АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

неврология

Прочитайте:
  1. Кардиология, неврология
  2. Модуль «Неврология высших корковых функций»
  3. Модуль «Общая неврология»
  4. Модуль «Частная неврология»
  5. Неврология_каз
  6. ПСИХОНЕВРОЛОГИЯ, СОМАТОНЕВРОЛОГИЯ
  7. РАЗДЕЛ 1. НЕВРОЛОГИЯ
  8. Тема: Неврология.
  9. Тесты неврология каз. 2 уровень

 

1. Клонус қандай синдромға тән:

А. орталық паралич

В. перифериялық паралич

С. менингеальды синдром

D. мишық атаксиясы синдромы

Е. акинетикалық-сіреспелі синдром

 

2. Ахилла рефлексінің доғасы қайдан өтеді:

А. С4-С5

В. С7-С8

С. Д5-Д6

D. L2-L3

Е. L5-S2

 

3. Науқас оң білегіндегі әлсіздікке шағымданады. Бақылаған кезде: білезік пен саусақ бүгушілердің күші нольге тең, бұлшық ет тонусы түскен, оң жақтағы карпорадиальды және шынтақ-бүгу рефлекстері жоқ. Білезік пен саусақтарды бүгу мүмкіндігі бар. Топикалық диагноз қойыңыз:

А. оң жақтағы кеуде бөлігіндегі жұлынның жарты бөлігінің зақымдануы

В. оң жақтағы перифериялық нервтің зақымдануы

С. оң иық өрімінің зақымдануы

D. оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы

Е. сол жақтағы ішкі капсуланың зақымдануы

 

4. Мишық зақымдануында байқалмайтын симптом:

А. бұлшық ет гипотониясы

В. миоклония

С. интенсивті діріл

D. мәнерлі сөйлеу

Е. Ромберг сынамасындағы тұрақсыздық

 

5. Мишық жартышары зақымдануына тән симптом:

А. статикалық атаксия

В. динамикалық атаксия

С. сенситивті атаксия

D. маңдай атаксиясы

Е. вестибулярлы атаксия

 

6. Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:

А. мишық атаксиясы

В. Джексон синдромы

С. акинетикалық-сіреспелі синдром

D. гиперкинетикалық-гипотоникалық

Е. тетраплегия

 

7. Паллидонигральды жүйе зақымдануына тән емес симптом:

А. амимия

В. пластикалық сіреспелік

С. брадикинезия

D. пропульсия

Е. бұлшық ет гипотониясы

 

8. Паллидонигральды жүйе зақымдануында қандай симптом байқауға болады

А. гиперкинездер

В. дизартрия

С. мәнерлі сөйлеу

D. интенсивті діріл

Е. ахейрокинез

 

9. Стриопаллидарлы жүйеге енбейтін жол:

А. кортикалық-бұлшық ет

В. вестибулярлы-жұлын

С. ретикулярлы-жұлын

D. қызыл ядролы жұлын

Е. текто-жұлын

 

10. Микрография ненің зақымдануынан болады:

А. мишық

В. таламус

С. қабық

D. ішкі капсула

Е. паллидонигральды жүйе

 

11. Қуыршақ жүрісі ненің зақымдануынан болады:

А. паллидонигральды жүйе

В. мишық

С. ішкі капсула

D. құйымшақ нервісі

Е. қабық

 

12. Құйрықты ядро зақымдануынан пайда болатын симптом:

А. пластикалық сіреспелік

В. спастикалық сіреспелік

С. бұлшық ет гипотониясы

D. пропульсия

Е. брадикинезия

 

13. 10 жастағы қыз бала мимикалық бұлшық еттерінің ауыр қозғалысына шағымданады, қабағын көтереді және түйеді, иығын қиқаңдатады, тілін шығарып тұра алмайды. Барлық қозғалыстар тез, стереотипті емес, толқу кезінде күшейеді. Аяқ-қол бұлшық еттерінің тонусы төмендеген. Не зақымданған:

А. бозғылт шардың зақымдануы

В. қабық пен құйрықты ядроның зақымдануы

С. қара субстанцияның зақымдануы

D. таламустың зақымдануы

Е. оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы

 

14. Терең сезімталдық І нейрон денелері қайда орналасқан:

А. теріде

В. омыртқалық ганглияда

С. артқы мүйізде

D. көру төмпешігі ядроларында

Е. сопақша ми ядроларында

 

15. Беттік және сезімталдық ІІІ нейрон денелері қайда орналасқан

А. теріде

В. омыртқалық ганглияда

С. артқы мүйізде

D. көру төмпешігі ядроларында

Е. ми қабығында

 

16. Терең сезімталдық ІІ нейрон денелері қайда орналасқан:

А. теріде

В. омыртқалық ганглияда

С. артқы мүйізде

D. көру төмпешігі ядроларында

Е. сопақша ми ядроларында

 

17. Артқы қабықшалар зақымдануында сезімталдық бұзылуының қай түрі байқалады:

А. полиневритикалық

В. церебральды

С. өткізгіштік

D. сегментарлы-диссоцияланған

Е. қабықшалы

 

18. Мишықтың зақымдану кезінде сөйлеудің қандай өзгерістер пайда болады

А. мәнерлі сөйлеу

В. афония

С. бір қалыпты сөйлеу

D. дизартрия

Е. моторлы афазия

 

19. Беттік сезімталдық бұзылуының өткізгіштік типі нерв жүйесінің қай бөлігінің зақымдануынан болады:

А. артқы мүйіз

В. перифериялық нерв

С. артқы қабықша

D. спиноталамикалық жол

Е. Голль бумасы

 

20. Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген:

А. перифериялық

В. артқы мүйізді-сегментарлы

С. комиссуральды-сегментарлы

D. өткізгіштік

Е. полиневритикалық

 

21. Науқаста зақымданған сегмент аймағындағы ауырсыну синдромы көрсетілген сезімталдықтың барлық түрлерінің зақымдануы байқалған. Бұл симптоматика бойынша қандай құрылымдардың зақымдануынан болуы мүмкін:

А. перифериялық нерв

В. артқы мүйіз

С. артқы қабықша

D. спиноталамикалық жол

Е. Голль бумасы

 

22. Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз:

А. жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

В. мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

С. кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

D. бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы

Е. жұлынның жартылай зақымдану синдромы

 

23. Науқастың аяқтары қозғалмайды. Объективті түрде аяқта тонус пен рефлекстер жоқ, аяқ атрофиясы, шап қатпарлары деңгейінде сезімталдықтың барлық түрлері жоқ. Топикалық ошақты табыңыз:

А. жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

В. мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

С. кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы

D. бел-сегізкөз аймағындағы жұлынның зақымдануы

Е. жұлынның жартылай зақымдану синдромы

 

24. Стриарлы жүйе зақымдану кезінде болатын жүрістің өзгерістері:

А. билеп жүру

В. кең қадамдап

С. сақтандырушы (щадящая)

D. гемипаретикалық

Е. сүйретілген (шаркающая)

 

25. Әкетуші нерв зақымдануынан қандай бұлшық ет параличі пайда болады:

А. жоғарғы тіке

В. сыртқы тіке

С. төменгі тіке

D. төменгі қисық

Е. ішкі тіке

 

26. Биназальды гемианопсия ненің зақымдануынан болады:

А. көру жолдары қиылысындағы орталық бөлімдері

В. көру жолдары қиылысындағы сыртқы бөлімдері

С. көру сәулелігі

D. көру трактісі

Е. ішкі капсула

 

27. Иіс сезу галлюцинациялары ненің зақымдануынан болады:

А. көру буылтығы

В. иіс сезу трактісі

С. самай бөлігі

D. төбе бөлігі

Е. маңдай бөлігі

 

28. Сезімталдықтың күрделі түріне не жатады:

А. стереогностикалық сезім

В. буын-бұлшық ет сезімі

С. вибрациялық сезімталдық

D. температуралық сезімталдық

Е. ауырсыну сезімталдығы

 

29. Науқаста мимикалық бұлшық еттердің параличі және көз жасаурауы байқалады. Ошақ қайда орналасқан:

А. емізікше тәрізді өзек деңгейінде

В. ішкі есту жолында

С. фаллопий каналында

D. мишық көпірі бұрышында

Е. варолиев көпірі

 

30. Науқаста жүрегі айнумен, құсумен, брадикардиямен, нистагммен қатар бас айналу ұстамалары жүреді. Атаксия түрін атаңыз:

А. маңдай

В. статикалық мишық

С. сенситивті

D. вестибулярлы

Е. динамикалық мишық

 

31. Зақымдану деңгейіне байланыссыз бет нерві нейропатиясының негізгі синдромы:

А. прозоплегия

В. гиперакузия

С. көздің құрғауы

D. көз жасаурауы

Е. тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәмнің бұзылуы

32. Керу симптомына жатады:

А. Бабинский симптомы

В. Россолимо симптомы

С. Ласег симптомы

D. Брудзинский симптомы

Е. Гроссман симптомы

 

33. Кіреберіс-ұлу нервісіне тән зақымдану:

А. дыбыстарды жоғары, жағымсыз қабылдау

В. естудің жоғалуы

С. аяқ-қолдағы гипотония

D. бұлшық ет-буын сезімінің жоғалуы

Е. бет бұлшық етінің фасцикуляциясы

 

34. Бульбарлы параличке не тән:

А. жұту рефлексінің артуы

В. оральді автоматизм симптомдары

С. тілдің атрофиясы мен фасцикуляциясы

D. еріксіз күлу мен жылау

Е. тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәмді сезбеу

 

35. Кортикалы-мускулярлық жолдың орталық нейрондары алдыңғы ортаңғы қатпардың қай қабатында орналасқан:

А. 1 қабатта

В. 2 қабатта

С. 3 қабатта

D. 4 қабатта

Е. 5 қабатта

 

36. Науқаста сол жақтағы мимикалық бұлшық еттегі перифериялық парез, сол жақтағы қитарланған қылилық, оң жақтағы гемипарез. Ошақ аймағын көрсетіңіз:

А. сол мишық көпірінің бұрышында

В. мишықтың оң жарты шарында

С. сол жақтағы мидың варолиев көпірі

D. сопақша мида

Е. ішкі капсулада

 

37. Жедел таралған энцефаломиелит кезінде цереброспинальды сұйықтықта қандай өзгеріс байқалады:

А. ликвордың қалыпты құрамы

В. клеткалық-ақуыз диссоциациясы

С. нейтрофильдер

D. ақуыз бен клеткалардың біркелкі көтерілуі

Е. қант пен хлоридтердің төмендеуі

 

38. Иіс сезу анализатордың бұзылу кезінде біреунен басқасы аталған барлық симптомдар болады:

А. гипосмия

В. аносмия

С. амавроз

D. дизосмия

Е. иіс сезу галлюцинациялары

 

39. Битемпоральды гемианопсия ненің зақымдануынан болады:

А. көру нерві

В. көру трактісі

С. хиазмалардың орталық бөлігі

D. хиазмалардың сыртқы бөліктері

Е. көру сәулелігі

 

40. Шығыр нервісінің зақымдануынан пайда болатын бұлшық ет параличін көрсетіңіз:

А. жоғарғы тіке

В. сыртқы тіке

С. ішкі тіке

D. жоғарғы қисық

Е. төменгі қисық

 

41. Көз қозғалтқыш нервісінің зақымдануынан пайда болатын бұлшық ет параличін көрсетіңіз:

А. жоғарғы тіке

В. жоғарғы қисық

С. төменгі қисық

D. төменгі тіке

Е. ішкі тіке

 

42. Көру анализаторы бұзылуынан пайда болатын симптом:

А. амавроз

В. битемпоральды гемианопсия

С. бинозальді гемианопсия

D. аносмия

Е. көру галлюцинациялары

 

43. Бет нервісінің зақымдануына тән емес симптом:

А. гиперосмия

В. лагофтальм

С. «желкен» симптомы

D. Белл симптомы

Е. «леп белгісі» симптомы

 

44. Бульбарлы синдромдарға жатпайтын симптом:

А. гипофония

В. тілдің атрофиясы

С. дисфагия

D. аносмия

Е. назолалия

 

45. Джексон алмасушы (альтернациялық) синдромы қай құрылымдың зақымдануынан пайда болады:

А. V жұп және пирамидалық жол ядросы

В. VI жұп және пирамидалық жол ядросы

С. VII жұп және пирамидалық жол ядросы

D. ХІІ жұп және пирамидалық жол ядросы

Е. VIII жұп және пирамидалық жол ядросы

 

46. 20 жастағы науқаста тұмаумен ауырғаннан кейін беті қисайып кеткен, лагофтальм, «желкен, Шарко «леп белгісі» симптомдары пайда болған. Мүмкін деген диагнозды көрсетіңіз:

А. сәулелік нервісінің нейропатиясы

В. бет нервісінің нейропатиясы

С. шынтақ нервісінің нейропатиясы

D. орталық нервісінің нейропатиясы

Е. құйымшақ нервісінің нейропатиясы

 

