Дифтерия. 299. Дифтерияның ең ауыр асқынуы:
299. Дифтерияның ең ауыр асқынуы:
a)+миокардит;
b) паратонзилит;
c) моно-, полиневриттер;
d) токсикалық гепатит;
e) отит.
300. Дифтерия қоздырғышын анықтау үшін қандай материалдар алу керек:
a) нәжіс;
b) қан
c) қақырық
d)+мұран мен аңқадан жағынды
e) өт
301. Аңқаның токсикалық дифтериясына тән белгі:
a) улану белгілері айқын емес;
b) дене температурасының жоғары болуы
c) бадамша бездерін фибринозды жабындылар басқан
d)+мойынның тері асты шел бөлігінің ісінуі;
e) бадамша бездеріндегі іріңді, тез алынатын жабындылар
302. 21 жастағы ер адам, жедел ауырған, дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, тамағы аздап ауырған. Аңқада – көкшіл тартқан қызару, бадамша бездері ұлғайған, бетін сұр түсті, қиын алынатын жабындылар басқан, жабындылар бадамша бездерінен шықпайды. Мойынның тері асты шел қабаты ісінбеген.
Қандай диагноз қойылғаны жөн?
a) аңқаның дифтериясының аралық түрі
b) стрептококты баспа
с) аңқаның дифтериясының токсикалық түрі
d) паратонзиллярлы абсцесс
e)+аңқа дифтериясының жергілікті түрі
303. 21 жастағы ер адам, жедел ауырған, дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, тамағы аздап ауырған. Аңқада – көкшіл тартқан қызару, бадамша бездері ұлғайған, бетін сұр түсті, қиын алынатын жабындылар басқан, жабындылар бадамша бездерінен шықпайды. Мойынның тері асты шел қабаты ісінбеген.
Дифтериялық антитоксиннің қандай дозасын еңгізу керек?
а) 30000-50000 ЕД
b+10000-20000 ЕД
с) 40000-60000 ЕД
d) 60000-100000 ЕД
e) 3000-5000 ЕД
304. 21 жастағы ер адам, жедел ауырған, дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, тамағы аздап ауырған. Аңқада – көкшіл тартқан қызару, бадамша бездері ұлғайған, бетін сұр түсті, қиын алынатын жабындылар басқан, жабындылар бадамша бездерінен шықпайды. Мойынның тері асты шел қабаты ісінбеген.
Қандай зерттеулер тағайындау керек?
а)+ ЖҚА, ЖЗА, ВL-ге аңқадан жағынды алу, аңқадан микрофлораға жағынды алу
b) ЖҚА, ЖЗА, аңқадан микрофлораға жағынды алу, қанның биохимиялық анализі, ЭКГ
с) ВL-ге аңқадан жағынды алу, аңқадан микрофлораға жағынды алу, қанның биохимиялық анализі, ЭКГ, ИФА
d) ЖҚА, ЖЗА, құрсақ қуысының ағзаларын УДЗ, аңқадан микрофлораға жағынды алу
e) ВL-ге аңқадан жағынды алу, аңқадан микрофлораға жағынды алу, қанның биохимиялық анализі, ЭКГ
305. Дифтерияның клиникалық формаларын ата:
а) пленкалық, токсикалық, жаралы
b)+локалді, аралық, токсикалық
c) аңқа дифтериясы, көмей дифтериясы, катаралды
d) жаралы, ауыр түрдегі, мұрынжұтқыншақ дифтериясы
e) дифтериялық круп, мұрын дифтериясы, аралшалық формасы
306. 21 жастағы ер адам, жедел ауырған, дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, тамағы аздап ауырған. Аңқада – көкшіл тартқан қызару, бадамша бездері ұлғайған, бетін сұр түсті, қиын алынатын жабындылар басқан, жабындылар бадамша бездерінен шықпайды. Мойынның тері асты шел қабаты ісінбеген.
Қандай негізгі әдіс қолданған жөн:
а) вирусологиялық
b)+бактериологиялық
c) паразитологиялық
d) биологиялық
e) аллергологиялық
307. 21 жастағы ер адам, жедел ауырған, дене қызуы 39°С дейін көтеріліп, тамағы аздап ауырған. Аңқада – көкшіл тартқан қызару, бадамша бездері ұлғайған, бетін сұр түсті, қиын алынатын жабындылар басқан, жабындылар бадамша бездерінен шықпайды. Мойынның тері асты шел қабаты ісінбеген.
Нәтижелі ем қандай:
a) АКДС
b)дифтерияға қарсы гаммаглобулин
c) дифтериялық анатоксин
d) гаммаглобулин
e)+дифтерияға қарсы антитоксикалық сары су
308. 30 жастағы ер адам. Ауруы біртіндеп дамыған – тамағы жұтынғанда аздап ауырған, субфебрилді температурасы болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, дене қызуы 39°С, даусы мұрыны бітелген адамдай, аңқасында: жұмсақ таңдайдың, оның доғаларының, бадамша бездерінің шырышты қабаттарының гиперемиясы, тілшіктің ісінуі байқалуда. Бадамша бездерінің екеуінде де сұр түсті қабыршықты жабынды, шпателмен қиын алынады, алынғанда астындағы шырышты қабаты қанайды,жабынды тығыз, екі шыны арасында езілмейді. Сіздің алғашқы диагнозыңыз?
а) іріңді-некрозды баспа
b) паратонзиллярлы абсцесс
c)+дифтерия
d) Симановский-Венсен баспасы
e) инфекциялық мононуклеоз
309. 30 жастағы ер адам. Ауруы біртіндеп дамыған – тамағы жұтынғанда аздап ауырған, субфебрилді температурасы болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, дене қызуы 39°С, даусы мұрыны бітелген адамдай, аңқасында: жұмсақ таңдайдың, оның доғаларының, бадамша бездерінің шырышты қабаттарының гиперемиясы, тілшіктің ісінуі. Бадамша бездерінің екеуінде де сұр түсті қабыршықты жабынды, шпателмен қиын алынады, алынғанда астындағы шырышты қабаты қанайды,жабынды тығыз, екі шыны арасында езілмейді. Мойынның аздаған ісінуі анықталады. Қандай диагноз қойылуы тиіс?
a) аңқа дифтериясы, аралық түрі
b) стрептококкты баспа
с)+аңқа дифтериясы, токсикалық түрі
d) паратонзиллярлы абсцесс
e) аңқа дифтериясы, локалиді түрі
310. 30 жастағы ер адам. Ауруы біртіндеп дамыған – тамағы жұтынғанда аздап ауырған, субфебрилді температурасы болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, дене қызуы 39°С, даусы мұрыны бітелген адамдай, аңқасында: жұмсақ таңдайдың, оның доғаларының, бадамша бездерінің шырышты қабаттарының гиперемиясы, тілшіктің ісінуі. Бадамша бездерінің екеуінде де сұр түсті қабыршықты жабынды, шпателмен қиын алынады, алынғанда астындағы шырышты қабаты қанайды,жабынды тығыз, екі шыны арасында езілмейді. Мойынның аздаған ісінуі анықталады. Ең нәтижелі ем?
