АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Пародонт аурулары 4 страница

***

Жақ-бет аймағындағы жаңа түзілімді емдеуде, рентген және гамма терапиясын қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабатында (АҚШҚ) қосалқы зақымданулар дамиды. Сәуле реакциясына АҚШҚ бірінші болатын белгісі://

ақ түсті некроз ошағы//

ұсақ нүктелі қанның ұйюы//

мүйіздену симптомдары//

+жеңіл қызару, ісіну//

жаралардың пайда болуы

***

Аталған ауруда жараның шетінен алынған биоптат зерттеуде екі зонаны анықтайды: беткей (некротикалық) және терең (қабынған). Беткей зонада көптеген және әртүрлі флора (коктар, таяқшалар, фузобактериялар, спирохеталар және т.б.) табылады, терең зонада - фузобактериялар, спирохеталар басым болып келеді. Қандай ауруда осындай патогистологиялық суреттемені көруге болады:\\

+Венсанның жаралы некротикалық гингиво-стоматиті//

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиті//

Созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматиті//

Туберкулезды жегі//

Біріншілік сифилис

***

Тіс-дәрігерге 28 жасар науқас келген. 26 тіске 2% лидокаин ерітіндісімен инфильтрациялық жансыздандыру жасалған. 15 минут кейін науқас өзін жағымсыз сезінеді. Бет аймағының, қолының қышу, әлсіздік, бас айлану, кеуде аймағында ауырлануына шағымданады. Қарап тексергенде: науқас бозарған, бет терісі қызарған, шынтақ бет терісінде қышынатын бөртпелер, АҚ 80/50 мм рт.ст дейін төмендеген, жүрек соғысы әлсіз, пульс жылдам, тыныс алуы жиірек. Ең дұрыс диагнозы://

жедел жүрек жетіспеушілігі//

+анафилактикалық шок//

миокард инфаркті //

естен тану//

бронхиальды астманың приступі

***

Стоматологиялық клиникаға 27 жасар науқас таңертен тұрғанда бірден пайда болған ерін, тіл, ұртының ісінуіне шағымданып келген. Анамнезі бойынша: бір күн бұрын тіс-дәрігеріне қызыл иегінің қанайтынына және жағымсыз иіс шығуына шағымданып барған. Қызыл иекке ем жүргізген, тіс тастарын алып, антисептикалық өңдеу жасалған. Дәрігердің тағайындалуы бойынша сол күннің таңертенгі және кешкі уақытта қызыл иекке Метрогил-Дента гелімен аппликация жасаған. Қарап тесергенде: еріннің жоғарғы және төменгі терісінің көлемі бойынша үлкейген, еріндердің қызыл жиегі тырысқан, ауыз қуысында тіл көлемі үлкейген, екі ұрты ісінген. Бірақ бет терісінің, еріннің, ауыз қуысының шырышты қабатында өзгеріс жоқ, ісінген тіндерді сипап тексергенде ауырмайды. Болжалды диагнозын://

+Квинке домбығу//

Пародонтоз//

Мелькерссон-Розенталь синдром //

Тілме қабыну (рожистое воспаление) //

Пародонтальды абсцесс

***

Науқастың жасы 35. Қарап тексергенде ауыз қуысында беткей жара анықталады, өлшемі шамамен 7х7 мм, жараның шеті жұмсақ, ісінген, аздап аурады, түбінде таңқурайға (малинаға) ұқсас, қанағыш папиломатозды өсінді бар. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, тығыз. Қандай аурудың суреттемесі://

біріншілік сифилис//

+туберкулез волчанка//

үшіншілік сифилис//

лейкоплакия, веррукозды формасы//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит

***

Негізгі төрт синдром - гиперпластикалық, геморрагиялық, анемиялық, интоксикациялық - қандай аурудың клиникалық көрінісіне тән//

Гиповитаминоз В12//

Темір тапшылығы анемия//

гемофилия//

+жедел лейкоз//

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматиті

***

Жедел тыныс алу жетіспеушілігінің түрін анықтаңыз: ол жұтқыншақтың жартылай немесе толық жабылуымен бірге шырышты қабаттың ісінуінен, өкпенің интерстициальды немесе альвеолярлы ісінуінен, әртүрлі дәрежедегі бронхоспазм салдарынан пайда болады. Науқастарда газалмасу бұзылған:

абдоминальды//

церебральды//

гемодинамикалық//

+асфиксиялық//

өкпенің қабыну

***

Науқастың жасы 22. Тіс-дәрігеріне тіл және ерін маңы шымырлап ауратынына шағымданып келген. Анамнезі бойынша: жарты сағат бұрын ауыз қуысына химиялық ерітіндіні құйып алған. Кейін осы симптомдар пайда болған. Науқас бірден бірнеше рет ауыз қуысын жақсылап шайған. Бірден стоматологиялық клиникаға барған. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы ерінде, тілдің ұшында ісінген, қызарған фон үстінде ақ-сұр түсті тығыз пленкамен жабылған диаметрі шамамен 1 см-ге дейін некрозданған үш аймақ (участок), тіндермен тығыз байланысқан. Күю салдарын қандай ерітіндімен байланстырасыз://

күкірт қышқылы//

калий перманганат ерітіндісі//

әк (известковый) ерітіндісі//

+сіркесу қышқылы//

нашатыр спирт

***

53 жастағы науқастың ауыз қуысының кілегей қабатында, ұрт маңайында үлкен көлемді көкшіл-қызыл түсті жаралар анықталады, олар фибринозды, оңай алынатын қақпен жабылған. Никольский симптомы оң. Сіздің болжалды диагнозыңыз?//

лейкоплакия//

қызыл жалпақ теміреткі//

қызыл жегі//

+күлдіреуік//

көп түрлі жалқықты эритема

***

Ауыз қуысының шырышты қабығының қандай ауруы жүре дамыған иммунтапшылығын синдромның алғашқы белгісі болып табылады: ақ түсті қатпарлы түрде, симптомсыз ошақтар көбінесе тілдің бүйір бетінде орналасады. Шырышты қабаттан көтерінкі болып тұрады және қырғанда алынбайды://

Капоши саркомасы//

+түкті лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

Манганотти хейлиті //

макроглоссит

***

18 жыл бойы темекі шеккен 36 жасар науқасты қарап тексеру барысында ұрт аймағында ақшыл (белесоватого) түсті күнгірт (помутнения) ошақ анықталды. Тістердің алдыңғы бөлігінің тістердің түйісу сызығы денгейінде, үшбұрышты тәріздес, үшбұрыштың шыңы (вершинасы) үлкен азу тістерге қарайды. Ошақ өз тіннен көтеріңкі емес, қырғанда алынбайды. Айналасындағы шырышты қабатында өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтаңыз://

псевдомембранозды кандидоз//

қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

ауыз қуысының екіншілік мерезі //

+жалпақ лейкоплакия//

Боуэн ауруы//

***

Науқастың жасы 40. Қосалқы аурулары жоқ. Жалпы дені сау. Үш апта бұрын төменгі жақтың оң жақтағы тістің пломбасы түсіп қалғаннан кейін тілдің оң жақ маңында ауру сезімі пайда болғанына шағымданып келген. Қарап тексергенде: тілдің оң жақ бүйір бетінде өлшемі 0,5х0,4 см жара, беті некротикалық қақпен жабылған, шеттері қызарған, ісінген, сипап тексергенде аурады. 46 тісте үлкен тіс жегі қуысы бар. Тіл жақ шеттері өткір. Цитологиялық зерттеуде атипиялық клеткалар анықталмаған. Диагнозын анықтаңыз://

Трофикалық жарасы//

+Декубитальды жарасы//

Туберкулездыжарасы//

мерезжарасы//

обыр жарасы

***

Науқастың жасы 32. Бір күн бұрын суық тиген. Содан кейін жоғарғы ерінде бөртпе пайда болғанына шағымданып келген. Соңғы 5 жыл бойы осындай бөртпелер мазалайды. Қарап тексергенде: сол жақ жоғарғы еріннің және тері шекарасында ұсақ, бір-бірімен жабысқан, топтасқан, диаметрі 1-2 мм, ауратын, күнгірт-лай (мутный) сұйығы бар көпіршіктер анықталады. Көпіршіктің сұйығынан көптеп Лангханс алып клеткалар табылған. Болжалды диагноз://

көптүрлі жалқықты эритема//

аллергиялық стоматит//

созылмалы афтозный стоматит//

+созылмалы қайталанған ұшық//

жедел герпетикалық стоматит

***

Науқастың жасы 28, жалпы әлсіздікке, ауыз қуысының ауру сезімі және шіріген иістің шығуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары жоқ. Қатты салқындану әсерінен 3 күн бойы ауру сезімдер мазалайды. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, дене температурасы 38,2 °С. Ауыз қуысында ретромолярлы аумаққа жақын жерінде екі ұртта ісінген қызарған фон үстінде некрозданған ошақ анықталады. Некрозданған ошақтың шеті тегіс емес, сұр-жасыл түсті, қақты алғанда астынан қанағыш ойық жара (язва) пайда болады. Жараның түбі және шеттері тығыз емес. Ауыз қуысының гигиенасы орташа. Болжалды диагноз қойыңыз//

