АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Кіріспе. «Оториноларингология» пәнін оқыту болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың бір

Прочитайте:
  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. КІРІСПЕ
  9. Кіріспе

Пікір сарап

 

«Оториноларингология» пәнін оқыту болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастырудың бір бөлігі болып саналады 0301000 – «Емдеу ісі» мамандығы, 0301013- «Фельдшер» біліктілігі бойынша.

Пәннің тақырыптық жоспарына келесі тараулар мен тақырыптар енгізілген: Оториноларингологияға кіріспе, мұрын және мұрын маңындағы қуыстар, мұрынның жедел және созылмалы аурулары, мұрын аурулары кезінде жалпы күтім жасау және емдеу әдістері. Жұтқыншақ пен өңеш аурулары, көмей, кеңірдек аурулары және бөгде денелер, көмей, кеңірдек және трахея ауруларымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау және оларды емдеудің жалпы әдістері. Сыртқы құлақтың аурулары, ішкі және ортаңғы құлақтың аурулары. Кереңдік және мылқаулық. Лор-онкология.

Оқу жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жапыға міндетті білім беру стандартының 2010 жылғы типтік бағдарламасына сәйкес келеді.

 

Пікір сараптаған:

м.ғ.к., доцент

Пазылбеков С.А._______

«______» _______ 2014ж.

 

Қаралған:

 

«Жалпы медицина» кафедрасының мәжілісінде

«______» _______ 2014ж.

 

«Жалпы медицина» кафедрасының меңгерушісі

Умарова М.С. _____________

 

 

Келісілген

 

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Байназарова Г.А.______________

«______» _______ 201_ж.

 

Дайындаған оқытушы:__________ Абдраманова А.

 

 

1.Түсіндірме жазба

Кіріспе

Оториноларингология – клиникалық пән ретінде құлақтың патологиясы мен морфофизиологиялық ерекшеліктерін, жоғарғы тыныс алу жолдарының және солармен аралас аймақтарды зерттейді. ЛОР ағзаларының басты ерекшеліктерінің бірі олардың бас пен мойында орталық орналасуы. Олар бас-сүйек ойықтары, көз ұясы, тіс-жақ аппаратымен, омыртқа жотасымен және кеуде аралық ағзалармен, магистральді қан тамырлармен, негізгі нерв бағанымен және өрімдерімен тығыз байланысты. Патологиялық процестер осы аймақтың кез-келген сегментінде дамитын жалпы механизмге ие болады және бір-бірінің ағымын асқындырады. Жиі бірдей клиникалық симптомдарымен өтеді. Фельдшер өз тәжірибесінде ауыз қуысындағы клиникалық көріністерін, диагностика принциптерін және ЛОР ағзаларының ішінде дифференциальді диагностиканы және аурудың келесі ем тактикасын жақсы білу керек.

 

Пәннің мақсаты: ЛОР органдарының зақымдалуы мен аурулары туралы жалпы ұғым алып шығу, ЛОР ағзаларының негіздері бойынша тексерулер туралы және оториноларингологиядағы жедел көмекті көрсете алу.

Пәннің міндеттері:

· құлақ, мұрын, тамақ ауруларының жақ-бет аймағының аурулары туралы білім беру;

· ЛОР ағзаларын зерттеу әдістерін үйрету;

· ЛОР ағзаларынң және жақ-бет аймағынан қан кету, бөгде зат, жарақат кезінде жедел көмек көрсету әдістері мен тәсілдерін студенттерге үйрету.

 

Бағдарлама басқа клиникалық пәндермен интеграцияны қарастырады: терапиядағы мейірбике ісі, педиатриядағы мейірбике ісі, хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі, сонымен қатар жалпы кәсіптік пәндер. МЖМБС- сәйкес базалық, кәсіптік және арнайы құзырлықты қалыптастыруға арналған модульдік оқытудың құрылымы енгізілген.

