АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Экология негіздері.

Прочитайте:
  1. Вопрос 45. Экология фотосинтеза. Зависимость фотосинтеза от внешних факторов.
  2. Гигиена и экология человека
  3. Гигиена как наука. Гигиена и экология.
  4. Коммун гигиена и экология чел-ка как самост раздел гиг
  5. ОБЩАЯ И КОММУНАЛЬНАЯ ГИГИЕНА. ЭКОЛОГИЯ
  6. Экология и детоксикация
  7. Экология как предмет ее место современной системе знаний.
  8. Экология материнского лона

Жоспары

Кіріспе

2)Негізгі бөлім

а)Биcфера дамуындағы кезендері

б) Экологиялық дағдарыс

с) Экологиялық апат

3)Қорытынды

4)Пайдалынған әдебиеттер


Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.

Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Бірінші кезең — бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулаудыжәне өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды.

Екінші кезең — неолит дәуіріндегі (VIII—VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды,шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады.

Үшінші кезең — өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті.

Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Қоршаған ортанықорғау және дамыту жөніндегі халықаралық конференциялар (Стокгольм, 1972, Рио-де-Женайро, 1992) Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғалами мәселелерінің бірі деп ресми түрде таныған. Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялықдүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.

Экологиялық дағдарыстан экология апатты ажырата білу керек: дағдарыс адамның белсенді әрекетінен болатын қайтымды күй,апат – қайтымсыз құбылыс, адам мәжбүрлі түрде енжар, зардап шегуші тарап (мысалы, ұзаққа созылған қуаңшылық, малдың жаппай қырылуы). Қоршаған ортаның ластануы адамның, әсіресе өндірістің әсері нәтижесінде түрлі нысандарда көрініс табады. Олар: контоматация (ортаның инертті материалдарға қанығуы), уыттану (хим. активті субстанциялармен қанығу, радиациямен ластану, ұзақ жасайтын радионуклидтермен ластану), электро-магниттік детериорация, деструкция (табиғи құрылымдардың бұзылуы), пейоризация (ландшафтәсемдігінің бұзылуы), т.б. Бұл нысандар көбінесе кешенді түрде әрекет етіп, табиғи үдерістерді қатерлі түрде бұзады, сөйтіп, сайып келгенде, биосфераның түгел азып, өркениеттің опат болуына апарып соқтырады. Қазіргі жағдайда ғалами қауіпті үш үрдіс байқалып отыр. Олар: атмосфера құрамының өзгеруі; осының салдарынан “парникті әсердің” күшеюі және климаттың жыли бастауы, мұның өзі мұздың еріп, мұхит деңгейінің апатты түрде көтерілуіне апарып соқтыруы мүмкін; жер төңірегінің ғарыштық аппараттардың қалдықтарымен ластануы. Бұдан басқа қосалқы ғалами ауқымдағы төрт үрдіс те қатерлі. Олар: әлемдік мұхиттың мұнай қабыршағымен ластануы, мұның өзі гидросфера мен атмосфера арасындағы энергия алмасу мен масса алмасуды бұзады; жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамының және олардың зәузаттық қорының қысқаруы; Жер бетіндегі тіршілікті Күннің қатал ультракүлгін сәулесінен қорғайтын озон қабаттың қысқаруы; оттектің басты “фабрикасы” орманды шабу, кесу (дамушы трофикалық елдерде) салдарынан да, қышқыл қалдықтарынан зақымдануы салдарынан да оның азып-тозуы. Кейбір аймақтарда Экологиялық дағдарыс экология қасірет деңгейіне жетті (Арал өңірі, Семей полигоны аймағы, Чернобыль, Гималай аймағы, Амазония, көптеген индустриялық агломерациялар). Қазіргі кезде Экологиялық дағдарыстың жай-күйі ұғынылды, тиісті ғылыми орталықтар, әлемдік ауқымдағы институттық, ұлттық деңгейдегі органдар – министрліктер дәрежесіндегі органдар құрылды. Тиімді экология саясаттың ғылыми негіздері тұжырымдалды, Экологиялық дағдарысты шиеленістіретін бірқатар әрекеттерге жол бермеу (қазба отынды тұтыну көлемін қысқарту, энергияның экология қауіпсіз көздерін пайдалануға көшу, озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуын қысқарту, кит тәрізді жануарлар мен басқа да жануарлардың түрлерін аулау кәсіпшілігіне тыйым салу, т.б.) жөніндегі халықаралық уағдаластыққа қол жеткізілді. Табиғатты қорғау жолындағы, қауіпті технологияларға қарсы халықаралық қоғамдық қозғалыстар кең ауқымды сипат алды. Экологиялық дағдарысты еңсеру шараларының жүйесіне елеулі нышан ретінде халыққа экология тәрбие беру енгізілді.

 

Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.

Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геологиязамандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты.[1]

Экологиялық апат 3 кезенге бөледі:

Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераныңғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмір қышқыл газыбөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәуле жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы,метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды.

Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.

Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.

Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.

 

Қорытынды

Қазіргі заманда адамзат баласының өзі де қоршаған ортаға өз өмірлеріне қауіп туғызатын көптеген залалдар келтіріп отыр. Бұл залалдарды әзірше қалыпқа келтіруге болады. Сондықтанда экология ғылымының да алданда тұрған ең елеулі міндеттердің бірі – биосферадағы болып жатқан процестерді реттеу және бұзылған ортаны қалпына келту жұмыстарын қолға алу. Биосфераның заңдарының негізі орындалуда, бірақ барлық дүние жүзі елдерінің экологтарының қосылуымен үлкен іс тындыруға болады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.

Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.

Экология негіздері.

Ғ. Сағымбаев.

Экология.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 766 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)