ИММУНЖЕТІСПЕУШІЛІКТЕР
Иммундефицит дегеніміз - туа немесе жүре пайда болған иммунды жауаптың бұзылысы, жұқпа ауруларымен, ісікті ауруларға организмнің қарсылығы төмендеуімен сипатталатын жағдай. Ол жұқпалы ауруларға қабылдағыштықтың, ациклдық ағымға бейімділіктің аллергиялық және аутоиммунды аурулардың, онкопатологияның себебі болады.
Барлық иммунжетіспеушіліктер 2 үлкен топқа бөлінеді:
1-ші туа пайда болған, тұқым қуалайтын ИЖК;
2-ші жүре пайда болған ИЖК.
Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің арасында В-жүйенің ақаулары 50 пайыз, Т-клеткалық жүйенің – 30 пайыздай, фагоцитоз жүйесінің – 18 және комплемент жүйесінің – 2 пайыз құрайды. Иммунжетіспеушіліктердің диагностикасы ауру тарихына, жанұялық анамнезін, иммунологиялық жетіспеушіліктің клиникалық көріністерін талдауына және иммунологиялық ақауды анықтауына негізделген. Біріншілік ИЖ-дің клиникалық дебюті көп жағдайда бала жаста көрінеді. Біріншілік иммунжетіспеушіліктердің (БИЖ) кездесу жиілігі 10000-100000 нәрестелердің ішінде біреу болады, бірақ IgА-ның селективті дефициті 500-1500 адамның ішінде біреуі кездеседі. Иммундыққа дейінгі, лимфоциттерсіз клеткалық және гуморалдық резистенттіліктің механизмдері, жалғыз үздіксіз өзгеретін инфекциялық микроорганизмдердің және гельминттердің көпшілігімен күресу қызметін орындай алмайды. БИЖ-тің негізгі клиникалық ақауы - иммунитеттің негізгі функциясына (инфекцияға қарсы) байланысты және инфекциялық аурулармен көрінеді. БИЖ-тер көп жағдайларда бала жаста көрінеді.
Аурулардың Халықаралық жіктелуі бойынша туа пайда болған ИЖК арнайы және арнайы емес бөлімінің иммунжетіспеушіліктеріне бөлінеді. Біріншілік иммунжетіспеушіліктер гендердің ақауларына байланысты тұқым қуалайтын аурулар.
БИЖ-дің жіктелуі.
А. Иммун жүйесінің арнайы бөлімінің иммунжетіспеушіліктері.
1. Иммунитеттің гуморалды жүйесінің жетіспеушілігі.
1.1. Агаммаглобулинемия, Брутон ауруы.
1.2. Дисиммуноглобулинемии:
А) Жалпы вариабелды гипогаммаглобулинемия
Б) IgА-ның селективті дефициті
В) IgG мен IgGА-ныі жетіспеушілігі гипер IgМ-мен қатар
Г) IgG-подкластарының дефициті.
2. Т-клеткалық иммунжетіспеушіліктер
2.1. Лимфоцитарлы дисгенезия (синдром Незелофа)
2.2. Ди-Джорджи синдромы (тимуспен қалқанша маңайы бездерінің гипоплазиясы)
3. Комбинирленген иммунжетіспеушіліктер
3.1. Ретикулярлы дисгенезия
3.2. Лимфоцитофтиз (БИЖ-тің швейцар түрі)
3.3. Жалаңаш лимфоциттер синдромы
3.4. Вискотт-Олдрич синдромы
3.5. Луи-Барр синдромы
4. Өзгермелі иммунжетіспеушіліктер
5. Ir-ген бойынша селективті БИЖ-тер.
ІІ. Иммун жүйесінің арнайы емес бөлімінің иммунжетіспеушіліктері.
1. Комплемент жүйесінің жетіспеушілігі.
2. Фагоцитоздың жетіспеушілігі.
Б. Екіншілік иммунжетіспеушіліктер.
1. Вирусты инфекциялармен байланысты (сонымен қатар ЖИТС)
2. Бактериалды инфекциялармен байланысты
3. Протозойлы және құрт ауруларымен байланысты
4. Тамақтанудың бұзылуымен
5. Химиопрепараттармен иммунодепрессанттардың әсерімен
6. Радиация және иммунотоксиндер әсеріне байланысты
7. Ұзақ стресстің әсерімен
8. Зат алмасу патологиясымен (қантты диабет, микроэлементтер жетіспеушілігімен және т.б.)
БИЖ-тің негізгі клиникалық синдромы инфекциялық синдром болып
табылады. Ол жалпы алғанда, инфекцияларға жоғары қабылдағыштықпен, инфекциялық аурулардың рекурентті ағымымен, ерекше ауыр клиникалық ағымымен, атиптық қоздырғыштармен сипатталады.
