АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Хаттама № _____

Прочитайте:
  1. A - адреноблокаторы
  2. A .Гемоторакс
  3. A b с d
  4. A BRIEF OUTLINE OF THE DEVELOPMENT OF THE ENGLISH LITERARY
  5. A BRIEF OUTLINE OF THE DEVELOPMENT OF THE ENGLISH LITERARY (STANDARD) LANGUAGE
  6. A BRIEF OUTLINE OF THE DEVELOPMENT OF THE ENGLISH LITERARY LANGUAGE
  7. A GOOD ONE
  8. A GOOD ONE
  9. A GUIDELINES FOR WRITING
  10. A NEW ROLE OF MARKETING AND COMMUNICATION TECHNOLOGIES IN BUSINESS AND SOCIETY: LOCAL AND GLOBAL ASPECTS (NRMCTBS 2015)

СИЛЛАБУС

 

 

РА-12209 «Патологиялық анатомия-1» пәні бойынша

5В130100 - Жалпы медицина мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі (кредиттер) 90 сағат (2 кредит)

Курс ІІ

Семестр 3-4

 

Қарағанда 2014 ж.


Силлабус РА-1 2209 «Патологиялық анатомия - 1» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «051301 – Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған.

Бекітілді «» __________ 2014 ж.

Хаттама № _____

Силлабус патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасының отырысында

қаралып, бекітілді. «10» қыркүйек 2014ж., хаттама №2

 

Патологиялық анатомия және сот медицинасы

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор: М.М. Түсіпбекова


Кафедра жайлы мәлімет: Кафедраның орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Алалыкина көшесі, 7, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 2-ші корпусы.

Патологиялық анатомия кафедрасы 1951 жылы ашылды. Оны ұйымдастырушы және бірінші меңгерушісі доцент С.Ф.Серов болды.

Кафедраның ғылыми қызығушылығы болып өкпенің интерстициальді ауруларының морфологиясын игеру, даму ақауларымен туылған балалардың қауып факторларын анықтау, жүктілік және босану кезеңіндегі түрлі аурулар кезіндегні плацентаны зерттеу.

Кафедраның негізгі ұстанымдарының бірі клиникалық жұмыспен оқу-ғылыми қызметінің міндетті түрде бірігуі жатыр, патологиялық анатомия оқытушысының біліктілігінде бірінші орында дәрігердің тәжірибесі саналады. Профессор-оқытушылар құрамы (профессор, доцент және ассистенттер) ҚММУ мен емдеу мекемелері арасындағы келісім шарт бойынша клиникалық базаларға сәйкес патологанатомиялық бөлімшелерінде клиникалық жұмыс атқарады.

Оқытушылар туралы мәлімет

1.Түсіпбекова Майда Масхапқызы, кафедра меңгерушісі - профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, ҚР БҒМ ғылым және білім саласы бойынша бақылау Комитетінің тәуелсіз сарапшысы, ҚР ДСМ медициналық қызметінің фармацевтикалық және медициналық бақылау Комитетінің аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы, Қарағанды облысындағы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаныныдағы этикалық сұрақтар және халықтың шағымдары бойынша комиссияның мүшесі, «ЖОО-ның үздік ұстазы-2007» мемлекеттік гранттың иегері, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iсiнi үздiгi" белгісімен, «Еңбек ардагері» медальімен, «Қазақстан Республикасының білім берудегі Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. 300-ден астам мақалалары бар, соның ішінде нолдік импакт фактормен (Springer) Ұлыбритания, Италия, Израил, Түркия, Таиланд баспаларында. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – қазақша, орысша.

2. Богославский Владислав Лукич, доцент,медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатты дәрігер-сот медицина сарапшысы, ғылыми қызығушылығы - бас миының жарақаттық зақымдалуының сараптамасы, оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша.

3. Ким Нелли Борисовна, ассистент, 1-ші біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, адаптор ТЕМПУС, ғылыми қызығушылығы – асқазан мен ішектің эндоскопиялық биопсия материалы бойынша асқорыту жүйесі морфологиясын игеру. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша.

4. Костылева Ольга Андреевна, ассистент, 1-ші біліктілік санатты дәрігер-патологанатом, адаптор ТЕМПУС, ғылыми қызығушылығы – жатырдың, жатыр түтігінің, аналық бездің операциялық-биопсиялық материал бойынша әйел жыныс мүшелерінің патологиясын игеру. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша.

