АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лекция тезистері. № Жұмыс түрі Тапсырма мақсаты және мазмұны Пайдалануға ұсынылатын

Прочитайте:
  1. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ. Предмет, задачи и методы физиологии растений. Практическая значимость физиологии растений
  2. Вузовская лекция: традиции и новации.
  3. Лекция 1. Предмет акушерство
  4. Лекция 1. Физиология менструальной функции
  5. Лекция 10. Аномалии родовой деятельности
  6. Лекция 11. Узкий таз в современном акушерстве
  7. Лекция 11: Органы чувств.
  8. Лекция 12: Эндокринная система.
  9. Лекция 13. Кесарево сечение в современном акушерстве
  10. Лекция 13: Органы кроветворения и иммунологической защиты.

Кестесі

 

Жұмыс түрі   Тапсырма мақсаты және мазмұны Пайдалануға ұсынылатын әде-биеттер Орындау мерзімі Бақылау түрі (рейтингтік шкала-ға сәй-кес)   Балдар (рейтингтік шкала-ға сәй-кес) Есеп беру түрі Тапсыру уақыты
                 
  Ағым-дық сабақтарға дайын-дық Теория-лық бі-лімдерін анықтап бекіту. Оқу материа-лын меңгеру. Дәрістерге ұсы-нылған әдебиет-тер Се-мес-тр бойы 15 с. Ағым-дық 50-100 Ауызша жә-не жазба-ша түрде Апта сайын
  Глоссарий жазу Терминологияны бекіту Барлық тақырып бойын-ша 10 с. Ағым-дық 50-100 Глос-сарий Апта сайын
  Жазбаша жұмыс-тарды орындау (реферат Конспектсуреттер, есеп-терді шығару) Атал-мыш түрдегі жұмыс-ты орындауға дағ-дылан-дыру 5 б., 10.3 5 бөлі-міндегі әдебиет. Басқа әдеб.сәйкес   Се-местр бойы 18с. Ағым-дық 50-100 Рефе-рат, конс-пект, сурет-тер, есеп-тер 2, 4, 8, 10, 12, 14, 15 апта
  Аралық бақылау Студенттердің оқу же-тістікте-рін тек-серу 5 б. сәйкес 1 с. Ара-лық 50-100 Порт-фолио 7,14 апта
  Қоры-тынды бақылау Студенттердің курс бойын-ша игер-ген бі-лімдерін іскерліктері мен дағды-лар дә-режесін анықтау 5 б. сәйкес 1 с. Тесті-леу 50-100 Тест-тер 15 апта

