АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

на 2012-2013 учебный год

(167 тестов)

1. Науқастың жасы 32, ауыз қуысын қарап тексергенде 2.6 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланысқан тіс жегі қуысы бар; сауыт ұлпасы ыдыраған, шұқып тексергенде аурады, иісі бар.ЭОД-70мкА. Рентген суреттемеде түбір өзектері анық көрінеді. Осы ауруды емдейтін тиімді әдісі://

биологиялық//

витальді ампутация //

субтотальді экстирпация //

+витальді экстирпация//

девитальді ампутация

***

2. Жедел ошақты ұлпа қабынуына диагнозын анықтаушы болып табылады://

ауру сезімі//

термометрия//

электрометрия//

перкуссия//

+алғашқы ауру сезімі және уақыты

***

3. Ошақты және жайылмалы ұлпа қабынуына диагноз қойғанда салыстырмалы диагностикасында шешуші роль атқарады://

ауру сезімі//

термометрия//

электрометрия//

перкуссия//

уақытша фактор(әсер)

***

4. Жедел жайылмалы ұлпа қабынуы және үшкіл нервтің невралгиясына диагноз қойғанда салыстырмалы диагностикасында шешуші роль атқарады://

ауру сезімі//

термометрия//

электрометрия//

перкуссия//

шұқып тексеру

***

5. Жедел ошақты ұлпа қабынуға тән шағымдарды таңдаңыз://

өз бетімен ауратын қысқа мерзімді, термиялық тітіркендіргіштер әсерінен аурады//

химиялық тітіркендіргіштер (тәттілерден) аурады//

өз бетімен аурады, үшкіл нервтің бойымен беріледі//

тістескенде аурады//

үнемі аурады

***

6. Науқастың жасы 38, 1.5 тісі өз бетімен ұстама тәрізді үшкіл нервтің бойымен ауратынына шағымданады; барлық тітіркендіргіштерге ұзақ уақытпен қатты аурады.

Тіс бұрын үнемі ауырған, қарап тексергенде тіс қуысы ашық, шұқып тексергенде ашық нүктеде бірден аурады. Рентген суретте түбір өзектері анық көрінеді. Аллергоанамнезі бойынша шағымданбайды. Емдеу әдісті таңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация //

витальді экстирпация //

девитальді ампутация

***

7. Науқастың жасы 52, жоғарғы оң жақтағы тісі ұстама тәрізді өз бетімен ауратынына шағымданады. 1.5 тіс сау, 1 дәрежелі қозғалмалы. Тіс маңындағы қызыл иегі ісінген, ірің бөлінетін пародонт қалтасы бар. Шприц арқылы суық суды қалтаға енгізгенде жедел қатты ауру сезімі тарап аурады. ЭОД – 50 мкА.Аллергоанамнезі бойынша шағымданбайды. Емдеу әдісін таңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация //

витальді экстирпация //

девитальді ампутация

***

8. Әдіс көптүбірлі тістерде нәтижелі, жақсы жансыздандыру және асептика және антисептика қағидаларын қатаң бақылау саға ұлпасы және сауыт ұлпасын ампутациялаудан кейін гемостаз, салмақ түсетін алаңды (разгрузочной площадки) қалыптастыру және емдік төсемді дұрыс таңдау. Осы емдеу әдісті қандай ауруда жүргізеді?//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі//

жедел жайылмалы ұлпа қабынуы//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуында//

жедел ошақты ұлпа қабынуда

***

9. Тіс жегі қуысына параформальдегид қойыртпағы 7 күнге қойылады. Қай тісте ұлпа қабыну бар://

2.6//

4.7//

3.8//

1.7//

1.3

***

10. Тіс жегі қуысына параформальдегид қойыртпағы 7 күнге қойылады. Қай тісте ұлпа қабыну бар://

47//

12//

44//

12//

***

11. Ұлпа қабынуын емдеуде түбір ұлпасын сақтап қалу әдісі қарастырылған. Ол қандай әдіс://

биологиялық//

комбинирленген//

девитальді экстирпация//

витальді экстирпация//

витальді ампутация

***

12. Жоғарғы сол жақтағы тістің өз бетімен ауратынына шағымданады. Анамнезінде: 2.6 тісі бұрын ауырған. Обьективті: тіс қуысы ашық, шұқып тексергенде ұлпа аурады, перкуссияда сәл ғана аурады, электроқозғыштығы 50мкА төмен, рентген суретте түбір өзектері жақсы көрінеді, периодонтта өзгерістер жоқ. Анамнезінде ультракаинге аллергиясы бар. Емдеу әдісін таңдаңыз://

биологиялық//

витальдіампутация //

субтотальді экстирпация//

девитальді экстирпация //

девитальді ампутация

***

13. 3.4 тістіңауру сезімі өз бетімен басталып, ұстама тәрізді иррадиацияланыпаурады, аз мезгілмен тыныштанады. Барлық тітіркендіргіштер әсерінен ұстама тәрізді аурады, кешкі уақытта күшее түседі. Бұндай ауру сезімдер осыған дейін болмаған. Қосымша сырқаттары: бронх демікпесі, анамнезінде септанест анестетикке аллергиясы бар. емдеу әдісін таңдаңыз://

витальді экстирпация//

биологиялық//

витальді ампутация//

девитальді экстирпация//

аралас

***

14. Науқастың жасы 25, төменгі жақтың сол жақ тісі ұстама тәрізді аурып, ауру сезімінің бәсендеуі ұзақ уақытпен тыныштанып ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: 3.5 тістің шайнау бетінде үлкен тіс жегі қуысы бар, қуыс жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде ұлпа мүйізше проекциясы бойынша аурады. Суыққа ауру сезімі ұзаққа созылады. Аллергоанамнезі бойынша шағымданбайды. Емдеу әдісті таңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация//

витальді экстирпация //

девитальді ампутация

***

15. Науқастың жасы 29, 3.6 тісінің тамақ қабылдағанда ауратынына шағымданады. Қарап тексергенде: тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы бар, шұқып тексергенде ашылған ұлпа мүйізшесі қатты аурып, қанайды. ЭОМ-50 мкА. Аллергоанамнезі бойынша шағымданбайды. Емнің тиімді әдісін таңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация //

витальді экстирпация//

девитальді ампутация

***

16. Ер адам жасы 25, жоғарғы жақтың оң жақ тісі өз бетімен ұстама тәрізді аурып және тамақ қабылдағанда ауратынына, сонымен қатар тістен жағымсыз иістің шығуына шағымданып дәрігерге келген. Анамнезінде: 1.6 тісі бұрын қатты ауырған, ыстық тағам қабылдағанда тістің ауруы ұзаққа созылады. Қарап тексергенде: 1.6 тіс сауыттының түсі өзгерген, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байлансады. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, терең енгізгенде аурады. ЭОД-80мкА. Аллергоанамнезі бойынша шағымданбайды. Емдеу әдісін таңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация //

