Эмансипация реакциясы
Эмансипация реакциясы - ол жас өспірімнің өз дербестігіне, тәуелсіздігіне талас, күрес. Қалай болсада ол ересек адамдардың бақылауынан шығуды қажет етеді.
Аталмыш реакцияның асқынған түрлерін ата-аналар балаларға дұрыс тәрбие бермегенде: тым артық немесе кем тәрбиелегенде.
Компенсация және гиперкомпенсация реакциясы
Компенсация және гиперкомпенсация реакциясы – ол жас өспірімнің кейбір өзіндік тәртіптік көріністерімен өзінің нашар, әлсіз мінездерін немесе қасиеттерін жасыру. Жас өспірімдерге аталмыш реакция ата-анасының аз көңілімен назарының аздығынан психологиялық қорғаныс ретінде тән. Мұндай реакция толық емес жан-ұяда өсетін немесе физикалық, психикалық, сөйлеу кемістігі бар, сол сияқты басқада кемтар немесе невроздармен сырқаттанған балаларда жиі кездеседі.
Дромомания
Дромомания – ол кезбелікке бейімделік. Психиатрлар бұл реакцияны импульсивті ниеттерді бақылау бұзылуларының бір түрі деп есептейді. Қалыпты жағдайда аталмыш реакцияны алыс саяхаттарға деген өте қатты құштарлық деп санауға болады.
Нәпсіқұмарлыққа сертті реакциясы
Осындай реакцияларға жас өспірімдер онанизмнің (мастурбацияның) түрлі көріністерін, сонымен қатар топты және бірге мастурбацияны, ретсіз тәртіпсіз жыныстық байланыстарды жатқызады, мысалы жас өспірімдер тобында.
2. Невротикалық типті психикалық декомпенсация
Жас өспірімдер арасындағы байқалатын тәртіп бұзылуларының ішінде сәтті әлеуметтік бейімдеуге қарсы, кейбір жағдайда керісінше қоғамқа қарсы қалыптасуына болысатын тәртіп ретінде психопатоподобиялық бұзылулардың маңызы өте зор.
Аталмыш тәртәп бұзылулардың клиникалық-психологиялық құрылымының екі психопатологиялық вариантын дифференциялайды:
- невротикалық типті психикалық декомпенсация және
- психоұқсастық типті психикалық декомпенсация, оның ішінде
а) сезімді-жігерлік тұрақсыздығының жоғарлауымен, б) аффекті қозғыштықтың жоғарлауымен, в) құмарлық бұзылуларының жоғарлауымен.
Невротикалық типті психикалық декомпенсация балалардың өзіндік интеллектуалды кемтарлығын ауыр уайымдаумен байланысты. Жас өспірімдерде ауыр психикалық жаралау, өз мүмкіншілігіне сенімсіздік, болашақ алдында қорқақтық, сәтсіздігін тым қайғыру байқалады. Оқу әрекетінің тиімділігі тым төмендейді. Аызша жауап бергенде немесе бақылау жұмыс тапсырғанда қорқу, сасқандық орын алады. Қорқынышты фильмді көргенде немесе әңгіме оқығанда қорқу сезімі күшейе түседі, қараңғыдан қорқу және ауыр түстерді көру пайда болады. Алайда, жас өспірімдер өз сыртқы дене кемістіктерін өте ауыр уайымдайды, мысалы қыли көздігін, энурездерін, қиын қимылдарын.
Кейбіреуінде осы себептерден аутистик икемдердің пайда болуы байқалады. Ол сыртқы ортамен байланысы нашарлап, өз бетімен басқа бір дуниеге еніп кетуімен сипатталатан психиканың ауыршаң қалыпы. Аталмыш жағдайда жас өспірімдер жалғыз, әсіресе табиғатта қалуды қажет етеді, көпшілікті керек қылмайтын әрекетпен шұғылданады. ¤з қиялдарында өздерін күшті және әдемі, сыпайы түрде елестетеді.
Түрлі қоғамға қарсы қылықтары, мысалы түсініксіз сабақ босатулары, қаңғуға әрекет жасаулары қорғаныс мақсатымен сипатталады. Сонымен қатар жас балаларда оңды өзіндік қасиеттері де байқалады, мысалы ақжүректік, ізгіниетшілік, ата-аналарын, оқытушыларын жақсы көрушілік сияқты. Шын ниетпен үй немесе интернат жұмыстарымен шұғылданады.
3. Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация.
Психоұқсастық типті психикалық декомпенсация 3 түрлі болады, оның ішінде: а) сезімді-жігерлік тұрақсыздығының жоғарлауымен, б) аффекті қозғыштықтың жоғарлауымен, в) құмарлық бұзылуларының жоғарлауымен. Мектеп тәртібін бұзуымен (шыдамсыздық, ашушаңдық, мүғалідермен және кластастармен тіл табыспаушылық, әр-дайым сабақ босату) қатар аталмыш жас өспірімдерде қоғамға қарсы тәртіп (ерте маскүнемдік, ұрлық, қаңғыру, нашақорлықпен токсикоманияға әуесқойшылық, жыныстық бұзылулар) байқалады. Алайда, бұл балалар кәмелетке толмаған балалар бойынша комиссияның тіркеуінде турады. Олардың тәртібінде сезімдік-жігерлі тұрақсыздық, жетілмегендік байқалады. Артық балалық инфантилизмі ойсыз көтеріңкі көңіл-күймен және беймазалыққа, әбігершілікке бейімділікпен көз тартады. Қанағаттанарлық – олардың тәртіптерінің ең негізгі қозғауыш күші. Сонымен қатар, оңай тапсырмалардын бет бұрып қашады. Оқу сабақ барысында мылжың, сөзшең, дерекі, алаңдап отырады. Қандай да әрекетпен шұғылданбаса да, өте шыдамсыз, тез мастық, импульсивті болып келеді. Жоғары иландырудан мұндай балалар қақтығысқа тез тартылып түрлі қалмыстарға душар болады. Қорқақтыққа қарамастан олар белсеңді тәртіп бұзышулардың жетегіне тез көнеді.
