Жеке неврология
СИЛЛАБУС
Пән, пәннің коды – «Неврология» PNN 4306
Мамандығы – 051301 «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі – 152 с.
Курс – 5
Семестр – IX, Х
Емтихан – IX, Х семестр
Дәрістер – 12 с.
Тәжірибелік сабақтар – 45 сағ.
ОСӨЖ – 45 сағ.
СӨЖ – 50 сағ.
Силлабус мыналарға негізделе отырып құрылған:
1. 2010 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары және ЖОО кейінгі білім мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасына;
2. №6 нұсқаулық хат, ҚР университеттерінің медицина факультеттерінің кафедрасында оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша 2006ж МООС 22 маусым 2007ж.
Силабус «Жалпы медицина» 051301 – мамандығына құрылған.
Жүйке аурулары кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
Хаттама №1 «28» тамыз 2015ж.
Жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі
профессор, м.ғ.д. Нургужаев Е.С.
1.1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
1.2. Жүйке аурулары және нейрохирургия кафедрасы
1.3. Пән, пәннің коды – «Неврология» PNN 4306
1.4. Мамандығы – 051301 «Жалпы медицина»
1.5. Оқу сағатының көлемі – 152 с.
1.6. Курсы және оқу семестрі – 5, IX, Х
1.7. Жүйке аурулары кафедрасының оқытушылары туралы ақпарат:
№
| Аты-жөні
| Оқу дәрежесі және атағы
| Басым ғылыми қызығушылықтар
|
| Нургужаев Еркен Смагулович
| м.ғ.д., профессор
| Бас миы қан тамырларының патологиясы.
Жүйке жүйесінің миелинсізденген аурулары.
|
| Раимкулов Бекмурат Наметович
| м.ғ.д., профессор
| Дорсопатиялар
|
| Мухамбетова Гульнар Амерзаевна
| м.ғ.к., доцент
| Балалардағы бас ішілік қысым синдромы. Балалық шақтағы ММД. Балалық шақтағы тұқым қуалайтын аурулар
|
| Избасарова Акмарал Шаймерденовна
| м.ғ.к., доцент
| Бас миы қантамырларыныңпатологиясы.
БМЖ және инсульттан кейінгі науқастардың реабилитациясы.
|
| Нуржанова Роза Балтабаевна
| м.ғ.к., ассистент
| Бас миы жарақаттарының салдары.
|
| Нурлыбаева Гульназ Асхатовна
| м.ғ.к., ассистент
| Ересектердегі тұқым қуалайтын аурулар,
|
| Каримова Алтынай Сагидулаевна
| м.ғ.к., ассистент
| Инсульттан кейінгі науқастардың реабилитациясы
|
| Митрохин Дмитрий Алексеевич
| м.ғ.к., ассистент
| БМЖ салдары
|
| Илиев Ренат Туглукович
| м.ғ.к., ассистент
| Эпилепсия, бас миының қантамырлық патологиясы.
|
| Кадржанова Галия Байкеновна
| Ассистент
| Перинатальдық патология
|
| Достаева Балнур Садыковна
| Ассистент
| Инсульттан кейінгі науқастардың реабилитациясы.
|
| Нурмухаметова Бахыт Бахимбековна
| Ассистент
| Миелинсізденген аурулар
|
| Жантлеуова Алия Рафиковна
| Ассистент
| Перинатальдық патология
|
1.8. Байланысу ақпараты:
1. МКДМ «1 қалалық клиникалық аурухана», «Қалқаман» ықшам ауданы, 050027, тел.қыз. 270-87-49 (173)
2. МКДМ «7 қалалық клиникалық аурухана», «Қалқаман» ықшам ауданы, 050027, тел.қыз. 270-86-06 (239)
3. 3. «С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу - клиникалық орталығы». Алматы қ, Шевченко көшесі 126
4. МКДМ ҚЕ №1?
5. Коммуналдық кәсіпорын «Алатау» қалалық ауруханасы. Мекен- жайы: Медеу ауданы, г.Алматы, ул. Жетбаева 28
1.9. Пәннің саясаты.
1) «Неврология» пәні бойынша оқу көлемін (тәжірибелік сабақтар,СБӨЖ, СӨЖ, дәрістер) орындамаған жағдайда оқыту курсы есептелмейді
2) Барлық аудиторлық сабақтарға міндетті түрде қатысу, маңызды себептен басқасы.
3) Студенттер білімін көрсеткіштерге және білімді бағалау ережелеріне (5 компетенция бойынша) бағалау. Егер студент сабаққа қатыспаса –«0» балл деп есептеледі.
4) Оқу тәртібін қадағалау (сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында ұялы телефонды қолданбау).
5) Тәжірибелік тапсырмаларды уақытында орындау (клиникалық жағдайды талдауға белсенді қатысу, жағдайлық есептерді шешуде білгірлік таныту, операцияға қатысу.
6) СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) талаптарына сәйкес орындау, уақытында тапсыру.
7) Қауіпсіздік техникасын қадағалау (электр құралдары, оргтехникамен ұқыпты жұмыс істеу, әр науқастан кейін инфекциялық аурудың алдын алу үшін қолды сабынмен жуу). Сабаққа ауыстырғыш аяқ-киім, ақ халат (қажет болса хирургиялық киім), қалпақ, маска әкелу, міндетті түрде санитарлық кітапша болуы тиіс.
8) ПОҚ және пациенттерге сыйкөзбен қарау, студенттер және медициналық қызметкерлер арасында субординацияны қадағалау. Науқастармен, медицина қызметкерлерімен сенімді қарым қатынас орнату
9) Топтағы түсінбестік жағдайларды кафедра меңгерушісі немесе оқу жөніндегі меңгеруші деңгейінде шешу.