47. 35 жастағы науқаста жоғарғы қысым салдарынан, стресстен кейін құсу, психомоторлы қозу, өзіне сәйкес емес мінез-құлық, птоз, қитарланған қылилық және оң жақтағы мидриаз, менингеальды симптомдар пайда болды. Процеске қандай бас сүйек-ми нервілерінің жұптары қатыстырылған:

А. БМН І жұбы

В. БМН ІІ жұбы

С. БМН ІІІ жұбы

D. БМН IV жұбы

Е. БМН V жұбы

 

48. 55 жастағы науқаста бетінің жарты бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну, бір нәрсе тигенде, жұтынғанда, шайнағанда күшейе ауырады, кеңсірігінде тиіп кеткенде ауыратын нүкте бар. Бұл процеске қандай бас сүйек-ми нервісінің жұбы қатысады:

А. БМН І жұбы

В. БМН ІІ жұбы

С. БМН ІІІ жұбы

D. БМН IV жұбы

Е. БМН V жұбы

 

49. 45 жастағы науқаста біртіндеп келесі симптомдар пайда болған: оң құлақтағы естудің бұзылуы, оң жақта тригеминальды ауырсынулар, оң жақтағы мимикалық бұлшық ет парезі. Қандай бас сүйек-ми нервтері зақымданған:

А. иіс сезу, көру, көз қозғалтқыш

В. иіс сезу, көру, шығыр

С. есту, бет, үштік

D. кезбе, тіл-жұтқыншақ, тіл асты

Е. көз қозғалтқыш, шығыр, әкетуші

 

50. 45 жастағы науқаста біртіндеп келесі симптомдар пайда болған: оң құлақтағы естудің бұзылуы, оң жақта тригеминальды ауырсынулар, оң жақтағы мимикалық бұлшық ет парезі. Топикалық диагноз қойыңыз:

А. ми қабығы

В. қыртысасты ядролары

С. ми аяқшалары

D. оң жақтағы мишық көпірінің бұрышы

Е. сол жақтағы мишық көпірінің бұрышы

 

51. 60 жастағы науқаста біртіндеп келесі симптомдар пайда болды: жұтынудың бұзылуы, гипофония, назолалия, дизартрия. Қандай синдром туралы ойлау керек:

А. офтальмоплегиялық синдром

В. бульбарлы синдром

С. Вебер алмасушы синдром

D. Мийяр-Гублер алмасушы синдром

Е. Джексон алмасушы синдром

 

52. 60 жастағы науқаста біртіндеп келесі симптомдар пайда болды: жұтынудың бұзылуы, гипофония, назолалия, дизартрия. Процеске қандай бас сүйек-ми нервтері қатыстырылған:

А. БМН І, ІІ, ІІІ жұптары

В. БМН ІІ, ІІІ, IV жұптары

С. БМН III, IV, V жұптары

D. БМН IX, X, XII жұптары

Е. БМН VI, VII, VIII жұптары

 

53. Бет нервісінің ядросы қайда орналасқан:

А. ми аяқшаларында

В. ортаңғы мида

С. варолиев көпірінде

D. сопақша мида

Е. жұлында

 

54. 28 жастағы науқаста келесі симптомдар пайда болған: жұтынудың бұзылуы, сөйлеу артикуляциясының бұзылуы, мыңқылдап сөйлеу, фонацияның бұзылуы, жұтыну және таңдау рефлекстерінің жоғалуы. Бұл синдром қай ауруға тән емес:

А. баған энцефалиті

В. базальды менингит

С. сирингомиелияның бульбарлы түрі

D. радикулит

Е. бағанды инсульт

 

55. 49 жастағы науқаста жоғарғы артериялық қысым салдарынан бет асимметриясы, оң жақта мимикалық бұлшық еттер парезі, оң жақта гиперакузия, оң көздің құрғауы, оң жақ дәмнің өзгеруі дамыған. Топикалық диагноз қойыңыз:

А. мишық көпірінің бұрышы

В. үлкен тасты нерв ыдырауына дейінгі фаллопий каналы

С. үзеңгілік нерв ыдырауына дейінгі фаллопий каналы

D. дабыл шегінің ыдырауына дейінгі фаллопий каналы

Е. дабыл шегінің ыдырауынан кейінгі фаллопий каналы

 

56. 21 жастағы науқаста нейроинфекциядан кейін бет асимметриясы, мимикалық бұлшық ет парезі, гиперакузия, дәмнің бұзылуы пайда болды. БМН қандай жұбы зақымданған:

А. БМН ІІІ жұбы

В. БМН V жұбы

С. БМН VI жұбы

D. БМН VII жұбы

Е. БМН VIIІ жұбы

 

57. 21 жастағы науқаста нейроинфекциядан кейін бет асимметриясы, мимикалық бұлшық ет парезі, гиперакузия, дәмнің бұзылуы пайда болды. Топикалық диагноз қойыңыз:

А. мишық көпірінің бұрышы

В. үлкен тасты нерв ыдырауына дейінгі фаллопий каналы

С. үзеңгілік нерв ыдырауына дейінгі фаллопий каналы

D. үзеңгілік нерв ыдырауынан кейінгі фаллопий каналы

Е. дабыл шегінің ыдырауына дейінгі фаллопий каналы

 

58. Кезбе нервісінің зақымдануына тән емес:

А. дисфония

В. дисфагия

С. жүрек ритмінің бұзылуы

D. дәмнің бұзылуы

Е. тыныс алудың бұзылуы

 

59. Тіл асты нервісінің ядросы зақымдануының ядроүстілік зақымдану ерекшелігімен бөлінеді:

А. дизартрия

В. тіл қозғалысының шектелуі

С. фибрилляция

D. кезбе нервтің ілеспелі зақымдануы

Е. барлық аталғандар

 

60. Әкетуші нервісінің ядросы қайда орналасқан:

А. ми аяқшаларында

В. ортаңғы мида

С. варолиев көпірінде

D. сопақша мида

Е. жұлында

 

61. Ми қыртысы қанша қабаттан тұрады:

А. 7

В. 10

С. 6

D. 5

Е. 8

 

62. Кезбе нервісінің зақымдануына тән емес:

А. дисфония

В. дисфагия

С. жүрек ритмінің бұзылуы

D. дәмнің бұзылуы

Е. тыныс алудың бұзылуы

 

63. Қандай уақыт аралығында ауыспалы ми қан айналымы зақымдануындағы ми қан айналымы зақымдануының симптомдары кері дамуға ұшырайды:

А. бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін

В. 2-3 тәулік

С. 3-5 тәулік

D. 5-7 тәулік

Е. 1-2 апта

 

64. Бет нервісіндегі орталық парез симптомын көрсетіңіз:

А. құлақ арты маңындағы ауырсыну

В. бет жартысының мимикалық бұлшық ет парезі

С. гиперакузия

D. төменгі бет жартысының мимикалық бұлшық ет парезі

Е. тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі гипалгезия

 

65. Жүйке қабынуы синдромына тән сезімталдық зақымдануының түрлері:

А. өткізгіштік

В. түбіртектік

С. спинальды-сегментарлық

D. мононевритикалық

Е. «қолғап» және «шұлық» типтері бойынша

 

66. 20 жастағы науқаста салқын тигеннен соң, құлақ арты маңы ауыратын болды. Біраз уақыттан кейін сол көзі нашар жабылатынын, аузының оң жаққа қарай қисайғанын, сұйық тамақ сол жақтан төгілетінін аңғарған. Объективті: бет асимметриясы, маңдай қыртысы солға қарай жазылған, сол көзі оң көзден үлкенірек, жабылмайды. Аузын ашқанда оңға қарай қисаяды.Аузын бұртита және ысқыра алмайды. Бұл аурудағы бет нервісінің нейропатиясының мүмкін себебін көрсетіңіз:

А. гайморит

В. мишық көпірі бұрышындағы ісік

С. фаллопий каналының туғаннан енсіздігі

D. варолиев көпіріне қан құйылу

Е. гидроцефалия

 

67. Дизартрия ненің зақымдануынан болады:

А. кезбе нерв

В. тіл-жұтқыншақ нерві

С. тіл асты нерві

D. үшкіл нерв

Е. бет нерві

 

68. Қалыптасқан сөйлеудің қыртысты бұзылысы деп нені атайды:

А. дизартрияны

В. агнозияны

С. афазияны

D. алалияны

Е. апраксияны

 

69. Науқас жай сөйлемдерді түсінеді, бірақ мақал-мәтелдің, жаңылпаштың, теңеудің мағынасын түсінбейді. Науқаста сөйлеудің зақымдануының қандай түрі байқалады:

А. моторлы афазия

В. тотальды афазия

С. сенсорлы афазия

D. дизартрия

Е. семантикалық афазия

 

70. Симпатоадреанльды кризбен ауыратын науқастарда болатын сезім:

А. қорқыныш, үрей сезімі

В. көру галлюцинациялары

С. құлақтарының шыңылдауы

D. көздерінің қарауытуы

Е. бастың ауыру сезімі

 

71. Симпатоадренальды криздерде зәр шығарудың қандай өзгерістер тән:

А. мол зәр шығару - полиурия

В. анурия

С. зәр тоқтамау

D. зәр кідірісі

Е. зәр шығарудың қиындау актісі

 

72. Вагоинсулярлы кризде қандай тамыр соғу өзгерістері байқалады:

А. брадикардия

В. тахикардия

С. экстрасистолия

D. тахиаритмия

Е. брадиаритмия

 

73. Вагоинсулярлы криздегі артериялық қан қысымының өзгерісі:

А. артериялық қан қысымының төмендеуі

В. АҚҚ жоғарылауы

С. қалыпты АҚҚ

D. АҚҚ асимметриясы

Е. диастолалық және систолалық қан қысымының араларындағы үлкен айырмашылық

 

74. Вагоинсулярлы криздегі тері қабаттарының өзгерісі:

А. бозару

В. гиперемия

С. цианоз

D. акроцианоз

Е. күлгін-сұр түс

 

75. Аралас криздер (вагоинсулярлы, симпатоадренальды). Аралас криздің симптомы:

А. қорқыныш, үрей сезімі

В. аяқ-қолдың гипертониясы

С. арефлексия

D. патологиялық рефлекстер

Е. амблиопия

 

76. Науқас сол аяғының бойлай ауыратынына шағым айтады. Объективті: сол жақтағы Валл нүктелерінің ауырсынуы, сол жақтан тартылудың оң симптомдары. Сол аяқтағы бойлық сызық түріндегі тотальды түсу. Зақымдану ошағын көрсетіңіз:

А. нерв өрімдері

В. перифериялық нервтердің дистальды шектері

С. сол жақтағы жұлынның артқы түбіртектіктері

D. сол жақтағы жұлынның алдыңғы түбіртектіктері

Е. сол жақтағы жұлынның артқы мүйізі

 

77. Геморрагиялық инсульт болу үшін жұлын сұйықтығында болу керек:

А. глюкоза деңгейінің төмендеуі

В. глюкоза деңгейінің көтерілуі

С. эритроциттердің болуы

D. лейкоциттердің болуы

Е. нейтрофилдердің болуы

 

78. 35 жастағы ауру жоғары қысымда, стресстен кейін құсу, психомоторлы қозу, птоз, оң жақта мидриаз және көз қылилығы пайда болды, менингеальды симптом. Ең мүмкін диагноз:

А. ми инфарктісі

В. жүрек инфарктісі

С. субарахноидальды қан құйылу

D. менингит

Е. энцефалит

 

79. Ауру поликлиникада түнгі мезгілде жүрісі тәлтіріктенетініне шағымданды. Объективті: бұлшық еттерінің тонусы мен күші жеткілікті, сезімталдықтың терең түрлеріне түсуі. Бақылап қарасақ қимылдар қанағаттандырады. Атаксия түрлерін атаңыз:

А. маңдай

В. вестибулярлы

С. статикалық мишық

D. динамикалық мишық

Е. сенситивті

 

80. Қандай себеп ми қан айналымының зақымдануына әкелмейді:

А. атеросклероз

В. вирус

С. қант диабеті

D. ісік

Е. ревмоваскулит

 

81. Қандай ауру ишемиялық инсультқа әкелуі мүмкін:

А. атеросклероз

В. вирус

С. бас сүйек негізінің сынуы

D. кене шағуы

Е. улану

 

82. Ортаңғы ми артериясы мидың қай құрылымдарын қанмен қамтамасыз етеді:

А. тізе, ішкі капсуланың артқы саны

В. мүйізгекті дене

С. алдыңғы орталық қатпарларының жоғарғы бөліктері

D. ішкі капсуланың алдыңғы саны

Е. гипоталамус

 

83. Артқы ми артериясы мидың қай құрылымдарын қанмен қамтамасыз етеді:

