АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пародонт аурулары 1 страница

Пародонт тіннің лизисмен қатарласа дамитын жүретін аурудың группасын анықтаңыз://

пародонтоз//

пародонтит//

гингивит//

пародонтома//

+пародонттың идиопатиялық аурулар

***

Жақ сүйектің альвеолярлық өсіндісінің сүйек тіні және периодонт, пародонт тіндердің деструкциясымен сипатталынатын көріністер қандай ауруға тән://

пародонтоз//

+пародонтит//

гингивит//

пародонтома//

пародонттың идиопатиялық аурулар

***

Пародонтқа келесі аталған тіндердің біреуінен басқасы жатады://

қызыл иек//

+дентин//

цемент//

альвеолярлық өсіндісінің сүйек тіні//

периодонт

***

Пародонттың қандай ауруында гипертрофиялық, жаралы және катаральді зақымдану түрлері кездеседі://

пародонтоз//

пародонтит//

пародонтолиз//

+гингивит//

пародонтома

***

Тіс қызыл иектік бекінуінің бүтіндігі сақталған, қызыл иектің қабынуы пародонт аурулардың қай түріне ұқсас://

пародонтоз//

пародонтит//

+гингивит//

пародонтома//

пародонтолиз

***

Гингивит, пародонтит, пародонтоз, пародонттың идиопатиялық аурулар, пародонтомалар ажырататын пародонт ауруларының жүйесі қабылданды://

стоматологтардың бүкілодақтық 7-ші съезінде//

АРПА (пародонт ауруларының зерттеу халықаралық үйымымен)//

Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік үйымымен (1986)//

+стоматологтардың Бүкілодақтық ғылыми қоғамының басқармасының XVI–шы Пленумымен (Ереван қаласы, 1983 ж.)//

ММСИ (Мәскеу медицина-стоматолгиялық институтында)

***

Пародонт ауруының жіктелуі бойынша пародонт қабынуының келесі ағымын ажыратады, біреунен басқасы://

созылмалы//

ремиссия кезі//

жедел//

өршуі, абсцесделінген//

+жедел асты

***

Қандай ауруда пародонт тінде дистрофиялық өзгерістер кездеседі://

+пародонтоз//

пародонтит//

пародонтолиз//

гингивит//

пародонтома

***

Стоматологтардың Бүкілодақтық ғылыми қоғамының басқармасының XVI–шы Пленумымен (Ереван қаласы, 1983 ж.) қабылданған пародонт ауруларының жіктелуі бойынша қандай аурудың таралуы тек қана жайылмалы болады://

пародонтома//

гингивит//

+пародонтоз//

пародонтит//

пародонттың идиопатиялық аурулар

***

Стоматологтардың Бүкілодақтық ғылыми қоғамының басқармасының XVI–шы Пленумымен (Ереван қаласы, 1983 ж.) қабылданған пародонт ауруларының жіктелуі бойынша қандай аурудың ағымы созылмалы және ремиссия кезеңі болады://

пародонтит//

пародонттың идиопатиялық аурулар//

пародонтома//

гингивит//

+пародонтоз

***

Қызыл иек науасына (желобок) формалинқұрамды ерітіндіні енгізгенде ауру сезімі пайда болады. Бұл жағдай қандай өзгерістер туралы мәліметтейді?://

пародонттың қантамыр қабырғаларының эластикалық қасиетінің төмендеуі, және өткізгіштігі жоғарлауы //

қызыл иектің қабынуы//

+тісқызыл иек бекінуінің бүтіндігінің бұзылуы//

қызыл иектің қабынуы болмауы//

сүйек тіннің тығыздығының төмендеуі

***

Кулаженко вакуум сынамасында гематоманың пайда болу уақытының қысқаруы көрсетеді://

+пародонттың қантамыр қабырғаларының эластикалық қасиетінің төмендеуі, және өткізгіштігінің жоғарлауы//

қызыл иектің қабынуы//

тісқызыл иек бекінуінің бүтіндігінің бұзылуы//

қызыл иектің қабынуы болмауы//

сүйек тіннің тығыздығының төмендеуі

***

Ауыз қуысындағы лейкоциттердің миграция интенсивтілігін қандай әдіспен зерттеуге болады://

