АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алматы 2015 жыл 3 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

2) Инфильтратпен он екі елі ішектің қысылуымен

3) Жоғарғы шажырқай артериясының тромбоэмболиясымен

4)+ Көлденең тоқ ішек шажырқайы түбірінің ісінуімен

5) Ұйқы безінің ферментативті жетіспеушілігімен

 

Тест 0092

Науқас Н., 44 жас панкреонекроз және перитонит қатысты ота кезінде, Пиковский бойынша холедохты дренаждаумен холецистэктомия жасалды. Бұл жағдайда қандай мақсатпн осы ота жасалды?

1) Детоксикациялау мақсатында өтті алу

2) Холангит дамудың алдын-алу

3)+ Панкреато-билиарлы жүйенің декомпрессиясы

4) Жедел холангиттің дамуының алдын-алу

5) Өт қабы қабырғасының ферментативті лизисін алдын-алу

 

Тест 0093

Төменде көрсетілгеннің қайсысы панкреатиттің ісінген түріне не тән?

1) Перитониттің дамуы

2)+ Іштегі қатты ауру сезімі

3) Дене температурасының айқын жоғарлауы

4) Парапанкреатикалық инфильтраттың түзілуі

5) Көздің шырышты қабаты мен терінің сарғаюы

 

Тест 0094

Жедел панкреатит дамуында басты рольді не алады?

1) Микробты агрессия

2)+ Аутоферментті агрессия

3) Веналық ағыстың бұзылуы

4) Плазмоцитарлы инфильтрация

5) Микроциркуляторлы бұзылыстар

 

Тест 0095

Төменде көрсетілгеннің қайсысы майлы панкреонекроз ненің нәтижесінде дамиды?

1) Каллеккреин-кинин жүйесінің белсенденуі

2) Протеолиттік ферменттердің бесенденуі

3)+ Липолиттік ферменттердің бесенденуі

4) Гликолиттік ферменттердің бесенденуі

5) Цитокиндердің белсенденіп қайайналымға шығуы

 

Тест 0096

Жедел панкреатит кезінде компьютерлі томография мүмкіндік бермейді?

1) Аурудың түрін анықтау және көршілес құрылымдардың патологиясы

2) Динамикалық бақылау жүргізу

3) Үрдістің орны мен таралуын анықтау

4) Ұйқы безінің зақымдануын диагностикалау

5)+ Ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігін анықтау

 

Тест 0097

Қандай байламды кесу ұйқы безін қарау үшін, сондай-ақ дренирлеу үшін ең ыңғайлы бару жолын қамтамасыз етеді?

1) Асқазан-диафрагмалық

2) Асқазан-көкбауырлық

3)+ Асқазан-тоқ ішектік

4) Бауыр-асқазандық

5) Бауыр-бүйректік

 

Тест 0098

Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөлімшеге хирургқа ауру басталғаннан 3 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне, аз уақытқа ес-түсін жоғалтуына, суық терге, бір реттік құсуға шағымданып келді. Анамнезінен:10 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен ауырады. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, пульс 100 соғу минутына, АҚ 100/70 мм рт.ст. Операция кезінде алдыңғы қабырғада ойық жара диаметрі 2,0 см, 0,3 см перфоративті тесігі бар. Буылтықтың айқын тыртықты деформациясы, қабыну сипатындағы стеноз белгілері, сондай-ақ артқы қабырғасында 1,5 см дейінгі ойық жара бар. Жіңішке ішектің ішінде қан. Осы науқаста ауру ағымының ерекшелігі қандай?

1) 12 елі ішектің гигантты ойық жарасы

2) Ойық жарақатының перфарациясы қанкетумен байланысты

3) Ойық жарақатының перфарациясы стенозбен байланысты

4) 12 елі ішектің сүйіскен ойық жарақаты бар

5)+ Қанкетуі, перфорация және стеноздың қосарланған асқынуы

 

Тест 0099

Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатит пен жедел ішек өтімсіздігі арасында ажырату диагностикасын жүргізу үшін қандай зерттеу әдісі мәліметті емес?

