АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лекция тезистері

Прочитайте:
  1. ВВОДНАЯ ЛЕКЦИЯ. Предмет, задачи и методы физиологии растений. Практическая значимость физиологии растений
  2. Вузовская лекция: традиции и новации.
  3. Лекция 1. Предмет акушерство
  4. Лекция 1. Физиология менструальной функции
  5. Лекция 10. Аномалии родовой деятельности
  6. Лекция 11. Узкий таз в современном акушерстве
  7. Лекция 11: Органы чувств.
  8. Лекция 12: Эндокринная система.
  9. Лекция 13. Кесарево сечение в современном акушерстве
  10. Лекция 13: Органы кроветворения и иммунологической защиты.

1. Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының түрлері.

Балаларда туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардың 5-7% тірек-қимыл аппаратының бұзылулары құрайды. Аталмыш зақымдар туа біте және тіршілік барысында бара келе пайда болуы мүмкін. Тіре-қимыл жүйесі ауруларының келесі түрлерін белгілейді:

А) нерв жүйесінің аурулары: балалық церебралды паралич, полиомиелит ауруы.

Б) тірек-қимыл жүйесінің туа біткен патологиясы: туа біте жамбас сүектері шығып кету, мойын омыртқалары қисайып кету, маймаңдау және бунақ сүйектерінің басқа да деформациялары, арқа омыртқа дамуының кемістіктері (сколиоздар), қол сүйектері дамуының кемістіктері, артрогрипоз.

В) Тірек-қимыл аппаратының жүре келе пайда болған ауруларымен бұзылулары: жұлын, бас ми және аяқ-қолдардың жарақаттан бұзылуы, полиартрит, қаңқа аурулары (өкпе құрт ауруы, қаңқаның ісіктері, остеомиелит), қаңқаның жүйелік аурулары (хондродистрофия, рахит ауруы).

Тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларда бастаушы кемістік қозғалтқыш ауытқу болып табылады (қозғалтқыш қызметтерінің жетілмеуі, бұзылуы немесе мүлдем жойылуы). Сондай аутқылары бар балалардың арасында көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Мұндай балаларда қозғалтқыш кемістіктер психикалық бұзылулармен қатар тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана дәрігерлікпен әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық және логопедтік түзетуді қажет етеді. Әдетте, тіреқ-қимыл аппараты бұзылған балалардың басқа категориясында танымдық қызметінің бұзылуы байқалмайды жәнеде олар арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейді. Дегенмен аталмыш балалардың барлығыда ерекше өмір жағдайды, оқытуды және келешек еңбек әрекетін қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуінде екі бағытты белгілейді. Біріншісі – қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар, балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, электроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен түсу жолдар болады. Ал қозғалтқыш кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт – ол балалардың өз бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.

2. Балалардың церебральдық сал болуы (паралич, сал ауру, БЦП), жалпы сипаттама.

Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың көріністері байқалады. «Церебральдық паралич» деген термин пренатальды, интранатальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған бір шама синдромдардың тобын біріктіреді. Мұндай жағдайда көбінесе мидың «жас» бөлімдері – ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқада қызметтерді реттейтін үлкен жарты шарлар зақымданады. БЦП көріністеріне жататын: түрлі қозғалтқыш, психикалық бұзылулармен тіл мүкістіктері.

БЦП-нің себептері болып ананың жүкті болып жүрген немесе туу кезеңінде, немесе бала өмірінің бірінші жылдарында әр-түрлі жағымсыз факторлардың әсерлері болып табылады. БЦП-нің 100-нен 30-ы туа біте, 60-ы туу барысында, 10-ы туғаннан кейін пайда болады.

Пренатальды кезеңінде тұқымға зиянды әсер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:

- жүкті ананың басынан кешкен инфекциялық аурулары (вирусты жұқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);

- ананың жүрек-тамыр және эндокринді жүйелік бұзылулары;

- тұқымның жарақаттары мен соғып алулары;

- ана және бала қанының резус-фактор бойынша үйлесімсіздігі;

- физикалық факторлар (қызынумен тоңазыту, вибрацияның әсері, сәулелендіру, оның ішінде ультрафиолетті сәулелену);

- кейбір дәрі-дәрмектер;

- экологияның қолайсыздығы (ауаның, судың ластануы, азық-түлікте нитраттардың, уландырғыш заттардың, радионуклидтердің, әр-түрлі жасанды қоспалардың көп мөлшерде болуы).