Х-хромосоммен тіркескен Брутон агаммаглобулинемиясы.
Ұл балаларда ғана кездеседі. Протеинкиназа белогын кодтауға жауапты геннің
ақауы В-клеткалардың дамуын тоқтатуына әкеледі.
Лабораторлық көрсеткіштер: перифериялық В-лимфоциттер болмайды, сүйек кемігінде пре-В-клеткалар анықталады. Сары суда IgG-дің деңгейі төмендейді (40-100 мг/%), IgМ және IgА анықталмайды. Т-лимфоциттердің саны мен қызметі сақталады.
Клиникалық көріністер. Бұл ауру ауыр ағымда өтетін пиогенді инфекциялармен жоғары тыныс алу жолдарының (синуситтер, отиттер) және төменгі тыныс алу жолдарының (бронхиттер, пневмония) инфекцияларымен сипатталады. Гастроэнтериттер, пиодермиялар, септикалық артриттер, септицемия, менингиттер, энцефалиттер болуы мүмкін. Вирусты инфекциялардан нейтротропты ECHO 19 вирустармен шақырылатын инфекциялар кездеседі. Клиникалық тексерудегі объективті белгілері: бойының өспеуі, саусақтары барабан таяқшалары тәрізді, кеуде қуысы формасының өзгеруі, лимфотүйіндер мен бадамша бездерінің гипоплазиясы. Гистологиялық зерттеуде: лимфоидты тканьде плазматикалық клеткалардың анықталмауы.
Емдеу.
1. Микробқа қарсы химиотерапия.
2. Алмастыру терапиясы: донорлық сары су иммуноглобулиндерін әрбір 3-4 апта сайын өмір бойы енгізу.
IgА-ның селективті дефициті. Клиникалық көріністер. 50% жағдайда арнайы
клиникалық көріністері болмайды, ал қалған 50% -да жоғары тыныс алу жолдарының рекурентті инфекциялары, аллергиялар.
Емдеу.
1. Симптомсыз жағдайларда емдеу қажет емес.
2. Симптоматикалық жағдайларда - инфекцияларға қарсы химиотерапия, қосымша патологияларды емдеу.
3. IgА -ның толық селективті жетіспеушілігінде алмастыру терапиясы көрсетілмеген.
IgG субкластарының селективті дефициті.
Жалпы IgG-дің қалыпты деңгейінде субкластарының жетіспеушілігі байқалады. Мысалы: IgG2 және IgG4-тің жетіспеушілігі кейбір адамдарда бұл жағдай рекурентті инфекциялармен белгіленеді. Бұл патология 14-ші хромосомда орналасқан ауыр тізбектердің С-генінің делециясына байланыстығы мүмкін.
Балалардағы транзиторлы гипоглобулинемия. Жаңа туған нәрестелерде Ig-дің минималды деңгейі 3 айында анықталады. Бұл уақытта плацента арқылы өткен ананың Ig-нің недәуір бөлігі ыдырайды, ал өзіндік Ig–дің синтезі тек басталады. Бірақ, кейбір бабаларда өзіндік Ig-дің синтезі тежелуі мүмкін. Бұл балалардың ішінде рекуррентті бактериалды инфекциялар кездеседі.
Т-лимфоциттердің жетіспеушілігіне байланысты синдромдар.
1. Ди-Джорджи синдромы. Даму процесіндегі комбинирленген ақауындағы 22-
хромосомның делециясында пайда болады. Тимустың гипоплазиясы немесе апплазиясы, гипопаратиреодизм (
Клиникада: баланың жана туған кезінде көрініс береді: гипокальциемия және тетания, туғаннан соң 1-2 күннен кейін көрінеді, кардиоваскулярлы ақаулар (Фалло тетрадасы, өкпе артериясының гипоплазиясы немесе атрезиясы), бет аймағының өзгерістері байқалады, кандидамикоз, тыныс алу және зәр шығару жолдарының инфекциясы, ас қорыту жолдарының бұзылыстары.
Лабораторлық көрсеткіштер.
Т- және В-лимфоциттердің саны әртүрлі науқастарда недәуір құбылмалы. Балаларда БСТ, «ие трансплантатқа қарсы» реакциялар, лимфоциттер бласттрансформациясы болмайды. Антиденелердің синтезі сақталады.
Емдеу. Симптоматикалық.
Незелоф синдромы.
Механизмі тимустың эпителийі жетілмеген, Т-клеткалық реакциялар тежелген. Аутосомды-рецессивті түрі арқылы тұқым қуалайды.
Лабораторлы көрсеткіштер: лимфоцитопения, Т-лимфоциттердің төмендеуі, терілік реакциялар тежелген, ал иммуноглобулиндердің мөлшері қалыпты немесе төмендеген.
