АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Нефрология. 1. Зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуымен шынайы бактериурияны санайды (1мл зәрде микроб денешіктері):

Прочитайте:
  1. Балалар нефрологиясы
  2. Гематология нефрология
  3. Модуль - (напр. кардиология, нефрология)______________________________________________
  4. Нефрология
  5. НЕФРОЛОГИЯ
  6. Нефрология
  7. Нефрология
  8. НЕФРОЛОГИЯ
  9. Нефрология

1. Зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуымен шынайы бактериурияны санайды (1мл зәрде микроб денешіктері):

а) 1000

б) 5.000

в) 10.000

г) +100.000

д) 1000.000

 

2. Жедел пиелонефритке тән ЕМЕС зертханалық белгіні анықтаңыз:

а) лейкоцитурия барлық к/а

б) +ет жуындысы тәрізді несеп

в) лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

г) зәрдің меншікті салмағының төмендуі

д) бактериурия 1мл зәрде 100000 м.д. асады

 

3. Соматикалық бөлімше құрамында зәрді флораға бактериологиялық себу үшін материалды алу төменде келтірілген әдістердің біреуімен жүргізілед:

а) тәуліктік зәр көлемінен

б) несептің кез келген порциясынан

в) қуық пункциясы арқылы

г) қуық катетеризациясы арқылы

д) +ортаңғы порциясын стерилді ыдысқа жинау арқылы

 

4. Қай мөлшерде нағыз бактериурия және ЗШЖИ ЕҢ жиі қоздырғышы болып саналады:

а) 1мл 1000 микробты дене стафилококк

б) 1мл 10000 микробты дене стрептококк

в) 1мл 50000 микробты дене протей вульгар.

г) 1мл 50000 микробты дене ішек таяқшасы

д) +1мл 100000 микробты дене ішек таяқшасы

 

5. Зәр жүйесі инфекциясының өршуін алдын-алу үшін нитрофурандар дозасы беріледі:

а) күндіз

б) таңертең

в) +түнге қарай

г) тәулік бойы

д) уақытқа байланысты емес

 

6. Зәр жүйесінің инфекциясын емдеуде антибактериялық дәрілік затты таңдау негізделеді:

а) бактериурия дәрежесіне

б) лейкоцитурия дәрежесіне

в) +микроорганизм сезімталдығына

г) несеп жолдарының обструкциясы бар болуына

д) несеп жолдарының обструкциясы жоқ болуына

 

7. Сәбилерде пиелонефриттің кеш диагностикасы мен сәйкессіз емі ненің дамуына алып келеді:

а) цистит

б) уретрит

в) остеопороз

г) +бүйрек бүрісуі

д) жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

8. 1 жасар сәбилерде жедел пиелонефрит дамуының клиникалық зертханалық көрсеткіштердің төменде келтірілгеннің арасында қайсысы тән:

а) диарея және гематурия

б) +фебрильді қызба және пиурия

в) дизуриялық бұзылыстар және гематурия

г) артериялық гипертензия және протеинурия

д) субфебрилді қызба және лейкоцитурия

 

9. 11 айлық қыз балада алғаш рет зәр шығару жолдарының инфекциясы мен қуық-несепағар рефлюксінің ІІ дәрежесі анықталды. Негізгі антибиотикалық ем курсынан кейін төменде келтірілген терапевтік тактиканың қайсысын өткізу дұрыс деп санайсыз:

а) қуық цистоскописын

б) антирефлюксті операцияны

в) қуық инстилляциясын

г) негізгі емдеу курсын өткізу жеткілікті

д) +ұзақ уақыт бойы аз мөлшерде антибиотикпен алдын алу

 

10. 1,5 жасар балада – қалтырау, интокискация белгілері анықталады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар. Төменде келтірілген зерттеулердің ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

а) бүйрек УДЗ

б) зәр талдауы

в) анамнез жинау

г) Зимницкий сынамасы

д) +тез арада зәрді бак. себу

 

11. 1,5 жасар балада – қалтырау, интокискация белгілері анықталады. Зәр талдауында лейкоцитурия бар. Төменде келтірілген іс-шаралардың ішінде бірінші кезекте өткізіледі:

а) цистография

б) цистоскопия

в) уросептикалық ем бастау

г) экскреторлы урография

д) +эмпирикалық антибактериялық емді бастау

 

12. Жаңа туған нәресте, өмірінің 15 тәулігі, пнемония дамуына байланысты қарқынды емдеу бөлімшесінде бақыланды. Бақыланудың 5-ші күні нашарлай түсті: интоксикация синдромы өршіп, дене қызуы көтерілді, зәрі лайланды. Несеп талдауында – лейкоциттер барлық көру алаңында анықтала бастады. үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз.Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжамалы диагнозы қандай?

а) энтероколит

б) дисбактериоз

в) нейротоксикоз

г) +зәр шығару жүйесінің инфекциясы

д) тубулоинтерстициалды нефрит

 

13. Жаңа туған нәрестеде зәр шығару жүйесінің инфекциясына күдік туғанда төменде келтірілгеннің арасында қандай зерттеу қажет ЕМЕС?:

а) зәрді бак. себу

б) қан талдауы

в) зәр талдауы

г) +экскреторлы урография

д) бүйрек және зәр швғару жолдарының УДЗ

 

14. Өмірінің 5-ші күнінен бастап жасанды сүтпен қоректенетін нәресте ер бала. Әкесінде – таға тәрізді бүйрек, гипертония; анасында пиелонефрит. Өмірінің 15-ші күнінен бастап - тамақтан бас тартады, салмақ қосуы нашар, фебрилді қызба, аздаған диарея. Бүйрек УДЗ- оң жақты пиелоэктазия. Пневмония жоққа шығарылды. Үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжамалы диагнозы қандай?