+Венсанның жаралы-некротикалық стоматит//

Декубитальды жарасы//

Рак жарасы//

Трофикалық жара//

Сифилис жарасы

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: ауыз қуысының шырышты қабаттың шектеулі аумағының түсі өзгеруі//

Төмпешік//

Түйін//

Қабық//

+Дақ//

Беткей жара

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: диаметрі 5 мм-ге дейін қабыну әсерінен пайда болған қуыссыз элемент, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі орналасып, эпителий және шырышты қабаттың меншікті беткей қабатын алады, екіншілік сифилисте және қызыл жалпақ теміреткіде кезедеседі.//

+Түйіншек//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Көпіршік//

Афта

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: диаметрі 5-7 мм қабыну әсерінен пайда болған қуыссыз элемент, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі орналасып, шырышты қабаттың барлық қабаттарын алады, сипап тексергенде ауырады, ыдырап ойық жараға оңай айналады, ал жазылғанда тыртықтанады//

Түйін//

+Төмпешік//

Күлдіреуік//

Ойық жара//

Көпіршік

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: дөнгелек пішінді қуысты құрылым, диаметрі 5 мм-ге дейін, шырышты қабаттың денгейінде көтеріңкі, құрамында серозды немесе геморрагиялық сұйық бар. Кейде эпителий ішінде орналасуы мүмкін//

Түйін//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

+Көпіршік//

Киста

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: көпіршік жарылғаннан кейін немесе түйіншектің дамуы кезінде, сонымен қатар жарақат әсерінен зақымдалуы шырышты қабаттың эпителий денгейінде орналасады//

Түйіншек//

Төмпешік//

Күлдіреуік//

Ойық жара//

+Беткей жара

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: эрозияның пішіні дөңес, фибрин қақпен жабылған және гиперемияланған жиегімен қоршалған//

Түйіншек//

Төмпешік//

+Афта//

Жара//

Тілік

***

Бұлшық етке дейін және барлық шырышты қабатты алатын ақауы. Жазылғанда тыртықтанады. Зақымдаушы элементті атаңыз//

Жара //

Түйін//

Афта//

+Ойық жара//

Көпіршік

***

Десквамация процессі бұзылу салдарынан пайда болатын эпителий қабаттары (пласты), хейлитте кездеседі. Зақымдаушы элементті атаңыз//

Түйін//

Түйіншек//

Көпіршік//

Тыртық//

+Қабықша

***

Зақымдаушы элементті атаңыз: ауыз қуысының шырышты қабатында ақау орнында, ойық жараның болған жерінде дәнекер тін пайда болуымен сипатталады //

+Тыртық//

Қабық//

Қабықша//

Түйін//

Тілік

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клеткалар арасына сұйық жиналғаны анықталады. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Папилломатоз//

Паракератоз//

Гиперкератоз//

Акантоз//

+Спонгиоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клетка-аралық байланыстарының бұзылу әсерінен олар топтасып немесе шар-баллон тәріздес болып орналасқан. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

+Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клеткалар арасындағы цитоплазмалық байланысы еріген (бұзылған). Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

+Акантолиз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттағы клеткалардың жуандауы (утолщение) анықталған. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

+Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында көптеген мүйізденген клеткалары анықталған. Мүйізденген клеткалар әсерінен шамадан тыс өндіру және десквамациясы көрінісі бұзылған. Осы патологиялық процессті қалай атайды? //

+Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында тікенекті қабаттың беткей орналасқан клеткалардың толық мүйізденбеу салдарынан, мүйіздену процессі бұзылған. Осы патологиялық процессті қалай атайды?//

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

+Паракератоз//

Папилломатоз

***

Ауыз қуысының жарақат ошағынан алынған зерттеу материалды цитологиялық зерттеу барысында емізікше қабаттың эпителийге қарай өсуі (разрастание) анықталған. Осы патологиялық процессті қалай атайды?//

Гиперкератоз//

Баллон дегенерациясы//

Акантоз//

Паракератоз//

+Папилломатоз

***

Тілдің жарақат жарасын және рак жарасымен салыстырмалы диагностикасында шешуші рольды атқарады//