5. Косицын Денис Леонидович, ассистент, дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – жатыр мойны эксцизиясы операциялық материалы бойынша цервикальды интраэпителиальды неоплазияның игеру. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша.

6. Нығызбаева Райхан Жақсылықовна, ассистент, дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы - жатыр мойны эксцизиясы операциялық материалы бойынша цервикальды интраэпителиальды неоплазияның игеру. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – қазақша.

7. Стабаева Лейла Медеубаевна, резидент, дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы - ана патологиясы кезіндегі аз салмақты және шала туылған балалардағы бүйрек патологиясын игеру. Туберкулез патоморфозы. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – қазақша.

8. Котов Евгений Александрович, ассистент, дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – бас сүйегінің бірігуінің жыныстық диморфизмін игерту. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша.

9. Камышанский Евгений Константинович, ассистент, дәрігер-патологанатом, ғылыми қызығушылығы – жүктіліктің 3 үш айлығында созылмалы плацентарлы жеткіліксіздіктің маркерларын игеру. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша, ағылшынша.

10. Иманбаева Гульназира Назымхикматовна, резидент, ғылыми қызығушылығы – ана патологиясы кезіндегі аз салмақты және шала туылған балалардағы бүйрек патологиясын игеру. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – қазақша.

11. Шарафутдинова Карина Наильевна, ассистент, ҚММУ түлегі 2013 ж., «Хирургия» мамандығы бойынша интернатураны бітірді. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша.

12. Дусмаилов Рахимжан Мендашевич, ассистент, дәрігер-сот медицина сарапшысы ғылыми қызығушылығы – транспортты жарақаттың спараптамасы. Оқу сабақтарын өткізу түрі – TBL, CBL, майнд-мэппинг. Жүргізетін тілі – орысша, қазақша.

Кафедраның лаборанттары: Барышева Лидия Ивановна, Марфута Людмила Петровна, Рахимбаева Бейбитгул Жанатовна, Хамукова Анна Владимировна.

Байланыс ақпараты:

Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Қарағанды қ., Алалыкин көшесі,7, ҚММУ-ның 2-ші корпусы, № 7, 4, 04, 134 автобустары «Гагарин алаңы»

Телефон: 8(7212)564181(113)

 

Пәннің саясаты: Студенттер «Патологиялық анатомия-1» пәнінің жұмыс бағдарламасында қамтылған теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды терең меңгеруі керек. Кафедраға сабақтың басталуына 10 минут қалғанда ақ халат пен ақ телпек, аяқ киімін ауыстырып кірулері керек, міндетті түрде аты-жөні жазылған бейджігі болуы қажет.

Сабақта ұялы телефонды қолдануға рұқсат етілмейді.

Студенттер барлық аудиториялық сабақтардың түрлеріне қатысуға міндетті – дәрістер, тәжірбиелік және семинарлық сабақтар, лабораториялық жұмыстар, СОӨЖ бен СӨЖ барлық тапсырманы орындауға (қ.4.2 «Білім алушылардың үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже» 28.08.2014 ж., «Қосымша»).

Себепсіз себеппен бостылған сабақ өтелмейді. Егер босатылған тәжірбиелік сабаққа берілген сағат саны 50% және жалпы сағат саны одан да көпті құраса, берілген тапсырмаға қатысты, студенттер бөлімнің тапсырмасын тапсыруға жіберілмейді. Электронды журналға «0» қойылады.

Бостылған сабақты өтеу бойынша студенттер кафедраға оқуға кіріскеннен кейін екінші сабақтан кеш емес рұқсатнама әкеледі. Босатылған лабораториялық жұмыстар, тәжірбиелік сабақтар тапсырманы тапсыру уақытына дейін өтеледі.

Кеңес беру кестесіне сәйкес кезекші оқытушымен босатылған тақырып ауызша өтеледі. Егер себепті себеппен босатылған сабақ өтелмей қалса себепсіз босатылғанмен теңеседі (қ.6.1-6.3 «Қосымша»).

Тәжірбиелік сабақты немесе СОӨЖ өткізу кезінде, топтың старостасы оқу бөлмесінде кезекші тағайындайды, микроскоптар, макро-және микропрепараттардың сақтығына және оқу бөлмесінде сабақ кезінде тәртіп пен тазалыққа жауап береді.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1214 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)