Алматы 2011
Ішкі аурулар кафедрасы
СӨЖ
тақырыбы: Теміртапшылық анемияны емдеу
орындаған:
факультет:
группа:
тексерген:
Алматы 2011
Жоспары:
I) Темір тапшылық анемияны емдеу
II) Теміртапшылықты анемияның алдын алу шаралары
III) Теміртапшылық анемияны емдеудің халық арасындағы түрлері
IV) Темір препараттары
V) Теміртапшылық анемия препараттары:
VI) Қолданылған әдебиеттер
Темір тапшылық анемияны емдеу
Емдік дәм. Тағамдар темірге бай болуы тиіс. темірге бай өнімдер: сиыр еті, балық, бауыр, өкпе, бүйрек жұмыртқа, қара құмық жармалары, алма, шабдалы, қара өрік, т.б.
Теміртапшылықты анемияның емінде темірмен қатар өзге микроэлементтерде қажет (мыс, марганец, кобальт, мырыш). аталған микроэлементтер мал өнімінде, дәнді дақылдарда (сұлы, арпа, бидай, бұршақта) мол.
Темір дәрмектермен емдеу (ферротерапия). Темір дәрмектерінсіз темірдің жетіспеушілігін жою мүнкін емес. тағаммен сіңірілетін темірдің мөлшері тек физиологиялық жоғалатын мөлшерін жабады. Темір дәрмектерін таңдағанда темірі қос валентт, әсері ұзартылған және витаминдер, антиоксиданттар, микроэлементтер қосылған түрлерін қалау қажет.
Кең қолданылатынтемір дәрмектерінің сипаттамасы
Дәрмектің аты
| Бір таблеткадағы F* мөлшері (мг)
| Тәулікті дозасы
| 1. Фенюльс (150 мг темір сульфаты + витамин)
| 45 мг
| 1 – 2 капс.
| 2. Ферроплекс (50 мг темір сульфаты + аскорбин қышқылы 30 мг)
| 11 мг
| 8 – 9 таб.
| 3. Ферроградумет – 150 мг
| 105 мг
| 1 таб.
| 4. Тардиферон (темір сульфаты + мукопротеаза)
| 200 мг
| 1 таб.
| 5. Гино – тардиферон (256 мг темір сульфаты + 350 мг фолий қышқылы + 30 мг асқорбин қышқылы)
| 80 мг
| 1 – 2 кап.
| 6. Сорбифер Дурулес (темір сульфаты + 60 мг аскорбин қышқылы)
| 100 мг
| 2 капс.
| 7. Гемсинерал – ТД (темір фумараты 200 мг + цианкобаламин15 мкг + фолий қышқылы 1,5 мг)
| 100 мг
| 1 – 2 капс.
|
Ферротерапия келесі сатылардан тұрады:
· темірдің тапшылығы мен анемияны жою
· темірдің қорын толтыру
· рецидивке қарсы емді жүргізу
Темірдің тапшылығы мен анемияны жою
Емнің бірінші сатысында темірдің тапшылығы мен анемияны жою үшін темір дәрмектерінің біреуі тәуліктік дозада беріледі. дәрмектің тәуліктің дозасы екі валеттік темірдің мөлшерімен есептеледі (100 мг минимальді доза, 300 мг максимальді доза). Тәуліктік дозаны 300 мг асырған пайдасыз, өйткені одан темірдің ішекке сіңірілмеуі көбеймейді. әдетте ішуге берілетін дәрмектерді қолданады. Парентеральдік дәрмектерді арнайы көрсетпелер болса, қолданылады.
Темір дәрмектерін тамақтан 1 сағат бұрын немесе 2 сағаттан кейін ішкізеді. Темірдің сіңірілуін жақсарту үшін темір дәрмектерімен бірге аскорбин қышқылын, құрамында фруктоза болатын тағамдарды ішкізеді. Дәрмекті, көтере алмайтын максимальді дозада, гемоглобиннің деңгейі қалыптыға жеткенше береді. Әдетте, бұған 6 – 8 апта уақыт қажет.
Хал – күйінің жақсаруы 2 – 3 күннен соң байқалады, ал гемоглобиннің деңгейі 2 – 3 аптадан бастап жоғарлайды. Ферротерапияның әсерін арттыру үшін антиоксидант болып табылатын Е витаминді 1 капсуладан күніне2 рет, 1 ай ішуге болады.
Парентеральдік темір дәрмектерін қолдану көрсетпелері:
· мальабсорбция, мальдигистия синдромымен дамыған асқорту азғаларының ауруы
· жіңішке ішектің резекциясы
· гастрэктомия
· асқазанның, ұлтабардың жара ауруы (темір дәрмектерді асқазанды, ұлтабарды тітіркендіруінен)
· темірге тез қанықтырудың қажеттілігі, мәселен хирургиялық емге дайындықты тездету үшін
Парентеральді қолданатын дәрмектер
Эктофер – темірдің сорбитол – цитраттық қосындысы, 2 мл ампулада (темірдің мөлшері 100 мг), тәулігіне 1 рет 2 мл бұлшықетке енгізеді.
