Сурет.Лизосомалар.
9-сурет.Клетка орталығы.
Жұмыстың орындалу барысы:4-9 суреттерді салып, клетканың құрылысына сипаттама беру.
Теориялық мазмұны:
Рибосомалар – екi әртүрлi бөлiктерi – суббiрлiгi бар органоидтар. Рибосомалар дөңгелек, диаметрi 15,0-35,0 нм. Олардың құрамына бiрдей мөлшерiнде белок пен РНҚ бар. цитоплазмада рибосомалар бос немесе эндоплазмалық тор мембранасының сыртқы бетiн (бұдырлы мембрана) және ядроның сытрқы қабықшасында орналасады. Синтезделетiн белок түрiне байланысты рибосомалар «бiр – бiрден жұмыс жасай алады» немесе комплекстерге бiрiгедi – полирибосомалар. Мұндай комплексте рибосомалар ұзын а-РНҚ–молекуласымен байланысады. Рибосомаларды (р-РНҚ) ядрода кейбiр хромосоманың ДНҚ молекуласында синтезделедi.
Клетка орталығы бiр-бiрiне бұрыш жасап орналасқан екi кiшкене цилиндр тәрiздi денелерден тұрады. Олар центриолдар деп аталады. Центриоль қабырғалары микротүтiкшелер бар. Центриольдар цитоплазманың өзiн-өзi жасаушы органоидтарына жатады. Клетка орталығы клеткалық бөлiнуде маңызды роль атқарады (16-сурет).
Орындалуы туралы есептің түрі: тапсырманы жазбаша орындау және ауызша жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Клетканың органоидтарына сипаттама.
2. Митохондрияның құрылымы және қызметі.
3. Эндоплазмалық тордың құрылымы және қызметі.
4. Гольджи комплексінің құрылымы және қызметі.
5. Лизосомалардың құрылымы және қызметі.
6. Клетка орталығының құрылымы және қызметі.
Тәжірибелік сабақ №10-11.
Тақырыбы: Ядроның құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Ядроның құрылысы туралы түсініктер беру.
Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, дайын препараттар.
Теориялық мазмұны:
Ядро - өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды. Ядроның құрылысы күрделі.Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды.
Ядро мембранасы құрылысы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады. Ядро мембранасының саңылаулары эндоплазмалық тордың саңылауларына сәйкес ашылады. Жасушаның бөлінуі кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді. Оның мембранасы шалаөтгіштік қасиетке ие. Жасушалар ядросының санына қарай бір ядролы және көп ядролы болып бөлінеді. Омыртқалы жануарлардың бауыры, сүйік, бұлшық ет ұлпалары және қарапайымдар көп ядролы болады. Ядроның құрамы күрделі, онда тірі организмнің тұқым қуалайтын белгілері мен қасйетерін сақтайтын хромосомалар, ядро шырыны, ядрошық, РНҚ және т.б. құрамдас бөліктер болады.
Жасушаның тіршілігіне байланысты ядроның құрамы, қызыметі, пішіні мен мөлшері өзгеріп отырады. Жасушаның тіршілік циклі екі кезеңге бөлінеді: а) бөліну циклі; оған митоздық және мейоздық бөлінулер жатады; ә) екінші циклі-ядроның бөлінуге дайындық кезеңі, оны интерфраза деп атайды.
Ядро шырыны - ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарды толтырып тұратын қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен көмір сулар болады.
Ядрошық - шар тәрізді тығыз денешік, оның мөлшері 1-2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Ядрошықтың құрамында 1,5% ДНҚ және 8,0% нәруыз болады. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ және 30% ядролық РНҚ синтезделеді. Жасуша бөлінген кезде ядрошық жойылып кетеді.
Хромосомалар. Хромосомалар-ДНҚ-ның жіпшелерінен және нәруыздан тұратын ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосоманы өзіне тән бояулармен бояп, жасушаның бөлінуі кезінде қарағанда, құрылысы мен құрымы өте жақсы және анық байқалған.
Әр түрге тән хромосомалар пішіндері және сандары жөнінен бір-бірінен айырмашлықтары болады. Мысалы, адамда-46, жылқыда-66, бақада-26, дрозофилада-8, жүгеріде-20, бұршақта-14 хромосома бар.
Хромосома дегеніміз - ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылынқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік.
