Лекция тезистері. 1. «Кеміс балалар» туралы ұғым
1. «Кеміс балалар» туралы ұғым. Кеміс балалардың даму ерекшеліктері.
Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқылары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз – ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны береді.
Бір қызметтің кемістігі немесі дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көрү, естү мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады. Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар - 1. есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); 2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін); 3. сөйлеу қабілеті бұзылған – логопаттар; 4. интеллект немесе ақыл-ой сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелген); 5. психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр мылқаулар, естімейтін, көрмейтін, ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.); 6. тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған; 7. психопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-құлығы бұзылған балалар жатады.
Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып отыр.
Кеміс балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Кеміс балалардың білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім берүді тез меңгереді, ал басқа біреулері, керісінше, мүмкіншіліктері шексіз болады. Мінезінің өзгерүі де оқушылардың арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты меңгерсе, біреулерінің меңгеру қабілеті төмен болады және олардың өмірі мен еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.
Медициналық және психологиялық ғылымдардың дамуы кеміс балалардың даму ерекшеліктерін түсінүге себебін тигізеді. Кемістіктерді және олардың себептерін жіктеуге әрекеттер жасалады.
2. Адам психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.
Баланың дамуындағы негізгі заңдылықтарда биологиялық және әлеуметтік факторлардың әсерін дурыс түсіну мәселесі жатыр. Биологияда ұзақ уақыт бойы механикалық қағида орын алған. Бұл қағида бойынша баланың дүниеге келгеннен кейінгі даму процессі тек мөлшерлік, немесе сандық өсүі мен дамуы деп саналатын. Бүкіл организмнің қасиеттері, ерекшеліктері құрсақтың ішіндегі ұрықта қалыптасқан дейді. Бұл қағида сыртқы факторлардың, әлеуметтік ортаның әсерін мойындамай терістейді, педагогикалық септігін, мағынасын бағалап құндамайды. Алайда, генетикалық бағдарламасының қандайда ерекше, бірегей (уникалды) болғаныменде әлеуметтік факторлардың әсерін есте сақтамауға болмайды.
Әр бір адамдағы биологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның дамуын әлеуметтік факторлар анықтайды, қоғамдық орта оның ішінде балалық іс-әрекетті (ойын, оқу, еңбек әрекеті) бала біртіндеп меңгереді, мысалы, қоршаған адамдардың тілін үйренеді, тәжірибесін игереді, үлкендердің мінез-құлылығына еліктейді. Зат пен тәжірибені келе-келе меңгеріп, бала өзінің ойлау процесін, есте сақтау қабілетін дамытады.
Сонымен, жеке тұлға ретінде даму процессі биологиялық және әлеуметтік факторлар жүйесінің өзара әрекетімен сиптталады. Осы екі фактор – бір ғана мақсаттқа бағыттайды, яғни жеке адам, тұлға болып дамып қалыптасуына әкеледі. Әрбір балада өзінің туа тіткен нерв жүйесінің қасиеттері болады (күш, тепе-тендік, нервтік процестердің беріктігі мен қозғалғыштығы, білімді тез меңгеру т.б.). Нерв жүйесінің осы жеке ерекшеліктеріне байланысты меңгеру қабілеті, танымдық қызметі, жалпы айтқанда биологиялық факторлар адамның психологиялық дамуына жол көрсетеді.
Соқырлық пен саңыраулық – әлеуметтік емес биологиялық факторлар болып саналады, бірақ педагог биологиялық факторлармен емес, олардан туындаған әлеуметтік салдарымен жұмыс жасайды,- деп көрсеткен Л.С.Выготский.
Егер биологиялық ауытқулар неғұрлым ауыр, тереңірек болса, онда педагогикалық әсерлердің тиімділігі аз болады, үнемі қажетті түзету, тәрбиелеу және компесаторлық мүмкіншіліктерді қарастырып іздеп, қолдануды қажет етеді. Анализатролардағы немесе интеллектілерді дефект әр түрлі ауытқуларға әкеледі.
3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар».
Кеміс дамудың күрделі құрылысы алғашқы дефектінің болуын көрсетеді (егер биологиялық фактор әсер етсе) және бірінші дефектінің пайда болуы екінші бұзылуға әкеліп соғады.