а) дизентерия

б) сальмонеллез

в) дисбактериоз

г) +жедел пиелонефрит

д) ротавирусты гастроэнтерит

 

15. Жаңа туған нәрестеде зәр шығару жолдары инфекциясының ең жиі таралу жолы қандай?

а) өрлемелі

б) лимфогенді

в) +гематогенді

г) құрсақ ішілік

д) трансплацентарлы

 

16. 5 жасар науқас бет аймағының пастоздығына шағымданып қаралды. Зәр талдауында: менш. салм.1010, зәр түсі күңгірт-қоңыр, белок 1,5 г/л, лейкоцит-2-3 к/а., эритроцит – барлық к/а, цилиндр – 10-15 к/а. Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжамалы диагнозы қандай?

а) +гломерулонефрит

б) жедел пиелонефрит

в) несеп тас ауруы

г) интерстициалды нефрит

д) зәр шығару жүйесінің инфекциясы

 

17. 8 жасар науқас ер бала ісінулерге, бас ауруына, зәр түсінің өзгеруіне шағымданып түседі. Қараған кезде: бет аймағы, табандары ісінген, АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Зәр талдауында: белок: 2,5 г/л, эритроциттер – барлық көру аймағын қамтиды. Төменде келтірілген аурулардың ішінде болжама диагноз қандай?

а) пиелонефрит

б) бүйрек туберкулезі

в) +гломерулонефрит

г) несеп-тас ауруы

д) интерстициальды нефрит

 

18. Нефритикалық синдрома қоюда зәр талдауындағы міндетті белгі

а) кристалурия

б) бактериурия

в) цилиндрурия

г) лейкоцитурия

д) +эритроцитурия

 

19. 9 жасар ұл бала айқын ісінуіне, іш ұлғаюына, аз көлемде сирек несеп бөлуіне, әлсіздік пен тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырған. АҚҚ 110/70 мм с.б.б., бүкіл денесіне жайылған ісінулер анықталады. зәрі ақшыл-сары. ЖЗА: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроцит – 0, меншікті салмағы – 1025. ЖҚА: лейкоцит – 6х109/л, ҚТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. БхҚА: жалпы белок – 48 г/л.

Төменде келтірілген аурулардың ішінде болжама диагноз: қандай?

а) жедел цистит

б) жедел пиелонефрит

в) +нефротикалық синдром

г) нефритикалық синдром

д) зәр жолдарының инфекциясы

 

20. Төменде келтірілген белгілер арасынан жедел гломерулонефритке тән клиникалық белгілерді және зертханалық көрсеткіштерді анықтаңыз:

а) іш ауруы, гематурия

б) лейкоцитурия барлық к/а қамтиды, дизурия

в) тобықтарда геморрагиялық бөртпелер, протеинурия

г) +АҚҚ жоғарылауы, протеинурия 2,0 г/тәу, гематурия

д) 1 мл зәрде бактериурия 100 000 м.д.астам, дизурия

 

21. Нефритикалық синдромға төменде келтірілгеннің арасында келесі клиникалық белгілер мен зертханалық көрсеткіштер тән ЕМЕС:

а) ісінулер мен гематурия

б) гематурия және протеинурия

в) +ісінулер және гипопротеинемия

г) циклдік ағым және ісінулер

д) артериялық гипертензия және гематурия

 

22. Нефритикалық синдроммен көрінетін жедел гломерулонефриттің емін қалай бастаған жөн?

а) монотерапия – преднизолон

б) преднизолон және гепарин

в) дезинтоксикациялық терапия, плазма

г) преднизолон және цитостатик

д) +тұзсыз емдәм, симптоматикалық терапия

 

23. Гематурия төменде келтірілген бүйрек және зәр шығару жолдарының келесі ауруына тән емес:

а) цистит

б) бүйрек туберкулезі

в) несеп-тас ауруы

г) нефритикалық синдром

д) +нефротикалық синдром

 

24. Жүре дамыған гломерулонефриттің төменде келтірілген белгілер арасында негізгі патогенетикалық факторына жатады:

а) токсикалық

б) генетикалық фактор

в) инфекциялық

г) метаболиттік

д) +иммунологиялық реакциялар

 

25. Гломерулонефриттің жедел кезеңінде тырысу ұстамасының дамуымен сипатталатын асқыну:

а) Өкпе ісінуі

б) ДВС-синдром

в) +Гипертензиялық энцефалопатия

г) Жедел бүйрек жетіспеушілігі

д) Жедел жүрек жетіспеушілігі

 

26. Гломерулонефриттің жедел кезеңінің емдәмінде төменде келтірілгеннің арасында қай тамақты шектемейді:

а) тұз

б) белок

в) сұйықтық

г) +көмірсулар

д) олигурияда жемістер көрсетілген

 

27. Нeфротикалық синдромда протеинурия сипаты, г/тәул.:

а) 0,5

б) 1,0

в) 1,5

г) 2,0

д) +3,5

 

28. Гломерулонефрит – төменде келтірілген ауру топтарының біріне жатады:

а) тұқым қуалайтын бүйрек ауруы

б) бүйректің туа біткен ауруы

в) бүйректің метаболиттік ақау ауруы

г) бүйректің микробты-қабыну ауруы

д) +шумақтардың иммунды-қабыну ауруы

 

29. Жедел гломерулонефриттің төменде келтірілген факторлар арасында негізгі экстрареналды көрінісіне жатады:

а) +ісінулер

б) дизурия

в) олигурия

г) қалтырау

д) полиурия

 

30. Жедел нефритикалық синдромда төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі шағымдардың бірі:

а) іш ауруы

б) жайылған ісінулер

в) дизуриялық белгілер

г) артериялық гипертензия

д) +ет жуындысы тәрізді зәр түсі

 

31. Гломерулонефриттің нақты диагностикасы үшін төменде келтірілгеннің арасында қандай зерттеу әдісі қажет?

