Ауруды сипаттау.
Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП)- біріншілік геморрагиялық диатез;негізі-тромбоцитарлық гемостаздың сан және сапалық жетімсіздігі.
ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗІ. ИТП отбасылық бейімі бар ауру.Науқастарда іштен болатын тромбоцитопатия боладыосы негізде вирустық инфекциялар (ЖРВИ,қызылша,қызамық т.б) егу, түрлі физикалық не психикалық салмақ,немесе сыртқы жайттар макрофагтардың қорыту қасиетін бұзып одан әрі дертті иммундық әсерлерге соқтырады- өз тромбоциттеріне сенсибилизацияланған лимфоциттер көбейіп –өсіп қарсыденелер түзеді.
ИТП-дағы қанаққыштық гемостаздың тромбоцитарлық буынындағы сан (тромбоцитопения) және сапа (тромбоцитопатия) жетімсіздігіне орай болады. Тамырдың эндотелий қабаты тромбоциттердің ангиотрофикалық әсерінсіз бұзылысқа душар болып,осыдан тамырдың өткізгіштігі артып, өзіндік геморрагийлер пайда болады;бұған серотонин жетімсіздігі қосылады.Гемостаздың коагуляция буынындағы өзгерістер (тромбопластин түзілісінің кемуі,фибринолиз артуы) тромбоцитарлық буынға қарағанда қосалқы деп есептеледі.ИТП-да томбоцитопатия аурудың кез келген кезеңіне тән,бұл жағдай спленэктомияданда,тромбоциттер саны қалыпқа келгеннен кейін байқалады.
ЕМІ:
Тромбоцитопения негізіне тығыз байланысты. Изо және трансиммунды пурпуралы нәрестелер алғашқы 2 аптада донордың емшек сүтімен қоректенуі керек, сонан соң ана сүтіне тромбоциттер санын бақылау бойында қосады.
Режим әдетте тек геморрагиялық криз кезінде ғана шектеледі.
Кез келген тромбоцитопенияда (тек ЖҚҰ болмаған жағдайда)эпсилон аминокапрон қышқылы берілгені жөн(0,05-0,1 г/кг есебінен күніне 4-рет), болмаса тромбоциттердің адгезия агрегациялық қабілетін арттыратын дәрілер пайдалы (адроксон,этамзилат,кальций пантотенаты,етке АТФ,магний дәрілері,фитоем).
ИТП-да глюкокортикоидтар мына жағдайларда тағайындалады:терідегі жалпылама геморрагиялық синдром,шырышты қабаттардан қан ағуы көз қарашығына қан кұйылуымен ұштасу ішкі ағзаларға қан құйылумен ұштасу,ішкі ағзаларға қан құйылу, «ылғалды» пурпураның қан ағудан кейінгі анемиямен асқынуы.Преднизолон 2мг/кг есебінен 3-4 апта беріліп,бірте бірте мөлшерін азайтумен тоқтатады.
Интерферон-а –генноинженерлік дәрі(реаферон,интрон-А) 1988ж қолданылуда.Тиімділігі 72,5%. 5-жасқа дейінгі мөлшері 500 000ХБ тәулігіне.
Науқасқа тағайындалған ем:
Жасы – 4,6 жаста
БТС – 19,5 кг
1. Төсектік режим.
2. Гипоаллергенді диета
3. Преднизолон 2мг/кг тәулігіне. ТД: 18*2=36мг/тәул.
Rp.: Tab. Prednisoloni 5 mg
Da tales doses N 30
Signa. Танертен 8,00-де 4 таблетка, әр 2 сағат сайын 1 таблеткадан 3 рет 3 апта бойы ішуге.
4. Rp.: Acidi acetylsalicylici 10%-30мл
Da. Signa. 1 шай қасықтан 3 рет күніне ішуге, 2 ай бойы.
5. Rp.: Sol. Glucosae 5%-100 ml
Sol. Insulini 1 ED
Sol. Acidi ascorbinici 5%-1.0 ml
Misce. Da. Signa. Көктамырға тамшылатып күніне 1 рет 3 кун бойы, күнара егуге.
6. Rp.: Ascorutini
Da tales doses N 30 in tabulettis
Signa. 0,5 таблеткадан күніне 2 рет per os.
7. Rp.: Sirupi Ferrum leci
Da. Signa. 1 шай қасықтан 2 рет ішуге 2 ай бойы.
Күнделік.
01.02.12.
Баланың жалпы жағдайы динамикада нашарлаусыз, санасы ашық, енжар, дене қызуы 36,9 С. Терісінде полиморфты, полихромды бөртпелер сақталады. Мұрнымен демалуы еркін. Қан ағу жоқ.
Өкпеде везикула тынысы, сырыл жоқ, ТЖ-24 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында әлсіз систолалық шу естіледі. АҚҚ 90/60 мм.с.б. ЖЖС 96 рет минутына. PS 96 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы деңгейінде анықталады, ауырсынусыз. Талағы +2 см ұлғайған, ауырсынады. Зәр шығаруы, нәжісі ретті.
Тағайындалған емін алуда.
05.02.12.
Науқастың жалпы жағдайы нашарлаусыз. Санасы ашық, төсектік режимде жатыр, тәбеті сақталған, тері жамылғысында бөртпелер сақталған, қасу іздері бар. АҚҚ 100/60 мм.с.б. PS 94 рет мин. ЖЖС 94 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы деңгейінде анықталады, ауырсынусыз. Талағы +2 см ұлғайған, ауырсынады. Зәр шығаруы, нәжісі ретті.
Тағайындалған емін алуда.
12.02.12.
Баланың жағдайы динамикада жақсаруда. Төсектегі қалпы активті. Көңіл күйі көтеріңкі. Сыртқы ортамен байланысы жақсы. Дене қызуы 36.7 С. Мұрыннан қан кету жоқ. Араны гиперемияланған, қызыл иектері қанталамайды. Өкпеде везикула тынысы, сырыл жоқ, ТЖ-20 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында әлсіз систолалық шу естіледі. АҚҚ 110/70 мм.с.б. ЖЖС 85 рет минутына. PS 85 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы деңгейінде анықталады, ауырсынусыз. Талағы +2 см ұлғайған, ауырсынады. Зәр шығаруы, нәжісі ретті.
Дәрігер емін уақытылы қабылдауда.
Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 494 | Нарушение авторских прав
|