АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Менингококкты инфекция-

268. Менингококкты менингитте кездесетін симптом:

а) қызба, геморрагиялық бөртпе, естен тану

b)+қызба, бас ауруы, құсу

c) жеңілдік әкелетін құсу

d) қызба, бас ауруы, геморрагиялық бөртпе

e) қызба,бас ауруы, сұйық дәрет

269. Менингококкты менингитте жұлын сұйықтығындағы цитоз:

а) лимфоцитарлы плеоцитоз

b) аралас плеоцитоз

c) жұлын сұйықтығында өзгерген эритроциттердің болуы

d)+нейтрофильді плеоцитоз

e) жұлын сұйықтығында өзгермеген эритроциттердің болуы

270. Бас миының ісінуін көрсететін ерте симптом:

а)+тырысулар

b) тахикардия

c) гипотония

d) брадикардия

e) естен тану

271. Менингококкты менингоэнцефалиттің айырықша клиникалық көрінісі:

а) менингеальды синдром

b) қызба

c)+естен тану

d) бас ауруы

e) геморрагиялық бөртпе

272. Менингококкцемиияның айырықша клиникалық көрінісі:

а) менингеальды синдром

b)+геморрагиялық бөртпе

c) қызба

d) бас ауруы

e) естен тану

273. Қыз бала, 16 жаста, лицейде оқиды. Емханаға ауруының 1-ші күні түсті. Басталуы жедел, дене қызуының 40°С-қа дейін жоғарлауы, бастың қатты ауру сезімі, жеңілдік әкелмейтін құсу мазалайды. Түскен кезде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа әсері бар. Шүйде бұлшық етінің региттілігі айқын байқалады, Кернинг симптомы оң. Жалпы гиперестезия. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек ырғағы тұйықталған, пульс 130 рет мин., АҚ – 100/50 мм.рт.ст.

Менингококкты инфекцияның қандай формасы туралы ойлауға болады?

а)+ менингококкты инфекция, менингококты менингит

b) менингококкты инфекция, менингококкцемия + менингоэнцефалит

c) менингококкты инфекция, менингококкцемия

d) менингококкты инфекция, менингококкцемия+ менингит

e менингококкты инфекция, менингококкты менингоэнцефалит

274. Ер адам., 20 жаста, жедел ауырған: дене қызуы - 40°С дейін жоғарлауы, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа мен аяқтың бұлшық еттердегі ауру сезімі. Келесі күні жамбаста, тізеде, аяқта геморрагиялық бөртпе пайда болды. Тері қабаты бозғылт. Шүйде бұлшық етінің ригидтілігі байқалады. АҚ 90/60 мм рт.ст., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейк. – 20 х109 /л., лейкоформуланың миелоциттерге дейін, солға ығысуы. Жұлын сұйықтығында: түсі бұлыңғыр, ағуы қысыммен, Панди реакциясы (+++), нейтрофилді цитоз.

Менингококкты инфекцияның қандай формасы туралы ойлауға болады?

а) менингококкты инфекция, менингококкты менингит

b) менингококкты инфекция, менингококкты менингоэнцефалит

c) менингококкты инфекция, менингококкцемия

d)+менингококкты инфекция, менингококкцемия+ менингит

e) менингококкты инфекция, менингококкцемия+ менингоэнцефалит

275. Бозбала, 16 жаста,ауру басталуынан 7 сағаттан кейін ауыр жағдайда түсті. Басталуы жедел қызбамен, бас ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С дейін жоғарлады. 4 сағаттан кейін тері қабатында геморрагиялық бөртпе пайда болды. Түскен кезде температура сы 36,50С, ентігу, цианоз, қимыл-қозғалысының қозуы, жіп тәрізді пульс,АҚ 60/40 мм. рт. ст.

Менингококкты инфекцияның қандай формасы туралы ойлауға болады?

а) менингококкты инфекция, менингококкты менингит

b) менингококкты инфекция, менингококкты менингоэнцефалит

c)+менингококкты инфекция, менингококкцемия

d) менингококкты инфекция, менингококкцемия+ менингит

e) менингококкты инфекция, менингококкцемия+ менингоэнцефалит

276. Бозбала, 16 жаста,ауру басталуынан 7 сағаттан кейін ауыр жағдайда түсті. Басталуы жедел қызбамен, бас ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С дейін жоғарлады, 4 сағаттан кейін тері қабатында геморрагиялық бөртпе пайда болды. Түскен кезде температура сы 36,50С, ентігу, цианоз, қимыл-қозғалысының қозуы, жіп тәрізді пульс,АҚ 60/40 мм. рт. ст.

Менингококктыин инфекцияның қандай асқынуы туралы ойлауға болады?

а) ТШҚҰ-синдромы

b) сепсис

c) бас миының ісінуі

d) Уотерхаузен – Фридриксен синдромы

e)+инфекционды-токсикалық шок

277. Әйел адам, 30 жаста.Шағымы: субфебрильді температура, әлсіздік,тамақтың жыбырлауы. Объективті: тері қабаты таза, мұрын қуысынан серозды-іріңді бөліндінің бөлінуі,жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығының гиперемиясы және фолликуласының гипертрофиясы. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жүргізілуі керек?

а) қанды бактериологиялық зерттеу

b) люмбальды пункция

c) ларингоскопия

d)+мұрын-жұтқыншақ шырышын бактериологиялық тексеру

e) мұрын қуысының қосымша қойнауының рентгенографиясы

278. Менингококкты назофарингитте кездесетін клиникалық көрініс?

