АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

B. эстрон, эстриол, эстрадиол

Прочитайте:
  1. Оптимальными являются препараты, содержащие 30-20 мкг этинилэстрадиола в сочетании с дезогестрелом.
  2. Отметить показания для назначения эстрадиола дипропионата в качестве средства
  3. Уровень эстрадиола и прогестерона в сыворотке крови здоровых беременных, нмолъ/л
  4. Эти вещества - мужской гормон тестостерон и его производное андростерон и женский гормон эстрадиол.

C. серотонин, эстриол, брадикинин

D. тестростерон, тироксин, серотонин

E. тироксин, эстрон, тестостерон

49. Жыныстық функциялар бақыланады

A. нерв жүйемен, гонадотропты және жыныс гормондарымен

B. нерв жүйемен, соматотропты және тиреотропты гормондармен

C. инсулинмен, глюкагонмен, эстрогендермен

D. мелатонин, паратгормон, андроген

E. гонадотропты гормондармен, АДГ, окситоцинмен

50. Эндокриндік бездердің функциялары жөнге салатын гипофиздіңТропты гормондары

A. ұйқы безі, тимус

B. гипоталамус, ұйқы безі, тимус

C. гипоталамус, ұйқы безі

D. гипоталамус, тимус

E. бүйрек үсті бездері, қалқанша, жыныстық

 

 

Тестілік тапсырманың жауап эталондары (ішкі секреция)

 

 

1A 11A 21A 31B 41B
2C 12A 22A 32B 42A
3B 13B 23C 33C 43A
4B 14C 24D 34E 44A
5A 15A 25A 35A 45B
6C 16B 26A 36A 46D
7C 17C 27C 37D 47A
8B 18A 28D 38A 48B
9B 19A 29C 39A 49A
10A 20C 30C 40A 50E

 

Зат және энергия алмасулары.

1.Зат алмасу туралы түсінік, маңызы.

Зат және энергия алмасуы – физикалық, химиялық және физио-логиялық процестердің нәтижесінде заттар мен энергияға айналып, сонымен бірге организм мен қоршаған орта арасында да алмасу жүреді. Зат алмасу процесі кезінде үздіксіз клетка құрылымдары жаңарып, бұзылып отырады, әр түрлі химиялық қосындылар синтезделіп әрі бұзылады. Организмде екі процесс – анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция) бір-біріне тең болады. Анаболизм – органикалық заттардың биосинтезі, катаболизм – клетканың күрделі компоненттерінің ыдырауы. Анаболизмдік процестердің артуы нәтижесінде организмде өсу, дене массасының артуы, ал катаболизм процесі артса ткань құрылымдарының бөлімдерінің ыдырауымен, дене массасының төмендеуімен сипатталады. Осы процесс нәтижесінде химиялық қосылыстардан пайда болған энергия кинетикалық энергияға, немесе жылу мен механикалық энергияға, аз ғана бөлігі электрлік энергияға айналады.

Организмнің жоғалған энергиясын, дене массасын сақтау үшін қоршаған ортадан белоктар, липидтер, көмірсулар, витаминдер, минералды тұздар және су түсіп отыруы міндетті. Сонымен қатар, организм зат алмасу өнімдерінің соңғы қалдықтарынан тазару процесі шығару мүшелерінің қызметіне тиесілі.

2. Зат алмасудың кезеңдері.

Негізінен заталмасудың үш кезеңін ажыратады. Бірінші кезеңде белоктардың, майлардың, көмірсулардың асқорыту жолдарында ферментативті ыдырап, қан мен лимфаға өтуімен сипатталады. Екінші кезеңі – аралас алмасу кезеңі. Үшінші кезең – зат алмасу процесінде пайда болған өнімнің сыртқа шығарылуы.

3. Белок алмасуы, организмдегі маңызы.

Белоктар органикалық заттардың ішінде жетекші орынға ие, себебі клетканың құрғақ массасының 50% белоктардың есебінде. Белоктардың атқаратын қызметтері:

1. Барлық организмдегі зат алмасу процесіне қатысатын ферменттер белоктар болып табылады (тыныс алу, ас қорыту, шығару).