Клиникада: ерте балалық жаста байқалады, баланың өсуі мен дамуы тоқталады. Вирусты, бактериалды және протозойлы инфекцияларға жоғары қабылдағыштық; теріде, өкпеде және басқа мүшелерде іріңді ошақтармен көрінетін сепсис; гемолитикалық анемия.
Паталогоанатомиялық белгілер: лимфотүйінде герминантты орталар болмайды. Тимуспен лимфатүйіндердің гипоплазиясы немесе атрофиясы.
Ретикулярлы дисгенезия. Ауыр аралас иммунжетіспеушілік. Механизмі: гемопоэтикалық бағаналы клетканың дифференцировкасымен пролиферациясының бұзылуы. Агранулоцитоз және лимфоциттердің болмауы анықталады. Клиникада: балалар септикалық процесстерден өмірдің 1-ші айларында өлімге ұшырайды.
Паталогоанатомиялық көрсеткіштері. Лимфоцитты тканьнің гипоплазиясы, тимуспен лимфатүйіндерде ретикулярлы клеткалар басым болады, көк бауырда фолликулалар болмайды, сүйек кемігінде лейкоциттердің із ашарлары болмайды.
КИЖК, лимфацитофтиз (швейцар түрі).
Механизмі: генетикалық ақау. ИЛ-2, 4, 7, 9 және 15-ші цитокиндердің рецепторларының гамма тізбегіне жауапты геннің ақауы (мутация).
Лабораторлы көрсеткіштер: Т-клеткалардың саны мен қызметі төмендеген, Ig-нің деңгейі төмендеген. Клиникада: өмірдің алғашқы айларында рецидивті пневмония, жұтқыншақ пен өңештің кандидомикоза, қызылша тәрізді бөртпелер, вирусқа жоғары қабылдағыштық, диарея.
Паталогоанатомиялық белгілері: тимустың, лимфатүйіндердің және таңдай бездерінің аплазиясы немесе гипоплазиясы. Капсуланың фиброзды өзгерістері. Гассаль денелерімен лимфоциттердің болмауы. Лимфоидты орталар және ұрық фолликулалары анықталмайды.
Емдеу. HLA сәйкес сүйек кемігін трансплантациялау.
Жалаңаш лимфоциттердің синдромы. Бұл патологияда организмде МНС 1 немесе ІІ классты молекулалар экспрессерленбейді. Науқастарда СД8+ немесе СД4+ лимфоциттер болмайды.
Клиникалық көріністер. Жалпы КИЖК көріністеріне сәйкес: диарея, өсу мен даму процесінің тоқтауы, вирусты және инфекциялық ауруларға жоғары қабылдағыштық.
Лимфоциттердің саны нормада немесе төмендеген. Митогенге пролиферация сақталған, бірақ антигенге қарсы реакция болмайды. Плазматикалық клеткалар жоқ. Ig деңгейлері төмендеген. Иммунизациядан кейін пайда болатын антиденелердің титрлары төмен.
Емдеу. Симптоматикалық.
Луи-Барр синдромы. Атаксия-телеангиэктозиямен иммунжетіспеушілік. Механизмі: 7-ші және 14-ші хромосомдағы инверсия мен транслакацияға
байланысты.
Лабораторлы көрсеткіштер: Т-лимфоциттер саны мөлшерінің төмендеуі, дисиммуноглобулинемия, IgА, IgG2, IgG4, IgЕ деңгейінің төмендеуі.
Клиникада: науқастың бастапқы фазасында неврологиялық және тамырлық бұзылыстар, терінің және коньюктивадағы телеангиэктазиясы, мишықты атаксия, аналық бездің дисгенезі байқалады. Одан әрі иммунитет жүйесінің зақымдануы күшейеді: созылмалы, бос ағымды пневмониялар, қатерлі ісіктер лимфомалар және эпителиалды-клеткалық карциномалар жиі пайда болады. Тамыр-неврологиялық және инфекциялық бұзылыстар, ісіктер леталды нәтиженің себебі болады.
Вискотт-Олдрич синдромы. Бұл Х-хромосоммен тіркескен аралас клеткалық гуморалды тромбоцитопениямен, экземамен және рекурентті инфекциялармен сипатталатын иммунжетіспеушілік.
Механизмі: СД43 және СД3 молекулаларының экспрессиясының бұзылуы.
Лабораторлы көрсеткіштер: тромбоцитопения, лимфоцитопения, Т-лимфопения, Т-хелперлердің санының төмендеуі, БСТ-реакциялардың болмауы, лимфоциттердің антигендермен ФГА-ға жауабының төмендеуі, гуморалды иммунитеттің бұзылыстары – IgМ-нің төмендеуі, Ig А мен Ig Е-нің жоғарылауы, IgG нормада немесе жоғарылауы, пневмококкты полисахаридтеріне қарсы антиденелер синтезінің төмендеуі.