а) +биопсия

б) урография

в) цистоскопия

г) цистография

д) компьютерлік томография

 

32. Гломерулонефриті бар науқастарда төменде келтірілгеннің арасында диспансерлік бақылау міндетіне кірмейді

а) бүйрек УДЗ

б) АҚҚ бақылау

в) +урография 1 рет жылына

г) зәр талдауларын бақылау

д) бүйрек қызметін бақылау

 

33. 5 жасар балада анасаркаға дейін айқын ісінулер, АҚҚ 90/55 мм.с.б.б., қанда креатинин 47 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л, зәр талдауында: протеинурия 4 г/тәу, эритроцит 2 к/а. Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжама диагноз:

а) Пиелонефрит

б) +Нефротикалық синдром

в) Нефритикалық синдром

г) Жеклеген зәр синдромы

д) Тез үдемелі гломерулонефрит

 

34. Балаларда нефротикалық синдромға төменде келтрілгеннің арасында тән ЕМЕС белгі:

а) анасарка

б) +гипертензия

в) гиперлипидемия

г) гипопротеинемия

д) айқын протеинурия

 

35. Нефритикалық синдром кезіндегі ісінудің даму механизмі:

а) катехоламиндер синтезінің жоғарылауы

б) нәруыз синтезі төмендеуі және гипопротеинемия

в) антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

г) +ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

д) жүрекшелік натриуретикалық пептид синтезінің төмендеуі

 

36. 12 жастағы қыз балада шамалы ісінуі бар, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б. Қан талдауларында: ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин. ЖЗА: протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия. Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) пиелонефрит

б) нефротикалық синдром

в) +нефритикалық синдром

г) жекеленген зәрлік синдром

д) тез үдемелі гломерулонефрит

 

37. Зәр тұнбасында дисморфты эритроциттердің төменде келтірілгеннің неше пайызы арасында гломерулярлы гематурияны сипаттайды?

а) >5%

б) >10%

в) >20%

г) >30%

д) +>40%

 

38. «Нефритикалық синдромға» төменде келтірілгеннің арасында тән емес:

а) азотемия, олигурия

б) ісінулер, макрогематурия

в) ісінулер, гиперкреатининемия

г) жайылған ісінулер, протеинурия 8,0 г/тәу

д) +протеинурия 2,0 г/тәу дейін, макрогематурия

 

39. Жекелеген зәр синдромына төменде келтірілгеннің арасында қандай белгі тән?

а) лейкоцитурия және дизурия

б) +протеинурия мен гематурия

в) жайылған ісінулер және азотемия

г) артериялық гипертензия және гематурия

д) протеинурия мен бүйрек жетіспеушілігі

 

40. Тез үдемелі гломерулонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән бүйректің морфологиялық зақымдалуы

а) +экстракапиллярлы

б) минималды өзгерістер

в) мембранозды нефропатия

г) мезангиопролифеоативті

д) мембранопролиферативті

 

41. Тез үдемелі гломерулонефритке төменде келтірілгеннің арасында тән бүйрек қызметінің зақымдалу сипаты:

а) протеинурия

б) лейкоцитурия

в) жайылған ісінулер

г) артериялық гипертензия

д) +бүйрек жетіспеуішілігі

 

42. Төменде келтірілген келесі бүйрек ауруларының арасында рентгенурологиялық зерттеулер аса маңызды емес:

а) бүйрек шаншуы

б) +гломерулонефрит

в) обструктивті уропатия

г) бүйрек дамуының ақаулары

д) қуық-несепағар рефлюксінде

 

43. «Тез үдемелі гломерулонефритке» төменде келтірілгеннің арасында тән емес:

а) +тез арада кері дамуы

б) микро-, макрогематурия

в) несеп нәрінің қанда жоғарылауы

г) қалдық азоттың қанда жоғарылауы

д) креатининнің қанда үдемелі жоғарылауы

 

44. Жекелеген зәр синдромы төменде келтірілгеннің арасында келесі гломерулярлы аурудың көрінісі болып табылады:

а) +тұқым қуатын нефрит

б) мембранозды нефропатия

в) минимальды өзгерістер ауруы

г) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

д) мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

 

45. Қандай зертханалық көрсеткіш бүйрек қызметінің бұзылуын нақты көрсетеді?

а) калий

б) натрий

в) кальций

г) +креатинин

д) қалдық азот

 

46. Созылмалы бүйрек ауруын сатыға бөлу төменде келтірілгеннің арасында неге негізделген?