Анамнезі//

Ауыз қуысын тексеру арқылы//

+Цитологиялық зерттеудің нәтижесі//

Рентгенологиялық зерттеудің нәтижесі //

Жалпы қан анализі

***

Науқасқа «Жалпақ лейкоплакиясы» деп диагноз қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителийде қандай патологиялық өзгерістер байқалады?//

+Гиперкератоз//

Баллон дегенерация//

Акантолиз//

Папилломатоз//

Спонгиоз

***

Науқасқа «Жалпақ лейкоплакиясы» деп диагноз қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителийнің мүйіздену процессін қалыптастыруына нәтиже беретін тиімді препаратын көрсетіңіз//

Аскорутин//

Пипольфен//

Тиамин//

+Витамин А майлы ерітіндісі//

Натрий тиосульфаты

***

Науқасқа «Созылмалы қайталанған ұшық» деп диагноз қойылған. Осы ауруда ең бірінші қандай элемент пайда болады//

Түйіншектер//

Түйін//

+Көпіршік//

Күлдіреуік (волдырь)//

Киста

***

Науқасқа «Созылмалы қайталанған ұшық» деп диагноз қойылған. Осы ауруға жергілікті ем жүргізу үшін қолданылатын этиотропты препаратты көрсетіңіз//

Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа//

+Вирусқа қарсы жақпа //

Кең спектрлі антибиотик//

Жансыздандырушы ерітінді//

Кератопластиктер//

***

Науқасқа «Созылмалы кандидозды стоматиті» деп диагноз қойылған. Осы ауруға жергілікті ем жүргізу үшін қолданылатын этиотропты препаратты көрсетіңіз//

+Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа //

Вирусқа қарсы жақпа //

Кең спектрлі антибиотик//

Жансыздандырушы ерітінді//

Кератопластиктер

***

Науқасқа «Жедел псевдомембранозды кандидоз стоматиті» деп диагноз қойылған. Осы ауруды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргіземіз//

Рентгенологиялық//

Биопсия//

Иммунологиялық//

+Бактериоскопиялық//

Аллергологиялық

***

Науқасқа Метрогил-дента гельді қолданғаннан кейін пайда болған «контактті аллергиялық стоматит» деп диагноз қойылған. Осы ауруды жалпы емдеу үшін қолданатын препаратты таңдаңыз//

Ацикловир//

Нистатин//

Трихопол//

+Димедрол//

Аугментин

***

Науқасқа «Көп түрлі жалқықты эритема» деп диагноз қойылған. Осы ауруда теріні зақымдаушы элементтерді қалай деп атайды?//

Қақтар//

Түйіншектер//

Булла//

+Кокард//

Тыртық

***

Науқасқа «Оң жақ ұрттың трофикалық ойық жарасы» (язва) деп диагноз қойылған. Осы ауруды қандай аурулармен салыстырмалы диагностикасын жүргізесіз?//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

+Жарақат жарасы//

Жедел атрофиялық кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Лейкоплакия, веррукозды түрі

***

Науқастың жасы 52, ұрт маңы бұдырланған сияқты сезімінің пайда болуына шағымданып келеді. Қосалқы аурулары - қантты диабет, гипертония. Қарап тексергенде: екі ұрттың артқы маңында оюланған суреттегідей ақ түсті (папула) түйіншектер анықталады. Қырып тексергенде алынбайды. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Жалпақ лейкоплакиясы//

Қызыл жегі//

Күлдіреуік//

+Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

***

Науқастың жасы 50, тағам қабылдағанда, сөйлегенде, ауызында ауру сезімінің мазалауы 2-3 апта бұрын пайда болғанына шағымданады. Анамнезінде қантамырлы дистония, созылмалы гастриттің бары анықталды. Ауыз қуысының жұмсақ таңдайында өзгермеген шырышты қабатында шамамен 1,5-2 см өлшемді іркілген-қызыл түсті беткей жарасы (эрозия) бар. Никольский симптомы оң. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

+Ауыз қуысы күлдіреук//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Көп түрлі жалқықты эритема//

Қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі

***

Зақымданған ошақтан алынған жақпаны цитологиялық зерттеу барысында, тікенекті қабаттағы клеткаларының өзгеріске ұшырағаны анықталды: клеткалардың өлшемі нормадан кішірек, дөнгелек пішінді, клетканың ядросы ірі қара-көк түске боялған, ядро маңындағы цитоплазмасы ашық-көк түстес- ал шеттері- қара-көк түсті. Сонымен қатар көпядролы алып (гигантті) клеткалары да кездеседі. Бұл цитологиялық сипаттама қандай ауруға тән көрініс//