10) Тәжірибелік дағдыларды игермеген студент қайта оқу курсына қалдырылады
11) Оқыту бөлмелері мен дәріс аудиторияларында тазалық сақтау.
12) Сабақты (дәріс, тәжірибелік сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ) себепсіз жіберген жағдайда жалпы баллдар санынан 10 балл (әрбір сабақ үшін) азайтылады
13) Дәрістерді себепсіз жіберген жағдайда кафедралдық рейтинг төмендейді.
Кафедралдық рейтенгтен әрбір дәріс үшін 20 балл азайтылады
Кіріспе
Нерология медициналық білім беру жүйесіндегі фундаментальды ғылымның бірі.Жалпы медицина дәрігерлерін дайындауда невролгия мәселері бойынща білім алу қажет. Өйткені, аурудың даму табиғатын білмей, инсульт, эпидепсия және бұлщық ет аурулары, тұқым қуалайтын атаксиялыр сияқты тұқым қуалауға бейім аурулардың диагностикасын жүргізу қиын. Сондықтан, дәрігердің қарауында тек қана сырқат емес, оның жанұясыда болуы қажет.
Неврология бойынша білім дәрігер-студенттің клиникалық ойлауына негіз болады және неврологиялық диагнозды логикалық негіздеу жолында сенімділікті сақтайды.
Неврологиялық клиникада қолда бар зертхана-аспаптық зерттеулер топикалық диагнозды дұрыс бағалауға көмектеседі. Замануи жалпы медицина дәрігері сырқаттың, оның туыстарының клиникалық және қосымша зерттеу нәтижелерін қолдана отырып біріншілік медико- санитарлық деңгейде жүргізілетін аурудың алдын алу шараларын қамтамасыз ету қажет.
Жүйке жүйесінің құрылымы және қызметі туралы студенттердің негізгі білімдері 2 бөлімде симптомдар және синдромдарды ашуға негіз болады. Мұндай шешім болашақ дәрігерлерді оқытуда дұрыс методологиялық бетбұрысты оятты.
2.2. Пәннің мақсаты:
«Неврология» пәнінің негізгі мақсаты бакалаврды оқытуды қалыптастыру, неврологияның теориялық негізін үйрету, неврологиялық науқастарды зерттеу әдістерін үйрету, неврологиялық диагнозды қою мен емдеу әдісін ойлап табу болып табылады. Білім беру неврологияны оқудың салыстырмалы-жастық принциптерінен құралады.
2.3. Оқыту жолдары:
· Білім алушыларға неврологиялық патологияның негізгі көріністері туралы заманауи білім беру;
· Білім алушыға неврологиялық зерттеудің негізін үйрету;
· Ең жиі кездесетін неврологиялық ауруларға топикалық диагноз қою, зерттеу мен емдеу жоспарын үйрету;
· Шұғыл неврологиялық жағдайларда дәрігерлік көмек көрсетуді қалыптастыру
· Жүйке жүйесі ауруларын алдын алу шараларының негізін қалыптастыпу.
2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
- неврологиялық статусты анықтай білу;
- топикалық диагнозды қою;
- болжамалы клиникалық диагнозын анықтай білу
- миастениялық криз, эпилептикалық статус пен жедел қан айналым бұзылысы бар науқастың диагностикасы мен алғашқы көмек көрсету
- жұлын сұйықтығы анализін, омыртқа рентгенографиясын интерпрепациялау.
2.5. Пәннің пререквизиттары: психология негіздері, анатомия-2, коммуникативті дағдылар-2, патологиялық анатомия, фармакология, клиникаға енгізу-2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары.
2.6. Пәннің постреквизиттары: барлық мамандық бойынша интернатура.
2.7. Пәннің қысқаша мазмұны
№ 1 бөлімде (жүйке аурулары пропедевтикасы) жүйке жүйесін зерттеу әдісін оқыту, жүйке жүйесінің зақымдану синдромдары мен симптомдарын анықтау, топикалық диагнозды қою, сонымен қатар неврологиялық науқастардың симптоматикалық және патогенетикалық терапиясы туралы білім алу.
№ 2 бөлімде (жеке неврология) бакалаврға жүйке жүйесінің негізгі ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу шаралары берілген, студенттерге клиникалық неврологиялық ойлау негізін қалыптастыру, негізгі неврологиялық ауруларға диагноз қоя білу, олардың шұғыл терапиясын жүргізу, неврологиялық науқастарға реабилитациялық шараларды ұйымдастыру және жүйке жүйесі ауруларының алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Жаңа мемлекеттік жалпы міндетті жоғары медициналық кәсіби білім мамандығының талаптарының бірі-студенттердің ғылыми-негізделген аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстырын алған білімдерін қолдана отырып ұйымдастыру.
Неврология курсы кезінде аудиториялық жұмыс негізгі оқу-әдістемелік оқыту әдісін қолдану қажет: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, неврологиялық науқастарды бакалаврдың өзіндік қарауы, клиникалық сырқатнаманы дайындау және қорғау, әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасауы, бакалаврдың білімін тестпен бағалау.
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда бакалавр зерттеу әдістерін меңгерулеріне, топикалық және клиникалық диагноз қою және әртүрлі жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарға ем тағайындауын бағалау.
Бакалавр неврологиялық аурулар кезінде жүйке жүйесінің маңызды екенін жеткізу, сонымен қатар олардың пайда болу патогенетикалық механизмін ашу, жүйке жүйесі зақымдануының алдын-алу әдістері мен ағымын негіздеу.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс – бұл білім берушінің оқытуының ерекше формасы, оны орындау бакалаврдан белсенді ойлау қабілетін талап етеді, алдыңғы меңгерген білімдерді қолдана отырып әртүрлі танымдық есептерді шешуді, жаңа жұмыс түрлері мен білім іздеуді талап етеді. Мұндай аудиториядан тыс өзіндік жұмыстар болашақ маман шығармашылығын дамытуға, сонымен қатар ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бакалаврдың аудиториядан тыс өзіндік жұмысын бағалау білім берушінің мақсатына бағытталуы тиіс. Оны жүргізу формалары әртүрлі болуы мүмкін: тәжірибелік дағдыларын бағалау, тесттілеу, аралық бақылау, көрсетілген материалдарға анализ жүргізу, эссе, дискуссия, кейс-стади т.б.
