АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Кіріспе. «Жалпы медицина» мамандығына арналған Патологиялық анатомия-1 бағдарламасы – болашақ дәрігер маманын дайындау
«Жалпы медицина» мамандығына арналған Патологиялық анатомия-1 бағдарламасы – болашақ дәрігер маманын дайындау жүйесінің негізі болып табылатын базистік теориялық біліммен қамтамасыз ететін медико-биологиялық ғылымдар жүйесінің маңызды әрі міндетті бөлімі болып табылады.
Патологиялық анатомия – аурудың әр түрлі аспектілерін зерттейтін биология мен медицинаның ауқымды аумағын қамтитын, патологияның құрылымдық бөлімі.
Патологиялық анатомия аурудың құрылымдық (материалдық) негіздерін зерттейді. Ол медицинаның теориялық және клиникалық тәжірибесінде маңызды, сондықтан патологиялық анатомия – клиникалық профильді пән болып табылады.
Патологиялық анатомияның теориялық және ғылыми мәні патологиялық анатомия 1 мазмұны болып табылатын жасуша және жасуша аралық заттың зақымдалуының жалпы заңдылықтарын, аурудың морфологиялық субстратын құрайтын стереотипті патологиялық үрдістерді зерттегенде толық ашылады
Патологиялық анатомия клиникалық пәндерді оқу барысында негіз болып саналады, себебі жалпы патологиялық үрдістердің негізін білмей, аурудың көріністері мен сипатын, ақыры мен біртұтас ағзаның тіршілік әрекетіне әсері жайлы түсінік қалыптасытру мүмкін емес.
Пәннің мақсаты: жалпы патологиялық үрдістердің құрылымдық негіздері мен морфогенездік механизмдерін білу, әртүрлі дистрофия түрлерін, қанайналым бұзылыстарын, компенсация мен адаптация үрдістерін, қабыну, ісіктің түрлерін жіктей білу. Жалпы патологиялық үрдістердің морфологиялық көріністерін, асқыныстары мен ақырын анализдеу, жалпы патологиялық үрдістерін олардың морфологиялық көріністерінің негізінде ажырата білу; барлық ауруларға ортақ стереотипті жалпы патологиялық үрдістерді жастық ерекшеліктеріне қарай жүйелеу.
Пәннің міндеттері:
үйрету:
· әртекті зақымдалуларға тән негізгі морфологиялық ажыратпалы белгілерді анықтау;
· жалпы патологиялық үрдістердің даму себебі мен патогенезін анықтау; әртүрлі жалпы патологиялық үрдістердің даму динамикасын (морфогенезін) айқындау;
· оның сатылары мен түрлерін, макроскопиялық өзгерістерінің негізінде органдар мен тіндердегі патологиялық үрдісті сипаттау;
· дистрофия, некроз, қан және лимфа айналым бұзылыстары, қабыну, компенсация мен адаптация реакциялары, иммунопатологиялық үрдістер, ісіктер кезіндегі мүшелер мен тіндердегі микроскопиялық көріністі талдау; гистологиялық препараттадың микроскопиясын жүргізу;
· морфологиялық өзгерістерді типті клиника-функционалды көріністермен қатынасын анықтау; морфологиялық субстрат пен клиникалық белгінің себеп-салдарлық қатынасын талдау; макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулердің байланысын айқындау;
· мүшелер мен тіндерде дамыған патоморфологиялық өзгерістер жиынтығының негізінде мүмкін болатын асқыныстар мен ақыры сипаттарын бағалау; жалпы патологиялық үрдіс жайлы қорытындыны дәлелдеу;
· дистрофия, некроз, қан және лимфа айналым бұзылыстары, қабыну, компенсация мен адаптация реакциялары, иммунопатологиялық, ісікті үрдістерді жіктей білу;
· макро және микроскопиялық көрініс негізінде жалпы патологиялық үрдіс туралы қорытындыны шығару;
· жалпы патологиялық үрдістер кезіндегі әртүрлі морфологиялық өзгерістерді салыстыру;
· аурудың диагностикасындағы морфологиялық зерттеудің маңыздылығын түсіндіру;
· мүшелер мен тіндердегі морфологиялық құрылымдық өзгерістер деңгейін қызметтік өзгерістермен қатынасын айқындау.