Мысалы, есту аппаратының зақымдануы салдарынан есту қабілеті бұзылса бұл алғашқы дефект болады. Саңыраулық тілі шықпай тұрып пайда болса – яғни сөйлемейтін, саңыраулық-мылқаулыққа әкеледі, бұл екінші дефект болып саналады. Мұндай кезде баланың арнайы оқыту жағдайында сақталған анализаторлардың көмегімен тілі шығуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда баланың тілі түсініксіз болады, толық болмайды, сөздік қоры шектеулі, және сөзді түсінуіде қиынға соғады. Сөйлеуде кемшелігі бар кезде бала айналасымен дурыс қарым-қатынас жасай алмайды, сол себептен мінез-құлығы, жалпы психика қызметтері оңымен, дұрыс қалыптаспайды. Екінші ауытқулардың нәтижесінде кеңістікте бағдарлау жасауы жеткіліксіз болады. Нақты бір затты айыра алмайды, жүрісінде өзгешілік болады.
Ақылдың, ой-өрістің жеткіліксіздігі, мидың органикалық зақымдалуынан, яғни, алғашқы дефектінің нәтижесінде пайда болады. Белсеңді қабылдау, сөйлем, логикалық ойлау, зерденің еркін түрлері бұзылып, сонымен қатар сол бұзылулар баланың әлеуметтік даму процесінде байқалады. Егер дер кезінде екінші дефектіге әсер етсе, бірінші дефект азаюы мүмкін. Себебі, екінші дефектіні біршама дәрежеде түзетүге болады. Бірінші дефектіні жөндеуі, түзетүі медициналық дәрігерлік жәрдемді қажет етеді, бірақ оның көп жағдайда тиімділігі аздау болады.
Алғашқы ауытқуларды ертерек анықтау керек, кеміс балаларды емдеу керек, сондықтан екінші дефект дамымайды. Екінші дефектінің тереңдігі алғашқы дефектіге байланысты.
4. Кемістіктердің себептері.
Түрлі кемістіктердің немесе кеміс дамудың негізінде нерв жүйесімен белгілі бір талдағыштардың қызметтерінің бұзылуы жатады. Соның салдарынан мүшелермен тұтас организмінің атипикалық құрылысы және қызметі байқалады.
Ауытқулар баланың құсрақ ішіндегі даму кезеңінде, немесе тұғаннан кейін жас бала шағы кезеңде, немесе тұқым қуалайтын факторлардың әсерінен пайда болады.
Кемістіктердің себептері немесе этиологиясы олардың пайда болу себептеріне орай 2 топқа бөлінеді:
1) туа біткен, және
2) тіршілік барысында жүре келе пайда болған болып.
1) Бірінші топқа келесі себептер жатады: ол жүкті ананың құрсақ ішіндегі ұрыққа әсер ететін түрліше патогенді агенттер. Сондай-ақ, жағымсыз әсерлерге жұқпалы аурулар, физикалық және психикалық жарақаттар, жүкті кездегі жеріктіктер, интоксикациялар (уландырғыш заттардан улану), ауа температураның әсері, түрлі іш-құрылыстың соматикалық аурулары.
Ананың аштық күйі, дистрофиясы, нашар-теріс тамақтануы құрсақ ішінде дамып келе жатқан балада қоректік заттардың жетіспеушілігін тұдырады. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып тұмау, қызылша, қызамық, т.б. аурулардың вирустары болып табылады.
Токсоплазмоз аурумен ауырған кезде нерв жүйесімен көру, есту мүшелерінің қызметтері бұзылады. Аталмыш ауру адамға құстардан, үй малдарынан жуғады. Қызылша ауруында көбінесе мөлдір көз бұршағы зақымданады (катаракта көз ауруы). Нерв жүйесінің құрсақ ішіндегі ауруларына микроцефалия, гидроцефалия, параличтар мен парездар жатады.
Кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектерді өз бетінше, бақылаусыз ішу, ана тарапынан жүктілікті мерзімсіз үзү, ананың іш-құрылыс ауруларыда баланың кеміс дамуына әкеліп соғады.
Құрсақ ішіндегі тұқымның ми зақымдануы ана мен бала қанының резус-үйлесімсіздігінен де болуы мүмкін. Оның салдары деп самай ми жарты шарларымен есту нервінің қызметтері бұзылуы деп есептеледі.