витальді экстирпация//

девитальді ампутация

***

17.Науқастың жасы 18, төменгі жақтың сол жақ тісі қатты тағам қабылдағанда аурып, қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде 3.6тістің тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан,қуыс өсіп шыққан грануляциялық тінмен толы, шұқып тексергенде аурады және қанайды. Рентген суретте тістің түбір ұшы маңында периодонт саңылау кеңейген. Емдеу әдісті таңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация //

витальді экстирпация//

девитальді ампутация

***

18. Блек бойынша IV класстық тіс жегі қуысы бар 2.3 тісті егеп тазалау барысында кездейсоқ тіс жегі қуысы сауыт қуысымен нүктелі байлансу пайда болды. Емдеу әдісінтаңдаңыз://

биологиялық//

витальді ампутация//

субтотальді экстирпация //

витальді экстирпация//

девитальді ампутация

***

19. Науқасқа диагноз қойылған: 4.7 тістің конкрементозды ұлпа қабыну. Аурудың осы жағдайда рентген суретте қандай көрініс болады://

дистальды түбір маңындағы периодонт саңылау кеңейген//

тіс тінде периодонтта өзгерістер жоқ//

медиальді түбір маңындағы периодонт саңылау кеңейген//

тіс қуысының саңылауында(просвет) және қабырға жанында(пристеночно) тығыз домалақ пішінді көлеңке(тени) тістің сауыт бөлігінде анықталады//

түбір маңындағы периодонт саңылау кеңейген

***

20. Науқастың жасы 18, төменгі жақтың оң жақ тісі қатты тағам қабылдағанда аурып және қанайтынына шағымданады. Қарап тексергенде: 4.6 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы бар, тіс қуысы өсіп шыққан грануляциялық тінмен толы, шұқып тексергенде қанап, аурады. Диагнозын анықтау үшін қандай қосымша әдісті жүргізу керек?//

электроодонтометрия//

термометрия//

трансиллюминация әдісі//

перкуссия жасау//

рентген

***

21. Науқастың 2.4 тісі өз бетімен, үнемі ұдая (нарастающую) ауырғанына, тістесуде тісінің "ұзарған" сияқты сезіміне шағымданады. Обьективті көрінісі:

2.4 тістің апроксимальді бетіндегі терең тіс жегі қуыс тіс қуысымен байланысқан. Қағып тексергенде қатты аурады. Түбір ұшы маңы проекциясындағы қызыл иек қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. Сол жақ лимфа түйіндері ұлғайған. Рентген суретте тістің түбір ұшы маңындағы сүйек тінінде анық айқындалатын 0,3-0,5см өлшемді деструкция ошағы бар. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз://

жедел периодонт қабынуының экссудация сатысы//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуы//

орта тіс жегі//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы//

терең тіс жегі

***

22.Шағымдары: 3.7 тісі үнемі сыздап аурады, тістескенде ауру сезімі күшее түседі, тісін «ұзарған» сияқты сезеді, екі күн бұрын себеші тістің маңындағы қызыл иегі ісінген, аурады. Осыдан бұрын тіс тек температуралық және механикалық тітіркендіргіштер әсерінен ғана ауырған. Қарап тексергенде 3.7 тісте терең тісжегі қуыс, шұқып тексергенде, термометрияда аурады, перкуссияда қатты аурады. ЭОМ-105мкА. Рентген суретте жақ сүйектің кемігінде тіс түбір ұшы маңы анық емес көрінеді. Тіс маңындағы шырышты қабат ісінген, қызарған. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы дианостика жүргіземіз?//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы//

жедел периодонт қабынуы, ұлану сатысы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабыну//

орта тіс жегі//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуы

***

23.Шағымы:төменгі жақтың оң жақ тісі тістесудежоғары сезімталдықтың пайда болғанына 1 күн болған.Осы тісі бұрын тек температуралық және механикалық тітіркендіргіштер әсерінен ғана ауырған. Қарап тексергенде 4.4 тісте терең тіс жегі қуысы бар, шұқып тексергенде, термометрияға, перкуссияда сезімталдығыжоғары. Рентген суретте тістің түбір ұшы маңында өзгерістер анықталмайды. Тіс маңындағы шырышты қабатта өзгеріс жоқ. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі//

орта тіс жегі//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы//

созылмалы гранулденген периодонт қабынуы//

терең тіс жегі

***

24.Науқас тісінде тіс жегі қуыстың пайда болуына, кейде керу(распирания), ыңғайсыздық сезімдеріне шағымданады. Обьективті көрінісі: 4.4 тісте тіс қуысымен байланысқан тіс жегі қуысы бар. Шұқып тексергенде, суыққа, перкуссияда ауырмайды. Рентген суретте: сүйек тіндері түбір ұшы маңында 0,5см дейнанық шекараланып (разрежение) ашылып-алшақтаған. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?//

созылмалы гранулденген периодонт қабыну//

терең тіс жегі//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

жедел периодонт қабынуы экссудация сатысы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

25. Келесі рентгенологиялық суреттеме созылмалы периодонт қабынуының гранулденген түріне тән://

түбір ұшы маңы тіндеріот жалыны сияқты шекарасы анық емес ашылған//

тістің түбір ұшы маңындағы периодонт саңылауы кеңейген, сүйек альвеоласында деформция,компакт пластинкасының пішіні(контура)анық сақталған, гиперцементоз//

сүйек тінде пішіні домалақ 0,5х0,5см деструкция ошағы анықталады//

сүйек тінде пішіні домалақ 1,5х1,5см өлшемді деструкция ошағы анықталады//

периодонт тінде өзгеріс болмайды

***

26. Келесі рентгенологиялық суреттеме созылмалы периодонт қабынуының гранулематозды түріне тән://

түбір ұшы маңы тіндері от жалыны сияқты шекарасы анық емес ашылған //

тістің түбір ұшы маңындағы периодонт саңылауы кеңейген, сүйек альвеоласында деформция, компакт пластинкасының пішіні(контура) анық сақталған, кейде гиперцементоз байқалады//

сүйек тінде пішіні домалақ 0,5х0,5см деструкция ошағы анықталады//

сүйек тінде пішіні домалақ 1,5х1,5см өлшемді деструкция ошағы анықталады//

периодонт тінде өзгеріс болмайды

***

27.Келесі рентгенологиялық суреттеме жедел периодонт қабынудың улану сатысына тән://

