Олигофрения, жалпы мінездеме.
Олигофрения, немесе ақыл-ой кемістігі – бұл туа біткен және туғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы алғанда психикалық дамымаған әлеуметтік бейімделудің қиындауынан интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі.
Интеллектуалды дамудың бұзылуы біліне бастағанын педагогикалық оқу орындарының студенттеріне білу шарт, өйткені қазіргі кезде жеңіл түрдегі дебил балалар саны жалпы білім беретін мектептерде көп және болашақ педагог немесе тәрбиеші жәрдем беруші мектепке жұмысы ауысуы мүмкін және сөзсіз, олигофрения жайында, барлық ата-аналар білуі керек, егер бала кішкентай жастан бастап дамудан кешіксе, дер кезінде көңіл аудару керек.
“Олигофрения” терминінен басқа тұрақты жағдайлар тобын белгілеу үшін, тежелудің жалғасуымен немесе толық емес ақыл-ой дамуын және басқаша атауларды қолданады: психикалық ретардация, ақыл-ой мешеулігі, ақыл-ойдың кемшілігі, психикалық жалпы дамымаушылық, ақыл-ой дамымауы.
Американдық Ақыл-ой Кемістігі Ассоциациясының ережесіне сәйкес, ақыл-ойдың кемтарлығы былай сипатталады:
1) Жалпы интеллектуалды даму деңгейінің айқын төмендеуі.
2) Ерекше тапшылық немесе бейімделуге қабілетінің жоқтығы.
3) Белгіленген өзгерістердің 18 жасқа дейін көрініс беруі.
Олигофренияның ең бедерлі көрінуі – интеллектінің дамымауы. Олигофрениямен ауыратындардың интеллектуалды коэффициенті (IQ) 70-тен төмен. Туа біткен кем ақылдықты психикалық әрекеттің ыдырау белгісі бар жүре пайда болған кем ақылдықтан (деменция) ажырату керек.
Кемақылдықтың этиологиясы (себептері). Кемақылдықтың себептері болып келетін тұқымқуалаудың ескерілген аурулары мен бұзылуларының 300-ден астам түрі бар.
Олигофренияның пайда болуына себеп болған барлық қызметші факторларды тұқымқуалағыш (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) деп бөлу қалыптасқан. Соған сәйкес олигрофенияның түрлерін, көбінесе тұқымқуалаушылық факторларының және сыртқы ортаның әсер етуіне байланысты бөледі (құрсақ ішіндегі, туу барысында және ерте балалық шақта әсер ету). Бірақ, тұқымқуалаушылықтың (генетикалық) және сыртқы факторлардың әсерінен, үйлесуінен шақырылған кемақылдықтың формалары бар. Олигофренияның барлық жағдайларының арасындағы тұқымқуалаудың ескерілген формасының үлесі 69,5-тан 90% құрайды. Егер кемақылдықпен ата-ананың екеуі де ауырса, онда олардың балаларының олигофрения проценті 45,9-100% құрайды. Егер олигофрениямен ата-ананың біреуі ауырса, онда оларда кемақылды балалар 33,3-тен 58,1%. 36,1% олигофрениямен ауыратындарға біреуі немесе екеуі де кемақылды балалар болады. Екі олигофрендердің неке кезінде туған кемақылды балалар қаупі 42,2% -ті құрайды, ал екі ата-ананың біреуінде кемақылды жағдайда, қауіп 19,9% -ті құрайды. Екі дені сау адамның некесі кезінде баланың кемақылдылығымен туу қаупі небары 1,3%.
Көптеген кемақылдылығы бар тұқымқуалағыш аурулар хромосомдық патологиямен байланысты, олар Даун дерті, микроцефалия, галактоземия, Шерешевский-Тернер синдромы және т.б. байқалады.
