Плацента
Баланың орны- жүктілік кезде пайда болатын орган. Ол ана организмі мен ұрықты байланыстырады, яғни оттегімен және нәрлік заттармен қоректенуді реттейді. Сонымен қатар баланың жолдасы ұрықты зиянды заттардан қорғайды.
Жүктіліктің 16-шы аптасында аналық бездегі сары дене болмайды. Ол бала организмін прогестерон, эстроген, хорионалды гонадотропин, хорионалды соматотронин, хорионалды тиреотропин, аденокортикотропты гормон, окситоцин, релаксин гормондарымен қамтамасыз етеді.
Жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуі үшін бала жолдасындағы гормондардың маңызы зор. Кең зерттелгені хорионалды гонадотропин. Ол өзінің физиологиялық қасиеттерімен гипофиздің гонадотропиндеріне ұқсас. Гормон ұрықтың өсіп жетілу үшін, сонымен қатар ананың зат алмасуы үшін, яғни ана бойындағы су мен тұзды реттеп, организмнің ауруды қабылдамайтын механизмін арттырады.
Эпифиз /сүйектің жоғары және төменгі басы/
Эпифиз /жоғарғы ми қосалқысы, пинеальды без, томпақша без/ нейроглиалды бездің туысы болып табылады. Біріншіден, серотонин мен мелотонин, сонымен қатар норадреналин, гистаминді өндіреді. Эпифизден олардың клеткаларын /пинеалоциттер/ АПУД-жүйесінің клеткаларына жатқызатын пептидті гормондар мен биогенде аминдер табылған. Мысалы, мұнда аргинин- вазотоцин /пролактин секрециясын реттейді,/эпифиз-гормон, не «Милка» факторы пептидті жинақталған кешен – эпиталамин және т.б. өндіріледі. Эпифиздің негізгі атқаратын қызметі күнделікті биологиялық ритмді, эндокрин функциясы мен метоболизмнің организмнің жарық кездегі ауыспалы әрекетке қалыптасуын реттеу болып табылады. Жарықтың мол түсуі серотониннің мелотонинге және басқа да метоксииндолдарға айналуын тежейде және серотонин мен оның метоболиттерінің жинақталуына процесс ферменттердің әрекетімен жүргізіледі, олардың белсенділігі де жарыққа байланысты. Эпифиздің организмде өте қажетті реакцияларды реттейтінін есепке ала отырып, оны организмдегі «биологиялық сағат» реттегіш деп атауға болады.
Эпифиздің эндокриндік жүйеге әсер етіп, негізінен ингибиторлык қызмет атқарады. Оның гормондарының гипоталамус-гипофиз-гонадтарға әрекеті зерттелген. Мелотонин либерин гипоталамус секреция деңгейіндегідей аденогипофиз деңгейінде де гонодотропин секрециясын ығыстырып шығарады. Мелотонин либерин гипоталамус секрециясын ығыстырып шығарады. Мелотонин гонодотропты тиімділік ритмін, оның ішінде әйелдердің етеккір циклының ұзақтығын анықтайды. Эпифиз гормоны мидың биоэлектрлі белсенділігін және нервті- психологиялық қызметін жаныштап, ұйықтатын, тыныштандыратын эффект береді. Тәжірибе барысында эпифиз сығындысы инсулин сияқты /гипогликемиялық/, паратире сияқты /гиперкальцийлы/ және диуретикалық әсер береді.
Тимус
Тимус немесе төс асты безі – жоғарғы ортаңғы кеудеде орналаскан жұп орган. 30 жастан соң адам организмінде кері даму кезеңі байқалады. Төс асты безін сүйек клеткасы Т-лимфоциттерімен қатар гормоналды факторлар- тимозин мен тимопоэтин өндіріледі. Гормондар Т-лимфоциттердің диффференцациясымен қамтамасыз етеді және клеткадаға иммунды реакцияда белгілі қызмет атқарады. Гормондар клеткадағы рецепторлардың медиаторлар мен гормондарға синтезделуін, мысалы, ацетилхомин рецепторының постсинаптикалы мембраналық нервті бұлшық еттеріне синтезделуі қамтамасыз етеді.
Басқа органдар да эндокриндік белсенділікке ие. Бүйректер қанға ренин, эритропоэтинді синтездеп, бөліп шығарады. Асқазан мен он екі елі ішектің кілегейлі қабығының клеткасы көп мөлшерде пептидті жалғасуларға әрекет етеді, белгілі мида біленеді, олар: секретин, гастрин, холецистокинин- панкреозимин, гастроингибриялы пептид, бомбезин, мотилин, соматостатин, нейротензин, панкреатикалық полипептид және т.б..
Бақылау сұрақтары:
1. Гормондардың зат алмасуын реттеу себептері неде.
2. Гормондар бөлінуінің реттелуі.
Көрнектілік құрал:
Анимациялар
Әдебиет:
Е. С. Северин баспасы, Биохимия: оқулық; қазақ тіл. аударған және жауапты ред. А. Ж. Сейтембетова, 2014, ГЭОТАР-Медиа. - 752 б.
Әбдірақов Б.Қ. Биохимия: оқу құралы, 2014, Эверо. - 98 б
Сеитов З.С.,Биохимия: Оқулық / З. С. Сеитов. - Алматы: Эверо, 2012. - 570 б
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1933 | Нарушение авторских прав
|