Сурет.Гольджи комплексі.
Сурет салу.
1. Cурет қара қарындашпен салынуы тиіс. Кейбір бөлімдерді түрлі-түсті қарындашпен бояуға болады (клетка органоидтары, ұлпалар түрлері және т.б).
2. Биологиялық сурет үлкен, анық болуы тиіс.
3. Кейбір жағдайларда суретті схемамен алмастыруға болады.
4. Әрбір суретке берілген анықтама болуы тиіс.
Препаратты микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы қарап, суретін салатын бөлікті анықтап алыңыз (мысалы: клетка пішінін, ішкі құрылысының ерекшеліктерін). Қарындашпен жеңіл қосымша сызықтар арқылы сурет шекарасын сызып, одан соң нақты кескіні беріледі.
Орындалуы туралы есептің түрі: тапсырманы орындау және ауызша жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Клеткалық теория.
2. Препараттар дайындау.
3. Кесінділер дайындау.
4. Сурет салу.
Тәжірибелік сабақ №4-5.
Тақырыбы: Клеткадағы қорлық заттар.
Сабақтың мақсаты: Клетканың құрамындағы заттар туралы түсініктер беру.
Қажетті құрал-жабдықтар: картоп түйнегі, микроскоп, заттық шыны және жабын әйнектер, пипетка, сорғыш қағаз, сапты ине, глицерин, су, ұстара, пинцет.
Теориялық мазмұны:
Клетканың құрамында протопласттың зат алмасу заттары болады. Олар цитоплазмада, вакуольдерде және клетка қабықшасында да жинақталуы мүмкін. Бұл қосындылар көбінесе клетканың зат алмасуына пайдаланылады. Кейде қосындылар зат алмасудың соңғы өнімдері, яғниқалдықтар болып келеді де, көбінесе қымыздық (щавель) қышқылының (оксалаттар) тұздарына айналып, әртүрлі кальций оксалатының кристалдары ретінде тұнбаға түседі.
Клеткаларда органикалық қосылыстардың барлық түрлері кездеседі: көмірсулар, белоктар, майлар. Көмірсулар пластидтерде, вакуольдерде және клетка қабықшасында жинақталады. Клетка шырынында суда еритін қосылыстар: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер (инулин) кездеседі. Кейбір өсімдіктердің клетка қабықшасында гемицеллюлоза жинақталады.
Жұмыстың орындалу барысы:2-суретті салып, клетканың құрамына сипаттама беру.
2-сурет. Әр түрлі өсімдіктердің крахмал дәндері: 1 - картоп, 2 -бұршақ, 3 - бидай, 4 - жүгері, 5 - сұлы.
Орындалуы туралы есептің түрі: тапсырманы жазбаша орындау және ауызша жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Клетканың химиялық құрамы.
2. Су.
3. Белоктар.
4. Нуклеин қышқылдары.
5. Көмірсулар.
6. Липидтер.
Тәжірибелік сабақ №6-7.
Тақырыбы: Мембраналардың құрылысы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты: Мембраналардың құрылысы мен қызметі туралы түсініктер беру.
Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, дайын препараттар.
Теориялық мазмұны:
Биологиялық мембраналар деп цитоплазманы және клетканы құрайтын көптеген элементтерді шектейтін және каналшалардан, қыртыстардан, қуыстардан тұратын біріктірген жүйені құрайтын бірнеше молекулярлық қабатты функционалды құрылымдарды атайды. Биологиялық мембраналардың қалыңдығы 10 нм жоғары болмайды, бірақ та оның құрамында негізгі молекулярлық элементтер /липидтер, ақуыздар/ көп болғандықтан олардың салмағы клетканың салмағының жартысынан көбірек болады. Биологиялық мембраналар – табиғаттағы ең алғашқы және универсалды молекулалық құрылымдар. Олардың екі өлшеудегі ұзындығы қалындығынан едәуір жоғары. Бірақ, мембрананың қызмет атқару қабілеті үшін жауап беретін механизмдер оның қалыңдығымен байланысты. Мембрананың құрылымы және функциялары ұғымдарына сүйене отырып, олардың құрылымдық және функционалдық әртүрлілігінің молекулярлық-биологиялық негіздерді анықтау негізгі міндет болып табылады. Мембраналды зерттегенде, көптеген ағзалардың мембраналарың салыстырмалы зерттеудің арқасында табыстарға жетті. Бактериалды клеткалардың сыртқы мембранасы өте қарапайым, оларды модификациялауға болады. Вирустар жануарлардың клеткаларына олардың цитоплазмалық мембранасы арқылы енгізіледі. Вирустық ақуыздардың пісіп-жетілуін зерттеу арқылы мембраналық ақуыздардың биосинтезі процесің түсінуге болады. Клетканың негізгі мембраналық құрылымдары және олардың қысқаша сипаттамасы. 1. Плазматикалық мембрана. Плазматикалық мембрана клетканы сыртқы ортадан шектейді. Оның құрамына арнаулы компоненттер кіреді, олар клетка аралық контакттарға және әрекеттесулерге қатысады, гормандық жауабы және молекалардың алмасуы үшін жауап береді.