Сондай-ақ, кемақылдылықтың эндогенді себептері бола алатындар: плацентарлы қан айналудың бұзылуы; жүктіліктің екінші жартысындағы қатты уланулар; нефропатия, жүкті кезде артериялық қан қысымының көтерілуі; жүкті әйелдердің аурулары, жүрек-қан тамырының жетіспеушілігі, бауыр және бүйрек аурулары, қантты диабет, қалқанша безі қызметінің бұзылуы және басқа да эндокринді бұзылулар; дәрі-дәрмектерді, тыныштататын дәрілерді бақылаусыз ойсыз қабылдау; жүкті әйелдің жұқпалы аурулары, әсіресе вирусты (қызылша қызамығы, тұмау, ауыр тыныс алу аурулары, жұқпалы гепатит), сондай-ақ өкпенің қабынуы; қарапайым микроорганизмдердің шақыруымен қалыптасатын токсоплазмоз және листериоз аурулары; мерез, СПИД; ана мен құрсақ ішіндегі бала қаны құрамының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі; ата-ананың біреуінің немесе екеуінің де маскүнемдігі және нашақорлығы; түрліше туу жарақаттары (асфиксия).
Туа біткен кем ақылдылықтың ең ауыр түрі көбінесе құрсақ ішінде дамудың алғашқы кезеңінде пайда болады, әсіресе зиянды фактордың қарқынды әсер етуі және бірнешеуінің байланысуы кезінде.
Баланың алғашқы бірінші жылында ауруы да кемақылдылықтың себебі болуы мүмкін. Көптеген ауыр, қалжыратқыш аурулар жаңа туған және 2-3 жасқа дейінгі баланың миының дамуына кері әсер етеді. Біріншіден бұл жұқпалы процестер, әсіресе жұқпалы ОНЖ-нің аурулуры- минингит, энцефалит, менингоэнцефалит.
Кемақылдық үлкен әлеуметтік мәселе болып келетін еңбек етудің маңызды төмендеуіне әкеледі.
Олигофрения - бұл аурушаң процесс емес, патологиялық қалып-жайы, ақыл-ой дамуының және жалпы психиканың тежелуін тудырған, бұрынғы аурушаң процестің біркездері ісер ету себептерінің қорытындысы. Арнайы клиникалық зерттеулердің шешімі бойынша, олигофрения кезінде бас миындағы үлкен жарты шар қабығының диффузды, немесе тұтас зақымдануы басталуы белгі болып келеді. Осыған байланысты, тек барлық үлкен жарты шар қабығының сандық зақымдануы ғана емес, сондай-ақ бас миы қабығындағы нейродинамикалық процестердің сапалық бұзылуы да орын алады. Олигофренияға прогресті даму тән емес, кем ақылдық деменция кезіндегідей (жүре пайда болған кем ақылдық) өрбіп өспейді, керісінше, көптеген дер кезінде емдеу және түзету жағдайларында интеллектуалды дамудың жақсаруы мүмкін (ауыр дәрежедегілерді есептемегенде).
3. Олигофренияның топтастырылуы.
Кемақылдылықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебильдік, имбецильдік және идиотия.
Дебильдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) - (латын тілінен “debilis”- әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебил кезіндегі интеллектуалдық коэффициенті 50-70- ті құрайды. Ересек дебилдардың психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Интеллектуалды дамымаушылық деңгейіне байланысты айқындылған орташа және жеңіл дебильдікті ерекше көрсетеді. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Мұндай балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді кеш бастайды. Балалық шақта сөз жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, олар дебильдіктің жеңіл және біркелкі кезінде көп нәрсеге үйренеді, және психикалық жетіспеушіліктері аз байқала бастайды. Дебилдардың сөздік қоры жеткілікті, олар мектепте оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын жұмыс болып келеді, әсіресе математика. Дебилдар қиын емес, еңбек әрекеттеріне ие бола алады.
Танымдық әрекеттің бұзылуы қиын түсініктерді қортуға қабылетсіз екендігін көрсетеді. Олар бастысын екіншісінен айыра алмайды. Оларда абстракты ойлау нашар дамыған және мүлдем жоқ. Оларды нақты ассоциация және нақты-жазылу түріндегі аз нәтижелі ойлау басым болады. Бірақ кейбір дебилдар интеллектінің жетіспеушілігін аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен толтырады. Оларда инициативаның, өз бетінше шешім қабылдау ерекшелігінің, жайбасарлықтың барлық психикалық процестердің селсоқтығы жоқтығы белгіленеді.
Кемақылдылдығы бар адамға ең қиыны қалыптасқан стереотипін өзгертуі болып табылады. Әр қилы проблемаларды шешу кезінде, ол өзіне таныс амалдар мен үлгілерді қолдануға тырысады. Барлық дебилдарда жалынды-жігерлі сфераның бұзылуы көрсетіледім - байсалды ұстау әлсіздік және әуестікті басу қабылетінің жеткіліксіздігі, тәртібінің ырықсыздығы. Дебил аурулар арасынан дөрекі әуестігінің тежелулері бар адамдар көп кездеседі. Өздерінің жоғары нәпсіқұмарлығын табиғи жолмен қанағаттандыра алмағандықтан, олардың көбі нәпсіқұмарлық бұзақылықты қолданады.