Айнамо сынамасы//

+Ясиновский сынамасы//

Кулаженко сынамасы //

Шиллер-Писарев сынамасы //

эпителий бүтіндігін анықтау

***

Эхоостеометрия жүргізгенде ультрадыбыстың толқынның өту уақытының көбеюі көрсетеді://

пародонттың қантамыр қабырғаларының эластикалық қасиетінің төмендеуі, және өткізгіштігінің жоғарлауы//

қызыл иектің қабынуы//

тісқызыл иек бекінуінің бүтіндігінің бұзылуы//

қызыл иектің қабынуы болмауы//

+сүйек тіннің тығыздығының төмендеуі

***

Қызыл иектің капиллярлар төзімділігін анықтауда гематоманың пайда болу сынамасын атайды://

Айнамо сынамасы//

Ясиновский сынамасы//

+Кулаженко сынамасы //

Шиллер-Писарев сынамасы //

эпителий бүтіндігін анықтау

***

Анамнезінде қызыл иектің қанайтындығын әдісті қалай аталады://

+Айнамо сынамасы//

Ясиновский сынамасы//

Кулаженко сынамасы //

Шиллер-Писарев сынамасы //

эпителий бүтіндігін анықтау

***

Пародонттың қанмен қамтамасыздануы (қан айналымының интенсивтілігін, қантамырдың тонусын, эластикасын анықтау) аталады://

поляграфия//

капилляроскопия//

+реопародонтография//

эхоостеометрия//

биомикроскопия

***

Тіндегі қышқылдану-қалыптасу процесстің интенсивтілігін анықтаудағы кислородтың балансын анықтау әдісі://

+полярография//

капилляроскопия//

реопародонтография//

эхоостеометрия//

биомикроскопия

***

Жаралы гингивитті дәлелдеу үшін қосымша қандай әдіс бар://

рентгенографиялық зерттеу//

+жалпы қан анализі, бактериологиялық зерттеу//

пародонт қалтасының тереңдігін анықтау//

Шиллер-Писарев сынамасы //

эпителий бүтіндігін анықтау

***

16,11,26,46,31,36 тістердің тіс тастарын және тіс қақтарын анықтауда қандай гигиеналық индексті қолданады://

Федоров-Володкин бойынша гигиеналық индекс//

+Грин-Вермильон бойынша гигиеналық индекс //

PMA индексі//

Russel индексі//

CPITN индексі

***

Пародонт тіндері сау болған жағдайда (интактный пародонт) қызыл иектік науасында (десневая борозда) бар://

экссудат//

+қызыл иек сұйықтығы//

грануляциялық тін//

тіс үсті тас//

тіс үсті қақ

***

Қандай индекс келесі формуламен анықтайды: Е/6, бұнда Е- төменгі алдыңғы алты тістің тіс қағы бояудың көрсеткіштердің соммасы//

+Федорову-Володкин бойынша гигиеналық индекс //

Грин-Вермильон бойынша гигиеналық индекс //

PMA индексі//

Russel индексі//

CPITN индексі

***

Қызыл иек бүртіктері және бекітілген қызыл иек эпителийдің барлық қабаттарын атыңыз://

дәнді, тікенекті қабат//

мүйізді, тікенекті, базальды //

мүйізді, дәнді, базальды, шырышты қабат асты//

+мүйізді, дәнді,тікенекті, базальды//

дәнді,тікенекті, базальды

***

Пародонт қалта анықталады://

катаральды гингивитте//

гипертрофиялық гингивитте//

нормада//

+пародонт қабынуда//

пародонтозда

***

Толық дұрыс жауапты таңдаңыз пародонттың комплекс тін туралы ұғымды://

қызыл иек, периодонт, альвеола сүйек тін//

+қызыл иек, периодонт, альвеола сүйек тін, цемент//

қызыл иек, периодонт саңылауы, тіс түбірінің цементі//

қызыл иек, тістің қатты тін, альвеола сүйек тін//

қызыл иек емізікшелері, тіс түбірінің цементі, периодонт

***

Келесі аталған әдістердің қайсысы функциональдыққа жатады://

+реопародонтография//

рентгенография//

эпителий бүтіндігін анықтау//

ауыз қуысының гигиенасын анықтау//

бактериологиялық

***

Қандай индексті анықтауда келесі көрсеткіштерді ескереді: гингивитің ауырлығы, пародонт қалтаның тереңдігі, тістердің қозғалыштығы, сүйек тіннің деструкциясы://