a) АКДС
b)дифтерияға қарсы гаммаглобулин
c) дифтериялық анатоксин
d) гаммаглобулин
e)+дифтерияға қарсы антитоксикалық сары су
311. 30 жастағы ер адам. Ауруы біртіндеп дамыған – тамағы жұтынғанда аздап ауырған, субфебрилді температурасы болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, дене қызуы 39°С, даусы мұрыны бітелген адамдай, аңқасында: жұмсақ таңдайдың, оның доғаларының, бадамша бездерінің шырышты қабаттарының гиперемиясы, тілшіктің ісінуі. Бадамша бездерінің екеуінде де сұр түсті қабыршықты жабынды, шпателмен қиын алынады, алынғанда астындағы шырышты қабаты қанайды,жабынды тығыз, екі шыны арасында езілмейді. Мойынның аздаған ісінуі анықталады. Дифтериялық антитоксиннің ең нәтижелі дозасы
а) 30000-50000 ЕД
b)10000-20000 ЕД
с) 40000-60000 ЕД
d)+60000-100000 ЕД
e) 3000-5000 ЕД
312. 30 жастағы ер адам. Ауруы біртіндеп дамыған – тамағы жұтынғанда аздап ауырған, субфебрилді температурасы болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, дене қызуы 39°С, даусы мұрыны бітелген адамдай, аңқасында: жұмсақ таңдайдың, оның доғаларының, бадамша бездерінің шырышты қабаттарының гиперемиясы, тілшіктің ісінуі. Бадамша бездерінің екеуінде де сұр түсті қабыршықты жабынды, шпателмен қиын алынады, алынғанда астындағы шырышты қабаты қанайды,жабынды тығыз, екі шыны арасында езілмейді. Мойынның аздаған ісінуі анықталады. Жүрек тондары әлсіз, АҚҚ 90/60 мм с.б. ЖСЖ 120 рет минутына. Жүрек шекарасының кеңеюі байқалады.Қандай диагноз қою керек
a) аңқа дифтериясы,аралық түрі
b) стрептококкты баспа, асқынуы паратонзиллярлы абсцесс
с)+аңқа дифтериясы, токсикалық түрі, асқынуы миокардит
d) аңқа дифтериясы, токсикалық түрі
e) аңқа дифтериясы, локалиді түрі,асқынуы полинейропатия
313. 20 жастағы әйел, балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді, ауруының 3 күні түскен. Ауруы жедел басталған, дене температурасы 390С дейін көтерілген, қалтырап, әлсідік сезінген, кейіннен тамағы аздап ауырған. Эпид. анамнезі: 2 күн бұрын осы балабақшаның басқа тобының оқытушысы жұқпалы аурулар ауруханасына «баспа» деген диагнозбен жатқызылды. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Т 38,40С. Терісі құрғақ, қалыпты. Жақ асты лимфа бездері ұлғайған, пальпациялағанда ауырмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі 88 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с. б. Аңқасында көкшілдеу айқын гиперемия, бадамша бездері ұлғайған, ісінген, сұр түсті жабындымен жабылған. Жабынды қиын алынады да, астындағы шырышты қабаты қанайды. Диагнозыңыз:
а) инфекциялық мононуклеоз
b)+аңқа дифтериясы
c) стрептококкты баспа
d) туляремия, бубонды – баспалық түрі
e) паратонзилярлы абсцесс
314. 20 жастағы әйел, балабақшада оқытушы болып жұмыс істейді, ауруының 3 күні түскен. Ауруы жедел басталған, дене температурасы 390С дейін көтерілген, қалтырап, әлсідік сезінген, кейіннен тамағы аздап ауырған. Эпид. анамнезі: 2 күн бұрын осы балабақшаның басқа тобының оқытушысы жұқпалы аурулар ауруханасына «баспа» деген диагнозбен жатқызылды. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Т 38,40С. Терісі құрғақ, қалыпты. Жақ асты лимфа бездері ұлғайған, пальпациялағанда ауырмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі 88 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с. б. Аңқасында көкшілдеу айқын гиперемия, бадамша бездері ұлғайған, ісінген, сұр түсті жабындымен жабылған. Жабынды қиын алынады да, астындағы шырышты қабаты қанайды.Ауруханадан шығару ережелері:
а) клиникалық тұрғыдан жазылу
b) антибактериалды емді аяқтағаннан кейін 2-3 күн өткенде алынған 1 теріс бактериологиялық анализ келгенде
c)+антибактериалды емді аяқтағаннан кейін 2-3 күн өткенде, арасына 2 күн салып алынған 2 теріс бактериологиялық анализ келгенде
d) антибактераилды ем аяқталған күні алынған 1 теріс бактериологиялық анализ келгенде
e) антибактериалды емді аяқтаған күні арасына 2 күн салып алынған 2 теріс бактериологиялық анализ келгенде
315. 20 жастағы әйел, балабақшада оқытушы болып жұмыс істейді, ауруының 3 күні түскен. Ауруы жедел басталған, дене температурасы 390С дейін көтерілген, қалтырап, әлсідік сезінген, кейіннен тамағы аздап ауырған. Эпид. анамнезі: 2 күн бұрын осы балабақшаның басқа тобының оқытушысы жұқпалы аурулар ауруханасына «баспа» деген диагнозбен жатқызылды. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Т 38,40С. Терісі құрғақ, қалыпты. Жақ асты лимфа бездері ұлғайған, пальпациялағанда ауырмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульсі 88 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с. б. Аңқасында көкшілдеу айқын гиперемия, бадамша бездері ұлғайған, ісінген, сұр түсті жабындымен жабылған. Жабынды қиын алынады да, астындағы шырышты қабаты қанайды. Ең тиімді ем:
а)+бензилпенициллин 4000000 ед/тәулігіне 2 дозаға бөліп, дифтериялық антитоксин 10000-20000 ЕД
b) бензилпенициллин 500000 ед/тәулігіне, дифтериялық антитоксин 10000-20000 ЕД
c) бензилпенициллин 500000 ед/тәулігіне, дифтериялық антитоксин 60000-100000 ЕД
d) фторхинолон 500 мг 2 рет күніне, дифтериялық антитоксин 60000-100000 ЕД
e) цефозолин 1,0г. 3 рет, цифран 500 мг 2 рет
