АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Кіріспе. Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым
Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын жүйелі түрде зерттейді. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия, антропология негіздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның және әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларының құрылысына әсерін қарастырады. Анатомия медициналық білімдердің фундаментін құрайтын пән болып табылады, бұл пәнсіз студентке тәжірибелік дәрігерге қажет мамандық клиникалық пәндерді меңгеру қиын болады.
Анатомия тек қазіргі адамның құрылысын анықтап қана қоймайды, сонымен бірге адам организмінің тарихи дамуы кезінде қалай қалыптасқандығын зерттейді. Анатомия – 1 пәнінің бағдарламасы адам организмін құрайтын ағзалардың, мүшелер мен тіндердің құрылысын, жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі дамыған микро- макроскопиялық анатомия, физиология, биология жетістіктерін және оның пренатальды дамуын қоса, мүшелердің өзара анатомо-топографиялық қатынастарын зерттеуге бағытталған.
Пәннің мақсаты: Студенттерді анатомиялық модельдермен,мәйітпен жұмыс істеуге үйретіп, адам ағзасы мүшелерінің құрылысын, олардың жасқа байланысты, жыныстық және жеке ерекшеліктерін, мүшелердің анатомо-топографиялық өзара қатынасына байланысын оқып білу, алынған мәліметтерді клиникалық пәндерде қолдану.
Оқытудың міндеттері:
Ø Білім: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысының ерекшеліктерін,құрылымдық элементтерін, олардың жасқа байланысты, жыныстық ерекшеліктерін білу.
Ø Түсіну: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер мүшелерімен сезім мүшелерінің негізгі қызметтері туралы түсінікті қалыптастыру.
Ø Білімі мен түсінігін тәжірибеде қолдану: Анатомиялық модельдерден және мәйіттен нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысының айырмашылық-ерекшеліктері туралы дағдыларды меңгеруге үйрету.
Ø Пікірлер айту, идеяны бағалау және қорытындыларды қалыптастыру: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің қызметтері жайында пікірін айтып,осы жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап,ситуациялық есептердің шешімін талдап,түсініктіме беріп, өз ойын тұжырымдау.
Ø Жеке түсінігі мен ептілігін жеткізу: Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер және сезім мүшелерінің құрылысы және даму заңдылықтары жайында ақпарат құрастырып,олардың маңыздылығын бағалап, өз пікірін айтып,реферат, презентация, жобалар түрінде тәжірибелік сабақтарда,студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында көрсетуді қалыптастыру.
Ø Өз бетімен әрі қарай оқуды жалғастыру қабілеті: алған білімдерін келесі пәндерде қолдануға қалыптастыру:патологиялық анатомия 1,патологиялық физиология-1, анатомия-2,гистология-2, физиология-2, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальді диагностика, жалпы хирургия.
Ø Оқытудың соңғы нәтижелері:
Дескрипторлар
| Оқытудың соңғы нәтижелері
| Біліктілік
| А
| сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу
| Болашақ мамандығына пәннің атқаратын міндеттері мен мақсаттарына түсініктеме береді, латын тілінде халықаралық анатомиялық номенклатураны баяндайды,
анатомиялық модельдерден сүйектердің негізгі элементтерін, ерекше өзгешеліктерін,сүйек байланыстарының анатомиясын және биомеханикасын, бұлшықеттердің анатомиясын, классификациясын, қызметін, ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, сезім, жүрек-тамырлар, иммунды, эндокринді мүшелердің анатомиясын атап, тауып көрсетіп,
бас,мойын және тұлғаның,қол-аяқтың терісіне морфофункционалдық сипаттама береді.