ХАЖ -10 жіктелуі бойынша неврологиялық аурулардың клиникасына арналған және пәнді оқыту кезінде негізгі құрал болып табылуы тиіс.
Сонымен қатар 2 бөлімде неврология бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге көмек беретін зерттеу әдістері берілген. Қолданылатын жаңа зерттеу әдістері студенттердің білімін және болашақ дәрігер мен науқас арасындағы қатынас дағдыларын нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл блоктар соңғы жылдардағы ғылым жетістіктеріне және жаңа оқытудың қолданыстағы бағдарламаларына сәйкес нақтыланған және қарастырылған.
Неврология бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыра отырып және студенттерді оқыту сапасын бақылай отырып, жаңа МООС талаптарына жауап беретін бақылау-өлшемдер дұрыс құрастырылған, сонымен қатар әдістемелік кеңестерде көрсетілген оқытудың белсенді әдістері енгізілген.
2.8. Тақырыптық жоспар
2.8.1. Дәрістердің тақырыптық жоспары -12 с.
№
| Дәріс тақырыптары
| Өткізу формасы
| Сағаты
|
|
|
|
| 1.
| Клиникалық неврологияның даму тарихы. Жүйке жүйесінің негізгі топикалық диагностикасы.
| Жалпы шолу дәрісі
|
| 2.
| Цереброваскулярлық аурулар. Жіктелуі, патогенезі, жедел ми қан айналым бұзылуының клиникасы.
| Жалпы шолу дәрісі
|
| 3.
| ОЖЖ (орталық жүйке жүйесінің) вирустық және бактериалдық инфекциялары. Вирустық кене энцефалит. Герпестік энцефалит. Вирустық энцефалит. Вирустық менингит.
| Жалпы шолу дәрісі
|
| 4.
| Жеке нервтер мен түбіршек және байламдардың зақымдалуы. Полиневропатиялар және шеткі жүйке жүйесінің басқа да зақымдалулары. Дорсопатиялар.
| Жалпы шолу дәрісі
|
| 5.
| Негізінен ОЖЖ зақымдайтын жүйелі атрофиялар. Гентингтон ауруы. Тұқымқуалайтын атаксия. Жұлындық бұлшықет атрофиясы және туысқандық синдромдар. Экстрапирамидтік және басқа да қозғалыс функциясының бұзылыстары.
| Жалпы шолу дәрісі
|
| 6.
| Нерв-бұлшықеттік синапс пен бұлшықет аурулары. Балалардың церебралдық салдануы. ОЖЖ -нің миелинсізденген аурулары.
| Жалпы шолу дәрісі
|
|
| Барлық сағат саны:
|
|
|
2.8.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары – 45 с.
№
| Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары
| Өткізу түрі
| Сағат
|
| 1 бөлім (жүйке ауруларының пропедевтикасы)
|
|
|
| Сезімталдық және оның бұзылыстары. Үстірт және терең сезімталдықты зерттеу. Зақымдану симптомдары мен синдромдары.
| -бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Ерікті қимылдар және олардың бұзылысы. Зерттеу әдістері. Салдану түрлері
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Экстрапирамидтік жүйе. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары. Мишық. Координациялық қимылды зерттеу және зақымдану синдромдары.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Бас ми нервтері: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 жұп нервтері. Бас ми нервтерінің қызметтерін зерттеу және зақымдану симптомдары. Алмасушылық синдромдар туралы түсінік. Бульбарлық және жалғанбульбарлық синдромдар.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
-жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Жоғары ми қызметі. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары.
Вегетативтік жүйке жүйесі.
Вегетативтік жүйке жүйесін зерттеу және зақымдану синдромдары.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу
|
|
| Аралық бақылау
Тәжірибелік дағдылар
| – тестілеу
– критерилер
|
|
| 2 бөлім (жеке неврология)
|
| Цереброваскулярлық аурулар. Өткінші транзиторлық церебралдық ишемиялық ұстамалар және тектес синдромдар. Мидың инфаркті. Геморрагиялық инсульт.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- нәтижесін талқылау;
- қосымша зерттеу әдістері
- ситуациялық есеп құрастыру
|
|
| Жекенервтердің, нерв түбіршіктерінің және өрімнің зақымдануы. Полинейропатиялар. Дорсопатия.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- нәтижесін талқылау;
-тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- қосымша зерттеу әдістері;
- ситуациялық есеп құрастыру
|
|
| ОЖЖ–нің (орталық жүйке жүйесінің) қабыну аурулары. ОЖЖ–нің вирустық және бактериалдық инфекциялары. Вирустық кене энцефалиті. Герпестік энцефалит. Вирустық энцефалит. Вирустық менингит.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Эпилепсия. Эпилепсиялық статус. Бас сақинасы.
Жүйке жүйесінің миелинсізденген аурулары (шашыранды склероз, жедел шашыранды энцефаломиелит). Дегенаративтік аурулар (бүйірлік амиотрофиялы склероз, сирингомиелия).
