АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Аралас типті артериялар

Прочитайте:
  1. Аралас дистрофиялар
  2. Аралас дистрофиялар
  3. Лимфоцитарлы типті лейкемоидты реакция
  4. Эластин типті артериялар

Артериялардың бұл түріне ұйқы және бұғана асты артериялары жатады. Қабырғасындағы ішкі қабығы базальды мембранаға бекінген: эндотелийден, эндотелий асты қабаттан және эластинді мембранадан түзілген. Соңғы мембрана ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында орналасқанды. Аралас типті артерияларының ортаңғы қабығы мөлшері жағынан тең дәрежедегі тегіс салалы ет жасушаларымен (миоциттер) cпиральды бағытталған эластинді талшықтарынан (1:1) және терезелі эластинді мембранадан тұрады. Бұлардың арасында аздаған фибробластар мен коллоген талшықтары да бар. Аралас артерияның сыртқы қабығы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты миоциттер жігінен, ал сыртқы ұзыннан және қиғаш орналасқан коллаген, эластин талшықтарының шоғыры болып табылады. Бұл қабықтың құрамында «Vasa vasorum» және нерв талшықтары да болады. Бұғана асты артериясының ерекшелігі белсенді түрде жиырылып қана қоймай, тіпті қанның қысымы артқанда анық білінетін жоғары эстетикалық қасиеттері де баршылық.

 

А-базальді мембранасы мен эндотелиальді клеткасы тұтас қалыпты гемокапилляр. Б-базальді мембранасы мен эндотелиальді клеткаларында жұқарған бөліктері бар, фенестрлі гемокапллияр. В-қабырғасында тесіктері бар, синусоидты гемокапилляр. І-адвентициальді клетка; 3-эндотелиоцит; 3-базальді мембрана; 4 - перицит; 5 - эндотелий мен перициттің тоғысқан (байланысы) жері; 6 – феyестр (жұқарған жері); 7 - нерв ұшы; 8-базальді мембрана мен эндотелийдегі саңылаулар.

Майда қантамырлар арнасына құрамында артериолалар, венулалар мен бірге артериола – венулярлық анастомоздары бар ұсақ тамырлар жүйесі жатады. Қан тамырлары лимфа капиллярларымен, дәнекер тінімен қоршала отырып, мүшелерге қан беруді (толтыруды) реттейді. Капиллярлар зат алмасумен қоса, дренижды – қан тасымалдау қызметін де атқарады. Арнаның құрамындағы капиллярға дейінгі, капиллярлық, капиллярдан кейінгі жүйесі немесе бөліктері болады.

Ағзадағы әрбір мүшелердің, кызметіне сәйкес микроциркуляторлық арна тамырларының (майда кан тамырлардың) өзіне тән ерекшеліктері болады.

Артериолалар

Артериолалар тым ұсақ, көбінесе ет типті, диаметрі 50-100 мкм-ден аспайтын, бір ұшы артериялармен байланысқан, ал екінші ұшы біртіндеп капиллярларға ауысып отыратын тамырлар жүйесі. Артериоларда жалпы артерияға тән үш қабық сақталады, ішкі кабығы базальді мембранаға бекінген эндотелийден, жұқа эндотелий асты қабаттан, ішкі эластинді мембранадан тұрады. Капилярларға дейінгі артериолада ет жасушалары жеке-жеке орналасады. Ет жасушаларының көп болуы жиырылғыштығын үдетеді. Сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен тұрады. Функциональдық жағынан алғанда И.М. Сеченовтың айтуынша, артериолалар эфферентті нерв талшыктарымен нервтелетін, спиральді бағытталған ет жасушаларының жиырылу арқасында, ағзада қан ағысын реттеп отыратын "қан тамырлар жүйесінің крандары" болып табылады.

Капиллярлар

Капиллярлар диаметрі әр түрлі, ағзада ең көп кездесетін жіңішке тамырлар жүйесі. Капиллярлардың мүшедегі ерекшеліктері, олардың функциональдық жағдайларымен анықталады. Ең жіңішке диаметрі 4,5-ден 6-7 мкм көлденең жолақ ет тінінде, нервтерде, өкпеде, ал одан кеңірек 8-11 мкм теріде, көптеген мүшелердің кілегейлі қабықтарында болады. Қан жасайтын мүшелерде, ішкі секреция бездерінде, бауырда диаметрі 20 – 30 мкм болатын капиллярлар кездеседі. Мүндай капиллярлар синусоидты деп аталады. Көптеген жағдайларда капиллярлар жүйесі, тұзақ (терінің емізікті қабатында, ішекте т.б) және шумақтар да түзеді (бүйректе). Түрлі мүшелердегі капиллярлардың саны әр түрлі. Жалпы капиллярлардың қабырғасында oтe жұка үш қабаты бар. Ішкі қабатты базальді мембранаға бекінген эндотелий, ортаңғы қабаты перициттер (бұл да базальді мембранаға енгізілген), алсыртқы қабаты аморфты затпен қоршалғанадвентициальды жасушадан тұрады. Капиллярлар мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты, бірнеше топқа бөлінеді; 1. фенестрлі түрі - (бүйректегі капиллярларыдың шумақтары, эндокринді бездерде) эндотелийдің цитоплазмасында жұқарған жерлері болса, 2. синусоидты капиллярлар немесе саңылаулы капиллярлар, бұлардың қабырғасында тесік, саңылаулары болады (бауырда, көкбауырда). Үшінші түрі. Ең көп кездесетін соматикалық капиллярлар. бұлардың қабырғасы тұтас эндателийден базальді мембранадан, перициттерден, адвентициальды жасушалардан тұрады. (48-сурет).