| 1,2,3,6
| В
| Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу
| Анатомиялық терминологияны меңгеріп,
мәйіттен, анатомиялық модельдер мен ылғалды препараттардан сүйектердің, сүйек байланыстарының, бұлшықеттердің, ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, сезім, жүрек-тамырлар, иммунды, эндокринді жүйелер мүшелерінің құрылымдық элементтерін тауып, ерекше өзгешеліктерін көрсетіп,адам денесінің бетінде мүшелердің,тамырлардың,нервтердің кескіндерін анықтап, топтық жұмыс дағдысын меңгереді.
| 1,2,3,6
| С
| Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу
| Тірек-қимыл, ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, қан-тамырлар,иммунды, эндокринді жүйелер мүшелерінің құрылыстарының ерекшеліктерін бағалап, қызметтері жайлы пікір айтып,ситуациялық есептердің шешуін түсіндіріп беріп, өз қорытындысын жасайды.
| 1,2,3,5,6
| D
| Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру
| Организм жүйелері және мүшелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары жайлы ақпаратты құрастыруға қабілетті, олардың маңыздылығын бағалап, реферат, презентация, жоба құрастырып, тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында талқыға салып, көпшілік алдында өз пікірін айтып, ақпараттарды талқылап,синтездеу дағдыларын меңгереді.
| 1,2,3,4,5,6
|
| Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау
| Студенттерге,оқытушыларға, өзінің білімі мен біліктілігін жеткізіп,организм жүйелерінің және мүшелерінің құрылыстары даму заңдылықтары негізінде алған білімін студенттерге, оқытушыларға қорытындылап жеткізіп,ақпаратпен (оқу, анықтама, ғылыми) жұмыста білімі мен біліктілігін жеткізе алады.
| 1,2,3,4,6
| E
| Өз бетімен білім алуды жалғастыру қабілеті
| Негізігі пәндердің оқытылуы негізінде келесі пәндер бойынша өз бетімен білім алуды жалғастыру:Анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.
| 1,2,3,4,5,6
|
Міндеттер тізімі: 1. Жалпы білімдарлық 2. Биомедициналық ғылымдарды бiлуі 3. Коммуникативті дағдылар 4. Үздіксіз өздігінен жетiлу дағдылары 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Топтық жұмыстағы дағдылары 7. Кəсіпқойлық 8. Клиникалық дағдылар
Реквизитке дейінгі: анатомия-1(1-курстың бағдарламасы).
Реквизиттен кейінгі: анатомия 2, гистология 2, физиология 2, патологиялық анатомия 1, патологиялық физиология 1, клиникаға кіріспе 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуальды диагностика, жалпы хирургия.
Пәннің қысқаша мазмұны
- Нерв, қан-тамыр, лимфа, иммундық, эндокриндік жүйелер, сезім мүшелерінің құрылыстарын, қызметерін және олардың жеке, жасқа, жынысқа қатысты. ерекшеліктерін латын- анатомиялық глоссариді қолдана отырып қарастырады.
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№№
| Тақырыптың аты
| Өткізу түрі
| Ұзақтығы
| Кредит№4
| 1.
| Жұлын: пішіні, ішкі құрылысы. Жұлынның сегменттік және сегментүстілік аппараттары. Жұлын нервтерінің түзілуі. Жұлынның қабықтары. Мойын өрімі, оның тармақтары, нервтендіру аймақтары.
| семинар
|
| 2.
| Иық өрімі, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бел және сегізкөз өрімдері, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары
| семинар
|
| 3.
| Миға жалпы шолу. Ми негізіне жалпы сипаттама. Ми қабықтары. Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары. қабықтар арасындағы кеңістіктер. Соңғы ми, оның туындылары, құрылысы, қызметтері.
| семинар
|
| 4.
| Сезім мүшелері. Иіс сезу анализаторының жолы (І–жұп)Көру ағзасы, көз алмасының құрылысы. Көздің қосымша ағзалары. Көру қозулары (импульстері) мен қарашық рефлексінің өткізгіш жолдары (ІІ- жұп). Көз- қозғалтқыш нерв (ІІІ-жұп), шығыршықты нерв (ІV-жұп), әкеткіш нерв (VІ- жұп)
| семинар
|
| 5.