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру;
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Аралық бақылау
Тәжірибелік дағдылар
| – тестілеу
– критериялар
|
|
| Барлық сағат саны:
|
|
|
2.8.3. ОСӨЖ сабақтардың тақырыптық жоспары - 45 сағ
№
| Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары
| Өткізу түрі
| Сағат
|
| Сезімталдық және оның бұзылыстары. Үстірт және терең сезімталдықты зерттеу. Зақымдану симптомдары мен синдромдары.
| - науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Ерікті қимылдар және олардың бұзылысы.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Экстрапирамидтік жүйе. Мишық. Координациялық қимылды зерттеу және зақымдану синдромдары.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Бас ми нервтері: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 жұп нервтері. Бас ми нервтерінің қызметтерін зерттеу және зақымдану симптомдары. Алмасушылық синдромдар туралы түсінік. Бульбарлық және жалғанбульбарлық синдромдар.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
-жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Жоғары ми қызметі. Зерттеу әдістері және зақымдану синдромдары.
Вегетативтік жүйке жүйесі. Вегетативтік жүйке жүйесін зерттеу және зақымдану синдромдары.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеуСтраница 11 из 35
әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Ауру тарихының үлгісін талдау.Неврологиялық науқастарды қосымша зерттеу әдістері.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Торқабық астына қан құйылулар. Ми ішілік қан құйылулар. Жарақаттық емес басішілік қан құйылулар. Цереброваскулярлық аурулардың салдары. Ми қан айналымының созылмалы ишемиясы. Веноздық энцефалопатия.
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- нәтижесін талқылау;
- қосымша зерттеу әдістері
- науқастың ауруханалық картасын құрастыру және толтыру;
- науқасты зерттеу алгоритмін жасау
|
|
| Перинатальды кезеңде дамитын кейбір жағдайлар. Балалардың церебралдық салдануы
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Екіншілік нейроинфекциялар: нейробруцеллез, нейросифилис, ЖИТС, ревмоваскулит
| - бақылау -тест;
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- қараған науқастарды талқылау;
- тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұптық жұмыс, дискуссия);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Негізінен ОЖЖ (орталық жүйке жүйесін) зақымдайтын жүйелік атрофиялар. Гентингтон ауруы, Вильсон - Коновалов, Паркинсон, Штрюмпель, Фридрейх ауруы.
| -парклиникалық диагностикалық тәсілдер
- науқасты қарау;
- зерттеу әдістері;
- тәжірибелік дағдыны меңгеру (оқытушымен жұмыс);
- - тақырып бойынша науқасты клиникалық талдау (топтық, жұмыс);
- жағдайлық есептерді шешу.
|
|
| Тұқым қуалайтын атаксиялар. Жұлындық бұлшық еттік атрофия және тектес синдромдар. Қимыл қызметінің экстрапирамидтік және басқа зақымданулары. Жүйке-бұлшық еттік синапс және бұлшық ет аурулары.
| - бақылау -тест;
- рөлдік ойын;
- сырқатнамамен жұмыс жасау;
- жағдайлық есептерді құрастыру. (кейс-стади).
|
|
| Барлық сағат:
|
|
|
2.8.3. Студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) тақырыптары
№
| Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары
| Өткізу түрі
| Сағат
| 1.
| Орталық жұйке жүйесінің ноцецептивтік жүйесі. Неврологиядағы ауырсыну синдромы
| - Тексеру алгоритмі
- Кейс- стади
- Презентация
- Емдеу алгоритмі
|
| 2.
| Қимылды қамтамасыз ететін нейрофизиологиялық үрдістер
| - Тексеру алгоритмі
- Кейс- стади
- бейнеролик
|
|
| Қимылды қамтамасыз ететін қыртыс асты түйіндердегі нейромедиаторлардың зат алмасуы
| - Реферат
- Кейс- стади
- Презентация
- Тексеру алгоритмі
|
|
| Кома мен басқа жедел жағдайлардың патогенезі. Ми өлімі. Критерилері.
| - Реферат
- Кейс- стади
- Презентация
- Тексеру алгоритмі
- Емдеу алгоритмі
|
|
| Жүйке жүйесі ауруларының нейровизуализациялық диагностикалық әдістері.
| - Тексеру алгоритмі
- Кейс- стади
- Бейнеролик
|
|
| Неврологиялық науқастардың қайта қалпына келтіру негіздері.
| - Реферат
- Презентация
|
|
| Ерте жастағы эпилепсиялық синдромдар. Сананың эпилепсиялық емес пароксизмальдық бұзылуы
| - Реферат
- Презентация
- Тексеру алгоритмі
- Емдеу алгоритмі
|
|
| Екіншілік нейроинфекциялар.
| - Реферат
- Эссе
- Презентация
|
| 9.
| Дорсопатиялар.
| - Реферат
- Эссе
- Презентация
- Дискуссия
|
| 10.
| Жұлынның қантамырлық аурулары.
| - Реферат
- Эссе
- Презентация
- Дискуссия
- Кейс- стади
|
|
| Барлық сағат саны:
|
|
|
2.10. Әдебиеттер:
Орыс тіліндегі әдебиеттер
негізгі:
1. Кайшибаев С.К. Неврология. Оқулық. I, II бөлім, Алматы, 2009г
2. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. М.: Медпрессинформ, 2007.
3. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: оқулық +СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.
4. Бадалян Л.О. Детская неврология. Оқулық. М., 2007.
5. Петрухин А. С. Неврология детского возраста. М., Медицина, 2008
қосымша:
1. Карлов В.А. Неврология лица. М.: Медицина 1991г.
2. Баркер Р.И т/б. Наглядная неврология: оқулық әдістемесі /ағылшын тілінен аударылған ред. В.И.Скворцовой. – 2-ші басылым. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.
3. Неврологические симптомы, синдромы и болезни. Энциклопедический справочник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.
4. Штульман Д.Р., Левин О.С. Справочник практического врача по неврологии.- М., Советский спорт, 2007.
5. Болезни нервной системы. Руководство для врачей, 1-2 бөлім. М., 2007.
6. Джеральд М. Феничел. Педиатрическая неврология: Основы клинической диагностики. М. Медицина, 2004.