гигиена индексі//

PMA индексі//

+Russel индексі//

CPITN индексі //

Кулаженко сынамасы

***

Шиллер–Писарев сынаманы не мақсатпен жүргізеді://

ауыз қуысының шырышты қабатының дәнекер тіннің активтілігін анықтау//

С-витаминнің организмге енуін анықтау//

эпителий бүтіндігін анықтау//

+қызыл иек қабынуында гликогеннің жиналу интенсивтілігін анықтау//

ауыз қуысының гигиенасын анықтау

***

Ультрадыбыс арқылы жақ сүйектің тығыздығын зерттейтін әдіс://

полярография//

капилляроскопия//

реопародонтография//

+эхоостеометрия//

биомикроскопия

***

Russel индексі бойынша пародонт жағдайының бағасы 1-ге тең бағаланады://

қабыну жоқ//

шайнау қызметі жоқ, пародонт тіннің деструкциясы айқын//

гингивит, эпителиальдық бекітілу бұзылылған, пародонт қалта бар, тістері мықты, қозғалмайды//

гингивит – қабыну процесс тістерді толық қоршаған, бірақ эпителиальдық бекіту бұзылмаған//

+жеңіл гингивит-қабыну бар, бірақ тісті қоршамайды

***

Russel индексі бойынша пародонт жағдайының бағасы 2-ге тең бағаланады://

қабыну жоқ//

шайнау қызметі жоқ, пародонт тіннің деструкциясы айқын//

гингивит, эпителиальдық бекітілу бұзылылған, пародонт қалта бар, тістері мықты, қозғалмайды//

+гингивит – қабыну процесс тістерді толық қоршаған, бірақ эпителиальдық бекіту бұзылмаған//

жеңіл гингивит-қабыну бар, бірақ тісті қоршамайды

***

Russel индексі бойынша пародонт жағдайының бағасы 6-ға тең бағаланады://

қабыну жоқ//

+шайнау қызметі жоқ, пародонт тіннің деструкциясы айқын//

гингивит, эпителиальдық бекітілу бұзылылған, пародонт қалта бар, тістері мықты, қозғалмайды//

гингивит – қабыну процесс тістерді толық қоршаған, бірақ эпителиальдық бекіту бұзылмаған//

жеңіл гингивит-қабыну бар, бірақ тісті қоршамайды

***

Нормада Кулаженко сынамасын жүргізгенде гематома пайда болу уақыты://

10-20 секунд//

20-30 секунд//

30-40 секунд//

+50-60 секунд//

1,5-2 минут

***

Қалыпты жағдайда Федоров-Володкина гигиеналық индекс аспау керек://

0 баллдан//

+1 баллдан//

2 баллдан//

4 баллдан//

5 баллдан

***

Созылмалы катаральды гингивитте клиникалық белгілер://

тістердің мойын бөлігі ашылуы//

пародонт қалтасының тереңдігі 3мм дейін, қызыл иек ретракциясы//

+қызыл иек жиегі ісінген, цианозданған, қызыл иек емізікшелерінің конфигурациясы өзгерген//

тістер жылжыған, қозғалмалы//

жақ сүйек тіндерінде рентгенологиялық өзгерістер

***

Қызыл иек ақшыл-қызыл, тіс мойындарына мықты бекінген. Пародонт қалталары жоқ. Бұрын пародонтологта емделген. Жақтың альвеола аралық қалқан сүйектерінде рентгенологиялық өзгерістер анықталмайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

+созылмалы катаральды гингивит, ремиссия сатысы//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі, ремиссия сатысы//