а) несеп нәрі денгейіне

б) креатинин денгейіне

в) қалдық азот денгейіне

г) дене массасының индексіне

д) +шумақтық фильтрация жылдамдығына

 

47. Балаларда бүйректің созылмалы жетіспеушілігі дамуының төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себеі:

а) қант диабеті

б) балалар инфекциялары

в) артериялық гипертония

г) жүйелі қызыл жегі

д) +зәр жығару жүйесінің туа біткен даму ақаулары

 

48. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін төменде келтірілгеннің арасында радикальды емдеу әдісі:

а) гемодиализ

б) плазмаферез

в) гемофильтрация

г) +бүйрек трансплантациясы

д) перитонеальды диализ

 

49. Бүйректің созылмалы ауруының төменде келтірілгеннің арасында неше сатысы бар?

а) 3

б) 4

в) +5

г) 6

д) 7

 

50. Балаларда шумақтық фильтрация жылдамдығы төменде келтірілгеннің арасында қай формуламен есептеледі?

а) +Шварц

б) Реберг-Тареев

в) Кокрофт-Голт

г) Дене салмағының индексі

д) Салмақ-жасының көрсеткіші

 

51. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде қай қызметінің төмендеуі анемия дамуына әкеледі?

а) секреция

б) фильтрация

в) аммониогенез

г) +эритропоэтин синтезі

д) Д3 дәрумені гидроксилденуі

 

52. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде жоспарлы гемодиализдік емді қабылдау ұзақтығы қанша?

а) 1 ай

б) 3 жыл

в) 5 жыл

г) 10 жыл

д) +трансплантация өткізгенге дейін

 

53. Балаларда созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің белгісіне төменде келтірілгеннің арасында жатпайды:

а) анемия

б) азотемия

в) остеопатия

г) +лейкоцитурия

д) физикалық дамудың кешігуі

 

54. Жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит жөнінде төменде келтірілгеннің арасында ҚАТЕ ұғым:

а) толық кері дамуы мүмкін

б) антистрептолизин О титрі жиі жоғары

в) нефритикалық синдроммен көрінеді

г) +бүйректің диагностикалық биопсиясын міндетті өткізу керек

д) аурудың басталуы жиі макрогематурия дамуымсен сипатталады

 

55. IgA-нефропатияның төменде келтірілгеннің арасында ең жиі белгісі қандай?

а) нефротикалық синдром

б) жедел нефритикалық синдром

в) жедел бүйрек жетіспеушілігі

г) +жекелеген рецидивтеуші гематурия

д) үдемелі бүйрек жетіспеушілігі

 

56. Тез үдемелі гломерулонефритке тән төменде келтірілгеннің арасында басты белгі:

а) гематурия

б) протеинурия

в) айқын интоксикация

г) жоғары артериальды қысым

д) +қанда креатинин деңгейінің тез артуы

 

57. Туа біткен нефротикалық синдромға төменде келтірілгеннің арасында тән:

а) +1 жасқа дейін көрініс бере бастауы

б) нейросенсорлы кереңдік

в) УДЗ бүйрек өлшемдерінің кіші болуы

г) жүректің туа біткен даму ақауымен ұштасуы

д) өкпенің туа біткен даму ақауымен ұштасуы

 

58. Сау баланың қалыпты шумақтық фильтрация жылдамдығы, мл/мин:

а) 10 - 20

б) 40 - 50

в) +90 - 130

г) 150 - 200

д) 300 – 400

 

59. Ренин бүйректің қай жерінде өндіріледі?

а) подоциттерде

б) мезангиальді жасушаларда

в) фенестрленген эндотелиде

г) перитубулярлы капиллярларда

д) +юкстагломерулярлы аппарат жасушаларында

 

60. 4 тип коллагеннің туа біткен ақауы төменде келтірілгеннің арасында қай аурумен байланысты?

а) +Альпорт синдромы

б) Гудпасчер синдромы

в) мембранозды нефропатия

г) тез үдемелі гломерулонефрит

д) жедел инфекциядан кейінгі гломерулонефритпен

 

61. Бүйрек биопсиясын өткізуге төменде келтірілгеннің арасында қарсы көрсеткіш:

а) артериялық гипертензия

б) белгісіз этиологияда гематурия

в) +айқын қан аққыштық

г) нефропатияның торпидті ағымы

д) белгісіз этиологияда протеинурия

 

62. 5 жасар бала, бірінші рет ауырды: анасаркаға дейін жайылған ісінулер, АҚҚ 90/55 мм.с.б.б., қан талдауында креатинин 65 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, протеинурия 6,6 г/тәу, эритроцит 2 к/а. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) мембранозды нефропатия

б) экстракапиллярлы гломерулонефрит

в) фокальды-сегментарлы гломерулосклероз

г) мембрано-пролиферативті гломерулонефрит

д) +нефротикалық синдром минимальды өзгерістермен

 

63. Жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефриттке тән төменде келтірілгеннің арасындағы клиникалық көрінісі:

а) нефротикалық синдром

б) +жедел нефритикалық синдром

в) жекелеген зәр синдромы

г) созылмалы нефритикалық синдром

д) тез үдемелі гломерулонефрит

 

64. 15 жасар бозбала 12 жылдан бері нефротикалық синдром + гематурия түрінде созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Қан талдауында::қалдық азот 68,1 ммоль/л, креатинин 370 мкмоль/л, несеп нәрі 17,9 ммоль/л. Зәр талдауында. – белок 0,99 г/л, қанда – анемия. Науқаста төменде келтірілгеннің арасында ең болжама диагноз қандай?