түбір ұшы маңы тіндері от жалыны сияқты шекарасы анық емес ашылған //

тістің түбір ұшы маңындағы периодонт саңылауы кеңейген, сүйек альвеоласында деформция, компакт пластинкасының пішіні(контура) анық сақталған, кейде гиперцементоз байқалады//

сүйек тінде пішіні домалақ 0,5х0,5см деструкция ошағы анықталады//

сүйек тінде пішіні домалақ 1,5х1,5см өлшемді деструкция ошағы анықталады//

периодонт тінде өзгеріс болмайды

***

28. Үш күні бойы тісі ұнемі сыздап ауырған, тісін «ұзарған» сияқты сезінеді, тістесуде ауратынына шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 3.6 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы бар. Шұқып тексергенде, температуралық тітіркендіргіштерге ауырмайды. Қағып тексергенде аурады. ЭОМ-100мкА жоғары.Тіс маңындағы шырышты қабаты ісінген, қызарған. Рентген суретте: түбір ұшы маңындағы периодонт саңылау кеңейген. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?//

созылмалы гранулематозды перидонт қабынуы//

терең тіс жегі//

жедел периодонт қабынуының экссудация сатысы//

орта тіс жегі//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

29. Үш күні бойы тісі ұнемі сыздап ауырған, тісін «ұзарған» сияқты сезінеді, тістесуде ауратынына шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 3.6 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы бар. Шұқып тексергенде температуралық тітіркендіргіштерге ауырмайды. Қағып тексергенде аурады. ЭОМ-100мкА. Тіс маңындағы шырышты қабаты ісінген, қызарған. Рентген суретте: түбір ұшы маңындағысүйек тінде пішіні (контурасы) анық емесалшақтанған(разрежение) ошақ бар. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз?//

созылмалы гранулематозды перидонт қабынуы//

терең тіс жегі//

созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі//

орта тіс жегі//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

30. Науқастың жасы 50, жоғарғы жақтың сол жақ тісі тағам қабылдағанда керіп(распирания) аурады. Қарап тексергенде: 2.7 тістің түсі өзгерген, медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуыс бар. Термометрияға, шұқып, қағып тексергенде ауырмайды, түбір ұшы проекциясында шырышты қабатында цианоз белгісі бар және жылан көзден қалған тыртық анықталады. Рентген суретте: таңдай түбір маңында 4мм өлшемді тегіс емес алшақтанған (разрежение) бейне (очертания) ошағы бар. Осы патологияны қандай аурумен салыстырмалы диагносткасын жүргіземіз?://

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы//

созылмалы фиброзды периодонт қабыну//

созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі//

жедел периодонт қабынуының улану сатысы//

созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

***

31.Науқас 4.6 тістегі тіс жегі қуысына шағымданады. Қарап тексергенде:4.6 тістің шайнау дистальді бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы бар. Терең шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде ауырмайды, түбір ұшы проекциясы маңының шырышты қабатының түсі өзгермеген, сипап тексергенде ауырмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ. Рентген суретте: дистальді түбір ұшы маңындағы периодонт саңылау біркелкі кеңейген. Осы патологияны қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз://

орта тіс жегі//

созылмалы гранулематозды периодонт қабынуының өршуі//

жедел периодонт қабынуының улану сатысы//

фиброзды ұлпа қабынуының өршуі//

созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы

***

32. Пародонт қабынуы бар науқасқа жүргізген Ясиновский сынамасында лейкоциттер саны шайылған сұйықта 1мкл де 250 құрады. Сынама нәтижесі нені дәлелдейді?//

қызыл иек қан тамырларының өткізгішті төмендеген//

қызыл иектің құрамындағы гликоген көбейген//

нормаға сәйкес//

қызыл иектің құрамындағы гликоген азайған//

қызыл иектің қабынуына байланысты фагоцитоз күшейген

***

33.Науқастың анамнезінде пародонттың қабынуына байланысты қызыл иек кейде ғана қанаған, көбінесе қатты тағам қабылдағанда. Анамнез мәліметі бойынша қызыл иектің қанау қандай дәрежеде?//

1 (бірінші)//

2 (екінші)//

3 (үшінші)//

4 (төртінші)//

5 (бесінші)

***

34. Науқастың анамнезінде пародонттың қабынуына байланысты тісін тазалағанда, қатты тағам қабылдағанда қызыл иегі қанағаны анықталған. Анамнез мәліметі бойынша қызыл иектің қанау қандай дәрежеде?//

1 (бірінші)//

2 (екінші)//

3 (үшінші)//

4 (төртінші)//

5 (бесінші)

***

35. Науқастың анамнезінде пародонттың қабынуына байланысты қызыл иегі себепсіз қанайды, сонымен қатар тісін тазалағанда, қатты тағам қабылдағанда қызыл иегінің қанағаны анықталады. Анамнез мәліметі бойынша қызыл иектің қанау қандай дәрежеде?//

1 (бірінші)//

2 (екінші)//

3 (үшінші)//

4 (төртінші)//

5 (бесінші)

***

36.Микроскоппен қызыл иектің ангиоархитектоникасын визуальды бақылау, қызыл иектің шырышты қабатының вена және артериальды микроциркулятор руслоның тармақтарының функциональды жағдайын анықтау үшін әдісті жүргізеді://

реопародонтография//

полярография//

биомикроскопия//

эхоостеометрия//

радиовизиография

***

37. Пародонт қабынуы бар науқасқа Шиллер-Писарев сынамасын жүргізгенде қызыл иек қоңыр қызыл түске қатты боялды. Осы зерттеу әдісі нені анықтады://

қызыл иектің қан тамырларының өткізгіштігі төмендеген//

қызыл иектегі гликоген құрамы көбейген//

нормаға сай//

қызыл иектегі гликоген құрамы азайған//

қызыл иектің қан тамырларының өткізгіштігі жоғарлаған

***

38. Пародонт қабынуы бар науқасқа эхоостеометрия жүргізгенде ультрадыбыс толқыны өткізу уақыты нормамен салыстырғанда ұзарған. Осы әдістің жүргізу нәтижесі нені анықтайды://

қызыл иектің қан тамырлар өткізгіштігі төмендейді//

жақтардың сүйек тіндерінде остеопароз анықталады//

қызыл иекте гликоген құрамы көбееді//

жақтардың сүйек тіндерінде остеосклероз анықталады//

қызыл иектің қан тамырлар өткізгіштігі жоғарлайды

***

39.Пародонт қабынуы бар науқастыңқызыл иек сұйығы сіңген фильтр қағаздың массасы 0,5мг болды. Осы зерттеу әдісі нені анықтайды?//