А. ішкі капсуланың артқы санының алдыңғы 2/3 бөлігі

В. мишық

С. шүйде бөлігі

D. маңдай бөлігі

Е. иіс сезу трактісі

 

84. Омыртқа артериясы бассейніндегі қан жүрудің бұзылуынан не пайда болады:

А. Валленберг-Захарченко синдромы

В. Броун-Секар синдромы

С. Парин синдромы

D. Фовилль синдромы

Е. Дюшенн-Эрба синдромы

 

85. Қандай симптом инсультте кездеспейді:

А. гемипарез

В. гемигипестезия

С. атаксия

D. қызба

Е. гемианопсия

 

86. Инсультте сал ауруының қандай түрі кездеседі:

А. аяқ басының перифериялық парезі

В. спастикалық гемипарез

С. тетрапарез

D. білезіктің перифериялық парезі

Е. жоғарғы аяқ-қолдың перифериялық парапарезі

 

87. Ишемиялық инсультта қандай препараттар қолданылмайды:

А. кавинтон

В. стугерон

С. дицинон

D. инстенон

Е. гепарин

 

88. Геморрагиялық инсультта қандай препараттар тағайындалады:

А. гепарин

В. синкумар

С. викасол

D. ацетилсалицил қышқылы

Е. нистатин

 

89. Вертебральды-базилярлы артериялар бассейніндегі инсульттің дамуына келесі зақымданулар тән:

А. спастикалық гемипарез, гемигипестезия және оң жақтағы гемианопсия

В. тотальды афазия, спастикалық гемипарез және оң жақтағы гемигипестезия

С. оң қолының проксимальды бөлігінің және оң аяғының дистальды бөлігінің спастикалық параличі

D. антисоциальды мінез-құлықтың элементтері, сынның төмендеуі, аяғының оң жақты спастикалық парезі

Е. бас айналу, нистагм, координаторлық сынамаларды орындау кезіндегі атаксия, Ромберг қалпындағы орнықсыздық

 

90. Геморрагиялық инсульт төмендегі бөліктердің қайсысында жиі дамиды:

А. үлкен жарты шарларда

В. ішкі капсулада

С. мишықта

D. сопақша мида

Е. ми қарыншаларында

 

91. Вертебральды-базилярлы артериялар бассейніндегі инсульттің дамуына келесі зақымданулар тән:

А. моторлы афазия, спастикалық гемипарез және оң жақтағы гемигипестезия

В. психикалық бұзылыстар, оң табандағы монопарез

С. сенсорлы афазия, оң жақтағы гемигипестезия

D. беттің мимикалық бұлшық еттері мен тілдің орталық парезі, спастикалық гемипарез және сол жақтағы гемигипестезия

Е. сол жақтағы мидриаз және птоз, сол көзінің алмасы жоғары, төмен, ішке қарай қозғалысының шектелуі, оң жақтағы спастикалық гемипарез

 

92. Субарахноидальды қан құйылудағы ликвордың түсі:

А. «ет жуындысы»

В. жасыл

С. сары

D. түссіз

Е. қоңыр

 

93. Үштік нервісіндегі классикалық невралгияға ненің болуы тән:

А. перманентті ауырсыну синдромы

В. беттегі V нервісінің ІІ және ІІІ тармақтарының иннервациялары маңындағы гипалгезиялар

С. беттегі шақпақты аймақтар

D. ұстама кезіндегі психомоторлы қозу

Е. В және С дұрыс

 

94. Сол жақтағы ортаңғы ми артериясының ми қыртысы асты бұтақшалары бассейндегі тотальды инфаркттегі клиникалық синдром келесі симптомдардан тұрады:

А. моторлы, сенсорлы афазия, спастикалық гемипарез және оң жақтағы гемигипестезия

В. гемианопсия, спастикалық гемиплегия және оң жақтағы гемигипестезия

С. психикалық бұзылыстар, жармасу рефлексі, оң табандағы спастикалық монопарезі

D. төменгі спастикалық параплегия

Е. оң жақтағы беттің мимикалық бұлшық еттерінің перифериялық парезі және сол жақтағы спастикалық гемипарез

 

95. Үшкіл нервісінің невралгиясының патогенетикалық терапиясының ең тиімді әдісі ретінде не тағайындайды:

А. анальгетиктер

В. спазмолитиктер

С. тырыспаға қарсы құралдар

D. барлық аталғандар

Е. барлық аталғандар дұрыс емес

 

96. Ауруды қарағанда кремастерлік рефлекстің түсуі анықталған. Омыртқаның қай деңгейінде ЯМР-зерттеуді тағайындауға болады:

А. мойын

В. кеуде

С. бел омыртқасы

D. сегізкөз

Е. құйымшақ

 

97. Сол жақтағы алдыңғы ми артериясы бассейндегі инсультқа келесі зақымданулар тән:

А. антисоциальды мінез-құлықтың элементтері, сынның төмендеуі, аяғының оң жақты спастикалық парезі, жармасу рефлексі

В. сенсорлы афазия, спастикалық гемипарез, оң жақтағы гемигипестезия

С. гомонимды гемианопсия, спастикалық гемипарез, оң жақтағы гемигипестезия

D. оң көз алмасы қозғалысының ішке қарай шектелуі, сол жақты гемипарез

Е. сол жақтағы мимикалық бұлшық еттерінің перифериялық парезі, оң жақтағы гемипарез

 

98. Сол жақтағы артқы ми артериясы бассейндегі инсультқа тән:

А. алексия, гомонимная, оң жақтағы гемианопсия, көру агнозиясы

В. сенсомоторлы афазия, оң жақтағы спастикалық гемипарез

С. гемианопсия, спастикалық гемипарез, оң жақтағы гемигипестезия

D. психикалық бұзылыстар, оң табандағы спастикалық монопарезі

Е. төменгі спастикалық парапарез

 

99. Тізе асты шұңқырындағы асықжілік нервісінің қысылуы синдромы неге тән:

А. табан бүгілуінің әлсіздігі

В. бұлшық еттердің перонеальды тобының гипотрофиясы

С. жіліншіктің сыртқы бетіндегі гипалгезия

D. ахилл рефлексінің жоғарылауы

Е. тізе рефлексінің жоғарылауы

 

100. 27 жастағы науқас оң қолындағы әлсіздікке шағымданады, балдақ пайдаланады. Объективті: білезік пен саусақтың бүгуші бұлшық еттерінің күші төмендеуі, иықтың артқы бөлігі бойынша сезімталдықтың төмендеуі. Иықтың үшбасты бұлшық еттері рефлексінің төмендеуі. Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