а) транзиторлы азотемия

б) +созылмалы бүйрек ауруы

в) жедел бүйрек жетіспеушілігі

г) созылмалы пиелонефрит өршуі

д) интерстициалді нефрит өршуі

 

65. Бүйректің төменде келтірілгеннің арасында азотшығару қызметін бағалау тәсілінің бірі:

а) зәрде белок деңгейі

б) қанда белок деңгейі

в) қанда калий және кальций деңгейі

г) зәрде креатинин және несеп нәрі деңгейі

д) +қанда креатинин және несеп нәрі деңгейі арқылы

 

66. Бүйректің концентрлеу қызметін бағалаудың төменде келтірілгеннің арасында әдісі қандай?

а) Амбуpже сынамасы

б) Кокрофт-Голт формуласы

в) +Зимницкий сынамасы

г) Нечипоpенко сынамасы

д) Аддис-Каковский сынамасы

 

67. Қуық-несепағар рефлюксін диагностикалау үшін төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ бірінші кезектегі зерттеу әдісі:

а) цистоскопия

б) +цистоуpетpогpафия

в) көктамырлық уpогpафия

г) pетpогpадты пиелогpафия

д) ультpадыбыстық зерттеу

 

68. Бүйрек паренхимасында торсылдақты төменде келтірілгеннің арасында анықтау тәсілі:

а) цистоуpетpогpафия

б) көктамырлық уpогpафия

в) pетpогpадты пиелогpафия

г) +ультpадыбыстық зерттеу

д) іш құрсақ шолу рентгенографиясы

 

69. Гломерулонефрит үшін зәр талдауында төменде келтірілгеннің арасында келесі өзгеріс тән:

а) пиурия

б) бактеpиуpия

в) кристалурия

г) +пpотеинуpия

д) лейкоцитуpия

 

70. Нефpотикалық синдpомда ісіну дамуының төменде келтірілгеннің арасында негізгі механизмі:

а) +айқын гипoпpотеинемия

б) альдостеpон деңгейінің жоғарылауы

в) шумақтар арқылы фильтpация болмауы

г) шумақтар арқылы фильтpация жоғарылауы

д) антидиуpетикалық гоpмон белсенділігінің жоғарылауы

 

71. Экстpaкапилляpлы типте жарты айшықтар түзілуімен шумақтардың зақымдануы гломерулонефриттің келесі типіне тән:

а) нефритикалық синдром

б) нефpотикалық синдром

в) жекелеген зәр синдромы

г) нефротикалық синдром және гематурия

д) +тез үдемелі гломерулонефрит

 

72. Балаларда пpеpeнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себебі:

а) шок

б) гломерулонефрит

в) уретра стриктурасы

г) +сусызданумен жүретін диарея

д) зәр шығару жүйесінің инфекциясы

 

73. Балаларда peнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебі:

а) шок

б) +гломеpулопатиялар

в) уретра стриктурасы

г) обструктивті уропатиялар

д) жедел ішек инфекциясы

 

74. Балаларда постpeнальды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебі:

а) шок

б) пиелонефрит

в) гломерулонефрит

г) интеpстициальды нефpит

д) +обстpуктивті уpопатиялар

 

75. Антибиотикотерапия төменде келтірілген гломерулонефриттің қай синдромында көрсетіледі:

а) аралас

б) нефротикалық

в) +постстpептококкты

г) жекелеген зәр синдромында

д) тез үдемелі гломерулонефритте

 

76. Балаларда пpеднизолонды төменде келтірілгеннің арасында келесі синдромда тағайындайды:

а) нефритикалық

б) +нефpотикалық

в) интерстициальды нефрит

г) жекелеген зәр синдромында

д) жедел бүйрек жетіспеушілігінде

 

77. Бүйрек ауруымен ауыратын айқын ісінулері бар науқаста диурезді бақылау үшін арналған сынама:

а) зәр түсін бағалау

б) Зимницкий сынамасы

в) зәр шығару ритмін бағалау

г) тәуліктік протениурияны есептеу

д) +қабылдаған және сыртқа шыққан сұйықтық көлемін есептеу

 

78. Никтурия термині– төменде келтірілгеннің арасында қандай ұғымды білдіреді:

а) кіші дәрет сындырғанда ашу сезімінің болуы

б) күндіз кіші дәретті ұстай алмау

в) зәрдің меншікті салмағының азаюы

г) +түнгі диурездің күндізгі уақыттан басым болуы

д) аз порциямен ауру сезімді зәр сындыру

 

79. Бүйректің азот шығару қызметін төменде келтірілгеннің арасында нақты сипаттайды:

а) +креатинин

б) қалдық азот

в) тимол сынамасы

г) С-реактивті белок

д) белок және белок фракциялары

 

80. Ерте жастағы балаларда созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ жиі себебі:

а) гломерулонефрит

б) созылмалы пиелонефрит

в) интерстициальды нефрит

г) дисметаболикалық нефропатия

д) +туа біткен және тұқым қуалайтын бүйрек зақымдануы

 

81. Бүйректің төменде келтірілген бөліктерінің қайсысында зәр түзілмейді?