Дебилдардың темпераменті мен мінезі әр түрлі. Олардың кейбіреулері салмақты, көпшіл, ақ көңіл, басқалары – ашушаң, кекшіл, қатыгез.
Дебилдардың бір ерекшеліктері – олардың жоғары иланғыштығы. Олар бөтен адамдардың әсеріне тез еліктеп кетеді. Олардың тәртібін саналы басқаруда және қолайлы жағдайлар кезінде дебилдар қоршаған ортаға жеткілікті дәрежеде бейімделе алады. Талдау және қортынды жасай білмесе де, дебилдар (әсіресе, жеңіл дәреже кезінде) қарапайым өмір сүру жағдайларында икемді қалыптаса алады, құлықты жеткілікті біле туып, жылпостық және іс жүзінде хабардар, сондықтан кейде өмірде жаман орналаспайды.
Дебилдар өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді. Олар өз-өздеріне қызмет көрсете алуға, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі мамандандырылған дайындық алуға қабылетті және осымен белгілі мөлшерде ойлаудың жеткіліксіздігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала болады. Бұрын айтылғандай кемақыл баланың осындай жағдайда дүниеге келу қаупі айрықша көтеріледі.
Имбецильдік дәреже (милау) (латын тілінен “imbecillus”- әлсіз, елеусіз) - бұл психикалық дамымаушылықтың орташа қиындығы. Имбецилдің психикалық дамуы 3-7-жастағы баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті 20-50. Шапшаң көрінген имбецилдік кезінде 20-35, өте жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдардың барлық психикалық процестері баяу қозғалуымен және селсоқтықпен ажыратылады. Қозғалтқыш қызметінің дамуы үлкен тежеулікпен болады.
Аурулар жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді. Аурулар білім алуға бейімсіз, бірақ жәй сөздерді түсінеді, олардың өз сөздері нашар дамыған. Имбецилдардың сөздік қоры небары 200-300 қиын емес сөздерден құралған.
Логикалық ойлау, қорыту және абстракты түсініктің пайда болуы оларға түсініксіз. Өте төменгі деңгейде ойлауымен, нақтылығымен, және тиянақсыздығымен ерекшеленеді. Кейбір имбециалдарда жақсы механикалық ес болуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу және жазуға бейім емес.
Имбециалдардың салыстырмалы бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері-жинау, кір жуу, ыдыс жууға, ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекетіне машықтанудың арқасында үйренуге қабылетті.
Имбециалдар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз.
Интеллектінің төмендігіне қарамастан, олардың аралықсыз эмоционалды реакциялары кедейлеу және бірыңғай.
Имбециалдардың өздерінің қызықтары өте-мөте дөрекі және тек физиологиялық қажеттіліктерін өтеумен байланысты. Олар тамаққа қомағай және салақ болады. Нәпсіқұмарлық көбіне төмендеген, кейде бетімен кеткен нәпсіқұмарлыққа бейім болуы мүмкін.
Олар өте илинғыш, соқыр еліктеушілікке бейім. Мінезі жағынан кейбір имбециалдар көнгіш, ақ көңіл, тіл алғыш, басқалары қырсық, қатыгез, ашушаң. Олар тәртібі жағынан ширақ, ұшқалақ, белсенді болуы мүмкін, бірақ та табиғи қажеттілігін басу үшін барлығына солғын, енжар, селқос қарауы да мүмкін.
Имбециалдар үздіксіз қамқор мен мамандандырылған бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың кішкене өзгеруі имбецилды қиын жағдайға қояды. Таныс емес жайда олар сасқалақтауы мүмкін және өте жәрдемсіз болып қалады.
Идиотия (миғүла, нақұрыстық, мәңгүрт) - (латын тілінен “idiotea” - тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі. Интеллектуалды коэффициенті 20-дан төмен. Идиотиямен ауыратындардың психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады.
Аурулар қорғансыз және қарау мен күтімді қажет етеді.