1) Диагностикалық лапароскопия

2)+ Венаішілік холангиография

3) Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

4) Құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі

5) Ішек бойынша барий пассажын рентгенологиялық бақылау

 

Тест 00100

Жедел іш клиникасымен 45 жасар науқаста диагностикалық лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық бөлініс және ішастарда майлы некроз ошақтары анықталды. Осы табылған өзгерістер қандай патологияға тән?

1) Бауырдың жыртылуы

2)+ Жедел панкреатит

3) Мезентериальді тромбоз

4) 12 елі ішектің перфоративті ойық жарасы

5) Ферментті емес терапия

 

Тест 00101

Жедел панкреатит кезінде антибактериальді терапияны қандай мақсатпен қолданады?

1) Ұйқы безінің секреторлы белсенділігін басу

2)+ Іріңді-септикалық асқынулардың алдын-алу

3) Панкреатогенді токсемия синдромын емдеу

4) Иммунокоррегиялық терапия

5) Ферментке қарсы терапия

 

Тест 00102

Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатит кезінде шұғыл оперативті ем көрсетілген?

1) Геморрагиялық панкреонекроз;

2) Ісінген панкреатит кезінде

3)+ Дамыған перитонит

4) Парапанкреатикалық инфильтрат кезінде

5) Ұйқы безінің жалған торсылдағы кезінде

 

Тест 00103

Жедел панкреатиті бар науқаста аурудың 15-тәулігінде эпигастрий аймағында элластикалық аздап ауру сезімді түзіліс пальпацияланады. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

1)+ Оментобурсит

2) Ілмекаралық абсцесс

3) Құрсақ арты флегмона

4) Жедел обструктивті холецистит

5) Құрсақ арты кеңістіктің гематомасы

Тест 00104

Төменде көрсетілгеннің қайсысы ойық жара перфорациясы кезінде ауру сезіміне тән?

1)+ Пышақ сұққандай ауру сезімі

2) Толғақ тәрізді ауру сезімі

3) Белдемелі ауру сезімі

4) Тұйық сыздаған ауру сезімі

5) Арқаға берілетін ауру сезімі

 

Тест 00105

Асқазанның стресстік ойық жарасы жиі немен көрінеді?

1) Малигнизациямен

2) Перфорациямен

3)+ Қан кетумен

4) Пенетрациямен

5) Стенозбен

 

Тест 00106

45 жасар науқаста 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен 6 ай бұрын Бильрот II бойынша асқазан резекциясы операциясы болған. Хирургқа қара нәжіске шағымданып келді. Зерттеп тексергенде анастомоздың қанталаған пептикалық жарасы анықталды. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы ойық жараның анағұрлым ықтимал себебі болады?

1)+ Резекцияның жеткіліксіз көлемі

2) Асқазан тұқылының рефлюкс гастриті

3) Асқазан тұқылының гастриті

4) Әкелетін ілмек синдромы

5) Резекцияның кең көлемі

Тест 00107

Науқас 80 жаста іштегі ауру сезіміне, іш кебуге, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. УДЗ-де өт қабы ішінде тас, диаметрі 3 см. Шолу рентгенораммасында жіңішке ішек өтімсіздігінің белгілері, өт қабында және өт жолдарында газ. Ішек өтімсіздігінің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Ішек ісігі

2) Ішектің бұралуы

3)+ Безоармен обтурациясы

4) Ішек инвагинациясы

5) Құрсақ қуысының жабысқақтары

 

Тест 0108

Дәрігер науқаста шағымы мен анамнезін анықтағаннан кейін 12 елі ішектегі жараның тесілгендігіне күмәнданды. Бірақ қарау барысында, кенеттен ауру сезімі байқалғандығын, оң мықын тұсында бұлшық еттің кернелгендінанықтады. Төменде аталғандардың қайсысы оң жақ мықын тұсында тесілген жара кезінде бұлшық еттің кернелуінің немен байланысқан?

1) Ішектің айқын метеоризмі;

2) Іш қуысында ауаның жиналуы;

3)+ Қышқыл асқазан сөлінің ұйып қалғандығынан;

4) Жұлын жүйкесі арқылы рефлекторлық байланыс;

5) Құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцеральды байланыс;

 

Тест 0109

Дәрігер науқасты тексерген кезде сол жақ бүйірге жатқызған кезде оң жақ мықын бөлігінде ауру сезімі бар екендігін анықтады. Төменде аталғандардың қайсысы көрінісі осы белгіге тән болып табылады?

