АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Алматы 2015 жыл 4 страница

Прочитайте:
  1. A. дисфагия 1 страница
  2. A. дисфагия 1 страница
  3. A. дисфагия 2 страница
  4. A. дисфагия 2 страница
  5. A. дисфагия 3 страница
  6. A. дисфагия 3 страница
  7. A. дисфагия 4 страница
  8. A. дисфагия 4 страница
  9. A. дисфагия 5 страница
  10. A. дисфагия 5 страница

1) Дивертикулярлы ауру

2) Жуан ішектің дискинезиясы

3)+ Жуан ішектің ісігі

4) Созылмалы проктосигмоидит

5) Бейспецификалық жаралы колит

 

Тест 00139

Науқас Ш. 74 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуге, 5 тәулік бойы нәжістің болмауына шағымданып түсті. Анамнезінен: жиі іш қату, дефекация кезінде шырыш, қан бөліну. Ешқашан қаралмаған. Қарап тексергенде: іші біркелкі кепкен, перкуторлы жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді, пальпация кезінде ауру сезімді. Per rectum: ампуласы бос. Науқасқа осы жағдайда қандай нақтылайтын зерттеу әдісі көрсетілген?

1) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

2) Компьютерлі томография

3) Ректороманоскопия

4)+ Колоноскопия

5) Ирригоскопия

 

Тест 00140

Науқас Ш. 74 жаста, ішек өтімсіздігі себебінен болған операция кезінде тоқ ішектің төмендеген бөлігінде өлшемдері 12,0х6,0 см болатын, қозғалмалы, тығыз ісік анықталды. Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?

1) Гартман операциясы

2) Микулич операциясы

3) Субтотальді колэктомия

4) Сигма тәрізді ішектің резекциясы

5)+ Сол жақты гемиколэктомия

 

Тест 00141

Науқас Ш. 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат диагнозымен жатқызылды. Бақылау және емдеу барысында ауру сезімі күшейді, температурасы жоғарлады. Науқас операция алды дайындықтан кейін операцияға алынды. Операция кезінде тоқ ішектің жоғарлаған бөлігінің өлшемдері 13,0х10,0 болатын, тығыз, тесігі бар, қозғалмалы ісігі анықталды. Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?

1) Илеостома салу

2) Цекостома салу

3) Субтотальді колэктомия

4) Жоғарлаған ішекті резекциялау

5)+ Оң жақты гемиколэктомия

Тест 0142

Науқас 69 жаста, хирургиялық бөлімшеге ауырғанына 20 сағат уақыт өткеннен соң оң жақ қабырға астындағы ұстамалы ауру сезіміне, бірнеше рет қайталанып құсқандығына, дене температурасының 38 Сқа дейін жоғарылағындыына шағым айтып түсті. Қарау барысында эпигастрия аймағында, оң жақ қабырға астында кенеттен ауру сезімі байқалды, бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Қан талдауында лейкоцитоз 13,5х109, жалпы билирубин 29 ммоль/л. УДЗ жасау кезінде өт қабының қуысында көптеген конкременттер бар, қабырғасы 13 мм, мөлшері 10х8,0 см. Осы жағдайда емдеу тәсілі қандай болады?

1) Үйлестірілген антибактериалды терапияны тағайындау қажет

2)+ Инфузионды терапияны жүргізу қажет және жедел операция жасау керек.

3) Спазмолгонды көк тамыр ішіне енгізіп, операцияны асықпай жасау

4) Суық қою, антибиотиктер тағайындау, УДЗ бақылау жүргізіп тұру керек;

5) Перитонит белгілері пайда болған жағдайда операция жасау;

 

Тест 00143

Холекцестомиядан кейін жалпы өт өзегін қай кезде міндетті түрде дренаждау керек?

1)+ Холангит

2) Жергілікті перитонит

3) Реактивті панкреатит

4) Холедохтың стриктурасы

4) Деструктивті холецистит

 

Тест 00144

Дәрігер жедел аппендицитке күдіктенген науқастың ішін сипап тұрып, қолыңды дереу тартып қалғанда, іштің алдынғы бетінде ауру сезімнің күшеюі болды. Дәрігер науқаста қандай симптом анықталды?