Клиникада: тромбоцитопения туған кезде, қан кетуі, экзема, балалардың бірінші айларында қайталама іріңді инфекциялардың пайда болуы, спленомегалия, қатерлі ісіктер (5-12%), тимустың едәуір гипоплазиясы.
Емдеу: симптоматикалық.
Иммунитеттің арнайы емес тізбегінің ақаулары.
СГА-ның 90 пайызында оттегінің активті радикалдарының генерациясына қатысатын (NADPH-оксидаза) ферменттің р47-phox және gp91-phox компоненттерінің мутацияларымен байланысты.
Созылмалы гранулематозды ауру – киллингтың бұзылуымен байланысты. Ауру бала жаста фагоциттердің генетикалық, метаболикалық ақауларының нәтижесінде пайда болады. Фагоциттердің патогенді жұту қабілеті сақталған, бірақ оны, ішінде ыдыратып жоюға мүмкіндігі жоқ. Нәтижесінде фагоциттер, өмірге қабілеті бар инфекциялық микроорганизмдердің қоры болады. Макрофагтар ошақтың аймағына жиналып, патогендерді жұтып, гранулеманы құрайды. Олардың да микроорганизмдерді жоюға қабілеті жоқ.
Клиникада: созылмалы инфекциялар байқалады.
Емдеу: антибиотикотерапия, интерферон-гамма, сирек-сүйек кемігінің трансплатациясы. Нәтижесі фатальды.
Чедиак-Хегаси синдромы. Бұл патология аутосомді-рецисивті түрімен тұқым құалайды. Жакында анықталған LYST деп аталған ген себебті екендігі күдіктенуде. Ауру нейтрофилдермен моноциттердің лизосомдарының, НК-клеткаларының везикулаларының аномалиясымен байланысты. Везикулалар қосылып, клетка ішінде үлкен гранулаларды түзейді, бірақ фаголизосома қалыптаспайды. Сондықтан, бұл клеткалар хемотаксистің және киллингтың ақауларымен сипатталады.
Клиникада: рекурентті пиогенді бактериялармен шақырылатын инфекциялар, көз бен терінің жарым-жартылай альбинизмі, қанауға бейімділік, нерв жүйесі жағынан патологиялық көріністер, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия, қайтпайтын безгек, панцитопения декомпенсацияланған кезеңде.
Емдеу. Симптоматикалық.
Комплемент ақаулары
Комплементтін компоненттерінің жетіспеушілігіне байланысты аурулар сирек кездеседі, ойткені бул патологияның манифестациясы үшін аутосомды аллельдер арқылы гомозиготты жағдай қажет. Комплемент жүйесі қан айналымдагы иммунды комплекстерден босату процесіне кажет. Комплементтің 1-ші 4 компонентінің (С1-4) жетіспеушілігі иммунды комплексті аурулармен көрінеді – жүйелі васкулиттер, бүйректің зақымданулары. С3-тің жетіспеушілігі пиогенді инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциацияланған және жүйелі қызыл жегі симптомдармен көрінеді. С5-8 компоненттерінің жетіспеушілігі Neisseriaмен шақырылатын инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциацияланған. С1-эстераза ингибиторының жетіспеушілігі ангионевротикалық ісінуімен көрінеді.
Практикалық дәрігерге иммунжетіспеушіліктің көріністері өте маңызды болып
табылады. Клиникалық түрде иммунжетіспеушіліктер келесі негізгі симптомокомплекстермен көрінеді: инфекциялық, аллергиялық, аутоиммунды, онкологиялық.
ИЖ-дің көптеген клиникалық көріністері жиі, ауыр өтетін тыныс алу жолдарының және ЛОР органдардың жедел және созылмалы инфекцияларымен кездеседі – бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, отиттер, синуситтер. Терінің және шырыштылардың инфекциялық зақымданулары жиі пайда болады. Сирек, остеомиелит, энцефаломиелит, сепсис сияқты ауыр инфекциялық аурулар пайда болуы мүмкін. Қоздырғыштың түрі иммунологиялық ақауының өзгешілігіне негізделген. Мысалы, антидене түзудің бұзылыстарында антибиотиктарға төзімді, жоғары патогенді флорамен шақырылатын (стафилококтармен, пневмококктармен, стрептококктармен, гемофилді таяқшалармен) инфекциялар пайда болады. Сонымен қатар, энцефалит вирусына жоғары сезімталдық байқалады. Т-клеткалық иммунжетіспеушіліктің басымында вирустармен және саңырауқұлақтармен, қарапайымдылармен шақырылатын инфекциялар кездеседі. Фагоцитоздың бұзылыстарында стафилококктармен, саңырауқұлақтармен (Candida albicans, Aspergillus) шақырылатын инфекциялар пайда болады. Компементтің жетіспеушілігінде патогенді және шартты-патогенді микрооганизмдерге жоғары қабылдағыштыққа мұмкіндік береді. Рецидивті менингококкты, гонококкты (менингиттер, артриттер), пиогенды инфекциялар, аутоиммунды, аллергиялық процесстер пайда болуы мүмкін.
