АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Темір препараттары

Прочитайте:
  1. Темір препараттары

Темір препараттары – құрамында екі я үш валентті темір комплексті дәрілік заттар. Оның қолданатын мақсаты теміртапшылық анемияның профилактикасы мен емі.

Темірі бар препараттардың құрамында 30 г кем темір болмауы керек, егер темір 30 г аз болса, теміртапшылық анемияның емі ретінде қолданылмайды.

 

Фармакология

Темір гемдік және гемдік емес структуларының құрамына бар.

 

· Гемдік компоненттерге: гемоглобин, миоглобин, цитохром, пероксидаза, каталаза. Олар газ алмасуы процессіне қатысады.

· Гемдік емес компонеттеріне: сукцинатдегидрагеназа, ацетил – Ко – А – дегидрагеназа және т.б. Аталған ферменттер тыныс ауға қатысады.

 

Организмде теміртапшылық процесс тек эритроциттегі гемоглобиндердің төмендеп қоюына ғана емес, балаларда тыныс алуға қатысатын активті ферменттердің пассивтенуіне соқтырады.

 

Классификация:

Бұл топқа кіретін дәрілік препараттарды бірнеше топқа бөлуге болады:

· құрамында екі я үш валентті темір тұздары бар препараттар (тек проорльді қолданады)

· темірдің әр түрлі комплексті қосылыстары бар препараттар

· және комбинациялық препараттар

 

Екі валентті темір тұздары

Ішектердің шырышты қабарттарында темір екі валеннті түрде сіңіріледі, себебі энтероциттегі апоферритин тек темірдің екі валентті ионымен ғана байланысыа алады. Сондықтан екі валентті темірдің көптеген препараттары (сульфат, глюконат, сукцинат, глутамат, лактата және т.б.) қолдануға ыңғайлы және үш валентті темір препараттарына қарағанда қолайлы. Басқа темір препараттарға қарағанда арзан тұрады.

 

Соған қарамастан, екі валентті темір препараты көптеген кемшіліктерге де толы. Ішектерде жағымсыз әсер етуі кіреді (23 %). Екі валентті темір препаратын басқа препараттармен бірге қолданғанда активтілігі төмендейді. Сондықтан оны аш қарынға ішкіземіз, сол кезде ішекте жағымсыз әсерлер болуы ықтималдығы жоғары.

Бұл препараттардың барлық түрлері дозасынан тым артып кетсе, жедел улану орын алады, осының кесірінен препараттың қолдану спекрті тарылады.

 

Тәуліктік ұсынылатын доза 200 мг құрайды.

 

Бұл препараттардың негізгі өкілдеріне темір гептагидраты сульфат жатады FeSO4·7H20 (темірдің элементеры құрамы 20% құрайды). Темір сульфаты суда жақсы ериді.

Бұл препараттар өкілдері:

Тардиферон

Гемофер пролангатум

Сорбифер Дурулес

Ферроплекс

 

Темірлі тетрагидрат хлорид препараты FeCl2·4H20 (темірдің элементарлы құрамы 28 %) негізінен суда ыдырамайды, сол үшін оны тамшы ретінде тағайындалады.Оны қолданғанда ескеретін жайт: тістің қарайуы баршылық.

Топ өкілі:

Гемофер

 

Темірлі Фумарат FeC4H2O4 (темірдің элементарлық массасы 33 %) суда нашар ериді, бірақ сілтілі ортада тез ыдырайды, мысалы: ақ – қазан сөлінде. Бұл препатар едәуір тұрақты болып келеді, ішекте еркін сіңеді.

 

Үш валентті темір тұзы

Бұл препарат ішекке келіп түскен соң, алдымен екі валентті темірге ыдырауы керек, сосын барып, ішектің шырышты қабатына енеді. Осының бәрі бұл препараттың қасиетін төмендетеді.

 

Темірлі препараттарды қолданылуы:

Препараттар тағайындалады;

· теміртапшылық жағдайлар (негізгі көрсеткіштеі осы)

· сиыр сүті көтеле алмайтындарға

· жедел немесе созылмалы инфекцияны бастан өткізген балалар

 

Жағымсыз әсерлері

Препаратты ішкенде диспепсиялық эффектер пайда болуы мүнкін (жүрек айну, құсу, диарея). Оның көрінісі ішекте сіңірілмеген темірлердің мөлшеріне тікелей байланысты. Ішектің бұзылыстарында темір препараттарының тек 0,5 % сіңіріледі (бұл кезде балаларға беруге болмайды).

 

Бос радикалдар реакцияны белсендіріп, клеткалардың мембранасын зақымдауы мүнкін (мысалы: эритроциттердің гемодиализі).

 

Парентеральді қолданғанда жағымсыз эффектер пайда болуы мүнкін. Темірдің қандағы мөлшері көп болғандықтан, ұсақ артериолалар мен венулалар қабырғасы жұқарып, өтімділігі жоғалайды. Бет және мойын терілерінің қызаруы, бас аумаққа және кеуде маңына қанның көптеп келуі байқалуы мүнкін. Бұл кезде препараттарды ары қарай қолдануды үзу керек. Егер, сол кезде препараттардың қолдануын үзбесе, ішкі мүшелер мен тіндердің гемосидерозы шығуы мүнкін.

 

Ішуге арналған препараттарды қолданғанда қанды іш өту мен құсу байқалады. Темір препараттардың кез – келген түрін қолданғанда перифериялық қан тамырлардың қарсылығы төмендейді, сұйықтардың транссудациясы жоғарлайды, қанның циркуляциялық көлемі төмендейді. Нәтижесінде АҚҚ төмендейді, тахикардия орын алады.

Басқа препараттармен әсерлесуі

Кішкентай жастағы балаларға бос радикалды реакцияның активацисын болдырмау мақсатында препаратпен витамин Е біріктіріп береміз (клетканың мембранасы мен эритроцит гемолизін болдырмау профилактикасы үшін).


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 3728 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)