1) Розвинг

2) Ситковский

3) Воскресенский

4)+ Щеткин-Блюнберг

5) Раздолский

 

Тест 0145

Науқас А., 69 жаста, хирургиялық бөлімшеге жауырын астына берілген оң жақ қабырға астының және эпигастрия аймағында ұстамалы ауру сезіміне, құсқандығына, дене температурасының 380С дейін көтерілгендігіне шағымданып түсті. Қарау кезінде эпигастрия аймағында оң жақ қабырға астының ауру сезімі бар, бұлшық еттері кернелген. Қан талдауында лейкоцитоз 13,5х109, жалпы билирубин 29 ммоль/л. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

1)+ Жедел холецистит;

2) Жедел панкреатит;

3) Перфоративті жара;

4) Төменгі бөліктік пневмония;

5) Ішектің тарылуы;

 

Тест 00146

Науқас С., 31 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 19 сағаттан кейін түсті. Операцияға дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысы шажырқаймен қоса ілмек тәрізді жабысып қалған. Ішектің ілмегі 15см ге дейінқып қызыл болып кеткен, перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырының соғысы білінбейді. Сіздің одан ары қарайғы тәсіліңіз?

1) Шажырқай тамырына новокаиннің 0,5% ерітіндісін енгізу керек;

2) Шажырқай түбіне гепарин енгізіп, ішекті жылыту қажет;

3)+ Ішектің өзгерген бөлігін кесіп алып тастау керек;

4) Жабысқан жерін кесіп тастап, ішекті жылыту қажет;

5) Жабысқан жерді тіліп, шальков зондын ішекке өткізу керек;

 

Тест 0147

Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 3 сағат өткеннен кейін ауруханаға эпигастрия аймағында қатты ауру сезімі бар екендігіне, есі қысқа уақытқа жоғалып кетендігіне, суық тер, бір рет құсқандығына шағынып түсті. Анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия болған. Қарау кезінде тері жабындысының бозғылттанғандығы байқалады, тамыр соғысының жиілігіминутына 100 рет соғады. АҚҚ 100/70 ммс.б. бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Шолулық рентгенографияда оң жақ диафрагма үстінде ауаның аздаған жолағы табылды. Осы жағдайда сіздің тәсіліңіз?

1) Антибиотик тағайындап ішіне суық басу керек;

2) Асқазанға зонд енгізіп, ауырсыздандыру керек;

3) Емдеуден кейін ЭФГДС жасау керек;

4) Инфузионды терапия жүргізу қажет;

5)+ Жедел операция жасау керек;

 

Тест 0148

Науқас С., 53 жаста, өабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 3 сағат өткенннен кейін эпигастрия аймағында жедел ауру сезімінің пайда болғандығына, есі қысқа уақытқа жоғалғандығына, бір рет құсқандығына шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия жасалынған, қарау кезінде тері жабындысының бозғыллттанғандығы анықталды, тамыр соғысының жиілігі минутына 100, АҚҚ 100/70 с.б., бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Қан талдауында лейкоциттер – 14,4х109, гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер – 3,2х1012. Осы жағдайда қандай зерттеуді бірінші жасау қажет?

1) Эндоскопиялық зерттеу жүргізу;

2) Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу;

3) Диагностикалық лапароскопия;

4)+ Шолулық рентгенография;

5) Бариймен рентгеноскопия жасау қажет;

 

Тест 0149

Инфицирленген панкреатит кезінде қандай операция кезінде қандай жол анағұрлым тиімді?

