АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)

Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Интоксикация әсерінен дамыған.

-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

-Кешкі уақытта күшейеді.

-Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

Антипсихотикалық (Транквилизатор-Седуксен)

2. 27 жастағы ер адамда иісті газбен уланғаннан кейін фиксациялық және ретроградты амнезия түріндегі ес бұзылысының формасы анықталды. Науқас естен шығарған жағдайларды жалған ойлармен толтырып, болмаған жағдайларды еске алады және әңгімелесу кезінде болып жатқан оқиғаны бұрмалап, уақытына немесе болған жеріне сәйкес емес қылып айтады. Бұл бұзылыс нейропатиямен бірге жүреді.

Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Корсаков синдромы. Интоксикация әсерінен дамыған. (Ес бұзылысы синдромы)

-Фиксациялық амнезия

-Парамнезия (Конфабуляция,псевдореминесценция)

-Ретроантероградты амнезия

-Амнестикалық дезориентировка

Емі:

Стационарға жатқызу

Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

Ноотропты заттар (Аминалон)

3. 30 жастағы ер адамда даулы жағдайдан кейін қарқынды қозғалыстық және вазо-вегетативті көріністермен, сананың күрт тарылуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған жүріс-тұрыс мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция шамамен жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін қозу кезеңінің толық амнезиясы бақыланды.

Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Патологиялық аффект (Эмоция бұзылысына жатады).

-Кенет басталып, кенеттен аяқталады.

-Толық амнезия

-Жағдайға жауап ретінде дамиды.

Емі:

Нейролептик –Аминазин (антипсихотикалық эффект)

4. 47 жастағы ер адам иісті газбен уланғаннан кейін көңіл-күйі сөзшеңдікпен, шатасумен жүретін үрейлерге және қорқыныштарға дейін өзгеріп, мазасыздық күйі дамып, анық көріністер формасында елестер орын алды. Науқасты түнгі уақытта мазалайтын және жиі оянуға алып келетін, қорқынышты түстер көріп, ұйқысы беткей болды. Артынан айналаны иллюзиялы түрде қабылдап, тежелу жағдайы дамыды. Психиканың бұзылысы науқастың өзі қатысатын галлюцинаторлы бейнемен ауысты.

Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Интоксикация әсерінен дамыған.

Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

Кешкі уақытта күшейеді.

Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

Антипсихотикалық (Транквилизатор-Седуксен)

5. 16 жастағы жасөспірімнің тәртібі өзгерген, ата-анасынан, достарынан бөлектеніп сөйлеспейді, көңіл-күйі түсіңкі, айналаға жиі және ұзақ уақыт өз бетімен қарап отырады. Пластикалық хирургияға қызығушылық танытады, өзінің сыртқы бейнесіне әсіресе, мұрынына, көзіне және құлақтарына көңілі толмайды,.

Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Дисморфомания(Дисморфофобия) синдромы.Ойлаудың бұзылысы.

-физикалық жеткіліксіздік, ұсқынсыздық жайлы уайымдаулар

-көңіл-күйдің жабырқаулы төмендеуі

-өз күйзелістерін жасыру

-жалған ақауды түзетуге белсенді әрекет

-симптом Зеркала

-гипотимия

Емі:

Нейролептик

Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)

6. 73 жастағы ер адам, бас-ми тамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, бөлімшеде тұйық, сезікті. Айналадағы адамдар «мені мүлікке ие болу үшін аңдиды, уландырғысы келеді», деген ойлар айтады. Науқастардан, әсіресе өзіне келушілерден қашқақтайды. Палатада науқастардың арасында «жалдап жіберілген адамдар» бар деп есептейді. Бұл ойды олардың айтқан әңгімелерінен жорамалдайды, «өзінің атына бағытталған қауіпті сөздерді естиді». Науқастар палатада өздері сөйлесіп отырады, ал ол кірген кезде олар тынышталып қалатын сияқты көрінеді. Өзін жазаламас бұрын ауруханадан тезірек шығаруын өтінеді.

Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Параноидты синдром (Мидың органикалық бұз кездеседі, атеросклероз әсерінен дамыған) Ойлау бұзылысы

Уландыру

Соңыңа түсу

Жоғалту сандырағы

Емі:


Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 679 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)