5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

№№ Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ҚарМУ кітапханасындағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны
1. Негізгі әдебиеттер
  Бегімқұл Б., Төлегенов С. Медициналық генетика негіздері. – Астана, 2008.  
  Жалпы биология.- Оқулық.- Алматы, 2012.  
  Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика.- Қарағанды, 2012.  
  Қазақстан Республикасының Заңы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы». – Алматы, 2002 ж., 11 шілде/. - /Егеменді Қазақстан, 2002 ж.  
  Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии. –М., 2010.  
  Лильин Е.Т., Богомазов Е.А., Гофман-Кадошников П.Б. Генетика для врачей. – М.: Медицина, 2010.  
  Мастюкова Е.Н. Основы генетики. - М., 2010.  
  Мұқамбетжанов К.К. Генетика.- Алматы, 2010.  
  Нұрманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар.- Қарағанды, 2008.  
  Нурманбетова У.Е., Тебенова К.С., Омарова Н.Н. Мамандыққа кіріспе.- Қарағанды, 2008.  
  Сартаев А. Генетика. Есептер мен жаттығулар жинағы. – А., 2011.  
  Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар.- Қарағанды, 2010.  
2. Қосымша әдебиеттер
  Бадалян Л.О. Детская неврология. – М.: Медицина, 2010.  
  Бочков Н.П., Захаров А.Ф., Иванов В.И. Медицинская генетика. – М.: Медицина, 2008.  
  Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учеб..пособие. /Под ред. Б.П.Пузанова.-М., 2010.  
  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы, 2009.  
  Омарова Н.Н. Основы специальной педагогики. /Учеб.пособие.- Изд-во КарГУ, 2008.  
  Өмірбекова Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. – Алматы, 2011.  
  Специальная педагогика: Учеб.пособие для студ. Высш.пед.учеб.завед. / Л.И.Аксёнова, Б.А.Архипов, Л.И.Белякова и др.; Под ред. Н.М.Назаровой. – М.: Изд. Центр «Академия», 2009.  
  Тебенова К.С., Рымханова А.Р. Арнайы психология.- Алматы, 2011.  
  Хелевин Н.В., Лобанов А.М., Колесова О.Ф. Задачник по общей и медицинской генетике. – М., 2008.  
  Шалимов В.Ф. Клиника интеллектуальных нарушений. -М., 2009.  
2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар)
  //Дефектология. - М., 2010 жылдан бастап.  
  //Дефектология. - Алматы, 2010 жылдан бастап.  
  //Отбасы және бала бақша.- Алматы, 2010 жылдан бастап.  
  //Денсаулық- Алматы, 2010 жылдан бастап.  
  //Ұлағат.- Алматы, 2010 жылдан бастап.  
  //Коррекционная педагогика. – М., 2010 жылдан бастап.  
  //Бастауыш мектеп. – Алматы, 2010 жылдан бастап.  
  //Открытая школа.-Алматы, 2012 жылдан бастап.  
  //Психология. Социология. Дефектология. – М., 2010 жылдан бастап.  
  //Білім тынысы.-Алматы, 2012 жылдан бастап.  
2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары
  Заркенова Л.С. «Арнайы педагогика» пәні бойынша электрондық дәрістер курсы [Электрондық ресурс]: 5В010500 – «Дефектология» мамандығы. – ҚарМУ.- Қарағанды, 2010. - //www/webirbis.ksu.kz.  
  Заркенова Л.С., Тебенова К.С., Ильясова Б.И. «Дефектология негіздері» пәні бойынша электрондық дәрістер курсы [Электрондық ресурс]: 5В010500 – «Дефектология» мамандығы. – ҚарМУ.- Қарағанды, 2010. - //www/webirbis.ksu.kz.  
  Заркенова Л.С. Еңбекке баулу және тәрбиелеудің арнайы әдістемесі (электрондық оқу құралы). – Қарағанды, ҚарМУ, 2009.  
  Заркенова Л.С. «Генетика» бойынша электрондық дәрістер курсы [Электрондық ресурс]: 050105 - «Дефектология» мамандығы. – ҚарМУ.- Қарағанды, 2009. - //www/webirbis.ksu.kz.  
  Нурманбетова У.Е., Тебенова К.С., Омарова Н.Н. «Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша электрондық дәрістер курсы [Электрондық ресурс]: 050105 – «Дефектология» мамандығы. – ҚарМУ.- Қарағанды, 2008. - //www/webirbis.ksu.kz.  
  Омарова Н.Н., К.А.Бейсекова, Г.Н.Верховец. Специальная педагогика / ЭУ. Свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 168 от 06.05.2008.  
  Рымханова А.Р. Логопедия негіздері: Электрондық дәрістер курсы [Электрондық ресурс]: 5В010500 және 050105 – «Дефектология» мамандығы. – ҚарМУ.- Қарағанды, 2009. - //www/webirbis.ksu.kz.  
  Тебенова К.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. - Электрондық оқу құралы.- Астана, 2008.  
  Тебенова К.С. Мультимедийная презентация по дисциплине "Введение в специальность" [Электронный ресурс]: спец. 5В010500 "Дефектология.-Караганда, 2010.- //www/webirbis.ksu.kz.  
2.3 Интернет көздері
  http: //www.ise.iip.net/almanah/5/index.htm  
  htth: //www.eti-deti.ru  
  htth: //www.defectolog.ru  
  htth: //collection.edu  
  htth: //www.satr.kz  
  htth: //www.school.edu.ru  
  htth: //www.invalid-detstva.ru  

 

6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

Лекция тақырыбы: Кіріспе. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, салалары, даму тарихы, басқа ғылымдармен байланысы.

Лекция тезистері

1. Дефектология ғылымына жалпы түсінік, сипаттамасы, даму тарихы.

Дефектология ( defectus деген латын тілінен кемістік деген мағынаны кµрсетеді, ал logos грек тілінен - сөз, ілім) - балалардың педагогикалық ғылымына жатады, ол кемістігі бар балалардың психологиялық жєне физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді, сонымен қатар оларды оқыту жєне тєрбиелеу заңдылықтарын белгілейді.

