АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Сурет. Рибосома

Прочитайте:
  1. Сурет.Гольджи комплексі.
  2. Сурет.Лизосомалар.

Орындалуы туралы есептің түрі: тапсырманы жазбаша орындау және ауызша жауап беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Клетканың құрылымдарына сипаттама.

2. Клетка қозғалысын түсіндіріңіз.

 

Тәжірибелік сабақ №14-15.

 

Тақырыбы: Амитоз. Эндомитоз.

Сабақтың мақсаты: Клетканың құрылымдары туралы түсініктер беру.

Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоп, дайын препараттар.

Теориялық мазмұны:

Амитоз. Ахроматин ұршығын түзбей, ядроның тікелей бөлінуі амитоз деп аталады. Бөліну ядроның бунақталып екі бөлікке бөлінуімен жүреді, кейде бір ядродан бірден бірнеше ядро түзіледі (фрагментация). Клетканың амитоз жолымен бәлінуі бірқатар арнайы клеткаларда және патологиялық тканьдерде үнемі кездеседі. Мысалы, картоптың крахмал түзуші клеткаларында, регенерация кезіндегі бұлшық ет клеткаларында, рак клеткаларында, қарапайым организмдерде болады.
Эндомитоз. Эндомитоз деп клеткадағы хромосоманың репродукциялануы кезінде ядроның бөлінбей жүру процесін айтады. Осының нәтижерінде клеткада хромосома саны көбейеді, кейде ол бастапқы санымен салыстырғанда ондаған есе артады. Эндомитоз өсімдіктердегі сияқты жануарлардың да әр түрлі тканьдердегі белсенді жұмыс істейтін клеткаларында кездеседі. Кейде хромосомалардың пайда болуы клеткадағы олардың санының өсуінсіз өтеді. Бұл кезде әр хромосома еселеп еседі, бірақ жас хромосома өзара байланысқан күйінде қалады. Бұл құбылыс политения деп аталады. Ол эндомитоздың жеке жағдайынан тұрады. Политенді хромосомада жіпшелер саны 1000-2000 шамасына жетеді. Бұл кезде аса зор алып хромосомалар түзіледі. Политения құбылысы бірқатар диффереицияланған тканьлеткаларда байқалады және ол клетка ядросының ерекше байланысты болады. Клетканың белінуі процесіндегі болатын ерекшелігін бағалау үшін,
хромосоманың құрылысын және ұдайы дамып отыруын, яғни оның
репродукциясын жан-жақты қарастыру қажет.

Жұмыстың орындалу барысы:14-16 суреттерді салып, клетканың бөліну түрлерін сипаттау.

14-сурет. Митоздық бөліну.

15-сурет. Мейоздық бөліну.


Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 1103 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)