 

 

2.Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері Оқу жұмыс бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
Білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек: Пәнді оқып меңгеру нәтижесінде білім алушы:
Базалық: БҚ 1. Қоғамда адамдар арасындағы қатынасты зерттеудегі адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын білуде, тәжірибеде негізгі түсініктерді және заңдарды қолдана білуде; БҚ 2. Саяси жүйе және саяси тәртіп, саясатқа деген адамдардың көзқарасы жайлы түсінігі болуда; БҚ 3. Экономика негізі жайлы жалпы жағдайларды білуде, экономика негіздерін меңгеруде, елдегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды меңгеруде; БҚ 4. Қазіргі компьютерлік технологиялар жайлы және де оларды қазіргі медицинада қолдану жайлы түсінігі болуда, кәсіби іс-әрекеттерде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білуде; БҚ 5.Рецепт жазуда, грек-латын тілдерінің мағынасын түсіндіре білуде, дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтарын білуде; БҚ 6. Өмірдің пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарын, қалыпты және патологиялық жағдайларда тіндер жасушаларының, ағзалар мен жүйелердің қызметін және құрылымын білуде; БҚ 7.Тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін және айқындау әдістерін меңгеруде және клиникалық пәндерді өту кезінде алған білімдерін қолдана білуде; БҚ 8. Аурудың пайда болуында, дамуында, нәтижесінде организмнің жауап қайтару жағдайының себебін, қасиетінің рөлін және адам денесіндегі барлық ағзалар мен тіндердің құрылымын және орналасуын, олардың негізгі атқаратын қызметтерін білуде және алған білімдерін клиникалық практикада қолдана білуде; БҚ 9. Жасқа байланысты адам физиологиясын білуде және оларды арнайы пәндерде қолдана білуде; БҚ 10. Патологиялық реакциялардың сипатын анықтауда, микропрепараттар бойынша әртүрлі патологиялық үрдістерді микроскопиялауда және салыстыру тәсілдерін игере білуде; БҚ 11. Микробтардың, вирустардың табиғатын, олардың инфекциялық үрдістердің дамуындағы маңызын, инфекциялық бақылау және медициналық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін білуде;   Кәсіптік КҚ 1. Ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылуының негізгі симптомдары мен синдромдарын білуде, науқастарды зертханалық және аспапты тексеру әдістеріне дайындау әдістерін игере білуде; КҚ 2. Ересектер мен балаларға дәрігерге дейінгі медициналық шұғыл көмек және білікті медициналық көмек көрсетуде; КҚ 3. Санитария-гигиеналық, індетке қарсы жұмыстарды ұйымдастыруда және оларды жүргізе білуде; КҚ 4. Негізгі симптомдарды, диагностикалау әдістерін, емдеу принциптерін білуде және шұғыл жағдайларда жарақат алған науқастарға жедел жәрдем көрсетуде, апат ошағында жұқпалы аурулардың пайда болуын ескерте білуде; КҚ 5. Аурулар мен критикалық жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі әдістерін қолдана білуде және МҰ ауруханаларында науқастарды оңалтуды және қалпына келтіру емін орындауды ұйымдастыра білудеқұзырлы болуы қажет. -мұрынның, мұрын қуысының, құлақтың, өңештің, жұтқыншақтың, көмейдің анатомиясы мен физиологиясын; -оториноларингологиядағы кейбір аурулардың клиникалық көріністері және оларды қосымша зерттеу әдістері негізінде клиникалық диагноз қою ережелерін; -аурулардың кейбір түрлеріндегі қауіп-қатер факторларды; -дезинфекция жүргізу ережесін білуі тиіс. - лор ағзаларының ауруларымен сырқаттанатын науқастарды сұрастыру әдісін меңгеруді; -науқастың өз жағдайын, оның нерв-психикалық және әлеуметтік статусын бағалауды; -оториноларингология практикасында науқасты тексеруге және қарап зерттеуге әзірлеу ережелерін меңгеруді; -жалпы қан анализін алуды және мұрын қуысынан жағынды алу тәсілдерін меңгеруді; -науқасты қарапайым күтім жасау шараларына үйрете білуді; -ЛОР бөлімшесіндегі науқастарға күтім жасауды жүзеге асыруды; -көмей айнасымен және қалақшасының көмегімен көмейді тексере білуді; -көмейдің ісінуі мен тарылуы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын меңгеруді; -трахеостомия жүргізілген науқастарға күтім жасауды жүзеге асыруды; -сыртқы есту жолындағы бөгде денелерді үйреніп алуы қажет.

3. Пәннің тақырыптық жоспары


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2758 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)