Сорбифер дурулес
Препарат формасы мен құрамы
Қабықпен қапталған таблетка. Құрамында 320 мг темір сульфат (100 мг екі валентті темір) мен 60 мг аскорбин қышқылы
Фармакологиялық әсері:
Теміртапшылық анемияға қарсы антианемиялық әсер етеді. Препарат ішекке арындап сіңеді, 6 – 8 сағ кейін сыртқа шығарылады.
Көрсетілімі:
· Теміртапшылық анемия
· Темірді активті қолданған кезде теміртапшылық анемияның профилактикасы
Доза режимі:
Негізінде ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таб/ 2 тәу (шайнамай, тамаққа дейін 0,5 сағ бұрын жарты стакан сумен ішкіземіз). Егер, жағымсыз әсерлер пайда бола бастаса тәулігіне 1 таблетка тағайындаймыз. Қанда гемоглобиннің мөлшері қалпына келген соң, тағы 2 ай бойы темірдің депода қанығуы мақсатында ем курсын жүргіземіз. Ем алу курсы орта шамамен 3 – 6 ай бойы болуы тиів. Жүкті әйелдерде алғашқы 6 айда тәулігіне 1 таблетка, ал соңғы тирместр мен лактация периюдында тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тағайындаймыз.
Жағымсыз әсерлері.
Жүрек айну, диарея.
Қарсы көрсеткіштер:
Өңештің тарылуы немесе ас – қорту жолында обструктивті өзгерісі. Темірдің депосының жоғары болуы.
Ерекше тағайындалуы:
Жаңа туылғандар мен кішкентай балаларға беруге болмайды.
Басқа дәрілермен әсерлесуі:
Тетрациклинмен бірге тағайындауға болмайды. Антацидтті препаратты (алюминий, кальций, магний бар) бірге қолдануға болмайды. Бұл препараттар тек теміртапшылық анемия кезінде ғана пайдады, басқа анемия түрлеріне әсер етпейді.
Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 777 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|