316. 20 жастағы әйел, балабақшада оқытушы болып жұмыс істейді, ауруының 3 күні түскен. Ауруы жедел басталған, дене температурасы 390С дейін көтерілген, қалтырап, әлсідік сезінген, кейіннен тамағы аздап ауырған. Эпид. анамнезі: 2 күн бұрын осы балабақшаның басқа тобының оқытушысы жұқпалы аурулар ауруханасына «баспа» деген диагнозбен жатқызылды. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Т 38,40С. Терісі құрғақ, қалыпты. Жақ асты лимфа бездері ұлғайған, пальпациялағанда ауырмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. Жүрек тондары бөсеңдеген, пульсі 88 рет минутына. АҚҚ 100/70 мм с. б. Аңқасында көкшілдеу айқын гиперемия, бадамша бездері ұлғайған, ісінген, сұр түсті жабындымен жабылған. Жабынды қиын алынады да, астындағы шырышты қабаты қанайды. Антибиотиктермен емдеу ұзақтығы
а) 10 күн
b) 7 күн
c) 5 күн
d)+14күн
e)21күн
317. Мұрынжұтқыншақ дифтериясының локалді түріне тән:
а) тамағының ауруы
b) аңқаның айқын қызаруы
c) бадамша бездеріндегі фибринозды жабындылар жұмсақ таңдайға таралған
d)+бадамша бездерінен шықпаған фибринозды жабындылар
e) мойын терісінің шел қабатының ісінуі
318. 22 жастағы әйел, даусының шықпай қалуына, тыныс алуының қиындауына, дем жетпей қалу белгілеріне шағымданып келген, тамағы аздап ауырады. 2 күн бұрын ауырған, тамағының аздап ауырғанын сезген, дене қызуы 380С дейін көтерілген. Өз бетінше тамағын тұзбен шайған, жағдайы жақсармаған, тыныс алуы қиындап, даусы шықпай қалған. Қарап тексергенде, аңқасында орташа гиперемия, бадамша бездері гипертрофияланған, бадамша бездерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы қабырғасында тығыз жабындылар анықталады, алынуы қиын. Өкпесіндегі тынысы шулы, ТЖ минутына 21 рет. Диагнозыңыз:
a)+көмей дифтериясы
b) жедел тонзиллит
c) грипп
d) ботулизм
e) инфекциялық мононуклеоз
319. 20 жастағы ер адам. Ауруы біртіндеп басталған – тамағы жұтынғанда аздап ауырған, дене қызуы 37,5°С дейін көтерілген. Баспа деген диагноз қойылған. 5 күн бойы эритромицин ішкен. Жағдайы жақсармаған, дене қызуы 39°С көтерілген. Науқаста паратонзиллярлы абсцесс екен деп ЛОР-бөлімшесінде емделген. Қарап тексергенде: жұмсақ таңдайдың өзі, доғалары, бадамша бездері қызарған, тілшік ісінген. Екі бадамша безін сұр түсті жабынды басқан, қиын алынады, алынғанда астындағы шарашты қабаты қанайды, жабынды тығыз – шынымен езілмей.Сіздің диагнозыңыз?
а) баспа
b) паратонзиллярлы абсцесс
c)+дифтерия
d) Симановский-Венсен баспасы
e) аденовирусты инфекция
Жәншәу
320. Жәншәуға тән белгілердің үштігі:
а) гепатомегалия, диарея, бөртпе
b)+қызба, баспа, бөртпе
c) лимфаденопатия, баспа, бөртпе
d) қызба, метеоризм,бөртпе
e) сарғаю, баспа, интоксикация
321. 19 жастағы науқас, ауруханаға айқын улану белгілерімен түскен, дене қызуы 400С дейін көтерілген, тамағының ауруына шағымданады. Тыңертең сап сау болып отырып, ауырған, дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырған, кешке қарай денесінде бөртпелер пайда болған. Қарап тексергенде бетінің ауыз мұрын үшбұрышынан басқа жері, қызарған, мойнында, аяқ қолдың бүгілетін жерлерінде майда нүктелі бөртпелер анықталады. Жақ асты лимфа түйіні ұлғайған, пальпацияғанда аздап ауырады. Аңқада айқын қызару «от жалындары сияқты», бадамша бездері ұлғайған, жұмсақ таңдайда майда энантемалар. Сіздің диагнозыңыз:
а) лакунарлы баспа
b)+әншәу
c) инфекциялық мононуклеоз
d)қызылша
e) дифтерия
БСГҚ
322. БСГҚ кездесетін симптом:
А)+петехиалды бөртпе
Б) көк бауырдың ұлғаюы
В) бұлшықеттердің ауруы
Г) желке бұлшық еттердің регидтілігі
Д) сарғаю
323. БСГҚ болжама жағдайы деген диагноз жедел басталған ауыр түрде, қызбамен өтетін ауруда қойылады, қандай тағы белгі болу керек:
А) жүректің жедел жетіспеушілігі;
Б) өкпенің жедел жетіспеушілігі;
В)+бүйректің жедел жетіспеушілігі;
Г) бауырдың жедел жетіспеушілігі;
Д) жедел энцефалопатия.
324. Науқас жедел ауырған, дене қызуы жоғары, бел аймағы ауырады, олигоурия, петехиалды бөртпе. Сіздің болжама диагнозыңыз?
А)+БСГҚ;
Б) Омбылық геморрагиялық қызба;
В) Қрымдық геморрагиялық қызба;
Г) пиелонефрит;
Д) гломерулонефрит.
325. Науқаста олигуриялық кезеңіндегі БСГҚ. Осы кезеңде қандай клиникалық көріністер орын алады:
А) буындардың ауруы
Б) басының ауруы
В) жүрек маңындағы ауру сезім
Г)+белінің ауруы
Д) бұлшықеттердің ауруы
326. Науқаста БСГҚ көрінісі,көрсетілген ауру кезінде зәрдегі қандай өзгерістер байқалады:
А) лейкоцитурия;
Б)+протеинурия;
В) бактериурия;
Г) цилиндрурия;
Д) глюкозурия.
327. Науқаста БСГҚ диагнозы қойылды, негізгі диагнозды қандай клиникалық көріністер айқындайды:
А) басының ауруы
Б) құрғақ жөтел
В) диарея
Г) полиаденопатия
Д)+ полиурияға ауысатын олигурия
328. Бүйректік синдроммен өтетін геморрагиялық қызбаның инфекция көзі:
a)+кемірушілер
b) ірі қара мал
c) кіші қара мал
d) шошқалар
e) науқас адам
329. БСГҚ ауруы бар науқастын диурезі төмендеген, қанда азотты өзгерістер анықталады, науқаста қандай асқынулар дамыды:
А)+бүйректің жедел жетіспеушілігі
Б) іріңді менингит
В) бауырдың жедел жетіспеушілігі
Г) ішектің жараларының тесілуі
Д) паранефрит
330. Науқасқа БСГҚ диагнозы қойылған. Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораториялық зерттеу әдісі қажет.