2. Организмнің қимыл, іс-әрекеттері жиырылғыш белоктар – актин мен миозиннің арқасында жүзеге асады.

3. Белок клеткада түрлі құрылымдарын жаңарту және толықтыру арқылы пластикалық (құрылыс материалдары) қызмет атқарады.

4. Энергиялық қызметі белоктардың ыдырауынан пайда болған энергиямен сипатталады. Организмнің тканьдерінде белоктардың ыдырау процесі үздіксіз жүріп отырады, пайдаланылмаған белок қалдықтары сыртқа шығарылып отырса, осы процеспен қатар белок синтезі де жүреді. Нәтижесінде организмнің белоктары динамикалық күйде болады: олардың үздіксіз ыдырауы мен түзілуінің нәтижесінде белоктар жаңарады. Бірақ бұл процесс әр мүшеде әртүрлі қарқынмен жүреді. Мысалы, бауырда, ішектердің кілегей қабатында өте жоғары жылдамдықта жүрсе, кейбір ішкі мүшелер мен қан плазмасында баяу жүреді. Ми клеткаларының, жүректің, жыныс мүшелерінің белоктары баяу жаңарса, бұлшық ет, тері, тірек-қимыл тканьдері (сіңірлерде, сүйектермен шеміршектерде) өте баяу алмасуымен сипатталады.

4. Белоктардың биологиялық құндылығы жайлы түсінік.

Белоктардың аминқышқылдық құрамы түрлі болады, сондықтан организмнің синтездік мұқтажына олардың жұмсалуы да түрлі болады. Сол себепті тағамдардың биологиялық құндылығы деген түсінік енгізілді. Барлық қажетті аминқышқылдары құрамында бар белоктар организмнің синтез процесін қалыпты жүргізеді, сон-дықтан бұл белоктар биологиялық құнды болып табылады. Керісінше, құрамында бір немесе бірнеше аминқышқылдары жоқ болып немесе өте аз мөлшерде кездессе, бұл белоктар құнсыз болып есептеледі. Құнсыз белоктар: желатин (жүгері белогы), глиадин (бидай белогы), гордеин (тары белогы). Керісінше ет, жұмыртқа, балық, уылдырық, сүт белоктарының құндылығы өте жоғары. Осы себепті адам тағамында міндетті түрде белок болуы керек, әсіресе қабылдайтын белоктардың 30% жануар тектес болу өте қажет. Өсімдік тектес белоктарды күнделікті қабылдаудың нәтижесінде адамдарда белок жеткіліксіздігі туын-дайды, «квашиоркор» деген патология дамиды.

Бұл патология тропикалық және субтропикалық белдеуде Африкада, Латын Америкасында және Оңтүстік Шығыс Азияда кездеседі. Көбіне бұл ауру 1-5 жас аралығындағы балаларды зақымдайды.

5. Алмастырылмайтын амин қышқылдары, олардың организм үшін маңызы.

Белок алмасуы қалыпты өтуі, олардың синтезі үшін өте маңызды, сондықтан организмге тағаммен бірге аминқышқылдары түсуі қажет. Эксперимент жүзінде белок құрамындағы 20 амин қышқылдарының 12-сі организмде синтез-деледі, яғни алмастыратын болып саналады. Ал 8 амин қышқыл-дары синтезделмейді, олар тамақпен бірге түсуі керек, алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Бұлардың маңыздылығы мынада: алмастырылмайтын аминқышқылдарының белок синтезі күрт төмендеп, белок алмасуы өзгереді, орга-низмде теріс азотты баланс туындап, организмнің өсуі тоқтап, дене салмағы төмендейді.

Адам үшін алмастырылмайтын аминқышқылдары: лейцин, изолейцин, валин, метионин, лизин, треонин, фенилаланин, триптофан.


Дата добавления: 2015-12-15 | Просмотры: 784 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)