Оқытудың соңғы нәтижесі
| Дублинский
дескрипторларының
бірінші деңгейі (бакалавриат)
| Блум пирамида-сы
| Дескриптор бойынша оқытудың соңғы нәтижесі
| Құзыреттілік
| A
| Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу
| Білу
| · Әртекті зақымдалуларға тән негізгі морфологиялық ажыратпалы белгілерді анықтау;
· Жалпы патологиялық үрдістердің себептері мен патогенезін атау
· Әртүрлі жалпы патологиялық үрдістердің даму динамикасын (морфогенезін) айқындау;
| 2 4
| Түсіну
| · Мүшелер мен тіндер, жасушалардың макро- жєне микробейнелік деңгейлердегі құрылымдық өзгерістерін анықтау; микроскопиялық өзгерістер негізінде үрдістің кезеңі мен түрін анықтау;
· Дистрофия, некроз, қан және лимфа айналым бұзылыстары, қабыну, компенсация мен адаптация реакциялары, иммунопатологиялық, ісікті үрдістер кезіндегі мүшелер мен тіндердегі микроскопиялық көріністі бағалау
· Макро және микроскопиялық көрініс негізінде жалпы патологиялық үрдістердің әр түрін анықтау
| 2 4
| B
| Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу
| Қолдану
| · Гистологиялық препараттардың микроскопиясын жүргізу
· Патологиялық үрдістердің макро-және микроскопиялық нышандарын сипаттап түсіндіру
· Жалпы патологиялық үрдістердегі мүшелер мен тіндердегі морфологиялық құрылымдық өзгерістер деңгейін клиникалық-қызметтік өзгерістермен қатынасын айқындау.
.
| 3 4 7
| C
| Аргументтерді қалыптастырып, осы саладағы мәселелерді шешу
| Анализ
| · Морфологиялық субстрат пен клиникалық белгінің себеп-салдарлық қатынасын анализдеу;
· Макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулердің байланысын айқындау;
· Мүшелер мен тіндерде дамыған патоморфологиялық өзгерістер жиынтығының негізінде мүмкін болатын асқыныстар мен ақыры сипаттарын бағалау;
| 3 4 6 7
| D
| Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру
| Синтез
| · Жалпы патологиялық үрдіс жайлы қорытындыны дәлелдеу;
· Дистрофия, некроз, қан және лимфа айналым бұзылыстары, қабыну, компенсация мен адаптация реакциялары, иммунопатологиялық, ісікті үрдістерді жіктей білу;
· Макро және микроскопиялық көрініс негізінде жалпы патологиялық үрдіс туралы қорытындыны шығару;
| 4 5 6 7
| E
| Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау
| Бағалау
| · Жалпы патологиялық үрдістер кезіндегі әртүрлі морфологиялық өзгерістерді салыстыру;
· Аурудың диагностикасындағы морфологиялық зерттеудің маңыздылығын түсіндіру;
· Мүшелер мен тіндердегі морфологиялық құрылымдық өзгерістер деңгейін қызметтік өзгерістермен қатынасын айқындау.
| 4 5 6 7
| Құзыреттіліктер тізімі: 1. Жалпы білімділік 2. Биомедициналық ғылымдарды бiлу 3. Коммуникативті дағдылар 4. Өзін-өзі үнемі жетiлдіру дағдысы 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Командада жұмыс істеу дағдысы 7. Кəсіби біліктілік
Реквизитке дейінгі: философия, экология және тұрақты даму, молекулярлы биология және генетика, биохимия, микробиология, анатомия-1, гистология – 1, физиология - 1
Реквизиттен кейінгі: патологиялық анатомия-2, патологиялық физиология-2, ішкі аурулардың пропедевтикасы, визуальді диагностика, жалпы хирургия, клиникаға кіріспе-2, жалпы иммунология.
Пәннің қысқаша мазмұны (пәннің бағдарламасы)
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1602 | Нарушение авторских прав
|