қызыл иек сұйығының мөлшері азайған//

нормаға сай//

қызыл иек сұйығының құрамындағы гликоген құрамы азайған//

қызыл иек капиллярлардың өткізгіштігі төмендеген//

қызыл иек сұйығының мөлшері көбейген

***

40.Пародонт қабынуы бар науқасқа вакуум-сынамасын жүргізгенде шайнау тістер маңында гематоманың пайда болу 25 секунд уақытты алды. Осы зерттеу әдісі нені анықтайды?//

қызыл иек қан тамырларының өткізгіштігі төмендеген//

қызыл иек сұйығының құрамындағы гликоген құрамы көбейген//

нормада//

қызыл иек сұйығының құрамындағы гликоген құрамы азайған//

қызыл иек қан тамырларының өткізгіштігі жоғарлаған

***

41.Пародонт қабынуы бар науқасты тексеру барысында ауыз қуысының кіреберісі кішкене(мелкое) деп анықталды. Бұндай жағдайда ауыз қуысының кіреберісі тереңдігі қандай мөлшерге сай келеді://

5мм ден аспайды//

8-10 мм//

10-12 мм//

12-14 мм//

15 мм аса

***

42. Пародонт қабынуы бар науқасты тексеру барысында ауыз қуысының кіреберісі орташа(среднее) деп анықталды. Бұндай жағдайда ауыз қуысынң кіреберісі тереңдігі қандай мөлшерге сай келеді://

5мм ден аспайды//

8-10 мм//

10-12 мм//

12-14 мм//

15 мм аса

**

43. Пародонт қабынуы бар науқасты тексеру барысында ауыз қуысының кіреберісі терең(глубокое) болғаны анықталды. Бұндай жағдайда ауыз қуысынң кіреберісі тереңдігі қандай мөлшерге сай келеді://

3 мм дейін//

3-5 мм//

5-7 мм//

8-10 мм//

10 мм аса

**

44.Пародонт қабынуы бар науқасты қарап тексеру барысында қызыл иектің шырышты қабатына құрамында 1 г йод, 2 г калия иодид, 40 мл дистиллирленген суы бар ерітіндісін жақты. Жүргізілген зерттеу әдісті атайды://

Шиллер-Писарев сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Федоров-Володкин индекс//

пародонтальді индекс//

РМА индекс

***

45. Пародонт қабынуы бар науқасты қарап тексеру барысында қызыл иектің шырышты қабатына құрамында 1 г йод, 2 г калия иодид, 40 мл дистиллирленген суы бар ерітіндісін жақты. Бұл қандай ерітінді?//

иодинол ерітіндісі//

йокс//

Шиллер-Писарев ерітіндісі//

иодонат//

Люголь ерітіндісі

***

46.Әдістің мақсаты қызыл иекте гематоманың пайда болу уақытын анықтау. Диаметрі 6-7мм пластмассалық немесе шыны иілген түтікшені жылжымалы(подвижной)қызыл иектің маңына қойылады. Түтікше сорылып динамикасы визуальді бақыланып, гематоманың пайда болу уақыты белгіленеді. Суреттеу бойынша қандай әдістемені жүргізді://

Ясиновский сынамасы//

капилляроскопия//

Шиллер-Писарев сынамасы//

реопародонтография//

Кулаженко сынамасы

***

47. CPITN индекс бойынша коды 0 болса зерттеу жүргізілген тістер маңындағы пародонттың жағдайы қандай?//

қанағыш//

4-5 мм терең қалтасы бар//

тіс тастары бар//

қалта тереңдігі 6мм және оданда терең//

сау пародонт

***

48. CPITN индекс бойынша коды 1 болса зерттеу жүргізілген тістер маңындағы пародонттың жағдайы қандай?//

қанағыш//

4-5 мм терең қалтасы бар//

тіс тастары бар//

қалта тереңдігі 6мм және оданда асады//

сау пародонт

***

49. CPITN индекс бойынша код 2 болса зерттеу жүргізілген тістер маңындағы пародонттың жағдайы қандай?//

қанағыш//

4-5 мм терең қалтасы бар//

тіс тастары бар//

қалта тереңдігі 6мм және оданда терең//

сау пародонт

***

50. CPITN индекс бойынша код 3 болса зерттеу жүргізілген тістер маңындағы пародонттың жағдайы қандай?//

қанағыш//

4-5 мм терең қалтасы бар//

тіс тастары бар//

қалта тереңдігі 6мм және оданда терең//

сау пародонт

***

51. CPITN индекс бойынша код 4 болса зерттеу жүргізілген тістер маңындағы пародонттың жағдайы қандай?//

қанағыш//

4-5 мм терең қалтасы бар//

тіс тастары бар//

қалта тереңдігі 6мм және оданда терең//

сау пародонт

***

52.Егер барлық зерттелген тістердің маңындағы пародонттың барлық секстант CPITN индекстің анықтауы бойынша коды «0» болған жағдайда емдеу тактикасын анықтаңыз://

тіс қақтарын алу+ауыз қуысының гигиенасын сақтау//

қақтарды алу+кешенді ем (ашық немес жабық кюретаж)//

ем қажет етпейді//

қақтарды алу+кешенді ем (лоскутты операциясы, ортопедиялық ем)//

ауыз қуысының гигиенасы

***

53. Егер барлық зерттелген тістердің маңындағы пародонттың барлық секстант CPITN индекстің анықтауы бойынша «1»кодымен сай,емдеу тактикасын анықтаңыз://

тіс қақтарын алу+ауыз қуысының гигиенасын сақтау//

қақтарды алу+кешенді ем (ашық немес жабық кюретаж)//

ем қажет етпейді//

қақтарды алу+кешенді ем (лоскутты операциясы, ортопедиялық ем)//

ауыз қуысының гигиенасы

***

54. Егер барлық зерттелген тістердің маңындағы пародонттың барлық секстант CPITN индекстің анықтауы бойынша «2» кодымен сәйкес, емдеу тактикасын анықтаңыз://

тіс қақтарын алу+ауыз қуысының гигиенасын сақтау//

қақтарды алу+кешенді ем (ашық немес жабық кюретаж)//

ем қажет етпейді//

қақтарды алу+кешенді ем (лоскутты операциясы, ортопедиялық ем)//

ауыз қуысының гигиенасы

***

55. Егер барлық зерттелген тістердің маңындағы пародонттың барлық секстант CPITN индекстің анықтауы бойынша «3» кодымен сәйкес, емдеу тактикасын анықтаңыз://