пародонтоз, жеңіл дәрежесі

***

Қызыл иек емізікшелердің өсіп кетуіне шағымданады. Қарап тексергенде қызыл иек жиегі деформацияланған, яғни қызыл иек емізікшелері ісініп үлкейген, олар көрші жатқан тістердің сауыт бөліктерінің үлкен бөлігін жауып тұрады. Қызыл иек ақшыл-қызыл. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

+гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Төменде көрсетілген сұрап тексеру барысында анықталған нәтижелердің қайсысы созылмалы катаральды гингивиттің өршуімен сипатталынады://

+анамнезінде науқас 10 ай бұрын пародонтологта емделгенмен кәзіргі уақытта тамақ қабылдағанда аурады, және қызыл иектің қанауы қайталанған//

қызыл иектің емізікшелері мен жиегі өсіп кеткен, бірақ субьективті білгілері анықталмайды//

қызыл иек кейде қанайды, көбінесе тәңертенгі уақытта тісін тазалағанда және тамақ жегенде//

қызыл иекте ауру сезімі, қанайды, тісті тазалағанда, тамақ қабылдағанда қиналады//

науқастың жалпы жағдайының күрт төмедеуі, ауыз қуысында ауру сезімі, жағымсыз иіс

***

Тісін тазалағанда және тамақ жегенде қызыл иектің қанағыштығына, сонымен қатар қызыл иектің ауратынына, қышуына шағымданады. Анамнезінде жедел респираторлық аурумен сырқаттанған. Симптомдар бірінші рет пайда болған. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

+жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Төменде көрсетілген субьективті белгілердің қайсысы созылмалы катаральды гингивиттің сипатталынады://

қызыл иектің емізікшелері мен жиегі өсіп кеткен, бірақ субьективті белгілері анықталмайды//

+қызыл иек кейде қанайды, көбінесе тәңертенгі уақытта тісін тазалағанда және тамақ жегенде//

қызыл иекте ауру сезімі, қанайды, тісті тазалағанда, тамақ қабылдағанда қиналады//

науқастың жалпы жағдайының күрт төмедеуі, ауыз қуысында ауру сезімі, жағымсыз иіс//

анамнезінде науқас 10 ай бұрын пародонтологта емделгенмен кәзіргі уақытта тамақ қабылдағанда аурады, және қызыл иектің қанауы қайталанған

***

Науқастың жасы 22. Жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, ауыздағы ауру сезіміне, жағымсыз иісіне, қызыл иектің қанауына шағымданады.Обьективті: бет терісі сұрғылт. Ауыз қуысында қызыл иек ісінген, қызырған, бетінде сұрғылт қақпен жабылған некроздалған ошақтар анықталады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

жедел катаральды гингивит//

жедел катаральды гингивиттің өршуі//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуі//

+жаралы гингивит//

созылмалы гипертрофиялық гингивиттің өршуі

***

Жедел жаралы гингивитті қандай аурумен салыстырмалы диагностикасын жүргіземіз://

+ауыз қуысында кездесетін қан ауруларының белгілерімен (лейкоз және т.б.)//

қызыл иектің фиброматозымен//

гипертрофиялық гингивиттің ісінген түрімен//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесінің өршуімен//

созылмалы катаральды гингивитпен

***

Төменде көрсетілген субьективті белгілердің қайсысы гипертрофиялық гингивиттің фиброзды түрімен сипатталынады://

қызыл иек тістерді тазалағанда, тамақ ішкенде аурады, қызарған, қанайды//

қызыл иек кейде қанайды, көбінесе тәңертенгі уақытта тісін тазалағанда және тамақ жегенде//

+қызыл иектің өсіп кетуіне байланысты оның өз қалыпты түрі басқаша өзгерген, басқа субьективті белгілері жоқ//

жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздік, температураның жоғарлауы, ауыздағы ауру сезімі, жағымсыз иіс//

