D. пресбиопия
E. орталық шұңқыр
50. Жақыннан көргіштік кезінде сәулелер фокусталады
A. торлы қабық алдында
B. торлы қабық артында
C. сары дақ айналасында
D. соқыр дақ айналасында
E. орталық шұқырда
Тестілік тапсырманың жауап эталондары (Анализаторлар физиологиясы)
Жоғары жүйке іс-әрекетінің көріністері.
Тақырып өзектілігі: Жоғары жүйке іс-әрекетінің ұйқы, есте сақтау, эмоциялар, мотивациялар секілді түрлі көріністерінің туындау механизмдерін жете игерген жағдайда, аталған жоғары жүйке әрекетінің көріністерінің кездесетін патологиясын дүрыс түсініп, емдей білуге жол ашылады.
З.Сабақ мақсаты: Жоғары жүйке іс-әрекетінің кө'ріністері сан-алуан. Адамның ақыл-ойына байланысты ми қызметтері қатарына, ес, эмоция, үйқы, динамикалық сана дамыған. Сана-қоршаған ортада жүріп жатқан болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасымақсатты түрде реттеледі. Сабақ мақсаты жоғары жүйке іс-эрекетінің көріністері ес, үйқы, эмоция, мотивация, динамикалық стереотип секілді адам өмір тіршілігі үшін өте қажет жағдайлардың механизмдерін студенттерге жете үғындыру болып табылады.
Студент білуі тиіс:
1. Жоғары жүйке іс-эрекеті көріністерінің сан-алуандылығын.
2. Жоғары жүйке іс-эрекетінің түрлі көріністерінде пайда болатын шартты рефлекстердің негіздерін.
3. Эмоция кезіндегі организм өзгерістерін.
4. Есте сақтауға байланысты процестердің кезектерін.
¥йқы кезіндегі физиологиялық өзгерістерді. Студент істей білуі тиіс:
Жоғары жүйке іс-әрекетінің түрлі көріністерін атай біліуі.
Шартты рефлекстің функциялық құрылымдарын біліуі.
1.Қысқа мерзімді есте сақтаудың үзақ мерзімді есте сақтауға өту шарттарын білуі.
2.Эмоция кезінде организмнің бейімдеуші жүйелерінің белсенділігін білуі.
3.Нейрофизиологиялық эсерлер нэтижесінде пайда болатын үйқы түрлерін білуі.
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Бастапқы немесе базистік білімі бойынша:
1. Жоғарғы жүйке қызметінің көріністерін.
2.Мотивацияны жүзеге асырушы ми құрылымдары.
3.Ұйқының түрлері.
4.Эмоция жэне ес туралы түсінік..
5.Уақытша байланыс дамуының механизмі.
Тақырып бойынша:
1.Мидің қызметі.
2.Шартты рефлекстің функциялық қүрылымы.
3.Адамның мақсатты эрекетінің пайда болу механизмдері.
4.Шартты рефлекстің негізі – уақытша байланыстар.
5.Есте сақтау жайлы түсінік.
6.Есте сақтау түрлері.
7.Есте сақтауды қамтамасыз етуші процесстер.
8.Есте сақтау механизмі.
9.Ұйқы, организм үшін маңызы.
10.Ұйқы кезіндкгі физиологиялық өзгерістер.
11.Үйқы түрлері, олардың сипаттамалары.
12.Ұйқы механизмі.
13.Эмоция-жоғары жүйке іс-эрекетінің көріністерінің бірі.
14.Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы
факторлар.
15.Эмоцияның организм тіршілігіндегі орыны.
16.Эмоция пайда болуына қатысушы ми қүрылымдары.
17.Мотивациялар жайлы түсінік, маңызы.
18.Биологиялық жэне элеуметтік мотивациялар, олардың
көріністері.
19.Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
20.Динамикалық стереотиптің биологиялық маңызы.
4. Информациялық – дидактикалық блок:
1. Мидің қызметтері.
Мидың негізгі қызметтері анализ жэне синтез. Анализ – эркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін эр-алуан эсерді ажырату., Синпгез – бірітіру, талдап қорыту, ми қыртысының эртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру. Үлкен ми сыңары қыртысының синтездік көрінісі, эрбір шартты рефлекстің негізін қүрайтын, уақытша байланыс түрінде жасалады. Ол эралуан нейрондар мен олардың топтары арасында қалыптасады.
Шартты рефлекстің функциялық қүрылымы.
Шартты рефлекс - жеке тіршілік кезінде жүйке жүйесінің иемденген даралық эсерленісі. Ол лайықты қабылдагыш
аппараты арқылы, кез келген сигналдық тітіркенудің эсеріне жауап ретінде, тұрақсыз жэне өзгергіш рефлекстік жолмен жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер – организмнің жеке дамуы кезеңінде «өмір тэжірибесі» негізінде пайда болған қасиет. Шартты рефлекс тұрақсыз, өзгергіш келеді. Шартты рефлекс түрлері организм қабылдайтын кез келген тітіркендіруге эсерленеді. Шартты бейнеліс көбінесе үлкен ми сыңарлары қыртысында түйықталады. Шартты рефлекстың бэрі сигналдық ескерту ретінде қызмет атқарады.