тіс қақтарын алу+ауыз қуысының гигиенасын сақтау//

қақтарды алу+кешенді ем (ашық немес жабық кюретаж)//

ем қажет етпейді//

қақтарды алу+кешенді ем (лоскутты операциясы, ортопедиялық ем)//

ауыз қуысының гигиенасы

***

56. Егер барлық зерттелген тістердің маңындағы пародонттың барлық секстант CPITN индекстің анықтауы бойынша «4» кодымен сәйкес, емдеу тактикасын анықтаңыз://

тіс қақтарын алу+ауыз қуысының гигиенасын сақтау//

қақтарды алу+кешенді ем (ашық немес жабық кюретаж)//

ем қажет етпейді//

қақтарды алу+кешенді ем (лоскутты операциясы, ортопедиялық ем)//

ауыз қуысының гигиенасы

***

57.Науқасқа диагностикалау мақсатымен 0,2мл физиологиялық ерітіндіні төменгі еріннің эпителии асты шырышты қабатына еңгізді. Мөлдір көпіршік(пузырь) пайда болып, біраз уақыттан кейін сорылып кетті. Қандай сынаманы жүргізді://

Роттер сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Гистамин сынамасы//

Волдыр сынамасы//

Ясиновскии сынамасы

***

58.Науқасқа диагностикалау мақсатымен 0,2мл физиологиялық ерітіндіні төменгі еріннің эпителии асты шырышты қабатына еңгізді. Мөлдір көпіршік(пузырь) пайда болып, 90 минут уақыттан кейін сорылып кетті. Сынама нені дәлелдейді://

лейкоциттер миграциясы көбейген//

капиллярлар өткізгіштігі жоғарлған//

тіннің гидрофильдігі жоғарлаған//

тіннің фагоцитарлық активтілігн анықтау үшін//

тіннің гидрофильдігі төмендеген

***

59. Науқасқа диагностикалау мақсатымен 0,2мл физиологиялық ерітіндіні төменгі еріннің эпителии асты шырышты қабатына енгізген. Мөлдір көпіршік(пузырь) пайда болды. Қалыпты жағдайда көпіршік қанша уақыттан кейін сорылады://

20 мин.//

40 мин.//

60 мин.//

80 мин.//

100 мин.

***

60.Науқасқа диагностикалау мақсатымен иықтың (предплечья) тазартылған және өңделген теріге 1:1000 қатынаста араластырылған 1 тамшы гистамин салынды, содан кейін инемен осы тамшы арқылы теріні 4мм-ге тесілді (прокололи). 10 минуттан кейін пайда болған тұйіншектің диаметрі өлшенді. Қандай сынаманы жүргізді://

Роттер сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Гистамин сынамасы//

Волдыр сынамасы//

Ясиновскии сынамасы

***

61.Тіс-дәрігеріне келген 28 жасар науқасты қосымша тексерулер мақсатымен сынама жүргізуде, тазартылған және өңделген теріге (предплечья) 1:100 қатынаста араласқан 1 тамшы гистаминді енгізіп (нанесли), содан кейін иньекциялық инемен осы тамшы арқылы теріні4мм-ге тесті. 10 минуттан кейн пайда болған папула өлшенді. Осы сынаманы қандай ауруды диагностикалау үшін көрсеткіші болып табылады://

жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары//

ауыз қуысының жарақаттануында//

қан айналымы жүйесі ауруында//

ауыз қуысының вирусты ауруда//

аллергиялық ауруда

***

62. Осы сынаманы жүргізу үшін, тазартылған және өңделген теріге (предплечья) 1:100 қатынаста араласқан 1 тамшы гистаминді енгізіп (нанесли), содан кейін иньекциялық инемен осы тамшы арқылы теріні 4мм-ге тесті. 10 минуттан кейін пайда болған түйіншек өлшенді. Нормада пайда болған түйіншектің өлшемі және айналасындағы қызарған зона қанша болу керек?//

1 мм – түйіншек, 5 мм – қызарған зона //

3 мм – түйіншек,10 мм – қызарған зона //

5 мм – түйіншек, 20 мм –қызарған зона //

10 мм – түйіншек, 25 мм – қызарған зона//

15 мм – түйіншек, 30 мм – қызарған зона

***

63.Диагностикалық сынаманы жасалу үшін науқас 50мл физиологиялық ерітіндімен аузын 5 мин бойы шаю тиіс. Сосын 5 минуттан кейін қайта 15мл сол ерітіндімен аузын шаяды, содан кейін шайынды(смыв) түтікшеге жиналып, кейін Горяева камерасында лейкоциттер санын санауға пайдаланады. Бұл қандай сынама әдісі?//

Роттер сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Шиллер-Писарев сынамасы//

Волдыр сынамасы//

Ясиновскии сынамасы

***

64. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін науқас 50мл физиологиялық ерітіндіні 5 минут бойы ауыз қуысын шаяды. Сосын 5 минут үзілістен кейін тағыда 15мл сол ерітіндімен ауызы қайта шайылады, шайынды(смыв) түтікшеге жиналып кейн Горяева камерасында лейкоциттер саны саналу үшін пайдаланады.Сынама арқылы қандай көрсеткішін бағалау үшін жүргізіледі?//

гистаминге сезімталдығы//

жасырын ісіну жағдайы//

тіннің регенератив қабілеті//

аскорбин қышқылының қанығуы//

миграцияланған лейкоциттер саны

***

65.Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін науқас 50мл физиологиялық ерітіндіні 5 минут бойы ауыз қуысын шаяды. Сосын 5 минут үзілістен кейін тағыда 15мл сол ерітіндімен ауызы қайта шайылады, шайынды(смыв) түтікшеге жиналып кейн Горяева камерасында лейкоциттер саны саналу үшін пайдаланады. Ауыз қуысының шырышты қабаты және сау пародонтта (1мкл дегі лейкоциттер саны) осы сынамадағы нәтиже көрсеткіші қандай?//

0-40//

4 0-80//

80-120//

120-160//

160-200

***

66.Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін қызыл иектің шырышты қабатына йод құрамды, калия иодид, дистиллирленген су ерітіндіні жағып, сосын қызыл иектің боялу дәрежесі бағаланады. Қандай сынаманы жүргізді://

Роттер сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Шиллер-Писарев сынамасы//

Волдыр сынамасы//

Ясиновскии сынамасы

***

67. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін қызыл иектің шырышты қабатына йод құрамды, калия иодид, дистиллирленген су ерітіндіні жағып, сосын қызыл иектің боялу дәрежесі бағаланады. Осы сынама арқылы тінде қандай заттың бар екенін анықтайды://

