Anamnes vitae
Anamnes morbі
Анасының айтуы бойынша 24.01.2012ж күні баланың мұрны қанаған,25-і күні бүкіл денесі қанталай бастаған. Содан соң жедел жәрдем арқылы ОБА ға жатқызылған. Бұрын пневмониямен ауырған, стационарда бірнеше рет ем алған.
Anamnes vitae
Науқас Ақтөбе қаласында 2007 жылы туған. Бала 2 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктілік ерте гестозбен жүрген.Босану асқынусыз. Туғандағы салмағы 3100г, бойы 51см. Апгар шкаласы бойынша 8 – 9 балл.Физиологиялық сарғаю ұзақтығы қалыпты. Баланың өсіп – дамуы жасына сай. 1 жасқа дейін ана сүтімен қоректенген. Ата - анасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық. Бұрын ауырған аурулары: жиі ЖРВИ, 1 рет пневмониямен ауырған.Тұқым қуалаушылық аурулары: жоқ. Әдетке айналған уланулар (зиянды машықтар): жоқ.
Егулер уақытылы жасалған. Бала 2011ж пневмониямен ауруына байланысты ем қабылдаған. Дәрілік препараттарға аллергия жоқ. Гемотрансфузия болмаған.
Науқас адамды жалпы қарау
Санасы – ашық. Төсектегі қалпы – ауыр. Көңіл – күйі – орташа. Дене бітімі – нормостеникалық.
Бойы: 97 см. БТҰ:75 + 5*n=75+5*4,5=97,5см.
Салмағы: 18 кг. БТС: 2*n+10,5=2*4,5+10,5=19,5 кг.
Лимфа бездері пальпацияланбайды. Дене қызуы – 37,4º С (субфебрильді);
Терінің күйі: Петехиалды – көгерген бөртпелер полихромды(терідегі бөртпелер әртүрлі түсті: қызыл – көктен жасыл – сарғышқа дейін), полиморфты (петехийден экхимозға дейін), дене тұлғасы мен аяқ – қолдың алдыңғы жақ бетінде орналасқан.Серпінділігі сақталған, қол-аяқтарында қасыған іздері бар.Шымшу,бұрау сынамалары оң мәнді.Ауыз қуысын қарағанда: қызыл иегі қанталаған, араны гиперемияланған. Сүйек – буын жүйесі: Басының формасы қалыпты. Сүйек деформациясы, басқан кезде ауырсыну жоқ. Омыртқа жотасы қисаймаған. Кеуде клеткасы қалыпты формалы, деформация, асимметрия анықталмайды.Бұлшықет жүйесі: Бұлшықет жасына сай дамыған, тонусы қалыпты, активті, пассивті қимылдар ауырсынусыз. Бұлшықет күші аздап азайған.
Тынысмүшелерін тексеру
Қарау: кеуденің екі жағы да симметриялы, тыныс алуға бірдей қатысады. Мұрын арқылы дем алады. ТАЖ -24 рет мин. Кеуделік дем алу түрі,кеуде клеткасының екі жағы дем алуға бірдей қатысады.
Пальпация: кеудеде ауыратын жерлер байқалмайды, кеуде сарайының серпінділігі сақталған.Дауыс дірілінің екі жақты бірдей, қалыпты.
Аускультация: везикула тынысы, сырылдар естілмейді.
Перкуссия: Салыстырмалы перкуссияда: Өкпенің екі жағында симметриялы сызықтарда перкуторлы өкпелік дыбыс.
Топографиялық перкуссияда:
Өкпенің төменгі шегі:
Сызықтар:
| сол жақ
| оң жақ
| Бұғана орта сызығы
| -
| 6 қабырға
| Қолтық орта сызығы
| 8 қабырға
| 7 қабырға
| Жауырын сызығы
| 10 қабырға
| 10 қабырға
|
Өкпенің төменгі шегі экскурсиясы – 3 см
Жүрек-тамыр жүйесі
Қарау: жүрек аймағында кеуде клеткасы деформациясы жоқ. Жүрек аймағында, мойын артериялары мен көктамырларда патологиялық пульсация жоқ.
Пальпация:
Жүрек ұшы соққысы бұғана орта сызығынан 0,5 см сыртқары 5 қ/а анықталады.
Жүрек ұшы соққысының күші саусақ ұшы сезетін серпінге сай анықталды. ЖСЖ – 94 рет мин.
Перкуссия:
Жүректің шала тынық шегі: оң жақ шегі-5 қ/а төстің оң жақ қыры, сол жақ – жүрек ұшы соққысына сай, 5 қ/а бұғана орта сызығынан 0,5 см сыртқары, жоғары – 2 қ/а.
Аускультацияда: жүрек тондары ырғақты,анық, жүрек ұшында әлсіз систолалық шу естіледі.
Артериялық пульс пальпациясы
- Екі білек артериясының пульсі бірдей, ырғақты, кернеуі мен толымдығы әлсіз, көлемі мен формасы өзгермеген. Пульс 94 рет мин.
Артериялық қан қысымы
| Систолалық
| Диастолалық
| Оң жақта
| 90 мм рт.ст.
| 60 мм рт.ст.
| Сол жақта
| 90 мм рт.ст.
| 60 мм рт.ст
| |
| | | | |
.
| Ас қорыту жүйесі
.