қызыл иек емізікшелер ісінген және қызарған, қанайды

***

Науқас шағымданады: ұзақ уақыт бойы тістерін тазалағанда қанайтындығынына. Обьективті: қызыл иек жиегі және тісаралық емізікшелер қызарған және түсі көгерген, борпылдақ, ісінген, тістерге мықты бекітілмеген. Қызыл иек үсті тіс тастары бар, тіс қызыл иектік бекіну бұзылмаған. Рентген суретте альвеолярлық сүйек тінде өзгеріс жоқ. Диагноз қойыңыз://

+созылмалы катаральды гингивит//

жедел катаральды гингивит//

созылмалы пародонт қабынудың жеңіл дәрежесі//

Иценко-Кушинг ауру кезіндегі пародонталды синдромы//

гипертрофиялық гингивиттің фиброзды түрі

***

Жедел катаральды гингивит кезіндегі көрінісі://

кызыл иек цианозды, ісінген, оңай қанайды//

+қызыл иек ісінген, айқын гиперемия, тиіп кеткенде қанайды, тістер беттерінде жұмсақ қақтар көп мөлшерде//

қызыл иек ісінген, айқын гиперемия, тіс аралық емізікшелер некрозға ұшыраған, тістер жабыспақ қақпен жабылған, сілекей тұтқырланған//

қызыл иектің шырышты қабаты көгеріп-қызарған, ісінген, қызыл иек үсті және асты тіс тастары бар//

қызыл иек шырышты қабаты ісінген, қызарған, пародонт қалталары бар

***

Жедел катаральды гингивит кезіндегі рентген суреттемесі://

+сүйек тінде рентгенологиялық өзгеріс жоқ//

альвеола аралық қалқан сүйектер ұштарының кортикалды табақшаларының (пластинкаларының) біркелкі резорбциясы//

альвеола аралық қалқан сүйектерінің тіс түбірінің ½-2/3 бөлігіне дейін біркелкі емес резорбциясы, остеопороз белгісі, пародонт қалталары//

альвеола аралық қалқан сүйектерінің көлденен (горизонталды) резорбциясы, остесклероз белгісі//

альвеола аралық қалқан сүйектерінің тіс түбірінің ½ бөлігіне дейін төмендеуі, остеопороз және остеосклероз ошақтары

***

Тістерін тазалағанда қанауына, қызыл иектің өсіп кетуіне шағымданады. Цианоздалған, ісінген қызыл иек сауыттың бір бөлігін жауып тұрады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаральды гингивит//

+гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Төменде көрсетілген субьективті белгілердің қайсысы жедел жаралы гингивитке тән келеді://

анамнезінде науқас 10 ай бұрын пародонтологта емделгенмен, кәзіргі уақытта тамақ қабылдағанда аурады, және қызыл иектің қанауы қайталанған//

қызыл иектің емізікшелері мен жиегі өсіп кеткен, бірақ субьективті белгілері жоқ//

қызыл иек кейде қанайды, көбінесе тәңертенгі уақытта тісін тазалағанда және тамақ жегенде//

қызыл иекте ауру сезімі, қанайды, тісті тазалағанда, тамақ қабылдағанда қиналады//

+науқастың жалпы жағдайының күрт төмедеуі, ауыз қуысында ауру сезімі, жағымсыз иіс

***

Науқастың шағымы: тістерді тазалаған кезде қызыл иектің анда-санда қанайтына, Қарап тексергенде – қызыл иек емізікшелердің және жиегінің ісінуі мен цианозы. Жалған қалталар мен пародонт қалталары жоқ. Рентген суреттемеде: сүйек тінде өзгерістер жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз://

+созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаралды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

***

Төменде көрсетілген субьективті белгілердің қайсысы жедел катаральды гингивитке тән келеді://

анамнезінде науқас 10 ай бұрын пародонтологта емделгенмен, кәзіргі уақытта тамақ қабылдағанда аурады, және қызыл иектің қанауы қайталанған//

қызыл иектің емізікшелері мен жиегі өсіп кеткен, бірақ субьективті белгілер анықталмайды//

қызыл иек кейде қанайды, көбінесе тәңертенгі уақытта тісін тазалағанда және тамақ жегенде//