3. Адамның мақсатты әрекетінің пайда болу механизмдері. Жоғары жүйке іс-эрекетінің негізін- шартты рефлекстер
құрады. Алайда, адамның мінез-құлығы тек бейнелегіш рефлекстік эсерленістің жиынтығынан ғана түрмайды. Адамның іс-эрекеті мақсат, тілек жэне қимылынан күтіп отырған нэтижесі туралы анық үғымдарына байланысты. Олар эрі тіршіліктік, эрі элеуметтік мүқтаждықтарымен айқындалады. Мүқтаждықтардың төмен жэне жоғары сатыдағы түрлері бар. Бұларды қанағаттандыру – адам тіршілігін қамтамасыз етудің алғы шарты.
Мақсатты іс-эрекеттің нейрофизиологиялық қүрылымы өте күрделі. Ми туралы ғылым дами бастағаннан физиологтар мінездік эсерленістің қүрылымын небір үлгі немесе желі ретінде қарады. Ол үлгі эрбір кезеңдегі білім деңгейіне, адамға сол кездегі белгілі тетік өнегесіне сэйкес жасалды.
4. Шартты рефлекстің негізі – уақытша байланыстар. Шартты рефлекстің физиологиялық негізін уақытша
байланыстың түйықталу қасиеті қүрады.
Уақытша байланыс дегеніміз – шартты жэне шартсыз тітіркенулерді үштастырғанда пайда болатын, эртүрлі ми қүрылымдары арасындагы белгілі қарым-қатынасын
қалыптастыратын мидың нейрофизиологиялық, биохимиялық жэне қүрылымдық өзгерістерінің жиынтығы. Уақытша байланыс ми қыртысы шегінде сигналдық тітіркенудің орталығы мен шартсыз түрткінің ми қыртысындағы өкілдік нейрондары арасында түйықталады. Уақытша байланыстар ми қыртысы деңгейінде қалыптасады. Алайда олар төменгі деңгейдегі жолдарда да жүзеге асырылады. Шартты рефлекстер ми қыртысында жэне оның астындағы орталықтар арасындағы көптеген тура жэне кері байланыстар арқылы тұйықталады.И.П. Павловтың тәжірибелерінде, мидың эртүрлі қүрылымдарын алып тастау арқылы, уақытша байланыстар ми қыртысында қалыптасатыны дэлелденді. Өйткені, организмнің сыртқы жэне ішкі ортасының өзгерістеріне икемді жэне дэл бейімделетін қабілеті бар жоғары сатыдағы жануарларда ми қыртысы жақсы жетілген.
5. Есте сақтау жайлы түсінік.
Есте сақтау – нерв жүйесінің сыртқы орта оқиғалары жайлы ақпаратты ұзақ бойы сақтап қажет болған жйғдайда адам санасына шығару қабілеті. Есте сақтау кезінде мэліметті түйсік басталған сэттен еске түсіруге дейін толық немесе азғана ұстап түрады. Еске сақтау үрдісі адамның ойлау қабілетіне, өмір тәжірибесіне ниеттеріне байланысты.
Есте сақтау түрлері.
Ес ақпаратты сақтау үзақтығына қарай, мезеттік, қысқамерзімді жэне үзақмерзімді болып бөлінеді.
Мезеттік есте сацтау – эсердің іздерін қабылдағыш қүрылымында бірнеше секунд сақтай алады. Ол миды тлдағыш қүрылымдарына сигналдық жеке белгілері мен қасиеттерін ажыратуға, бейнені тануға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді есте сацтау – ағымдағы өтіп жатқан мінездік жэне ойлау амалдарын қамтамасыз етеді. Ал өте маңызы апараттар үзацмерзімді есте сақтлады.
Есте сақтауды қамтамасыз етуші процесстер.
Есте сақтау ми қыртысының маңдай бөлігі, сезгіштік жэне ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы қүрылымы арқылы жүзеге асырылады.
Ес қоршаған ортадағы оқиғалар байланысын есте сақтап, тіршілік тәжірибесін жинауға жэне пайдалануға мүмкіндік жасайды. Ол қалыптасар кезде жасалатын нейронаралық, уақытша байланыстардың тетіктері элі белгісіз. Жүйке жүйесінде есте сақтаудың тетіктері аса дамыған, сондықтан олар мінез – құлықта жетекші орын алады.
Есте сақтауға байланысты прцесстер мынадай кезекпен жүреді:
1.Ақпаратты қабылдап, есте сақтап қалу.