| Қосымша нерв (ХІ- жұп) және тіласты нерві (ХІІ- жұп). Олардың ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бет нерві (ҮІІ- жұп), тіл – жұтқыншақ нерві (ІХ- жұп): ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
| семинар
|
| 6.
| Үшкіл нерв (Ү- жұп): ядролары, түбіршіктері, түйіндері, бірінші, екінші және үшінші тармақтары, вегетативтік түйіндермен байланыстары, нервтендіру аймақтары.Кезбе нерв (Х- жұп), ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақмары.
| TBL
|
| 7.
| Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық сабау, бөлімдері, тармақтары.
| семинар
|
| 8.
| Сезім мүшелері және нерв жүйесі бойынша соңғы сабақ.
| Коллоквиум
|
|
| Барлығы
|
|
| Кредит№5
| 1.
| Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы. Жүректің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек қабырғасының құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі.
| TBL
|
| 2.
| Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Өкпе сабауы, басты тармақтары. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасы және оның тармақтары. Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары, олардың топографиясы, проекциясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| семинар
|
| 3.
| Бұғанаасты артериясы: топографиясы, тармақтары.Ішкі ұйқы артериясы:оның топографиясы және тармақтары Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз еттілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизий шеңбері).
| семинар
|
| 4.
| Кеуде қолқасы, оның тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Құрсақ қолқасы: париеталдық және висцералдық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| семинар
|
| 5.
| Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциясы, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Иық, шынтақ және кәрі жілік артериялары олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| семинар
|
| 6.
| Жалпы, сыртқы, ішкі мықын артериялары. Олардың тармақтарының тарау аймақтары. Артериялардың анастомоздары.Сан және тақым артериялары, олардың топографиясы, тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Сирақ және аяқ басы артериялары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| семинар
|
| 7.
| Жоғарғы қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Веналық шығарғыштар. Диплоэлық веналар. Бас пен мойынның беткей және терең веналары. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырықтық веналар жүйесі.Төменгі қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері. Қақпалық вена: оның түбірлері, топографиясы. Кава – кавальды, порто – кавальды анастомоздар.Қол мен аяқтың беткей және терең веналары. Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары мен өзектері.
| семинар
|
| 8.
| Қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелердің анатомиясы.
| семинар
|
|
| Барлығы
|
|
| Барлық сағат саны
|
|
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын
жұмысының (ОСӨЖ)
тақырыптық жоспары
№
| Тақырыптың аты
| Өткізуі формасы
| Ұзақтығы
| Кредит№4
| 1.
| Жұлын: пішіні, ішкі құрылысы. Жұлынның сегменттік және сегментүстілік аппараттары. Жұлын нервтерінің түзілуі. Жұлынның қабықтары. Мойын өрімі, оның тармақтары, нервтендіру аймақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 2.
| Иық өрімі, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бел және сегізкөз өрімдері, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 3.
| Аралық ми және ортаңғы ми, оның туындылары,құрылысы, қызметтері. Артқы ми, оның туындылары, ромб тәрізді мидың мойнағы,олардың құрылысы, қызметтері. Сопақша ми, оның құрылысы, қызметі.Төртінші қарынша. Ромб тәрізді шұңқыр. Ми нервтері ядроларының ромб шұңқырындағы проекциясы
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 4.
| Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Статокинетикалық және есту анализаторлары.Кіреберіс- ұлу нерві(ҮІІІ- жұп)
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 5.
| Қосымша нерв (ХІ- жұп) және тіласты нерві (ХІІ- жұп). Олардың ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бет нерві (ҮІІ- жұп), тіл – жұтқыншақ нерві (ІХ- жұп): ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 6.
| Үшкіл нерв (Ү- жұп): ядролары, түбіршіктері, түйіндері, бірінші, екінші және үшінші тармақтары, вегетативтік түйіндермен байланыстары, нервтендіру аймақтары.Кезбе нерв (Х- жұп), ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақмары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 7.
| Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық сабау, бөлімдері, тармақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 8.
| Сезім мүшелері және нерв жүйесі бойынша соңғы сабақ.
| коллоквиум
|
|
| Барлығы
|
|
| Кредит№5
| 1.
| Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Өкпе сабауы, басты тармақтары. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасы және оның тармақтары. Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары, олардың топографиясы, проекциясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу
|
| 2.
| Бұғанаасты артериясы: топографиясы, тармақтары.Ішкі ұйқы артериясы:оның топографиясы және тармақтары Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз еттілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизий шеңбері).
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу.
|
| 3.
| Кеуде қолқасы, оның тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Құрсақ қолқасы: париеталдық және висцералдық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу.
|
| 4.
| Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциясы, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Иық, шынтақ және кәрі жілік артериялары олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу.
|
| 5.
| Жалпы, сыртқы, ішкі мықын артериялары. Олардың тармақтарының тарау аймақтары. Артериялардың анастомоздары.Сан және тақым артериялары, олардың топографиясы, тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Сирақ және аяқ басы артериялары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу.
|
| 6.
| Жоғарғы қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Веналық шығарғыштар. Диплоэлық веналар. Бас пен мойынның беткей және терең веналары. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырықтық веналар жүйесі. Төменгі қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері. Қақпалық вена: оның түбірлері, топографиясы. Кава – кавальды, порто – кавальды анастомоздар.Қол мен аяқтың беткей және терең веналары. Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары мен өзектері.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу.
|
| 7.
| Қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелердің анатомиясы.
| Тақырыпты анатомиялық препараттардан және оқытушының белсенді кеңесімен өз бетімен оқу.
|
| 8.
| Тамырлар, қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелер бойынша соңғы сабақ Қортынды кеңес беру
|
|
|
| Барлығы
|
|
| Барлық сағат саны
|
| | | | | | | | Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысының(СӨЖ) тақырыптық жоспары
№№
| Тақырыптың аты
| Өткізу
түрі
| Ұзақтығы
| Кредит№4
| 1.
| Жұлынның сегменттік құрылысы. Жай және күрделі рефлекторлық доғалар.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 2.
| Жұлын-ми сұйықтығының айналысы.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 3.
| Торлы фармацияның ағзадағы ролі, лимбикалық жүйе.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 4.
| Ми қыртысы. Ми қыртысының цитоархитектоникасы.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 5.
| Ромб тәрізді шұңқыр. Ми нервтері ядроларының топографиясы.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
|
| Барлығы
|
|
| Кредит№5
| 1.
| Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 2.
| Жүрек шекарасы және жүрек қақпақшаларының проекциясы.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 3.
| Дене бетінен ірі қантамырлардың проекциясын, оларды тыңдайтын және басатын орындарды анықтау.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 4.
| Ұрықтың қанайналу шеңбері.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
| 5.
| Ішкі секрециялық бездері, олардың қызметтік ерекшеліктері.
| Әдебиет және электрондық бағдармалармен жұмыс істеу; презентациялар дайындап қорғау.
|
|
| Барлығы
|
|
|
| Барлық сағат саны
| |
| | | | | | | Кеңес беру уақыты: 9.00- 13.00
Сенбі сайын кеңес беру жүргізіледі.
Кафедра оқытушыларының кеңес беру кестесі
№
| Күндері
| Т.Ә.Ж.
| 1.
| 28.02.2015
| Болатбекова А.А.; Сапиева С.Т.;
| 2.
| 14.03.2015
| Байгулаков А.Т.; Кузеухан А.
| 3.
| 28.03.2015
| Карибжанова Р.Т.; Шапатова Р.Т.
| 4.
| 04.04.2015
| Авдонина А.Г.; Иванченко А.Н.
| 5.
| 11.04.2015
| Амренова Г.М.; Тулеуова Г.К.
| 6.
| 18.04.2015
| Тышканбаева А.К.; Иманалиева А.Б.
| 7.
| 25.04.2015
| Жетписова А.Ж.; Нурсейитов Н.К
| 8.
| 16.05.2015
| БолатбековаА.А.; Кузеухан А.
| 9.
| 23.05.2015
| Шайкина С.Н.; Коржумбаева А.Т.
| 10.
| 30.05.2015
| Агаркова И.А.; Кусаинова Г.К.
|
Аралық бақылау кестесі.