+2 күн бұрын пайда болған қызыл иекте ауру сезімі, қанайды, тісті тазалағанда, тамақ қабылдағанда қиналады//

науқастың жалпы жағдайының күрт төмедеуі, ауыз қуысында ауру сезімі, жағымсыз иіс

***

Жедел катаралды гингивиттің салыстырмалы диагностикасын қандай аурумен жүргіземіз?://

созылмалы катаралды гингивит//

+созылмалы катаральды гингивиттің өршуі, созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесінің өршуі//

созылмалы жайылмалы пародонтиттің орта дәрежесінің өршуі //

созылмалы жайылмалы пародонтиттің ауыр дәрежесінің өршуі //

жедел жаралы гингивит

***

Науқастың шағымы: қызыл иектің тістерді тазалаған және ас қабылдаған кезде қанағыштығына, ауру сезіміне. Анамнезі бойынша 1 жыл бұрын қызыл иек курс емін қабылдаған. Қарап тексергенде қызыл иектің цианозбен бірге қызаруы мен ісінуі анықталады, қызыл иек тиіп кетсе қанайды. Пародонт қалталар жоқ. Рентген суреттемеде: сүйек тінде өзгерістер жоқ. Сіздің алдын-ала қоятын диагноз://

жедел жаралы гингивит//

созылмалы катаральды гингивит//

+созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

гипертрофиялық гингивит жайылмалы түрі//

жаралы гингивит

***

Жүктілік, дефинин препаратын қабылдау, жас өспірімдердің пубертаттық сатысы қандай аурудың себебіне жатады?//

жаралы гингивит//

ошақты катаральды гингивит//

жайылмалы катаральды гингивит//

+жайылмалы гипертрофиялық гингивит//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі

***

Жасанды сауыттардың, кламмерлердің, пломбаларының өткір қырлардың әсерінен пайда болатын қызыл иек жиегінің жарақаттануы қандай ауруды тудыру мүмкін?//

пародонтоз//

жедел жайылмалы катаральды гингивит//

созылмалы жайылмалы катаральды гингивит//

+ошақты гипертрофиялық гингивит//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі

***

Науқас шағымданады: ұзақ уақыт бойы тістерін тазалағанда қанайтындығынына. Обьективті: қызыл иек жиегі және тісаралық емізікшелер қызарған және түсі көгерген, борпылдақ, ісінген, тістерге мықты бекітілмеген. Қызыл иек үсті тіс тастары бар, тіс қызыл иектік бекіну бұзылмаған. Рентген суретте альвеолярлық сүйек тінде өзгеріс жоқ. Диагноз қойыңыз://

+жайылмалы созылмалы катаральды гингивит//

жайылмалы жедел катаральды гингивит//

жайылмалы созылмалы пародонт қабынудың жеңіл дәрежесі//

созылмалы катаралды гингивит, ремиссия сатысы//

созылмалы ошақты катаралды гингивит

***

Созылмалы катаральды гингивиттің салыстырмалы диагностикасын жүргіземіз://

созылмалы катаральды гингивиттің өршуімен//

жаралы гингивитпен//

+созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесімен//

пародонтоздың жеңіл дәрежесімен//

жедел катаральды гингивитпен

***

Қызыл иектің шырышты қабаты ісінген, цианозды, тиіп кетекенде қанайды. Тістері мықты, тістің мойын бөліктері ашылмаған. Пародонт қалтаның тереңдігі 3,5 дейін, қызыл иек асты мен қызыл иек үсті тіс қақтары бар. Сіздің алдын-ала қоятын диагноз://

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі//

+созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі//

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі, ремиссия кезеңі//

созылмалы гипертрофиялық гингивит

***

Рентген суреттемеде оң және сол жақ шайнау тістердің альвеола қырының (гребень) тіс түбірінің ұзындығының ½-ге дейін төмендеуі, барлық тістердің периодонт саңылауының кеңейюі, азу тістердің маңында сүйек қалталары және айқын көрінетін остеопороз көрінісі анықталады. Рентгенограмма бойынша сіздің алдын-ала диагнозыңыз://


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 2194 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.037 сек.)