2.Ақпаратты сақтау.
3.Қажет болған жағдайда ақпаратты санаға шығару және қолдану.
Есте сақтау механизмі.
Заттар мен құбылыстардың мида бектілуі үш кезеңнен өтеді:
1) ізжазба қалыптасуы – энграмм
2) жаңа ақпаратты іріктеу жэне жіктеу
3) маңзды мэліметті ұзақ уақыт сақтау.
Ұйқы, организм үшін маңызы.
Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тэулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. ¥йқыға мұқтаждық адамның жасына жэне жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тэуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент-21,6 айлық жэне 1 жастағы бөбектер шамамен-14, 2-4 жастағы сэбилер 16, 4-8 жастағы бүлдіршіндер 13-12, 8-12 жастағы естиярлар – 10-11, 12-16 жастағы жеткеншектер 8-9, ал ересек адамдар тэулігіне шамамен 7-8 сағст ұйықтайды.
¥йқыға мүқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері элі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың үйқысының мерзімі эртүрлі келеді. Тэулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық үйқысыз адамдарда байқалады.
Ұйқы кезіндегі физиологиялық өзгерістер.
Организмнің үйқы кезінде көптеген эрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мэселен, тыныс алу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бэсеңдейді. Алайда, үйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артды. Соның нэтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстқ жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тэулік үйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық эсерленіс нашарлап, парасатты іс-эрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы түрлері, олардың сипаттамалары.
Үйқының бірнеше түрі бар: қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік жэне шартты рефлекстік.Сонымен қатар ұйқы баяу жэне жылдам болып бөлінеді. ¥йқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік жэне Э.Э.Г белгілері мен сипатталады.Жылдам ұйқы сатысы бет жэне мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тиылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары кездеседі.
Ұйқы механизмі.
¥йқы орталығы қағидасы мидің қыртысасты құрылымында ұйқы мен сергектіктің арнайы орталықтарь* барлығынн мақұлдайды.
¥йқы организмді сақтау жэне оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.
Эмоция – жоғары жүйке іс-әрекеттерінің көріністерінің бірі.
Адам мен жануар психикасының ерекше көріністерінің бірі –эмоция. Эмоция мінезді бағыттау жэне жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы эсерлерден, ретсіз ұйымдастырылмаған түрде пайда болады. Эмоцияның байланыстырушы эрекеті ымдау, қол сермеу, дене қимылы кейпі, мэнерлі күрсіну, дауы ырғағын өзгерту арқылы серіктеріне сезініс түрін білдіреді. Мұның айғағын эмоциялық күйлердің арасындағы қарама қарсылықтан байқауға болады.
Эмоция қалыптсуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады. Эмоция кезінде адамның есте сақтау қоршаған орта эсерлерін қабылдау қабілеті жоғарылайды.
Эмоция түрлері, эмоциялық реакцияларды тудырушы факторлар.
Эмоцияның бір неше түрі бар:
1.Биологиялық эмоция- эртүрлі тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе өтей алмау эрекеттерімен байланысты болады.
2.Жоғары эмоция – эралуан рухани эрекеттерінен туады.
3.Кідірген эмоция – жеке адамның кейбір себептермен, эмоциялық көріністерін тежеуі нэтижесінде байқалады.
4.Жағымсыз эмоция – қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс тұрінде кездеседі.
5.Жағымды эмоция – мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді эсерленушілік.
6.Нағыз эмоция үзақ уақыт жэне элсіз түрде болады.
15. Эмоцияның организм тіршілігіндегі орны.
Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс жэне эмоциялық көрініс іспетте эсерленістерден тұрадй. Эмоциялық күйзеліс деп организмнің өзін жэне қоршаған элемді бейнелейтін өзіндік сезінісін айтады. Организмнің дене и сезу жэне ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық көрініс деп атайды. Эмоциялық көрініс эртүрлі: симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңееді, организмда тотығу жэне энергия қүбылыстарының қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламин, пептидтер жэне глюкоза мөлшері көбейеді.
16. Эмоция пайда болуына қатысушы ми құрылымдары.
Эмоция қалыптасуына ми діңі мен қыртысының арасында орналасқан лимбиялық жүйе қатысады.
Эмоция кезінде гипоталамус – гипофиз- бүйрек безі, сондай-ақ симпато – адреналдық жүйелердің белсенділігі жоғарылап, қанда катехоламиндер жэне стероидтардың мөлшері артады. Бүл жағдай организмнің вегетативтік реакциялары дамуына экеледі.
17. Мотивациялар жайлы түсінік, маңызы. Мотивациялық қозу жануарлар мен адамда орталық жүйке
жүйесінде белгілі бір мүқтаждық туғанда пайда болады. Бүл қозудың өзгешелігі, оны тудыратын мұқтаждықтың түр ерекшеліктерімен анықталады. Мүндай қозу сезімдік ситездің қалыптасуында ерекше орын алады. Орталық жүйке жүйесіне жететін кез келген ақпарат сол кездегі үстемдік мотивациялық қозумен сэйкес келеді.