1) Ровзинг;

2) Ситковский;

3) Раздольский;

4) Воскресенский;

5)+ Бартомье-Михельсон;

 

Тест 00110

Төменде көрсетілгеннің қайсысы Меллори-Вейс синдромы тән?

1) Эрозивті гастрит

2) Эрозивті-ойық жаралы эзофагит

3)+ Асқазан мен өңештің шырышты қабатының сызаттары

4) Кардиалды жомның толықтай жабылмауы

5) Асқазан мен өңеш веналарының варикозды кеңеюі

 

Тест 00111

Қандай ауру кезінде көп реттік құсу жиі гастродуоденальді қан кетуге алып келеді?

1)+ Меллори-Вейс синдромы

2) Золлингер- Эллисон синдромы

3) Жедел панкреатит

4) Асқазан қалтқысының стенозы

5) Жедел гастроэнтерит

 

Тест 00112

34 жастағы науқаста 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен болған лапаротомия барысында үлкен көлемді перфоративті тесік және айқын перифокальді қабыну бар екені анықталды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы жағдайда перфорациялық тесікті тігудің әдісі анағұрлым тиімді?

1) Түйінді тігіспен тігу

2) 2 қатар тігіспен тігу

3) "П" тәрізді тігіспен тігу

4) Ойық жараны кесіп алып тігу

5)+ Оппель-Поликарпов бойынша тігу

 

Тест 00113

Науқас К. 45 жаста емхананың хирургына эпигастрий аймағындағы сыздаған ауру сезіміне, ауырлық сезіміне, тамқтанудан кейінгі құсуға шағымданды. Анамнезінен: 5 жыл бұрын 12 елі ішектің артқы қабырғасындағы тесілген ойық жара тігу себебінен операция болған. ЭФГДС кезінде пилородуоденальді стенозбен (субкомпенсация сатысы) асқынған 12 елі ішектің созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда операцияның қай түрі анағұрлым оңтайлы ретінде көрсетілген?

1)+ Асқазан резекциясы

2) Бағаналық ваготомия

3) Гастроэнтероанастомоз

4) Джадд бойынша пилоропластика

5) Антрумэктомия ваготомиямен бірге

 

Тест 00114

Бильрот-2 типі бойынша асқазан резекциясынан кейін қандай мақсатпен гастроэнтероанастомозды мезоколон терезесінде бекітеді?

1) Рефлюксті болдырмау үшін

2) Асқанда тағамның дұрыс пассажы үшін

3) Мүмкін болатын қабыну асқынуларын шектеу үшін

4)+ Жіңішке ішек өтімсіздігінің алдын-алу үшін

5) Асқазан-ішек сағасының тұрақсыздығын алдын-алу үшін

 

Тест 00115

Науқас Д., 47 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа бірнеше реттік қан аралас құсу, қара нәжіс, ес-түсін жоғалту, қатты әлсіздік, бас айналу деген шағымдармен жеткізілді. Ойық жара анамнезі 5 жыл. Түскен кезде жағдайы ауыр: пульс 100 соғу минутына, АҚ 80/40 мм рт. ст., боз. Қан анализінде: эритроциттер 2,2х1012, Hb 80 г/л, гематокрит 20%. Шұғыл ЭФГДС кезінде – асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы 3 см дейін, қызыл жұмсақ тромбпен жабылған. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

1) Динамикалық бақылау жүргізу

2) Реанимациялық бөлімшеге аудару

3) Дайындықсыз бірден операция жасау

4) Асқазанға жергілікті гемостатиктер енгізу

5)+ Дайындықтан кейін шұғыл операция жасау

 

Тест 00116

Науқас Ч., 65 жаста оң шап аймағындағы жиі қысылатын жарықтың барына шағымданады. 1 сағат бұрын қысылу сезімі пайда болды. Жедел көмекті шақырды. Қысылғанда шат үстіндегі аймақта тартып ауырады және жиі зәр шығарғысы келеді. Осы науқаста анағұрлым ықтимал жарық түрі қандай?