а) шумақта

б) Генле ілмегінде

в) дистальді түтікшелерде

г) +юкста-гломерулярлы аппаратта

д) проксимальді түтікшелерде

 

82. Протеинурия дәрежесін бағалу үшін белок жоғалтуын есептейді:

а) +Тәуліктік зәрде

б) 3 сағатта жиналған зәрде

в) Жалпы зәр талдауында

г) Зәрдің орта порциясында

д) 12 сағатта жиналған зәрде

 

83. Бүйректің созылмалы ауруында ААФ тежегіштерін ұзақ уақыт қолданудың төменде келтірілгеннің арасында универсальды көрсеткішін атаңыз:

а) ісінулер және гипертония

б) гиперкалиемия және ісінулер

в) нефротикалық протеинурия және ісінулер

г) макрогематурия және артериялық гипертония болуы

д) +үдемелі бүйректің созылмалы ауруының болуы

 

84. Тұқым қуалайтын нефриті бар науқас балаларды диспансерлік бақылауда төменде келтірілгеннің арасында қай маман кеңесі қажет?

а) Уролог

б) Педиатр

в) +Сурдолог

г) Кардиолог

д) Гастроэнтеролог

 

85. Тұқым қуалайтын нефритте зәр өзгерістері қай кезде ең жиі анықталады?

а) өмірінің бірінші жылы

б) тек баспадан кейін

в) ЖРВИ өткеннен кейін

г) дизуриялық белгілерде

д) +диспансерлік бақылауда кездейсоқ

 

86. Тұқым қуалайтын нефриттің бастапқы сатысында төменде келтірілгеннің арасында зәр талдауына тән өзгерістер:

а) ісінулер

б) артериялық гипертензия

в) +гематурия басым

г) негізінен протеинурия

д) негізінен лейкоцитурия

 

87. 10 айлық балада қалтыраумен өтетін қызба анықаталады. Зерттегенде талдауларында С-реактивті белок жоғарылауы, лейкоцитурия, бактериурия, бүйректің концентрлеу қызметінің төмендеуі анықталады. Төменде келтірілгеннің арасында ең тиімді дәрілік зат:

а) Бисептол 5 күн ауыз арқылы

б) Гентамицин 5 күн б/е

в) Фурагин 14күн ауыз арқылы

г) Офлоксацин 5 күн ауыз арқылы

д) +Амоксициллин 7күн б/е және 7 күн ауыз арқылы

 

88. 5 жасар баланы амбулаторлық зерттегенде СБЖ белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Зәр талдауында протеинурия, гематурия, анамнезде атасының бүйрек ауруынан қайтыс болуы, 12 жасар әпкесінде микрогематурия анықталды.Төменде келтірілгеннің арасында ең болжамалы диагноз:

а) Берже ауруы

б) +Альпорт синдромы

в) жанұялық гематурия

г) нефронофтиз Фанкони

д) жіңішке мембраналар ауруы

 

89. Бүйректің созылмалы ауруының төменде келтірілгеннің арасында барлық түрлеріне тән универсальды үдеу механизмін атаңыз:

а) пиелонефритпен асқынуы

б) шумақішілік гипотензияның болуы

в) жүйелі гипертензияның болуы

г) иммунды механизмнің қосылуы

д) +шумақ ішілік гипертензия және гиперфильтрация

 

90. Пререналды және реналды жедел бүйрек жетіспеушілігінің негізгі патогенетикалық механизмін атаңыз

а) ТШҚҰ-синдром

б) метаболикалық ацидоз

в) антифосфолипидтік синдром

г) проксимальды реабсорбция бұзылуы

д) +бүйрек гипоперфузиясынан фильтрацияның төмендеуі

 

91. Ауруханаға түскен 14 жасар бойжеткен бас ауруына, қан қысымының жоғарылауына шағыданып түсті. Қарағанда науқаста АҚҚ 170/100мм.с.б.б., қан талдауында: гемоглобин 100г/л, ЭТЖ 26мм/сағ; биохимиялық қан талдауында: креатинин 0,2 ммоль/л, ШФЖ 50мл/мин. Зәр талдауында: белок 0,33 г/л, лейкоцит 10-15 к/а, эритроцит 10-20 к/а; УДЗ: табақша-тостағанша жүйесінің деформациясы. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжама диагноз қандай?

а) Бүйректің созылмалы ауруы, 1 сатысы

б) Бүйректің созылмалы ауруы, 4 сатысы

в) +Бүйректің созылмалы ауруы, 3 сатысы

г) Созылмалы пиелонефрит, бүйрек қызметі қалыпты

д) Созылмалы гломерулонерит, бүйрек қызметі қалыпты

 

92. Ісінулері бар науқасқа тамақтануда төменде келтірілгеннің арасында ең көп шектейді?

а) көмірсуды

б) +ас тұзын

в) белок өнімдерін

г) жануар тектес майларды

д) өсімдік тектес майларды

 

93. Гиперкалиемия төменде келтірілгеннің арасында немен қауіпті екенін көрсетіңіз?

а) өкпе ісінуі

б) терінің қышуы

в) тыныс тоқтауы

г) +жүрек қызметінің тоқтауы

д) жайылған шеткері ісінулер дамуы

 

94. Ерте жастағы балаларда бүйрек алмастырушы терапияның төменде келтірілгеннің арасында ең тиімді түрі:

а) гемодиализ

б) гемосорбция

в) плазмаферез

г) гемофильтрация

д) +перитонеальды диализ

 

95. ШФЖ қандай деңгейі төменде келтірілгеннің арасында диализдік емге көрсеткіш болып табылады?