7. Барашнев Ю.И. Перинатальная неврология. М.: Триада X, 2005.
8. Мухин К.Ю., Петрухин А.С., Глухова Л.Ю. Эпилепсия / Атлас электронно-клинической диагностики. М.: Альварес Паблишинг, 2004.
9. Дифференциальная диагностика нервных болезней / Под редакцией Г.А.Акимова и М.М.Одинака. «Гиппократ +», СПб, 2004.
10. Неврология для врачей общей практики / редакция проф. А.М. Вейна, М. «Эйдос Медиа», 2001.
11. Кайшибаев С. Словарь-справочник неврологических терминов. Алматы, 2005.
Қазақ тіліндегі әдебиеттер
негізгі:
1. КайшибаевС.К. Неврология. 1, 2 бөлім, (қаз) - Алматы, 2009г.
2. Жумабаев У.Ж., Мусагалиева Г.М. Ми нервтерінің функционалдық анатомиясы. - Алматы, 1992.
3. Надирова К.Г, Дарибаев Ж.Р. Клиникалық невропатология. - Қарағанды, 1995.
4. Надирова К.Г. Нерв жүйесінің анатомиясы, физиологиясы, тексеру әдістемесі және зақымдану семиотикасы. - Қарағанды, 1993.
2.11. Оқыту және білім беру әдістері: жағдайлық есептер, презентация, дискуссиялар, кіші топпен жұмыс істеу.
2.12. Білімді бағалау ережелері мен критерилері
Оқушылардың білімін бағалау көрсеткіштері
1. Білімі, тәжірибесі, дағдысы және компетенциясы барлық қадағалау түрімен балдық-рейтингтік-әріптік жүйе бойынша анықталады, ол пропроциялық қатынаста.
2. «үздік» деген баға А деген бағаға сәйкес келеді, сандық эквиваленті 4,0 и пайыздық құрылымы 95-100% және А-, сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық құрылымы 90-94%
Бұл баға егер білім алушы жоспарлы материалды меңгергенін көрсетсе және ешқандай қателік, турасыздық жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында орындап, ол бойынша есеп берсе, оригиналды ойлау қабілетін көрсетсе, коллоквиумдарды уақытында және қатесіз тапсырса, үй жұмысын орындаса, ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді оқу кезінде қосымша ғылыми әдебиеттерді өздігінен қолдана білсе, өздігінен жоспарлық материалды жүйелей алса қойылады.
3. «жақсы» деген В+ бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 3,33 и пайыздық құрылымы 85-89%; В, сандық эквиваленті 3,0 и пайыздық құрылымы 80-84% және В-, сандық эквиваленті 2,67 и пайыздық құрылымы 75-79%.
Бұл баға егер студент бағдарламалық материалды 75 % - дан төмен емес меңгерсе және жауап кезінде қатаң қателіктер жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытымен орындап, маңызды емес қателіксіз өткізсе, коллоквиумдар мен үй жұмысын ескертусіз тапсырса, оқытушының айтуымен қосымша әдебиеттерді қолданса, ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысса, маңызды емес турасыздық жіберсе немесе маңызды қателік жіберсе, оны өзі жөндесе, оқытушы көмегімен жоспарлық материалды жүйелей алса қойылады.
4. «қанағаттанарлық» деген баға С+ сәйкес келеді, сандық эквиваленті 2,33 и пайыздық құрылымы 70-74%; С, сандық эквиваленті 2,0 и пайыздық құрылымы 65-69%; С-, сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық құрылымы 60-64%; Д+, сандық эквиваленті 1,33 и пайыздық құрылымы 55-59%; және Д, сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық құрылымы 50-54%.
Бұл баға егер студент бағдарламалық материалдарды 50 % - дан төмен емес меңгерсе, бақылау, зертханалық және үй жұмысын орындағанда оқытушы көмегіне жүгінсе, коллуквиум тапсырғанда турасыздық пен маңызды емес қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарына активті қатыспаса, оқытушы айтқан оқулықпен ғана шектелсе, материалды жүйелеуде қиындықтар болса қойылады.
5. «қанағаттанарлықсыз» F деген бағаға сәйкес келеді, сандық эквиваленті 0 және пайыздық құрылымы 0-49%.Бұл баға егер студент негізгі материалды меңгеруді жіберіп алса, пән бойынша бағдарламаның жартысынан астамын меңгермесе, жауап кезінде маңызды қателіктер жіберсе, ағымды, аралық және қорытынды бақылау формасына сай жеке тапсырмаларды орындамаса, негізгі әдебиеттерді толық қарамаса қойылады.
БРӘЖ бойынша оқытылушылардың оқу жетістіктерін бағалау
1. Оқытылушылардың (2006ж. МООС бойынша 2007ж. бастап университетке түскендер) оқу жетістіктері (білімі, біліктілігі, дағдылары және компетенциялары) балдық-рейтингтік-әріптік жүйе (БРӘЖ) бойынша бағаланады.
2. ҚазҰМУ БРӘЖ бойынша пән бойынша қорытынды баға максимальды 100 балға (100%) тең, мына формула бойынша есептеледі:
I = Rx0,6+Ex0,4,
мұнда I – қорытынды баға, R – жіберілу рейтингінің бағасы, Е – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан).
Жіберілу рейтингі қорытынды бағаның 60% құрайды, емтихандық баға қорытынды бағаның 40% құрайды, 0,6 және 0,4 коэффициенттерін енгізе отырып есептейді.
R – оқытылушылардың әр рейтингтік бағасы, ағымды және аралық бақылау бағаларынан есептелген.
Ағымды бақылаудың барлық түрлері (тәжірибелік сабақ, семинарлық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ) және аралық бақылау 100 балмен есептеледі.