А. шынтақ нервісінің невропатиясы

В. ортаңғы нервісінің невропатиясы

С. білезік каналының синдромы

D. сәулелік нервісінің невропатиясы

Е. Дежерин-Клюмпк плекситі

 

101. 55 жастағы аурудың бетінің жарты бөлігінде ұстама тәрізді ауырсынулар, бір нәрсе тиіп кеткенде, шайнағанда, жұтынғанда ұлғая ауырады, кеңсірігінде тиіп кеткенде ауыратын нүкте бар. Ықтимал диагнозыңыз:

А. есту нервісінің невриті

В. тіл-жұтқаншақ нервісінің невралгиясы

С. үштік нервісінің невралгиясы

D. құйымшақ нервісінің невралгиясы

Е. асықжілік нервісінің нейропатиясы

 

102. В1 витамині жетіспеушілігімен байланысты болатын полинейропатиялар неден болады:

А. созылмалы алкоголизмнен

В. порфириядан

С. пеллаградан

D. қант диабетінен

Е. қорғасынмен уланғанда

 

103. Шынтақ нервісінің нейропатиясына не тән:

А. «салбыраңқы білезік»

В. білезіктің І, ІІ саусақтары маңындағы сезімталдықтың бұзылуы

С. IV, V саусақтарды ретке келтірудің мүмкін болмауы

D. А және С дұрыс

Е. барлық аталғандар

 

104. Сан нервісінің нейропатияға не тән:

А. Ласег симптомы

В. санның төртбасты бұлшық етінің әлсіздігі

С. ахилл рефлексінің болмауы

D. барлық аталғандар

Е. В және С дұрыс

 

105. Үштік нервісінің невралгияның себебі:

А. қосалқы қойнау аурулары

В. ми негізінде ми қабыршағының бүгілген тамырларымен жаншылуы

С. көз асты және төменгі жақ каналдарындағы нерв бұтақшаларының жаншылуы

D. барлық аталғандар

Е. В және С дұрыс

 

106. Асықжілік нервісінің зақымдануының клиникалық белгілері:

А. табан бүгілуінің парезі

В. сирақтың ішкі қабаты бойынша гипестезия

С. тізе рефлексінің түсуі

D. барлық аталғандар

Е. А және В дұрыс

 

107. Ортанжілік нервісінің нейропатиясына не тән:

А. ахилл рефлексінің түсуі

В. білезіктің І, ІІ саусақтары маңындағы сезімталдықтың бұзылуы

С. табанның IV, V саусақтарын ретке келтірудің мүмкін болмауы

D. А және С дұрыс

Е. барлық аталғандар

 

108. Артқы латеральды жарықты көтеру кезінде қай қабыршақ қысылады:

А. аттас қабыршақ

В. төмен жатқан қабыршақ

С. бірнеше төмен жатқан қабыршақ

D. төмен жатқан ат құйрығы қабыршақтары

Е. жоғары жатқан қабыршақ

 

109. Парамедиальды жарық ненің езілуіне әкеп соғады:

А. аттас қабыршақ

В. төмен жатқан қабыршақ

С. бірнеше төмен жатқан қабыршақ

D. төмен жатқан ат құйрығы қабыршақтары

Е. жоғары жатқан қабыршақ

 

110. SI түбіртектік қысылуының синдромы қалай байқалады:

А. балтырдың үшбасты бұлшық еттері мен табан саусақтарын бүгілу күшінің төмендеуі:

В. тізе рефлексінің төмендеуі

С. ахилл рефлексінің түсуі

D. барлық аталғандар

Е. В және С дұрыс

 

111. Алмұрт тәрізді бұлшық ет синдромына тән емес симптомды атаңыз:

А. санды қозғалту кезіндегі ауырсыну

В. балтыр мен табандағы ауырсыну

С. оқтын-оқтын ақсау

D. жүру кезіндегі аяқтарының бозаруы

Е. жамбастың бұзылуы

 

112. Вирусты энцефалит кезіндегі ликвордағы өзгерістер үшін ненің болуы тән емес:

А. лимфоцитарлы плеоцитоз

В. ақуыз құрамының көп болуы

С. глюкоза мен хлоридтердің құрамын көбейту

D. А және В дұрыс

Е. В және С дұрыс

 

113. Жұлын қабыршақтары қысылуының жиі болатын себептері:

А. миелит

В. энцефаломиелополирадикулоневрит

С. диск жарығы

D. спинальды қан айналымының бұзылуы

Е. кіші жамбас астауы органдарындағы ісік

 

114. Жарықты латеральды орнықтыру кезінде қай қабыршақ қысылады:

А. аттас қабыршақ

В. төмен жатқан қабыршақ

С. бірнеше төмен жатқан қабыршақ

D. ат құйрығы қабыршақтары

Е. жоғары жатқан қабыршақ

 

115. Парамедиальды жарық ненің езілуіне әкеп соғады:

А. аттас қабыршақ

В. төмен жатқан қабыршақ

С. бірнеше төмен жатқан қабыршақ

D. төмен жатқан ат құйрығы қабыршақтары

Е. жоғары жатқан қабыршақ

 

116. Ортаңғы орнықтыру дискі ненің езілуіне әкеп соғады:

А. аттас қабыршақ

В. төмен жатқан қабыршақ

С. жоғары жатқан қабыршақ

D. бірнеше жоғары жатқан қабыршақ

Е. төмен жатқан ат құйрығы қабыршақтары

 

117. Менингит диагностикасында ненің мәні зор:

А. дене температурасының жоғарылауы арқылы аурудың жедел басталуы

В. менингеальды синдроммен аурудың жедел басталуы

С. жұлын сұйықтығының өзгеруі

D. жұқпалы-уытты шок синдромы

Е. көз түбіндегі іркілу белгілері

 

118. Мидың өлуі диагностикасында төмендегі зерттеу тәсілдерінің қайсысының мәні зор:

А. электроэнцефалография

В. компьютерлік томография

С. ангиография

D. эхоэнцефалография

Е. магнитті-ядролы томография

 

119. Жедел кене энцефалитіне тән емес:

А. күз-қыс кезеңінде ауыру

В. менинго-энцефалитикалық синдром

С. бас сүйек ішіндегі қысымның көтерілуі

D. жоғары иық белдеуінің бұлшық еттеріндегі әлсіз парез бен паралич

Е. аурудың басындағы қызба

 

120. Иық өріміндегі төменгі параличі – Клюмпке параличі ненің зақымдануынан болады:

