Жалпы зерттеу
Ауру тарихы
Орындаған: Аманбаев Р.Т.
Тобы: 434
Тексерген: Илимова Ж.Ж
Астана – 2014
1 Паспорттық бөлім
1. Аты-жөні: Алиев Еркебұлан Қабылдаұлы
2. Туылған күні:05. 02. 1962ж.
3. Жынысы: ер
4. Ұлты: қазақ
5. Жұмыс орны: Жұмыссыз
6. Мекен-жайы: Астана қаласы, 3 мкр
Ауруханаға түскен уақыты: 15.06.15ж.
8 Клиникалық диагноз:
1. Негізгі ауру: Қант диабеті 2 тип, жеңіл дәрежелі, субкомпенсаторлы.
2. Асқынулар: жоқ.
3. Қосымша ауру: Семіздік 1 дәрежелі. Эссенциальді артериялық гипертензия II дәрежелі, IV қатер тобы.
2 Түскен кездегі шағымдары
Әлсіздік, бас ауру, бас айналу, қатты шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, салмақ қосу, соңғы уақыттарда түнгі ұйқының бұзылуы, аузының құрғауы, артериялық қысымның жоғарылауы, ентікпе, мазасыздық, тітіркенгіштік.
- Әлсіздік, ентікпе көбіне физикалық жүктеме кезінде байқалады.
- Бас ауруы - қандай да бір жүктеме кезінде қысып ауырады, әсіресе шүйде аймағы. АҚ 160/100 мм. с. б. асқанда бас аурып, қара нүктелер көрінеді.
- Шөлдеу – тағам қабылдауымен байланысты емес, шамамен тәулігіне 4,5-5 л. су ішеді.
- Кіші дәретке күндіз шамамен 8-9 рет, түнгі уақытта 1-2 рет барады.
- Бас айналу әлсіздікпен байланысты, әсіресе түнгі мезгілде байқалады.
Ауру тарихы
Өзін 2011 жылдан бері науқаспын деп санайды. Сол жылдары алғаш рет аузының құрғауын, жиі шөлдеу сезімін (тәулігіне 5-6 рет су ішкен), 1 тәулік ішінде кіші дәретке жиі барғанын, салмағының артқанын байқаған. 2011жылы алғаш рет қандағы қант мөлшерін анықтағанда ашқарында 7,5 ммоль/л, 2 сағаттан кейін қант мөлшері 11 ммоль/л болған. Содан бері науқасқа қант диабетінің 2 типі деген диагноз қойылған. Портал бойынша № 1 қалалық ауруханада жоспар бойынша ем қабылдайды. Ем жақсы нәтиже көрсеткен. Амарил препаратын 2 мг. тәулігіне 1 рет тағам алдында қабылдаған. № 9 стол диетасын ұстанған.
Бірақ соңғы кездері науқас № 9 стол диетасын дұрыс ұстамағанына және аталған препараттың соңғы уақытта әсері аз болуына байланысты және жоғарыда аталған науқас шағымдары бойынша ауруханаға қайта қаралуда.
4 Өмір тарихы
Науқас 1962 жылы дүниеге келген. Жетіліп туылған, әлеуметтік жағдайы орта отбасында тәрбиеленген. Балалық шағында денсаулығы жақсы болған, сабақ үлгерімі қалыпты, дене тәрбиесіне белсене қатысқан. Жыныстық жетілу кезінде ешқандай бұзылыс байқалмаған. Физика- математика пәні мүғалім болып жұмыс атқарған қәзір жұмыссыз. Науқас айтуы бойынша жұмыс істеген кезде көп шаршаған, физикалық, психикалық жүктеме басым болған. Жұмыс істеу орнында шум көп болған, жиі шаршағанына байланысты толық демала алмаған, жұмыс бабына байланысты тамақты уақытылы ішпеген. Бастан кешірген аурулары: 40 жасынан бері қарай артериалды гипертензиямен ауырады.
- Отбасылық жағдайы: үйленген, 2 баласы бар, жанұясында қант диабетімен ешкім ауырмаған. Туберкулез, сифилис, ісік ауруларымен ауырмаған және туыстарында да анықталмаған.