Ғылыми таным саласы ретінде дефектологияның зерттеу негізіне кемтар балаларды оқыту, тєрбиелеу мєселелері алынады.

Орта ғасырдың соңғы кезеңіне қарай, феодалдық қоғам қойнауында капиталистік мануфактура дамыған кезде қала халқының ішіне түрлі кемістіктерді, психикалық ауруларды бөліп алу қажеттігі туды. Өйткені, даму барысындағы физикалық, психикалық кемістіктер, психикалық аурулар қоғам назарын өзіне аударды. Бірақ бұл кезде қоғамдық идеологияда шіркеу үстем болды. Осыған сәйкес аталмыш кемістіктер, психикалық аурулар жын-шайтан айналдырған адамдар ретінде қарастырылды. Ауруларды монастырьлерге жіберетін Батыс Еуропа елдерінде, Киев және Москва Русьтерінде де солай еді.

Шіркеу «күпірлермен» қатал күрес жүргізген Батыс Еуропа елдерінде психикалық аурулар, дамудағы кемістіктер, ақылы кем адамдар көбіне инквизиция оттарында жағылды.

ХУ-ХУП ғасырларда Еуропа елдерінде кемістіктері бар адамдарға, психикалық ауруларға арналып баспаналар ұйымдастырылды.

Медицина профессоры Феликс Платтер (1537-1614) алғашқы рет ақыл-ой бұзылыстарын, көңіл-күйді, аурулардың физикалық жағдайын ескере отырып психикалық ауруларды жіктеуге тырысады. Педагог, философ, славян ғалымы Ян Амос Коменский (1592-1670) елден бұрын педагогикалық тұрғыда баланың ақыл-ойының оның мінез-құлқына, тәртібіне тәуелділігін көрсете білді.

Алғашқы рет француз дәрігері-психитары Филипп Пинель(1745-1826) анық болмаса да кемақылдылықтың екі клиникалық түрін ажыратқан: туа біткен және жүре пайда болған.

Идиотияны ерекше жағдай ретінде қарастыру мәселесімен Ф.Пинель шәкірті Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840) айналысқан.

Неміс психиатры Эмиль Крепелин (1856-1926) кемақылдылықтың барлық түрлерін «психикалық дамуының тежелуі» атты бір үлкен топқа біріктірді, «олигофрения» терминін енгізді.

Атақты швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) артта қалушылықтың жеңіл түрлері бар балалардың арнайы оқу мекемелерінде оқытылуының алғашқы әрекеттерін жасаған.

Атақты француз психиатры Жан Итар (1775-1838) сезімталдылығын дамытуға негізделген әдістер көмегімен (физиологиялық оқыту) тағыланған баладан (авейрон жабайы) қалыпты сау адамды тәрбиелемекші болатын.

ХХ ғасырдың бірінші төрттігінде француз педагогы Жан Филипп және дәрігер Поль Гонкур психикалық ауытқуы бар оқушыларды зерттей отырып, олардың қалыпсыздығының критерийі болып қалыпты жағдайда оқуға қабілетсіздігі тұжырымына келді. Олар ақылды өлшеу және кемақылдылықты диагностикалаудың жаңа тест жүйелерін іздестірудің бастамасына негіз салды.

Ресей дефектология ғылымының даму тарихы Екатерина Константиновна Грачеваның (1866-1934) есімімен тығыз байланысты. Ол күрделі кемақылды балалармен жұмыс істеудің алғашқы жетекшілігінің авторы болып саналады, олар өз мәнін бүгінгі күні де жоғалтқан жоқ. Е.К.Грачева кемақылды балаларға арналған Ресейдегі алғашқы мекемелерді құруда еңбегін сіңірген.

Всеволод Петрович Кащенко (1870-1943), атақты педагог, кеміс балаларға арналған мектеп-санаторийді құрған, ол арнайы түзету мекемелерінің негізі болды және педагогика ғылымының Академиясының дефектология ғылыми-зерттеу институтына ауысты, ал қазіргі уақытта – Ресейдегі Білім Академиясының коррекциялық педагогика институтына.