А. С3-С4 қабыршақтары

В. С5-С6 қабыршақтары

С. С7-С8 қабыршақтары

D. С8-Д1 қабыршақтары

Е. Д2-Д3 қабыршақтары

 

121. Омыртқа остеохондрозына анағұрлым тән ағымды көрсетіңіз:

А. жылдам

В. жедел

С. жеделше

D. созылмалы

Е. үздіксіз қарқындайтын

 

122. Түбіртектік қысылуының клиникалық симптомын көрсетіңіз:

А. дерматомды гипоальгезия

В. сезімталдықтың диссоцияланған бұзылуы

С. Броун-Секар синдромы

D. зақымдану бөлігіндегі бұлшық еттің ортаңғы параличі

Е. жамбас астауының органдары қызметінің бұзылуы

 

123. Серозды менингит келесі бактериялардан болуы мүмкін:

А. бруцеллез тудырушы

В. гемофильді Афанасьев-Пфейфер таяқшасы

С. туберкулездің микобактериясы

D. А және С дұрыс

Е. В және С дұрыс

 

124. Түбіртектік қысылуының клиникалық симптомын көрсетіңіз:

А. терең рефлексінің жандануы

В. терең рефлексінің әлсізденуі мен түсуі

С. ошақ бөлігіндегі аяқтарының перифериялық түрде параличі

D. қарама-қарсы бөліктегі аяқтарының перифериялық параличі

Е. ошақ бөлігіндегі аяқтарының орталық параличі

 

125. Ат құйрығында вертеброгенді қысылуынан болады:

А. аяғының қатты ауыруы

В. «шабандоз шалбары» типі сезімталдығының бұзылуы

С. жамбас астауының органдары қызметінің бұзылуы

D. табанның перифериялық түрде параличі

Е. табанның ортаңғы түрде параличі

 

126. Люмбалгияда кездеспейтін клиникалық симптомды көрсетіңіз:

А. қозғалғанда ұлғаятын, белдің сыздап ауыруы

В. зақымданған омыртқа сегменті деңгейіндегі өскіндердің ауыруы

С. зақымданған омыртқа сегменті деңгейіндегі қылқанаралық байламдардың ауыруы

D. бел бөліктерінің қисаюы

Е. тізе рефлексінің болмауы

 

127. Люмбоишиалгияда кездеспейтін клиникалық симптомды көрсетіңіз:

А. бөксенің ауыруы

В. аяқтың артқы сыртқы бөлігінің ауыруы

С. аяқ саусақтарының ауыруы

D. үлкен ұршықтың ішкі шегіндегі ауырсыну

Е. тізе асты шұңқырындағы ауырсыну

 

128. Люмбоишиалгияға тән емес клиникалық симптомды атаңыз:

А. бұлшық етте ауыратын түйіндердің болуы

В. көп бөлікті бұлшық еттердің гомолатеральды ширығуы

С. аяқтағы қызу, тоңу сезімі

D. ахилл рефлексінің болмауы

Е. аяқтың түсінің, температурасының өзгеруі

 

129. Қай ауруда эпидемиологиялық анамнез маңызды:

А. менингококктік менингит

В. герпетикалық менингоэнцефалит

С. саңырауқұлақ менингиті

D. көкіріңді таяқшаларынан болатын менингит

Е. сифилитикалық менингит

 

130. Төмендегі менингеальды Брудзинский симптомын анықтау үшін:

А. аурудың басын алға қарай еңкейту

В. төстің буындасу аймағын жаншу

С. аурудың тізе және ұршық буындарында бүгілген аяғын түзету

D. санның төртбасты бұлшық етін жаншу

Е. табанды жазу

 

131. Жұлын сұйықтығы (0,1 г/л дейін) құрамындағы қант деңгейінің төмендеуі неден болатын менингитке тән:

А. тұмау вирусынан

В. пневмококктан

С. паротит вирусынан

D. туберкулез таяқшасынан

Е. стафилококктан

 

132. Іріңдердің ликвор жолына өтуін ауруда ненің байқалуымен түсіндіруге болады:

А. жоғары температура

В. менингеальды синдром

С. люмбальды пункция кезіндегі жұлындағы бұлдыр сұйықтық

D. барлық аталғандар

Е. А және В дұрыс

 

133. Туберкулезді менингитпен ауыратын ауруда ликвор тұнғаннан 12-24 сағаттан кейін не болуы мүмкін:

А. опалесценция

В. фибринді пленка

С. ксантохромия

D. А және В дұрыс

Е. бәрі бірге алынғандар

 

134. Жедел лимфоцитарлық менингитке тән емес:

А. жоғары қызба

В. бас ішіндегі гипертензия

С. ликвордағы клеткалы-ақуызды диссоциация

D. ликвордағы глюкоза деңгейінің төмендеуі

Е. психомоторлы қозу

 

135. Жедел шашыранды энцефаломиелит кезіндегі көз өткірлігінің төмендеуі ненің зақымдануына байланысты:

А. көздің торлы қабаты

В. көру нервісі

С. сыртқы бүгілмелі денедегі бірінші көру орталығы

D. шүйде бөлігіндегі Грациолдың сәулелі тәж

Е. көру қабығы

 

136. Герпетикалық энцефалит үшін ненің болуы тән емес:

А. жалпы ми симптомы және сананың зақымдануы

В. бас сүйек ішіндегі гипертензия мен көз түбіндегі тұнба

С. тырыспалы талмалар

D. гемипарездер

Е. гемиатаксиялар

 

137. Энцефалитті емдеу үшін келесі вирусқа қарсы препараттардың қайсысы қолданылмайды:

А. оксолин

В. ловир

С. ацикловир

D. аденозин-арабинозид

Е. нуклеаз

 

138. Жедел лимфоцитарлық Армстронг менингиті немен сипатталады:

А. жоғары температура

В. менингеальды синдром

С. гипертензиялық синдром

D. сананың бұзылуы

Е. жарықтан қорқу

 

139. Жедел полиомиелиттегі паралитикалық сатысының екінші аптасында жұлын сұйықтығында не байқалады:

А. глюкозаның қалыпты деңгейі

В. ақуыз-клеткалық диссоциация

С. хлоридтердің қалыпты деңгейі

D. эозинофильді цитоз

Е. ликвордағы фибринді пленканың түсуі

 

140. Менингококктік менингитті емдеу үшін нені таңдаған дұрыс:

А. клиндамицин

В. тетрациклин

С. эритромицин

D. канамицин

Е. левомицитин

 

141. Іріңді менингит неден болмайды:

А. стафилококк

В. менингококк

С. пневмококк

D. вульгарлы протей

Е. лептоспиралар

 

142. 30 жастағы науқастың температурасы 40оС-қа дейін көтерілген, басы ауырады, оң көз алмасы ісіңкі, қозғалыссыз, орта желі бойынша орналасқан, оң жақтағы птоз және мидриаз. Жақында бастың шашты бөлігіндегі фурункулезбен ауырған. Ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

А. ишемиялық инсульт

В. геморрагиялық инсульт

С. кавернозды синус тромбозы

D. туберкулезді менингит

Е. менингококктік менингит

 

143. Жедел шашыранды энцефаломиелитте сирек кездесетін құбылыс:

А. төменгі спастикалық параплегия

В. бульбарлы зақымдану

С. экстрапирамидалық зақымдану

D. Броун-Секар синдромы

Е. трофикалық зақымдану (тесілу)

 

144. Жоғары жұққыштық қандай менингитке тән:

А. көкіріңді таяқша

В. стафилококк

С. жай герпес вирусы

D. Коксаки және ЕСНО вирусы

Е. Кох таяқшасы

 

145. Төменгі кеуде деңгейіндегі жедел ошақтық көлденең миелит үшін ненің болуы тән емес:

А. төменгі параплегия

В. сезімталдық зақымдануының өткізгіш түрі

С. жамбас астауы органдары қызметінің бұзылуы

D. жұлынның субарахноидальды кеңістігіндегі блокада

Е. бульбарлы зақымданулар

 

146. Анамнезінде өкпе туберкулезі көрсетілген 58 жастағы ауруда бас ауыруы, арықтау, жалпы әлсіздік, шаршау, қитарланған қылилық, төмен қарағанда қосарлану сезімі пайда болды. Ықтимал диагнозыңыз:

А. ишемиялық инсульт

В. геморрагиялық инсульт

С. радикулит

D. туберкулезді менингит

Е. бет нервісінің нейропатиясы

 

147. Жедел шашыранды энцефаломиелит кезіндегі қозғалу мен сезімталдықтың бұзылуы ненің зақымдануынан болады:

А. бас миы

В. жұлын

С. қабыршақтар мен перифериялық нервтер

D. А және В дұрыс

Е. барлық аталғандар

 

148. Кене энцефалитін жұқтырудың трансмиссиялық жолындағы инкубациялық кезеңі:

А. 3-5 күн

В. 2-2,5 ай

С. 1-3 күн

D. 8-20 күн

Е. 30-45 күн

 

149. Полиомиелит зоздырғышын атаңыз:

А. гемофильді таяқша

В. стафилококк

С. жай

D. нейротропты вирус

Е. Вейксельбаум диплококкы

 

150. Полиомиелиттің бағандық түріне тән синдром:

А. аяқ-қолдағы орталық параличі

В. псевдобульбарлы синдром

С. бульбарлы синдром

D. мишық атаксиясы

Е. акинетикалы-ригидтік синдром

 

151. Нейросифилис диагнозы төмендегі құбылыстан басқа ликворды зерттеу әдістерімен дәлелденеді:

А. үш бөлшекті ликвордың Вассерман реакциясы

В. Ланг коллоидты реакциясы

С. Райт реакциясы

D. бозғылт трепанемалардың иммобилизация реакциялары

Е. бактериологиялық реакциялар

 

152. Кене энцефалитінің қоздырушысын табыңыз:

А. ішек таяқшасы

В. риккетсия

С. сүзбелі вирус

D. спирохета

Е. стафилококк

 

153. Табиғатта қандай жануар кене энцефалитінің қоздырушысын сақтайтын болып табылады:

А. иттер, мысықтар

В. ірі қара

С. құстар

D. тиіндер, ала тышқандар, сарышұнақтар

Е. жабайы жануарлар: қасқырлар, түлкілер, аюлар

 

154. Кене энцефалитінде инфекцияның таралу жолын көрсетіңіз:

А. вертикальды

В. ауа-шаңды

С. парентеральды

D. периневральды

Е. ауа-тамшылық

 

155. Кене энцефалитінің қоздырғышын таратушыларын атаңыз:

А. гамазонды кене

В. масалар

С. дала тышқандары

D. иксодты кенелер

Е. бүргелер

 

156. Кене энцефалитімен ауыру мезгілдерін атаңыз:

А. күзгі-қысқы

В. көктемгі-қысқы

С. көктемгі-жазғы

D. көктемгі-күзгі

Е. жазғы-күзгі

 

157. Кене энцефалиті қалай басталады:

А. біртіндеп

В. жедел

С. жеделше

D. тез

Е. ұлғая

 

158. Эпидемиялық энцефалитке цереброспинальды сұйықтықтағы қандай өзгерістер тән:

А. ксантохромия

В. ақуызды-клеткалық диссоциация

С. нейтрофильді плеоцитоз

D. лимфоцитарлы плеоцитоз

Е. қант құрамының төмендеуі

 

159. Эпидемиялық энцефалиттің созылмалы сатысындағы паркинсонизм синдромын емдеу кезінде қандай патогенетикалық терапия қолданылады:

А. антикоагулянттар

В. антибиотиктер

С. L-допа препараттары

D. антиконвульсанттар

Е. антихолинэстеразалық препараттар

 

160. Полиомиелит қоздырғышын атаңыз:

А. гемофильді таяқша

В. стафилококк

С. жай

D. нейротропты вирус

Е. Вейксельбаум диплококкы

 

161. Полиомиелиттің берілу жолын атаңыз:

А. ауа-шаңды

В. контактты

С. трансмиссивті

D. парентеральды

Е. ауа-тамшылық

 

162. Полиомиелит кезінде патологиялық ошақ таралмайтын аймақты көрсетіңіз:

А. ми қабығы

В. сопақша ми

С. жұлынның алдыңғы мүйізі

D. жұлынның көлденеңі

Е. варолиев көпірі

 

163. Полиомиелиттің спинальды түріне тән синдром:

А. аяқ-қолдағы орталық параличі

В. аяқ-қолдағы перифериялық параличі

С. сенситивті атаксия

D. бульбарлы синдром

Е. псевдобульбарлы синдром

 

164. Полиомиелитте профилактиканың қай түрі тиімді:

А. арнайы киімді пайдалану

В. үркіту (қорқыту) заттарды пайдалану

С. ауруларды вакцинациялау

D. кеміргіштерді жою

Е. латентті инфекция ошағын тазалау

 


Дата добавления: 2015-10-11 | Просмотры: 1858 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.262 сек.)