1) Асқазан-диафрагмальді байламды кесіп бару

2) Асқазан-көкбауырлық байламды кесіп бару

3) Бауыр-асқазандық байламды кесіп бару

4)+ Асқазан-тоқ ішектік байламды кесіп бару

5) Бауыр-бүйректі байламды кесіп бару

 

Тест 0150

43 жастағы ер кісі қабылдау бөліміне хирургқа оң жақтағы бел аймағындағы ауру сезіміне, шөлдеу, ішінің кебуіне, 400С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінде жарақат алған. Денсаулық нашарлауы 3 тәулік ішінде. Науқасты қарап тексергеннен кейін бел аймағындағы ауру сезімі көбірек. Қанның аналізінде: лейкоциттер – 23000х109, СОЭ 32 мм/сағ. эритроциттер – 3,2х1012. гемоглобин 101 г/л.Төмендегілердің қайсысы науқастағы болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Бүйрек карбункулы

2) Жедел іріңді паранефрит

3)+ Гематоманың іріңдеуі

4) Гематоманың жарылуы

5) Гематоманың инкапсуляциясы

 

Тест 0151

Әйел 49 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жедел түрде іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданып түсті. 1 сағат бұрын ұрып кеткен. Ішіне соққы алған. Объективті: іші ауру сезімді, кернелген. Дәрігер шат мүшесінің жыртылуына күмәнданып, құрсақ қуысының рентгенографиясын тағайындады. Осы жағдайда қандай рентгенологиялық симптом анағұрлым сипатты болып табылады?

1) Іштің жатық аймақтарында тұйықталу

2) Құрсақ қуысында сұйықтықтың болуы

3) Ішек перистальтикасының әлсіреуі

4) Ішекте сұйықтық деңгейлерінің болуы

5)+ Құрсақ қуысында бос газдың болуы

 

Тест 0152

Науқаста бауыр циррозымен асқазан-ішек жолынан 2 рет қан кету болған. Төменде келтірілгендердің қайсысы, осы науқаста қан кету себебі бола табылады?

1) Жедел эрозиялы гастрит

2) Асқазан созылмалы ойық жарасы

3) Ойық жаралы рефлюкс-эзофагит

4) Асқазанның шырышты қабатының жарылуы

5)+ Өңештің венасының варикозды кеңеюі

 

Тест 0153

Іш қуысының рентегнографиясында диафрагма күмбезі астында бос газдың болуы, «орақ» симптомы төменде келтірілгендердің аурулардың қайсысында байқалады?

1) Жедел панкреатит

2)+ Асқазанның тесілген жарасы

3) Жедел тесілген аппендицит

4) Жедел тесілген холецистит

5) Жедел ішек өтімсіздігі

 

Тест 0154

Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа ауырғанына 3 сағат өткенннен кейін эпигастрия аймағында жедел ауыру сезімінің пайда болғандығына, есі қысқа уақытқа жоғалғандығына, бір рет күңгірт түсті құсқандығына шағымданып түсті. анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия жасалынған. қарау кезінде тері жабындысының бозғыллттанғандығы анықталды, тамыр соғысының жиілігі минутына 100, АҚҚ 100/70 с.б., бұлшық еттерінің кернелгендігі байқаладыҚан талдауында лейкоциттер – 14,4х109, гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер – 3,2х1012.Науқаста қандай диагнозды алдын ала қояға болады?

1) Жедел панкреатит;

2)+ Перфоративті жара;

3) Ішектің тарылуы;

4) Гастродуоденальды қан кету;

5) Мезентериальды тамырлардың тромбозы;

 

Тест 0155

Ер адам 69 жаста, абылдау бөліміне хирургқа оң жақтағы бел аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, ішінің кебуіне шағымданы түсті. 2 күн бұрын өз үйінің алдында ұрып кеткен. Көмекке жүгіньеген. Қарап тексергенде: оң жақ бел аймағында, оң бүйір өзегінің бойымен ауру сезімді, іші орташа кепкен, перистальтика әлсіз. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Омыртқаның соғылуы

2)+ Құрсақ арты гематомасы

3) Іштің жабық жарақаты

4) Құрсақішілік қан кету

5) Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы

 

Тест 0156

Блейкмор-Санстегкен зондын қоюға көрсеткіш не болады?

1) Қанмен тоқтаусыз құсу

2) Асқазан жарасынан қан кету

3) Асқазан жедел эрозияларынан қан кету

4) 12-елі ішектің шырышты қабатының жыртылуы

5)+ Өңештің варикозды тамырларынан қан кету

 

Тест 0157

Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуі бар науқастарда портальды қысымды төмендету үшін төмендегілердің қайсысы анағұрлым орынды?