гистамин//

гликоген//

аскорбин қышқылы//

йод//

хлорид натри

***

68. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін қызыл иектің шырышты қабатына йод құрамды, калия иодид, дистиллирленген су ерітіндіні жағып, сосын қызыл иектің боялу дәрежесі бағаланады. Нормада сау қызыл иек қандай түске боялады?//

күрең-қызыл//

қоңыр//

ашық-қоңыр//

ақшыл-қызғылт//

түссіз

***

69.Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін вакумды мөлдір ұштық қызыл иектің шырышты қабатына орнатылады және гематоманың пайда болу уақыты бағаланады. Қандай сынама жүргізілді?//

Роттер сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Шиллер-Писарев сынамасы//

Волдыр сынамасы//

Ясиновский сынамасы

***

70. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін вакумды мөлдір ұштық қызыл иектің шырышты қабатына орнатылады және гематоманың пайда болу уақыты бағаланады. Қандай көрсеткішті анықтау үшін осы сынаманы жүргізеді://

гистаминге сезімталдығы//

жасырын ісіну жағдай//

тіннің регенерация қасиеті//

капиллярдың өткізгіштігі//

миграцияланған лейкоциттер саны

***

71. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін вакумды мөлдір ұштық қызыл иектің шырышты қабатына орнатылады және гематоманың пайда болу уақыты бағаланады. Сау пародонт жағдайда фронтальді тістер маңында осы сынаманың нәтижесі қандай?//

10-20//

20-30//

30-40//

40-50//

50-60

***

72. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін иньекциялық ине арқылы 0,06% Тильманс бояғыш ерітінді тілдің кептірілген шырышты қабатына 1 тамшы жағылады, сосын боялған дақтың өшу уақытын қадағалайды. Қандай сынама жүргізді?//

Роттер сынамасы//

Кулаженко сынамасы//

Шиллер-Писарев сынамасы//

Волдыр сынамасы//

Ясиновский сынамасы

***

73. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін иньекциялық ине арқылы 0,06% Тильманс бояғыш ерітінді тілдің кептірілген шырышты қабатына 1 тамшы жағылады, сосын боялған дақтың өшу уақытын қадағалайды. Қандай көрсеткішті қадағалау үшін осы сынаманы жүргізеді?//

гистаминге сезімталдығы//

жасырын ісіну жағдай//

тіннің регенерация қасиеті//

капиллярдың өткізгіштігі//

миграцияланған лейкоциттер саны

***

74. Диагностикалық сынаманы жүргізу үшін иньекциялық ине арқылы 0,06% Тильманс бояғыш ерітінді тілдің кептірілген шырышты қабатына 1 тамшы жағылып, боялған дақтың өшу уақыты 30 секунд болды. Нәтиженің көрсеткіші нені дәлелдеді?//

гистаминге сезімталдығы жоғары//

шырышты қабатта гликоген жоқ//

жасырын ісіну жағдай//

аскорбин қышқылдың жетіспеушілігі//

капиллярлардың өткізгіштігі жоғарлаған

***

75. Мерез (сифилис) ауруын анықтау үшін көбінесе маңызды болып табылады//

микрореакция//

лейкоцитолиз реакциясы//

реакция агломерации лейкоциттер реакциясы//

гемагглютинациннің пассивті реакциясы//

лимфоциттер бласттрансформация реакциясы

***

76. Гиперкератозбен қатар жүретін еріннің қызыл жиегі және АҚШҚ ауруларына диагноз қоюда қиын жағдайда қолданатын зерттеу әдісі болып табылады://

биохимиялық//

аллергологиялық//

иммунологиялық//

микробиологиялық//

люминесцент диагностикасы

***

77. Құрт ауруының (туберкулез) милярлы-жаралы формасында, жарадан алынған жағындыда табылады://

акантолитикалық клеткалар//

қанның пішінді элементтер//

Пирогов-Лангханс клеткалар//

көп ядролы алып клеткалар//

әртүрлі стадиядағы эпителиальді клеткалар

***

78. АҚШҚ құрт ауруын дәлелдейтін зерттеу әдісін атаңыз://

микрореакция//

манту реакциясы//

вассерман реакциясы//

лейкоцитолиз реакциясы//

лейкоциттер агломерация реакциясы

***

79. Әйел, жасы 40 тілдегі ауру сезіміне шағымданады, тағам қабылдағанда және сөйлегенде ауру сезімі күшее түседі. Қарап тексергенде: тілдің арқасында (спина) шеттері (подрытыми) тегіс емес, дәнді, жараның түбі(дно) сары қақпен жабылған сипап тексергенде аурады. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде аурады. Алдын-ала диагнозды атаңыз://

рак жарасы//

қатты шанкр //

трофическалықжара//

туберкулез жарасы //

декубитальдіжарасы

***

80. Туберкулез (волчанка) жегі зақымдаушы элементті анықтаңыз://

дақ//

төмпешік//

түйін//

жара//

іріңдік

***

81. «Алма дірілі» симптомы анықталады://

туберкулезде//

екіншілік мерезде//

венсан стоматитте//

декубитальдіжарада//

фибромада

***

82. 30 жастағы әйел, сөйлегенде тағам қабылдағанда ауыз қуысында болатын ауру сезіміне шағымданып келген. Соңғы жарты жыл бойы үнемі әлсіздікті сезінген, кешкі мезгіл уақытта денесі қызып, түнде терлейді. Қарап тексергенде тілдің арқасында (на спинке) саңылау(щелевидный) тәріздес жара, ортасы жабысып шеттері тегіс емес көтерілген (подрытыми) жұмсақ және сипап тексергенде өте қатты ауратын ақау бар. Түбі тегіс емес, дәнді сұр-сары қақпен жабылған. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз://

сеттон афтасы//

созылмалықайталанған герпетикалық стоматит//

созылмалықайталанған афтозды стоматит//

гуммоз жарасы//

лейкоплакия жаралы түрі

***

83. Ауру көбінесе жоғарғы ерінді, қызыл иек және жоғарғы жақтың альвеола өсіндісі фронтальді тістер маңын, қатты және жұмсақ таңдайды зақымдайды. Зақымдаушы элемент-жұмсақ люпома, 1-3мм төмпешік қызыл немесе сары түсті. Топтасып орналасады, ошақтың шеттері өседі, ал ортасы оңай ыдырап, жараға айналады. Осы ауруға алма дірілі симптомы тән. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

туберкулез жегі//

лейкоплакия, эрозивті-жаралы формасы//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

