АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Лекция тезистері. 1. Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиясы, патогенезі, классификациясы.
1. Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиясы, патогенезі, классификациясы.
Адам патологиясында тұқым қуалайтын факторлар маңызды роль атқарады. Олар тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуын анықтайды, сонымен қоса аурудың дамуына және кей тұқым қуаламайтын патология түрлеріндегі жазылу механизмдеріне әсерін тигізеді. Түрлі патологиялық процестің пайда болуы мен дамуы генотип пен қоршаған орта жағдайларына тәуелді болады. Генотип деп барлық тұқым құалау жағдайларының, яғни ата-енелерінен алған гендердің толық жиынтығын атайды. Тұқым қуалайтын аурулар өзін әр жаста білдіреді. Олардың кей біреулері тіпті дамудың жатыр ішіндегі кезеңінде және жаңа туған нәрестелерде білінеді, мысалы, гемофилия, саңырау-мылқаулықтың тұқым қуалайтвн түрі. Басқа аурулар балалық шақта білінеді, сонымен қоса біреулері алғашқы рет ер жеткен уақытында немесе тіпті кексе жасында пайда болады. Мысалы, подагра 40-45 жасынан кейін дамиды. Қазіргі кезде адамның 3000-ға таяу тұқым қуалайтын аурулары белгілі. Олардың арасында дене құрылысының және зат алмасу ауытқуларының бір бөлек ептеген белгілері басымды болады. Бірақ олар арасында күрделі тұқым құалайтын ауруларда баршылық. Тұқым қуалайтын патологияның көп түрлері сирек кездеседі (1:5000 – 1:50000). Бірақ кей тұқым қуалайтын арулар мен кемістіктер жиі де кездеседі: бүкіл жаңа туған нәрестелер арасында 1:1000 диабет белгілері байқалынады, 1:700 Даун ауруы кездеседі, жаңа туған нәрестелердің 2% дене кемістіктері болады, еркектер арасында 8% дальтонизм кездеседі, кейде тұқым қуалайтын психикалық ауруларда және т.б. кездеседі. Жалпы алғанда, жаңа туған нәрестелердің 4%-де тұқым қуалайтын кемістіктер байқалынады, олар бала денсаулығына күрделі не жеңіл дәрежеде қауыпты болуы мүмкін. Жаңа дамып келе жатқан ағзалардың 6% түрлі генетикалық ауытқулар салдарынан, басқаша айтқанда тұқым қуалайтын патологиядан, жатыр ішіндегі өмірдің әр кезенінде шетінеп кетеді.
Тұқым қуалайтын ауру дегеніміз, алғашқы ұрықтанған жасушаның тұқым қуалайтын зат құрылымының бұзылуы нәтижесінде ауру ағзаның дамуы. Ағза дамуының жалпы бағдарламасы (генетикалық кодесі) «жазылған» бұл зат хромосомалардың ДНК-сы болып саналады. ДНК молекуласы тұрақтылығымен сипатталады, бірақ кей төтенше әсерлер нәтижесінде ДНК молекуласының құрылымы оның әрбір бөлігінде өзгеруі мүмкін (гендік мутация). Сонымен қоса хромосома құрылымында және ядродағы оның саңының күрделі өзгерістері болуы мүмкін, оларды тіпті микроскоппен айыруға болады (хромосомалық мутациялар). Егерде жыныстық жасушаның ядросындағы ДНК-да мутация пайда болса, ол кей белгілері өзгерген ағзаның дамуына жол ашады. Бұл өзгерістер тұқым бойынша осы ағзаның ұрпақтарына беріледі. Мутация себептері толық зерттелінбеген, бірақ кей бір маңызды мутагендік әсерлер бүгінгі күні белгілі. Олардың ішінен экологиялық факторларды, физикалық факторларды (түрлі сәулелер әсері), химиялық факторларды (адам тұрмыста және өндірісте қолданатын химиялық заттар, фармакологиялық құралдар) және биологиялық факторларды (вирустар) атап өтүге болады. Ағзаның өзінде де мутацияны туғызатын зат алмасу азықтарының (аутомутагендердің) түзілуі болады. Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуы ата-анасының жасына және басқа да факторларға тәуелді болады. Медициналық- генетикалық кеңес беру барысында бұл кезеңдерді есепке алу өте маңызды, өйткені болашақ ұрпақ денсаулығын дұрыс болжауға көмектеседі. 13, 18 немесе 21 жұп хромосомасы бойынша трисомия 45 және одан жоғары жастағы әйелдерде 19- 24 жастағы әйелдерге қарағанда жиі кездеседі (кейінгі уақытта Даун синдромы бар балалардың тууы 15- 19 жастағы аналарда жиі кездесетін болды). Ананың жасының әсері кері де болады: Х –моносомиялар жас аналарда жиі кездеседі.