1) Викасолды қолдану

2) Гептралды қолдану

3)+ Пропранололды қолдану

4) Окситоцинді қолдану

5) Дицинонды қолдану

 

Тест 0158

Қысылған сан жарығында төменде көрсетілген операцияларлың қайсысы анағұрлым орынды?

1) Мейо операциясы

2) Сапежко операциясы

3) Греков операциясы

4)+ Руджи-Парлавеччио операциясы

5) Жирара-Спасокукоцкого операциясы

 

Тест 0159

49 жастағы ер кісі хирургиялық бөлімшеге түсіп, асқазан-ішек жолдарынан ауыр дәрежеде қан кетуі себепінен инфузионды-трансфузионды терапия жүргізілді. Қандай көрсеткіш науқасқа адекватты ем жүргізілгенін дәлелдемейді?

1) Тахикардияның төмендеуі

2) Тамыр соғысының қалыптасуы

3)+ Лейкоцитоз бен ЭТЖ жоғарлауы

4) ОВҚ-мен 1 сағаттағы диурездің жоғарылауы

5) Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы

 

Тест 0160

35-жасар К. науқаста аппендэктомиядан кейін 3-ші сағатта қатты әлсіздік, бас айналу, қатты тершеңдік, терісінің бозаруы пайда болса қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

1) Пилефлебит

2) Төменгі бөліктік пневмония

3) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

4)+ Өсіндінің шажырқайынан қан кету

5) Бауыр асты абсцесс

 

Тест 00161

Науқас А. 78 жаста, хирургиялық қабылдау бөліміне іштегі қатты ауру сезімі деген шағымдармен жеткізді. Артериялық гипертензиясы бар. Дауырғанына 6 сағат болған. Қарап тексергенде: АҚ 160/90, пульс 100 рет 1 мин. Іші пальпация кезінде жұмсақ, перистальтика әлсіз. Қан анализінде: эритроциттер-3,9х1012 , гемоглобин - 110 г/л, лейкоциттер-27,0х109. Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Асқазанның тесілген ойық жарасы

2) Жедел деструктивті панкреатит

3) Жедел ішек өтімсіздігі

4)+ Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозы

5) Құрсақ аортасы аневризмасының жыртылуы

 

Тест 00162

Науқас А. 78 жаста, қабылдау бөліміне іштегі қатты ауру сезімі деген шағымдармен жеткізді. Артериялық гипертензиясы бар. Ауырғанына 6 сағат болған. Қарап тексергенде: АҚ 160/90, пульс 100 рет 1 мин. Іші пальпация кезінде жұмсақ, перистальтика әлсіз. Қан анализінде: эритроциттер-3,9х1012 , гемоглобин - 110 г/л, лейкоциттер-27,0х109. Дәрігер мезентериальды көктамыр тромбозын барына күмәнданды.Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым орынды?

1) Диагностикалық лапаротомия

2) Диагностикалық лапароскопия

3) Ангиомезентерикография

4)+ Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

5) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі

 

Тест 00163

Науқас А. 78 жаста, лапаротомия кезінде сасыған бөлініс, мықын ішек 70 см ұзындықта жасыл түсті екені, қабырғасының жұқарғаны анықталды. Осы операциялық көріністің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Ішек флегмонасы

2) Терминальді илиит

3)+ Ішектің ишемиялық инфаркты

4) Ішектің Геморрагиялық инфаркты

5) Бейспецификалық жаралы колит

 

Тест 00164

Науқас А. 78 жаста, лапаротомия кезінде сасыған бөлініс, мықын ішек 70 см ұзындықта жасыл түсті екені, қабырғасының жұқарғаны анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

1) Аспалы илеостома салу

2)+ Ішек резекциясы және анастомоз салу

3) Ішек шажырқайының түбіріне гепарин салу

4) Ішек шажырқайы түбіріне дренаж орнату

5) Резекция және ішектің екі ұшын да шығару

 

Тест 00165

Төмендегілердің қайсысы шажырқай тамырлары эмболиясының себебі болуы мүмкін?