А) микроскопиялық
Б) бактериологиялық
В)+серологиялық
Г) биологиялық
Д) инструментальдық
ҚКГҚ
331. Қрым-Конго геморрагиялық қызбасының ерекшелігі:
А) менингеалды синдром
Б) жоғары қазба
В) сарғаю синдромы
Г) респираторлы синдром
Д)+айқын геморрагиялық синдром
332. ҚКГҚ ауырған науқастарда кездесетін негізгі синдромды ата:
А) интоксикациялық;
Б) менингеалды;
В)+геморрагиялық;
Г) нефротикалық;
Д) эксикоз.
333. ҚКГҚ болжама жағдайы деген диагноз жағары қызбамен, ауыр түрде жүретін ауруда қойылады, тағыда қандай белгі болуы мүмкін:
А)+геморрагиялар;
Б) сарғаю;
В) құсу
Г) ішінің ауруы;
Д) диарея.
334. ҚКГҚ нақты жағдайына тән қауіп қатер факторы?
А) бүрге шағу;
Б)+кене шағу;
В) бит шағу;
Г) ашық су қоймасында шомылу;
Д) шөп ору;
335. Науқастың дене қызуы жоғары, айқын интоксикация дамыған, бірнеше рет мұрны қанаған, терісінде петехиялар. ҚКГҚ нақты жағдайына тән фактор?
А) шөп ору;
Б) ашық су қоймасында шомылу;
В) жерде топырақпен жұмыс істеу;
Г)+қой қырқу;
Д) тауға шығу.
336. Қырмдық гемооррагиялық қызбаның табиғи ошақтары бар Қазақстанның облысын атаңыз:
А) Алматы
Б) Ақтөбе
В) Маңғыстау
Г) Қарағанды
Д)+Оңтүстік Қазақстан
337. Науқасқа БСЖҚ ықтимал диагнозы қойылды,диагнозды дәлелдеу үшін қандай вирусқа қарсы арнайы антиденелер тобын анықтау керек:
А) IgA
Б)+IgM
В) IgG
Г) IgE
Д) IgA и IgG
338. Қырмдық гемооррагиялық қызбамен ауырған науқастарды кездесетін негізгі синдром?
А)+Геморрагиялық
Б) Интоксикациялық
В) Орталық нерв жүйесінің зақымдануы
Г) Бүйректің зақымдануы
Д) РЭЖ зақымдануы
339. ҚКГҚ қоздырғышы:
А)+вирус
Б) бактерия
В) қарапайым
Г) хламидия
Д) микоплазма
340. 33 жастағы еркек, 15 шілдеде ауырған, ауру жедел басталған, дене қызуы 39-400 С дейін көтерілген, басы ауырады, миялгия. Қарап тексергенде терісінде көп мөлшердегі петехиалды бөртпелер, бауыры ұлғайған. Мұрны қанаған, көфе тәрізді құсықпен құсқан, нәжісі қара. Болжама диагноз?
А) лептоспироз
Б)+геморрагиялық қызба
В) менингококцемия
Г) иерсиниоз
Д) Ку қызбасы
341. 33 жастағы еркекке «Қрым-Конго геморрагиялық қызбасы» деген болжама диагноз қойылған. Зерттеу жоспарына кіруі қажет әдіс:
А) КБР
Б)+ИФА
В) ТГАР
Г) Видаль реакциясы
Д) микроагглютинация реакциясы
342. 45 жастағы еркек, АҚИ лабораториясының жұмыскері, жедел дене қызуы көтеріліп, қалтырап ауырған. Аурғанына 3 күн болғанда терісінде геморрагиялар пайда болады, мұрнынан, қызыл иектен қан кетеді, белі ауырып, гематурия байқалады.
Нақты диагноз:
А) Ку қызбасы
Б) лептоспироз
В)+геморрагиялық қызба
Г) грипп
Д) бөртпе сүзегі
343. Лабораториялық-этиологиялық зерттеу үшін ҚКГҚ- мен ауырған науқастардан қандай материал жинау керек:
a.+Қан
b. Зәр
c. Жұтқыншақ жағындысы
d. Қақырық
e. Жұлын-ми сұйықтығы
Ку –қызбасы
344. «Қу қызбасы» диагнозын қоюда негізгі шешуші мәлімет:
a) клиникалық мәліметтер
b) өкпенің R-графиялық мәліметтер
c)+серологиялық зерттеудің қортындысы
d) бактериологилық зерттеудің қортындысы
e) оң гемокультура
345. Қу-қызбасын емдеуде қолданылатын этиотропты препарат:
a) ципрофлоксацин
b) бисептол
c)+доксициклин
d) клафоран
e) ампиокс
346. Қу-қызбасында тыныс алу жүйесінің зақымдалу сипаттамасына:
a) өкпе ісінуі
b) іріңді пневмония
c) геморрагиялық пневмония
d) медиастиналық лимфаденит
e)+спецификалық интерстициальды пневмония
347. Қу-қызбасының фебрильді формасының ұзақтығы:
a) 3 күн
b) 5 күн
c)+7-10 күн
d)10-14 күн
e) более 14 күн
348. Ұзақ қызба, көз айналасының ауруы, гепатолиенальды синдром, қалтырау, тершеңдік, құрғақ жөтел қандай ауруға тән?
a) оба
b)сібір жарасы
c) бруцеллез
d) иерсиниоз
e)+Қу-қызбасы
349. Науқас әйел 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба, дене қызуы қалтыраумен бірге жүреді, тершеңдік, артралгия және миалгия, гепатолиенальный синдром байқалады.. Антиген антидене титры R. Burnetti1: 32.
Сіздің болжама диагнозыңыз:
a) иерсиниоз
b)сібір жарасы
c) бруцеллез
d)+Ку-қызбасы
е) лептоспироз
350. Науқас әйел 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба,дене қызуы қалтыраумен бірге жүреді, тершеңдік, артралгия және миалгия. гепатолиенальный синдром байқалады.. Антиген антидене титры R. Burnetti1: 32.
Қандай этиотропты дәрі тағайындайсыз:
a) пенициллин
b)+доксициклин
c) ампициллин
d) цефазолин
е) сульфален
351. Науқас әйел 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба,дене қызуы қалтыраумен бірге жүреді, тершеңдік, артралгия және миалгия. гепатолиенальный синдром байқалады.. Антиген антидене титры R. Burnetti1: 32. Этиотропты препарат докцициклин тағайындалған.