Әр рейтинг мына формула бойынша есептеледі: R=(t+r)/2, мұнда
t- ағымды бақылау – тәжірибелік сабақтардың орташа бағасы (зертханалық, семинарлық) + ОСӨЖ орташа бағасы + СӨЖ орташа бағасы/ 3 бөлеміз (оқытудың кредиттік түрінде)
t - ағымды бақылау – тәжірибелік сабақтардың орташа бағасы (зертханалық, семинарлық) + СӨЖ орташа бағасы/ 3 бөлеміз (оқытудың сызықтық түрінде)
r – аралық бақылау
Жіберілу рейтингі барлық рейтингтерге орта арифметикалық болып табылады:
Rжіб. = (R1+ R2)/2 (егер семестрде 2 рейтинг болса)
Оқытудың циклдық түрінде, жіберілу рейтингі ағымды және аралық бақылаудың орта арифметикасына тең.
Оқытудың блоктық түрінде (егер бір пән бірнеше блоктардан құралса), рейтинг әр блок бойынша есептеледі және жіберілу рейтингі барлық рейтингтардың орта арифметикасына тең болады.
Егер жіберілу рейтингі 50 балға тең немесе одан жоғары болса (яғни семестрлік бағасы) емтиханға жіберіледі.
3. Оқытылушылардың оқу жетістіктерінің бағасы аралық және қорытынды аттестация кезінде 100 балмен есептеледі.
Емтихан тестілеу түрінде:
Егер оқытылушыға емтиханда 50 тестік тапсырма берілсе, әр тестік тапсырма 2 балға тең.
Егер оқытылушыға емтиханда 100 тестік тапсырма берілсе, әр тестік тапсырма 1 балға тең.
4. Қорытынды баға есептеледі, егер оқытылушы жіберілу рейтингі бойынша (50% аз емес), сонымен қатар қорытынды бақылау бойынша оң баға алса. Бағалар төртұпайлық сандық эквивалент және дәстүрлі баға, әріптік жүйе бойынша (оң бағалар, азаю бойынша А - дан D – дейін, «қанағаттанарлықсыз» - F) қойылады.
Пән бойынша әріптік – балл – рейтингтік баға
Әріп жүйесі бойынша баға
| Балдың сандық эквиваленті
| Пайыздық көрсеткіш % (балл)
| Дәстүрлі жүйе бойынша баға
| А
| 4,0
| 95-100
| Үздік
| А-
| 3,67
| 90-94
| В+
| 3,33
| 85-89
| Жақсы
| В
| 3,0
| 80-84
| В-
| 2,67
| 75-79
| С+
| 2,33
| 70-74
| Қанағаттанарлық
| С
| 2,0
| 65-69
| С-
| 1,67
| 60-64
| D+
| 1,33
| 55-59
| D
| 1,0
| 50-54
| F
|
| 0-49
| Қанағаттанарлықсыз
|
ОСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік сабақтардың орындауын бағалайтын ағымдық бақылау
2012-2013 оқу жылына кредиттік оқыту жүйесі 2013 жылдың 20 маусымындағы № 500 қаулысы негізінде РМӨ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері өзгерді.
Жүйке аурулары кафедрасында кредиттік оқыту жүйесін енгізумен байланысты оқытушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау критерийлеріне өзгерістер еңгізілді.
Білімді бағалау тәжірибелік сабақтарда келесі компетенциялар бойынша бағаланады. 1 – білім, 2 – тәжірибелік дағдылар, 3 – коммуникативті дағдылар, 4 – құқықтық білім.
Тәжрибелік сабақтар 11 сабақтар көлемінде 4 академиялық сағаттан жүргізіледі, тәжірибелік сабақтың 1 академ.сағаты =100 мин.
ТОЖ – на сәйкес «Неврология, психиатрия, наркология»пәні бойынша аралық бақылау қарастырылған. Осы оқу жылында біз екі аралық бақылауды қалдырдық (№6 және 11 сабақ) оларға тәжрибелік дағдыларды қабылдау және тест түрінде жүргізілетін 1,5 академ.сағат бөлінген. Тесттілеу кафедрада жазбаша түрде жүргізіледі (20 тестен 5 нұсқа). Тестілеуге максимальды балл – 40 балл.
Аралық бақылауда тәжірибелік дағдыларды қолдануын бағалаймыз (мах = 60 баллов). Олардың әрқайсысына тәжірибелік сабақтардың әрбір тақырыбын бағалау критерийлері қайта құрастырылған.
Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерийлері төменде көрсетілген.
Тәжірибелік сабақтарда студенттердің білімін тест және ауызша сұрау түрінде № 3,4,5,9 сабақтарда бағалаймыз (критерийлер қайта қарастырылған және төменде көрсетілген). Студенттер тәжірибелік дағдыларға оқытылады және тәжірибелік дағдыларды науқастарға қолданады (егер сабақ тәжірибелік дағдылар Орталығында қарастырылса). Құқықтық компетенцияларды 1 рет № 10 тәжірибелік сабақта бағалаймыз. Студенттердің коммуникативті компетенциялары 2 сабақта бағаланады (критериилер қайта құрастырылған).
ОСӨЖ 45 сағат көлемінде жүргізіледі (11 сабақ 4 академ. сағаттан), яғни 1 академ сағат ОСӨЖ = 50 минут.
ОСӨЖ білімін жағдайлық есеп шешу мен құрастыруына қарап, диагностикалық алгоритм құру мен емдеуге қарап бағалаймыз. Студенттердің тәжірибелік дағдыларын нозология бойынша тақырыптық кураторлық беттерді жазуы бойынша бағалаймыз.
Неврология пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.
Компетенцияның әрқайсысы 100 бал бойынша бағаланады.
Тәжірибелік сабақтар.
1. Білім бақалау – № 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10 сабақтарда.