- Эпид. анамнез: инфекциялық аурулармен ауырмаған. Үйде тамақтанады, қайнаған немесе фильтрден өткен су ішеді. Соңғы уақытта құсу, жүрегі айну, температура көтерілуі сезімдері болмаған.
- Аллергоанамнез: науқастық өзі мен жақын туыстарында жоғары сезімталдық ауруларына (бронх демікпесі, лихорадка, крапивница, экзема, Квинке ісінуі, мигрень), тағамға, дәрілік заттарға, өсімдік-жануарларға аллергия анықталмаған.
Жалпы зерттеу
Объективті: есі – анық;
жалпы жағдайы – қанағаттанарлық;
коституциясы: гиперстеник;
бойының ұзындығы: 176 см.;
салмағы: 100кг.;
ИМТ: 32.3 кг/м
- Тері жамылғылары: түсі тері түстес-қалыпты, беті қызарған, пигментация жоқ, тері ылғалдылығы әлсіз, шырышты қабаты құрғақ, терісі эластикалық, бөртпелер жоқ, тургоры жоғарылаған.
- Басында, бет аймағында, тері жамылғыларында шаш түгі қалыпты таралған.
- Тері асты қабаты айқын, май қабаты іш аймағында (абдоминальды) таралған. 4-5 см жуық.
- Ісіну бар, денеге жалпы таралған, әлсіз байқалады.
- Тері асты веналары айқын емес, варикозды кеңеюлер жоқ.
- Лимфа түйіндері: мойын, жақ асты, қолтық асты, бұғана асты, үсті, мықын аймағындағы лимфа түйіндері пальпацияланбайды, ауырсынусыз.
Физикалық зерттеу
t=36,6C
АҚ=160/100 мм.с.б.
Пульс-78 мин
Тыныс алу жиілігі – 17 мин
6 Ағзалар жүйесін зерттеу
1. Тыныс алу жүйесі.
- Мұрын арқылы тыныс алады, тынысы еркін, жұтынғанда, сөйлеу кезінде ауырсыну жоқ, дауысы анық.
- Кеуде қуысында ауырсыну жоқ, ентікпе тек физикалық жүктеме кезінде пайда болады, вертикальді қалыпта басымырақ, 5-10 мин. жалғасады.
- Жөтел, қан қақырулар жоқ.
- Кеуде қуысы симметриялы, тыныс алуға 2 жағы да бірдей қатысады. Тыныс алу типі аралас, ритмі дұрыс.
- Пальпация: ауырсыну сезімі байқалмайды, резистентті, 2 жақ өкпеге дауыс дірілі бірдей таралады.
- Аускультацияда: тыныс алу дыбысы - везикулярлы, патологиялық шулар естілмейді.
- Перкуссия:
1. Салыстырмалы перкуссия – ашық өкпелік дыбыс.
2.Топографиялық перкуссия:
Линиялар:
| Оң жақ
| Сол жақ
| 1. Парастернальді л.
| V
| -
| 2. Бұғана орта сызығы
| VI
| -
| 3. Алдыңғы аксиллярлы
| VII
| VII
| 4. Ортаңғы аксиллярлы
| VIII
| VIII
| 5. Артқы аксиллярлы
| IX
| IX
| 6. Жауырын сызығы
| X
| X
| 7. Паравертебральді сызығы
| XI
| XI
| | | | | |
2. Жүрек-қантамыр жүйесін зерттеу
2.а. Жүректі зерттеу.
1. Жүрек аймағын қарау: жүрек бүкірі, жүрек ұшының соққысы анықталмайды (көзбен көрмейміз).
2. Жүрек аймағын сипап сезу – пальпация:
- жүрек ұшы соққысының ауданы: S=2,5 см.
- биіктігі: биік
- күші: күшті
- резистенттілігі: резистентті
3. Систолалық және диастолалық дірілдер анықталмайды.
4.Аускультация
Жүректе патологиялық шулар анықталмайды, жүрек соғу жиілігі минутына 78 рет, тондары қалыпты.