1) Сан жарығы

2) Қиғаш шап жарығы

3)+ Жылжымалы жарық

4) Жапқыш тесік жарығы

5) Спигелий сызығының жарығы

 

Тест 00117

Науқас К., қабылдау бөлімінедегі хирургқа асқазан мен өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуді ненің көмегімен тоқтатуға болады?

1) Ултьтрадыбыстық зерттеу

2)+ Эндоскопиялық зерттеу

3) Компьютерлі томография

4) Мезентерикография

5) Портокаваграфия

 

Тест 00118

Науқас С., 60 жаста, хирургиялық бөлімшеге түскен кезде үлкейген бауыр пальпацияландаы, тері жамылғысының сарғаюы байқалады, УДЗ-де гепатоспленомегалия, құрсақ қуысы ішінде бос сұйықтық бар. 1 тәуліктен кейін науқаста профузды гастродуоденальді қан кету болды. Қан кетудің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Маллори-Вейсс синдромы

2) Асқазанның жедел ойық жарасы

3) Асқазанның гепатогенді ойық жарасы

4)+ Өңеш веналарының варикозды кеңеюі

5) Эрозивті геморрагиялық гастрит

 

Тест 00119

Науқас К., 35 жаста аппендэктомиядан кейін 3 тәулікте қатты әлсіздік, аығл-тегіл термен қалтырау, температура 390С, тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы пайда болды. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1)+ Пилефлебит

2) Жедел вирусты гепатит

3) Төменгі бөліктік пневмония

4) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

5) Құрсақ қуысішкілік абцессі

 

Тест 00120

24 жасар әйелде жедел аппендицит себебіне болған операция кезінде, құрсақ қуысын ашақанда қою түсті қан бөлінді, құрт тәрізді өсіндіні қарағанда аздап тамырлардың ұлғаюы байқалады. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы гемоперитонеум себбебі болып табылады?

1) Тубовариалді түзіліс

2) Геморрагиялық панкреонекроз

3)+ Жатырдан тыс жүктілік

4) Аналық без торсылдағының бұралуы

5) Мезентериалды тамырлардың тромбозы

Тест 00121

Науқас Б., 43 жаста, холецистэктомия болған. Жалпы өт өзегінен 2 конкрементті алғаннан кейін Т-тәрізді дренаж қойылған. Операциядан кейін 7-тәулікте қан сары суындаға билирубин деңгейі әлі де жоғары, арқа берілетін ауру сезім ұстамасы болған. Осы жағдайда сіздің қолданатын іс шараныз қандай?

1) Дренажға қысқыш салу

2) Т-тәрізді дренажды алып тастау

3) Консервативті емді жалғастыру

4)+ Фистулохолангиография жасау

5) Қайталанбалы операция жасау

 

Тест 00122

Науқас С., 30 жаста,қабылдау бөліміндегі хирургқа бүкіл іштегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші кернелген. Тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпация кезінде іші кернелген, бүкіл іш қатты ауру сезімді. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

1) Жедел ішек өтімсіздігі

2)+ Тесілген ойық жара

3) Жедел панкреатит

4) Жедел аппендицит

5) Жедел холецистит

 

Тест 00123

Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа ауру басталғаннан 3 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне, аз уақытқа ес-түсін жоғалтуына, суық терге, бір реттік құсуға шағымданып келді. Анамнезінен:10 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен ауырады. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, пульс 100 соғу минутына, АҚ 100/70 мм рт.ст. Операция кезінде алдыңғы қабырғада ойық жара диаметрі 2,0 см, 0,3 см перфоративті тесігі бар. Буылтықтың айқын тыртықты деформациясы, қабыну сипатындағы стеноз белгілері, сондай-ақ артқы қабырғасында 1,5 см дейінгі ойық жара бар. Жіңішке ішектің ішінде қан. Науқасқа қандай хирургиялық ем түрі көрсетілген?