а) бадамша безінің гипертрофиясы және гиперемиясы, іріңді жабындымен жабылуы

b) бадамша безінің гиперемиясы және гипертрофиясы

c)+жұтқыншақтың артқы қабырғасының фолликуласының гиперемиясы және іріңді жабындымен

жабылуы

d) жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы қан құйылулармен жүруі

e) бадамша безінің гипертрофиясы және фибринозды жабындымен жабылуы

279. Менингококкцемияда кездесетін синдромдар:

а) менингеальды және геморраялық

b) интоксикациалық және менингеальды

c) интоксикациалық және катаральды

d)+интоксикацалық және геморрагиялық

e) геморрагиялық және катаральды

280. Науқаста қызба, бас ауруы, құсу және менингеальды симптомдар оң болды. Сіздің іс-әрекетініз:

а) антибактериальды терапия жүргізу

b) қызуды түсіретін дәрілерді тағайындау

c) гормондарды тағайындау

d) бас миын рентгенологиялық тексеру

e)+жұлын сұйықтығын зерттеу

281. Менингококкты инфекцияның генерализацияланған формасында энцефалитке күдік туғанда қандай симптом арқылы білуге болады?

а) қатты бас ауруы және құсу

b) жоғары қызба

c) менингеальды симптомның оң болуы

d)+бас миы нервысының зақымдануы

e) геморрагиялық бөртпе

282. Уотерхаузен – Фридриксен синдромы менингоккокты инфекцияның қай формасында кездеседі:

а) менингококконосительстве

b) остромназофарингите

c) менингите

d) менингоэнцефалитm

e)+менингококкцемии

283. Менингококкты менингиті бар науқастан бактериологиялық зерттеу үшін қандай материал алу қажет:

а) қан, бөртпе элементінен жағынды

b) жұлын сұйықтығы

c)+мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан, ликвор

d) мұрын-жұтқыншақтан жағынды, бөртпе элементі, ликвор

e) ликвор, қан

284. Менингококкты менингиттің спецификалық асқынуы:

а) ТШҚҰ-синдром

b) жедел бүйрек жетіспеушілігі

c)+бас миынын ісінуі

d) жедел тыныс жетіспеушілігі

e) инфекциялық-токсикалық шок

285. Менингококкцемия патогенезінің негізгі көрінісі:

а)+тамыр зақымдалуы

b) бүйрек зақымдалуы

c) ми ісінуі

d) миокард зақымдалуы

e) мидың жұмсақ қабатының іріңді қабынуы

286. Менингококкты менингит патогенезінің негізгі көрінісі:

а) ми ісінуі

b) бүйрек зақымдалуы

c) тамыр зақымдалуы

d)+мидың жұмсақ қабатының іріңді қабынуы

e) миокард зақымдалуы

287. Менингококкцемияда кездесетін типтік экзантема:

а) көлемді, петехиялы

b) көлемді, дақты, айқын

c)+геморрагиялық, некрозға ұшырауға бейім

d) пустулезді-геморрагиялық

e) уртикарлы

288. Менингококкты инфекцияның ошақты формасына жатады:

а) менингит

b) менингококкцемия

c) менингоэнцефалит

d)+пневмония

e) иридоциклит

289. Менингококкты инфекцияның ошақты формасына жатқызылады:

а)+назофарингит

b) менингит

c) менингококкцемия

d) менингоэнцефалит

e) иридоциклит

 

290. Менингококкцемияны емдеуде этиотропты препарат болып табылады:

а) ампициллин

b)+левомицетин-сукцинат

c) амоксициллин

d) пенициллин

e) доксициклин

291. Менингококкцемияның типтік клиникалық симптом:

а) құсумен ауру

b) айқын бас ауру

c)+геморрагиялық бортпе

d) менингеальды белгілер

e) артрит

292. Менингококкцемияда бөртпенің шығу уақыты:

а)+ауырғаннан кейін 1-2

b) ауырғаннан кейін 3-4

c) ауырғаннан кейін 4-5

d) ауырғаннан кейін 6-7

e) ауырғаннан кейін 10-й

293. Менингококкты менингитті науқасқа этиотропты емдеуде таңдамалы препарат болып табылады:

а)+пенициллин

b) рифампицин

c) стрептомицин

d) левомицетин

e) доксициклин

294. Менингококкцемия инфекциялық-токсикалық шокпен асқынған кезде,науқасқа ауруханаға дейін деңгейде қай препарат енгізілуі тиіс:

a) маннитол

b) азитромицин

c) хлосоль

d)+кортикостероид

e) лазикс

295. Ер адама., 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады. Тағайындаудағы қателікті табыңыз:

a) глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы

b)трисоль 500 мл к/т тамшы

c)+пенициллин 12 млн/тәу б/е

d) аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т

е) баралгин 5,0 б/е

296. Ер адама., 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (+++), цитоз нейтрофилге байланысты.

Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады. Тағайындаудағы қателікті табыңыз:

a) глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы

b)+левомицетин-сукцинат 3,0 г/тәу б/е

c) трисоль 500 мл к/т тамшы

d) аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т

е) баралгин 5,0 б/е

297. Ер адам., 20 жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні табанында бірен-саран геморрагиялық бөртпелер пайда болған. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. Учаскелік дәрігердің қойған диагнозы:ЖРВИ және амбулаторлы ем тағайындалып, үйінде қалдырылған.

Қай симптом учаскелік дәрігерді үрейлендіру керек еді?

a) әлсіздік

b) бас ауруы

c) тәбетінің төмендеуі

d)+бірен-саран геморрагиялық бөртпелер

е) дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен.

298. Клиникалық белгілерсіз менингококтың мұрын-жұтқыншақтан анықталуы, менингококты инфекцияның қай түріне сәйкес келеді?

а) менингит

б) назофарингит

в)+менингококк тасымалдаушы

г) менингококкцемия

д) менингококкты пневмония


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1471 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.025 сек.)