3. Асқорыту жүйесін зерттеу
1. Ауыз қуысы: түсі – ақшыл-қызғылт, ылғалдылығы қалыпты, жара, эрозиялар жоқ.
2. Тістері түгел, тілі қызғылт, ақ жабынмен қапталған, ылғалды, формасы дұрыс қалыпта, бадамша бездері өзгермеген.
3. Жұтқыншағы, шырышты қабаты қызғылт, сілекей бездері ұлғаймаған.
4. Іш аймағын қарау: формасы дұрыс, симметриялы, жұмсақ, ауырсынусыз, тыныс алуға қатысады. Іш аймағында варикозды анастомоздар жоқ, грыжа жоқ. Оң жақ кіндік аймағында операциядан кеінгі тыртық бар.
5. Пальпация
1) Беткей пальпация: ауырсынусыз, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс, флюктуация жоқ.
2) Терең пальпация: Сигма тәрізді ішек диаметрі – 3см., консистенциясы – эластикалық, беті тегіс, ауырсынусыз, қозғалғыш. Тоқ ішек ауырсынусыз, беті тегіс. Көлденең ішек оңай пальпацияланады. Шеті үшкір, беткей жағы тегіс, ауырмайды.
Бауыр перкуссиясы: Курлов әдісі бойынша көлемі 9-7-5 см. қалыпты, тұйық перкуторлы дыбыс естіледі.
Бауыр пальпациясы: шекарасы қабырға доғасы бойында, қатты, ауырсынусыз, тегіс.
Көкбауыр пальпацияланбайды.
6. Аускультация: перистальтика қалыпты, патологиялық шулар жоқ.
- Өт қабының пальпациясы: пальпацияланбайды. Ортнер, Мерфи, Кера симптомдары теріс.
- Ұйқы безі: Де – Жарден, Мейо – Робсон нүктелерінде және Шоффар зонасында ауырсыну жоқ.
4. Зәр шығару жүйесін зерттеу
Қарау: бел аймағында қызару, ісіну байқалмайды.
Бүйір пальпация: қозғалмалы, ауырсынусыз.
Перкуссия: Пастернацкий қағу әдісі теріс, ауырсынусыз.
5. Тірек – қимыл жүйесі
Омытқа қозғалмалы, патологиялық өзгеріс жоқ. Буындарда қабынулық ісіну жоқ.
6. Жүйке жүйесін зерттеу
Есі анық. Сөзі түсінікті. Тепе – теңдік қабілеті сақталған.
7. Эндокринді жүйе
Қалқанша без пальпацияланбайды. Қолын созғанда қол треморы байқалмайды.
Алдын ала болжам диагноз
Науқас шағымдары мен физикалық зеттеулер нәтижесі бойынша келесі симптомдарды топтастырамыз:
1. Инспираторлы синдром
- полидипсия (тәулігіне 4-4.5 л. су ішеді)
- полиурия (кіші дәретке күндіз 7-8 рет барады)
- никтурия (түнде 2-3 рет)
- шөлдеу сезімі
- ауыздың құрғауы
- бас айналу
2. Зат алмасу бұзылысы синдромы:
- тері жамылғыларының трофикалық өзгеруі
- семіздік – I дәрежелі
- ИМТ = 32,3 кг/м
3. Астено-невротикалық синдром:
- әлсіздік
- қозғыш
- бас ауыруы
- ұйқының бұзылуы.
4. Артериялық гипертензия синдромы:
- АҚ 160/110 мм. с.б.
- Аорта деңгейінде II тон акценті
- Жүрек ұшының солға ығысуы
.
Аталған синдромдардан жетекші синдром бойынша алдын ала болжам диагноз қоямыз:
1. Негізгі ауру: Қант диабеті 2 - тип, жеңіл дәрежелі.
2. Асқыну: жоқ.
3. Қосымша ауру: Семіздік I дәрежелі, алиментарлы-конституциональді. Эссенциальді артериялық гипертензия II дәрежелі, IV қауіп тобы.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1170 | Нарушение авторских прав
|