Аллергиялық синдром. БИЖ-тер бар науқастарда, ерте жаста, қайтпайтын экссудативті диатез, атопиялық дерматит түрінде, үлкенірек жаста – экзема мен нейродермит түрінде көрінеді. Терілік көріністер қайталама бронхиттермен кей кезде қатар жүреді.
Аутоиммунды синдром. БИЖ-тері бар науқастарда аутоиммунды аурулардың пайда болу жиілігі орташа 7,8-ден 8,1 пайызға дейін құрайды. Жиі ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит, жүйелі васкулиттер, тромбоцитопения, миастения, гемолитикалық анемиялар, аутоиммунды гломерулонефрит және т.б. аутоиммунды аурулар.
Онкологиялық синдром. ИЖ-тері бар науқастарда қатерлі ісіктер арқылы өлім басқа контингентке салыстырғанда 100-200 рет жоғары. Барлық жағдайлардың 65-70 пайызында лимфо- және миелопролиферативті аурулар жиі кездеседі. Бұл лимфомалар, лимфосаркомалар, лимфогрануломатоз, жедел және созылмалы лимфолейкоз, Капоши саркомасы.
БИЖ-дің кейбір формалары жетілудің басқа кемістіктерімен байланысты: эктодермалды дисплазиямен, жүрек пен үлкен тамырлардың ақауымен, шеміршектің клеткалық элементтерінің гипоплазиясымен және т.б.
Емдеу. Медикалық шаралар, әдетте жалпы емдеуден басталады. Гигиендік және сыртқы асептикалық көмегімен инфекцияны алдын-алуға әрекет жасау. Клеткалық иммунитет бұзылыстары бар науқастарға гемотрансфузия жүргізуден қашқақтау. Ал өте қажет жағдайларда сәулеленген қанды қолдануға болады. Бұл процедуралар “трансплантат иесіне қарсы” реакцияны тудырмау үшін лимфоидты клеткаларды жоюға жасалады.
Инфекциялық аурулардың алдын алуы, өлі вакциналарды қолдану арқылы, науқастарды ең жиі кездесетін инфекцияларға қарсы иммунизациялау жолымен іске асыру. Вискотт-Олдрич синдромы бар науқастардың жартысында тасымалдау факторын енгізу, жағдайды жақсартуына әкеледі.
В-жүйенің ақауында жетіспейтін иммуноглобулиндерді енгізеді. Бұлардың орнына плазманы жиі енгізеді. ИгА-ның толық жетіспеушілігінде гамма-глобулинді енгізуге болмайды, өйткені, бұл жағдайларда осы антиденеге қарсы, өзіндік антиденелердің түзілуі мүмкін.
Біріншілік иммунжетіспеушіліктің клеткалық түрін емдеу өте күрделі. Келесі емдеу тәсілдері қолданылады:
- донорлардың сүйек кемігінің, көк бауырдың, лимфатүйіндерінің клеткаларын және қан лимфоциттерін қондыру;
- донордың тимусын қондыру;
- сәйкес донордың тұтас сүйек кемігін қондыру;
- бағаналы клеткалармен фракцияларын немесе тұтас сүйек кемігін ата-анасынан, науқастың гистосәйкестік антигендеріне қарсы антиденелерді алдын алу, енгізуден кейін қабылдамау реакциясын тежеу үшін, қондыру;
- ата-анасының бағаналы клеткалар фракцияларын, иммуносупрессивті терапия жүргізумен қатар қондыру және т.б. әдістер.
Иеге қарсы реакцияны басу үшін келесі әдістер өңделген:
- негізгі гистосәйкестік антигендер бойынша донормен реципиентті таңдау;
- реципиенттің сүйек кемігі клеткаларын әртүрлі әдістермен жою;
- трансплантация алдында, киллерлерді жою үшін, реципиенттің клеткаларын, моноклоналды антиденелер арқылы өңдеу;
- трансплантациялық иммунитетті басу үшін, қондырудан кейін реципиентке циклоспорин немесе басқа препараттарды тағайындау.
Екіншілік иммунжетіспеушіліктер, фенотип деңгейінде қоршаған ортаның әсерінен қалыптасады.
Е.С.Белозеровтың ЕИЖ-дің жіктелуі.