Мамандығы
| Курс/ лек/топ
| Пәні
| Апта/күні
| Уақыты
| Жалпы медицина
|
| Анатомия-1
| Аралық
бақылау№1
| Аралық
бақылау№2
|
| Жалпы медицина
| 2029-2034
| Анатомия-1
| 01.04.2015
| 13.05.2015
| ОСӨЖ уақытында
| Жалпы медицина
| 2035-2040
| Анатомия-1
| 26.03.2015
| 21.05.2015
| ОСӨЖ уақытында
| Жалпы медицина
| 2041-2043
| Анатомия-1
| 27.03.2015
| 22.05.2015
| ОСӨЖ уақытында
| Жалпы медицина
| 2044-2046
| Анатомия-1
| 27.03.2015
| 22.05.2015
| ОСӨЖ уақытында
| Жалпы медицина
| 2047-2051
| Анатомия-1
| 30.03.2015
| 11.05.2015
| ОСӨЖ уақытында
| Жалпы медицина
| 2052-2056
| Анатомия-1
| 31.03.2015
| 12.05.2015
| ОСӨЖ уақытында
| №1аралық бақылау бағдарламасы
Жұлын: пішіні, ішкі құрылысы. Жұлынның сегменттік және сегментүстілік аппараттары.Жұлын нервтерінің түзілуі. Жұлынның қабықтары:құрылысы, қызметі.
Мойын өрімі, оның тармақтары, нервтендіру аймақтары. Иық өрімі, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бел өрімі, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары.Сегізкөз өрімі, қысқа және ұзын тармақтары, нервтендіру аймақтары
Миға жалпы шолу. Ми негізіне жалпы сипаттама. Ми қабықтары: құрылысы,қызметтері
Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары. Қабықтар арасындағы кеңістіктер.
Соңғы ми, оның туындылары, құрылысы, қызметтері. Аралық ми, оның туындылары,құрылысы, қызметтері. Ортаңғы ми, оның туындылары,құрылысы, қызметтері. Артқы ми, оның туындылары, ромб тәрізді мидың мойнағы,олардың құрылысы, қызметтері. Сопақша ми, оның құрылысы, қызметі.
Төртінші қарынша. Ромб тәрізді шұңқырша құрылысы.Бассүйек нервтері ядроларының ромб шұңқырындағы проекциясы.Сезім мүшелері. Иіс сезу анализаторының жолы (І–жұп)Көру ағзасы, көз алмасының құрылысы. Көздің қосымша ағзалары. Көру қозулары (импульстері) мен қарашық рефлексінің өткізгіш жолдары (ІІ- жұп).
Көз- қозғалтқыш нерв (ІІІ-жұп), ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Шығыршықты нерв (ІҮ-жұп), әкеткіш нерв (ҮІ- жұп) ми нервтері: ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Статокинетикалық және есту анализаторлары.Кіреберіс- ұлу нерві(ҮІІІ- жұп) Қосымша нерв (ХІ- жұп) және тіласты нерві (ХІІ- жұп) олардың ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.Бет нерві (ҮІІ- жұп), тіл – жұтқыншақ нерві (ІХ- жұп): ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Үшкіл нерв (Ү- жұп): ядролары, түбіршіктері, түйіндері, бірінші, екінші және үшінші тармақтары, вегетативтік түйіндермен байланыстары, нервтендіру аймақтары.Кезбе нерв (Х- жұп), ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары.Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері.Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық сабау, бөлімдері, тармақтары.
