Нейролептик –Тизерцин, Терален.
44. 30 жастағы ер адамда әр күні кенеттен қатты айқаймен басталатын ұстамалар болған. Оның алдында бірнеше сағат бұрын көңіл-күйі бұзылып, басы және асқазаны ауырып, мазасы кеткен. Соңынан 2-3 минутқа созылған тоникалық және клоникалық тырысулар болған. Бұндай тырысулардан кейін біраз уақытқа дейін өзіне-өзі келе алмай, соңынан ұйықтап кетеді. Ұйқыдан соң ештеңе есінде қалмайды.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Эпилепсияның үлкен ұстамасы.
Бір сәтте сананың толық жоғалуымен, кенеттен құлаумен жүретін тырысулық ұстамалар.
-Аурадан басталады (көңіл-күй түседі, деперсонализация, дереализация)
-Тоникалық-көлденең жолақ бұлшықеттердің кернелуі,жазылуы,айқас,аузы ашық,тілін шайнау,көз алару.
-Клоникалық-бұлшықеттердің жиырылып, босаңсуы, ұрылып, соғылу, аузы көбіктенеді, еріксіз несеп, ұйқымен аяқталады.
-Толық амнезия.
Емі:
Антиконвульсанты-Фенобарбитал.
45. 55 жастағы ер адам көп жылдар бойы алкогльді шамадан тыс қолданып келген. 7 жал бұрын инсульт болған. Соңғы жылдары әртүрлі суррогаттарды салынып ішкен. Тәулігіне аз мөлшерден бөліп-бөліп ішеді. Табанындағы ауырсыну сезімдері төмендеген, жүрісі өзгерген. Өте ұмытшақ, өзінің қайда жүргенін, уақытты білмейді. Бірнеше минут бұрын болған нәрсені есіне түсіре алмайды. Есесіне мүлдем болмаған нәрсені айтады.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Корсаков синдромы. Алкоголь әсерінен пайда болған. (Ес бұзылысы синдромы)
Фиксациялық амнезия
Парамнезия (Конфабуляция,псевдореминесценция)
Ретроантероградты амнезия
Амнестикалық дезориентировка
Емі:
Стационарға жатқызу
Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)
Ноотропты заттар (Аминалон)
46. 30 жастағы науқас, бала кезінде ауыр бас-ми жарақатын алған. Соңғы кездері жұмысы көп болғандықтан дұрыстап ұйықтай алмаған. Тексерген кезде тітіркенгіштікке, шаршағыштыққа, зорығу күйіне шағым айтады. Әсіресе интеллектуальді-ойлау қызметтерін жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді. Жарақат алғаннан бері көлікте жүргенді, ыстықты көтере алмайды. Кейінгі кезде бір істен екіншісіне ауысқанда қиналатынын айтады.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Психоорганикалық синдром. Этиологиясы(жарақат,интоксикация,инфекция,ісік,қантамыр аурулары)
-критика төмендейді
-мелочность
-сомато-вегетативті бұзылыстар
-метеосезімталдық
Вальтер-Бюель триадасы:
-есте сақтау төмендеуі
-түсіну төмендеуі
-эмоцияны ұстай алмау
Тұлғаның өзгерістері:
-селқостық
-пассивтілік
-тітіркенгіш
-қажулық
Сомато-вегетативті бұзылыстар
-бас ауруы
-метеосезімталдық
Емі:
Ноотропты (Аминалон)
Витаминотерапия
47. 66 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулағына аса көңіл бөле бастаған. Өзінің қан қысымын күніне бірнеше рет өлшеп, бақылап отырады. Денесіндегі шаншу, тартылу, кернеу, қозғалу, жыбырлау сияқты сезімдерге шағымданып, үйіне дәрігерлерді жиі негізсіз шақыратын болған.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Сенесто-ипохондриялық синдром.
Нейролептик.
48. 35 жасар науқас психиатриялық клиникаға жедел психотикалық жағдайда түскен. Бойында үрей, қорқыныш бар, тынымсыз және қобалжыған. Терісі мен денесінде жәндіктердің жүргенін сезеді, оларды іздеп, ұстап, қанағанша қасып тастайды. Айналасының бәрі оны өлтіруге талпынып жүрген жаулар деп санайды. Бөлме ішінен қорқынышты бет-әлпеттер көріп, сырттан сені өлтіреміз деген жаман дауыстарды естігендіктен түнімен ұйықтай алмайды. Күндіз кішкене тынышталғандай болады.
Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Дата добавления: 2016-03-26 | Просмотры: 583 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|