Пайда болу уақытына байланысты: антенаталды, перенаталды, постнаталды. Этиология бой
ынша: бактериалды, инфекциялы, вирусты, қарапайымдармен
құрт инвазиялар, тамақтанудың бұзылыстары, хирургиялық операциялармен анестезиялар, белокты жоғалтуы, зат алмасу аурулары, қатерлі ісіктер, күйіктер, стресстер, жас шамасы, ионизирлеуші радиация, дәрілік заттарды қабылдау (антибиотиктер, кортикостероидтар, цитостатиктер).
Формасы бойынша:
А) ЕИЖ-тің компенсацияланған формасы инфекцияларға жоғары қабылдағыштықпен байқалады, жиі ОРВИ, пневмониялар, пиодермиялар түрінде. Бала шақтағы инфекцияларға да жоғары сезімталдық байқалады.
Б) ЕИЖ-тің субкомпенсацияланған формасы инфекциялық процестердің созылмалауына бейімділікпен байқалады.
В) ЕИЖ-тің декомпенсацияланған формасы шартты-патогенді флорамен индуцирленген генерализацияланған инфекциялардың пайда болуымен, қатерлі ісіктермен көрінеді. Декомпенсацияланған ЕИЖ-тің көрнекті мысалы ретінде, ЖИТС болып табылады.
Иммунжетіспеушіліктер клиникалық түрде 4 негізгі синдроммен көрінеді: инфекциялық, аллергиялық, аутоиммунды және иммунопролиферативті.
Қазіргі кезде сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсеріне байланысты патогенезінде иммундық патологиялық механизмдер жататын аурулардың (иммунжетіспеушіліктер, аутоиммундык аурулар, аллергопатологиялар, қатерлі ісіктер) көбеюі дәлелденген. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының бағалауы бойынша XX-XXI ғасырдың басында аллергиялық аурулар мен иммунжетіспеушіліктерінің көбейетіні болжамдалып отыр.
Қазіргі күндегі белгілі иммунологиялык тәсілдердің көпшілігі кымбат больп табылады, олар көбіне жекеленген ғылыми зертгеулерге қолданылады да, тәжірибелік дәрігерлерге аса жеткілікті мәлімет бермейді. Осыған байланысты имундық коррекциялау үшін иммундык жүйе ақауының денгейін аныктайтын, пракгикалык медицинада колдануға болатын иммунологиялык зерттеу тәсілдерін тандауға кажеттілік туады.
Кәзіргі кезде патогенезінде иммунды патологиялы механизмдер жататын бірқатар аураларды бағалау мен емдеу үшін, жалпы және клиниалық иммунологияның негіздерін барлық саладағы медик-студенттерге білуі өте қажет.
ИММУНДЫ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ КҮЙЛЕР КЕЗІНДЕГІ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗІ
Лейкограмма анализі
Шеткері қан клеткалары маңызды, морфофункционалдық роль аткарады. Қанның барлық клеткалары бір бастауыштан - бағана клеткадан дамыған. Бүл қан клеткаларының стресске жауап беретін қалдығы асқан механизмін жеңілдетеді. Сүйек кемігінде клеткалар дифференцировканың әр түрлі сатысында болады (бағана клеткаларынан бастап жетілген кан клеткаларының ізашарларына дейін). Организмде өмірге маңызды қызметтер аткаратын қанның әр түрлі формалық элементтерінде клеткалык компенсация мен бейімдеушіліктің (адаптацияның) әмбебап механизмдері ерекше жетілген күйде берілген.
Лейкоциттер (қалыпты жағдайда шеткері канда - 4-9x109/л). Цитоплазманың түйіршіктідлігіне байланысты гранулоциттерге (нейтрофилдер, базофильдер, эозинофильдер) және агранулоциттерге (лимфоциттер және моноциттер) жіктеледі.
Нейтрофилдер (қалыпты жағдайда - 65-75%). Дифференцировка барысында олар миелобласт, промиелоцит, миелоцит, метамиелоцит (жас клеткалар), таяқша ядролы және сегментті ядролы формалар сатыларынан кезекпен өтеді. Перифириялық қанда қалыпты жағдайда таяқша ядролы (5 % - ке дейін) және сегментті ядролы формалары (65 - 70 % - ке дейін) болады.. Бүл клеткалардың тіршілік циклы орташа есеппен - 15 күн. Нейтрофилдердің грануласында фагоцитоз процессін жүзеге асыратын микробоцидті эсер етуші заттар және катализдік ферменттер (миелопероксидаза, лизоцим, катиондык белок, нейтралды протеазалар, қышқыл гидролазалар, лактоферрин, коллагеназа, сілтілі фосфотаза, желатиназа және т.б.) жинақталған.
Хемотаксис арқылы нейтрофилдер псевдоподияларымен объектін жұтып, клетканың бактерицидтік субстанциялары мен гидролазалары құйылатын вакуоль түзеді. Егер фагоцитоз объектісі антиденелермен немесе комплементпен опсонизациялған болса, фагоцитоз белсенді өтеді. Сонымен, фагоцитозға тек бактериялар мен вирустар ғана емес, сонымен қатар иммунды комплекстер де ұшырайды.