Сонымен, тұқым қуалатайтын аурулар өз негізіне ағза құрылымының бұзылған бағдарламасын, басқаша айтқанда бұзылған генетикалық ақпаратты келесі ұрпаққа беруді кіргізеді. Осы өзгерген негізінде ауру пайда болады ма жоқ па, қашан және қалай білінуі ағзаның дамитын және өмір сүретін жағдайларына: тамақтану түріне, психикалық зорлану, физикалық жүктемеге және т.б. тәуелді болады. Сондықтан, тұқым қуалайтын аурулардан алдын ала сақтандыру, әсіресе салмақ салатын тұқым қуалаушылығы бар жанұяларда, генетикалық кемістіктерді ерте кезеңінде анықтау және аурудың түрлі белгілерінің дамуына кедергі жасайтын омір жағдайларын туғызу, өте маңызды. Тұқым қуалайтын аурулар хромосомалық және гендік мутациялар салдарынан болуымен байланысты, оларды хромосомалық және гендік ауруларға бөледі.
2. Адамның хромосомалық аурулары.
Адамның хромосомалық аурулары, хромосомдық жиынтығындағы (кариотиптегі) өзгерістермен байланысты, тұқым қуалайтын аурулардың ерекше тобын құрайды. Олар өздерінің суреттемесі бойынша әр түрлі, психикалық және соматикалық дамуының (ұрық пен баланың шетінеуіне дейін) күрделі бұзылуымен жиі сипатталады.
Хромосомалық ауруларды анықтау тек зерттеудің цитологиялық әдістерінің дамуымен және адамның қалыпты жағдайдаға хромосомдық жиынтығын зерттеуімен ғана мүмкін болды (Дж.Тийо және А.Леван, 1956).
Кариотипті зерттеу саусақтан немесе қан тамырынан алынған қан жасушаларында жүргізіледі.
Қан жасушаларының термостатта үш тәулік бойы өсуінен кейін, лимфоциттердің бөлінген кезінде алынған препараттарда, микроскоп арқылы хромосомдық жиынтығы (кариотип) зерттеледі: хромосомалардың саңы мен құрылымы анықталады. Қалыпты кариотип варианты мен патологиясы (ауытқуы бар) бар варианттар анықталады.
Цитологиялық әдістің кең қолданылатын басқа түрі болып жыныстық хроматинді зерттеу саналады.
Жыныстық хроматин – белсенді емес Х-хромосома. Адамда белсенді жағдайда тек бір Х-хромосома болады. Сондықтанда, екі Х-хромосомасы бар әйелдерде, біреуі жасушаларда белсенді емес жағдайда болады, оның, арнайы бояғанда, көрінуі мүмкін. Ер адамдарда жыныстық хроматин болмайды, өйткені тек белсенді жағдайда болатын жалғыз Х-хромосома болады.
Кариотипті зерттеуден гөрі, жыныстық хроматинді зерттеу жеңіл әдіс. Зерттеу ұрттың ішкі қабығынан алынған қырытындысының жасушаларында жүргізіледі.
Микроскоп арқылы Ү-хромосоманы көруге болатын әдісте қолданылады.
Жыныстық хроматин мен екінші Ү-хромосоманы (ауытқуы бар вариант ХҮҮ) анықтау әдістері үлкен контингенттерді зерттеуде қолданылады (бір зерттеуде- бірнеше мың).