Қазіргі мезетте БЦП-нің этиологиясы болып іштей және туу барысындағы қиылысқан себептерді санайды. Көбінесе туу барысындағы жарақаттарға асфиксия қосыла жүреді. Асфиксия деп қанда оттегінің жетіспеушілігімен көміртегі мөлшерінің тым артық болғанын, тыныс алу және жүрек қызметінің бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдайды айтады. Асфиксияны, әсіресе клиникалық өлімді бастан кешкен балаларда БЦП-нің пайда болу қаупі өте жоғары болатыны айқын.

БЦП туғаннан кейін нейроинфекцияларымен (менингит, энцефалит аурулары) аурғанда, бас жарақаттарды алғанда болуы мүмкін.

3. БЦП-те қозғалтқыш кемістіктің құрылымы.

БЦП-мен ауратын балаларда барлық қозғалтқыш қазметтерінің қалыптасуы тежеліп бұзылады: басты ұстау қызметі, отыру, тұру, жүру дағдылары, сонымен қатар манипулятивтік әрекеті өте қиын және кеш қалыптасады.

Бұлшық еттері тонусының бұзылуы (спастика, сіреспелік, гипотония, дистония түрлері сияқты).

БЦП ауруында өте жиі бұлщық еттері тонусының жоғарлауы байқалады – спастика немесе жиырылу. Мұндай жағдайда бұлшық еттер жиырылып қалғандықтан аяқтары тізе буындарында бүгіле бір біріне қосылып, сонымен қатар қолдары денесіне жабысып, шынтақ буындарында бүгіле қол саусақтары жиырылып қалады.

Сіреспелік кезінде бұлшық еттері тым артық күшпен жиырылып тетанус жағдайы байқалады. (Тетанус – бұлшық еттің барынша көп артуы). Аталмыш жағдайда қозғалыстардың саздығымен үйлесімі бұзылады.

Гипотония кезінде (бұлшық ет тонусының төмендеуі) аяқ-қол еттері босаңсып күштері кемиді. Бұл кезде пассивті қозғалыстардың көлемі әдеттегіден артық болады.

Дистония – бұлшық ет тонусының ауыспалы түрі. Бұл жағдайда аталмыш бұзылу тұрақсыз, ауспалы болып келеді. Тыныштық кезде бұлшық еттер босаңсып, ал қозғалуға талапқанда тонусы кенет жоғарлағандықтан қозғалу мүмкіншілік болмайды.

Ерікті қимылдардың шектеуімен мүмкінсіздігі (парездармен параличтер).

Ми зақымдану ауырлығына байланысты кимыл-қозғалыстардың жартылай немесе толығымен жоқтығы байқалады. Бас миының қозғалтқыш аймақтарымен қозғалтқыш (пирамидті) жолдары зақымдануының салдарынан ерікті козғалыстардың жоқтығын - орталық паралич (сал болу), ал қимылдар шектеуін – орталық парез деп атайы.

Зорлық қимылдардың болуы. БЦП – нің көп түрлеріне зорлықпен атқарылатын қозғалыстар тән, оларға жататындар гиперкинездер жйне тремор.

Гиперкинездер – ауыспалы бұлшық-ет тонусының салдарынан пайда болған еріксіз зорлықпен атқарылған қимылдар, жасанды тұрыстар және аяқталмаған қозғалыстар. Олар тыныштық, қимылдаймын деп талаптанған, қобалжыған кезде байқалады. Гиперкинездер ерікті қозғалу актісін тежеп, кейбір жағдайда мүлде мүмкінсіз қылады. Зорлық қимылдар артикуляциялық аппарат, мойын, бас, әр-түрлі аяқ-қол бөлімдер және дене бұлшық-еттерінде байқалады.

Тремор – қол саусақтарымен тілдің дірілдеуі. Мұндай бұзылу мақсатты қимылдарда орын алады (мысалы, жазу кезінде). Мақсатты қимылдың соңында тремор өрши түседі (мысалы, көз жұмып қол саусағын мурынға тақаған кезде – треморды айқындауға арналған саусақ-мурын әдісі).

