АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Аралас дистрофиялар

Прочитайте:
  1. Аралас дистрофиялар
  2. Аралас типті артериялар
  3. Миокардиодистрофиялар

Эндогендік пигменттер алмасуының бұзылуы. Хромопротеидтер. Классификациясы. Дамуының жалпы заңдылықтары.

Гемоглобингендік пигменттер алмасуының бұзылуы: гемосидероз, гемохроматоз, гемомеланоз, сарғаю (бауырүстілік, бауырлық, бауырастылық), порфириялар.

Проте­ингендік пигменттер алмасуының бұзылуы: меланоз (жайылмалы мен жергілікті, жүре болатын және тума), Аддисон ауруы. Альбинизм. Энтерохромаффиндік жасушалар грануласының пигменті.

Липидгендік пигменттер алмасуының бұзылуы.

Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы: подагра, несеп қышқылдық ауру, несеп қышқылдық инфаркт.

Минералдар алмасуының бұзылуы

Кальций алмасуының бұзылуы - кальциноздар. Кальциноздың түрлері. Морфологиялық сипаттамасы, себептері.

Фосфор алмасуының бұзылуы: мешел, нефрогендік остеопатия, ренальдық нанизм, гипервитаминоз Д.

Мыс алмасуының бұзылуы: бауыр-милық дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы).

Тас түзілу. Себептері мен тастың түзілу механизмі. Тастың түрлері. Тас түзілуінің зардабы.

Некроз

Анықтамасы. Пара­некроз. Некробиоз. Апоптоз. Аутолиз. Ұғымдардың мәні. Морфогенезі. Некроздың клиника-морфологиялық нысандары, ақыры. Некроз бен апоптоздың салыстырмалы сипаттамасы.

Өлім. Өлімнің нышандары. Өлгеннен кейінгі өзгерістер

Өлімнің себептері. Өлу меха­низмдері мен өлімнің нышандары. Өлгеннен кейінгі өзгерістер, олардың морфологиялық сипаттамасы. Құрсақта өлген шарана мен өлген баладағы өлгеннен кейінгі өзгерістердің ерекшеліктері. Мәйітті зерттеу этикасы. Танатогенез ұғымы.

Қан және лимфа айналымының бұзылуы

Қан айналымының бұзылуы. Қан айналымының жалпы және жергілікті бұзылуы жайлы ұғым, олардың өзара байланыстылығы, классификациясы. Толыққандылық: артериялық, веналық. Іркілулік склероздың морфогенезі. Ишемия. Қан кету. Плазморрагия. Стаз. Престаз. Себептері, даму механизмдері, түрлері, морфологиялық сипаттамасы мен зардаптары.

Тромбоз. Эмболия. Инфаркт. Себептері, түрлері, морфологиялық сипаттамасы мен зардаптары. Тромбэмболиялық синдром. Шок. Тамырдағы қанның шашыранды ұю синдромы (ТШҚҰ-синдромы). Себептері, түрлері, морфологиялық сипаттамасы, ақыры мен маңызы.

Лимфа айналымының бұзылуы: лимфедема, лимфостаз, лимфоррея. Себептері, түрлері, морфологиялық сипаттамасы.

Тіндегі сұйықтық мөлшерінің бұзылуы. Себептері, даму механизмі, түрлері, морфологиялық сипаттамасы, ақыры.

Қабыну

Анықтамасы. Қабынудың мәні мен биологиялық маңызы, даму заңдылықтары мен механизмдері. Себептері. Қабынулық медиа­торлар. Қабынулық жауап кинетикасының морфологиясы. Қабыну және иммунитет. Қабынудың альтерациялы, экссудациялы және пролиферациялы фазаларының морфологиясы. Қабынудың классификациясы. Қабынудың жас шамасымен байланысты ерекшеліктері.

Экссудациялық қабыну. Анықтамасы. Экссудациялық қабынудың түлері: ұйымалы, фибринді, іріңді, шіритін, геморрагиялы, катаральды, аралас. Себептері, даму механизмі, морфологиялық сипаттамасы, ақыры.

Пролиферациялық (өнімдік) қабыну. Анықтамасы. Пролиферациялық қабынудың түрлері: аралық (ин­терстицийлік), гранулемалы (бейспецификалы, спецификалы) полип немесе істікұшты кондилома түзілетін қабыну. Себептері, даму механизмі, морфологиялық сипаттамасы, ақыры.

Гранулеманың кинетикасы. Гранулемалы қабыну. Туберкулездік, мерездік, алапестік, риносклеромалық, эхинококкоздық, актиномикоздық гранулемалардың клиника-морфологиялық сипаттамасы.

Инфекциялық үдерістің жалпы морфологиясы. Инфекциялық ауруларды дамытатын биологиялық және әлеуметтік факторлар. Инфекциялық ауруларды классификациялау ұстанымдары. Инфекциялық аурулардың патоморфозы.

Мерез. Этиологиясы, патогенезі. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік кезеңдері. Тума мерез (ертелік, кешеуіл). Патологиялық анатомиясы, асқынуы, өлім себептері. Мерездің патоморфозы.

Сепсис – инфекцияның ерекше нысаны. Сепсистің классификациясы. Сепсистің клиника-анатомиялық нысандары: септицемия, септикопиемия, септистік (бакте­риялық) эндокардит, хрониосепсис. Кіндіктік сепсис.

Оба, туляремия, бруцеллез, күйдіргі. Морфологиялық сипаттамасы, ақыры.

Иммундық өзгерістер

Иммунпатологиялық үрдістер. Иммунгенез бұзылуының морфологиясы. Тимустың, шеткері лимфалық тіндердің иммунгенез бұзылғандағы өзгерістері. Морфологиялық және иммунморфологиялық сипаттамасы. Тимомегалия - иммунитеттің тума тапшылығының бейнесі.

Сезімталдық арту жауабының жіті және баяу типтері. Иммунитеттің трансплантациялық жауабы. Морфогенезі, мор­фологиялық және иммунгистохимиялық сипаттамасы, қабынумен байланыстылығы.

Аутоиммундану және аутоиммундық аурулар. Классификациясы. Этиологиясы, даму механизмі, мор­фологиялық сипаттамасы.

Иммунит тапшылығының біріншілік және екіншілік синдромдары. Клини­ка-морфологиялық сипаттамасы. Жүре болатын имунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС). АИВ-инфекция. Себептері, морфологиялық сипаттамасы, кезеңдері. Асқынуы, өлім себептері.

Адаптация және компенсация үдерістері

Компенсация мен адаптацияның (бейімделудің) мәні, биологиялық және медициналық маңызы. Компенсация мен бейімделу үрдістерінің фазалы дамуының сипаты.

Бейімделулік жауаптар: атрофия, гипертрофия (гиперплазия), организация, тіндер құрылымының өзгеруі, метаплазия мен дисплазия. Морфологиялық сипаттамасы, маңызы.


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 2802 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)