а) 60 мл/мин төмен

б) 50 мл/мин төмен

в) 50 мл/мин жоғары

г) +15 мл/мин төмен

д) 15 мл/мин жоғары

 

96. Нефрондар санының азаюында бүйректің созылмалы ауруы дамуының механизмін атаңыз:

а) +гиперфильтрация

б) обструктивтік уропатия

в) бүйрек қан тамырларының васкулиті

г) шумақтардың иммунды зақымдалуы

д) бүйректің микробты-қабынулық зақымдалуы

 

97. Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында негізгі синдромдары:

а) ісінулер, гематурия

б) +азотемия, анемия

в) зәрлік және гипертония

г) протеинурия және гематурия

д) гипертония және протеинурия

 

98. Пререналды жедел бүйрек жетіспеушілігінің төменде келтірілгеннің арасында себебін атаңыз:

а) +шок

б) гломерулонефрит

в) жедел тубулонекроз

г) кристаллдармен өзекшелер обструкциясы

д) басты бүйрек артерияларының окклюзиясы

 

99. Төменде келтірілгеннің арасында қандай дәрілік заттар тобынан жедел бүйрек жетіспеушілігі дамиды:

а) макролид

б) пенициллин

в) цефалоспорин

г) сульфаниламид

д) +аминогликозид

 

100. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің диурез азаюы сатысында төменде келтірілгеннің арасында науқасқа төнетін қауіп қандай?

а) +өкпе ісінуі

б) дегидратация

в) гипокалиемия

г) артериялық гипотензия

д) жүрек қызметінің тоқтауы

 

101. Жедел бүйрек жетіспеушілігінде төменде келтірілгеннің арасында науқас бала өміріне қауіп төндіретін, шұғыл реттеуді қажет ететін асқыну:

а) азотемия

б) гиперурикемия

в) гипокальциемия

г) +гиперкалиемия

д) гипопротеинемия

 

102. 5 жасар балада бой дамуы кешігуде. Антидиуретикалық гормон енгізуіне резистентті полиурия анықталады. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ болжамалы диагноз қандай?

а) фосфат-диабет

б) аминоацидурия

в) қант диабеті

г) бүйректік қанты диабет

д) +бүйректік қантсыз диабет

 

103. Жедел нефритикалық синдромның созылмалы түрінен төменде келтірілгеннің арасында айырмашылығын анықтаңыз:

а) артериялық гипертензия

б) +болжамы қолайлы

в) Протеинурия айқынырақ

г) Гематурия айқынырақ

д) Креатинин деңгейінің жоғарылауы

 

104. Подоциттің құрылымдық белок тобына жатады:

а) +Нефрин

б) Глобулин

в) Альбумин

г) Ферритин

д) Трансферрин

 

105. Ауруханаішілік жағдайда дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында төменде келтірілгеннің арасында емдеуге резистентті қандай қоздырғыш ЕҢ жиі анықталады?

а) клебсиелла

б) стрептококк

в) ішек таяқшасы

г) +көкірің таяқшасы

д) b-гемолитикалық стрептококк

 

106. «Асимтоматикалық бактериурия» диагнозы төменде келтірілгеннің арасында қай кезде қойылады?

а) тек лейкоцитурия болса

б) бактериурия 102 м.д./мл мен гематурия клиникалық көрініссіз

в) бактериурия 102 м.д./мл басқа белгілерсіз болғанда

г) +бактериурия 105 м.д./мл басқа белгілерсіз болғанда

д) бактериурия 105 м.т/мл және лейкоцитурия басқа белгілерсіз болғанда

 

107. Зәр шығару жүйесінің «эмпирикалық антибиотикотерапиясы» ұғымына төменде келтірілгеннің арасында не кіреді?

а) зәр шығару жүйесінің инфекциясын бір реттік емдеу

б) антибиотикограмма мәліметтеріне сәйкес емді тағайындау

в) нитрофурандар көмегімен ЗШЖИ емдеу

г) сульфаниламидтер көмегімен ЗШЖИ емдеу

д) +кең спектрлі антибиотиктерді бак. себу мәліметтерін күтпей тағайындау

 

108. Емнің нәтижелігіне байланысты балаларда нефротикалық синдромның төменде келтірілгеннің арасында клиникалық жіктелуі:

а) жедел және ұзақ ағымды

б) латентті және белсенді

в) жедел және созылмалы

г) циклді және рецидивтеуші

д) +стероидсезімтал және стероидрезистентті

 

109. Стероидрезистенті нефротикалық синдромды емдеу тактикасы:

а) бірден цитостатиктер тағайындау

б) ұзақ уақыт бойы преднизолонотерапия

в) +биопсия қорытындысына сәйкес емдеу

г) метилпреднизолонмен пульс-терапия

д) тек симптоматикалық ем тағайыындау

 

110. Нефротикалық синдромы бар балаларда биопсия өткізуге көрсеткіш:

а) бірінші көрінісінде

б) гормоналды емге жауап берсе

в) +стероидрезистентті вариантта

г) стероидсезімтал вариантта

д) нефротикалық синдромға тән асқынуларда

 

111. Ерте жастағы балаларда жедел пиелонефритті антибактериялық емдеу ұзақтығын атаңыз, күндер:

а) 1-3

б) 5-7

в) 7-10

г) +10-14

д) 10-20

 

112. Зәр шығару жүйесінің инфекциясы қыздарда төменде келтірілген себептердің арасында жиі кездесу себебін атаңыз:

а) обструктивті уропатия болуы

б) +қысқа уретра және анус жақындғы

в) бүйректің даму ақаулары жиірек кездеседі

г) қуық қызметінің дисфункциясы болуы

д) қуық-несепағар рефлюксінің болуы

 

113. 14 жасар бозбала диагнозы: нефротикалық синдром және гематуриясы бар созылмалы гломерулонефрит. Шварц сбойынша шумақтық фильтрация жылдмадығы – 64 мл/мин.