Препараттың күндік мөлшерін анықтаңыз:
a) 1,0
b)0,5
c) 2,0
d)+0,2
е) 0,1
352. Науқас әйел 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба,дене қызуы қалтыраумен бірге жүреді, тершеңдік, артралгия және миалгия. гепатолиенальный синдром байқалады.. Антиген антидене титры R. Burnetti1: 32.
Клиникалық диагнозды қандай серологиялық реакция дәлелдейді.
a) КБР провачек риккетциясымен
+b)КБР Бернет риккетсиясымен
c) Хеддельсон реакциясы
d) іш сүзегінің антигенімен ТЕАР
е) Видаль реакциясы
353. Науқас әйел 45 жаста, сауыншы болып жұмыс істейді, ауруының 7-ші күні түсті. Жоғарғы қызба,дене қызуы қалтыраумен бірге жүреді, тершеңдік, артралгия және миалгия. гепатолиенальды синдром байқалады. Зоонозды инфекцияға болжамдалды. Тағайындалған кешенді емге қарамастан, госпитализацияның 3-ші күнінде жоғарыда айтылған клиникалық симптомдар сақталды.
Тағайындалған емдегі қателікті тап:
a) глюкоза 5%-500 мл в/в тамшылатып
b) трисоль 500 мл в/в тамшылатып
c)+пенициллин 6 млн/сут в/м
d) аскорбин қышқылы 5%-5,0 в/в
е) баралгин 5,0 в/м
354. Ер адам, 27 жаста, ауырғанына 9 күн болды, ауру жедел қалтыраумен басталды, дене температурасы 39-400С, жалпы әлсіздік, қатты бас ауру байқалды. Жиі қайнатылмаған сүт ішкен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Бөртпе жоқ. Есі анық. Т- 38˚С. Пульс 60 рет минутына.Өкпесінде – қатаң дыбыс, сырыл жоқ. Гепатоспленомегалия. Нәжісі қалыпты. Қандай ауру туралы бірінші кезекте ойлау керек?
a) іш сүзегі
b)+Қу қызбасы
c) бөртпе сүзегі
d) грипп
e) менингококкты инфекция
355. Ер адам, 50 жаста, мал шаруашылығымен айналысады. Ауруының 2 ші күні ауруханаға госпитализациялаланды. Ауру жедел басталды: жоғары қызбамен, ретроорбиталді ауру сезімімен, құрғақ жөтелмен, әлсіздікпен, тершеңдікпен, миалгия және артралгиямен. Бет гиперемияланаған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс. Бауыр 2 см ұлғайған. Ең ықтимал диагноз? а) грипп
b) Іш сүзегі
c)+Қу-қызбасы
d) бруцеллез
e) малярия
356. Ер адам, 25 жаста, Іле өзенінің жағасында практикада болғанда шомылған және қайнатылмаған су ішкен. Ауруханаға ауырғаннан кейін 10-ші күні түскен, есі анық бірақ енжар. Бас ауруы, температураның жоғарылауы 400С, айқын тершеңдік, құрғақ жөтел мазалайды. Өкпеде шашыранды құрғақ сырылдар бар. Бауыр пальпациялағанда 1см ұлғайған. Бөртпе жоқ. Сіздің болжама диагнозыңыз?
а) бөртпе сүзегі
b) іш сүзегі
c) лептоспироз
d)+Қу-қызба
e) орнитоз
357. Әйел адам, 30 жаста, сауыншы, 3 ай бұрын белгісіз қызбасы бар аурумен ауырған және құрғақ жөтел, бастың маңдай бөлігінің ауруы, тершеңдік байқалған. Суық тию симптомдарымен күдіктеніп, үйде емделген. Жұмысқа қабілетінің төмендеуіне және тершеңдігіне байланысты невропотологқа қаралған. Қандай зоонозды ауру туралы ойлауға болады?
а) бруцеллез
b) листериоз
c)+Қу-қызбасы
d) лептоспироз
e) токсоплазмоз
358. Қу-қызбасы кезіндегі клиникалық көрісінің пайда болу дәрежесінің айқындылығы байланысты:
а) мезгілдік
b)+зақымдалу механизмі
c) инфекция көзі
d) жастық ерекшелік
e) профессионалді сипаттама
359. Ер адам, 50 жаста, мал шаруашылығымен айналысады. Ауруының 2-ші күні ауруханаға госпитализацияланады. Ауруы жедел басталды: жоғары қызба, құрғақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік, миалгия және артралгия. Бет гиперемияланған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлық тыныс. Бауыр 2 см. ұлғайған. Осы науқасқа Қу-қызбасының қандай клиникалық формасы дамыды?
а) Типтік (фебрилді) b)+Бронхопневманиялық c) Тиф тәрізді d) Бруцеллезді e) Жүйкелік (менингоэнцефалиттік)
360. Әйел адам, 42 жаста, ауруының 5 күні стационарға мына шағымдармен түсті: қызба, бас ауру, бұлшық ет ауруы, қалтырау мен тершеңдіктің кезектесуі. Гепатолиеналді синдром, жүрек тонының әлсізденуі, салыстырмалы брадикардия.
Зоонозды инфекцияны дәлелдеуге қандай зерттеулерді тағайындау керек?
a) Бернет рикетсияларымен КБР.
B)қанның жұқа жағындысы және қалың тамшысы.
c) жалпы қан анализі
d) қанды стерилдікке себу
e) жалпы зәр анализі
361. Ер адам, 50 жаста, мал шаруашылығымен айналысады. Ауырғаннан кейін 2-ші күні госпитализацияланды. Ауруы жедел басталды: жоғары қызбамен, құрқақ жөтел, әлсіздік, тершеңдік, миалгия және артралгиямен. Беті гиперемияланған, бөртпе жоқ. Өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс. Бауыр 2 см ұлғайған. Бруцеллезге күдік туды. Қандай аурулармен бірінші кезекте салыстыру керек?
а) грипп
b) орнитоз
c) іш сүзегі d)+Ку-қызбасы e) ішектік иерсиниоз
Бөртпе сүзегі.
362. Эпидемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышын тасымалдаушысын атаңыз
a) бүрге
b) қандала
c) маса
d)+дене биттері
e) кенелер
363. Эпидемиялық бөртпе сүзегінің патогенезіндегі негізгі бағыт:
а)+қан тамырларының зақымдануы
b) мидың жұмсақ қабатының зақымдануы
c) асқазан-ішек жолдарының зақымдануы
d) тірек-қимыл аппаратының зақымдануы
e) ішектің лимфа аппаратының зақымдануы
364. Эпидемиялық бөртпе сүзегінде бөртпе қашан пайда болады:
а) 1-3 күні
b)+4-6 күні
c) 7-10 күні
d) 11-12 күні
e) 13-15 күні
365. Эпидемиялық бөртпе сүзегінде кездесетін бөртпе түрі::
а) папулезды
b) розеолезды
c) розеолездң-папулезді
d)+розеолезді-петехиалды
e) папулезды-геморрагиялық
366. Эпидемиялық бөртпе сүзегінде дамитын асқыну:
а) пневмония
b)+тромбофлебит
c) гиповолемиялық шок
d) ішектен қан кету
e) бүйректің жедел жетіспеушілігі
367. Эпидемиялық бөртпе сүзегі кезінде қолданылатын зерттеу әдісі:
а) Райта реакциясы
b) биологичиялық сынама
c)+ комкомплемент байланыстыру реакциясы
d) теріішілік аллергиялық сынама
e) қоздырғыштың дақылын қаннан бөлу
368. Эпидемиялық бөртпе сүзегін емдеуде қолданылатын дәрі:
а) амикацин
b) пенициллин
c) цефтриаксон
d) азитромицин
e)+доксициклин
369. Эпидемиялық бөртпе сүзегінде антибактериалды ем қанша күнге созылады:
а)+дене қызуы қалыпты болғаннан кейін 2 күн
b) дене қызуы қалыпты болғаннан кейін 10 күн
c) ауруханада жатқанына 25 күн болғанда
d) ауруханада жатқанына 10 күн болғанда
e) ауруының 25 күніне дейін
370. Брилль-Цинссер ауруы қандай аурудың рецидиві:
а) хламидиоз
b) спирохетоз
c) Ку кызбасы
d) жүйелі боррелиоз
e)+эпидемиялық бөртпе сүзегі
371. Бөртпе сүзегінде кездесетін асқыну:
а) сепсис
b)+менингоэнцефалит
c) гиповолемиялық шок
d) бауырдың жедел энцефалопатиясы
e) жүрек жетіспеушілігі
372. Аталған белгілердің қайсысы эпидемиялық бөртпе сүзегінде кездеседі:
а) Мурсон
b) Падалки
c) Воскресенский
d)+Киари-Авцын
e) Щеткин-Блюмберг
373. Эпидемиялық бөртпе сүзегінде орын алатын бульбарлы өзгерістер
а) афония
b)+тілдің девиациясы
c) даусының мыңғырлап шығуы
d) көруінің нашарлауы
e) қаңқа бұлшық еттерінің параличі
374. Эпидемиялық бөртпе сүзегінің өршу кезеңінің басты белгісі:
а) басының ауруы
b) жоғары қызба
c) айқын әлсіздік
d) менингеалды белгілер
e)+розеолезды-петехиалды бөртпе
375. Эпидемиялық бөртпе сүзегі кезінде қан тамырдағы өзгерістер қай ағзада жиірек кездеседі а)+бас миында
b) бүйрек үсті безінде
c) бауырда
d) өкпеде
e) бүйректе
376. Эпидемиялық бөртпе сүзегінде гиперемия дененің қай жерінде кездеседі:
а) қол мен аяқ бастарында
b) денеде
c) алақанда
d) арқасында
e)+бетінде
377. Бөртпе сүзегінде кездесетін белгі:
a)+Говоров-Годелье:
b) Падалка
c) Штернберг
d) Щеткин-Блюмберг
e) Коплик-Бельский симптомы
378. Бөртпе сүзегінде қолданылатын әдіс:
a) қанды егу
b) нәжісті егу
c) АР
d)+КБР
e) өтті егу
379. Бөртпе сүзегінің негізгі белгілері:
a)+қызба, бөртпе
b) ішінің ауруы, диарея
c) жұрегінің айнуы, құсу
d) енжарлық
e) буындарының ауруы
380. Бөртпе сүзегі кезіндегі температуралық қисықтың түрі:
a)+толқын тәрізді
b) гектикалық
c) қайтымды
d) тұрақты
e) бұрмаланған
381. Бриль ауруы дегеніміз не:
a) эпидемиялық бөртпе сүзегі
b) созылмалы бруцеллез
c)+бөртпе сүзегінің рецидиві
d) іш сүзегінің рецидиві
e) псевдотуберкуллез
382. Қай ауруда инфекциялық үрдістің бірінші звеносы болмайды:
a) бөртпе сүзегі
b) бруцеллез
c) иерсиниоз
d)+ Брилл ауруы
e) лептоспироз
383. Бөртпе сүзегінде қандай үрдіс дамиды:
a)+пантромбоваскулит
b) мезаденит
c) лимфоаденит
d) лимфангит
e) периаденит
384. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы:
a) бактерия
b) вирус
c)+риккетсия
d) хламидия
e) қарапайымдар
385. Бөртпе сүзегінде қандай маусымдылық байқалады:
a)+қыс-көктем
b) көктем
c) күз-қыс
d) көктем-жаз
e) жаз
386. Киари-Авцын симптомы қалай көрінеді:
a) илеоцекалды аймақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы
b)+конъюнктивадағы энантема
c) ауыз қуысының шырышты қабатындағы энантема
d) басын еңкеткенде желке тұсындағы ауру сезімі
e) қасағаға басқанда ішінің төмен жағының ауруы
387. Бөртпе сүзегіндегі Status tiphosus көрінісі:
a) басының айналуы
b) ұйқышылдық
c) енжарлық
d)+эйфория
e) көз алдында тор тұрғандай сезім
388. Бөртпе сүзегінде бас миы мен сопақша мидың зақымдануларының көріністері
a) Киари-Авцын симтомы
b) Розенберг симтомы
c) Падалка симтомы
d)+ Говоров-Годелье симтомы
e) Уотерхауз-Фридериксен симтомы
389. Бөртпе сүзегінде гемограммада байқалатын өзгеріс:
a)+аздаған нейтрофильді лейкоцитоз
b) лейкопения
c) лимфопения
d) лимфоцитоз
e) ЭТЖ тежелуі
390. Брилль ауруының асқынуы:
a) гиповолемиялық шок
b)+тромбофлебиттер
c) ТШҚҰ синдромы
d) асқазан-ішек жолдарынан қан кету
e) артриттер
391. Бөртпе сүзегін өршу кезеңде қандай аурудан ажырату керек:
a)+іш сүзегі
b) грипп
c) бруцеллез
d) дизентерия
e) сальмонеллез
392. Бөртпе сүзегінің патогенезінің негізгі звеносы:
a) бактериемия
b)+капилляротоксикоз
c) вирусемия
d) панваскулит
e) токсинемия
Оба
393. Обаның бубонды түріне тән симптом:
а) лимфангоит
b) жайылмалы ісік
c)+айқын ауырсыну
d) ауырсынудың болмауы
e) айналасындағы тіндермен жабыспаған
394. Науқасқа «Оба, бубонды түрі» диагнозы қойлыған. Обалық бубонға тән белгілер:
a)+көлемді, қатты ауырсынатын бубон, периаденит
b) біріңғай, ауырмайтын орташа көлемді бубон, периаденит
c) ауырмайтын, орташа көлемді бубон, лимфангоит
d) көлемді, қатты ауырсынатын бубон, периаденит
e) ауырмайтын, көлемді бубон, периаденит, лимфангоит
395. Обаның спорадикалық түрінің инфекция көзі:
a) адам
b)+кемірушілер
c) кіші қара мал
d) ірі қара мал
e) құстар
396. Эпидемиялық обаның инфекция көзі:
a)+адам
b) кемірушілер
c) кіші қара мал
d) ірі қара мал
e) құстар
397. Обаның біріншілік – өкпелік түрін екіншілік – өкпелік түрінен ажырататын белгі:
a)+бубонның болуы
b) қызба
c) интоксикация
d) жөтел
e) қан аралас қақырық
398. Науқасқа «Оба, бубонды түрі» диагнозы қойылған. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?