Г.Я.Трошин (1974-1938 ), атақты психиатр, кемақылдылыққа деген өз көзқарастарында қалыпты дені сау және қалыпсыз балалардың даму заңдылықтарының ұқсастығын, табиғаты бірдей екендігін ескерген. (

Г.Е.Сухарева (1892-1981) жүйке жүйесінің зақымдану уақытын және себептерін ескере отырып олигофренияның жүйелілігін әзірледі. Онымен олигофренияны психикалық дамудың тежелуінен, тіл патологиясынан және шығу тегі олигофрениялық емес бұзылыстарға тән басқа жағдайлардан ажырату жүргізілді.

М.С.Певзнер (1901-1991) олигофренияның клиникалық белгілерін зерттеуге өз үлесін қосты, танырлық іс-әрекетінің жетілмеуінің көрсеткіштері бойынша, тежелу мен қозу үдерістерінің қозғалысы және біркелкілігінің дәрежесі бойынша олигофренияның жіктелуін әзірлеген. Ол алғашқы, генетикалық тұрғыдан пайда болған олигофренияның, тәртіп бұзылыстарымен күрделенбегендігін көрсеткен

Атақты психолог-экспериментші Лев Семенович Выготский (1896-1934) баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын анықтап құрастырды: жоғары психикалық функциялардың даму заңы; бала дамуының біркелкілігі еместігі заңы; бала дамуындағы метаморфоза заңы және т.б. Онымен кеміс баланы әлеуметтік оңалту негіздері әзірленіп ғылыми негізделген. Л.С.Выготский кемістіктің алғашқылығы мен екіншілігі туралы ілімді әзірлеп, ақыл-ой мен аффектінің бірлігі идеясын дәлелдеген; «баланың жақын арадағы және өзекті даму аймағы» ұғымын тұжырымдады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аталмыш мәселеге өз үлесін қосып жүрген ғалымдар: Ж.И.Намазбаева, Р.А.Сулейменова, Өмірбекова Қ.Қ. және т.б.

2. Дефектология ғылымының мақсаты, міндеттері.

Дефектологияның негізгі міндеттері:

1. Дефектологияның негізгі бет тапсырмасы болып – әртүрлі кемістігі бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, клиникалық тұрғыдан жан-жақты тереңірек зерттеу саналады.

2. Кемтар балалар үшін арнайы мекемелердің даму сатысын ұйымдастыру принциптерін өңдеу және негіздеу.

Дефектология – кемтар балаларға ертерек, дер кезінде тәрбиелеу және оқыту мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.

3. Кемтар балаларға арналған мекемелерде оқыту-тәрбиелеу процестерінің әдістері мен мазмұнын, міндеттері мен мақсаттарын анықтау. Арнайы дефектологиялық жүйе – әрбір арнайы мектептерде оқытудың белгілі бір принциптерін, оқу процесінің формаларын ұйымдастырып, әр балаға қажет оқыту құралдары мен әдістерді қарастырады.

4. Балалардың кемістігін алдын-алу ескерту үшін профилактикалық шаралар жүйесін дайындайды.

Профилактика қамтамасыз етіледі, тұрғындардың тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау жұмыстары жүргізіледі.

5. Дамудың әрбір сатысында кемтар балалар үшін әлеуметтік процестердің тиімділігін жоғарлату.

3. Дефектология салалары және басқа ғылымдармен байланысы.

Дефектология бірқатар салаларды біріктіреді:

- сурдопедагогика – есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;

- тифлопедагогика - көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді;

- олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеу және оқыту;

- логопедия – тіл мүшелері кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту сұрақтарын зерттейді.

Дефектологияға арнайы психология да кіреді.

Кеміс балаларды тәрбиелеу мен оқыту – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншіліктеріне қарай, қоғамдық өмірге пайдалы, белсеңді, өз беттерінше өмір сүре алатындай дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.

Дефектология ғылымының басқа ғылымдармен тығыз байланысы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жан - жақты зерттеп, негізгі кемістіктердің себептерін айқындап, осы кемістіктердің салдарын, олардың клиникалық белгілерін анықтауда зор маңызы бар.

4. Дефектологияның зерттеу әдістері

Мүмкіншілігі шектеулі балалардың дамуының психикалық-физикалық ерекшеліктерін және оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттеу мақсатымен дефектология ғылыми-педагогикалық зерттеу жүйесін қолданады. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың түрлі категорияларының жеке ауытқуларын және ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған әдістер ерекше мәнге ие. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін, жеке категориялардың даму заңдылықтарын зерттеу білім деңгейінің жоғарлануын қамтиды. Ол ең алдымен бала жанұясында, одан кейін - мектепте, оқудың бүкіл жылдарында, келешекте - дербес өмір сүру жағдайында жүргізіледі. Зерттеудің кешенділігі, басқаша айтқанда мұғалімдермен, тәрбиешілермен, психологтармен, дәрігерлермен алынған мәліметтерді сәйкестіру – аномальді балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеудің міндетті шарты.

Дефектологиядағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеті – балалардағы ауытқулардың дамуының алдын алу мен жеңудің нәтижелі амалдарын әзірлеу.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде дефектология белгілі педагогикалық және психологиялық әдістерді қолданады. Бұл бақылау, қалыпты жағдайда белгіленген психологиялық-педагогикалық құбылысты мақсатты зерттеуден тұрады, алдын ала құрастырылған жоспар бойынша тексеру немесе әңгіме, оқушылар тұлғасының қалыптасу ерекшеліктерін немесе түзету-тәрбиелік үдерістің нәтижелілігін анықтауға көмектеседі.

Эксперименттің түрлі түрлері кеңінен қолданылады – табиғи (констатациялық және оқытушы) және лабораторлық, арнайы ұйымдастырылған жағдайда жүргізіледі.

Мүмкншілігі шектеулі балалар туралы мәліметтерді алудың маңызды көзі болып олардың іс-әрекет нәтижелерін – балалардың психикалық ерекшеліктерін, олардың қоршаған орта туралы көріністерін сипаттайтын жазбаша жұмыстарын, суреттерін, түрлі бұйымдарын, талдау болып саналады. Бұл әдіс оқушылардың даралығын, олардың бейімділігі мен қабілеттерін бейнелейді.

Аномальді балаларды зерттеудің құнды құралдары болып әлеуметтану және психологиялық әдістер саналады. Олардың ішінде – сауалнама – сауалнама көмегімен материалды жаппай жинақтау әдісі. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын және талаптануын зерттеу әдістері, социометрия – топтағы тұлғалар арасындағы қатынасты зерттеу, сонымен қоса математикалық әдістер, зерттелетін сипаттамалардың сандық көрсеткіштерін анықтайды.

Түрлі әдістерді кешенді қолдану нәтижелердің сенімділігін қамтиды.

5. Дефектологияның педагогикалық категориялары.

Дефектология– педагогикалық ғылым ретінде, бірқатар негізгі педагогикалық категорияларды ілгерілетеді:

Кеміс (жарымжан) балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі бір ұғымы болып табылады және баланың жалпы жетілуінде (құрбылармен, үлкендермен қарым-қатынаста араласуында, адам, жеке тұлға болуында) зор маңызы бар.

Кеміс балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптерімен анықталады – белсеңді, қоғамға пайдалы адам тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, осының барлығы жеткілікті әдістердің мөлшерімен, құралдармен, дефектология құрылымына сәйкес дәрежелермен іске асырылады.

Кеміс балаларды тәрбиелеу, жанұя және мектеппен тығыз байланыста жүреді, өз-ара түсіністік, бір-біріне көмек көрсету, тәртіпті талап етуді орынды үйлестіре отырып, іске асырылады.

Кеміс балаларды оқыту және жетілдіру (дамыту) - бұл білім берудегі және меңгерудегі іс-әрекет дағдыларын, еңбекке және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал, мақсаттық процесс болып табылады.

Оқыту барысында, білім беру және тәрбиелеу мақсаттары көзделеді. Дефектология арнайы дидактикалық сұрақтармен (білім беру қағидалары мен кеміс балаларды оқыту) айналысады.

Оқу процесін ұйымдастыру принциптері, мазмұны, міндеттері, балалардың кемістік сипатымен тереңдігін ескере отырып, әрбір нақты арнайы оқу орындары үшін жетілдіріледі. Осыған байланысты оқыту әдістері, техникалық құралдар таңдалып алынады.

Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жақын арадағы даму зонасы (аймағы) мен актуалды даму зонасын білу, кеміс баланың өзінде болған мүмкіншілігін ғана емес, оның психикалық даму беталысын анықтайды.

Оқыту процесі, жақын арадағы даму зонасының актуалды даму зонасына ауысуына жағдай жасауы қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшалығын қажет етпей, алдында тұрған тапсырмаларды өз бетімен шешуі қажет.