Бүйректің созылмалы ауруының қай сатысын ойлауға болады?

а) 1

б) +2

в) 3

г) 4

д) 5

 

114. Бүйректің созылмалы ауруында гиперфильтрация маңызы қандай?

а) бүйрек қызметін жақсартады

б) бүйрек қызметіне әсер етпейді

в) +склероз үдеуінің универсалды механизмі

г) тек пиелонефритте склероздану ағымына бейім

д) тек гломерулонефриттерде склероздану ағымына бейім

 

115. Бүйректің созылмалы ауруын емдеуде нефропротекцияның «алтын стандарты» болып табылатын дәрілік заттарды атаңыз:

а) витаминдер

б) ферменттер

в) антибиотиктер

г) глюкокортикосстероидтар

д) +ангиотензинайналдырушы ферменттің тежегіштері

 

116. 16 жасар бойжеткен. Орта дәрежелі ісінулер, АҚҚ 150/95 мм.с.б.б. жоғарылуы анықталады. Қан талдауларында:ЭТЖ 65 мм/сағ, холестерин 4.0 ммоль/л, ШФЖ 47 мл/мин.ЖЗА: протеинурия 1.3 г/л, макрогематурия. Бұл жағдайда төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?

а) витаминдер

б) цитостатиктер

в) антибиотиктер

г) +гипотензивті

д) глюкокортикостероидтар

 

117. 13 жасар науқас қант диабетінің І типі диагнозымен 10 жыл бойы бақылануда. Кезекті зерттеуде ЖЗА: протеинурия 0,066 г/л, лейкоцит 5-7 к/а. Шумақтық фильтрация жылдамдығы=56 мл/мин. Төменде келтірілгеннің арасында ЕҢ қажет дәрілік зат тобын көрсетіңіз?

а) диуретиктер

б) цитостатиктер

в) антибиотиктер

г) +ААФ ингибиторлары

д) глюкокортикостероидтар

 

118. 13 жасар науқас қант диабетінің І типі диагнозымен 5 жыл бойы бақылануда. Кезекті зерттеуде ЖЗА: протеинурия 0,66 г/л, лейкоцит 5-7 к/а. Шумақтық фильтрация жылдамдығы=156 мл/мин. Бүйректің созылмалы ауруының төменде келтірілген сатыларының қайсысына сәйкес келеді?

а) +1

б) 2

в) 3

г) 4

д) 5

 

119. Паратгормон фосфор-кальций алмасуына төменде келтірігеннің арасында келесі жолмен қатысады:

а) +сүйек резорбциясының жоғарылауы

б) зат алмасуға қатысу

в) қанда фосфаттар деңгейінің жоғарылауы

г) ішекте кальций сіңірілуін төмендету

д) қанда кльцийдің жоғары деңгейін төмендету арқылы

 

 

Құқықтық компетенция бойынша тесттер

1. Дәстүрлі медицина – бұл:

а) +медициналық тәжірибенің көпғасырлық дәстүрінде орныққан, аурудың алдын алу мен емдеудің қоғам жинақтаған әдістеріне сүйенген медицинаның бөлімі және медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті

б) халық емшілерінің іс-әрекеті

в) медицина ұйымдарында көрсетілетін медициналық көмек

г) түрлі ауруларды емдеуде табиғат факторларын қолдану

д) дәлелдерге сүйенген медицина

 

2. Медициналық көмектің негізгі түрлеріне жатады:

а) амбулаторлық және стационарлық

б) мемлекеттік және жеке меншік

в) білікті дәрігерлік көмек

г) +дәрігерге дейінгі медициналық көмек; білікті медициналық көмек; арнайыландырылған медициналық көмек; жоғары арнайыландырылған медициналық көмек; медициналық-әлеуметтік көмек.

д) білікті дәрігерлік көмек; медициналық-әлеуметтік көмек.

 

3. Диспансеризацияның тиімділігін қамтамасыз етеді:

а) Заманауи медициналық технологиялар;

б) Медициналық көмектің жоғары арнайыландырылған түрлерінің қатысуы;

в) ҒЗИ клиникалары мен ғылыми орталықтардың қатысуы;

г) +Пациенттің өзі мен жанұя мүшелерінің белсенді қатысуы;

д) Әлеуметтік қызметпен қызметтес болу.

 

4. Қоғамға әлеуметтік және экономикалық зор шығынды әкеледі:

а) Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларының аурушаңдығы;

б) Спорттық травматизм;

в) +Өліммен аяқталатын, мүгедектікке соқтыратын, уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкелетін травматизмнің өсуі;

г) Ауруханада емделетін аурушаңдық;

д) Стационарлық реабилитациялық ем.

 

5. Репродуктивтік денсаулық –

а) +толыққанды ұрпақты өмірге әкелуге қабілеттілікті көрсететін адамның денсаулығы;

б) репродуктивті жастағы адамның денсаулығы;

в) ұрпақты өмірге әкелуге қабілеттілікті және құқықты көрсететін адамның денсаулығы;

г) репродуктивті жастағы әйелдің денсаулығы;

д) ұрпақты өмірге әкелуге қабілеттілік.

 


Дата добавления: 2015-02-06 | Просмотры: 1972 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.151 сек.)