+Акантоликалық күлдіреуік (пузырчатка) //

Қызыл жалпақ теміреткі//

Созылмалы қайталанған герпетикалық стоматит//

Созылмалы қайталанған афтозды стоматит//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Науқас жедел бронхитпен сырқаттануына байланысты бірнеше рет антибиотикті бұлшық ет арқылы ем алған. Антибиотикті 3 күн қабылдағаннан кейін тілінде ақ қақ пайда болып, жағымсыз сезінеді. Қарап тексергенде: ісініп, қызарған тіл бетінде ақ түсті қақ байқалады. Қақ сүзбеге (творог) ұқсас. Қырып тексергенде алынады, қақ астында гиперемияланған ошақ байқалады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

+Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Десквамативті глоссит//

Ромб тәріздес глоссит

***

38 жастағы науқас Н., 2 апта бұрын төменгі оң жақ тістен пломба түскеннен кейін, тілдің оң жағында пайда болған ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқас ауыз қуысын сода ерітіндісімен шайған, бірақ ауру сезімі басылмады. Объективті: ауыз қуысында тілдің оң жақ, бүйір бетінде көлемі 5-6 мм, шеттері қызарған, беті өлі-еттенген қақпен жабылған, ойық жара байқалады. Сипап тексергенде ауырады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады, қозғалмалы. 46 тістің сауыты бұзылған (тісжегі қуысы бар), тісжегі қуысының жара проекциясындағы тілдік қабырғасының қыры өткір. Диагноз қойыңыз.//

+жарақаттық ойық жара//

трофиқалық ойық жара//

жаралы-өліеттене стоматит//

мерез ойық жарасы//

обыр ойық жарасы

***

62 жастағы науқас жоғарғы жақтың оң жақ маңайында пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді дайындағаннан 2-3 аптадан кейін пайда болды және протезді қолданған кезде күшейе түседі. Объективті: жоғарғы жақтың оң жағында, 44 мен 45 тістердің проекциясының өтпелі қатпарда, протездің шеті түйісу орнында, көлемі 4-5 мм, жазық жара (эрозия) байқалады. Жараның перифериясында қатпар (складка) анықталады (фиброзды тканнің өсуі). Сіздің мүмкін қоятын диагнозыңыз.//

Папиллома//

Декубиталды ойық жара//

+Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)//

Трофикалық ойық жара//

Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі

***

64 жастағы науқас қатты және жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығының өсуіне және ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі алмалы-салмалы протезді қолданған кезде күшейе түседі. Бұл симптомдар жоғарғы жаққа алмалы-салмалы протезді дайындағаннан 3 аптадан кейін пайда болды. Объективті: алмалы-салмалы протез базисінің түйісу орнында кілегейлі қабық қызарған, беті жұмсақ, дән тәрізді, сипап тексергенде аздап ауырады. Сіздің мүмкін қоятын диагнозыңыз.//

Катаралды стоматит (палатинит)//

Бөлшектенген фиброма (дольчатая фиброма)//

Лейкоплакия, сүйелтәрізді түрі//

+Папилломатоз//

Кандидозды стоматит (палатинит)

***

42 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар үйде 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары сірке қышқылын абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, қоршаған тіндермен тығыз байланысқан, қатты қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?

Колликвациялық некроз//

Папилломатоз//

+Коагуляциялық некроз//

Гиперкератоз//

Акантоз

***

25 жастағы науқас тілдің ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлеген кезде және ас қабылдағанда күшейе түседі. Науқастың айтуы бойынша, осы симптомдар жұмыс орнында 3-4 сағат бұрын, концентрациясы жоғары едкий (ащы) натрдің (натрий гидроксидының) абайсыздан қабылдағаннан кейін пайда болды. Объективті: тілдің ұшында, көлемі 7 мм-ге дейін, ақшыл-сұр түстес, консистенциясы дірілдеген (іркілдек тәрізді) қақ байқалады. Маңайындағы кілегейлі қабық қызарған және ісінген. Осы патология кезінде ауыз қусының шырышты қыбығында қандай патологиялық процесс дамиды?//

+Колликвациялық некроз//

Папилломатоз//

Коагуляциялық некроз//

Гиперкератоз//

Акантоз

***

Кератопластик тобына жататын емдік препараттар://


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 803 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.039 сек.)