Қозғалыстар теңдігімен координациясының бұзылулары (атаксия). Дененің атаксиясы отыру, тұру, жүру тұрақсыздығымен білінеді. Мұндай жағдайда балалар кемістікерін өтеу мақсатымен талтайып, теңселіп, тәлтіректеп жүрүге мәжбүр болады. Координация бұзылуы қимылдар дәлме-дәлдігінен көрінеді (біріншіден қол қимылдарының).

Қозғалыс түйсігінің бұзылуы (кинестезиялар). Қозғалтқыш қызметтерінің дамуы қозғалыс түйсікпен ет-буын сезіммен байланысты. БЦП-мен ауыратын балаларда тұрыс сезімі нашарлайды, кейбіреуінде жүру бағытын қабылдауы бұрмаланады (мысалы, қол саусақтарының тік көтеруі шеңбер бойынша жүргізген болып сезінеді).

Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы. Қалыпты жағдайда статикалық-кинетикалық рефлекстер бала денесінің тік тұруын және ерікті моторикасын қамтиды. Аталмыш рефлестердің жетілмеуінде баланың бас пен денесін керекті ыңғайлы күйде ұстауы қиынға түседі. Сол себептен өз өзін қамытуда және еңбек пен оқу дағдыларын игеруде қиналады.

Синкинезиялар. Синкинезиялар - белсеңді қимылдарды сүйемелдеп жүретін ерікті ынтымақтасты қозғалыстар (мысалы, белгілі бір затты бір қолмен алмақ болғанда екінші қол қосымша бүгіле жүреді, бүгілген қол саусақтарын жаза алмайды жәнеде қол сүйегін толық жазғанда саусақтарыда жазыла түседі).

БЦП ауруында қозғалыс кемістіктер түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Ауыр дәрежесінде бала жүрү және манипулятивтік дағдыларын игере алмайды. ¤з бетімен өзін қамти алмайды. БЦП аурудың орта дәрежесінде балалар жүре алады, бірақ жүргенде сенімсіз және арнайы құралдарды қажет етеді (балдақшаларды, канад таяқтарын т.б.). Сонымен қатар олар өз бетімен қала жолдарында және көлікпен жүре алмайды. ¤зін-өзі күту дағдылары манипулятивтік әрекет сияқты толығымен қалыптаспайды. Жеңіл түрінде балалар өз бетімен үй ішіндегі, сыртқы кеңістікте және қалалық көлікте жүре алады. Бұл балаларда манипулятивтік әрекет толығымен дамып, олар өз өздерін күтеді. Алайда, оларда терім патологиялық тұрыспен жүрістің бұзылулары және тежелген қимылдар байқалады.

4. БЦП-те тілмен психиканың бұзылулары.

БЦП ауруында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден турады. Психика даму бұзылуларының механизмі өте күрделі жәнеде ми зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі интеллектінің тұрпайы жетілмеуімен сипатталады.

БЦП кезінде психика даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.

БЦП - дағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

- Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалау, қурбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі, б) қимыл бұзылулармен байланысты затты-практикалық әрекет барысында қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі, в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.

- БЦП кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, манипуляциялау, яғни іс барысында тану қызметтері БЦП кезінде бұзылады.

- Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың "жастау" функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.

- Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.

БЦП ауруымен ауратын балалар интеллект даму дәрежесіне байланысты әр-текті топты құрайды: біреулерінде қалыпты немесе соған жақын ой-өрісіне тән интеллект болады, басқасында психикалық дамудың артта қалуы байқалады, одан басқаларында олигофрениялар орын алады.

БЦП бар балаларға эмоционалдық-жігерлі сферасының бұзылулары тән. Кейбіреуінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларында - ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады.

Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген тежелу, ашушаңдық, қоршағандарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір балаларда керісінше толық немқұрайлық, селқостық, қатынаспаушылық орын алады.

БЦП-мен ауратын балалардың кемістік құрылымының 80%-н тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктердің ауырлығымен ерекшеліктері біріншіден ми зақымдану аурлығымен орналасуына байланысты.

Тіл мүкістіктердің механизмінде ең маңыздысы болып қозғалыс патологияның өзі табылады. БЦП кезінде тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен қатар, артикуляциялық аппараты бұзылулары ауырлығымен қол қызмет бұзылуларының ауырлығы байланысты. БЦП-нің әр түріне өзіндік тіл кемістіктері тән.

