АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ТОСОПЛОЗМОЗ

186. Жүре пайда болған токсоплазмоздың кең таралаған жұғу жолы:

a) су арқылы

b)+тағам арқылы

c) вертикальді

d) парентеральді

e) трансмиссивті

187. Токсоплазмоз қоздырғышының резервуары және көзі:

a) кеміргіштер

b) иттер

c) құстар

d)+мысықтар

e) балықтар

188. Токсопалмоз жұқпалы аурулардың қандай тобына жатады:

a)+зооноздар

b) сапроноздар

c) антропоноздар

d) сапрозооноздар

e) антропозооноздар

189. Жүктілерде токсоплазмозды алдын алудың негізгі жолы:

a) вакцинация

b) хлоридин қабылдау

c)+мысықтармен қатынастан бас тарту

d) жеке гигиена ережелерін сақтау

e) токсоплазмозбен ауырған науқаспен қатынастан бас тарту

190. Әйел 25 жаста, жүктіліктің 8 аптасында токсоплозмоз жұқтырған. Жүктіліктің 1ші триместрінде жұтыру немен аяқталуы мүмкін?

a) латенті түрінің дамуы

b) жүрек ақауы

c) эпилепсия

d)+түсік тастау

e) соқырлық

191. 32 жастағы әйел адам офтальмологқа көру қабылетінің нашарлауына шағымданып келген. Тексеру барысында хориоретинит ошақтары, ұзақ субфебрилитет, созылмалы интоксикация симтомдары, полилимфаденопатия, гепатомегалия, миокардит белгілері, рентгенографияда – ми мен бұлшық еттерде кальцификаттар анықталған. Тұшпара дайындау цехінде жұмыс істейді, ет фаршының шикідей дәмін татады. Ең ықтимал диагноз:

a) тениоз

b) иерсиниоз

c) трихинеллез

d) тениаринхоз

e)+токсоплазмоз

192. Науқас 29 жаста, үнемі әлсіздіке,көруінің нашарлауына, дене қызуының 37,0°С дейін көтерілуіне, бастың ауруына, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Қалада тұрады, 5 үй мысығын қарайды, Жүктіліктің 1ші триместі кезінде түсік болған. Тексеру кезінде: хориоретинит ошағы, гепатомегалия, миокардитің көрінісі, рентгенографияда – мидың және бұлшықеттердің кальцификаты анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

a) ішек иерсиниозы

b)+токсоплазмоз

c) тениаринхоз

d) трихинеллез

e) токсокароз

193. 32 жастағы әйел адам. Тексеру барысында хориоретинит ошақтары, ұзақ субфебрилитет, созылмалы интоксикация симтомдары, полилимфаденопатия, гепатомегалия, миокардит белгілері, рентгенографияда – ми мен бұлшық еттерде кальцификаттар анықталған. Тұшпара дайындау цехінде жұмыс істейді, ет фаршының шикідей дәмін татады.Болжама диагноз «Токсоплазмоз». Қандай тексеру әдісі осы диагнозды дәлелдейді:

a) ДНК-гибридизациясы

b) латекс-агглютинациясы

c) преципитация реакциясы

d)+иммуноферментті анализ

e) иммунофлюоресценция әдісі

194.Науқас 26 жаста, анда санда дене қызуының көтерілуіне,көздің екеуленуіне,бұлшық еттердегі ауру сезіміне шағымданады. Жағдайы орташа. Менингеальді симптомдар экзантема жоқ. Шеткі лифа түйіндері ұлғайған және бауры (+2 см). Көз түбінде іркілу белгілері бар. Рентгенографияда – иық бұлшықетінің кальцификаты анықталды Жер үйде тұрады.Үйде мысық бар. Болжама диагноз «Токсоплазмоз».Арудың қандай сатысы болуы мүмкін?

a) инаппаранты

b)+созылмалы

c) септикалық

d) латенті

e) жедел

195. Науқас, 27 жаста, Жүктіліктің 3 шітриместрінде токсоплозмоз жұқтырған. Үйге мысық алп келген. Оң серологиялық тексеру: ИФА токсоплазмоз антигені Ig G-антиденелері анықталған, тері ішілік токсоплозмоз сынамасы оң. 3 шітриместрде токсопалзмозды жұқтырғанда туа пайда болған токсоплозмоздың қандай түрі кездесүі мүмкін?

a) инаппаранты

b) манифесті

c) септикалық

d)+латенті

e) жедел

196. Әйел 25 жаста, бірінші жүктілігі 8-10 аптасында ұрықтың іште өлуімен аяқталған. Тексеру кезінде ИФА да тосоплозмозға қарсы антидененің JgM класы 1: 400 титрінде анықталған. Сұрау кезінде, ұрықтың іште өлуіне дейін бір ай бұрын үйіндегі мысығы туған. Әйел жаңа туған күшіктерді баққан. Бұл жағдайда қандай этиотропты терапия тағайындау қажет?

a) бисептол

b) аугментин

c)+ спирамицин

d) эритромицин

e) метронидазол


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 781 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)