2. Ядролық мембрана. Интерфазалық қалыптағы клетканың ядролық мембрананың түрі – екі элементарлы мембрана, арасына перинуклеарлы кеңістік. Морфологиялық белгісі – саңылаутүрлі құрылымдар /диаметрі – 600 А./ Олар октагоналды торды құрайтын, морфологиялық компоненттерден тұрады. Бұл құрылымдар орналасқан жерде ішкі және сыртқы ядролық мембраналар құйлған болып көрінеді. Саңылаулар мРНК-ақуыз комплексіне ядродан цитоплазмаға ал реттеуші ақуыздарға кері қарай өтуге мүмкіндік береді деп саналады.
3. Эндоплазмалық ретикулум (ЭР) – цистерна және түтікше тәрізді құрылымдардың күрделі желісі. Ол жануарлардың клеткасының ішкі көлемінің едәуір бөлігін қамтиді. Негізгі ролі – ақуыздар биосинтездендірілетін орын, олар содан кейін шығарылады және лизосомаларға не плазмалық мембранаға кіреді. Клетка үшін қауіп туғызатын гидролиздік ферменттер ЭР-да процессингке ұшырайды. ЭР-мен рибосомалар қатынаста /бұжырлы ЭР/. Құрамына рибосомалар кірмейтін, ЭР-ның облыстары майда ЭР болып аталады. Мұнда стеролдардың биосинтезі, детоксикация және май қышқылдардың денатурациясы жүзеге асырылады. Бұл процестер b5 және Р450 цитохромдардың қатысуымен жүретін, электрондардың алмасуының жүйесіне кіреді
4. Гольджи аппараты. Бұл органелла жалпақ қаптардан /цистерналардан/ тұрады. Негізгі функция – эндоплазмалық ретикулумда синтездендірілген, гликопротеиндерді посттрансляциялық модификациялау. Олар содан кейін плазмалық мембранаға кіреді және лизосомаларға жеткізіледі. Бұл органеллалардың құрамына гликозидазалар және гликозилтрансферазалар кіреді, олар ақуыз процессингке ұшырағанда, Гольджи аппаратының басынан /цис-облыс/ оның аяғына барады /транс-облыс/
5. Лизосомалар. Бұл органеллалар макромолекулалардың деградациясы үшін жауапты және оның құрамына протеазалар және липазалар сияқты гидролитикалық ферменттер кіреді. Эндоцитозбен және фагоцитозбен алып қалынған заттар лизосомаларға везикулалар арқылы жеткізіледі. Лизосомаларда клеткалық компоненттер ыдырайды.
6. Пероксисомалар. Бұл органеллалардың құрамына тотықтандыратың ферменттер кіреді, олар АМҚ, ксантин және МҚ сияқты кішкене молекулаларды деградацияға ұшыратады. Пероксисомалардың құрамына асқын тотықтарды ыдырататын каталаза кіреді, сондықтан оларды солай атап кеткен.
7. Митохондриялар. Бұл органеллаларда тотықтандыру фосфорлендіру жүзеге асырылады, оның нәтижесінде сукцинат сияқты субстраттың тотықтануының нәтижесінде АТФ пайда болады. Митохондрияларды екі мембрана құрайды, олардың арасында аралық бар. Митохондриялардың ішкі аймаға матрикс деп аталады. Ішкі мембрана кристалар деп аталатын далдаларды құрайды, олар электрондардың алмасуы мен АТФ синтезіне қатысады.
8. Хлоропласттар. Құрамына фотосинтездік аппарат кіреді. Құрамы - екі мембранадан тұратын, сыртқы қабық және ішкі строма. Строманың ішінде тилакоидтік мембраналар орналасады, олар фотосинтез процесі үшін жауапты.
Жұмыстың орындалу барысы: 3-суретті салып, мембрананың құрылысына сипаттама беру.
3-сурет. Мембрананың құрылысы.
Орындалуы туралы есептің түрі: тапсырманы жазбаша орындау және ауызша жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Мембрананың құрылымы және қызметтері.
2. Мембрананың қасиеттері.
Тәжірибелік сабақ №8-9.
Тақырыбы: Мембраналы органеллалардың құрылысын талдау.
Сабақтың мақсаты: Мембраналы органеллалардың құрылысы туралы түсініктер беру.
Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, дайын препараттар.
4-сурет.Эндоплазмалық тор: тегіс және бұдырлы құрылымы. 10 000 есе үлкейтілген сурет.
5-сурет. Клетканың құрылысы.
6-сурет. Митохондрияның құрылысы.
сурет.Гольджи комплексі.
Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 2234 | Нарушение авторских прав
|