Нейролептик –Трифтазин. 14. 30 жастағы әйел әңгіме кезінде мәнерлі, басын театральді түрде артқа тастайды
14. 30 жастағы әйел әңгіме кезінде мәнерлі, басын театральді түрде артқа тастайды, бетін қолымен жабады. Күйеуі «оны шаршатқанын, бұлай өмір сүру мүмкін еместігін» ынтамен және көп сөздермен жеткізді. Онымен соңғы жанжалдардың бірінде иық аймағына тіліктер жасаған, сосын айғайлап жылап көршілеріне жедел жәрдем шақыруын талап етіп жүгірген. Өзінің қайғыларын айту кезінде дәрігердің реакциясын аңдиды, даусын біресе жоғарылатады, біресе төмендетеді, қолдарын сықырлатады.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Истериялық синдром
-жүріс-тұрыс театральдігі, жасандылық
-эгоцентризм
-өзіне деген аяушылық сезімін шақыру
-қатал жағдайларға көнбеушілік
-социальды дезадаптация
-басқа адамдармен жеңіл танысады, көпшіл
Емі:
Седативті препарат.
Эффект плацебо.
Психотерапия.
Нейролептик –Аминазин, жұмсақ-Неулептил.
15. 40 жастағы әйелде ешқандай себепсіз көңіл күйі бірден түсіп кеткен. Үйден шығуды қойған, төсегінде жата береді, өзіне қарамайды. Көңіл-күйдің тәуліктік тербелулері байқалған, әсіресе таңертең өзін нашар сезінеді. Тәбеті төмендеген, аз уақытта 7 кг арықтаған. Емнен кейін көңіл күйі толықтай қалпына келген. Бұрынғыша эмоциональді, көңілді, жанұясына қамқор. Шамамен соңғы 2-3 жылда осындай жағдайлар қайталанған. Емнен кейін психикалық жағдайы бастапқы деңгейге қайтадан келген.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Депрессиялық синдром.
-гипотимия
-ассоциация тежелуі, ойлау жылдамдығының баяулауы
-қимыл-қозғалыс шектелуі.
Емі:
Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)
16. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт болған. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Психоорганикалық синдром. (қантамырлық+интоксикация)
-ойлау бұзылысы-патологиялық байымдылық
-дисфория
-гипомнезия
Емі:
Ноотроптар (Аминалон)
Витаминдер
17. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер-ауғандық. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «дұшпандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шығып оқ атқан, нәтижесінде екі өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «дұшпандар» тарапына төндіріп, сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, полиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Сананың қарауытқан күңгірттенуі (сана бұзылысы)
-органикалық бұзылыс
-толық амнезия
-кенет басталып, аяқталуы
-брутальды агрессия
-себепсіз қозу немесе автоматизирленген мінез-құлық (галлюцинация болуы мүмкін)
-бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады
Емі:
Стационарға жатқызу
Сот-психиатриялық сараптама
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 742 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|