Жектофер (Эктофер)
Препарат құрамы мен формасы:
Бұлшық етке енгізу үшін арналған. 1 ампулада (2мл) декстрин сұйықтығында цитратпен темірсорбитті комплекс (0,1 г үш валентті темір бар)
Фармакокинетика:
Бұлшық етке енгізгенде, алғашқы 12 сағ препараттың 80 % сіңіріліп үлгереді. Трансферриннің максимум сіңірілуі 2 – 8 сағ кейін болады, ал 12 – 24 сағ соң препараттың алғашқы белгілері эритроциттерде көріне бастайды. Бірақ, препараттың 30 – 40 % сол күйінде еш өзгерместен сыртқа шығады. 10 күнде препарат түгелімен сыртқа шығарылады.
Көрсетілімі:
· Теміржетіспеушілік анемия
· Ішекте темірдің сіңірілуінің бұзылысы
Доза режимі:
Бұлшық етке күніге немесе күн ара 1 кг дене салмағына 1,5 мг темір препараты есептелінеді. Тәуліктік максимальді доза 2 мл (егер дене салмағы 70 кг болса).
Жағымсыз әсерлер:
Ауру сезімі, инъекция енгізген жерде уақытша түссіздік пайда болады. Ауызда металл дәмі сезілуі мүнкін, беттің қызаруы, терінің қоңырға боялуы, бас айналу.
Қарсы көрсеткіштер:
Гемохроматоз, бауыр функциясының бұзылысы, жедел нефрит, корнарлы жетіспеушілік, 2 – 3 стадиядағы гипертоникалық ауру.
Қолданылған әдебиеттер
«Педиатрияның клиникалық фармакологиясының анықтамасы». Гусель В.А., Маркова И.В. Москва. 1989 ж. 156 – 159 беттер және 320 бет.
«Биохимия». Северин Е.С. Москва. 2003 ж. 642 – 779 беттер
«Балаларда теміртапшылық анемия мәселесі және оның шешімдерді». Казюкова Т.В., Самсыгина Г.А.,Ғ Левина А.А. Түмен. 2002 ж. 4-6 беттер.
www.Google.ru/kz/com
Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 913 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|