Нейтрофилез арқылы лейкоцитоз жедел бактериялық қабыну ауруларына және созылмалы инфекция ошақтарынын өршу фазасына тән. Сонымен қатар нейтрофилдер арқылы лейкоцитоз қан патологияларында (жедел және созылмалы миелолейкоздар), жедел плазма жоғалтқаннан кейін, кейбір токсиндік заттармен уланғанда, трансплантаттың түрактамауында, қалыпты босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңнің бірінші күндерінде кездеседі.
Л ейкоциттердің жалпы санының өзгеруінсіз нейтрофилез әлсіз кабыну реакцияларында, инфекцияның абортивті ағымында, асқынбаған ісіктердің бастапкы кезеңдерінде, қоздырғыштардын вируленттілігі төмен кезіндегі қабыну процесстерінде, іріңнің сыртқа еркін шығуы кездерінде болады. Көп жағдайларда лейкоформуланың солға жылжу денгейі кабыну процессінін айқындығына байланысты болатындығын айта кеткен жөн.
Нейтрофилдердің азаюынан болатын лейкопения компенсаторлық мүмкіншіліктердің азаюын көрсетеді. Мүндай жағдай сепсис, резистенттіліктің декомпенсациялық фазасындағы перитонит, авитаминоздар (цинга, пеллагра), кахексия, дистрофия, аутоиммундык лейкопения, созылмалы интоксикациялар, жедел және созылмалы лейкоздардың лейкопениялык варианттары кездерінде кездесуі мүмкін
Лейкоциттердің сананының өзгеруінсіз жүретін нсйтропения қанның басқа клеткаларының мөлшерінің көбейюі (салыстырмалы нейтропения), қоздырғыштың токсикалық әсерінің көрнісі ретінде, аутоиммундық аурулар кезінде кездесуі мүмкін. Лейкоциттер санының қалыпты күйінде кездесетін лейкоформуланың оңға жылжуымен жүретін салыстырмалы нейтропения болатын аурулар тобын ерекше бөлуге болады. Бұлар - В|2-жетіспеушілік анемия, авитаминоздар, кахексия, ашығу.
Лейкограмма көрсеткіштерінің қабыну процессінің асқыну кезінде нейтрофильдік лейкоцитоздың нейтрофильдік лейкопенияға ауысуы клетканың потенциалының төмендеуін көрсетіп өте жағымсыз көрініс болады. Ол ауыр суперинфекцияның косылғанын немесе ауыр қабынулық асқынуларды сипаттайды. Лейкоциттер мөлшерінің осындай кездердегі калыпқа келуі жағдайдың жақсарғанының көрінісі.
Қалыпты өтетін қабыну процесінің басында нейтрофилдердің салыстырмалы және абсолюттік саны жоғарылайды, солға жылжу басталады. Ары қарай, нейтрофильдердің жоғарылауынан кейін, лимфоциттердің өсуіне ауысады, ал лейкоформуланың жылжуы кейінірек жоғалады. Лейкоцитозбен жүретін салыстырмалы нейтрофилия ауыр дәрежелі қабыну процесте организмнің қарсыласуының жоғарлығын көрсетеді.. Ал, лейкоциттердің қалыпты мөлшерінде айқын нейтрофилия организмнің қорғану күштерінің төмендеу мен ауыр инфекцияны көрсетеді.
1-кесте. 16 - 50 жастағы cay адамдардың қаныныц клиникалық аналіизінің
көрсеткіштері
L, 109/л
4-9
| М %
2-9
| Ю%
| П%
1-4
| С%
52-72
| Ю+П/с
¼-1/20
| Э%
1-4
| Л%
20-39
| СД3,%
55-81
| СД4,%
33-61
| СД8,%
9-31
| СД20,%
7-25
| 0-лимф
4-30
| СОЭмм/сағат
Ер. 2-9 әйелдерө -4-14
|
клиникалық сау адамдардың 90% іріктеуінен берілген. L - лейкоциттер, М - моноциттер, Ю- жас нейтрофилдер, П - таякшаядролы нейтрофилдер С - сегменттіядролы нейтрофилдер, Э - эозинофилдер, Л - лимфоциттер, СОЭ - эритроциттердің тұну жылдамдығы, 0 л -* 0-лимфоциттер
-кесте. Қанның клиникалық анализінің қабынудың продромалды сатысындағы керсеткіштері
Ескерту: Осында және әрі қарай кестелерде: клиникалык сау адамдардың көрсеткіштеріне қатысты өзгеретін параметрлер рамаға алынған; стрелка параметр өзгерісінің бағытын көрсетеді. Қысқартуларды 1 кестеден караңыз.