Ауыз қуысын қарау: ауыз жұтқыншақ гиперемияланған, таңдай бадамшалары ұлғаймаған.Тілі ақ жамылғымен жабылған.
Ішті қарау: іші симметриялы, кеуде клеткасынан сәл шығыңқы, тыныс алу актісіне қатысады. Көзге көрінетін ішек перистальтикасы жоқ. Іштің алдыңғы қабырғасының веналары кеңімеген.
Пальпация: іші жұмсақ,ауырсынусыз. Іш аймағында ауырғандық, алдыңғы іш қабырғасы бұлшық еттерінің ыдырауы, жарықтар анықталмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс.
Образцов-Стражесконың терең, жылжымалы және жүйелі пальпациясы: сигма тәрізді ішек эластикалық цилиндр түрінде сол жақ мықын аймағында пальпацияланады,беті тегіс, қозғалмалы, ауырсынусыз, құрылдамайды. Соқыр ішек консистенциясы эластикалық цилиндр түрінде, оң жақ мықын аймағында пальпацияланады. Беті тегіс, жылжымалы, құрылдамайды, ауырсынусыз. Көлденең тоқ ішек және асқазан пальпацияланбайды.
Бауыр пальпациясы: бауыр linea mediаclavicularis сызығы бойынша қабырға доғасы бойында анықталады,ауырсынусыз. Талақ пальпаторлы ұлғайған, ауырсынады.
Аускультация: бауыр мен талақ үстіндегі іш пердесінің үйкеліс шуы жоқ.
Перкуторлы: Курлов бойынша бауыр өлшемі 8*6*5см. Талақ өлшемдері 11см*7см
Несеп бөлу жүйесі
Белдеме аймағын қарау: ісік, қызару және ауырсыну жоқ.Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Бүйрек пен қуық пальпацияланбайды. Перкуссия кезінде бүйрек пен қуық анықталмайды. Несеп бөлуі бос, ауырсынусыз; диурез қалыпты.
Нейро-эндокринді жүйесі
Санасы ашық, адекватты. Психикалық дамуы жасына сай. Іш рефлекстері анық, тізе ахилл рефлекстері оңай тудырылады. Ромберг қалпында тұрақты. Менингиальды симптомдар (шүйде бұлшықеттері региттігі, Керниг симптомы, жоғары, төмен Брудзинский симптомдары) жоқ. Қалқанша безі ұлғаймаған,қалыпты. Дермографизм ақ.
Алдын ала диагнозды негіздеу:
Шағымдары негізінде:
Негізгі шағымдары:
- Денесінің қанталауы, көгеруі; мұрынның қанауы; дененің қышынуы; денесіндегі бөртпелер;
Қосымша шағымдары:
- Жалпы әлсіздік; бас ауруы; бас айналуы; көзінің нашар көруі;
Anamnes morbі негізінде:
Анасының айтуы бойынша 24.01.2012ж күні баланың мұрны қанаған,25-і күні бүкіл денесі қанталай бастаған. Содан соң жедел жәрдем арқылы ОБА ға жатқызылған. Бұрын пневмониямен ауырған, стационарда бірнеше рет ем алған.
Anamnes vitae негізінде:
Бала 2 жүктіліктен, 2 босанудан, жүктілік ерте гестозбен жүрген.Босану асқынусыз. Туғандағы салмағы 3100г, бойы 51см. Апгар шкаласы бойынша 8 – 9 балл. Бұрын ауырған аурулары: жиі ЖРВИ, 1 рет пневмониямен ауырған.Тұқым қуалаушылық аурулары: жоқ. Егулер уақытылы жасалған. Бала 2011ж пневмониямен ауруына байланысты ем қабылдаған. Дәрілік препараттарға аллергия жоқ. Гемотрансфузия болмаған.
Науқас адамды жалпы қарау негізінде:
Санасы – ашық. Төсектегі қалпы – ауыр. Көңіл – күйі – орташа. Дене бітімі – нормостеникалық.
Бойы: 97 см. БТҰ:75 + 5*n=75+5*4,5=97,5см.
Салмағы: 18 кг. БТС: 2*n+10,5=2*4,5+10,5=19,5 кг.
Лимфа бездері пальпацияланбайды. Дене қызуы – 37,4º С (субфебрильді);
Терінің күйі: Петехиалды – көгерген бөртпелер полихромды(терідегі бөртпелер әртүрлі түсті: қызыл – көктен жасыл – сарғышқа дейін), полиморфты (петехийден экхимозға дейін), дене тұлғасы мен аяқ – қолдың алдыңғы жақ бетінде орналасқан.Серпінділігі сақталған, қол-аяқтарында қасыған іздері бар.Шымшу,бұрау сынамалары оң мәнді.Ауыз қуысын қарағанда: қызыл иегі қанталаған, араны гиперемияланған. Сүйек – буын жүйесі: Басының формасы қалыпты. Сүйек деформациясы, басқан кезде ауырсыну жоқ. Омыртқа жотасы қисаймаған. Кеуде клеткасы қалыпты формалы, деформация, асимметрия анықталмайды.Бұлшықет жүйесі: Бұлшықет жасына сай дамыған, тонусы қалыпты, активті, пассивті қимылдар ауырсынусыз. Бұлшықет күші аздап азайған.
Жүрек тамыр жүйесі негізінде:
Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 533 | Нарушение авторских прав
|