Ауытқулардың аурлығымен тереңдігі патогенді агенттердің дамып келе жатқан бала организміне әсер ету мерзіміне байланысты.
Тұқым немесе жаңа тұған нәресте организмі қаншалықты ерте зақымданса, соншалықты екінші салдары аурлау басым болады.
Туа біткен кемістіктердің екінші тобына тұқым қуалайтын ген арқылы берілетін аытқулар жатады. Олар түрліше зат алмасудың бұзылуларымен сипатталады. Тұқым қуалайтын ауруларға олигофренияның (кемақылдық) кейбір түрлері жатады, мысалы Даун ауруы және хромосомдар санымен, құрылысы бұзылған салдарынан туындайтын психоздар. Сонымен қатар, саңыраулықпен кейбір көру талдағыш қызметтерінің түрлері хромосом арқылы анадан балаға беріледі.
Хромосом аурулары кезінде ми жарты шарларының дамуы тоқтатылып, ой сана-сезім дамуы тежеледі.
Ата-аналардың маскүнемдігі мен нашақорлығыда балаларда туа біткен кемістіктердің пайда болуына септігін тигізеді. Көбінесе мұндай жануяларда орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылған балалар дуниеге келеді.
2) Тіршілік барысында жүре келе пайда болған аутқуларда екі топқа бөлінеді, олар: бала туу барысында және дуниеге тұғаннан кейін келген мезеттегі ауытқулар.
Туу барысындағы ауытқулар туу процестің қате жүргізу салдарынан пайда болады, мысалы акушерлік қысқаштарды теріс пайдаланып баланың басын жарақаттау. Сол себептен ми қан тамырлары үзіліп, қан қуйылуы мүмкін. Немесе туу процессі өте шапшаң өткен кезде құрсақ ішіндегі қысым өте тез атмосферлік қысымға айналады, сондықтан қан миға қуйылады.
Қан айналымның бұзылуына, соның салдарынан түрліше ауытқуларға асфиксия (оттегінің жетіспеушілігінен - гипоксиядан демнің тоқтап түн шығып қалуы) апарып соғады.
Туу процессі ұзаққа созылып кеткенде баланың иық нерв шиеленісүі зақымдануы мүмкін, сол себептен баланың қол сал ауруы (паралич) дамиды.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі мерзімде пайда болған ауытқулардың салдары болып табылады. Оған нерв жүйесінің инфекциялық аурулар тобы жатады – нейроинфекциялар (нерв жүйесінің вирусты жұқпалы аурулары). Оның ішінде вируспен бактериялар қоздыратын қабыну аурулар.
Менингит ауруы (ми қабықтарының қабынуы) гидроцефалияға, саңыраулыққа, психика дамуының тежелуіне және қозғалғыштың бұзылуына әкеліп соғады.
Бала шағында энцефалит ауруы (бас ми үлпаларының қабынуы) психиканың тежелуіне себеп болады, баланың мінез-құлығы, көңіл-күйі өзгереді.
Менингоэнцефалит (ми қабынуы) мимен жұлынның зақымдануына септігін тигізеді. Мұның салдарынан жүріс-қимылы, сөйлеу қабілеті бұзылады.
Полиомиелит ауруы баланың қозғалысын шектейді, жеке бұлшық еттердің сал ауруын тұдырады.
Ауытқулардың басқашада себептері болады. Мысалы, жарақаттар (жиі көру, есту талдағыштардың, ми жарақаттары). Соның салдарынан жылжу, психика қызметтерінің айкын бұзылуы, сөйлеу, зерденің төмендеуі, невроздар, қояншық байқалу мүмкін.
Кейбір жағдайларда кемістіктің себебі болып уланулар табылады. Арақ-шарап, наша (наркотик), қорғасын, сынап т.б. нерв жүйесіне негативті түрде әсер етеді. Дәрі-дәрмек қатарынан өте залалды болып стрептомицин сияқты антибиотик-дәрінің қалыпты дозасынан артық мөлшерлері саналады. Ол есту нервінің қызметін бұзады.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 9, 10, 12.
Қосымша әдебиеттер: 17, 19.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 23-32.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 34, 37, 40, 41.
Интернет көздері: 42-48.
Лекция тақырыбы: Зияты зақымдалған (ақыл-ой дамуының кемшіліктері бар) балалар. Олигофренопедагогика және оның міндеттері.
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 5489 | Нарушение авторских прав
|