дақты-папулезды сифилистің белгісі//

милиарлы-жаралы туберкулез белгісі

***

84.Жедел герпетикалық стоматиттің қоздырғышын атаңыз://

Аденовирус//

Коксаки вирусы//

Цитомегаловирус//

қарапайым герпестің вирусы//

жел шешектің (ветряной оспы) вирусына ұқсас вирусы

***

85.Вирусты ауруларда АҚШҚ зақымдайтын біріншілік морфологиялық элементті атаңыз://

төмпешік//

күлдіреук//

сулы бөртпе(везикула)//

түйіншек(папула)//

дақ

***

86.Тісемханасына Б.атты қыз ауыз қуысының ауратынына шағымданады.Уртында, тілінде «ұсақ жаралар» бар, дене температурасы 390С, басы аурады, жалпы әлсіз. Қарап тексергенде: АҚШҚ полигональді пішінді көптеген ұсақ жаралар, беттері некротикалық қақпен жабылған, тиіп кеткенде аурады. Жергілікті емін жоспарлаңыз://

жансыздандыру, антисептиктер, ферменттер, вирусқа қарсы препараттар//

антисептиктер, ретинол ацетат, саңырауқұлаққа қарсы препаратар, ферменттер//

0,2мл/кг в/м тұмауға қарсы гаммаглобулин, антибиотиктер //

жансыздандыру, кең спектрлі антибиотиктер, витаминдер//

антисептиктер, жансыздандыру, ферменттер, гидрокортизон, витаминдер

***

87.Қызарған ортада (на фоне) ұсақ,топтасқан бөртпелер көбінесе еріннің қызыл жиегінің терімен шектесетін аймағында орналасады. Осындай клиникалық белгілері тән ауруды атаңыз://

тұрпайы күлдіреуік//

буллезді пемфигоид//

созылмалы қайталанған герпес//

қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі//

аллергиялық стоматит

***

88. Жедел герпетикалық стоматит сырқаты бар науқасқа бактерицидті қасиеті бар физиоемі тағайындалды (жарықпен емдеу). Қандай физиотерапия әдісі?//

ультракүгін сәулесі//

гальванизация//

жоғары жилікті ток//

дарсонвализация//

магнитотерапия

***

89.Науқас, жасы 28 бір күн бұрын суық тиюден кейін пайда болған жоғарғы ерніндегі бөртпеге шағымданады. Соңғы 5 жылдар бойы осындай бөртпелер жиі мазалаған.

Қарап тексергенде: жоғарғы ерін және тері шекарасының сол жағында ұсақ диаметрі 1-2мм, бір жерде топтасып, бір-бірімен жабысқан, ауратын, тұнық емес сұйықты көпіршіктер(пузырьки) бар. Цитологиялық зерттеу нәтижесі қандай болады?//

гипер- и паракератоз//

акантоз//

тцанк клеткалар//

папилломатоз//

Лангханстың көпядролы алып клеткалар

***

90.Науқасқа созылмалы қайталанған герпес деп диагноз қойылған. Жергілікті және жалпы емі үшін этиотропты әсер ететін препаратты атаңыз://

метронидазол//

клотримазол//

камистад//

масляный раствор витамина А//

ацикловир

***

91. Көпіршік элементтер қол мен аяқ тырнақтардыңнегіздермаңындапайда болуымен және ауыз қуысында бөрткендердің шығуымен жүретінжұқпалы вирусты ауруды атаңыз?//

аусыл//

белдеме теміреткі//

жедел герпетикалық стоматит//

ЖИТС белгілері//

созылмалы қайталанған герпес

***

92. Науқас қызыл иегіндегі ауратын ойық жараның пайда болғанына, қызыл иектің қанайтынына, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады.Симптомдар 2 ай бұрын пайда болған, өз бетімен емдегенмен нәтижесі болмаған. Қарап тексергенде-АҚШҚ анемиялық айналасында қызыл иектің қанық түсті(застойная) гиперемиясы байқалады. Төменгі жақтың фронтальді тістердің қызыл иек бүртіктері кір-сұр түсті некротикалық қақпен жабылған. Қатты және жұмсақ қақтарда бар. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде аурады. Науқас әскери-өнеркәсіп кешенді заттар өндіретін заводта жұмыстайды. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

гальванизм//

қышқылдан күю//

қатты тағамнан жарақаттану//

пародонтит, жеңіл дәрежесі//

созылмалы сәуле(лучевая) ауруы

***

93.Науқастың бет-жақ аймағында жаңа түзілім пайда болуына байланысты сәуле терапиясын алуда, ауыз қуысын қарап тексергенде урттың шырышты бетінде бұлынғырланған(помутнение) ошақ бар, кейбір аймақтарда мүйізденген эпителий эрозияланып ажыраған, беті жабысқақ өлеттенген тінмен жабынды. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

сілтімен күю//

негізгі аурудың еміне аллергиялық реакциясы//

лейкоплакия, эрозивті-жаралы түрі//

шектелген ракалды гиперкератоз//

ошақты қабықты тәрізді(пленчатый) радиомукозит

***

94. Венсанның жаралы-некротикалық гингивостоматиттің қоздырығышы болып табылады://

кандида, стрептококк//

бозғылт трепонема, Кох таяқшасы//

фузобактерия, спирохеталар//

микобактерия, көкіріңтаяқшасы//

стафилококтыңұршық тәрізді(веретенообразная)таяқшасы

***

95. Венсанның жаралы-некротикалық гингивостоматиттің дамуына себепші фактор болып табылады. Төменде аталғандардың барлығы, біреунен басқасы://

қосалқы аурулар//

шырышты қабаттың бүтіндігіның бұзылуы//

ағзаның инфекцияға төзімділігінің төмендеуі//

ауыз қуысының нашар гигиенасы//

тамақ аллергендерге аллергиялық реакциясы

***

96. Жансыздандыру, механикалық тітіркендіргішті алу, ауыз қуысының микрофлора үшін қақты, өлеттенген тіндібарлық ретенциялық аймақтарды жылы антисептик ерітіндімен қысым(под давлением) арқылы (ферменттің көмегімен жараны тазалау) өңдеу, антимикробты аппликация, антипротозойнды әсер ету, УФО. Жара мен қақтан тазарғаннан кейін-кератопластиктерден аппликация, ИГНЛ. Осы схема бойынша жергілікті ем жүргізілді. Ауруды анықтаңыз://