a) бөртпе сүзегінен
b)+туляремиядан
c) дизентериядан
d) тырсқақтан
e) ботулизмнен
399. Обаның бубонды түрін туляремияның бубонды түрінен ажырататын белгі:
a) қызба
b) әлсіздік
c) регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы
d)+бубонның қатты ауруы
e) аздап ауыратын бубон
400. Қызбамен, баспамен, бубонмен, пневмониямен, гепатолиенальді синдроммен өтетін ауру:
a)+оба
b) туберкулез
c) менингококкты инфекция
d) стафилококкты инфекция
e) иерсиниоздар
401. Науқасқа «Оба» диагнозы қойылған. Қандай асқыну дамуы мүмкін?
a) ҚШҰ-синдромы
b)+инфекция-токсикалық шок
c) гиповолемиялық шок
d) бүйректің жедел жетіспеушілігі
e) бауырдың жедел жетіспеушілігі
402. Жұқпалы аурулар ауруханасында «Оба» диагнозымен науқас жатыр. Диагнозға тән гемограмма өзгеірстері:
a) лейкопения, формулланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы
b)+лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы
c) анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылау
d) эозинофилия, моноцитоз, ЭТЖ жоғарылау
e) атипті монноуклеарлар
403. Қандай ауру < 100 форма > деп белгіленеді
a) туляремия
b) тырысқақ
c)+оба
d) пастереллез
e) иерсиниоз
404. 47 жастағы әйел, шопанның көмекшісі ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен, есі анық емес, терісі қызарған, сол қолының басында іріңді – геморрагиялық бөлінулері бар үш жара анықталады, жаралары ауырады, сол жақ қолтық астында қатты ауыратын, тығыз, қозғалмайтын бубон анықталады. Сіздің диагнозыңыз?
a) Пастереллез
b) Туляремия
c) Сібір жарасы
d) Листериоз
e)+Оба
405. 47 жастағы әйел, шопанның көмекшісі ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен, есі анық емес, терісі қызарған, сол қолының басында іріңді – геморрагиялық бөлінулері бар үш жара анықталады, жаралары ауырады, сол жақ қолтық астында қатты ауыратын, тығыз, қозғалмайтын бубон анықталады. Қандай дәрі тағайындаған жөн?
a)+ципрофлоксацин
b) полимиксин
c) фуразолидон
d) ремантодин
e) интерферон
406. 56 жастағы еркек, жол тарабында жұмыс істейтін жұмысшы, Атырау облысынан, жедел ауырған, қалтырап – дірілдеп дене қызуы 390С дейін көтерілген; сол жақ шап аймағында ауру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, жөттелгенде көпіршікті қақырық тастайды, өкпесін тыңдағанда ылғалды ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Шап аймағында қатты ауыратын, тығыз, қозғалмайтын конгламерат анықталады, оның үстіндегі тері қызарған. Клиникалық диагноз қой?
a)+оба
b) туляремия
c) пастереллез
d) іріңді сепсис
e) стафилококкты лимфаденит
407. 15 жастағы қыз,Атырау обласының жайлауында болғанда ауырған. Ауру ішінің ауруымен, құсудан басталған, дене қызуы 390С дейін көтерілген. Кейіннен шырыш және қан аралас сұйық нәжіс пайда болған. Бір тәуліктен кейін – жағдайы ауыр, ес түссіз, температурасы 36, 70С; құсығы мен нәжісі қан аралас, жөтелгенде қан аралас көпіршікті қақырық тастайды. Бірнеше сағаттан кейін есіне келмей қыз қайтыс болған. Сіздің болжама диагнозыңыз?
a) тырысқақ
b)+оба
c) сепсис
d) геморрагиялық қызба
e) дизентерия
408. 40 жастағы еркек, геолог. Жедел ауырған: қалтырап, дене қызуы жоғарылаған, басы ауырады. Сол жақ шап аймағындағы қатты ауру сезімінен төсекте арнайы жағдайда жатыр. Қарап тексергенде – сол жжақ шап аймағында қатты ауыратын бубон анықталады, шекаралары айқын емес, теріге жабысқан. Аяқ басы мен балтырларын бүрге шаққан, оны қасыған іздер анықталады.Сіздің диагнозыңыз?
a) Іш сүзегі
b) лимфогранулематоз
c) бруцеллез
d)+оба
e) туляремия
409. 62 жастағы, шопан, ауырғанына үш күн болғанда ауруханаға келіп түскен. Дене қызуы 390С, басы ауырады, әлсіз. Науқас сылбыр, есі анық емес. Шап аймағында қатты ауыратын, тығыз, бір – біріне жабысқан лимфа түйіндерінің конгломераты анықталады, ол жергілікті тіндермен жабысқан, ісінген, үстіндегі терісі қызарған. Сіздің диагнозыңыз?
a) туляремия
b) сібір жарасы
c) лейшманиоз
d) лимфогранулематоз
e)+оба
410. Науқас жедел қазан айында ауырған: дене қызуы көтеріліп, басы ауырған, әлсіздік дамыған. Екі күн бұрын оңтүстік Балхаш аймағына аң аулауға барған, онда қоянды атып, өңдеген. Қарап тексергенде жағдай ауыр, сол жақ қолтық астында ұлғайған лимфа түйіндерінен құралған когломерат анықталады, қатты ауырады, тығыз, қозғалмайды, үстіндегі терісі ыстық, қызарған. Сол жақ саусақтарында жарақаттар байқалады. Сіздің нақты диагнозыңыз?
a) Сібір жарасы
b) Туляремия
c) Иерсиниоз
d)+Оба.
e) Тырысқақ.
