АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кіріспе. Психиатрия медицинаның маңызды және актуальді бөлімдерінің бірі болып табылады

Прочитайте:
  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. КІРІСПЕ
  9. Кіріспе

Психиатрия медицинаның маңызды және актуальді бөлімдерінің бірі болып табылады. Заманауи психиатрия әлеуметтік саясатпен, мәдениеттанумен, тәртіптік ғылымдармен, биологиялық ғылымдармен және жалпы медицинамен шекаралас болып келеді. Осы шекаралардың ішінде заманауи психиатрияның бөлімдері орналасқан- психикалық саулықты қорғау, психиатриялық көмекті ұйымдастыру, әлеуметтік психиатрия, клиникалық психиатрия, оның ішінде геронтопсихиатрия және балалар және жасөспірімдер психиатриясы.

Жалпы медицинаның заманауи дәрігері науқасты және оның туыстарын клиникалық және қосымша тексеру әдістерінің негізінде біріншілік медико-санитарлық көмек деңгейіндегі алдын алу шараларының басты объектісі болып табылатын жоғары қауіп-қатер топтарын анықтай білуі керек.

2.2. Психиатрия пәнінің мақсаты:

Психиатрияны оқудың мақсаты: негізгі психикалық аурулардың диагностикасы мен емінің, ургентті жағдайларда жедел көмек көрсетудің жалпы принциптері бойынша, сонымен қатар алдын алу мен реабилитация сұрақтары бойынша білім мен дағдыны қалыптастыру.

2.3. «Психиатрия» пәнінің мақсаты:

· халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негіздерімен таныстыру;

· студенттерді психикалық және жүріс-тұрыс бұзылыстары клиникалық диагностикасының негіздерімен таныстыру;

· студенттерді психикалық статусын бағалаумен бірге сау және ауру адамдардың психикалық жүйесін зерттеу әдісіне үйрету;

· студенттерді психикалық аурулардың экпериментальды психологиялық диагностикасы негіздерімен таныстыру.

· студенттерді психосоматикалық және соматопсихикалық өзараәрекеттесулермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру.

· студенттерді дәлелдеуші медицина тұрғысынан психикалық бұзылыстарды емдеу және сауықтырудың заманауи ұстанымдарымен таныстыру.

· психикалық бұзылыстардың психопрофилактикасы мен психогигиенасының негізін қалыптастыру.

· 2.4. Психиатрияны оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі керек:

* Халыққа психиатриялық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптерін;

· Психиатрияда қолданылатын зерттеудің негізгі заманауи әдістерін;

· Психикалық бұзылыстардың негізгі симптомдары мен синдромдарын;

· Психиатриядағы емдеу мен алдын алудың негізгі принциптерін.

Студент істей білуі керек:

· Науқастан анамнез жинау;

· Психикалық бұзылыстардың симптомдарын анықтау;

· Әр түрлі жастағы науқастардың психикалық статусын бағалау;

· Науқасты зерттеудің негізгі заманауи клинико-лабораторлық және аспаптық зерттеулерді таңдау;

· Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестері және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орната алу;

· Ұжымда жұмыс істей білу.

Студент дағдыларды білуі қажет:

· негізгі психопатологиялық симптомокомплекстер диагностикасын;

· өмірге қауіп төндіретін жағдайлар диагностикасын және психикалық бұзылыстар кезіндегі алғашқы көмек көрсетуді;

· салауатты өмір салтының принциптерін қалыптастыруға бағытталған шараларды өткізуді.

2.5.. Пәннің пререквизиттері: психотерапия, жалпы және медициналық психология негіздерінің коммуникативті дағдыларын, анатомия-2, клиникаға кіріспе-2, фармакология, дәлелді медицинаның негіздері, балалар аурулары, неврология, ішкі аурулар-1, инфекциялық аурулар.

2.6. Пәннің постреквизиттері: барлық мамандық бойынша интернатура.

2.6. Психиатрия пәнінің қысқаша мазмұны:

Блок №1. Психиатрия бойынша дәрістер тезистері.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1099 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)