1) Қант диабеті, ауыр ағымы

2) Жедел энтеровирусты инфекция

3) Созылмалы алкогольді кардиомиопатия

4) Абсцесстеуші екі жақты пневмония

5)+ Сүйелді ревматикалық эндокардит

 

Тест 00166

Науқастың жалпы жағдайы, іштегі айқын ауру сезімі және перитонеальді симптомдардың болмауы арасындағы сәйкессіздік қандай патологияға тән?

1) Жедел миокард инфарктының абдоминальді түріне

2) Асқазанның ойық жарасының тесілуінің атипті түріне

3)+ Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозына

4) Аортаның қабатталған аневризмасына

5) Сигма тәрізді ішектің бұралуына

 

Тест 00167

Науқас К. 73 жаста, аяқ асты іштегі қатты ауру сезімін сезді. Бірнеше реттік құсу, жиі қан аралас сұйық нәжіс, айқын әлсіздік болған. Анамнезінде: арериальді гипертензиясы бар. Тексергенде іші жұмсақ, бұлшықет тырысуы байқалмаған.Жедел жәрдем дәрігері іші жағынан жедел патологияны анықтамағандықтан, үйіне тастап кеткен. Жалпы жағдайы нашарлап, қайта дәрігер шақырған, сонда 12 сағаттық перитонит анықталған. Осы науқаста перитониттің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Ішек инвагинациясы

2) Асқазан тесілген ойық жарасы

3) Сигма тәрізді ішектің бұралуы

4) Жедел перфоративті аппендицит

5)+ Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозы

 

Тест 00168

Науқас К. 53 жаста, операция кезінде мықын ішектің 1 см ұзындықта жайылған геморрагиялық некрозы анықталған. Құрсақ қуысында геморрагиялық бөлініс фибринмен. Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?

1)+ Ішек резекциясын жасап, біріншілік анастомоз салу

2) Ішектің өзгерген бөлігінің резекциясын жасап, стома шығару

3) Шажырқай түбіріне гепарин енгізіп, дренаж қалдыру

4) Бағдарламаланған лапаросанация жасау

5) Жоғарғы шажырқай артериясынан тромбэмболэктомия жасау

 

Тест 00169

Операция кезінде 78 жастағы науқаста сигма тәрізді ішектің геморрагиялық некрозы анықталды. Ішектегі осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1)+ Төменгі шажырқай артериясының тромбозы

2) Жоғарғы шажырқай артериясының I сегмент деңгейінде тромбозы

3) Жоғарғы шажырқай артериясының II сегмент деңгейінде тромбозы

4) Жоғарғы шажырқай артериясының III сегмент деңгейінде тромбозы

5) Төменгі тік ішек артериясының тромбозы

 

Тест 00170

Науқас К. 38 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне іштегі айқын ауру сезіміне, ауыздың кебуі мен шөлдеуге, температураға, қан аралас сұйық нәжіске шағымданып жеткізілді. Ауырғаннанына 3 күн болды.Анамнезінен: 1 ай бұрын вирусты инфекциядан емделген, 5 жыл бойы үнемі контрацептивтерді қабылдайды. Зерттеп тексергеннен кейін науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротмия кезінде жіңішке ішектің 90 см ұзындықта геморрагиялық некрозы анықталды. Ішектегі некроздың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Дамыған гиповолемия

2) Жедел гастроэнтероколит

3) Жедел гастроэнтерит

4) Жиі физикалық жүктеменің болуы

5)+ Ұзақ уақыт бойы контрацептивті қабылдау

 

Тест 00171

Науқас 25 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне оң жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 1 сағат бұрын жарақаттанды. Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі жасалынды. Жарақат құрсақ қуысына дейін. Лапаратомия жасалған. Операция кезінде диафрагманың 4х0,5 см өлшемде ақауы анықталды. Көрсетілген диафрагма ақауын қандай тігістермен тіккен орынды?

1) Кузнецов-Пенский тігісімен

2) Үзіліссіз қаптап тігу

3)+ П-тәрізді тігістермен

4) Z-тәрізді тігістермен

5) Шмиден тігісімен

 

Тест 00172

Төмендегілердің қайсысы құрт тәрізді өсіндінің бауыр асты орналасуына анағұрлым тән емес?