2. Тәжірибелік дағдыларды № 1,2, 3, 4, 5 сабақтарда бағалау.
2. Коммуникативтік дағдыларды № 8 сабақта бағалау.
3. Құқықтық компетенцияны № 9 сабақта бағалау.
Аралық бақылау № 6 және № 11 сабақтарда жүргізіледі.
Аралық бақылау екі түрде жүргізіледі: 1) тестілеу – 1 тест 2 балға бағаланады (барлығы 20 тесттен 5 нұсқа), барлығын 40 балға теңестіреміз; 2) Тәжірибелік дағдыларды бағалау – құрастырылған критерилер бойынша мах – «60» бал болады. Сонымен, аралық бақылаудың мах бал – 100-ге тең.
ОСӨЖ
1. Студентердің білімін сабақтарда бағаламайды.
2. Тәжірибелік дағдыларды № 1, 2, 3, 4, 5 сабақтарда бағалау.
5. Өзін-өзі дамыту: студенттерге унверситеттің кітапханасында жұмыс жасауына мүмкіншілік береміз, өзінің интеллектуальді деңгейін жоғарлатуға, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білуі қажет, реферат және диагностика және емдеу хаттамаларын дәлелдемелі медицинаға сүйене отырып құрастыра алуы тиіс.
Әрбір студент ОСӨЖ кезінде науқасты курациялау барысында науқастың тарихын жазу қажет.
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ).
Әрбір студент бір тақырыпты таңдау арқылы өзіндік жұмыс жасап (СӨЖ бойынша берілген 10 тақырыптан 1 тақырып) № 5 (сабақтарға дайындалуы қажет). Өзінің жұмысын қорғау барысында студент СӨЖ – ді төмендегі критерилер мен талаптарды ескере отырып дұрыс қолдануы қажет, төменде келтірілген (силабуста берілген).
«Неврология» пәні бойынша жетістіктерді жүйелі түрде бағалау.
2013-2014 оқу жылынан С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа ережелері еңгізілді (студенттің жіберілу және емтихан рейтингі).
ПОҚ рұқсат өлшемін анықтау үшін студенттің дайындығын күнделікті әрбір сабақта кафедра жиналысында қабылданған шешім арқылы компетенция түрлері бойынша есептеледі.
Ағымды бақылау (t) – компетенциялардың жинақталу деңгейін бағалау келесі формула бойынша есептеледі:
t = (Z+N+K+P+S)/n, мұнда
n – компетенция бойынша тапсырмалардың саны
Z: z1+z2+…+zn – білім бағасы
N: n1+n2+…+nn – дағдылардың бағасы
K: k1+k2+…+kn – коммуникативтік дағдылардың бағасы
P: p1+p2+…+pn – құқықтық компетенцияның бағасы
S: s1+ s2+…+sn – СӨЖ-ның бағасы
Аралық бақылау (r) – кафедрада 2006 жылғы ТОБ-на сәйкес 2 рет өткізіледі (№ 7, 13 сабақтар) 100 баллмен бағаланады. Аралық бақылау екі бөлімнен тұрады: 1 тесттілеу – 40 балл (20 тест 5 варианттан және әрбір тест 2 балл бағаланады); 2 – тәжірибелік дағдылар 60 балл («Неврология» пәні бойынша силлабуста варианттар мен бағалау критерилері берілген).
Жіберілу рейтингі студенттің қорытынды бағасының 60% құрайды, келесі формула бойынша есептеледі:
Rд= (t+r1+r2)/3*0,6; мұнда
t – ағымды бағылау
r1 – бірінші рейтинг
r2 – екінші рейтинг
Қорытынды баға: интегралды емтихан, екі этаптан тұрады:
I кезен - компьютерлік тестілеу
II кезен - тәжірибелік дағдыларды қабылдау
I кезен – тестілеу уақытында бағаланады: а) когнитивтік функциялар (білім), б) құқықтық компетенциялар (кафедрамен тесттерді жалпы тесстердің 5% қатынасында құрастыру). Тестілеу банкінде 608 тест бар (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
II кезен – тәжірибелік дағдыларда қабылдау келесі түрде бағаланады: а) операциональды әрекет (тәжірибелік дағдыларды қолдана отырып жағдайлық есептерді шешу және топикалық диагноз қою); б) коммуникативтік компетенциялар.
Емтихан рейтингі формула бойынша бағаланады:
E= Е1 × 0,2 +Е2 × 0,2; мұнда
Е1 – емтиханың I этап бағасы,
Е2 – емтиханың II этап бағасы.
Қорытынды баға жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылаудың қосындысынан құралады:
I = R × 0,6 + Е1 × 0,2 +Е2 × 0,2; мұнда
I – қорытынды баға
R – жіберілу рейтингі
E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша баға)
ПОҚ -тың циклдық сабағын тамамдағаннан кейін қорытынды бағаны есептейді және оқу журналдарды толтырады содан кейін ведомостьке баға қойылады. Оқу журналы сабақ біткеннен кейін келесі күннен қалмай кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісіне тексерілуге беріледі. Үш күннің ішінде емтихандық ведомость «Офис-регистраторға» уақытында тапсырылуы тиіс.
Жауапты кафедра «Психиатрия, наркология және психотерапия».
Білімін ағымдық бақылауды ұйымдастыру және өткізу
Ағымды бақылау семестрдегі студенттер жұмысын жүйелі ұйымдастыруға, үй жұмысын, бақылау жұмыстарын, пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес өзіндік жұмыстардың басқа түрлерін уақытында орындауды бақылауға арналған.
Ағымды бақылау есебі
Тәжірибелік сабақтар емдеу факультетінің Ғылыми Кеңесі мен ішкі аурулар Департаментінің бекітілген шешімімен 5 компетенцияға сәйкес 100 балдық жүйемен бағаланады.