Мотивация қалыптастыруға лимбиялық жүйке оның құрамындағы бадамша ядросы, гипоталамус, гипокамп қатысады. Лимбиялық жүйе гипоталамусты бақылап отырады, ал гипоталамус ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Бұл жағдайда гипоталамус ми құрылымдарын эрекеттік тэуелділікте ұстап отырады.
18. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар, олардың көріністері.
Мотивация екі түрге бөлінеді: әлеуметтік жэне биологиялық. Адам тек биологиялық дамудың нәтижесі ғана емес, әлеуметтік ортаныңда жемісі. Адамның белсенді іс-әрекеті көбінесе жоғарғы мақсатқа бағытталады, оған жету үшін ол кейде, тіпті өмірінде құрбан етеді. Адам миының іс-әрекеті бүкіл адамзаттың өркен тәжірибесімен оның элеуметтік тіршілік жағдайымен байланысты.
Адам миы іс-әрекеттің көптеген тетіктерін толық ашу алда түр.Ол бүкіл адамзатқа өзін меңгеруде жэне билік етуде аса зор күш қуат берген болар еді.
19. Динамикалық стереотип, қалыптасу механизмі.
Динамикалық стереотип дегеніміз - түрлі шартты сигналдарға қалыптасқан, бірінен соң бірі пайда болатын жауап реакцияларының жиынтығы, яғни жеке рефлекстердің комплекстік түрі. Динамикалық стереотип адам мен жануарлардың әртүрлі әдеттерімен дағдыларын мінез қүлқының белгілі жүйесін құрайды. Демек, бүл еңбектену тәртібі, демалыс ережесі болуы мүмкін, яғни күнделікті өмірде жүзеге асырылатын әдет – дағдылар тізбегі. Динамикалық стереотип –қиын құралады, бірақ тым берік келеді.
20.Динамикалық стереотиптің биологиялық маңызы.
Динамиклық стереотиптің биологиялық мэні оның ми
қыртысы орталықтарын күрделі мэселелерді шешу үшін
босатуында.
Лабораториялық жұмыс:
1.Қысқа мерзімді есте сақтауды зерттеу. Есте сақтау қабілетін анықтау.
2.Мағыналық есте сақтау көлемін анықтау.
3.Э.Э.Г көрсеткіштеріне сүйеніп адамның эмоциялық реакцияларын зерттеу.
Бірінші жұмыс қысқа мерзімде есте сақтау зерттеуіге арналған. Бүл үшін арнайы цифрлар жазылған таблицалар қолданылады. Тэжірибені дэл мэліметтер алу үшін бірнеше рет қайта жасауға болады. Содан соң тэжірибенің нэтижелері салыстырылады. Мағыналық мэндік есте сақтау көлемін анықтауда ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті жүзеге асырылады. Бұл жағдайда түйсіну, елестету, ойлау эрекеттері қатысады. Жүмысты орындау үшін алдын ала түрлі сөздер, сөз тіркестері жазылған таблицалар қолданылады. Адамның эмоциялық реакцияларын зерттеу эмоциялық реакциялар шақыра алатын сөздерді оқыған кезде Э.Э.Гболатын өзгерістерді тіркеп талдауға бағытталған.
Ахуалдық есептер.
1.Сау адам Э.Э.Г сының төбе жэне желке тұстарының тармақтарынан альфа толқындар тіркеледі/ Бұл жағдай адамның қай күйіне сэйкес келеді?
2.Э.Э.Г желке аймағындағы тармақтарда дельта толқындар тіркелу сау адамның күйіне сэйкес?
3.Зерттелуші екі адамды түн ішінде ұйқысынан оятып қандай түс көргендіктері сұралды. 1-адам түс көрген жоқпын деді, 2-сі көрген түсін айтып берді. Зерттелуші 2 адамныңда дендері сау, екеуіде бірдей жұмыспен айналысады. ¥йқының қай кезеңдерінде айтылған зерттеушілер оятылған?
4. Адам жасы келген сайын үйреніп қалған эдет дағдыларының өзгерістерінің жақтырмайтындығы белгілі. Бұл құбылыс қандай физиологиялық механизмдермен байланысты?
5.Бір кісі өз атына өте қатты түрде эділсіз ескерту алды. Бірақ ол сыр берген жоқ, тіс жарып ештеме демеді. Бұл адам организміде физиологиялық жүйелер қызметінің қандай өзгерістері болуы мүмкін?
Тест бақылау сұрақтары
1.Ең жоғарғы нервтік қызметтің көрінісі.
Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 1610 | Нарушение авторских прав
|