1) Жұрек айну және

2) Оң қабырға астында тұрақты ауру сезімі

3)+ Оң жауырынға ауру сезімінің берілуі

4) Дене температурасының көтерілуі

5) Оң қабырға астында бұлшықеттердің қатаюы

 

Тест 00173

Науқас С., 34 жаста, емханадағы хирургқа әлсіздікке, жоғары температураға, қалтырау мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жағдайының нашарлағанына 10 тәулік болған. Анамнезінен 1 бұрын іштің жабық жарақаты себебінен емделген. Қарап тексергенде тері жамылғыларының сарғыштығы, дене температурасы - 390С анықталады. Қан талдауында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер – 16,0х109. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілген?

1) Лапароскопия

2)+ Құрсақ қуысының УДЗ

3) Кеуде торының ренгенографиясы

4) Ретроградты холангиопанкреатография

5) Құрсақ қуысының шолу ренгенографиясы

 

Тест 00174

28 жастағы еркек кісі қабылдау бөліміне хирургқа оі жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Түскенге дейін 1 сағат бұрын ішіне пышақталған жарақат алды. Іштегі жараны біріншілік хирургиялық өңдегенде оның құрсақ қуысына енетіні анықталды. Осы жағдайда араласудың қай түрі анағұрлым дұрыс болады?

1) Шұғыл лапароскопия жасау

2) Бар жараны кеңйту және ревизия жасау

3) Жараны тігу және динамикалық бақылау

4)+ Шұғыл лапаротомия және мүшелерді ревизиялау

5) Жара арқылы құрсақ қуысына дренажды түтік орнату

 

Тест 00175

Науқас М., 18 жаста жедел гангренозды аппендицит, диффузды іріңді перионит себебінен операция жасалған. Операциядан 5 сағат өткеннен кейін әлсіздікке, шөлдеуге, басының айналуына шағымданды. Кезекші дәрігер науқасты қарап шықты. Тері жабындылары боз, суық термен жабылған, пульс 90 рет 1 мин., АҚ 90/70. Дәрігер 2 мл кетонал бұлшықетке тағайындады. Науқастың жағдайы жақсарған жоқ. Орнынан тұра бергенде ес-түсін жоғалтқан. Науқастың жағдайының нашарлауы немен байланысты?

1) Өсінді тұқылының тігістерінің тұрақсыздығымен

2) Операциядан кейінгі ауру сезіммен

3) Ортостатикалық коллапспен

4)+ Құрсақішілік қан кетумен

5) Перитониттің өршуімен

 

Тест 00176

Төмендегілердің қайсысы жүктіліктің екінші жартысындағы әйелдерде жедел аппендицит кезінде тән?

1) Донелли

2)+ Михельсон

3) Ситковский

4) Воскресенский

5) Щеткин-Блюмберг

Тест 00177

Науқас Е., 48 жаста жедел аппендицит көрінісімен ауырғаннан 1 тәулік өткеннен кейін хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Анамнезінен семіздіктің 4 дәрежесімен, созылмалы бронхитпен, артериялық гипертензиямен ауырады. Науқасқа қандай жансыздандыру түрі анағұрлым оңтайлы?

1) Жергілікті анестезия

2)+ Эндотрахеальді наркоз

3) Маскалы фторотаноды наркоз

4) Перидуральді жансыздандыру

5) Көктамырішілік жансыздандыру

 

Тест 00178

29-жасар С. науқаста хирург операция кезінде тығыз аппендикулярлы инфильтратты анықтады. Осы жағдайда хирургтың әрі қарайғы іс-әрекеті қандай болуы тиіс?

1) Соқыр ішекті бөліп алып, стома қою

2) Құрттәрізді өсіндіні тауып, алып тастау

3) Ілінбелі илеостома қою

4) Инфильтраттың арасын ашу және дренаждау

5)+ Дренаж соған қарай қойып, жараны тігіп тастау

 

Тест 00179

Төмендегілердің қайсысы пилефлебит диагностикасында анағұрлым ақпаратты зерттеу әдісі табылады?

1) Диагностикалық лапароскопия

2) Компьютерлі томография

3)+ Бауыр мен қақпа венасының УДЗ

4) Құрсақ қуысының ядролы-магнитті резонансты томографиясы


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 759 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.039 сек.)