Бітіруші мынадай компетенцияларды меңгеру керек:
І. Білімі.
II. Тәжірибелік дағдылар.
III. Коммуникативтік дағдылар.
IV. Денсаулық қорғаушысы.
V.Өзін – өзі дамыту.
Балмен бағаланатын компетенциялар
Білімі
| Тәжірибелік дағдылар
| Коммуникативтік дағдылар
| Денсаулық қорғаушысы
| Өзін – өзі дамыту
|
|
|
|
|
|
I компетенция «Білім»:
Теориялық білімін бағалау критериі (100балл max) 2- компоненттен тұрады – тестілеу (20 балл) и ауызша сұрау (80 балл)
1) Сабақта тестілеу – 20 балл max, 1 тест 2 балға бағаланады (барлығы10 тест)
2) Ауызша сұрау – максимальды 80 балл
Ауызша сұрау критерилері
Критерилер
| 5балл
| 10балл
| 15 балл
| 20балл
| Тақырыпты ашу
| Тақырыпты ашпаған, жауап бергенде қателік кеткен
| Тақырыпты толық ашпаған, жауап бергенде қателік кеткен
| Тақырыпты оқу материалына сәйкес ашқан
| Тақырыпты толық ашқан, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып білімін көрсете алған
| Топикалық диагнозын негіздеу және көрсету
| Топикалық диагнозды негіздемеген
(топикалық диагноз)
| Топикалық диагнозды дұрыс көрсетпеген
(топикалық диагноз)
| Топикалық диагнозды қателіктермен көрсеткен
(топикалық диагноз)
| Топикалық диагнозды толығымен және рет-ретімен көрсеткен
(топикалық диагноз)
| Емдеу принциптері
| Негізгі емдеу принципін көрсетпеген
| Негізгі емдеу принципін көрсетпеген
| Емдеу принциптерін дұрыс көрсеткен
| Науқасты емдеуде өз білімін толық көрсеткен
| Қосымша зерттеу әдістері
| Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдамаған
| Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдамаған
| Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдаған
| Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдаған
|
II компетенция «Дағдылар»:
Науқастарды тексеру. Тақырып бойынша науқастар курациясы және сырқатнама жазу
– «max» балл -100
Критерилер
| 15 балл
| 20балл
| 25 балл
| Тәжірибелік манипуляциялар
| Тәжірибелік манипуляцияларды оқытушының айтуымен қателіктермен орындайды
| Өздігінен, бірақ тәжірибелік манипуляцияларды қателіктермен орындайды
| Тәжірибелік манипуляцияларды өздігінен және дұрыс орындайды
| Шағымын, анамнезін және өмір анамнезін жинау
| Шағымын, анамнезін және өмір анамнезін қателіктермен жинаған
| Шағымдары айқын емес, бірақ ауру анамнезі мен өмір анамнезі жиналған
| Шағымын, анамнезін және өмір анамнезін толық жинаған
| Неврологиялық статус
| Неврологиялық статусы толық зерттелмеген
| Науқасты зерттеуде ретілік жоқ
| Науқас ретімен және толық зерттелген, жазылған
| Дифференциалды диагностика
| дифференциалды диагноз толық жүргізілмеген
| дифференциалды диагноз 2 аурдың арасында жүргізілген
| үш аурудың арасында барлық критерилерге сәйкес дифференциалды диагноз жүргізілген
|
III компетенция «Коммуникативтік дағдылар»
Коммуникативтік дағдылар – максимальды 100 балл
Компетенцияларға критериилер «Коммуникативтік дағдылар»
Критерилер
| 60 балл
| 80 балл
| 100 балл
| Науқастармен, олардың туысқандарымен және мед қызметкерлерімен сөйлесе біледі
| Науқаспен, оның туысқандарымен, мед қызметкерлермен немқұрайлы сөйлесті
| Науқасқа дұрыс қадам жасады, бірақ туыстарымен дұрыс сөйлеспеді
| Науқастармен, олардың тусқандарымен сйлескенде аяу, шыдамдылық көрсету арқылы дұрыс қадам жасай біледі
| Түсіністік және сеніммен қамтамасыз ету
| Науқаспен қысқа уақыт сйлескенде өзіне қарата алды, бірақ онымен дұрыс сөйлеспеді, өзінің сенімсіздігін және тәжірибесіздігін көрсетіп қойды
| Бірден науқасты қаратты, бірақ жылдам және сенімсіз сөйлеседі
| Көмек көрсеткісі келетінін білдіру арқылы өзіне бірден қаратты, сабырлы, сенімді
|
IV компетенция «Денсаулық қорғаушысы» (науқастардың қалауын қорғау)
Нормативті – құқықтық базаны білу – максимальды 100 балл
Компетенцияларға критериилер «Денсаулық қорғаушысы»
Критерилері
| 60 балл
| 80 балл
| 100 балл
| Медицина қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін және науқастың нормативті – құқықтық базасын білу
| Медицина қызметкерлерінің міндеттері мен білімін білмейді, құқықтық базаға мән бермейді және науқастарға қатысты өз білімін қолданбайды
| Құқықтық білімі бар және медициналық қызметкерлер міндетін біледі, бірақ мед, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді, науқастың нормативті – құқықтық базасын біледі, бірақ науқастардың өз денсаулығына жауапкершілігі жөнінде оқыту жұмыстарын жасамайды
| Медициналық қызметкерлер және науқастар құқықтары мен міндеттер жөнінде білімі бар, науқастардың өз денсаулығына жауапкершілігі жөнінде оқыту жұмыстарын жасайды
|
V компетенция «Өзін – өзі дамыту және даму» (өмір арқылы оқу)
Студент жетілуінің бағасы – максимальды 100 балл
Компетенцияларға критериилер «Өзін – өзі дамыту және даму»
Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 1888 | Нарушение авторских прав
|