411. «Оба, бубонды түрі» деген болжама диагноз қойылған науқасқа болжама оба деген диагноз қай жағдайда қойылады:
a) қайнамаған су ішкенде;
b) шикі сүт ішкенде;
c) малға қараса;
d) ашық су қоймаларына шомылса;
e)+кемірушілермен контактіде болса.
412. Қазақстанның қай облысында обаның табиғи ошақтары бар
a)+Маңғыстау
b) Қостанай
c) Павлодар
d) Шығыс Қазақстан
e) Солтүстік Қазақстан
413. Науқаста айқын интоксикация, дене қызуы жоғары, сол жақ шап аймағында ұлғайған, қатты ауыратын, қозғалмайтын лимфа түйіні анықталады, үстіндегі терісі қызарған. Сіздің болжама диагнозыңыз?
a) лимфогрануломатоз;
b) инфекциялық мононуклеоз;
c)+оба;
d) туляремия;
e) сібір жарасы.
414. Обаның қандай түрі тек қана екіншілік-ошақты болуы мүмкін:
a) Ангинозды
b) Абдоминалдық
c) Бубондық
d)+Менингоэнцефалиттік
e) Пневмониялық
415. Обаның ауа- тамшылы жұғу жолында қандай формасы анықталады
a)+Пневмониялық
b) Бубондық
c) Біріншілік -жайылмалы
d) Ангинозды
e) Абдоминальді
416. Обаның алиментарлы жұғу жолында қандай түрі дамиды:
a) Пневмониялық
b) Бубондық
c) Біріншілік- жайылмалы
d) Ангинозды
e)+Абдоминальді
417. Обаның трансмиссивті жұғу жолында келесі форма байқалады
a) Пневмониялық
b)+Бубондық
c) Біріншілік -жайылмалы
d) Ангинозды
e) Абдоминальді
418. Обаның контактті (жарақатты) жұғу жолында келесі форма дамиды
a) Пневмониялық
b)+Терілік
c) Біріншілік -жайылмалы
d) Ангинозды
e) Абдоминальді
419. Оба ауруы трансмиссивті жолмен жұққанда бубонның жиі аймағы:
a) Қолтық асты
b) Шынтақ
c)+Шапта
d) Мойында
e) Құрсақ қуысында
420. Оба ауруы контактты жолмен жұққанда бубонның орналасатын аймағы:
a)+Қолтық асты
b) Шынтақ
c) Шапта
d) Мойында
e) Құрсақ қуысында
421. Обаның екіншілік-жайылмалы түрі немен көрінеді:
a) Тек біріншілік қабыну ошағымен
b) Біріншілік ошақтық пен региональды көріністерімен
c)+Екіншілік ошақтармен
d) Қабыну ошағының болмауымен
e) Ошақтардың көпшілігімен
422. Обаның септикалық түрі қалай көрінеді:
a) Тек біріншілік қабыну ошағымен
b) Біріншілік ошақтық пен региональды көріністерімен
c) ошақтармен
d) Қабыну ошағының болмауымен
e)+Ошақтардың көпшілігімен
423. Обаның баспалық түрі қалай көрінеді:
a) Тек іріңді-некротикалық баспа түрінде
b)+Баспа мен мойындық лимфадениттік (бубонды) түрінде
c) Үрдістің жайылуымен
d) Қабыну ошағының болмауымен
e) Ошақтардың көпшілігімен
424. Обаның баспалық (бубон) түріндегі аймақтық көріністердің дамуы:
a) Қолтық асты аймағында
b) Шынтақ аймағында
c) Шап аймағында
d)+Мойын аймағында
e) Құрсақ қуысында
425. Обаның абдоминальды (бубон) түріндегі аймақтық көріністердің дамуы:
a) Қолтық асты аймағында
b) Шынтақ аймағында
c) Шап аймағында
d) Мойын аймағында
e)+Құрсақ қуысында (мезентериальді түйіндер)
426. Обаның пневмониялық (бубон) түріндегі аймақтық көріністердің дамуы:
a) Қолтық асты аймағында
b) Шынтақ аймағында
c) Шап аймағында
d) Мойын аймағында
e)+Медиастеналды аймақта
427. Обадағы аяқтардың біріншілік терілік афектісінде бубонның пайда болуы қай жерде байқалады:
a) Қолтық асты аймағында
b) Мойын аймағында
c) Мезентериальды лимфа түйіндер
d)+Шап аймағында
e) Шынтақ аймағында
428. Обаның терілік түрінің туялремиядан негізгі клиникалық ажырату белгісі:
a) Температураның болуы
b) Лимфадениттің болуы
c) Іріңді-геморагиялық бөлінділермен терең язваның болуы
d) Мойындық бубонның болуы
e)+Аймақтық бубон және интоксикация, шоктын болуы
429. Терілік-бубонды обаның диагнозына қарсы белгі:
a) 38-ден жоғары температура
b) Бубонның болуы
c) Айқын интоксикация
d)+Лимфангит
e) Біріншілік терілік афект
430. Пневмониялық обаның диагнозына қарсы белгі:
a) 38 ден жоғары температура
b) Пневмонияның болуы
c) Айқын интоксикация
d)+Қансыз қақырық
e) Перибронхиальды лимфа түйіндердің ұлғаюы
431. Абдоминальды обаның диагнозына қарсы белгі:
a)+Қалыпты температура
b) Іштегі ауру сезімі
c) Айқын интоксикация
d) Нәжістегі қан
e) Мезентериальды лимфа түйіндердің ұлғаюы
432. Баспалы обаның диагнозына қарсы белгі:
a) 38 ден жоғары температура
b) Іріңді-некрозды баспаның болуы
c) Айқын интоксикация
d) Шок
e)+Мойындық лимфадениттің болмауы (бубонның)
433. Обада қандай лабораторлық –этиологиялық әдіс диагнозды дәлелдейді:
a)+Бактериологиялық әдіс
b) Микроскопиялық
c) Люминесцентті –микроскопиялық
d) Аллергологиялық
e) Биохимиялық
434. Обада қандай лабораторлық –этиологиялық әдіс сезімтал және спецификалық болып келеді:
a) Бактериологиялық әдіс
b) Микроскопиялық
c) Люминесцентті –микроскопиялық
d) Серологиялық әдіс
e)+ПТР
435. Қандай лабораторлық –этиологиялық әдіс обаның мүмкін жағдайларын анықтайды:
a) Бактериологиялық әдіс
b)+Микроскопиялық
c) Серологиялық әдіс
d) ПТР
e) Биосынама
436. Оба кезінде дамитын қандай шок:
a) геморрагиялық
b)+инфекция-токсикалық шок
c) анафилактикалық шок
d) ауру сезімдік
e) жарақаттық
Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1481 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
|