Бұл – оқыту мен дамытудың ішкі өз-ара байланысын құрастырады, сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған оқыту, психикалық қызметінің қалыптасуына сүйене отырып, дамуына әкеледі. Еңбекке үйрету және тәрбиелеу арнайы дидактиканаң негізгі мәселері болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек ерекше маңыз алады, өмір сүрүге ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар, мамандық игеруге үйретеді.

Коррекция (латын тілінен – correctio - дұрыстау, түзету, жөндеу) - дефектологияда балалардың психикалық, физикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді әлсірету немесе дұрыстауға, түзетуге бағытталған педагогикалық шаралардың жүйесі. Коррекция екіге бөлінеді - жекелеген кемістікті түзету (мысалы, көру немесе дыбысты айту коррекциясы), кеміс баланың жеке басына толық түрде әсер ету.

Компенсация – (латын тілінен compensatio – қалпына келтіру, өтеу, байсалдылық) - организмдегі жетілмеген немесе бұзылған функционалдық қызметтерді қалпына келтіру. Бұл өте күрделі, жан-жақты процесс. Туа біткен немесе жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан туындайды. Сонымен, соқыр болып туған баланың көру анализатор қызметінің компенсациясы, сезімталдығын дамыту арқылы, терінің сенсорлық жүйесінің көмегімен орындалады.

Кеміс балалардың дамуында алғашқы кемістік маңызды роль атқармайды, керісінше, кемшіліктің екінші әлеуметтік салдары, оның әлеуметтік-психологиялық орындалуы маңызды роль атқарады.

Компенсация процесі, мүкістікті толық жөндей алмайды, бірақ, кемістіктен пайда болатын қиыншылықтарды жеңуге төзуге көмегін тигізеді. Егер, арнайы педагогикалық әсер ету неғұрлым ерте басталса, компенсация процессі соғұрлым жақсы дамиды. Дамудың алғашқы сатысында коррекциялық тәрбиелеу жұмыстары басталса, организм мүшелерінің бұзылуынан пайда болған екінші зардаптарды алдын-ала ескертеді және баланың сәтті бағытта жетілуіне себебін тигізеді.

Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары дамудың барлық сатысында жүйелі түрде қолданылады, себебі ауытқыған қызметтердің компенсациясы бірден қалыптаспайды, біртіндеп белгілі бер заңдылықтарға сүйене отырып қалыптасады.

Компенсацияның жоғары дәрежесі баланың жан-жақты жетілгенін білдіреді. Бірақ, даму кемістігінің кейбір формалары үшін компенсация шектелген. Сонымен, ақыл-есінің дамуындағы тұрпайы кемістіктерде жартылай компенсация қолданылуы мүмкін (сана-сезімінің дамуы), себебі, интеллектідегі терең ауытқулар жоғары психикалық дамуға кедергі жасайды. Осының салдарынан кемтар балалар қолайсыз әсерлермен жағдайларына (ауру процестеріне, психикалық жүктермен стресстерге) тез шалдығады да, сомпенсаторлық механизмдер бұзылуы мүмкін. Соның салдарынан жұмысқа қабілеттілігі қүрт төмендеп, дамуы баяулайды.

Бұл құбылыс – декомпенсация деп аталады. Осындай функционалдық ауытқулар төзімсіздікке және психикалық процесстердің әсіреуне әкеледі.

Бұл жағдайда бала – қорғаныс режимін құрауды, оқу жүктемесін шектеуді талап етеді. Кемтар балаларда компенсаторлық процестердің пайда болуы бірқатар жағдайларға байланыстаы болады.

Олардың дамуына жататын қолайлы жағдайлар:

- оқыту және тәрбиелеу жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы, арнайы әдістер мен ережелерді қолдана отырып, тәрбиелік жұмыстар жүргізу;

- оқыту мен еңбекті байланыстара отырып, балалардың ақыл-есінің және денесінің өсуіне жан-жақты үйлесу гармоникалық қалыптасуы принциптерін қолдану;

- балалар ұжымында, мұғалімдер, оқушылар арасында дұрыс қарым-қатынас жасай білу;

- балалардың оқу тәртібі мен еңбек процесін дұрыс ұйымдатыру, оқу тапсырмаларының шамадан артық болмауын ескерту;

- оқытушыларды оқыту әдістері түрлі формада алмасып отыруы, олардың белсенділігімен өз бетіндік қабілеттерін жоғарылатуға бағыттау;

- әртүрлі техникалық құралдарды, арнайы жвабдықтар жүйесін кеңінен қолдану, балалардың мүмкіншілігіне қарай оқу-құралдарын оптималды қолдану.