Гистон дегеніміз - хромосомадағы құрылыс қызыметін атқаратын нәруыз. Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына, ДНҚ мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беретін нәруыздың қызыметін атқарады.
Центромералар хромосоманы екі ашаға бөледі, осыған байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
1. Егер центромера хромосоманың дәл ортасында орналасса, онда ол тең екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін метацентірлі хромосомалардеп атайды.
2. Егер центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін субметацентірлі хромосомалар дейді.
3. Егер центромера хромосоманың бір үшына жақын орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады. Хромосомалардың типін акроцентірлі хромосомалар деп атайды.
4. Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, ондай типті тело-
центрлі хромосомала деп атацды.
5. Кейбір хромосомаларда екіші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аэ бөлігін негізгі бөлімінен бөліп тұрады, хромосомалардың мұндай типін спуткикті (қосшы) хромосомалар деп атайды.
Жұмыстың орындалу барысы:10-11 суреттерді салып, ядроның құрылысына сипаттама беру.
10-сурет.Ядроның құрылысы.
11-сурет. Хромосомада ДНҚ-ның жинақталуы.
Орындалуы туралы есептің түрі: тапсырманы жазбаша орындау және ауызша жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Ядроның құрылысы.
2. Ядроның қызметі.
Тәжірибелік сабақ №12-13.
Тақырыбы: Рибосомалар, центриольдер, цитоқаңқа. Кірінділерді талдау.
Сабақтың мақсаты: Рибосомалар, центриольдер, цитоқаңқа. Кірінділер туралы түсініктер беру.
Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, дайын препараттар.
Теориялық мазмұны:
Микротүктер – клетканың беттік кешенінің туындылары. Олар клетка бетін ұлғайтып, сыртқы ортадан заттарды сіңіру қызметін атқарады.
Микротүктер плазмалемманың ұзындығы 1-2 мкм, диаметрі 0,1 мкм болатын өсінділері. Гиалоплазмада актинді микрофиламенттердің ұзына бойлық шоқтары өтеді, сондықтан микротүктердің ұзындықтары өзгеріп отырулары мүмкін. Бұл – заттардың жасушаға өтулерін реттеудің бір түрі. Микротүктердің беті гликокаликспен қапталады. Сору белсенді түрде жүрген кезде микротүктер бір-біріне тығыз орналасады да, олардың гликокаликстері косылып кетеді. Осындай кешенді щеткалы жиек деп атайды. Щеткалы жиектің гликокаликсінің молекулалары ферментті белсенді болып келеді.
Биологиялық мембраналар клетканы тек қана сыртқа ортадан бөліп қоймай, сондай-ақ, өздерінің құрылымдары мен қызметтік ерекшеліктері бар, жеке-жеке аймақтарға – компартменттерге бөледі. Осындай компартменттермен байланысқан мембраналардың өздеріне сай ерекшеліктері болады. 7 мкм-ге жететін аса ұзын микротүктерді стереоцилиялар деп атайды. Олар кейбір, мысалы, есту және тепе-теңдік мүшелерінің сенсорлы клеткалары сияқты арнайы клеткаларда кездеседі. Олардың бастапқы сору қызметтері жойылады да, қызметтері алғашқы орналасуларын өзгертулерімен байланысты болады. Клетка бетінің конфигурациясының өзгеруі клетканы қоздырады, қозу нерв талшықтарының ұштарына беріледі, ал сигналдар орталық нерв жүйелеріне барады. Стереоцилияларды микротүктердің модификациясынан туындаған арнайы органеллалар ретінде қарастыруға болады.
Микротүтікшелер. Барлық эукариотты клеткаларда болатын микротүтікшелердің құрылысы ұзын жіп тәрізді, цитоплазмада созылған және торды құрайды. Ол құрылыстық ұйымды және кейбір органеллелардың (эндоплазмалық ретикулумды) ұстап тұрады. Сонымен қатар микротүтікшелер маңызды роль атқарады: клетканың бөлінуі; клеткаішілік тасымалдауда, әсіресе синаптикалық көпіршіктердің ауысуы; Гольжи комплексіне эндоплазмалық ретикулумға заттарды рециркуляциялау. Клетканың қозғалмалығы. Жұмыстың орындалу барысы:12-13 суреттерді салып, цитоқаңқа мен рибосома құрылысына сипаттама беру.
12-сурет. Микротүтікшелер.
Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 2139 | Нарушение авторских прав
|