папилломатоз//

дольчатая фиброма//

лейкоплакия, жалпақ түрі//

ауыз қуысының милиарлы-жаралы туберкулез //

венсанның жаралы-некротикалық гингивостоматит

***

97. Әйел, жасы 35 еріннің ауырланған сезімі және еріннің үлкейіп, бетінің ісінуіне шағымданады. Анамнезі: бір күн бурын науқастың тіс қақтарын алып, пародонт қалталарға медикаментозды өңдеу жүргізіп, метрогил-дента препараты аппликация түрде тағайындалған. Метрогил-дента гельмен қызыл иегінеаппликация жасағаннан кейін ақырындап 30-40 минут аралығында жоғарыда айтылған шағымдар пайда болған. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі еріндері айқын шектеліп ісінген, тері мен шырышты қабаттың түсі өзгермеген. Сипап тексергенде ауырмайды. Осы ауруды емдеу тактикасы://

супрастинді иньекция түрінде тағайындау, метрогил-дента препаратына тыйм салу //

гидрокортизон мазьді аппликация түрде тағайындау//

метрогил-дента препаратына тыйм салу, гепарин мазин тағайындау//

ісінуге қарсы заттармен шаю//

қан тамырлар өткізгіштігін төмендететін препаратты тағайындау (аскорутин)

***

98.АҚШҚ сілтілерден(щелоч) күйік алған жағдайда зақымданған ошақ өңделеді://

сабынды сумен//

1% әк сумен//

0,5% лимон қышқылы ерітіндісімен//

2% бикарбонат натри ерітіндісімен//

люголь ерітіндісі

***

99. АҚШҚ қышқылмен күйік алған жағдайда зақымданған ошақ өңделеді://

2%- бикарбонат натри ерітіндісімен//

1%-тұз қышқылмен//

1%-бор қышқылмен//

30%- күмістің азоттықышқыл ерітіндісімен //

0,5% лимон қышқылмен

***

100. Эпителидің мүйізденуі шамадан көп және меншікті шырышты қабаттың қабынуымен сипатталнатын факультативті ракалды созылмалы ауруға жатады://

кожный рог//

лейкоплакия//

папилломатоз//

кератоакантома//

дольчатая фиброма

***

101.36 жасар науқас, 18 жыл бойы шылым шеккен. Қарап тексеру барысында алдыңғы тістердің тістесу сызығы бойымен орналасқан,еки жақ урты ақшылдау түстес, шырышты қабаты кірленген(помутнение) ошақтың пішіні ұшбұрыштанып азу тістерге жақын орналасқан. Ошақ айналасындағы тіндерде беткей орналасқан, қырғанда алынбайды. Ошақтың айналасындағы шырышты қабатта өзгеріс жоқ. Вуда сәулесімен люменсцентті диагностикалауда зақымданған ошақ қандай түсті береді://

ақшыл-сары//

аппақ-көгілдір//

анық-көгілдір//

сарғыш-қоңыр//

қара-қоңыр

***

102. Ауыз қуысының лейкоплакиясына тән белгілері://

қайталанған жаралардың пайда болуы//

мүйізденетін ұсақ түйіншектермен бөрту(высыпание)//

меншікті шырышты қабаттың қабынуы және эпителидің мүйізденуі жоғарлау//

АҚШҚ мүйізденуі және терінің қанық(застойной) түсті гиперемиясы//

эпидермистің мальпигиев қабаттың және шырышты қабаттың клеткаларының алыптануы

***

103. Науқасқа жалпақ лейкоплакия деп диагноз қойылған. Осы ауруға қандай зақымдаушы элемент тән://

гиперкератотикалық дақ//

түйіншек//

жұқа жара//

афта//

эритема

***

104. Науқас, жасы 65. Оң жақ урты шымырлап-күйіп, керіліп-тырысуына шағымдарымен емханаға келген. Анамнезінде: бұрын протезделу мақсатымен тіс-дәрігерде болған. Ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Қарап тексергенде: ауыз қуысының кіреберісінің езу үшбұрышы маңының шырышты қабатында контурасы анық шектелген табақша дақ (бляшка) анықталады. Сипап тексергенде ауырмайды, айналасындағы тіндермен тығыз жабысқан. Тіс қатарынды: 2.3, 2.4; және 2.7 тірек тістерде кобальт-хром қоспасынан жасалған көпіртәрізді протез бар.Протездің қырлары өткір. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

жалпақ лейкоплакия//

екіншілік сифилис//

веррукозды лейкоплакия//

қызыл жалпақ темиреткі//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

105. Науқасқа жалпақ лейкоплакия диагнозы қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителидің мүйіздену процессті қалыптастыру үшін препараттар арқылы емделу курстың уақытын көрсетіңіз://

7 күн//

10 күн//

14 күн//

3 апта//

1,5 ай

***

106. Ер адам, жасы 56. Тағам қабылдағанда ауру сезімі мазалаумен шағымданады. Анамнезі бойынша: 2 жыл бойы тілінің сол жақ бүйір бетінде бұдырланып(бугристое) шығыңқы келген түзілім болған, бирақ ыңғайсыздық туғызбаған. Обьективті көрінісі: ауыз қуысы санацияланбаған. 3.4-3.7 тістерде сапасы төмен жасалған көпіртәрізді протез бар. Тілдің сол жақ бүйір бетіндеайналасы бұдырланғансұр түсті ошақ, өлшемі 0,3х0,8см дей жара көрінеді. Алдын-ала диагнозын анықтаңыз://

веррукозды лейкоплакия//

лейкоплакияның табақша түрі//

лейкоплакияның мүйізденген түрі//

лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі//

қызыл жалпақ теміреткінің эрозиялы-жаралы түрі

***

107.Жедел механикалық жарақаттануда АҚШҚ зақымдаушы элементті анықтаңыз://

көпіршік(пузырек)//

киста//

эрозия//

қабыршақ(чешуйка)//

қабық(Корка)

***

108. Жарақат әсерінен зақымдануды емдейтін препараттарды анықтаңыз://

нистатин, метилурацил//

преднизолон, флюконозол//

линкомицин, фурозолидон, микосептин//

20% раствор буры в глицерине, дифлюкан //

А дәруменнің майлы ерітіндісі, ит мұрын майы

***

109. Қатты шанкр және тілдің жарақат жарасымен салыстырмалы диагностикасын шешуші болып табылады://

гистологиялық зерттеу нәтижесі //

рентгенологиялық зерттеу нәтижесі//

ауыз қуысын қарап тексеру//

жалпы қан анализі нәтижесі//

бактериологиялық зерттеу нәтижесі

***

110.Туберкулез жарасы және тілдің жарақат жарасымен салыстырмалы диагностикасын шешуші болып табылады://

гистологиялық зерттеу нәтижесі //


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 682 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.173 сек.)