1) Асқазан резекциясы

2) Тесілген ойық жараны кесіп алу

3) Тігу және бағаналық ваготомия

4) Гейнеке-Микулич бойынша пилоропластика

5)+ Асқазан резекциясы

 

Тест 00124

45 жастағы науқас И.,Бильрот II бойынша асқазан резекциясынан 1 сағаттан кейін назогастральді зонд арқылы 500 мл қан бөлінді. Өткізіліп жатқан гемостатикалық және орын басушы терапия нәтижесіз. Қандай емдік тактика анағұрлым тиімді?

1) Асқазанды суық сумен тазалау

2)+ Науқасқа қайталама операция жасау

3) Орын басушы терапия жүргізу

4) Асқазан тұқылына зонд өткізіп, жергілікті ем жүргізу

5) Жергілікті гемостатикалық терапияны жалғастыру

 

Тест 0125

Науқас 47 жаста, хирургиялық бөлімшеге гастродуоденальды қан кету клиникалық көрінісімен үсті. ЭФГДС кезінде он екі елі ішектің буылтығының артқы қабырғасында 2 см мөлшерінде жараның қанап жатқандығын анықтады. Науқас операцияға алынды. Осы жағдайда науқасқа отаның қай түрі оптималды болып табылады?

1) Ваготомиясыз жараны кесу;

2) Ваготомиямен жараны тігу;

3)+ Бильрот-1 бойынша асқазанның 2/3 бөлігін алып тастау;

4) Селективті проксималды ваготомия;

5) Бағандық ваготомия арқылы антрумэктомия

 

Тест 00126

Науқас Б., 45 жаста, жедел калькулезді холецистит клиникасымен стационарға түсті, диагноз ультрадыбыстық зерттеумен дәлелденді. Лабораториялық зерттеулерде: жалпы билирубин 29 ммоль/л. Науқас 12 сағаттан кейін холецистэктомияға жеделдетілген түрде алынды. Операция барысында науқасқа аспаптық зерттеу әдісі жасалынды, суреті төменде көрсетілген. Осы зерттеу әдісі қалай аталады?


1) Бауыр арқылы холецистохолангиография

2) Ретроградты холангиопанкреатография

3)+ Интраоперациялық холангиография

4) Пункциялы холангиография

5) Ретроградты холангиография

 

Тест 00127

Науқас Е.,56 жасар науқаста хирургиялық бөлімшеге ауру сезімі құсумен түсті.Дене температурасы 38,50 C дейін жоғарлады, оң қабырға астында бұлшықеттердің қатаюы, көздің шырышты қабаты сарғыштанған. 3 тәулік бойын жасалыр жатқан консервативті шаралар нәтижесіз. Оң қабырға астында оң Щеткин-Блюмберг симптомы пайда болды. Қандағы лейкоциттер 15,0*103 -ден 18,0*103 дейін 1 мкл. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1)+ Жедел холецистит

2) Жедел панкреатит

3) Жедел аппендицит

4) Тесілген ойық жара

5) Жедел гепатит

 

Тест 00128

Жедел холецистит себебінен болған операция кезінде өт қабын алғаннан кейін холедох қабырғасы қалыңдағаны анықталды. өт қабы өзегінің тұқылынан ірің ағып жатыр. Осы жағдайда қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1) Холестатикалық гепатит

2) Өт қабы эмпиемасы

3) Холедохолитиаз

4) Гепатит

5)+ Холангит

 

Тест 0129

26 жастағы науқаста, опреация барысында 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында перфортаивті жара мөлшері 1,0х0,8 см. табылды. Анамнезінен: 16 жасында науқас 12 елі ішектің тесілгенжарасы тігілген. Осы жағдайда науқасқа отаның қай түрі тиімді болып табылады?

1) Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

2) Оппель-Поликарпов бойынша жараны тігу;

3)+ Ваготомия және Джадду бойынша пилоропластика;

4) Асқазанды проксималды кесу;

5) Асқазанды дистальды тігу;

 

Тест 00130

Науқас К., 27 жаста хирургиялық бөлімшеге ауру сезіміне, кекіруге, аузындағы ашты дәмге, алдында ғана ішкен тамақпен құсуға шағымданып түсті. Ауырғанына 1 жыл болған. 6 кг дене салмағын жоғалтқан. Соңғы кезде тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында ауырлық сезімі мазалап жүргенін айтады. Жағдайының нашарлауы соңғы 3 тәулік. Алкоголь ішумен байланыстырады. Қарап тексергенде: тері тургоры төмендеген, эпигастрий аймағында ауру сезімі. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Кардия ахлазиясы

2) Жедел панкреатит

3)+ Қалтқы стенозы

4) Ішек өтімсіздігі

5) Асқазан рагі

 

Тест 00131

Төмендегілердің қайсысы странгуляциялық ішек өтімсіздігіне жатады?