№2 аралық бақылау бағдарламасы
Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы.Жүректің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек қабырғасының құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі.Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Өкпе сабауы, басты тармақтары. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасы және оның тармақтары.Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары, олардың топографиясы, проекциясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Бұғанаасты артериясы: топографиясы, тармақтары.Ішкі ұйқы артериясы:оның топографиясы және тармақтары.Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз еттілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизий шеңбері). Кеуде қолқасы, оның тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Құрсақ қолқасы: париеталдық және висцералдық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциясы, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Иық, шынтақ және кәрі жілік артериялары олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары
Қорытынды бақылау бағдарламасы:
Жұлын: пішіні, ішкі құрылысы. Жұлынның сегменттік және сегментүстілік аппараттары. Жұлын нервтерінің түзілуі. Жұлынның қабықтарыоның тармақтары, нервтендіру аймақтары.Мойын,иық,бел,сегізкөз өрімдері, тармақтары, нервтендіру аймақтарыМиға жалпы шолу. Соңғы, аралық, ортаңғы, артқы сопақша ми, олардың туындылары, құрылыстары, ядроларының қызметтері. Ромб тәрізді шұңқыр. Бассүйек нервтері ядроларының ромб шұңқырындағы проекциясы.негізіне жалпы сипаттама. Ми қабықтары. Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары. Қабықтар арасындағы кеңістіктер. ми, оның туындылары, құрылысы, қызметтері.Сезім мүшелері. Иіс сезу анализаторының жолы.Көру ағзасы, көз алмасының құрылысы. Көздің қосымша ағзалары. Көру қозулары (импульстері) мен қарашық рефлексінің өткізгіш жолдары. Ми нервтері, олардың анатомиясы мен қызметтері.Вегетативтік нерв жүйесінің құрылысы мен қызметінің жалпы принциптері. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі: орталық және шеткі бөліктері. Симпатикалық сабау, бөлімдері, тармақтары.Тамырлар жүйесінің жалпы анатомиясы. Жүректің анатомиялық сипаттамасы. Жүрек қабырғасының құрылысы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі, нервтенуі.Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері. Өкпе сабауы, басты тармақтары. Қолқа, оның бөліктері. Қолқа доғасы және оның тармақтары. Жалпы және сыртқы ұйқы артериялары, олардың топографиясы, проекциясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Бұғанаасты артериясы: топографиясы, тармақтары. Ішкі ұйқы артериясы:оның топографиясы және тармақтары Ми мен жұлынның қанмен қамтамасыз еттілуі. Үлкен мидың артериялық (Виллизий шеңбері).Кеуде қолқасы, оның тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Құрсақ қолқасы: париеталдық және висцералдық тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, сыртқы проекциясы, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Иық, шынтақ және кәрі жілік артериялары олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Жалпы, сыртқы, ішкі мықын артериялары. Олардың тармақтарының тарау аймақтары. Артериялардың анастомоздары.Сан және тақым артериялары, олардың топографиясы, тармақтары,қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Сирақ және аяқ басы артериялары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.Жоғарғы қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері, топографиясы. Мидың веналары. Веналлық шығарғыштар. Диплоэлық веналар. Бас пен мойынның беткей және терең веналары. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырықтық веналар жүйесі.Төменгі қуыс вена жүйесі, оның қалыптасу көздері. Қақпалық вена: оның түбірлері, топографиясы. Кава – кавальды, порто – кавальды анастомоздар.Қол мен аяқтың беткей және терең веналары. Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары, сабаулары мен өзектері.Қан түзу, иммунды және эндокринді жүйелердің анатомиясы.
Қорытынды бақылау уақыты: академиялық күнтізбе және емтихан кестесіне сәйкес.
Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын
жұмысына арналған тапсырмалар.
Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 3011 | Нарушение авторских прав
|