Фербитол – темір – сорбитолдық қосындысының су ертіндісі, 2 мл ампулада (темірдің мөлшері 100 мг), тәулігіне 1 рет 2 мл бұлшық етке енгізеді.
Феррум - лек – үшнегізді темірдің мальтозамен қосындысы. Бұлшық етке және венаға енгізілетін түрлерінде шығарылады. Бұлшық етке енгізілетін түрі ампулада 2 мл (темірдің мөлшері 100 мг), бұлшық етке күн ара енгізіледі.
Вена ішіне енгізілетін түрі ампулада 5 мл (темірдің мөлшері 100 мл), 1 – ші күні 2,5 мл, 2 – ші күні 5 мл, 3 – ші күні 10 мл, содан кейін аптасына 2 рет 10 мл физиологиялық ертіндінің 10 мл қосып, вена ішіне баяу енгізіледі.
Емге қажетті темірдің мөлшерін формула бойцынша анықтайды; Темірдің мөлшері (мг) = қалыпты Нв – науқастың Нв х дененің массасы (кг) х 0,221 + 1000.
Формула бойынша табылған темірдің мөлшері гемоглобиннің, эритроциттердің деңгейін қалпына келуін және 1000 мг жуық темір қорының жиналуын қамтамасыз етеді.
Темірдің қорын толтыру. Темір, ферритиннің және гемосидериннің құрамында, бауыр мен талақта жиналады
Гемоглобиннің деңгейі қалпына келген соң, темірдің қорын толықтыру үшін дәрмектің дозасын 2 – 3 есеге азайтып, емді ары қарай 3 айға жалғастырады.
Рецидивке қарсы (сүйемелдеуші) ем. Қанның жоғалтылуы қайталанатын жағдайларда, мысалы менструацияларға байланысты, темір дәрмегін әр айда 7 – 10 күн ішкізіледі, ал анемия қайталанса, емді 1 – 2 айға созады.
Теміртапшылықты анемияның алдын алу шаралары
Анемия дамуынан қауіпті топтарда сидеропения мен теміртапшылықты анемия болуын белсенді анықтау қажет.
Қауіпті топқа жүкті және етеккірі 5 күннен артық келетін әйелдер, тез өсетін балалар, жыныстық жетілу кезіндегі жас өспірімдер, анемияға шалдыққан әйелдерден туған балалар жатады. Бұл топтағыларға ферротерапия жылына 2 рет жүргізіледі.
ДДҰ ұсынысы бойынша, жүкті әйелдердің барлығында 3 –
6 айлық суплементация (толықтыру) емі жүргізілуі тиіс (100 мг темір және 300 мкг фолий қышқылы). Бұл ем жүктілікте анемияның дамуына жол бермейді. Донорларда анемияны болдырмау үшін, қан тапсырудың жылдық мөлшерін ересектерде 800 – 1200 мл, әйелдерде 400 – 800 мл асырмау қажет.
Теміртапшылықты анемияның емінде гемотрансфузияларды қолдану мәселесі. Бұл кезде анемияның емінде вирустық инфекцияларды жұқтыру қаупінен гемотрансфузиялардың қатаң шектеледі. Оны өмірге қауіп төнген жағдайларда ғана қолданылады – жедел операциялық емді жасау қажеттілігі, анемиялық комаға түсу қаупі (гемоглобиннің 40 – 50 г/л – ден аса төмендеуі).
Бұдан басқа, гемотрансфузиялық ем сіңірілген темірдің пайдаланылуының бұзылыстарында қолданылуы мүнкін, мәселен күйіктің, ауыр инфекциялық немесе қабынған аурулардан дамыған анемияларда. Бұл жағдайларда темір фагоцитоздық жағдайларда жиналады. Анемиялардың бұл түрлеріне ферротерапия көрсетілмейді, өйткені енгізілген темір деполарда жиналып, гемохорматозды күшейтеді.
Теміртапшылық анемияны емдеудің халық арасындағы түрлері
Теміртапшылық анемияны емдеу үшін сәбіз, қызылша сығындыларын тең 300 мл көлемінде араластыру қажет. Беті жабық ыдысқа құйып, ысып тұрған духовкаға 3 сағдуховкаға 3 сағатқа қалдырамыз (бірқалыпты қайнау үшін). Тамақтанар алдында күніне 3 рет 1 – 2 ас қасық көлемінде 3 ай бойы ішу қажет.
Анемия кезінде диетаға мыналарды қосқан жөн: айва, сарымсақ, арбуз, банан, малина, сәбіз, шие, жүзім, ас қабақ, алма, қызылша, тұт ағашының жемісін, долана.
Тағы бір түріне қайың шырынын тәулігіне 3 – 4 рет жарты стакан мөлшерінде қабылдаған жөн.
Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 1277 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|