Каплиярлардың эндотелиі, базальді мембранасы күрделі қызмет атқарады, олардың қалыңдығы 30 – 35 нм. Капилярлардың қуысы әр түрлі физиологиялық және потологиялық жағдайларда өзгеруі – капиллярлардағы қанның қысымына, артериолалар мен ұсақ веналардың, капиллярға дейінгі сфинктердің ет жасушаларының тонусына, артеиоловентрикулярлық анастомоздар мен принциптердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Венулалар үш топқа – посткапллярлық, жинақтаушы, етті болып бөлінеді.

Посткапллярлық венула d=8 – 30 мкм, өзінің құрылысы бойынша капиллярлардың веналық бөлігін еске түсіреді, бірақ құрамында перициттері көбірек. Жинақтаушы венула, d=8 – 30 мкм, құрамында ет жасушалары бар, сыртқы қабығы ерекше көрінеді.

Етті венула, d=8 – 30 мкм, құрамында ет жасушалары көп, сыртқы қабығы салыстырмалы түрде жақсы дамыған.

 

Артериола – Венулярлық анастомоздар (АВА)

Бұл артериялық қанды капилярлық торлардан айналып өтіп, (капиллярсыз) веналарға апаратын тамырлар жүйесі. Бұл барлық мүшелерде дерлік кездеседі. АВА – диаметрі 35 – 500 мкм – ге дейін ауытқиды, ал ұзындығы 4 мм дейін жетеді. Қан айналымы өте тез, егер капиллярда 1 мл қан 6 сағатта жылжыса, ал АВА – да осындай мөлшердегі қан екі сағатта ғана жылжиды. АВА минутына 12 рет жиырылуға мүмкіндігі бар. Жіктелуі. АВА – екі тобы бар; I – тазалық артериялық қан жүретін нақты АВА – шунттар, II – аралас қан жүретін атипті АВА – жартылай шунттар.

Анастомоздардың бірінші түрі (шунттар) сыртқы пішіні – әртүрлі: қысқа, түзу салалы, ілмегі тармақталған тамырлар. Құрылысына қарай бұлар кішігірім екі топқа бөлінеді: а) қарапайым АВА; б) арнайы жиырылғыш құрылымы бар АВА. Нағыз анастомоздардың бірінші тобында бір тамырдың екіншісіне өтуі артериоланың ортаңғы қабығы біткен жерінің шекарасына сәйкес келеді, қан ағымын реттеу арнайы жиырылғыш құрылымсыз артериоланың өзінің ортаңғы қабығының миоциттері арқылы жүзеге асады.

Екінші топтың анастомоздары ұзыннан ұзақ орналасқан эндотелий асты қабатындағы арнайы жиырылғыш валиктер немесе жастықшалар бар түрі. Қарапайым АВА эпителиойдты түрінің ортаңғы қабығында ішкі және сыртқы циркулярлы орналасақан миоциттері веналық тамырдың ұшына жақындағанда ашық түсті Е жасушаларына ауысады. Эпителиойдты типтегі күрделі шумақты АВА – лардың ерекшелігі: қанды тасымалдаушы артериола 2 – 3 тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың барлығы бір ғана дәнекер тінді қабықпен қоршалады. Мұндай анастомоздар тері дермасында және гиподермада жиі кездеседі. Екінші топшаға – атипті (жартылай шунттар) артериолалар мен венулалар жалғасады. Олар қысқа, бірақ диаметрі 30 мкм капиллярлық тамырлармен жалғасады, сондықтан, мұндағы қан аралас болады. АВА әсіресе шумақты типтілері жақсы иннервацияланған. Артерия – венулалық жүйелердің капиллярыз жалғасуы қанның қысымын реттеуде үлкен маңызы бар. Бұл жалғаулар венозды қан ағысына жағдай жасайды, венозды қанның артериолануына, қанның мобилизациялануына және тіндік сұйықтың венозды арнаға өтуіне белгілі рөл атқарады. Ағзадағы қан айналымы бұзылғанда және патологиялық процестердің орнын толтыру реакцияларында АВА – ның ақаратын қызметі өте зор.

 


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1863 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)