АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ДЕРМАТИТ

Прочитайте:
  1. A. Алергічний дерматит
  2. Аллергический дерматит
  3. Аллергический контактный дерматит
  4. Аллергический контактный дерматит на веках.
  5. АНОМАЛИИ КОНСТИТУЦИИ. АТОПИЧЕСКИЙ ДЕРМАТИТ
  6. Атопический дерматит
  7. Атопический дерматит
  8. Атопический дерматит
  9. АТОПИЧЕСКИЙ ДЕРМАТИТ
  10. АТОПИЧЕСКИЙ ДЕРМАТИТ

ЭКЗЕМА

Экзема өзіне тән терінің жоғарғы қабаттарында қабыну арқылы пайда болатын аурудың түрі, эпидермисті және популярлы қабаттары.

Белгілері: терінің қызаруы, домығуы, майда қызыл бөртпе, жылтыр сулы бөртпелер, бірте бірте оның қабыршықтануы, бетінің кеуіп және қышынудың пайда болуы. Бұл ауру малдың барлыө түрінде кездеседі. Әсіресе ит пен мысықта.

Себептер: экзогенді(сыртқы) және эндогенді(ішкі) болып бөлінеді.

Экзогендік себептеріне: механикалық(майда жәндітердің шығуы, үйкеліс), химиялық(теріге көп уақыт бойы әр түрлі майлы заттар жағудан, жара бетіне әртүрлі қоспалы компрессор кұюдан, мал тұрған жері лас болған жағдайда), физикалық(күн сәулесі және ультракүлгін сәулелерінің әсерінен), биологиялық(потогенді бактериялар, саңырауқұлақтар) факторлары.

Эндогендік себептеріне: кейбір ішкі ағза аурулары(бүйрек, бауыр, ас қорыту жүйессі), азықтық улану, ішкі секреция бездерінің бұзылуы.

Патогенез: жүйке жүйесінің рефлекторлық жүйесінің бұзылуынан пайда болады. Жоғарды атап кеткен эндо және экзогенді жағдайлардың әсері ағзаның орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соғады.

Клиникалық белгілері: алты сатыдан тұрады.

1) эритематозды

2) папулезді

3) везикулярлы

4) пустулезді

5) сулану

6) қабыршақтану

Эритематозды сатысы немесе қызару сатысы терінің қызарып қабынуы, тері бетінің жүні суланып бір біріне жабысуы.

Папулезді сатысы, бөртпе суланып домығып ісінеді, қатты қышыну пайда болуымен сипатталады.

Визикулярлы сатысы, ішкі серозды эксудатка толы бөртпелер ұлғайып, бір бірімен бірігіп кетеді.

Пустулезді сатысы, майда бөртпелер іріңдеп жарыла бастайды. Терінің әр жерінде сулы іріңді жара пайда болады. Бұл сулану сатысына жалғасады. Біршама күндерден кейін осы жарылған судһлы іріңді бөртпелер кеуіп, қабыршақтанып. тері бетінен бөлшектеніп тілім тілім болы қабыршақ күйіне айналады. Бұл қабыршақ сатысына жатады.

Айта кететін жағдай экзема ауруының өту барысы жіті және созылмалы түрінде өтеді, ірі қара малды тұяқтары сирақтарының ішкі бүйір беті, ал итте арқа бөлігін, құлақ қалқанын, бас аумағын қамтиды.

Емі: ең алдымен себебін жою керек. экзема кезінде жергілікті және жалпы ем қолданады.

Жергілікті ем, терінің жара болған жерін жылы, сабын сумен жуу керек. Бірақ суды көп тигізіге болмайды. Сулы бөртпелер бетін 3-5% пиоктанин ертіндісімен, 1-2% брилиан жасылы, метилен көгі немесе танин, 3-5% пикрин қышқылының ертіндісімен тазалаймыз. Сонымен қатар биомицин, вазилин, ланолин қолданады.

Жалпы ем көк тамыр ішіне новокаин, 10% калии бромид ертіндісін, 10% хлорлы калций ертіндісін инъекциялауға болады.

Алдын алу: малды әр түрлі майда шығатын шыбын-шіркейлерден қорғау жұмыстарын жүргізу,малдың азығын дәрумендермен байытып, жалпы мал күтімін жақсарту

ДЕРМАТИТ

Дерматит дегеніміз тері, тері қабаттарының (дерма)асқынуымен сипатталатын қабыну түрі. Бұл мал денесінің әр жерінде пайда болады. этиологиялық және клиникалық белгілері бойынша дерматиттің келесі түрлерін ажыратады: жарақаттық, дәрі - дәрмекті, сүйелді және ганренозды (жараның асқынуы).