Сөйлеу кемістіктері БЦП балалардың басқалармен қарым-қатынасын тежеп қиындата қоймай олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді.

БЦП-мен ауратын балаларда келесі тіл кемістіктері байқалады: дизартрия, тіл дамудың тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.

5. БЦП-пен ауратын балаларға арнайы түзету шараларын ұйымдастыру.

БЦП кезіндегі түзету жұмыстар.

БЦП кезіндегі түзету жұмыстардың негізгі мақсаты балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, логопедтік және әлеуметтік көмектің көрсетуі, толық және ерте бастап әлеуметтік бейімдеу шараларымен қамтамасыз етуі, жалпы және кәсіби оқыту ұйымдастыруы болып табылады. Емдеу және педагогикалық шаралардың тиімділігі нақты уақтылығымен, өзара байланыстығымен, үздіксіздігімен, әр жұмыс буындардың мұрагерлігімен белгіленеді. Емдеу-педагогикалық шаралар комплексті болу қажет. Комплексті ықпалдың ең негізгі шарты - әр профильді мамандардың келусішілігіболып табылады: невропатолог, психоневролог, ЕДШ дәрігер, логопед, дефектолог, психолог және тәрбиеші сияқты мамандардың.

Кешенді қалыптасу емдеу шараларына дәрі-дәрмектер, массаждың әр түрлері, емдеу дене шынықтыру (ЕДШ), ортопедиялық көмек, физиотерапевтік процедуралар кіреді.

БЦП-мен ауратын балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың бірнеше негізгі принциптары бар:

- түзету - педагогикалық жұмыстың кешенді сипаты,

- сақталған қызметтерге сүйене отырып онтогенетикалық жүйелі ықпалдың ерте бастау,

- ең негізгі қызметке сүйене отырып жұмысты ұымдыстыру,

- психикалық-сөйлеу даму барысында баланы қадағалап байқау,

- баланың қоршаған ортасымен ата-аналарымен тығыз байланыста болу.

Ерте және мектепке дейінгі жаста баламен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарына жататын:

- қоршаған ортамен эмоционалдық, сөйлеу, зат-әрекеттік және ойын қарым-қатынасын даму,

- сенсорлық қызметтерді (көру, есту, кинестетикалық қабылдау және стереогноз) ынталандыру,

- кеңістік және уақыттық елестерді қалыптастырумен қатар оның бұзылуларын түзету,

- интеллект қызметінің шарттарын даму (зейін, зерде, қиял), математикалық көріністерді қалыптастыру,

- көру-қимыл координациясын және қолмен саусақтардың қызметтік мүмкіндіктерін даму,

- жазуды игеруге дайындау,

- өз өзін қамту дағдыларын игеруге тәрбиелеу.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 10, 12.

Қосымша әдебиеттер: 15-17, 19, 20.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 33-38, 40, 41.

Интернет көздері: 42-48.

Лекция тақырыбы: Тәртібі бұзылған балалар.

Лекция тезистері:

1. Жас өспірімдерде жиі кездесетін тәртіп бұзылыстары.

Жас өспірім кезеңінде балалардың организмі әсіресе жыныстық жетілу кезінде биологиялық жағынан болсын, әлеуметтік жағынан болсын өте әлсіз болып келеді. Бұл кезеңге түрлі сырткы әсерлерге жауап беру өзіндік ерекшеліктері мен тәртіп бұзылулары тән. Мұндай реакцияны орын алған психикалық аурудың көрінісі деп білуге болады, сонымен қатар аталмыш жауаптар психикалық аурулармен ауырмайтын балаларда да кездеседі. Жиі мұндай жас өспірімдерге тән бұзылуларды мінез акцентуациясы немесе екпін белгісі деп біледі. Ол патологияға жатпайтын мінездің басым болған кейбір жекеленген ерекшеліктері. Жалпы мінездің екпін белгілері психопатияларға тән (қозғыштық, истериялық, психастениялық, астениялық т.б.), бірақ олар кенет білінбейді жәнеде акцентуация қалпында психопатиядағыдай әлеуметтік дезадаптация (бейімдеусіздік) байқалмайды.

Жас өспірімдерде кездесетін тәртіппен мінез-құлықтарының бұзылуларына келесі реакцияларды жатқызуға болады:


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 5268 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)