Әлеуметтік реабилитация (латын тілінен rehabilitasжарамдылығын ақтау, ақтап шығару, қабілетін қалпына келтіру) медициналық-педагогикалық мағынасы - кеміс балаларды әлеуметтік ортаға қалыптастыру, олардың психикалық-физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамдық өмірге, еңбекке араластыру.

Реабилитация – медициналық қүралдардың көмегімен іске асырылады, жетілудегі кемістектерін жою, сонымен қатар, арнайы оқыту, тәрбиелеу, мамандыққа даярлау. Реабилитация процесінде аурудың салдарынан болған ауытқулардың орны толтырылады. Реабилитация міндеттері әртүрлі категориялардағы кеміс балалар үшін арнайы оқу орындарында шешіледі.

Әлеуметтік адаптация (латын тілінен adapto – үйрену, бейімделу) - жалпы қоғамдық нормалар жүйесіне сәйкес кемтар балаларды топ ішіндегі және жеке тәртіптерге бейімдеп үйрету.

Кемтар балаларда жетілуіндегі кемістіктің салдарынан әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуі қиынға соғады, болып жатқан өзгерістер мен талаптарға көңіл бөлу қабілеті төмендейді.

Олар өз мақсаттарына жетуде ерекше қиындаықтарды сезінеді де, тепе-теңсіздік реакциялары пайда болып тәртіптерінше ауытқулар байқалады. Әлеуметтік бейімделу кемтар балалардың қоғамдық ортамен белсеңді араласуына мүмкіндік туғызады.

Отбасында, жанұяда тәрбиелеу – реабилитацияның белсеңді факторы. Отбасы мен мектеп біріге отырып күш салса, кемтар балалардың қоғамдық белсеңді әрекеттерімен араласуына, оның мамандық таңдау, еңбекке араласу мүмкіндігін анықтайды. Жыл сайын реабилитация әдістері мен ережелерін жетілдіріп отыр.

Есту органдары кем, саңырауларға арналған мектептерде жаңа жабдықтау қолданылып отыр.

Инклюзивті білім беру – бұл балалардың арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толық қосуға, жасына, жынысына, ұлтына және дініне, дамуда артта қалуына немесе экономикалық жағдайына қарамастан, жанұясының белсенді қатысуымен оларды әлеуметтік бейімдеу, баланың жеке қажеттіліктерін түзете-педагогикалық және әлеуметтік атаулы қолдау және баланы емес, ал ортаны балалардың жеке ерекшеліктері мен білім алудағы ерекше қажеттіліктеріне бейімдеуге, б.а. қолайлы білім беру жағдайларын туғызуға бағытталған мемлекет саясаты.

Арнайы бiлiм беру бағдарламалары - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар.

Арнайы бiлiм беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып бiлiм беру.

Арнайы бiлiм беру жағдайлары - техникалық және өзге де көмекшi құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтiк және кемтар балалардың бiлiм беру бағдарламаларын игеруi онсыз мүмкiн болмайтын өзге де қызметтердi қоса алғанда, арнаулы бiлiм алу үшiн жасалатын жағдайлар.

Арнайы бiлiм беру ұйымдары - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерi, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтiк пункттер және басқа да ұйымдар.

Білім алуда ерекше қажеттіліктер – ЮНЕСКО концепциясынасәйкес аталмыш ұғым түрлі себептерге байланысты, білім алуы қиындатылған бүкіл балаларды қамтиды және физикалық (дене), ақыл-ой жетілмеушілігі бар балалардан басқа әлеуметтік-экономикалық, мәдени, діни, ұлттық, тіл, географиялық немесе басқа факторлармен байланысты тұрақты немесе уақытша қиындықтарға ұшырайтын балаларды да кіргізеді.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 5, 9, 10, 12.

Қосымша әдебиеттер: 17, 19.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 34, 37, 40, 41.

Интернет көздері: 42-48.

 

Лекция тақырыбы: «Кеміс (кемтар) балалар» ұғымы. Кеміс (кемтар) балалар (жалпы сипаттама).


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 5964 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.02 сек.)