1)+ Түйін түзілу

2) Нәжістік қысылу

3) Ішкі қысылу

4) Рихтерлік қысылу

5) Жедел өңеш дилатациясы

 

Тест 00132

Ішек өтімсіздігінің қай түрінде шажырқай қан тамырларындағы қанайналым бұзылмайды?

1) Ішектің бұралуы

2) Түйін түзілу

3) Инвагинация

4)+ Обтурация

5) Жабысқақтық өтімсіздік

 

Тест 0133

Науқас С 31 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен аурухаға 11 сағаттан кейін ғана түскен.Операция алдындағы дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысында шажырқаймен қоса жабысқандығы анықталды. Ішек ілмегі 15 см ге дейін қып- қызыл түсті, ішектің жылжуы жоқ, шажырқайдағы тамырлардың соғысы анықталынбайды. Осы жағдайда хирург ішек тарылуының қай түрімен соқтығысты?

1)+ Странгуляционды;

2) Паралиткалық;

3) Обтурациялық;

4) Динамикалық;

5) Жабысқан;

 

Тест 0134

Науқас Д., 29 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 9 сағаттан кейін ғана ауруханаға түсті. Операция алдындағы дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операцияны жүргізу барысында мықын тұсындағы ішектің ілмегі шажырқай оралып жабысқан. Жабысқан жерді кескеннен кейін 25 см мөлшерінде ішектің ишемиялық некроздалған аумағыанықталды. Осы жағдайда сіздің одан ары қарай жүргізетін әдісіңіз қандай болмақ?

1) Ішекті жылытып, шажырқай түбіне гепарин енгізу;

2)+ Ішектің өзгертілген бөлігін бірден кесу;

3) 0,5%новокаинның жылы ертіндісін енігізіп, 20минут күту;

4) Ішек ілмегін алдыңғы іш пердеге қарай шығару;

5) Айналмалы анастомозды салужәне лапаросанация жасау;

 

Тест 00135

Ішек өтімсіздігінің қай түрінде тік ішектен қанды бөліністер байқалады?

1) Бұралу

2) Жабысқақты

3)+ Инвагинация

4) Спастикалық

5) Обтурациялық

 

Тест 00136

Странгуляциялық ішек өтімсіздігіне күмән туған науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілмеген?

1)+ Ішек бойынша барий пассажы

2) Шолу рентгенографиясы

3) Құрсақ қуысының УДЗ

4) Рентгеноскопия

5) Диагностикалық лапароскопия

 

Тест 00137

Науқас С. 23 жаста, жедел жабысқақты ішек өтімсіздігі себебінен болған лапаротомия кезінде илеоцекальді бұрыштан 25 см қашықтықта мықын ішектің 10 см ұзындықта қабырғасының некрозы анықталды. Хирург проксимальді бағытта 40 см, дистальді бағытта 20 см шегініп өзгерген ішек бөлігін резекциялады. Осы жағдайда анастомоздың қай әдісі анағұрлым физиологиялық болып табылады?

1) Жіңішке ішектік «бүйір бүйіріне»

2) Илеотрансверзоанастомоз «ұшы бүйіріне»

3)+ Илеоасцендоанастомоз «ұшы бүйіріне»

4) Илеоцекоанастомоз «бүйірі бүйіріне»

5) Жіңішке ішектік «ұшпа-ұш»

 

Тест 00138

Науқас Ш. 74 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуге, 5 тәулік бойы нәжістің болмауына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі іш қату, дефекация кезінде шырыш, қан бөліну. Ешқашан қаралмаған. Қарап тексергенде: іші біркелкі кепкен, перкуторлы жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді, пальпация кезінде ауру сезімді. Per rectum: ампуласы бос. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 830 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.04 сек.)