Бүгінгі күні адамда 300-ден астам хромосомдық ауытқулар көрсетілген. Олардың барлығын 2 үлкен топқа бөлуге болады: аутосомалардағы өзгерістермен байланысты аурулар және гоносомалардағы (жыныстық хромосомалардағы) өзгерістермен байланысты аурулар. Хромосомалық аурулары бар тірі нәрестелер арасында ½ аутосома ауытқуларына және ½ жыныстық хромосомалар ауытқуына келеді. Хромосомалардың жетіспеушілігі немесе олардың көп болуы, олардың құрылым компоненттерінің бұзылуы немесе басқаша құрылуы ағзадағы патологиялық өзгерістердің басталуының себебі болып саналады. Көп жағдайларда хромосомалық материалдың артығы (түрлі хромосомалар бойынша трисомия), сонымен қоса аутосомалардың құрылысындағы түрлі өзгерістері ұрықтар мен нәрестелерде күрделі бұзылуларды туғызады және өліммен қабаттасады. Аутосомаларындағы түрлі аберрациялары бар балалардың орташа өмір сүру ұзақтығы не бары бірнеше ай. Сондықтанда мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында олар сирек кездеседі. Ақыл-ой дамуының бұзылуына тоқталсақ, аутосомадағы аберрация күрделі дәрежедегі олигофрениямен сипатталады. Жыныстық хромосомалар жүйесіндегі бұзылулар ағзаның дамуына аз мөлшерде әсер етеді және айқын көрінетін кемақылдылықпен кабаттаспауы да мүмкін. Кей жағдайда ауруларда ақыл-ойдың дамымауы белгіленбейді, бірақ түрлі психикалық ауытқуларға бейім болып тұрады: психопатияларға, құрысуға бейім, ішімділікке және т.б. Қазіргі кезде хромосомалық патологияның түрлі формаларымен, бұрын пайда болуы түсініксіз, көп бұзылулар байланысты екені белгілі: идиотизмның көп жағдайлары, акыл естің төмендігі, кемтарлық, жыныстық жетілмеушілік, түрлі эндокриндық бұзылулар.
Клиницист позициясынан барлық хромосомалық аберрациялар екі топқа бөлінеді: белгілі клиникалық синдромдық комплекс туғызатындарға және кездейсоқ, басқаша айтқанда идиопатиялық хромосомалық аберрацияларға. Алғашқылары клиникалық суреттемелерінде күдіктенуге мүмкіндік беретін, ал кейде нақты осы хромосомалық аберрацияны диагностикалайтын жалпы белгілердің көп немесе аз болуымен сипатталады. Клиникалық белгілер бойынша барлық хромосомалық аберрациялары бар аурулардың 25% - тін ғана диагностикалауға болады. Бұл Даун синдромы, Шерешевский-Тернер, Клайнфельтер синдромдары. Қазіргі уақытта белгілі бір хромосомалық патологиямен байланысты 20- дан астам түрлі клиникалық синдромдар жазылып көрсетілген.
Хромосомалық бұзылулардың екінші тобы, осы аберрацияға тән белгілі бір клиникалық суреттемесі жоқтығымен сипатталады. Көбіне хромосомалық бұзылудың бар екендігін, хромосомдық аберрациялары бар ауруларға тән, иілімділік белгілері бойынша күдіктенуге болады.
Аутосомалық аберрацияларда мидың зақымдануы түрлі хромосомдық ауытқуларға тән спецификалық сипаттамасымен суреттелмейді. Ми көлемінің кішіреюі, оның құрылысындағы асимметрия, қарыншаларының ұлғаюы, жеке құрылымдарының жетілмеуі немесе толық жоқ болуы, бас миының сұр затындағы жасушалардың кеңістіктегі орналасуының бұзылуы байқалынады. Осыған байланысты, түрлі аберрацияларға тән ми қызметінің спецификалық бұзылулары байқалынбайды.
Жыныстық хромосомалар жүйесіндегі бұзылулар ерекше зақымдану сипаттамасына ие болады. Бұл бұзылулар ағзаның дамуына ептеп төменірек әсер етеді, ақыл-ойы барлық жағдайда төмендемейді, бірақ түрлі психикалық бұзылуларға бейім болады. Мысалы, 47, XХY және 47, ХХХ кариотипы бар адамдар, жалпы популяция ортасынан гөрі, шизофрениямен ауыратындардың арасында жиі кездеседі. Оларда басқада психикалық бұзылулар байқалынады психопатия, сіңір тартылу, құрысу, ішімділік және т.б. сияқты.
Бұл бұзылулардың механизмдері белгісіз. Жыныстық хромосомалар санында ауытқуы бар және психикалық бұзылулары бар адамдарда экзогендік зияндардың жиілігі жоғары екендігі көрсетілген.
Көмекші мектеп оқушыларының арасында хромосомалық аберрациялары бар аурулардың саны аз. Жыныстық хромосомаларында ауытқуы бар аурулар да: Клайнфельтер синдромымен, Х-трисомиясымен және Шерешевский-Тернер синдромымен сирек кездеседі.
Хромосомалық аберрациялардағы ем (ерекше аутосомалардың аберрацияларында) аз нәтижелі болады. Негізгі назар олардың сақтандыруына (профилактикасына) бағытталуы қажет.
Хромосомалық аберрациялармен туғызылатын жиі кездесетін клиникалық синдромдарды қарастырайық.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 3412 | Нарушение авторских прав
|