Аффекті қозғыштықпен қозғалтқыш шегіндірілген тежелудің басымдылығы көпшілік жас өспірімідердің шамадан тыс ашушаң, агрессивті болуына септі. Себепсіз оқытушысына кітап немесе дәптерді лақтырып тастап, немесе кітаптарын жыртып, төбелесіп жаман сөзге келу мүмкін. Жиі сипатталған аффекті жауап оған себепкер болған жағдайларға мүлде адекватты емес болады.
Интеллектуалды кемістігімен қатар балалардың қызықтарының өзіндік есеюі байқалады. Олар жақсы тұрмысты, күйеуге шығуды, жоғары ақылы жұмысты армандайды. Жалпы, жастардың қызы да, ұлы да үлкендерге талпынып, мектепке деген көңілдері суыиды.
Осы топтың жас өспірімдерінде көңіл-күй бұзылулырдың өшпенділікпен, күдікшілдікпен қоса дисфория түрлері байқалады.
Аталмыш балалардың келбет көрінісі ерте және тым жоғары дамыған жыныстық жетілуінің айғағы болып білінеді (ерте және шектен тыс дамыған туынды жыныстық белгілерімен сыртқы жыныстық мүшелері, дене бітімінің ерте дамуы). Қыз балаларда май басу және ерте етеккірдің басталуы байқалады (9-11 жас аралығында).
Жоғары көрсетілген тәртіп бұзылуларға қарағанда, құмарлық бұзылулары жас өспірімдердің бүкіл өмір салтын белгілеп мектеп-интернатында әрі қарай болу мүмкіншілігін жоқ қылады. Аталмыш категориялық жас өспірімдердің қыз балаларында ең негізгі орынды жоғары нәпсіқұмарлық алады. Кейбіреулері бұл құштарлықты кесірлі деп өз өзін бақытсызбыз деп санайды. Басқалары зиянды топтарға ілігіп сол ортаның тәртіп - дәстүрлерін меңгере бастайды.
Жоғары нәпсіқұмарлықпен кезбелікке бейімделік (дромомания) байланысты. ‡й немесе интернаттан қашқанда олар вокзалдарда, үй төбелерінде, подъездерде, кез келген таныстармен бірге түнеп, шылым шегіп арақ ішеді. Көпшілігі ұсақ ұрлыққа барады. Бұл тәртібі бұзылған жас өспірімдерде интеллект кемістіктері айқын білініп тұрады: басқаларға тез, оңай сеніп, кез келгендермен басқа жаққа кетіп, ұрланған заттарды текке сатып немесе тәтті тамаққа айырбастап, өз ахуалын дұрыс бағаламай дер кезінде ұсталынып қалады. Ер балалар нәпсіқұмарлықпен қоса кезбелікке бейімделік, ұрлық, араққұмарлықпен көзге түседі. Олардың мақсатсыз қашып кетуі өте жиі, әсіресе дисфория кезінде байқалады. ¦рлық жеңе алмайтын құштарлықпен ерекшелінеді – ситуацияны бағаламай, елдің көзінше ұрлық істеу мүмкін. Араққа құмарлықтыда жеңе алмайтын сезіммен ерекшелінеді, сондықтан тез ішімдікке құштар болып маскүнемдікке душар болады. Сонымен қатар осы жас өспірімдер топтасып нашақорлыққа да құмар болады. Кейбіреулері дәрі-дәрмек, химикалық заттарды наша орнына қолданып токсикоманияға душар болады. Осы атап өткен тәртіп бұзылулары интеллект кемістіктерімен қоса жас өспірімдерді әлеуметтік жағынан қатерлі топқа біріктіруге әкеледі. Немесе мұндай балалар қылмыстарға баруы мүмкін. Аталмыш жас өспірімдердің сыртқы дене бітімінде жыныстық метаморфозбен және эндокринді-вегетативтік қызметтердің бұзылуымен байланысты даму үйлесімсіздігі, яғни дисгармониясы белгіленеді.
Қосымша мектеп-интарнаттарда аталмыш жас өспірімдер категориясы оқытушылардың және тәрбиешілердің жоғары көз-қараспен назарын қажет етеді, ал симптомдардың асқын кезеңдерінде ауруханаға немесе психоневрологиялық стационарларға жатқызуды қажет етеді.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 10, 12.
Қосымша әдебиеттер: 15-17, 19, 20.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 33-38, 40, 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: Генетика пәні, оның міндеттері. Менделизм негіздері.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 2620 | Нарушение авторских прав
|