көшіріп жетілдіруге дайындау, жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз ету. Егер сары дене ұрықтанбаса, онда ол әлсізденеді. Жүктілік кезде прогестерон экстрогендермен бірге жатыр мен сүт бездерінің морфологиялық қайта құрылуын қалыптастырады, секреторлық белсенділік пен көбею процесін күшейтеді. Жатырдың ішкі былжыр қабығында бездерің секрет шығару процесінің нәтижесінде ұрықтың дамуы үшін қажет липидтер мен гликоген концентрациясы дамиды. Гормон ұрықтану процесін жояды.
Жүкті емес әйелдерде прогестерон етеккір циклының жүйелі келуіне қатысады. Ұрықтанудың басталған уақытын анықтау үшін практикада қолданылғандай прогестерон негізгі зат алмасуды күшейтеді және дене температурасын арттырады. Әйелдердің жыныс гормондарының қан құрамындағы концентрациясы етеккір циклының фазасына байланысты.
Эстрогендер мен прогестерон өнімдері аденогипофиздің гонодотропты гормондарымен реттеледі.
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 6970 | Нарушение авторских прав
|