Терең идиотия кезінде қоршаған ортаға деген реакция бұрмаланып аурулар не қоршаған жайға көңіл аудармайды, не бұл реакция қоздырушыға сәйкес келмейді. Идиотиямен ауратындар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты сора бастайды.
Идиотиямен ауыртындарда жоғары, биік немесе аласа, төмен туралы ұғым, қауіпті сезінушілік жоқ.
Терең идиотия кезінде сөйлеу қызметі қалыптаспайды және буынға бөлінген дыбыстармен шектеледі. Аурулар өздерін күте алмайды, өз әрекетінше киіне алмайды, кесе, қасық, шанышқыны пайдалануды білмейді, кейбіреулері шайнай да алмайды, сондықтан оларды сұйық тамақпен тамақтандыру керек болады. Кейбіреулері салақ, сурануды және дәретхананы пайдалануды білмейді, бірақ осы жағдайсіздыққа қарамастан сұланған және ластанған киімдерінде узақ уақыт қала береді.
Білім алу іскірлігі толығымен мүлдем жоқ болады. Ауруларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да жеткіліксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз тұғандарымен шешесін танымайды.
Сезінуі қарапайым және сезін қанағаттануы және қанағаттанбауымен байланысты, айқайлармен және қозғалудың қозуымен ерекшеленеді. Будан басқа оларда ақауды ауырсыну сезімталдығы төмен, сондықтан олар ешқандай ауруға мән бермейді.
Көптеген идиотиямен ауратындарда әуестік жоғары және бурмаланған – олар өте қомағай, қолдарына не түссе де, жуынды-шайынды болса да жей береді, кейбіреулерінің төсек қатынасына әуестігі басым, кейде басқа адамдардың көзінше де берік онанизмді байқауға болады.
Психиканың терең кемшілігінен физикалық даму кемшілігі жиі бірге жүреді.
Идиотияның орта және жеңіл дережесі кезінде аурулар туғандарын бөтендерден ажыратады, өздерін күтетін адамдарға бауыр басып қалады да, олардың келуіне қуанады. Олар кейбір өзін-өзі күту және өз еркімен жылжып жүру сияқты әдістерді менгере алады.
Идиотияның орта және жеңіл дережесімен ауратындар кейбір күнделікті айтылатын сөздерді есте сақтап қалуға бейгісе және бір буынды «бер», «керек», «бар» деген кейбір сөздерді айта алады. Бірақ маңқылдап, және шалжың, әріптерді өткізіп сөйлейді. Олар кесіп алуды, үшкір заттың кіріп кетуін, күйіп қалуды түсінеді және өздеріне жарақат түсірмейді.
Идиотиямен ауыратындарды үйде бағып-қағу өте қиын және оларды негізінен психохрониктерге арналған арнайы емдеу мекемелеріне орналастырады.
4. Ақыл-есі кем балаларды оқыту және тәрбиелеу принциптері.
Кемақыл баланы арнайы оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті, арнайы мектептерде мектептегі оқуға дайындау, көңіл-күй, ақыл-ой, физикалық даму деңгейінің барынша көп ықтималдығын қамтамасыз ету болып табылады. Мектептегі оқуға дайындық әр баланың жеке мүмкіндігін есепке ала отырып өтуі керек.
Халыққа білім беру жүйесінде балалар тәулік бойы болатын арнайы балабақшалар, сондай-ақ арнайы балалар үйі бар. Бұл мектепке дейінгі мекемелерге «дебильдік дәрежесінің қиын емес түріндегі олигофрения» диагнозы бар балалар қабылданады. Эписиндром, балалар сал ауруы (БЦП), анық көрініп тұрған психопатоұқсастық тәртіппен, қояншықпен халыққа білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі мекемелерге қабылданбайды. Бұл мекемелерге сонымен қатар психикалық дамуының тежелуі бар және «имбецильді дәрежедегі олигофрения» диагнозы қойылған балалар қабылданбайды.
8 жастан асқан балаларға баруға рұқсат жоқ.
«Имбецильді дәрежедегі олигофрения» диагнозы бар балалар әлеуметтік қамтамасыздандыру Министрлігінің мекемелерінде тәрбиеленеді.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 10, 12.
Қосымша әдебиеттер: 15-17, 19, 20.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 33-38, 40, 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: Психикалық дамуы тежелген балалар.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 8667 | Нарушение авторских прав
|