Жарақаттық дерматит (Dermatitis traumatika) - механикалық әсерлерден тері қабынуымен сипатталады. Себептері: терінің соққы тиюәнен, жіптің ізі, терінің қажалуынан, әртүрлі қышыма ауруларынан пайда болады.

Клиникалық белгілері: аурудың алғащқы кездері қызару пайда болып, әртүрлі малдың дене қызуы көтеріліп, жүрісі өзгереді.

Болжам: аурудың өту барысы асқынбаған болса, ол қауіпті емес.

Емі: аурудың себебін жояды. Зақымданған жердің жүнін қырқып, жылы су немесе сабынбен жуып, құрғатып сүрту керек. Пиотаниннің 2-3% спирттік ерітіндісімен немесе түрлі антисептикалық майлар жағады. Олар: Вишневский, синтомицин және т.б суығу сатысында кастор, балық майын жағу.

Дәрі-дәрмекті дерматит(Dermatitis medikamentosa) - емдік мақсатта түрлі дәрі -дәрмекті ұзақ уақыт әрі дұрыс пайдаланбаған жағдайда терінің қабынуы.

Клиникалық белгілері: терінң ісінуі, басып көргенде ауырсынады, 2 -3күннен кейін беті құрғап қабыршықтанады.

Болжам: қауіпті емес, жазылуы ұзаққа созылады.

Емі: жарақаттық дерматиттегі әдістер қолданылады

Сүйелді дерматит: (Dermatitis verrucosa)-терінің қабынуы, тері бетіне сүйелдердің шығып кетуі. Көбіне жылқыда кездеседі.

Себептері: тері соққы алғанда немесе баска да тері аурулары асқынған жағдайда. Жылқы малының терісі тазаланбаған және лас іші кеппеген сарайлардан жұғады.

Клиникалық белгілері: жамбас, кеуде тұстары жиі зақымданады. Осы жерде терісі ісінеді, тері бетінде үлкен томпиған ноқат пен үйрек жұмыртқасы секілді, іші ақ сұр эксудатқа толы сүйелдер пайда болады. 1-2күннен кейін олар жарылып, сасыған иісі болады. Терінің жүні суланып, бір біріне жабысып қатайып, жан жақа тікірейіп тұрады.

Болжам: дер кезінде емдемесе өлімге әкеләп соғады.

Емі: басында жергілікті калий пергаманганаты, скипидар, хлорлы цинк, формалин ерітінділерін колданадыү Егер де сүйел үлкейген жағдайда оперативті жолмен алып тастайды, болмаса балқытылған темірмен күйдіріледі.

Алдын алу: болдырмас үшін соққыдан пайда болған дәріден пайда болған дерматит түрлерін созылмалы түріне өткізіп алмай дер кезінде емдеу қажет жылқы малы тұратын жер құрғақ әрі таза болуы шарт.

Генгренецозды дерматит (dermatitis gangrenosa)-жараның асқынуынан пайла болады және ұлпаның өлі еттенуі.

Себептері: бұл дерматиттің некробактериозды түрі. Яғни өліет таяқшаларының пайда болуынан. Мал денесінің соққыға ұшырауынан, кесіп кеткен жаралардан, терінің езілуінен некробактериозды таяқшаларының жара бетіне түсуінен пайда болады.

Клиникалық белгілері: терінің бауыр тұстары және сан еттері тұсында тері қабынады, жылтыр бөртпе, суланған түрі пайда болады және қышынады. Бірнеше күннен кейін жара беті қара қоңырланып жараның жан жағы өліеттене бастайды. сулы бөлінді бөліп, сасыған иіс шығады. Жазылуы ұзақ 1-1,5ай.

Болжам: дер кезінде емдемесе өлімге әкеледі.

Емі: ауру малға тыныштық керек. Жара бетін жуып, құрғатып отыру керек., оын камфор, оны ихтиол спиртімен сүрту кере. Өліеттенген жерлерін кесіп калий пермонганаты, стребтоцид себіледі, жараның беті танылмайды.

Алдын алу: кез кедген тері жарақаттарын дер кезінде емдеу керек. Осы аурулармен ауырған малды басқа сарайға ауыстырып, бұрыңғы осы мал тұрған сарайды тазартады.


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 2777 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)