В) танатофобия
Г) клаустрофобия
Д) агорофобия
154. 32 жастағы ер адам, денсаулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) неврастения
Б) жабысқақтық неврозы
В) тұлғаның невротикалық дамуы
Г) истериялық невроз
Д) реактивті жағдай
155. 42 жастағы ер адам, жанұясын жоғалтқан жол-көлік апатынан кейін, ұзақ уақыт өзіне келе алмай жүрді. Оны ұзақ уақыт жабысқақ естеліктер, осы қайғыға қатысты жақындарының опат болуына байланысты мұңмен бірге жүретін жан түршіктірер түстер мазалады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) обсессивті-компульсивті бұзылыс
Б) диссоциативті бұзылыс
В) жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс
Г) соматизацияланған бұзылыс
Д) истериялық қарауытқан бұзылыс
156. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванга құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі клоникалық тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу бақыланған жоқ. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама 30 минутқа созылды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) «самайлық эпилепсия» ұстамасы
Б) генерализацияланған тырысулық ұстама
В) джексондық ұстама
Г) истериялық ұстама
Д) абсанс
157. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жабысқақтық неврозы
Б) фобиялық невроз
В) баяу ағымды шизофрения
Г) реактивті күй
Д) қатерлі шизофрения
158. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.
Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) дисморфоманиялық
В) галлюцинаторлы
Г) вербальды иллюзиялар
Д) Кандинский-Клерамбо
159. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) тұрмыстық маскүнемдік
Б) алкогольді эпизодты қолдану
Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 556 | Нарушение авторских прав
|