3-кесте. Қабынудың алғашқы клиникалық бейнелері сатысындағы қаннын клиникалық анализінін көрсеткіштері
4-кесте. Қабынудың клиникалық бейнесінің айқын сатысындағы қанның клиникалық анализінің көрсеткіштері
5-кесте. Аурудың сыну (криз немесе лізисі) сатысындағы қанның клиникалык анализінің көрсеткіштері
6-кесте. Реконвалесценция сатысындағы қанның клиникалык анализінің
көрсеткіштері
Базофильдер (қалыпты жағдайда 1 % - ға дейін).
Организмде базофилдер негізінен тіндік түрде кездеседі, ал қан айналымындағы түрлерінен морфологиялық өзгешелігі бар. Базофильдердің және мес клеткаларының бетінде Ғс-рецепторлары арқылы IgE-нің жабысуы және IgE-нің антигенмен байланысқаннан кейін осы клеткалардың дегрануляциясы болады. Базофильдер мен мес клеткаларының дегрануляциясы кезінде көптеген биологиялық активті заттар (гепарин, гистамин, серотонин, брадикинин жене т.б.) бөлінеді, олар аркылы қабыну реакциясынын эксудативті сатысы жүреді және иммунопатологиялық (аллергиялық) реакциялар жүзеге асуы мүмкін. Қалыпты жағдайда базофильдердің саны аз болғандықтан, олардың мөлшерінің өзгеруі аса маңызды емес, сондықтан іс жүзінде бұл көрсеткіштің диагностикалық маңызы жоқ.
Эозинофильдер (қалыпты жағдайда 5 % - ға дейін).
Эозинофильдердің негізгі кызметі организмді паразитарлык аурулардың (гельминтоздар) қоздырғыштарынан корғау. IgE-нің Fc-фрагментіне тән рецепторлары арқылы эозинофильдер осы антиденелермен жабылған паразитгерге жабысады, сөйтіп паразиттердің козғалысын бұзып, оларды зақымдап, жұтады (фагошптейді). Эозинофильдер организмді эндогенді түзілетін немесе сырттан түсетін белоктық зиянды заттардан қорғайды. Осылайша, аллергия жағдайларында эозинофильдер гистамин және баска да биологиялық белсенді өнімдерді адсорбциялап аллергиялык процестің шектелуіне әкеледі. Сонымен қатар, тіндерді зақымдаушы медиаторлар бөле отырып, олар аллергиялық реакцияның күшеюіне өкеледі. Осылайша эозинофилия ор түрлі локализациядағы, негізінен реагиндік механизммен жүретін, аллергиялық аурулардын, глисттік аурулардын, кезбе нервінің тітіркенуімен жүретш әр түрлі экссудативті процесті және мес клеткаларының дегрануляциясын күшейтетін патологиялык күйлердің (ваготониялар) белгісі болып табылады.
Эозинопения сирек кездеседі - жоғарыда аталған «эозинофильдік патологиялар» ауырлағанда, әр түрлі химиялық қосылыстармен, ауыр металдармен интоксикация болғанда.
Моноциттер (қалыпты жағдайда 8 - 10 % - ға дейін).
Қанда 1-2 күн айналып, тіндерге түседі де тін макрофагтарына айналады. Тін макрофаггары өте жоғары фагоцитарлы белсенділікке, қозғалғыштық қасиеттеріне ие. Макрофактардын белсенділігі патоген G классының антиденелерімен опсонизациялаңғанда, жоғарылайды. Фагоцитозбен қоса макрофагтар иммунды жауаптын басталуына, реттелуіне қатысады да, ѳәр түрлі монокиндер синтездейді. Қанның моноциттері клеткалар шеткері қанда аз мөлшерде кездеседі, сондықтан олардың санынын өзгеруі иммунопатология диагностикасында аса маңызы жоқ..
Моноцитоз - моноцитарлық лейкоз және инфекциялық мононуклеоз ауруларының белгісі болып табылады және вирусты гепатите, туберкулезде, кейбір аутоиммундык аурулар кезінде байқалуы мүмкін.
Моноцитопения ауыр сепсистік процестерге тән.
Лимфоциттер (қалыпты жағдайда 20 - 40 %).
Иммунитеттін көрсееткіші, ол Т- және В-лимфоциттерге, сонымен катар К-клеткаларға (ЕК-клеткалар т.б.) болінеді. Лимфоцитоз - вирусты инфекциялар, лимфобластоздар, созылмалы сәулелі аурулар кезінде кездеседі.
Лимфопения - сәулелі ауруының ауыр түрінде, ЖИТС (СПИД) кезінде және басқада иммунжетіспеушілік синдромдарда, алейкемиялық лейкозда кездеседі.
Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 847 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
|